Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым.Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор. Мысалы, генетика мен селекцияның заңдарын мәдени өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиялық ерекшіліктерін білу — агротехника мен зоотехниканы кәмілдендіріп, өсімдіктер мен жануарлардың анағұрлым өнімді түрлерін шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, адам денесінің макро- және микроқұрылысы, оның мүшелері мен ұлпаларының атқаратын қызметі туралы түсініктер көбінесе биологиялық зерттеулерге негізделеді. Жұқпалы аурулардың пайда болу себептері мен таралуы және оған қарсы күрес шаралары туралы ілім микробиологиялық және вирусологиялық зерттеулерге байланысты.
Тарихы
Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) VI—I ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және рим философтары мен дәрігерлері болды. Соның ішінде Гиппократ (460 — 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен. Аристотель (384 — 322) өз еңбектерінде жануарларды құрылысы ерекшеліктеріне қарай жіктеу жүйесін ұсынып, оларды 2 топқа бөлді (қансыздар және қандылар). Сонымен қатар адамның анатомиялық-морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын да зерттеді.
Анатомиялық зерттеулер жүргізу арқылы адамның ішкі мүшелерін, көздің тор қабығын сипаттап жазған александриялық ғалымдар: Герофил (300 ж.ш.т.) алғаш рет артерия және вена қантамырларының арасындағы айырмашылықты ажыратса, ал Эрасистрат (300 — 240) мидың құрылысына сипаттама берген. Римдік Гай Плиний (24 — 79) құрастырған “Табиғи тарих” атты 37 томдық энциклопедия орта ғасырға дейін табиғат жайлы білімдердің негізгі қайнар көзі болып келді. Көне заманның тағы бір ұлы зерттеушісі Гален сүтқоректілерге көптеген тәжірибелер жүргізіп, олардың орталық және шеткі жүйке жүйесі жайлы құнды мәліметтер қалдырып, анатомия мен физиологияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.
XV—XVI ғасырларда география саласындағы ұлы жаңалықтарға байланысты өсімдіктер мен жануарлар түрлері жөнінде көптеген деректер жиналды. Осы кезде әйгілі ғалым Леонардо да Винчи (1452 — 1519) көптеген өсімдіктер мен жануарларға анатомиялық зерттеулер жүргізіп, адам мен жануарлар сүйектеріндегі ұқсастықтарды көрсетті. Алғаш рет мүшелер гомологиясын ашты. 1543 ж. бельгиялық ғалым “Адам денесінің құрылысы жайлы жеті кітап” атты еңбегін жарыққа шығарып, ғылыми анатомияның негізін қалады. Ал 1628 ж. ағылшын ғалымы Уильям Гарвей “Жануарлардағы жүрек пен қан қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу” атты еңбегінде қан айналымы жайлы ілімді тұжырымдаса, 1670 ж. Италия ғалымы Д. Борелли жануарлардың қозғалу механизмдерін сипаттау арқылы физиологияның дамуына жол салды.
XVI—XVII ғасырларда микроскоптың ашылуына байланысты өсімдіктердің ішкі құрылысы (Р. Гук, 1665; М. Мальпиги, 1675 — 79; Н. Грю, 1671 — 82), олардың жыныстық ерекшеліктері (Р. Камерариус, 1694, т.б.), микроорганизмдер, эритроциттер мен сперматозоидтар (А. Левенгук, 1673) зерттеліп, жәндіктердің құрылысы мен дамуы (М. Мальпиги, 1669; Я. Сваммердам, 1669) анықталды. Бұл жаңалықтар эмбриологияда бір-біріне қарама-қайшы түрлі бағыттарды (овизм, анималькулизм, преформизм, эпигенез, т.б.) қалыптастырды. 1670 ж. ағылшын ғалымы Дж. Рей “Өсімдіктер тарихы” атты еңбегінде 19 класқа топтастырылған 18 мың өсімдік түрлеріне сипаттама берді.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға бинарлық номенклатураны енгізді.
XVIII—XIX ғасырларда тірі табиғаттың тарихи дамуы жайлы теориялар қалыптаса бастады. Солардың бірі француз ғалымы Ж. Ламарктың эволюциялық теориясы мен неміс ғалымдары Т. Шванн және М. Шлейденнің жасуша теориясы болды. Осы кезде жануарлар физиологиясындағы ірі жетістік — бауырда гликогеннің синтезделуі (К. Бернар, 1848), жоғарғы жүйке әрекеті (И.М. Сеченов, 1863) анықталса, француз ғалымы Луи Пастер (1860 — 1864) қазіргі тірі организмдердің өздігінен пайда болу мүмкіндігін біржолата теріске шығарды.
XIX ғасырдағы аса маңызды оқиғалардың бірі Чарлз Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” еңбегінде эволюциялық ілімді жариялауы болды. Дарвинизмнің қалыптасуы эволюциялық салыстырмалы анатомия (К. Гегенбауэр), эволюциялық эмбриология (А.О. Ковалевский, И.И. Мечников), эволюциялық палеонтология (В.О. Ковалевский) сияқты жаңа бағыттарға жол ашты. Дәл осы кезде генетика ғылымы қалыптасып, қарқынды дами бастады. 1865 ж. чех ғалымы Г. Мендель белгілердің тұқым қуалау заңдылығын ашты. 1900 ж. голланд ғалымы Де Фриз ғылымға “мутация” деген терминді енгізсе, американ ғалымы Т. Морган “Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” (1910 — 11) ашты.
XX ғасырдың 2-жартысында биология ғылымы тірі ағзалар құрамын зерттеуге қол жеткізді. Осының нәтижесінде тірі ағзалардың өлі табиғатта кездеспейтін, төменгі және жоғарғы молекулалы органикалық қосылыстардан тұратыны анықталды. Негізгі биополимерлер: ақуыздар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер, липидтер және олардың молекулаларының құрамдық бөліктері (аминқышқылдар, нуклеотидтер, көмірсулар, май қышқылдары, т.б) ашылды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде биологияда жаңа бағыттар пайда болып, кейін олардың бірқатары дербес ғылымға айналды. Мысалы, тірі организмдердің өзара және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым ретінде экология қалыптасты.
Қазіргі биологияның негіздері
Қазірде биологияның барлық тармақтарын біріктіретін бес принцип бар:
- Жасуша теориясы — тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым.
- Эволюция — табиғи сұрыпталудан туындаған өзгерістер ағзалардың жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі деген теория.
- Ген теориясы — тұқым қуалаушылық әр жасушаның хромосомаларында орналасқан гендердің арқасында жүзеге асады.
- Гомеостаз — ағзаның қоршаған ортаға қарамастан өзінің ішкі ортасын қалыпты жағдайда ұстап тұруға бағытталған физиологиялық процесс.
- Зат алмасу — жасушадағы немесе жалпы ағзадағы химиялық реакциялардың жиынтығы.
Жасуша теориясы
Жасуша — тіршіліктің негізгі әрі ең кішкентай бірлігі. Жасуша теориясы бойынша барлық тірі организмдер бір немесе одан да көп жасушалардан құралады немесе олардың түзген заттарынан құралады. Мысалы, бақалшық, сүйек және тері. Жаңа жасуша алдыңғысынан жасуша бөлінуі арқылы пайда болады және көпжасушалы организмдердің денесіндегі әрбір жасуша ұрықтанған аналық жасушадан, яғни жалғыз бір жасушадан шығады. Бұған қоса жасуша организмдегі адам санасы жетпес зор процесстердің негізгі бөлігі саналады.
Сонымен қатар барлық тірі организмдерде жасушаның маңызды механизмдері мен химиясы ұқсас келеді және жаңа жасушалар тек бұрынғы жасушалардың бөлуінуінен пайда болады. Жасуша теориясы жасушалардың қалай пайда болатынын, қалай көбейетінін, қоршаған ортасымен қалай араласатынын, олардың қандай заттардан құралатынын, жасушаның құрамдас бөліктерінің қалай жұмыс атқаратынын және жасушаның басқа бөлімдерімен қалай қатынаста болатыны сияқты мәселелерді қамтиды.
Эволюция
ХІХ ғасырға дейін тірі ағзалар белгілі шарттар аясында өздігінен пайда бола алуы мүмкін деген түсінік болды. Бұған Уильям Гарвей келіспеді және сол түсінікке "бар өмір жұмыртқадан" (латыншадан "Omne vivum ex ovo") деген ұстаныммен қарсы шықты.
Кейін тіршілік эволюция арқылы өзгеріп дамиды және қазіргі тіршіліктің барша түрінің ортақ тегі бар деген пікір тарай бастады. 1809 жылы Жан Батист Ламарк ғылыми лексиконға таныстырған эволюцияның негізін жарты ғасырдан соң Чарлз Дарвин қалады. Ол эволюцияның қозғаушы күші ретінде табиғи сұрыпталу процесін атап көрсетті. Альфред Рассел Уоллес те бұл теорияны жасаушылардың бірі ретінде танылады, себебі ол зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерде көмек көрсеткен екен. Дарвин түрлер табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау нәтижесінде дамиды деп тұжырым жасады.
Эволюциялық ілімнің негізгі салалары: тіршіліктің пайда болуы, тірі ағзалар эволюциясын айқындау, эволюция факторлары (өзгергіштік, тұқым қуу, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау), эволюциялық процестің бағыты мен заңдылықтары (түр пайда болуы, прогресс және регресс, онтогенез бен филогенез арасындағы байланыс т.б.).
Ген теориясы
Тірі ағзаның сипаттары мен белгілері геннің түпкі компонентінде, яғни оның ДНҚ-сында генетикалық код түрінде жазылған. Және белгілі бір ағзаға тән сипаттар осы гендер арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа өтіп отырады.
Ағзадағы немесе жасушадағы гендердің жиынтығы оның геномы болмақ. Ол бір я болмаса одан да көп хромосомаларда сақталады. Хромосома - ағзаға байланысты мыңдаған гендер код түрінде жазулы болатын жалғыз, ұзын ДНҚ шүйкесі. Ген белсендік танытқан жағдайда ДНҚ кодтары транскрипция арқылы геннің РНҚ көшірмесіне өтеді, кейіннен рибосома РНҚ трансляциясын жасап, әртүрлі ақуыздарды түзіп шығарады. Ақуыздар каталиттік (ферменттер), рецепторлық, тасымалдау, қорғаныс, қозғалыс функцияларға ие болуы мүмкін.
Метаболизм
Зат алмасу (метаболизм) — жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, ағзада жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл ағзаның тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, ағзаға қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығарылуының, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің ағзадан бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Жасушалардың тіршілігі үшін оттегі, сутегі, көміртегі, азот, минералдық заттар, т.б. қажет. Оттегі мен сутегінің негізгі көзі — су. Ал көміртегінің (және басқа да заттардың) сіңірілу тәсілдеріне қарай ағзалар үлкен екі топқа бөлінеді: автотрофтар — көміртегін ауадағы көмірқышқыл газынан сіңіреді; гетеротрофты ағзалар — көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алады.
Тіршілік деңгейлері
- Молекулалық деңгей — әр жасуша белгілі бір молекулалық қосылыстардан құралады.
- Жасушалық деңгей — әр тірі ағза жасушалардан құралады, не жеке бір жасушадан тұрады.
- Ұлпалық деңгей — күрделі ағзаларда құрылысы және аткаратын кызметі біркелкі жасушалар ұлпа түзеді.
- Мүшелік деңгей — белгілі бір құрылысқа ие ұлпалар жиынтығы мүшені құрайды.
- Ағзалық деңгей — жеке бір тіршілік иесі.
- Популяциялық деңгей — бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған ағзалардың жиынтығы.
- Биогеоценоздық деңгей — биогеоценоз құрамына сан алуан тірі ағзалар және табиғи ортаның жағдайлары біріктіріледі.
- Биосфералық деңгей — Жердегі барлық тірі ағзалар мен олардың тіршілік ететін табиғи орта жағдайларының жиынтығы.
Тіршілік дүниелері
Тірі ағзаларды жануарлар мен өсімдіктер деп ажырату ежелгі дәуірлерден келеді. Ал XVII ғасырда микроскоптардың жетілуімен Антони ван Левенгук біржасушалы ағзаларды ашқанын жариялап, оларды жеке тіршілік дүниесі ретінде көрсетті, кейін бұлар протисталар деп аталды.
1960 жылдары ғалымдар саңырауқұлақтарды жеке тіршілік дүниесі деп таныды, бұрын олар өсімдіктер деп қарастырылды. 1977 жылы Карл Вёзе мен Джордж Эдвард Фокс архебактериялар ұғымын енгізді.
Биологиялық әралуандылық
Кейбір есептеулер бойынша, Жер бетінде 8,75 миллионға жуық және әлемдік мұхитта 2,21 миллионға дейін жеке биологиялық түр бар. Ал тек зерттелген түрлерді ғана алғанда, 1,12 миллион жануарлар түрін, 224 мың өсімдіктер түрін, 44 мың саңырауқұлақтар түрін ажыратуға болады.
Тағы бір есептеулер бойынша, дүниеде 30 миллионға дейін жәндіктер түрі бар, 10 миллионға дейін бактерия түрлерін ажыратуға болады.
Түрлердің таралуы әртүрлі факторлардан тәуелді болады, олардың ішінде температура, жауын-шашын, биіктік не тереңдік, топырақ түрі, т.с.с. Жердегі түрлердің 90% тропикалық ормандарда мекендейді, ал ондай ормандар Жер бетінің 10%-дан кем аумағын алып жатыр. Адамдар көп мекендейтін аймақтарда, олардың ауыл шаруашылықтағы мен құрылыстағы әрекеттеріне байланысты, биологиялық әралуандылық сонша қатты дамымаған.
-
- Геккель кітабындағы шаяндар
- Әртүрлі балықтар
- Әртүрлі өсімдіктер
-
Биологиялық ғылымдар
Зерттелетін тірі ағзаларға байланысты биология келесідей болып жіктеледі:
|
|
Биология бағыттарының тірі материяның ұйымдасу деңгейіне қарай жіктеленуі:
- молекулалық деңгей — молекулалық биология,
- жасушалық деңгей — цитология, цитогенетика,
- ұлпалық деңгей — гистология,
- мүшелік деңгей — анатомия,
- ағзалық деңгей — морфология және физиология,
- популяция-түр, биогеоценоздық және биосфералық деңгейлер — экология, популяция экологиясы.
Қазіргі биологияның басқа ғылымдармен байланысы:
- Биофизика — жануарлар дүниесіндегі физикалық заңдылықтарды зерттейтін ғылым.
- Биохимия — тірі ағзаларда болатын химиялық процестер туралы.
- Молекулалық биология — генетикалық ақпаратты сақтау, беру және жүзеге асыруды қоса алғанда, молекулалық деңгейде тірі ағзаларда болатын процестерді зерттеуге бағытталған.
- Радиобиология — сәулеленудің биологиялық нысандарға әсерін зерттейді.
- Ғарыштық биология — ғарыш кеңістігіндегі әртүрлі факторлардың тірі ағзаға әсерін зерттейді.
- Биогеография — Жер шарындағы тірі ағзалар мен олардың топтарының таралу заңдылықтарын зерттейді.
- Биоинформатика — биологиялық деректерді сақтау, жинау, ұйымдастыру әдістерін қарастырады.
- Бионика — техникадағы тірі ағзалардың қызмет ету принциптеріне негізделген қолданбалы пән.
- Биотехнология — қолданбалы пән ретінде, оның мақсаты адам үшін құнды заттарды алу үшін тірі ағзаларды өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады.
- Нейробиология — бұл жүйке жүйесін ғылыми зерттеу. Бұл нейрондар мен нейрондық тізбектердің негізгі және пайда болатын қасиеттерін түсіну үшін физиологияны, анатомияны, молекулалық биологияны, даму биологиясын, цитологияны, информатиканы және математикалық модельдеуді біріктіретін пәнаралық ғылым.
Сондай-ақ биологиялық ғылымдарға келесілер кіреді:
- Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.
- Эмбриология — ағзаны оның ұрық болып түзілуінен туылуына дейін зерттейді.
- Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.
- Палеонтология — жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар және олардың тарихи даму заңдылықтарын зерттейді.
- Паразитология — паразиттік ағзаларды және олардың иесімен қарым-қатынастарды зерттейді.
- Фенология — табиғаттың мезгілдік құбылыстарының заңдылығын зерттейді.
- Жүйеленім — барлық ағзалардың туыстық қарым-қатынасын қарастырады.
Қазақстандағы биология ғылымы
Биологиялық ғылыми мекемелер
Қазақстанда алғашқы биологиялық ғылыми мекемелер 1938 жылы ұйымдастырылды. Қазақстан Ғылым Академиясы 1946 жылы ашылған кезде биология саласынан 3 ғылыми-зерттеулер институты (Ботаника институты, Зоология институты және Топырақтану институты) болды. Қазір 8 ғылыми-зерттеулер институты (Топырақтану институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, Зоология институты, Микробиология және вирусология институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты, Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты, Молекулалық биология және биохимия институты, Жалпы генетика және цитология институты), 6 ботаникалық бақ (Алматыда, Алтайда, Жезқазғанда, Қарағандыда, Маңғыстауда, Іледе) бар. Арнайы бағыттағы ботаникалық зерттеулер Бас ботаникалық бақ (1935) пен Ботаника институты (1945) құрылған кезден басталды.
Қазақ ғалымдарының биология ғылымы жайындағы еңбектері
Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері Н.В. Павлов, И. Байтулин, Б.А. Быков, Ғ. Бияшев, корреспондент мүшелері Л. Қылышев, А. Ғаббасов, ғылым докторлары Б. Қалымбетов, М.В. Бессчетнова, т.б. қатысуымен кең ауқымды ботаникалық-географиялық, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Ең үлкен гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық көрді. Мысалы, 9 томдық “Қазақстан флорасы”, 13 томдық “Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1986), т.б.
Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т.б.) жерсіндірілді. Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың санын көбейту шаралары қарастырылды. Ақбөкен, бұлғын, суыр, тиін, саршұнақ сияқты аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды.
Қазақстан фаунасы туралы аса құнды басылымдар пайда бола бастады. Академик И.Г. Галузо, А.Д. Долгушин, т.б. ғалымдардың қатысуымен “Қазақстанның қансорғыш кенелері” (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1951), Э.И. Гаврилов, А.Ф. Ковшарь, т.б. ғалымдардың қатысуымен 5 томдық “Қазақстанның құстары” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978) және А. Бекеновтың “Қазақстандағы ақ бөкенді қорғау және оны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау” (1978) (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі А.А. Слудский, Бекенов, т.б. ғалымдардың қатысуымен 4 томдық “Қазақстанның сүтқоректілері” (Бүкілодақтық табиғат қорғау қоғамы сыйлығы, 1988) деген еңбектер жарық көрді. Академик Н. Базанованың ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы жөніндегі зерттеулері — малдың өнімділігін жоғарылатудың теориялық негізін қалады. 1946 жылы құрылған Экспериментальді биология институтында (кейінгі “Биоген” ЖАҚ) жануарлар селекциясының генетикалық негіздерін зерттеуге бағытталған түраралық будандастыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қойдың (“қазақ арқар-мериносы”, “жартылай биязы жүнді қой”, т.б.), шошқаның (“жетісулық”, т.б.) жаңа тұқымдары шығарылды.
1940 — 50 жж. республикада өсімдіктердің тұзға, қуаңшылыққа төзімділігі зерттеле бастады, соның нәтижесінде бидайдың сабағы жапырылмайтын, құрғақшылыққа және ауруларға төзімді “Эритроспермум-350” және “Көкбидай”, суыққа төзімді “Эритроспермум-260” және “Комсомол-1”, т.б сорттары шығарылды. Жаздық және күздік бидай, т.б. өсімдіктер биохимиясы, олардың қуаңшылыққа төзімділігі, физиологиясы анықталды. Бидайдың биохимиялық көрсеткіштері, ұны мен дәнінің сапасы корреляциялық байланыста болатыны байқалды. Дәннің биохимиясы мен сапасы өсіру экологиясына байланыстыра зерттелді.
Отандық биология дамуының қазіргі кезеңі
Қазіргі кезең тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі механизмдерін молекулалық деңгейде одан ары зерттеумен қатар, ол процестерді басқарып, қалаған бағытқа сай пайдаланумен сипатталады. Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуы академик М. Айтхожиннің есімімен байланысты. 1983 ж. құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет жасушалық және гендік инженерия, трансгеноз, өсімдік геномы лабораториялары ашылды. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды. Биологияның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және медицинада алатын орны ерекше. Өнеркәсіптік жағдайда түрлі органикалық қышқылдар мен аминқышқылдарын синтездеу, антибиотиктер мен басқа да дәрілік препараттар алу іске асырылып, соның нәтижесінде жаңа сала — биотехнология ғылымы пайда болды. Генетика мен селекцияның заңдылықтарын біле отырып, өсімдіктер мен жануарлардың жоғары өнімді жаңа тұқымдары мен сорттарын алуға мүмкіндік туды. Жалпы және молекулалық генетика заңдылықтары, анатомиялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеу нәтижелері адамның тұқым қуалайтын ауруларының себебін табуда, оны емдеуде теориялық негіз болып табылады.
Дереккөздер
- Британника энциклопедиясы - биология
- Қазақ энциклопедиясы, 2-том.
- Эволюциялық идеялардың даму тарихы
- Avila, Vernon L. Biology: investigating life on earth — Boston: Jones and Bartlett, 1995. — P. 11—18. — ISBN 0-86720-942-9.
- Жасуша теориясының ашылуы
- Британника энциклопедиясы - эволюция
- Британника энциклопедиясы - генетика
- Британника энциклопедиясы - гомеостаз
- Британника энциклопедиясы - метаболизм
- Mazzarello, P (1999). "A unifying concept: the history of cell theory". Nature Cell Biology 1: E13–E15. :10.1038/8964.
- Darwin, Charles (1859). On the Origin of Species, 1st, John Murray
- Қазақ энциклопедиясы, 12-том.
- DNA and its role in heredity // Principles of Life — 2nd. — Sunderland, Mass.: Sinauer Associates. — P. 172–193. — ISBN 978-1464175121.
- The chemical context of life // Campbell Biology — 11th. — New York: Pearson. — P. 28–43. — ISBN 978-0134093413.
- Water and carbon: The chemical basis of life // Biological Science — 6th. — Hoboken, N.J.: Pearson. — P. 55–77. — ISBN 978-0321976499.
- Whittaker, R.H. (January 1969). "New concepts of kingdoms or organisms. Evolutionary relations are better represented by new classifications than by the traditional two kingdoms". Science 163 (3863): 150–60. Bibcode 1969Sci...163..150W. :10.1126/science.163.3863.150.
- The Six Kingdoms. Rhode Island College.
- Mora, Camilo; Tittensor, Derek P.; Adl, Sina; Simpson, Alastair G. B.; Worm, Boris; Mace, Georgina M. (23 August 2011). "How Many Species Are There on Earth and in the Ocean?". PLOS Biology 9 (8): e1001127. :10.1371/journal.pbio.1001127. 3160336.
- Numbers of Insects (Species and Individuals).
- Proceedings of the National Academy of Sciences, Census of Marine Life (CoML) News.BBC.co.uk
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Биология |
- Биологиялық ғылымдар (ағыл.)
- Биология бойынша онлайн-сөздік (ағыл.)
- International Journal of Biological Sciences (ағыл.)
- Perspectives in Biology and Medicine Мұрағатталған 10 қарашаның 2003 жылы. (ағыл.)
- MIT институтының видео-дәрістері (ағыл.)
- «Тіршілік ағашы» жобасы (ағыл.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Biologiya kone grekshe biologia bios omir logos gylym tiri agzalardy zhәne olardyn tirshilik etu procesterin zerttejtin gylym Zharatylystanu gylymdarynyn bir salasy Biologiya tirshiliktin san aluan kisynyn zerttejdi sagattyn tilimen zhogarydan tomen karaj E coli kyrykkulak akboken Goliaf konyzy Ol tirshilik kubylystarynyn bәrin tiri agzalardyn kurylysy men kyzmetin olardyn tabigi birlestikterin taraluyn evolyuciyasyn ozara bir birimen zhәne oli tabigatpen bajlanysyn zerttejdi Biologiyanyn negizgi mindeti bүkil organikalyk dүnienin zhanuarlardyn osimdikterdin sanyraukulaktardyn bakteriyalardyn virustardyn kasietterin pajda boluy men damu zandylyktaryn zertteu arkyly zhalpy tirshiliktin mәnin anyktau ony baskaru maksatka saj ozgertu әdisterin tabu Biologiyanyn zhalpy halyk sharuashylygynda әsirese medicina men auyl sharuashylygynda manyzy asa zor Mysaly genetika men selekciyanyn zandaryn mәdeni osimdikter men auyl sharuashylygy zhanuarlarynyn fiziologiyalyk erekshilikterin bilu agrotehnika men zootehnikany kәmildendirip osimdikter men zhanuarlardyn anagurlym onimdi tүrlerin shygaruga mүmkindik beredi Sondaj ak adam denesinin makro zhәne mikrokurylysy onyn mүsheleri men ulpalarynyn atkaratyn kyzmeti turaly tүsinikter kobinese biologiyalyk zertteulerge negizdeledi Zhukpaly aurulardyn pajda bolu sebepteri men taraluy zhәne ogan karsy kүres sharalary turaly ilim mikrobiologiyalyk zhәne virusologiyalyk zertteulerge bajlanysty TarihyBiologiya Ontүstik shygys Aziya elderinde Қytaj Zhaponiya Үndistan VI I gasyrlarda dami bastaganymen tirshilik kubylystaryna zhүjeli tүrde sipattama bergen grek zhәne rim filosoftary men dәrigerleri boldy Sonyn ishinde Gippokrat 460 370 algash adam men zhanuarlardyn anatomiyalyk zhәne morfologiyalyk kurylysyna zhүjeli tүrde sipattama berip olarda bolatyn tүrli aurulardyn kalyptasuyndagy syrtky orta men tukymkualaushylyktyn rolin atap korsetken Aristotel 384 322 oz enbekterinde zhanuarlardy kurylysy erekshelikterine karaj zhikteu zhүjesin usynyp olardy 2 topka boldi kansyzdar zhәne kandylar Sonymen katar adamnyn anatomiyalyk morfologiyalyk kurylys erekshelikterin oj orisinin damuyn da zerttedi Anatomiyalyk zertteuler zhүrgizu arkyly adamnyn ishki mүshelerin kozdin tor kabygyn sipattap zhazgan aleksandriyalyk galymdar Gerofil 300 zh sh t algash ret arteriya zhәne vena kantamyrlarynyn arasyndagy ajyrmashylykty azhyratsa al Erasistrat 300 240 midyn kurylysyna sipattama bergen Rimdik Gaj Plinij 24 79 kurastyrgan Tabigi tarih atty 37 tomdyk enciklopediya orta gasyrga dejin tabigat zhajly bilimderdin negizgi kajnar kozi bolyp keldi Kone zamannyn tagy bir uly zertteushisi Galen sүtkorektilerge koptegen tәzhiribeler zhүrgizip olardyn ortalyk zhәne shetki zhүjke zhүjesi zhajly kundy mәlimetter kaldyryp anatomiya men fiziologiyanyn damuyna үlken ykpalyn tigizdi XV XVI gasyrlarda geografiya salasyndagy uly zhanalyktarga bajlanysty osimdikter men zhanuarlar tүrleri zhoninde koptegen derekter zhinaldy Osy kezde әjgili galym Leonardo da Vinchi 1452 1519 koptegen osimdikter men zhanuarlarga anatomiyalyk zertteuler zhүrgizip adam men zhanuarlar sүjekterindegi uksastyktardy korsetti Algash ret mүsheler gomologiyasyn ashty 1543 zh belgiyalyk galym Adam denesinin kurylysy zhajly zheti kitap atty enbegin zharykka shygaryp gylymi anatomiyanyn negizin kalady Al 1628 zh agylshyn galymy Uilyam Garvej Zhanuarlardagy zhүrek pen kan kozgalysy turaly anatomiyalyk zertteu atty enbeginde kan ajnalymy zhajly ilimdi tuzhyrymdasa 1670 zh Italiya galymy D Borelli zhanuarlardyn kozgalu mehanizmderin sipattau arkyly fiziologiyanyn damuyna zhol saldy Gekkeldin Өmir agashy 1879 XVI XVII gasyrlarda mikroskoptyn ashyluyna bajlanysty osimdikterdin ishki kurylysy R Guk 1665 M Malpigi 1675 79 N Gryu 1671 82 olardyn zhynystyk erekshelikteri R Kamerarius 1694 t b mikroorganizmder eritrocitter men spermatozoidtar A Levenguk 1673 zerttelip zhәndikterdin kurylysy men damuy M Malpigi 1669 Ya Svammerdam 1669 anyktaldy Bul zhanalyktar embriologiyada bir birine karama kajshy tүrli bagyttardy ovizm animalkulizm preformizm epigenez t b kalyptastyrdy 1670 zh agylshyn galymy Dzh Rej Өsimdikter tarihy atty enbeginde 19 klaska toptastyrylgan 18 myn osimdik tүrlerine sipattama berdi XVIII gasyrda shved galymy Karl Linnej Tabigat zhүjesi atty enbeginde gylymga binarlyk nomenklaturany engizdi XVIII XIX gasyrlarda tiri tabigattyn tarihi damuy zhajly teoriyalar kalyptasa bastady Solardyn biri francuz galymy Zh Lamarktyn evolyuciyalyk teoriyasy men nemis galymdary T Shvann zhәne M Shlejdennin zhasusha teoriyasy boldy Osy kezde zhanuarlar fiziologiyasyndagy iri zhetistik bauyrda glikogennin sintezdelui K Bernar 1848 zhogargy zhүjke әreketi I M Sechenov 1863 anyktalsa francuz galymy Lui Paster 1860 1864 kazirgi tiri organizmderdin ozdiginen pajda bolu mүmkindigin birzholata teriske shygardy XIX gasyrdagy asa manyzdy okigalardyn biri Charlz Darvinnin Tүrlerdin shygu tegi enbeginde evolyuciyalyk ilimdi zhariyalauy boldy Darvinizmnin kalyptasuy evolyuciyalyk salystyrmaly anatomiya K Gegenbauer evolyuciyalyk embriologiya A O Kovalevskij I I Mechnikov evolyuciyalyk paleontologiya V O Kovalevskij siyakty zhana bagyttarga zhol ashty Dәl osy kezde genetika gylymy kalyptasyp karkyndy dami bastady 1865 zh cheh galymy G Mendel belgilerdin tukym kualau zandylygyn ashty 1900 zh golland galymy De Friz gylymga mutaciya degen termindi engizse amerikan galymy T Morgan Tukym kualaushylyktyn hromosomalyk teoriyasyn 1910 11 ashty XX gasyrdyn 2 zhartysynda biologiya gylymy tiri agzalar kuramyn zertteuge kol zhetkizdi Osynyn nәtizhesinde tiri agzalardyn oli tabigatta kezdespejtin tomengi zhәne zhogargy molekulaly organikalyk kosylystardan turatyny anyktaldy Negizgi biopolimerler akuyzdar nuklein kyshkyldary polisaharidter lipidter zhәne olardyn molekulalarynyn kuramdyk bolikteri aminkyshkyldar nukleotidter komirsular maj kyshkyldary t b ashyldy Osyndaj zhetistikterdin nәtizhesinde biologiyada zhana bagyttar pajda bolyp kejin olardyn birkatary derbes gylymga ajnaldy Mysaly tiri organizmderdin ozara zhәne syrtky ortamen karym katynasyn zerttejtin gylym retinde ekologiya kalyptasty Қazirgi biologiyanyn negizderiҚazirde biologiyanyn barlyk tarmaktaryn biriktiretin bes princip bar Zhasusha teoriyasy tirshiliktin negizin kurajtyn zhasushalardyn kurylymy kobeyui zhәne kopzhasushaly agzalardy kalyptastyrudagy kyzmeti turaly zhinaktalgan ugym Evolyuciya tabigi suryptaludan tuyndagan ozgerister agzalardyn zhana tүrlerinin pajda boluyna әkeledi degen teoriya Gen teoriyasy tukym kualaushylyk әr zhasushanyn hromosomalarynda ornalaskan genderdin arkasynda zhүzege asady Gomeostaz agzanyn korshagan ortaga karamastan ozinin ishki ortasyn kalypty zhagdajda ustap turuga bagyttalgan fiziologiyalyk process Zat almasu zhasushadagy nemese zhalpy agzadagy himiyalyk reakciyalardyn zhiyntygy Zhasusha kurylysyZhasusha teoriyasy Tolyk makalasy Zhasusha teoriyasy Zhasusha tirshiliktin negizgi әri en kishkentaj birligi Zhasusha teoriyasy bojynsha barlyk tiri organizmder bir nemese odan da kop zhasushalardan kuralady nemese olardyn tүzgen zattarynan kuralady Mysaly bakalshyk sүjek zhәne teri Zhana zhasusha aldyngysynan zhasusha bolinui arkyly pajda bolady zhәne kopzhasushaly organizmderdin denesindegi әrbir zhasusha uryktangan analyk zhasushadan yagni zhalgyz bir zhasushadan shygady Bugan kosa zhasusha organizmdegi adam sanasy zhetpes zor processterdin negizgi boligi sanalady Sonymen katar barlyk tiri organizmderde zhasushanyn manyzdy mehanizmderi men himiyasy uksas keledi zhәne zhana zhasushalar tek buryngy zhasushalardyn boluinuinen pajda bolady Zhasusha teoriyasy zhasushalardyn kalaj pajda bolatynyn kalaj kobejetinin korshagan ortasymen kalaj aralasatynyn olardyn kandaj zattardan kuralatynyn zhasushanyn kuramdas bolikterinin kalaj zhumys atkaratynyn zhәne zhasushanyn baska bolimderimen kalaj katynasta bolatyny siyakty mәselelerdi kamtidy Evolyuciya Tolyk makalasy Evolyuciya HIH gasyrga dejin tiri agzalar belgili sharttar ayasynda ozdiginen pajda bola aluy mүmkin degen tүsinik boldy Bugan Uilyam Garvej kelispedi zhәne sol tүsinikke bar omir zhumyrtkadan latynshadan Omne vivum ex ovo degen ustanymmen karsy shykty Kejin tirshilik evolyuciya arkyly ozgerip damidy zhәne kazirgi tirshiliktin barsha tүrinin ortak tegi bar degen pikir taraj bastady 1809 zhyly Zhan Batist Lamark gylymi leksikonga tanystyrgan evolyuciyanyn negizin zharty gasyrdan son Charlz Darvin kalady Ol evolyuciyanyn kozgaushy kүshi retinde tabigi suryptalu procesin atap korsetti Alfred Rassel Uolles te bul teoriyany zhasaushylardyn biri retinde tanylady sebebi ol zertteu zhumystary men tәzhiribelerde komek korsetken eken Darvin tүrler tabigi suryptau zhәne koldan suryptau nәtizhesinde damidy dep tuzhyrym zhasady Evolyuciyalyk ilimnin negizgi salalary tirshiliktin pajda boluy tiri agzalar evolyuciyasyn ajkyndau evolyuciya faktorlary ozgergishtik tukym kuu tirshilik үshin kүres zhәne tabigi suryptau evolyuciyalyk procestin bagyty men zandylyktary tүr pajda boluy progress zhәne regress ontogenez ben filogenez arasyndagy bajlanys t b DNҚ modeliGen teoriyasy Tolyk makalasy Gen Tiri agzanyn sipattary men belgileri gennin tүpki komponentinde yagni onyn DNҚ synda genetikalyk kod tүrinde zhazylgan Zhәne belgili bir agzaga tәn sipattar osy gender arkyly bir urpaktan kelesi urpakka otip otyrady Agzadagy nemese zhasushadagy genderdin zhiyntygy onyn genomy bolmak Ol bir ya bolmasa odan da kop hromosomalarda saktalady Hromosoma agzaga bajlanysty myndagan gender kod tүrinde zhazuly bolatyn zhalgyz uzyn DNҚ shүjkesi Gen belsendik tanytkan zhagdajda DNҚ kodtary transkripciya arkyly gennin RNҚ koshirmesine otedi kejinnen ribosoma RNҚ translyaciyasyn zhasap әrtүrli akuyzdardy tүzip shygarady Akuyzdar katalittik fermentter receptorlyk tasymaldau korganys kozgalys funkciyalarga ie boluy mүmkin Metabolizm Tolyk makalasy Zat almasu Zat almasu metabolizm zhasushanyn tirshiligin kamtamasyz etetin agzada zhүrip zhatatyn barlyk himiyalyk procesterdin zhiyntygy Bul agzanyn tirshilik kabiletin saktau zhәne syrtky ortamen karym katynasyn agzaga korektik zattardyn enip olarmen fermentter әserinen ydyrauyn pajda bolgan zhaj zattardyn zhasushalar men mүshelerge tasymaldanyp olardyn totyguyn energiya bolinip shygaryluynyn zhasusha kuramyndagy tүzilisterdin biosintezdeluin zhәne korytylgan onimderdin agzadan bolinip shyguyn kamtamasyz etedi Zhasushalardyn tirshiligi үshin ottegi sutegi komirtegi azot mineraldyk zattar t b kazhet Ottegi men suteginin negizgi kozi su Al komirteginin zhәne baska da zattardyn sinirilu tәsilderine karaj agzalar үlken eki topka bolinedi avtotroftar komirtegin auadagy komirkyshkyl gazynan siniredi geterotrofty agzalar komirtegin dajyn organikalyk kosylystardan alady Tirshilik dengejleriTolyk makalasy Tirshilik dengejleri Molekulalyk dengej әr zhasusha belgili bir molekulalyk kosylystardan kuralady Zhasushalyk dengej әr tiri agza zhasushalardan kuralady ne zheke bir zhasushadan turady Ұlpalyk dengej kүrdeli agzalarda kurylysy zhәne atkaratyn kyzmeti birkelki zhasushalar ulpa tүzedi Mүshelik dengej belgili bir kurylyska ie ulpalar zhiyntygy mүsheni kurajdy Agzalyk dengej zheke bir tirshilik iesi Populyaciyalyk dengej bir tүrge zhatatyn belgili bir ajmakta taralgan agzalardyn zhiyntygy Biogeocenozdyk dengej biogeocenoz kuramyna san aluan tiri agzalar zhәne tabigi ortanyn zhagdajlary biriktiriledi Biosferalyk dengej Zherdegi barlyk tiri agzalar men olardyn tirshilik etetin tabigi orta zhagdajlarynyn zhiyntygy Tirshilik dүnieleriTiri agzalardy zhanuarlar men osimdikter dep azhyratu ezhelgi dәuirlerden keledi Al XVII gasyrda mikroskoptardyn zhetiluimen Antoni van Levenguk birzhasushaly agzalardy ashkanyn zhariyalap olardy zheke tirshilik dүniesi retinde korsetti kejin bular protistalar dep ataldy 1960 zhyldary galymdar sanyraukulaktardy zheke tirshilik dүniesi dep tanydy buryn olar osimdikter dep karastyryldy 1977 zhyly Karl Vyoze men Dzhordzh Edvard Foks arhebakteriyalar ugymyn engizdi Zhanuarlar Өsimdikter Sanyraukulaktar Қarapajymdar Bakteriyalar ArchaeaBiologiyalyk әraluandylykTolyk makalasy Biologiyalyk әraluandylyk Kejbir esepteuler bojynsha Zher betinde 8 75 millionga zhuyk zhәne әlemdik muhitta 2 21 millionga dejin zheke biologiyalyk tүr bar Al tek zerttelgen tүrlerdi gana alganda 1 12 million zhanuarlar tүrin 224 myn osimdikter tүrin 44 myn sanyraukulaktar tүrin azhyratuga bolady Tagy bir esepteuler bojynsha dүniede 30 millionga dejin zhәndikter tүri bar 10 millionga dejin bakteriya tүrlerin azhyratuga bolady Tүrlerdin taraluy әrtүrli faktorlardan tәueldi bolady olardyn ishinde temperatura zhauyn shashyn biiktik ne terendik topyrak tүri t s s Zherdegi tүrlerdin 90 tropikalyk ormandarda mekendejdi al ondaj ormandar Zher betinin 10 dan kem aumagyn alyp zhatyr Adamdar kop mekendejtin ajmaktarda olardyn auyl sharuashylyktagy men kurylystagy әreketterine bajlanysty biologiyalyk әraluandylyk sonsha katty damymagan Gekkel kitabyndagy aktiniyalar Gekkel kitabyndagy shayandar Әrtүrli balyktar Әrtүrli osimdikter SүtkorektilerBiologiyalyk gylymdarZertteletin tiri agzalarga bajlanysty biologiya kelesidej bolyp zhikteledi Botanika osimdikter әlemi turaly gylym onyn ishinde Agrostologiya shopterdi zerttejdi Algologiya baldyrlardy zerttejdi Briologiya mүkterdi zerttejdi Dendrologiya agashtardy zerttejdi Karpologiya zhemis pen tukymdardy zerttejdi Paleobotanika buryngy dәuirlerdin osimdikteri turaly Palinologiya osimdik tukymdary men tozandaryn turaly Pomologiya zhemis zhidekterdin tүrlerin zerttejdi Mikologiya sanyraukulaktar turaly onyn ishinde Lihenologiya kynalardy zerttejdi Mikrobiologiya Mikroorganizmder turaly onyn ishinde Bakteriologiya bakteriyalar turaly Virusologiya virustar turaly Zoologiya zhanuarlar әlemi turaly onyn ishinde Protozoologiya birzhasushaly zhanuarlardy zerttejdi Gelmintologiya parazit kurttardy zerttejdi Arahnologiya ormekshitәrizdilerdi zerttejdi Entomologiya zhәndikterdi zerttejdi Karcinologiya shayantәrizdilerdi zerttejdi Malakologiya zhumsakdenelilerdi zerttejdi Ihtiologiya balyktardy zerttejdi Gerpetologiya bauyrymen zhorgalaushylar men kosmekendilerdi zerttejdi Ornitologiya kustardy zerttejdi Paleozoologiya buryngy dәuirlerdin zhanuarlary turaly Teriologiya sүtkorektiler turaly Etologiya zhanuarlardyn minez kulkynyn biologiyalyk negizderi Biologiya bagyttarynyn tiri materiyanyn ujymdasu dengejine karaj zhiktelenui molekulalyk dengej molekulalyk biologiya zhasushalyk dengej citologiya citogenetika ulpalyk dengej gistologiya mүshelik dengej anatomiya agzalyk dengej morfologiya zhәne fiziologiya populyaciya tүr biogeocenozdyk zhәne biosferalyk dengejler ekologiya populyaciya ekologiyasy Қazirgi biologiyanyn baska gylymdarmen bajlanysy Biofizika zhanuarlar dүniesindegi fizikalyk zandylyktardy zerttejtin gylym Biohimiya tiri agzalarda bolatyn himiyalyk procester turaly Molekulalyk biologiya genetikalyk akparatty saktau beru zhәne zhүzege asyrudy kosa alganda molekulalyk dengejde tiri agzalarda bolatyn procesterdi zertteuge bagyttalgan Radiobiologiya sәulelenudin biologiyalyk nysandarga әserin zerttejdi Ғaryshtyk biologiya garysh kenistigindegi әrtүrli faktorlardyn tiri agzaga әserin zerttejdi Biogeografiya Zher sharyndagy tiri agzalar men olardyn toptarynyn taralu zandylyktaryn zerttejdi Bioinformatika biologiyalyk derekterdi saktau zhinau ujymdastyru әdisterin karastyrady Bionika tehnikadagy tiri agzalardyn kyzmet etu principterine negizdelgen koldanbaly pәn Biotehnologiya koldanbaly pәn retinde onyn maksaty adam үshin kundy zattardy alu үshin tiri agzalardy onerkәsipte pajdalanu mүmkindikterin zertteu bolyp tabylady Nejrobiologiya bul zhүjke zhүjesin gylymi zertteu Bul nejrondar men nejrondyk tizbekterdin negizgi zhәne pajda bolatyn kasietterin tүsinu үshin fiziologiyany anatomiyany molekulalyk biologiyany damu biologiyasyn citologiyany informatikany zhәne matematikalyk modeldeudi biriktiretin pәnaralyk gylym Sondaj ak biologiyalyk gylymdarga kelesiler kiredi Genetika bүkil tiri agzalarga tәn tukym kualaushylyk pen ozgergishtikti zerttejdi Embriologiya agzany onyn uryk bolyp tүziluinen tuyluyna dejin zerttejdi Antropologiya adamnyn shygu tegin damuyn dene kurylysyn nәsildik erekshelikterin zerttejdi Paleontologiya zhojylyp ketken osimdikter men zhanuarlar zhәne olardyn tarihi damu zandylyktaryn zerttejdi Parazitologiya parazittik agzalardy zhәne olardyn iesimen karym katynastardy zerttejdi Fenologiya tabigattyn mezgildik kubylystarynyn zandylygyn zerttejdi Zhүjelenim barlyk agzalardyn tuystyk karym katynasyn karastyrady Қazakstandagy biologiya gylymyBiologiyalyk gylymi mekemeler Қazakstanda algashky biologiyalyk gylymi mekemeler 1938 zhyly ujymdastyryldy Қazakstan Ғylym Akademiyasy 1946 zhyly ashylgan kezde biologiya salasynan 3 gylymi zertteuler instituty Botanika instituty Zoologiya instituty zhәne Topyraktanu instituty boldy Қazir 8 gylymi zertteuler instituty Topyraktanu instituty Botanika zhәne fitointrodukciya instituty Zoologiya instituty Mikrobiologiya zhәne virusologiya instituty Adam zhәne zhanuarlar fiziologiyasy instituty Өsimdikter fiziologiyasy genetikasy zhәne bioinzheneriyasy instituty Molekulalyk biologiya zhәne biohimiya instituty Zhalpy genetika zhәne citologiya instituty 6 botanikalyk bak Almatyda Altajda Zhezkazganda Қaragandyda Mangystauda Ilede bar Arnajy bagyttagy botanikalyk zertteuler Bas botanikalyk bak 1935 pen Botanika instituty 1945 kurylgan kezden bastaldy Қazak galymdarynyn biologiya gylymy zhajyndagy enbekteri Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn akademikteri N V Pavlov I Bajtulin B A Bykov Ғ Biyashev korrespondent mүsheleri L Қylyshev A Ғabbasov gylym doktorlary B Қalymbetov M V Besschetnova t b katysuymen ken aukymdy botanikalyk geografiyalyk geobotanikalyk zertteuler zhүrgizildi En үlken gerbarij zhinaktaldy osimdik biologiyasy turaly asa bagaly basylymdar zharyk kordi Mysaly 9 tomdyk Қazakstan florasy 13 tomdyk Қazakstannyn sporaly osimdikter florasy Қazakstan Memlekettik syjlygy 1986 t b Respublika zoologtary omyrtkaly zhәne omyrtkasyz zhanuarlar faunasyn zerttedi kәsiptik mәni bar birkatar sүtkorekti zhanuarlar ondatr amerika kundyzy men balyk tүrleri ak amur donmandaj kokserke t b zhersindirildi Sirek kezdesetin zhojylyp bara zhatkan kustar men sүtkorektilerdi bauyrymen zhorgalaushylar men kosmekendilerdi balyk tүrlerin korgau olardyn sanyn kobejtu sharalary karastyryldy Akboken bulgyn suyr tiin sarshunak siyakty andardy halyk sharuashylygynda pajdalanu zholy tabyldy Қazakstan faunasy turaly asa kundy basylymdar pajda bola bastady Akademik I G Galuzo A D Dolgushin t b galymdardyn katysuymen Қazakstannyn kansorgysh keneleri KSRO Memlekettik syjlygy 1951 E I Gavrilov A F Kovshar t b galymdardyn katysuymen 5 tomdyk Қazakstannyn kustary Қazakstan Memlekettik syjlygy 1978 zhәne A Bekenovtyn Қazakstandagy ak bokendi korgau zhәne ony pajdalanudyn gylymi negizderin zhasau 1978 Қazakstan Memlekettik syjlygy 1982 Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn korrespondent mүshesi A A Sludskij Bekenov t b galymdardyn katysuymen 4 tomdyk Қazakstannyn sүtkorektileri Bүkilodaktyk tabigat korgau kogamy syjlygy 1988 degen enbekter zharyk kordi Akademik N Bazanovanyn auyl sharuashylygy zhanuarlarynyn fiziologiyasy zhonindegi zertteuleri maldyn onimdiligin zhogarylatudyn teoriyalyk negizin kalady 1946 zhyly kurylgan Eksperimentaldi biologiya institutynda kejingi Biogen ZhAҚ zhanuarlar selekciyasynyn genetikalyk negizderin zertteuge bagyttalgan tүraralyk budandastyru zhүrgizilip sonyn nәtizhesinde kojdyn kazak arkar merinosy zhartylaj biyazy zhүndi koj t b shoshkanyn zhetisulyk t b zhana tukymdary shygaryldy 1940 50 zhzh respublikada osimdikterdin tuzga kuanshylykka tozimdiligi zerttele bastady sonyn nәtizhesinde bidajdyn sabagy zhapyrylmajtyn kurgakshylykka zhәne aurularga tozimdi Eritrospermum 350 zhәne Kokbidaj suykka tozimdi Eritrospermum 260 zhәne Komsomol 1 t b sorttary shygaryldy Zhazdyk zhәne kүzdik bidaj t b osimdikter biohimiyasy olardyn kuanshylykka tozimdiligi fiziologiyasy anyktaldy Bidajdyn biohimiyalyk korsetkishteri uny men dәninin sapasy korrelyaciyalyk bajlanysta bolatyny bajkaldy Dәnnin biohimiyasy men sapasy osiru ekologiyasyna bajlanystyra zertteldi Otandyk biologiya damuynyn kazirgi kezeni Қazirgi kezen tiri organizmderdin tukym kualaushylygy men ozgergishtigi mehanizmderin molekulalyk dengejde odan ary zertteumen katar ol procesterdi baskaryp kalagan bagytka saj pajdalanumen sipattalady Қazakstanda molekulalyk biologiyanyn kalyptasuy akademik M Ajthozhinnin esimimen bajlanysty 1983 zh kurylgan Molekulalyk biologiya zhәne biohimiya instituty үlken gylymi ortalykka ajnalyp elimizde algash ret zhasushalyk zhәne gendik inzheneriya transgenoz osimdik genomy laboratoriyalary ashyldy Almaty men Astanada biotehnologiyalyk ortalyktar kuryldy Biologiyanyn onerkәsip pen auyl sharuashylygynda zhәne medicinada alatyn orny erekshe Өnerkәsiptik zhagdajda tүrli organikalyk kyshkyldar men aminkyshkyldaryn sintezdeu antibiotikter men baska da dәrilik preparattar alu iske asyrylyp sonyn nәtizhesinde zhana sala biotehnologiya gylymy pajda boldy Genetika men selekciyanyn zandylyktaryn bile otyryp osimdikter men zhanuarlardyn zhogary onimdi zhana tukymdary men sorttaryn aluga mүmkindik tudy Zhalpy zhәne molekulalyk genetika zandylyktary anatomiyalyk fiziologiyalyk zhәne biohimiyalyk zertteu nәtizheleri adamnyn tukym kualajtyn aurularynyn sebebin tabuda ony emdeude teoriyalyk negiz bolyp tabylady DerekkozderBritannika enciklopediyasy biologiya Қazak enciklopediyasy 2 tom Evolyuciyalyk ideyalardyn damu tarihy Avila Vernon L Biology investigating life on earth Boston Jones and Bartlett 1995 P 11 18 ISBN 0 86720 942 9 Zhasusha teoriyasynyn ashyluy Britannika enciklopediyasy evolyuciya Britannika enciklopediyasy genetika Britannika enciklopediyasy gomeostaz Britannika enciklopediyasy metabolizm Mazzarello P 1999 A unifying concept the history of cell theory Nature Cell Biology 1 E13 E15 10 1038 8964 Darwin Charles 1859 On the Origin of Species 1st John Murray Қazak enciklopediyasy 12 tom DNA and its role in heredity Principles of Life 2nd Sunderland Mass Sinauer Associates P 172 193 ISBN 978 1464175121 The chemical context of life Campbell Biology 11th New York Pearson P 28 43 ISBN 978 0134093413 Water and carbon The chemical basis of life Biological Science 6th Hoboken N J Pearson P 55 77 ISBN 978 0321976499 Whittaker R H January 1969 New concepts of kingdoms or organisms Evolutionary relations are better represented by new classifications than by the traditional two kingdoms Science 163 3863 150 60 Bibcode 1969Sci 163 150W 10 1126 science 163 3863 150 The Six Kingdoms Rhode Island College Mora Camilo Tittensor Derek P Adl Sina Simpson Alastair G B Worm Boris Mace Georgina M 23 August 2011 How Many Species Are There on Earth and in the Ocean PLOS Biology 9 8 e1001127 10 1371 journal pbio 1001127 3160336 Numbers of Insects Species and Individuals Proceedings of the National Academy of Sciences Census of Marine Life CoML News BBC co ukSyrtky siltemelerOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar BiologiyaBiologiyalyk gylymdar agyl Biologiya bojynsha onlajn sozdik agyl International Journal of Biological Sciences agyl Perspectives in Biology and Medicine Muragattalgan 10 karashanyn 2003 zhyly agyl MIT institutynyn video dәristeri agyl Tirshilik agashy zhobasy agyl