Тұқым қуалаушылық — ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиет.
Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология, физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г.Мендель болды. Ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары). 1909 жылы дат биологы В.Иогансен (1857 – 1927) бұл тұқым қуалау факторларын ген деп атады. 1911 жылы америкалық биолог Т.Морган (1866 – 1945) және оның әріптестері ұсынған “Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы” бойынша да тұқымқуалаушылықтың бірлігі – ген деп көрсетілген. Гендер жасуша ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан және әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты орны (локусы) болады. Кез келген хромосома өзінің гендер тобымен ерекшеленеді.
Генетика ғылымының даму барысында тұқым қуалау факторлары тек ядрода ғана емес, жасуша цитоплазмасының кейбір органоидтарында (митохондрияда, хлоропластарда) да кездесетіні анықталды. Осыған байланысты цитоплазмалық тұқым қуалаушылық жайлы ілім қалыптасты. Тұқымқуалаушылық материалының сақталуы, екі еселенуі және ұрпақтан ұрпаққа берілуі нуклеин қышқылдарына (ДНҚ және РНҚ) байланысты болады.
Тұқымқуалаушылық жасушада жүретін репликация (генетик. ақпаратты дәл көшіруді және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдары макромолекулаларының өздігінен жаңғыруы), транскрипция (ДНҚ-да жазылған генетик. ақпаратты жұмсаудың алғашқы кезеңі) және трансляция (ақпараттық РНҚ молекулаларындағы нуклеидтердің бірізділігі түрінде “жазып алынған” генетик. ақпаратты “есептеу”) процестерімен тығыз байланысты. Бұл кезде комплементарлық принципке сай ДНҚ және РНҚ молекулаларының айна қатесіз көшірмелері алынып, түзілетін нəруыздың құрамындағы аминқышқылдарының орналасу реті дәл анықталады. Мұның нәтижесінде тұқым қуалайтын нақты белгі белгілі болады. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылық шешуші рөл атқарады. Өйткені эволюция барысында қалыптасқан тіршілікке қажетті жаңа белгілермен басқа да өзгерістер осы тұқымқуалаушылыққа байланысты ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бекітіліп отырады. Тұқымқуалаушылықтың негізінде органдардың алуан түрлі топтары қалыптасты, дербес және біртұтас жүйелер (популяциялар, түрлер) құрылып, олардың тіршілік етуіне және қоршаған орта жағдайларына сай бейімділіктің сақталуына мүмкіндік туды. Сондықтан да тұқымқуалаушылық эвол. әрекеттің негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. Табиғатта тұқымқуалаушылық өзгергіштікпен қатар жүреді. Ауыл шаруашылығы мен медицина үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы зор. Тұқымқуалаушылықпен өзгергіштіктің заңдылықтарын генетика ғылымы зерттейді.
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tukym kualaushylyk urpaktar arasyndagy materialdyk zhәne funkcionaldyk sabaktastykty kamtamasyz etetin tiri agzalarga tәn kasiet Tukym kualaushylykka bajlanysty tiri organizmderdin morfologiya fiziologiya zhәne biohimiya kurylymy men zheke damu erekshelikteri urpaktan urpakka beriledi Organizmderdegi tukymkualaushylyk faktorlarynyn bolatynyn algash bolzham zhasap tukym kualau zandylyktaryn ashkan G Mendel boldy Ol ata analyk darabastardy bir birinen bir ne birneshe belgileri bojynsha azhyratylady al ol faktorlar ata analarynan urpaktaryna zhynys zhasushalary arkyly beriledi degen korytyndy zhasady Mendel zandary 1909 zhyly dat biology V Iogansen 1857 1927 bul tukym kualau faktorlaryn gen dep atady 1911 zhyly amerikalyk biolog T Morgan 1866 1945 zhәne onyn әriptesteri usyngan Tukymkualaushylyktyn hromosomalyk teoriyasy bojynsha da tukymkualaushylyktyn birligi gen dep korsetilgen Gender zhasusha yadrosyndagy hromosomalarda tizbektele bir syzyktyn bojynda ornalaskan zhәne әrbir gennin hromosomada nakty turakty orny lokusy bolady Kez kelgen hromosoma ozinin gender tobymen erekshelenedi Genetika gylymynyn damu barysynda tukym kualau faktorlary tek yadroda gana emes zhasusha citoplazmasynyn kejbir organoidtarynda mitohondriyada hloroplastarda da kezdesetini anyktaldy Osygan bajlanysty citoplazmalyk tukym kualaushylyk zhajly ilim kalyptasty Tukymkualaushylyk materialynyn saktaluy eki eselenui zhәne urpaktan urpakka berilui nuklein kyshkyldaryna DNҚ zhәne RNҚ bajlanysty bolady Tukymkualaushylyk zhasushada zhүretin replikaciya genetik akparatty dәl koshirudi zhәne onyn urpaktan urpakka beriluin kamtamasyz etetin nuklein kyshkyldary makromolekulalarynyn ozdiginen zhangyruy transkripciya DNҚ da zhazylgan genetik akparatty zhumsaudyn algashky kezeni zhәne translyaciya akparattyk RNҚ molekulalaryndagy nukleidterdin birizdiligi tүrinde zhazyp alyngan genetik akparatty esepteu procesterimen tygyz bajlanysty Bul kezde komplementarlyk principke saj DNҚ zhәne RNҚ molekulalarynyn ajna katesiz koshirmeleri alynyp tүziletin neruyzdyn kuramyndagy aminkyshkyldarynyn ornalasu reti dәl anyktalady Munyn nәtizhesinde tukym kualajtyn nakty belgi belgili bolady Zher betinde tirshiliktin pajda boluy men damuynda tukymkualaushylyk sheshushi rol atkarady Өjtkeni evolyuciya barysynda kalyptaskan tirshilikke kazhetti zhana belgilermen baska da ozgerister osy tukymkualaushylykka bajlanysty urpaktan urpakka berilip bekitilip otyrady Tukymkualaushylyktyn negizinde organdardyn aluan tүrli toptary kalyptasty derbes zhәne birtutas zhүjeler populyaciyalar tүrler kurylyp olardyn tirshilik etuine zhәne korshagan orta zhagdajlaryna saj bejimdiliktin saktaluyna mүmkindik tudy Sondyktan da tukymkualaushylyk evol әrekettin negizgi kozgaushy kүshinin biri bolyp tabylady Tabigatta tukymkualaushylyk ozgergishtikpen katar zhүredi Auyl sharuashylygy men medicina үshin tukymkualaushylyktyn zandylyktaryn zerttep biludin manyzy zor Tukymkualaushylykpen ozgergishtiktin zandylyktaryn genetika gylymy zerttejdi DerekkozderO D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Virusologiya immunologiya genetika molekulalyk biologiya Oryssha kazaksha sozdik Almaty Ana tili baspasy 1993 zhyl ISBN 5 630 0283 XSiltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tomTagy karanyzTukym kualajtyn aurular