Биохимия, биологиялық химия — тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, жасушалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметін зерттейтін ғылым.
Организмдегі биохим. процестер үш түрлі бағытта зерттеледі: статикалық Биохимия— организмнің химиялық құрамын анықтайды; динамикалық Биохимия — организмдегі биохимиялық қосылыстардың бір түрден екінші түрге айналу жолдарын зерттейді; функционалдық Биохимия — тіршілік әрекетіне арқау болатын химиялық құрылымдарды, процестерді зерттейді. Организмдердегі қоректік заттарды сіңіруінен (анаболизм) бастап, олардың толық ыдырауына (катаболизм) дейінгі биохимиялық реакциялардың барлығы — бүкіл тірі организмдердің басты және тұрақты белгісі — зат алмасуға негізделген. Сондықтан да организмдегі зат алмасу, яғни метаболизм процестерін терең зерттеу Биохимияның негізгі міндеттерінің бірі. Биохимия биологиялық, химиялық, медициналық ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. 20 ғасырдың басында Биохимия адам Биохимиясы (оған медициналық Биохимия да кіреді), өсімдіктер Биохимиясы, жануарлар Биохимиясы, микроорганизмдер Биохимиясы болып бөлінді. Биохимиялық зерттеулер Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі ) және қазіргі Биохимия кафедралары ашылғаннан кейін басталды.
Қазіргі кезде Биохимия саласындағы жүйелі зерттеулермен “Биоген” жабық акциондық қоғамы, Микробиология және вирусология институты, , , Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу орталығының институттары, медициналық, ауыл шаруашылығы оқу орындары айналысады. Өсімдік ақуызы және оның биохимиялық қасиеттері ашылып, бидай, т.б. бағалы тағамдық дақылдардың құрамындағы ақуыз мөлшерін молайту жолдары анықталды (Т. Дарқанбаев, т.б.), дәрілік-техникалық, илік өсімдіктердегі қосалқы заттар Биохимиясы (Л.Қылышев, Р.Қонаева) зерттелді. Өсімдік химиясы қалыптасып, дәрілік, тағамдық, хош иісті заттар, арнайы препараттар алынды (М.И. Горяев, Т.Шомбалов, т.б.). Витаминдер Биохимиясы, бұғақ ауруы мен қан ұю әсерінен туатын биохимиялық өзгерістер зерттелді (Б.И. Ильин-Какуев). Гистохимия мәселелері, миоглобин, гемоглобин ақуыздары, тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысатын ферменттер Биохимиясы (З. Қайыпова, А. Өтешев, т.б.), Қазақстанның шөл-шөлейтті жерлері мен таулы өңірінде өсетін өсімдіктер Биохимиясы (Ж. Жатқанбаев, т.б.) зерттелді. Микроорганизмдер мен вирустар Биохимиясы дамытылды (Х. Жұматов, Е. Исаева). Гипоксия (оттегі жетіспеуі) кезінде адамға қажетті ақуыз, май, көмірсулар, витамин мөлшерлері анықталды (А. Алдашев). Қой организміндегі биохимиялық өзгерістер, төл организміндегі зат алмасу процесі зерттелді (Ө.Ташмұхаметов, Ә. Сәрсенов, Е. Ертаев, Б. Қарабалин), малда сүт шығару механизмі ашылды (Тәшенов Қ. Тәшенов). Сиыр мен бие сүтіндегі ақуыздар, липидтер зерттеліп, осының нәтижесінде төлдің тіршілікке бейімділігін арттыру шаралары белгіленді (З. Сейітов, Ж. Жұмашев). Аусыл, сарып, эхинококкоз, ценуроз патогенезіне биохимиялық тұрғыдан сипаттама берілді (В.М. Красов, Т. Омаров, т.б.). Эукариоттық жасушаларда кездесетін жасушалық бөлшектердің жаңа класы — ақпараттық рибонуклеин қышқылы () ашылды (М. Айтхожин).
Биохимия саласындағы зерттеулерді негізінен үйлестіріп отырады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Biohimiya biologiyalyk himiya tiri organizmderdin himiyalyk kuramyn ondagy biohimiyalyk kosylystardyn sintezdelinu zholdaryn zandylyktary men kasietterin molekulalyk kuramyn zhasushalardyn biologiyalyk biohimiyalyk zhәne fiziologiyalyk kyzmetin zerttejtin gylym Gemoglobinnyn biomolekulasyKrebs cikly Organizmdegi biohim procester үsh tүrli bagytta zertteledi statikalyk Biohimiya organizmnin himiyalyk kuramyn anyktajdy dinamikalyk Biohimiya organizmdegi biohimiyalyk kosylystardyn bir tүrden ekinshi tүrge ajnalu zholdaryn zerttejdi funkcionaldyk Biohimiya tirshilik әreketine arkau bolatyn himiyalyk kurylymdardy procesterdi zerttejdi Organizmderdegi korektik zattardy siniruinen anabolizm bastap olardyn tolyk ydyrauyna katabolizm dejingi biohimiyalyk reakciyalardyn barlygy bүkil tiri organizmderdin basty zhәne turakty belgisi zat almasuga negizdelgen Sondyktan da organizmdegi zat almasu yagni metabolizm procesterin teren zertteu Biohimiyanyn negizgi mindetterinin biri Biohimiya biologiyalyk himiyalyk medicinalyk gylymdarymen tygyz bajlanysta damidy Ol zheke gylym retinde 19 gasyrdyn ayak kezinde kalyptasty 20 gasyrdyn basynda Biohimiya adam Biohimiyasy ogan medicinalyk Biohimiya da kiredi osimdikter Biohimiyasy zhanuarlar Biohimiyasy mikroorganizmder Biohimiyasy bolyp bolindi Biohimiyalyk zertteuler Қazakstanda 20 gasyrdyn 30 zhyldary Almaty zootehnikalyk maldәrigerlik institutynda kazirgi zhәne kazirgi Biohimiya kafedralary ashylgannan kejin bastaldy Қazirgi kezde Biohimiya salasyndagy zhүjeli zertteulermen Biogen zhabyk akciondyk kogamy Mikrobiologiya zhәne virusologiya instituty Ұlttyk akademiyalyk agrarlyk zertteu ortalygynyn instituttary medicinalyk auyl sharuashylygy oku oryndary ajnalysady Өsimdik akuyzy zhәne onyn biohimiyalyk kasietteri ashylyp bidaj t b bagaly tagamdyk dakyldardyn kuramyndagy akuyz molsherin molajtu zholdary anyktaldy T Darkanbaev t b dәrilik tehnikalyk ilik osimdikterdegi kosalky zattar Biohimiyasy L Қylyshev R Қonaeva zertteldi Өsimdik himiyasy kalyptasyp dәrilik tagamdyk hosh iisti zattar arnajy preparattar alyndy M I Goryaev T Shombalov t b Vitaminder Biohimiyasy bugak auruy men kan uyu әserinen tuatyn biohimiyalyk ozgerister zertteldi B I Ilin Kakuev Gistohimiya mәseleleri mioglobin gemoglobin akuyzdary totygu totyksyzdanu procesterine katysatyn fermentter Biohimiyasy Z Қajypova A Өteshev t b Қazakstannyn shol sholejtti zherleri men tauly onirinde osetin osimdikter Biohimiyasy Zh Zhatkanbaev t b zertteldi Mikroorganizmder men virustar Biohimiyasy damytyldy H Zhumatov E Isaeva Gipoksiya ottegi zhetispeui kezinde adamga kazhetti akuyz maj komirsular vitamin molsherleri anyktaldy A Aldashev Қoj organizmindegi biohimiyalyk ozgerister tol organizmindegi zat almasu procesi zertteldi Ө Tashmuhametov Ә Sәrsenov E Ertaev B Қarabalin malda sүt shygaru mehanizmi ashyldy Tәshenov Қ Tәshenov Siyr men bie sүtindegi akuyzdar lipidter zerttelip osynyn nәtizhesinde toldin tirshilikke bejimdiligin arttyru sharalary belgilendi Z Sejitov Zh Zhumashev Ausyl saryp ehinokokkoz cenuroz patogenezine biohimiyalyk turgydan sipattama berildi V M Krasov T Omarov t b Eukariottyk zhasushalarda kezdesetin zhasushalyk bolshekterdin zhana klasy akparattyk ribonuklein kyshkyly ashyldy M Ajthozhin Biohimiya salasyndagy zertteulerdi negizinen үjlestirip otyrady DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 zhyl 430 b ISBN 9965 808 78 3