Селекция туралы жалпы түсінік
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайға бейімделген жоғары өнімді сұрыптар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігін 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Селекция( латын тілінен аударғанда selection - сұрыптау немесе іріктеу) – жаңа сұрыптар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сұрыптар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми-теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Селекция ғылымының даму кезеңдері
Өсімдіктер селекциясы егін шаруашылығымен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік пен өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің тарихында 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция.Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы. Ертеи замандарда адамдар өсімдіктерді егіп, өсіруді үйренгеннен кейін, оларды сұрыптап, тұқымын көбейте бастаудың қажеттігі туды. Егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ жұпыны, қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Қолдан сұрыптауды бірте-бірте жетілдіре отырып, осы заманғы мәдени өсімдіктердің түрлері жасалды. Ертедегі адамдардың тұрғын жайларын қазу кезіндебайқалғандай, өсімдіктердің көпшілігі тас ғасыры дәуірінде өсірілген немесе шамамен біздің дәуірімізден 10 мың жыл бұрын пайдаланған. Соңғы жылдары Мысырда жүргізілген қазба жұмысы кезінде жер астында 17 мың жыл сақталған арпа тұқымы табылған. Халықтық селекция. Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өркендеуіне байланысты қолдан сұрыптау бірте-бірте жетілдіре түсті. Сорттардың көпшілігі қолдан және жасанды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жақсы бейімделген. Жергілікті сорттар өзінің маңыздылығы және бағалылығы жағынан біздің еліміздегі селекциялық сорттармен теңесе алады. Олар селенкцияның алатын қоры болып табылады. Өнеркәсіптік селекция. Селекцияның даму кезеңдері қоғамдағы өндірістік күштердің дамуымен тікелей байланысты. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңінің басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқын алды. Еуропа мен Америкада өнеркәсіптік тұқым фирмалары және ірі селекциялық-тұқымдық кәсіпорындар құрыла бастады.
Ғылыми селекция
Селекцияның ғылым ретіндегі дамуына XVIII- XIX ғасыр аралығындағы ғалымдар: Найт, Бербанк, Мендель,Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияның дамуында шешуші рөл атқарды, ол ұсынған органикалық дүниенің эволюциясы туралы ілім селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып қаланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген. Н. И. Вавилов еңбектерінде көрсетілгендей, селекция дегеніміз – өсімдіктер мен жануарлардың қалыптастыруға адамның араласуы болып табылады.
Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері
Селекциялық материал деп – барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілер мен сорттарды айтады. Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материалдарды мынадай негізгі көрсеткіштері бойынша бағалайды: 1.өнімділігі; 2.қолайсыз климат жағдайына төзімділігі; 3.ауруға төзімділігі; 4.егу,күту, жинау жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі; 5.сапасы; Селекциялық материалдарды сынаған кезде жан – жақты, дәлдік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Оларды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдық көрсеткішті қолданады. Соңғы кездері селекционерлер тоғыз баллдық жүйені де пайдалануда. Бұл жүйе халықаралық жүйе болып табылады.
Өнімділігін бағалау
Өнімділік – бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны. Қысқа төзімділігін бағалау. Күздік дақылдардың қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болады. Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қыстап шығуды көз жобасымен анықтау. Ол үшін көктемде, яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде, әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды. Күздік бидайдың қысқа төзімділігін 9 баллмен бағалайды.
Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау
Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер көлемін алып, барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден – бір жолы – бұған төзімді сорттар егу болып табылады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз – олардың жоғары температурада, ауаның төменгі ылғалдылығында топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.
Ауруға төзімділігін бағалау
Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың маңызы өте зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбіне оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Тат ауруына төзімділігін бағалау. Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу дәрәжесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады.
Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау
Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі дегеніміз – оның жәндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты: 1. Анатомиялық – морфологиялық ерекшеліктері. 2. Өсіп-жетілу ерекшелігі. 3. Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкідігі. 4. Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі. Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатумен қатар, көптеген шығынға ұшыратады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылыды. Дәнді – дақылдардың жатып қалуын екіге бөледі: 1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы; 2. Тамыр түбінен жатып қалуы;
Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру
Жаңа сорттар шығару процесі ерекше селекциялық әдістерді қолданумен және өнімді ету, күту,бақылау, жинау кезінде бір сыпыра техникалық тәсілдерді пайдаланумен байланысты мәселелердің үлкен жиынтығын қамтиды. Бұған сондай-ақ учаскені таңдау және оны селекциялық жұмыстарға дайындау, сорттар мен селекциялық нөмірлерді сынау және оларды көбейту, алынған мәлметтерді жөнлеу т.б. жұмыстарды белгіленген схема бойынша ұйымдастыру мен іске асыру мәселелері кіреді. Селекциялық процесс сорт шығарумен аяқталады. Сорттар мен селекциялық материалдарды сынау кезінде олар үшін барлық агротехникалық жағдайлар бірдей болуы тиіс. Мөлдектердің көлемі мен мүсіні туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ мөлдектің көлемі кішігірім болып қайталымы көп болған дұрыс. Себебі топырақтың шұбарлық әсері де аз болады. Егер мөлдек ұзартылған және ені тарлау болса солғұрлым салыстыру қажеттері азайып, нақтылығы артады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Selekciya turaly zhalpy tүsinikAuylsharuashylyk ondirisinin tiimdiligin arttyruda selekciya zhәne tukym sharuashylygynyn manyzy ote zor Zhergilikti zhagdajga bejimdelgen zhogary onimdi suryptar men budandardy osirudin nәtizhesinde ondiretin dakyldardyn onimdiligin 40 50 zhәne odan da zhogary pajyzga koteruge bolady Selekciya latyn tilinen audarganda selection suryptau nemese irikteu zhana suryptar men budandardy shygarumen ajnalysatyn gylym Algashky kezde zhana suryptar shygaruda tek suryptau әdisi koldanylgan Қazirgi kezde selekciyada suryptaumen katar budandastyru poliplodiya mutagenez biotehnologiya siyakty baskada әdister keninen koldanyluda Selekcionerlerdin zhogary mamandanuyn kazhet etetin gendi inzheneriya gaploidty selekciya siyakty әdisterdi pajdalanu kazirgi kүni basty bagytka ajnaluda Sondyktan selekcionerler zhasushanyn ishki kurlysyn tukym kualaushylyk pen ozgergishtikti osimdikte bolatyn ishki kubylystardy aurular men ziyankesterdi onimdi sakta ondeu tehnologiyasyn zhaksy bilumen katar matematikany himiyany ondiris ekonomikasy men ujymdastyru negizderin biluleri kazhet Selekciya zhumysynyn gylymi teoriyalyk negizgi tukym kualaushylyk pen ozgergishtikti zerttejtin gylym genetika bolganymen selekciya oz aldyna derbes gylym Ol zhana agzalar shygaruga negiz bolatyn erekshe әdisterge sүjenedi Selekciya gylymynyn damu kezenderiӨsimdikter selekciyasy egin sharuashylygymen bir mezgilde pajda bolyp onymen birge damyp keledi N I Vavilov atap korsetkendej eginshilik pen osimdikter mәdenieti zhalpy adamzat mәdenietimen katar damydy Mәdeni osimdikterdin zhana sorttaryn shygaru әdisinin tarihynda 4 kezendi bolip korsetuge bolady karapajym halyktyk onerkәsiptik zhәne gylymi selekciya Bajyrgy halyktardyn karapajym selekciyasy Ertei zamandarda adamdar osimdikterdi egip osirudi үjrengennen kejin olardy suryptap tukymyn kobejte bastaudyn kazhettigi tudy Eginshilik mәdenieti pajda bolgan algashky kezde ak zhupyny karapajym selekciya tүrlerin pajdalangan Onyn tarihy myndagan zhyldarmen esepteledi Қoldan suryptaudy birte birte zhetildire otyryp osy zamangy mәdeni osimdikterdin tүrleri zhasaldy Ertedegi adamdardyn turgyn zhajlaryn kazu kezindebajkalgandaj osimdikterdin kopshiligi tas gasyry dәuirinde osirilgen nemese shamamen bizdin dәuirimizden 10 myn zhyl buryn pajdalangan Songy zhyldary Mysyrda zhүrgizilgen kazba zhumysy kezinde zher astynda 17 myn zhyl saktalgan arpa tukymy tabylgan Halyktyk selekciya Eginshiliktin damuy men mәdeniettin orkendeuine bajlanysty koldan suryptau birte birte zhetildire tүsti Sorttardyn kopshiligi koldan zhәne zhasandy suryptau әdisterimen shygarylgandyktan aua rajynyn kolajsyz zhagdajlaryna zhaksy bejimdelgen Zhergilikti sorttar ozinin manyzdylygy zhәne bagalylygy zhagynan bizdin elimizdegi selekciyalyk sorttarmen tenese alady Olar selenkciyanyn alatyn kory bolyp tabylady Өnerkәsiptik selekciya Selekciyanyn damu kezenderi kogamdagy ondiristik kүshterdin damuymen tikelej bajlanysty XVIII gasyrdyn ayagy men XIX gasyrdyn basynda kapitalizmnin damu kezeninin bastaluyna bajlanysty selekciyalyk tәzhiribe үlken karkyn aldy Europa men Amerikada onerkәsiptik tukym firmalary zhәne iri selekciyalyk tukymdyk kәsiporyndar kuryla bastady Ғylymi selekciyaSelekciyanyn gylym retindegi damuyna XVIII XIX gasyr aralygyndagy galymdar Najt Berbank Mendel Rimpau zhәne bәrinen buryn Darvin enbekterinin manyzy zor boldy Ch Darvinnin ilimi gylymi selekciyanyn damuynda sheshushi rol atkardy ol usyngan organikalyk dүnienin evolyuciyasy turaly ilim selekciyanyn gylymi bazasy zhәne onyn algashky negizi bolyp kalandy Selekciya turaly gylym evolyuciyalyk ilimge negizdelgen N I Vavilov enbekterinde korsetilgendej selekciya degenimiz osimdikter men zhanuarlardyn kalyptastyruga adamnyn aralasuy bolyp tabylady Selekciyalyk materialdardy bagalau tәsilderiSelekciyalyk material dep barlyk selekciyalyk zhumys procesinde alyngan belgiler men sorttardy ajtady Әrbir alyngan zhәne ondiriske endirilgen zhana sorttar zhyl sajyn zhogary onim berip sapasy zhaksy bolu үshin selekciyalyk materialdardy mynadaj negizgi korsetkishteri bojynsha bagalajdy 1 onimdiligi 2 kolajsyz klimat zhagdajyna tozimdiligi 3 auruga tozimdiligi 4 egu kүtu zhinau zhumystarynda tehnikany pajdalanuga bejimdiligi 5 sapasy Selekciyalyk materialdardy synagan kezde zhan zhakty dәldik zhәne bagany tez uakyttyn ishinde beru negizgi talap bolyp tabylady Olardy әr tүrli belgileri zhәne kolajsyz zhagdajlarga tozimdilik dәrezhesi bojynsha bagalaganda әdette bes balldyk korsetkishti koldanady Songy kezderi selekcionerler togyz balldyk zhүjeni de pajdalanuda Bul zhүje halykaralyk zhүje bolyp tabylady Өnimdiligin bagalauӨnimdilik bul bir osimdikten alyngan ortasha onim Belgili bir kolemdegi egistiktin onimi eki tүrli korsetkishke bajlanysty anyktalady Olar onimdiligi zhәne osimdiktin ortasha sany Қyska tozimdiligin bagalau Kүzdik dakyldardyn kyska tozimdiligi kop zhagdajda sorttyn agrotehnikalyk zhәne tukym kualaushylyk erekshelikterine bajlanysty bolady Қyska tozimdiligin bagalaudyn egistik tәsili Selekciyalyk zhumysta kyska tozimdilikti bagalauda әr tүrli egistik tәsilder koldanylady Қystap shygudy koz zhobasymen anyktau Ol үshin koktemde yagni osimdikter osip zhetilgende әr kajsysyn karastyru arkyly bes balldyk zhagdajda bagalajdy Kүzdik bidajdyn kyska tozimdiligin 9 ballmen bagalajdy Қurgakshylykka tozimdiligin bagalauҚurgakshylyk bizdin elimizde zhii bolatyn kubylys Kejbir zhyldary olar үlken zher kolemin alyp barlyk auylsharuashylyk dakyldarynyn onimdiligin tomendetedi Қurgakshylykpen kүresudin birden bir zholy bugan tozimdi sorttar egu bolyp tabylady Өsimdiktin kurgakshylykka tozimdiligi degenimiz olardyn zhogary temperaturada auanyn tomengi ylgaldylygynda topyrakta ylgaldylyktyn zhetispeu kezinde oz bojyndagy sudy durys pajdalanu arkyly sapasy zhaksy zhogary onim beru mүmkindigi Auruga tozimdiligin bagalauAuruga karsy kүreste agrotehnikalyk zhәne himyalyk zholdarmen katar tozimdi sorttar shygarudyn manyzy ote zor Selekciyalyk materialdardyn auruga tozimdiligin zerttegende kobine olarga koldan auru egu tәsili koldanylady Tat auruyna tozimdiligin bagalau Belgili bir klimattyk zhagdajda tat auruy zhii ote katty bajkalsa sorttyn tozimdiligin onyn shaldygu dәrәzhesi bojynsha egis alkabynda anyktauga bolady Ziyankes zhәndikterge tozimdiligin bagalauӨsimdiktin ziyankesterge tozimdiligi degenimiz onyn zhәndiktermen zakymdangan mүsheleri men tkanderin kalypka keltiru mүmkindigi nemese zakymdanbau kasieti Auyl sharuashylyk dakyldarynyn әr tүrli sorttarynyn zakymdanu erekshelikteri mynadaj sebepterge bajlanysty 1 Anatomiyalyk morfologiyalyk erekshelikteri 2 Өsip zhetilu ereksheligi 3 Sorttardyn zakymdalgan mүsheleri men tkanderin kalypka keltiru mүmkidigi 4 Өsimdikterdin tkanderi men mүshelerinin biohimiyalyk kuramy zhonindegi ereksheligi Zhatyp kaluga tozimdiligin bagalau Dәndi dakyldyn zhatyp kaluy ony mehanikalyk zholmen zhinaudy kiyndatumen katar koptegen shygynga ushyratady Intensivti sorttar үshin bul korsetkish mindetti talap bolyp tabylydy Dәndi dakyldardyn zhatyp kaluyn ekige boledi 1 Dakyldardyn sabaktan zhatyp kaluy 2 Tamyr tүbinen zhatyp kaluy Selekciyalyk procestin tehnikasy zhәne ony ujymdastyruZhana sorttar shygaru procesi erekshe selekciyalyk әdisterdi koldanumen zhәne onimdi etu kүtu bakylau zhinau kezinde bir sypyra tehnikalyk tәsilderdi pajdalanumen bajlanysty mәselelerdin үlken zhiyntygyn kamtidy Bugan sondaj ak uchaskeni tandau zhәne ony selekciyalyk zhumystarga dajyndau sorttar men selekciyalyk nomirlerdi synau zhәne olardy kobejtu alyngan mәlmetterdi zhonleu t b zhumystardy belgilengen shema bojynsha ujymdastyru men iske asyru mәseleleri kiredi Selekciyalyk process sort shygarumen ayaktalady Sorttar men selekciyalyk materialdardy synau kezinde olar үshin barlyk agrotehnikalyk zhagdajlar birdej boluy tiis Moldekterdin kolemi men mүsini turaly kop ajtylyp ta zhazylyp ta zhүr Birak moldektin kolemi kishigirim bolyp kajtalymy kop bolgan durys Sebebi topyraktyn shubarlyk әseri de az bolady Eger moldek uzartylgan zhәne eni tarlau bolsa solgurlym salystyru kazhetteri azajyp naktylygy artady Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet