Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалардың және бұрын тіршілік еткен ағзалардың қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы.
Қысқаша мәлімет
Жүйеленім организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, т.б.) өз алдына бөлек-бөлек, сондай-ақ, оларды біріктіріп, организмдердің барлық жиынтығының жіктелімін жасау үшін қолданады. Организмнің әр түрлі ерекшеліктері неғұрлым көбірек ескерілсе, Жүйеленімдік жіктеудегі сол немесе басқа таксонға (жануарлар мен өсімдіктерде жүйелеудің жіктеу бірлігі) бірігетін организмдердің жақын туыстығы соғұрлым айқындала түседі. Мысалы, жарқанат пен құстардың кейбір сыртқы белгілері (ұшатын) ұқсас болғанымен, жарғанат – сүтқоректілерге, яғни басқа класқа жатады. Сондай-ақ, өсімдіктерде де кактус пен сүттіген сыртқы белгілеріне қарағанда бір-бірімен ұқсас болғанымен, екеуі 2 тұқымдасқа жатады. Бірақ екеуі де қос жарнақтылар класына бірігеді. Жүйеленімнің негізгі мақсаты – Жер бетінде кездесетін жануарлар (1,6 миллиондай түрі) мен өсетін өсімдіктер (350 мыңдай түрі) және микроорганизмдер түрлерін жан-жақты сипаттап, топтастыру. Биологияда көп жағдайда жүйеленімнің орнына таксономия – өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелеу топтарын жіктеу принципі туралы ілім қолданылады.
Жануарлар мен өсімдіктердің таксономиялық санаттары
Жануарлар мен өсімдіктерді жіктеудің негізгі бірлігі түр болып табылады. Жануарлардың жіктелуі — түрден типке дейінгі әртүрлі таксондардың бір-біріне тәуелділігі. Түр — құрылысы, тіршілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ бере алатын және белгілі аумаққа қоныстанған даралар жиынтығы. Түр өз кезегінде популяциялардан тұрады. Популяция — белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы.
Жануарлардың таксономиялық категориялары: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарлардың ең ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Алғаш рет ғылымға тип терминін 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ғасырлар бойы дамыған филогенетик. жүйенің қорытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мыс., бассүйексіздер, дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары хордалылар типіне жатады. Ж-дік топтар өзара тармақтарға бөлінеді. Олар тип тармағы, класс тармағы, отряд тармағы, т.с.с. Мыс., хордалылар типі бас желілілер (басхордалылар), қабықтылар және омыртқалылар тип тармағына бөлінеді. Бұдан басқа класс үстілік, отряд үстілік, отряд астылық, тұқымдас астылық, т.с.с. таксондар да бар. Мыс., адамтәрізді маймылдар – тартанаулы маймылдар тұқымдасы үстілік; ал адамтұрпатты приматтар – примат отряды астылық таксономиялық категорияға жатқызылады. Өсімдіктер номенклатурасында Халықаралық ботаникалық конгрестің шешіміне сәйкес мынадай таксондар жүйесі бекітілген: өсімдіктер дүниесі – бөлім тармағы – класс – класс тармағы – қатар-қатар тармағы – тұқымдас – тұқымдас тармағы – туыс – туыс тармағы – секция – секция тармағы – серия – серия тармағы – түр – түр тармағы – форма – форма тармағы. Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ж-дік көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер Ж-дік тұрғыдан осы таксондардың әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мыс., қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі қарағай түріне жатады. Организмдердің жіктелімін түзуге ежелгі дәуірлерден-ақ (Аристотель, Теофраст, т.б. ғалымдардың еңбегінде) талпыныс жасалды. Ж-нің ғылыми негізінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ғалымы К.Линнейдің жаратылыстану саласындағы ашқан жаңалықтарының әсері көп болды. Алғашқы кезде өсімдіктер мен жануарларды ғыл. тұрғыда жіктеу жасанды түрде қалыптасты. Яғни организмдер тек сыртқы белгілеріне қарап топтастырылды да, олардың жақын туыстық байланысы ескерілмеді. 19 ғ-да Ч.Дарвиннің эвол. ілімінің қалыптасуы – эвол. салыстырмалы анатомия, эвол. эмбриология, эвол. палеонтология сияқты жаңа бағыттардың пайда болуына жол ашып, организмдер Ж-і эвол. сипат алды. Организмдердің эвол. дамуының негізгі бағыты олардың табиғаттағы генеалогиялық (жақын туыстық) қарым-қатынасын филогенетикалық (тарихи) дамуы бойынша дәл және толықтай сипаттауға мүмкіндік берді. 20 ғ-дың басында Ж-нің эвол. сипатынан басқа филогенетикалық (кладистикалық) және фенетикалық (сандық) бағыттары қалыптасты. Филогенетикалық Ж. – қандай да бір топтың эвол. дамуының өзгеру ауқымын ескермей, әр түрлі организм топтарының тарихи даму заңдылығына сүйене отырып, олардың қандай таксономиялық категорияға жататынын анықтау. Фенетикалық Ж. – генетик. тұрғыдан зерттеуге қиындық келтіретін немесе зерттеуге мүмкіндік жоқ түрлер мен формаларға бірдей мән беріп, организмнің көптеген өз бетімен алынған белгілерін матем. өңдеуден өткізу. 20 ғ-дың ортасынан бастап Ж-де биохим. мәліметтер (хемотаксономия) пайдаланылды. Организмнің әр түрлі топтарындағы маңызды белок құрамындағы аминқышқылдардың бір ізділігін, ДНҚ мен РНҚ-ның нуклеотидті құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу – әр түрлі топтардың бір-бірімен байланысын анықтауға және оларға жүйелік сипаттама беруге жол ашты. Осы заманғы жетілген алдыңғы қатарлы ғыл. әдістерді пайдалану, сондай-ақ түрлердің популяциялық құрылымын жете зерттеудің нәтижелері – Ж-ді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа деңгейге көтерді.
Организмдер жүйесі
Қазір тірі организмдер әлемінің 2 млн-нан астам түрі белгілі. 20 ғ-дың ортасына дейін биология ғылымында тірі организмдер екіге – жануарлар мен өсімдіктерге жіктелді. 19 ғ-да кейбір ғалымдар барлық бір клеткалыларды, тіпті барлық төменгі сатыдағы организмдерді (қарапайымдар, балдырлар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар) өз алдына жеке шығару керек деген көзқараста болса, микологтар саңырауқұлақтарды жеке патшалыққа жатқызу керек деген пікірлер айтты. Тек 20 ғ-дың ортасында электрондық микроскоп пен молек. биологияның дамуына байланысты тірі организмдерді жүйелеуді түбегейлі қайта құру басталды. Биологияда қол жеткен маңызды жетістіктің бірі – бактерияны, цианбактерияны және архебактерияны басқа тірі организмдерден бөліп алып өз алдына жеке қарастыру. Оларда ядро болмайды, генетик. материал ДНҚ-ның сақиналы тізбегі тәрізді нуклеоплазмада бос жатады да, нағыз хромосом түзбейді. Сондай-ақ, олар митоз жолымен бөлінбейді, сондықтан оларды прокариотты немесе ядросыз организмдер деп атайды. Ал бұдан басқа, құрамында мембранамен қоршалған ядро, ДНҚ, РНҚ және ақуыздан тұратын генетикалықматериалы бар, митоз жолымен бөлінетін, сондай-ақ микротүтікшелері, митохондрия және пластидтері ретпен орналасқан – бір не көп клеткалы организмдерді эукариотты немесе ядролы организмдер деп атайды. Органик. тіршілік дүниесінде прокариоттар патшалығы мен эукариоттар патшалығы қалыптасқан. Жануарлар патшалығына қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарлар жатады. Бірақ қарапайымдылар тобы ғалымдар арасында осы күнге дейін пікірталас туғызуда. Мыс., 1980 жылдан қарапайым (бір клеткалылар) бір ғана тип деп берілетін, ал қазір оның өзі жеке-жеке 7 типке бөлініп беріледі. Өсімдіктер патшалығы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерді, сондай-ақ, ядролы балдырларды қамтиды. Бірақ көптеген биологтар ядролы балдырларды протистерге (бір клеткалылар) жатқызып, өсімдіктер патшалығын мүктәрізділер мен түтікшелі өсімдіктер құрайды деген пікір айтады. Сонымен, осы уақытқа дейін бір келісімге келген, бекітілген тірі организмдердің жүйесі жоқ. Ал қазіргі уақытта жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін ғалымдар 2 империя мен 5 патшалыққа бөледі (кестені қ.). Жүйенің экология және биогеография ғылымдары үшін маңызы зор. Қазба жануарлар мен өсімдіктердің Жүйесі стратиграфия мен геохронология ғылымдарында қолданылады. Ж-нің қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ұйымдастыруда алатын орны да ерекше.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhүjelenim sistematika grek systematikos tәrtipke keltirilgen biologiyada Zher betinde tirshilik etetin barlyk agzalardyn zhәne buryn tirshilik etken agzalardyn kazba kaldyktarynyn tuystyk karym katynasyn olardyn zheke tүrleri men tүrler tobynyn bajlanysyn zerttejtin biologiyanyn bir salasy Қyskasha mәlimetZhүjelenim organizmderdi sipattajtyn zheke belgilerdi morfologiyalyk fiziologiyalyk biohimiyalyk ekologiyalyk t b oz aldyna bolek bolek sondaj ak olardy biriktirip organizmderdin barlyk zhiyntygynyn zhiktelimin zhasau үshin koldanady Organizmnin әr tүrli erekshelikteri negurlym kobirek eskerilse Zhүjelenimdik zhikteudegi sol nemese baska taksonga zhanuarlar men osimdikterde zhүjeleudin zhikteu birligi birigetin organizmderdin zhakyn tuystygy sogurlym ajkyndala tүsedi Mysaly zharkanat pen kustardyn kejbir syrtky belgileri ushatyn uksas bolganymen zharganat sүtkorektilerge yagni baska klaska zhatady Sondaj ak osimdikterde de kaktus pen sүttigen syrtky belgilerine karaganda bir birimen uksas bolganymen ekeui 2 tukymdaska zhatady Birak ekeui de kos zharnaktylar klasyna birigedi Zhүjelenimnin negizgi maksaty Zher betinde kezdesetin zhanuarlar 1 6 milliondaj tүri men osetin osimdikter 350 myndaj tүri zhәne mikroorganizmder tүrlerin zhan zhakty sipattap toptastyru Biologiyada kop zhagdajda zhүjelenimnin ornyna taksonomiya osimdikter men zhanuarlar әleminin zhүjeleu toptaryn zhikteu principi turaly ilim koldanylady Zhanuarlar men osimdikterdin taksonomiyalyk sanattaryZhanuarlar men osimdikterdi zhikteudin negizgi birligi tүr bolyp tabylady Zhanuarlardyn zhiktelui tүrden tipke dejingi әrtүrli taksondardyn bir birine tәueldiligi Tүr kurylysy tirshilik etu ortasy uksas ozara shagylysyp urpak bere alatyn zhәne belgili aumakka konystangan daralar zhiyntygy Tүr oz kezeginde populyaciyalardan turady Populyaciya belgili bir arealda uzak uakyt baska populyaciyalardan okshau tirshilik etetin bir tүrge zhatatyn daralar toby Taksonomiyalyk sanattar Zhanuarlardyn taksonomiyalyk kategoriyalary tip klass otryad tukymdas tuys tүr Bir birine ozara zhakyn tүrlerdin toby tuyska genus zhiktelinedi zhakyn tuystar tukymdaska familia tukymdastar otryadka ordo otryadtar klaska classis klastar tipke phylum biriktiriledi Zhanuarlardyn en iri zhiktelimdik birligi tip Algash ret gylymga tip terminin 1825 zh francuz zoology A Blenvil 1777 1850 engizgen Tip gasyrlar bojy damygan filogenetik zhүjenin korytyndysy Tipke birneshe klass biriktiriledi Mys bassүjeksizder dongelekauyzdylar balyktar kosmekendiler bauyrymen zhorgalaushylar kustar sүtkorektiler klastary hordalylar tipine zhatady Zh dik toptar ozara tarmaktarga bolinedi Olar tip tarmagy klass tarmagy otryad tarmagy t s s Mys hordalylar tipi bas zhelililer bashordalylar kabyktylar zhәne omyrtkalylar tip tarmagyna bolinedi Budan baska klass үstilik otryad үstilik otryad astylyk tukymdas astylyk t s s taksondar da bar Mys adamtәrizdi majmyldar tartanauly majmyldar tukymdasy үstilik al adamturpatty primattar primat otryady astylyk taksonomiyalyk kategoriyaga zhatkyzylady Өsimdikter nomenklaturasynda Halykaralyk botanikalyk kongrestin sheshimine sәjkes mynadaj taksondar zhүjesi bekitilgen osimdikter dүniesi bolim tarmagy klass klass tarmagy katar katar tarmagy tukymdas tukymdas tarmagy tuys tuys tarmagy sekciya sekciya tarmagy seriya seriya tarmagy tүr tүr tarmagy forma forma tarmagy Taksondardyn negizgileri bolim klasc katar tukymdas tuys tүr Zh dik korsetkishtin en irisi bolim en kishisi tүr Өsimdikter Zh dik turgydan osy taksondardyn әrkajsysynda zheke bolinuge tiisti Mys karagaj agashy gүldi osimdikter bolimine kylkan zhapyraktylar klasyna bүrshiktiler kataryna karagaj tukymdasyna karagaj tuysyna kәdimgi karagaj tүrine zhatady Organizmderdin zhiktelimin tүzuge ezhelgi dәuirlerden ak Aristotel Teofrast t b galymdardyn enbeginde talpynys zhasaldy Zh nin gylymi negizinin kalyptasuyna agylshyn galymy Dzh Rej 1627 1705 men shved galymy K Linnejdin zharatylystanu salasyndagy ashkan zhanalyktarynyn әseri kop boldy Algashky kezde osimdikter men zhanuarlardy gyl turgyda zhikteu zhasandy tүrde kalyptasty Yagni organizmder tek syrtky belgilerine karap toptastyryldy da olardyn zhakyn tuystyk bajlanysy eskerilmedi 19 g da Ch Darvinnin evol iliminin kalyptasuy evol salystyrmaly anatomiya evol embriologiya evol paleontologiya siyakty zhana bagyttardyn pajda boluyna zhol ashyp organizmder Zh i evol sipat aldy Organizmderdin evol damuynyn negizgi bagyty olardyn tabigattagy genealogiyalyk zhakyn tuystyk karym katynasyn filogenetikalyk tarihi damuy bojynsha dәl zhәne tolyktaj sipattauga mүmkindik berdi 20 g dyn basynda Zh nin evol sipatynan baska filogenetikalyk kladistikalyk zhәne fenetikalyk sandyk bagyttary kalyptasty Filogenetikalyk Zh kandaj da bir toptyn evol damuynyn ozgeru aukymyn eskermej әr tүrli organizm toptarynyn tarihi damu zandylygyna sүjene otyryp olardyn kandaj taksonomiyalyk kategoriyaga zhatatynyn anyktau Fenetikalyk Zh genetik turgydan zertteuge kiyndyk keltiretin nemese zertteuge mүmkindik zhok tүrler men formalarga birdej mәn berip organizmnin koptegen oz betimen alyngan belgilerin matem ondeuden otkizu 20 g dyn ortasynan bastap Zh de biohim mәlimetter hemotaksonomiya pajdalanyldy Organizmnin әr tүrli toptaryndagy manyzdy belok kuramyndagy aminkyshkyldardyn bir izdiligin DNҚ men RNҚ nyn nukleotidti kurylysyn salystyrmaly tүrde zertteu әr tүrli toptardyn bir birimen bajlanysyn anyktauga zhәne olarga zhүjelik sipattama beruge zhol ashty Osy zamangy zhetilgen aldyngy katarly gyl әdisterdi pajdalanu sondaj ak tүrlerdin populyaciyalyk kurylymyn zhete zertteudin nәtizheleri Zh di odan әri zhetildiruge mүmkindik berip zhana dengejge koterdi Organizmder zhүjesiҚazir tiri organizmder әleminin 2 mln nan astam tүri belgili 20 g dyn ortasyna dejin biologiya gylymynda tiri organizmder ekige zhanuarlar men osimdikterge zhikteldi 19 g da kejbir galymdar barlyk bir kletkalylardy tipti barlyk tomengi satydagy organizmderdi karapajymdar baldyrlar zhәne tomengi satydagy sanyraukulaktar oz aldyna zheke shygaru kerek degen kozkarasta bolsa mikologtar sanyraukulaktardy zheke patshalykka zhatkyzu kerek degen pikirler ajtty Tek 20 g dyn ortasynda elektrondyk mikroskop pen molek biologiyanyn damuyna bajlanysty tiri organizmderdi zhүjeleudi tүbegejli kajta kuru bastaldy Biologiyada kol zhetken manyzdy zhetistiktin biri bakteriyany cianbakteriyany zhәne arhebakteriyany baska tiri organizmderden bolip alyp oz aldyna zheke karastyru Olarda yadro bolmajdy genetik material DNҚ nyn sakinaly tizbegi tәrizdi nukleoplazmada bos zhatady da nagyz hromosom tүzbejdi Sondaj ak olar mitoz zholymen bolinbejdi sondyktan olardy prokariotty nemese yadrosyz organizmder dep atajdy Al budan baska kuramynda membranamen korshalgan yadro DNҚ RNҚ zhәne akuyzdan turatyn genetikalykmaterialy bar mitoz zholymen bolinetin sondaj ak mikrotүtiksheleri mitohondriya zhәne plastidteri retpen ornalaskan bir ne kop kletkaly organizmderdi eukariotty nemese yadroly organizmder dep atajdy Organik tirshilik dүniesinde prokariottar patshalygy men eukariottar patshalygy kalyptaskan Zhanuarlar patshalygyna karapajymdylar men kop kletkaly zhanuarlar zhatady Birak karapajymdylar toby galymdar arasynda osy kүnge dejin pikirtalas tugyzuda Mys 1980 zhyldan karapajym bir kletkalylar bir gana tip dep beriletin al kazir onyn ozi zheke zheke 7 tipke bolinip beriledi Өsimdikter patshalygy barlyk zhogary satydagy osimdikterdi sondaj ak yadroly baldyrlardy kamtidy Birak koptegen biologtar yadroly baldyrlardy protisterge bir kletkalylar zhatkyzyp osimdikter patshalygyn mүktәrizdiler men tүtiksheli osimdikter kurajdy degen pikir ajtady Sonymen osy uakytka dejin bir kelisimge kelgen bekitilgen tiri organizmderdin zhүjesi zhok Al kazirgi uakytta zhanuarlar әlemi men osimdikter dүniesin galymdar 2 imperiya men 5 patshalykka boledi kesteni k Zhүjenin ekologiya zhәne biogeografiya gylymdary үshin manyzy zor Қazba zhanuarlar men osimdikterdin Zhүjesi stratigrafiya men geohronologiya gylymdarynda koldanylady Zh nin korshagan ortany korgau zhumystaryn ujymdastyruda alatyn orny da erekshe DerekkozderҚazak enciklopediyasy Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Ekologiya zhәne tabigat korgau Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdarlamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 zhyl 456 bet ISBN 5 7667 8284 5