Гипоксия — жасушалардың оттегі жетіспеушілігінен пайда болатын ұлпалардың декструктивтік өзгерістеріне әкелетін патологиялық процесс. Гипоксия тіндерге оттегі жеткізудің бұзылуынан және/немесе оларды жасушалардың тыныстық жүйелерінің жоюының бұзылуы нәтижесінде дамиды. Гипоксиямен, оттегімен қамтамасыз ету тапшылығымен бала анасының ішінде жатқанда жиі кездеседі. Күнделікті өмірде орташа гипоксия ұйықтағанда болуы мүмкін, күндіз қызметтік жүктеме қарқынды жұмыс істеп жатқан ағзалардың гипоксиясына жиі әкеледі. Организмнің өлуі де әрқашан толық гипоксиямен жүреді. Оттегінің кезеңдік тапшылығы — бұл адамда жан-жақты бейімділік реакциясы дамыған эволюциялық ежелгі фактор. Ол тасымалдау жүйесі күшінің жоғарылауына және орташа гипоксияға жауап ретінде оттегіні жоюға бағытталған. Сонымен, орташа гипоксия организмнің қалыпты бейімделуші физиологиялық реакциясын тудырып, оның дамуының ең маңызды стимулдарының бірі болып табылады. Керісінше ауыр гипоксия кезінде бейімделу реакциялары онша айқын емес және терең деструкциялық өзгерістер басым болады.
Гипоксиялық жағдайдың жіктелуі
Жалпы, гипоксияның пайда болуына байланысты:
- экзогендік
- эндогендік болып бөлінеді.
Экзогенді гипоксия
Экзогенді гипоксия жұтатын ауада оттегінің аз болуы салдарынан дамиды. Экзогенді гипоксияның екі түрін ажыратады
- нормобариялық және гипобариялық
Нормобариялық гипоксия
Нормобариялық гипоксия қалыпты атмосфералық қысымда жұтатын ауадағы оттегі төмендеген кезде дамиды. Мұндай жағдай көлемі кіші, ұзақ уақыт желдетілмеген кеңістіктерде болғанда, құдықта, шахтада жұмыс істеген кезде болуы мүмкін. Жұтатын ауадағы оттегінің төмендеуі гемоглобиннің оттегімен қанығуының жеткіліксіздігіне әкеледі, артериялық гипоксемия жиі жүреді.
Гипобариялық гипоксия
Гипобариялық гипоксия атмосфералық қысым төмендегенде дамиды. Ол биік тауға шыққан кезде жиі байқалады. Оның дамуының алдыңғы қатарлы патогенездік факторына гипоксемия жатады, бірақ нормобариялық гипоксиядан айырмашылығы қосымша теріс факторына жатады. Гипокапния және газды алкалоз өкпелердің хеморефлекторлы, компенсаторлық жоғары желдетілуінің есебінен, көмірқышқыл газының шамадан артық шығарылуынан түзіледі. Өкпе капиллярларындағы қандағы көмір қышқыл газының парциалды кернеуінің төмендеуіне Халдейн әсері кедергі болады: альвеолалық ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі СО2 шығарылуының қарқынын төмендетеді. Бірақ реттеудің мықты контуры СО2-нің сопақша мидың тыныс орталығына әсеріне байланысты.
Эндогенді гипоксия
Эндогенді гипоксияның келесі түрлері ажыратылады:
- тыныстық немесе респираторлы;
- қанайналымдық немесе циркуляциялық;
- қандық немесе гемдік;
- тіндік немесе гистотоксиндік;
- жүктемелік;
- субстраттық;
- аралас
Тыныстық гипоксия
Тыныстық гипоксия сыртқы тыныс қызметінің бұзылысы салдарынан дамиды. Оған себептер:
- альвеолалық желдетілу жетіспеушілігі;
- өкпенің диффузды қызметінің бұзылысы;
- желдетілу-перфузиялық қатынастың өзгеруі;
Альвеолалық желдетілу жетіспеушілігі
Альвеолалық төмен желдетілу тыныс бұзылысының рестриктивті және обструктивті түрлерінде, тыныс ырғағының орталық бұзылыстарында байқалады. Өкпенің рестриктивті аурулары олардың қозғалғыштығының және тыныс алған кезде жайылу қабілетінің шектелуімен көрінеді және кеуде торы құрылысының туа біткен және жүре пайда болған ақауларында, бұлшықеттік дистрофияларда, тыныс бұлшықеттерінің қабыну үдерістерінде және әртүрлі генезді жүйке бұлшықеттік берілулер бұзылыстарында пайда болуы мүмкін.
Өкпенің диффузды қызметінің бұзылысы
Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылысы диффузиялық беттің азаюы және/немесе аэрогемдік тосқауыл қалыңдығының жоғарылауы салдарынан болуы мүмкін. Өкпенің диффузиялық беті альвеолалардың жартысының қабысуымен сипатталатын ателектаз кезінде азаяды. Ателектаздың кеңінен таралған себептерінің бірі сурфактант өнімінің бұзылысы болып табылады. Сурфактант екінші типті альвеолалық жасушалармен өндіріледі және дипальмитилфосфатидилхолин негізгі болып табылатын фосфолипидтер кешенінен тұрады. Бұл қосылыстың молекулалары ұзын гидрофобты соңы болуының нәтижесінде ауа-су фазаларының бөліну шекараларында беткейлік тартылуды төмендетіп, тыныс шағару кезінде альвеолалар тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сурфактант жеткіліксіздігінде, мысалы, жаңа туылған нәрестелердің респираторлы дистресс-синдромында альвеолалар қабысады. Өкпелердің диффузиялық бетінің азаюы альвеолалар мембранасының гиалиноздаушы қиындайтын рестриктивті типті гипоксия дамуына әкеледі. Аэрогемдік тосқауылдың қалыңдығы, яғни, оттегі молекулаларының альвеоладан өкпе капиллярларына бару үшін өтетін қашықтығы қалыпта 1 мкм-ден аспайды. Бірақ бұл диффузиялық жол қабынулық ісікте, өкпе паренхимасының фиброзында (Хаммен—Рич синдромы) жоғарылауы мүмкін.
Желдетілу-перфузиялық қатынастың өзгеруі
Желдетулік-перфузиялық қатынастың өзгеруі де респираторлы гипоксия дамуы себептерінің бірі болуы мүмкін. Альвеолалық желдетудің минуттық көлемінің өкпеден 1 минутта ағып өтетін қан көлеміне қатынасы қалыпта 0,8—1,2 диапазон аралығында болады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі альвеолалық желдетудің азаюын көрсетеді. Оның жоғарылауы әдетте, қанның жартысы өкпе капиллярларына түспейтіндіктен оттегімен қанықпайтын анатомиялық шунттаумен, өкпелік қан айналымның төмендеуімен жүреді.
Қанайналымдық гипоксия
Қанайналымдық гипоксия қан айналым жүйесіндегі бұзылыстарда дамиды, бұл ағзалар мен тіндердің қанмен және оттегімен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Дарси заңына сәйкес ағза арқылы көлемді қанағым тамырлардың артериялық және веналық шеттерінің арасындағы қысымның әртүрлі болуымен (тікелей тәуелділік) және қан тамырлары жүйесінің гидравликалық қарсылығымен (кері тәуелділік) анықталады. Микроциркуляцияның, қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылыстарымен байланысты болатын циркуляторлық гипоксия маңызды орын алады. Формалық элементтердің агрегациясының жоғарылауы, эритроциттер мембранасы қаттылығының артуы, капилляр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы және интерстициалды ісінудің түзілуі капиллярлардан тінге оттегінің жеткізілуі мен диффузиясын қиындатады.
Қандық гипоксия
Қандық гипоксия анемияда, гемоглобин байланыстыру қабілетінің бұзылыстарында, тіндерге оттегі тасымалдау және беру бұзылыстарында байқалатын қанның оттегілік сыйымдылығы азайғанда дамиды. — қан көлемінің бірлігінде эритроциттер санының азаюы — жілік майының қан жасау қызметінің басылуымен, бүйрек жетіспеушілігі салдарынан шығуының азаюымен, эритроциттер гемолизінің жоғарлауымен негізделуі мүмкін. Эритропениялар әдетте қанда гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен жүреді.
Тіндік гипоксия
Ағзалар мен тіндердің оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілуіне қарамастан, тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылыстары нәтижесінде оттегі тіндермен пайдаланылмай қалады. Тіндік гипоксияның себептері:
- тыныстық ферменттердің азаюы немесе әсерсізденуі;
- тотығу реакциялары мен фосфорлану реакцияларының бір-біріне ұласпауы.
Тіндік гипоксияның классикалық мысалына цианидтермен уланау жатады. Цианидтер тыныс тізбектерінің соңғы ферменті цитохромоксидазаны инактивациялайды, оттегі тіндерге қалыпты жетікізілген жағдайда да жасушалар оны жою қабілетін жоғалтады. Тыныс ферменттері синтезінің бұзылыстары кейбір авитаминозда кездеседі. Мысалы, В дәруменінің (тиаминнің) тапшылығы бери-бери ауруының дамуына әкеледі. Бұл ауру негізгі тамақ ретінде құрамында тиамин мүлдем болмайтын күрішті қолданатын Оңтүстік-Шығыс Азия кездеседі. Тиамин жетіспеушілігінде тиаминпирофосфат коэнзим ретінде глюкозаның тікелей тотығуына қатысатындықтан оттегінің жойылуы бұзылады.
Жүктемелік гипоксия
Жүктемелік гипоксия қандай да болмасын ағзаның немесе тіннің өте жоғары қарқынды қызметінде туындайды. Мұндай ағзалардың немесе тіндердің оттегіге қажеттілігінің күрт жоғарылауы тасымалдау жүйесі мен оттегіні жою жүйесінің барлығы мүмкін болатын қызметтік қорларын толық жұмылдырғанда да толығымен қамтатамасыз етілмейді. Гипоксияның бұл түрі мысалы, өте ауыр физикалық жүктемеде қаңқа бұлшықетінде дамып, шаршаудың негізгі іске қосатын механизмі болуы мүмкін. Жүктемелік гипоксия эпилепсиялық белсенді ошаққа кіретін нейрондар кешенінде түзіледі. Эпилепсияда мидың жергілікті қанағымы эпибелсенді аймақта 4-6 есеге жоғарылауы мүмкін екені белгілі, бірақ осындай жоғарылаған қанағымы да қарқынды жұмыс істеп жатқан нейрондардың оттегіге қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Эпибелсенді ошақтағы нейрондардың өлуі ишемиядағы оттегімен қамтамасыз етудің тапшылығы кезіндегідей механизммен өтеді.
Субстраттық гипоксия
Субстраттық гипоксия мида тотығатын зат - глюкоза жетіспеуінен дамиды. Бұл кезде оттегі жеткілікті болуына қарамастан, от тотығатын зат болмауынан, жүйке жасушаларымен пайдаланылмайды.
Аралас гипоксия
Аралас этиологиялы гипоксия жиі кездеседі және гипоксияның екі немесе одан да көп түрлерінің қосарлануы болып табылады. Жоғарыда келтірілген оттегілік ашығу түрлері салыстырмалы сирек дамиды, жиі олардың әртүрлі қосарлануы кездеседі. Әдетте қандай да болмасын бірінші дамыған гипоксия белгілі деңгейге жеткенде биологиялық тотығуды қамтамасыз етуге қатысатын басқа ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылысын шақырады. Мысалы, қандай да болмасын генезді созылмалы гипоксия әдетте тыныс ферменттері қызметінің бұзылысымен және тіндік сипаттағы оттегілік жетіспеушілікпен асқынады. Карциномалық кахексияда біріншілік-тіндік гипоксия респираторлы, циркуляторлы және гемдік гипоксиямен қосарлануы мүмкін.
Гипоксия кезіндегі компенсациялық-бейімделу механизмедері
Гипоксия дамуында шартты түрде екі кезеңді бөлуге болады:
- жедел дамитын тұрақсыз кезеңі;
- баяу дамитын тұрақты кезеңі;
Бейімделудің жедел кезеңі
Бейімделудің жедел кезеңі гипоксия пайда болғаннан кейін бірден басталады. Бұл кезеңде жүзеге асатын өзгерістер:
- Тыныстың тереңдеп, жиілеуінен және бронхтардың кеңеюінен (симпатикалық белсенділіктің жоғарылауы салдарынан) альвеолалық желдету күшейеді;
- Жілік майынан эритроциттерді шығарып алудың күшеюінен, жинақталған қанның шығарылуынан, гемоглобиннің оттегіге ұқсастығының өзгерісінен қанның оттегілік сыйымдылығы жоғарылайды;
- Кіші қанайналым шеңберінен басқа, барлық дерлік тамырлық бассейндерде ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңеюі;
- Қанның осмостығының жоғарылауы, ондағы АТФ ыдырауы өнімдерінің, сүт қышқылының болуы тамыр қабырғаларының тегіс салалы бұлшықет жасушаларының босауын және вазодилатация шақырады;
- Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің активациясын шақыратын және жасушалық мембраналардың, соның глюкокортикостероидтар шығарылуы соның ішінде лизосома - мембраналарының тұрақтылығын жоғарылататын күшті стрестік фактор болып табылады;
Бейімделудің ұзақ кезеңі
Бейімделудің ұзақ уақытты кезеңі оттегі тасымалдануына жауапты жүйелерде құрылымдық нәруыз синтезінің жоғарылауымен сипатталады. Жүректе, мида, өкпелерде, тыныс бұлшықеттерінде капиллярлардың жаңа түзілісі өтеді, тыныс бұлышқеттерінің көлемі, өкпе альвеолаларының саны жоғарылайды. Жілік майының қандағы гемоглобиннің мөлшерінің жоғарылауына әкеледі. Орташа гипоксия жасушаның гендік аппаратының активациясына, митохондрия мен басқа да жасушалық құрылымдардың жоғарылауына әкеледі. Гипоксияның әр түрінде келтірілген орнынбасу-бейімделу реакциялардың әсері әртүрлі. Мысалы, респираторлы және циркуляторлы гипоксияда сыртқы тыныс және қан айналым жүйелерінде бейімделу реакцияларының мүмкіндіктері шектелген.
Дереккөздер
- Жолымбетов Ө. Ш., Құлназаров А. К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gipoksiya zhasushalardyn ottegi zhetispeushiliginen pajda bolatyn ulpalardyn dekstruktivtik ozgeristerine әkeletin patologiyalyk process Gipoksiya tinderge ottegi zhetkizudin buzyluynan zhәne nemese olardy zhasushalardyn tynystyk zhүjelerinin zhoyuynyn buzyluy nәtizhesinde damidy Gipoksiyamen ottegimen kamtamasyz etu tapshylygymen bala anasynyn ishinde zhatkanda zhii kezdesedi Kүndelikti omirde ortasha gipoksiya ujyktaganda boluy mүmkin kүndiz kyzmettik zhүkteme karkyndy zhumys istep zhatkan agzalardyn gipoksiyasyna zhii әkeledi Organizmnin olui de әrkashan tolyk gipoksiyamen zhүredi Otteginin kezendik tapshylygy bul adamda zhan zhakty bejimdilik reakciyasy damygan evolyuciyalyk ezhelgi faktor Ol tasymaldau zhүjesi kүshinin zhogarylauyna zhәne ortasha gipoksiyaga zhauap retinde ottegini zhoyuga bagyttalgan Sonymen ortasha gipoksiya organizmnin kalypty bejimdelushi fiziologiyalyk reakciyasyn tudyryp onyn damuynyn en manyzdy stimuldarynyn biri bolyp tabylady Kerisinshe auyr gipoksiya kezinde bejimdelu reakciyalary onsha ajkyn emes zhәne teren destrukciyalyk ozgerister basym bolady Adam kolynyn ottegimen zhetkilikti kamtamasyz etilmeuinen damygan cianozGipoksiyalyk zhagdajdyn zhikteluiZhalpy gipoksiyanyn pajda boluyna bajlanysty ekzogendik endogendik bolyp bolinedi Ekzogendi gipoksiya Ekzogendi gipoksiya zhutatyn auada otteginin az boluy saldarynan damidy Ekzogendi gipoksiyanyn eki tүrin azhyratady normobariyalyk zhәne gipobariyalykNormobariyalyk gipoksiya Normobariyalyk gipoksiya kalypty atmosferalyk kysymda zhutatyn auadagy ottegi tomendegen kezde damidy Mundaj zhagdaj kolemi kishi uzak uakyt zheldetilmegen kenistikterde bolganda kudykta shahtada zhumys istegen kezde boluy mүmkin Zhutatyn auadagy otteginin tomendeui gemoglobinnin ottegimen kanyguynyn zhetkiliksizdigine әkeledi arteriyalyk gipoksemiya zhii zhүredi Gipobariyalyk gipoksiya Gipobariyalyk gipoksiya atmosferalyk kysym tomendegende damidy Ol biik tauga shykkan kezde zhii bajkalady Onyn damuynyn aldyngy katarly patogenezdik faktoryna gipoksemiya zhatady birak normobariyalyk gipoksiyadan ajyrmashylygy kosymsha teris faktoryna zhatady Gipokapniya zhәne gazdy alkaloz okpelerdin hemoreflektorly kompensatorlyk zhogary zheldetiluinin esebinen komirkyshkyl gazynyn shamadan artyk shygaryluynan tүziledi Өkpe kapillyarlaryndagy kandagy komir kyshkyl gazynyn parcialdy kerneuinin tomendeuine Haldejn әseri kedergi bolady alveolalyk auadagy otteginin parcialdy kysymynyn tomendeui SO2 shygaryluynyn karkynyn tomendetedi Birak retteudin mykty kontury SO2 nin sopaksha midyn tynys ortalygyna әserine bajlanysty Endogendi gipoksiya Endogendi gipoksiyanyn kelesi tүrleri azhyratylady tynystyk nemese respiratorly kanajnalymdyk nemese cirkulyaciyalyk kandyk nemese gemdik tindik nemese gistotoksindik zhүktemelik substrattyk aralasTynystyk gipoksiya Tynystyk gipoksiya syrtky tynys kyzmetinin buzylysy saldarynan damidy Ogan sebepter alveolalyk zheldetilu zhetispeushiligi okpenin diffuzdy kyzmetinin buzylysy zheldetilu perfuziyalyk katynastyn ozgerui Alveolalyk zheldetilu zhetispeushiligi Alveolalyk tomen zheldetilu tynys buzylysynyn restriktivti zhәne obstruktivti tүrlerinde tynys yrgagynyn ortalyk buzylystarynda bajkalady Өkpenin restriktivti aurulary olardyn kozgalgyshtygynyn zhәne tynys algan kezde zhajylu kabiletinin shekteluimen korinedi zhәne keude tory kurylysynyn tua bitken zhәne zhүre pajda bolgan akaularynda bulshykettik distrofiyalarda tynys bulshyketterinin kabynu үderisterinde zhәne әrtүrli genezdi zhүjke bulshykettik beriluler buzylystarynda pajda boluy mүmkin Өkpenin diffuzdy kyzmetinin buzylysy Өkpenin diffuziyalyk kabiletinin buzylysy diffuziyalyk bettin azayuy zhәne nemese aerogemdik toskauyl kalyndygynyn zhogarylauy saldarynan boluy mүmkin Өkpenin diffuziyalyk beti alveolalardyn zhartysynyn kabysuymen sipattalatyn atelektaz kezinde azayady Atelektazdyn keninen taralgan sebepterinin biri surfaktant oniminin buzylysy bolyp tabylady Surfaktant ekinshi tipti alveolalyk zhasushalarmen ondiriledi zhәne dipalmitilfosfatidilholin negizgi bolyp tabylatyn fosfolipidter kesheninen turady Bul kosylystyn molekulalary uzyn gidrofobty sony boluynyn nәtizhesinde aua su fazalarynyn bolinu shekaralarynda betkejlik tartyludy tomendetip tynys shagaru kezinde alveolalar turaktylygyn kamtamasyz etedi Surfaktant zhetkiliksizdiginde mysaly zhana tuylgan nәrestelerdin respiratorly distress sindromynda alveolalar kabysady Өkpelerdin diffuziyalyk betinin azayuy alveolalar membranasynyn gialinozdaushy kiyndajtyn restriktivti tipti gipoksiya damuyna әkeledi Aerogemdik toskauyldyn kalyndygy yagni ottegi molekulalarynyn alveoladan okpe kapillyarlaryna baru үshin otetin kashyktygy kalypta 1 mkm den aspajdy Birak bul diffuziyalyk zhol kabynulyk isikte okpe parenhimasynyn fibrozynda Hammen Rich sindromy zhogarylauy mүmkin Zheldetilu perfuziyalyk katynastyn ozgerui Zheldetulik perfuziyalyk katynastyn ozgerui de respiratorly gipoksiya damuy sebepterinin biri boluy mүmkin Alveolalyk zheldetudin minuttyk koleminin okpeden 1 minutta agyp otetin kan kolemine katynasy kalypta 0 8 1 2 diapazon aralygynda bolady Bul korsetkishtin tomendeui alveolalyk zheldetudin azayuyn korsetedi Onyn zhogarylauy әdette kannyn zhartysy okpe kapillyarlaryna tүspejtindikten ottegimen kanykpajtyn anatomiyalyk shunttaumen okpelik kan ajnalymnyn tomendeuimen zhүredi Қanajnalymdyk gipoksiya Қanajnalymdyk gipoksiya kan ajnalym zhүjesindegi buzylystarda damidy bul agzalar men tinderdin kanmen zhәne ottegimen kamtamasyz etiluinin zhetkiliksizdigine әkeledi Darsi zanyna sәjkes agza arkyly kolemdi kanagym tamyrlardyn arteriyalyk zhәne venalyk shetterinin arasyndagy kysymnyn әrtүrli boluymen tikelej tәueldilik zhәne kan tamyrlary zhүjesinin gidravlikalyk karsylygymen keri tәueldilik anyktalady Mikrocirkulyaciyanyn kannyn reologiyalyk kasietterinin buzylystarymen bajlanysty bolatyn cirkulyatorlyk gipoksiya manyzdy oryn alady Formalyk elementterdin agregaciyasynyn zhogarylauy eritrocitter membranasy kattylygynyn artuy kapillyar kabyrgasy otkizgishtiginin zhogarylauy zhәne intersticialdy isinudin tүzilui kapillyarlardan tinge otteginin zhetkizilui men diffuziyasyn kiyndatady Қandyk gipoksiya Қandyk gipoksiya anemiyada gemoglobin bajlanystyru kabiletinin buzylystarynda tinderge ottegi tasymaldau zhәne beru buzylystarynda bajkalatyn kannyn ottegilik syjymdylygy azajganda damidy kan koleminin birliginde eritrocitter sanynyn azayuy zhilik majynyn kan zhasau kyzmetinin basyluymen bүjrek zhetispeushiligi saldarynan shyguynyn azayuymen eritrocitter gemolizinin zhogarlauymen negizdelui mүmkin Eritropeniyalar әdette kanda gemoglobin molsherinin tomendeuimen zhүredi Қandyk gipoksiyanyn sebepterinin biri eritrocitterdin gemoliziTindik gipoksiya Agzalar men tinderdin ottegimen zhetkilikti kamtamasyz etiluine karamastan totygu totyksyzdanu reakciyalary buzylystary nәtizhesinde ottegi tindermen pajdalanylmaj kalady Tindik gipoksiyanyn sebepteri tynystyk fermentterdin azayuy nemese әsersizdenui totygu reakciyalary men fosforlanu reakciyalarynyn bir birine ulaspauy Tindik gipoksiyanyn klassikalyk mysalyna cianidtermen ulanau zhatady Cianidter tynys tizbekterinin songy fermenti citohromoksidazany inaktivaciyalajdy ottegi tinderge kalypty zhetikizilgen zhagdajda da zhasushalar ony zhoyu kabiletin zhogaltady Tynys fermentteri sintezinin buzylystary kejbir avitaminozda kezdesedi Mysaly V dәrumeninin tiaminnin tapshylygy beri beri auruynyn damuyna әkeledi Bul auru negizgi tamak retinde kuramynda tiamin mүldem bolmajtyn kүrishti koldanatyn Ontүstik Shygys Aziya kezdesedi Tiamin zhetispeushiliginde tiaminpirofosfat koenzim retinde glyukozanyn tikelej totyguyna katysatyndyktan otteginin zhojyluy buzylady Zhүktemelik gipoksiya Zhүktemelik gipoksiya kandaj da bolmasyn agzanyn nemese tinnin ote zhogary karkyndy kyzmetinde tuyndajdy Mundaj agzalardyn nemese tinderdin ottegige kazhettiliginin kүrt zhogarylauy tasymaldau zhүjesi men ottegini zhoyu zhүjesinin barlygy mүmkin bolatyn kyzmettik korlaryn tolyk zhumyldyrganda da tolygymen kamtatamasyz etilmejdi Gipoksiyanyn bul tүri mysaly ote auyr fizikalyk zhүktemede kanka bulshyketinde damyp sharshaudyn negizgi iske kosatyn mehanizmi boluy mүmkin Zhүktemelik gipoksiya epilepsiyalyk belsendi oshakka kiretin nejrondar kesheninde tүziledi Epilepsiyada midyn zhergilikti kanagymy epibelsendi ajmakta 4 6 esege zhogarylauy mүmkin ekeni belgili birak osyndaj zhogarylagan kanagymy da karkyndy zhumys istep zhatkan nejrondardyn ottegige kazhettiligin tolyk kamtamasyz ete almajdy Epibelsendi oshaktagy nejrondardyn olui ishemiyadagy ottegimen kamtamasyz etudin tapshylygy kezindegidej mehanizmmen otedi Substrattyk gipoksiya Substrattyk gipoksiya mida totygatyn zat glyukoza zhetispeuinen damidy Bul kezde ottegi zhetkilikti boluyna karamastan ot totygatyn zat bolmauynan zhүjke zhasushalarymen pajdalanylmajdy Aralas gipoksiya Aralas etiologiyaly gipoksiya zhii kezdesedi zhәne gipoksiyanyn eki nemese odan da kop tүrlerinin kosarlanuy bolyp tabylady Zhogaryda keltirilgen ottegilik ashygu tүrleri salystyrmaly sirek damidy zhii olardyn әrtүrli kosarlanuy kezdesedi Әdette kandaj da bolmasyn birinshi damygan gipoksiya belgili dengejge zhetkende biologiyalyk totygudy kamtamasyz etuge katysatyn baska agzalar men zhүjeler kyzmetinin buzylysyn shakyrady Mysaly kandaj da bolmasyn genezdi sozylmaly gipoksiya әdette tynys fermentteri kyzmetinin buzylysymen zhәne tindik sipattagy ottegilik zhetispeushilikpen askynady Karcinomalyk kaheksiyada birinshilik tindik gipoksiya respiratorly cirkulyatorly zhәne gemdik gipoksiyamen kosarlanuy mүmkin Gipoksiya kezindegi kompensaciyalyk bejimdelu mehanizmederiGipoksiya damuynda shartty tүrde eki kezendi boluge bolady zhedel damityn turaksyz kezeni bayau damityn turakty kezeni Bejimdeludin zhedel kezeni Bejimdeludin zhedel kezeni gipoksiya pajda bolgannan kejin birden bastalady Bul kezende zhүzege asatyn ozgerister Tynystyn terendep zhiileuinen zhәne bronhtardyn keneyuinen simpatikalyk belsendiliktin zhogarylauy saldarynan alveolalyk zheldetu kүshejedi Zhilik majynan eritrocitterdi shygaryp aludyn kүsheyuinen zhinaktalgan kannyn shygaryluynan gemoglobinnin ottegige uksastygynyn ozgerisinen kannyn ottegilik syjymdylygy zhogarylajdy Kishi kanajnalym shenberinen baska barlyk derlik tamyrlyk bassejnderde usak arteriyalar men arteriolalardyn keneyui Қannyn osmostygynyn zhogarylauy ondagy ATF ydyrauy onimderinin sүt kyshkylynyn boluy tamyr kabyrgalarynyn tegis salaly bulshyket zhasushalarynyn bosauyn zhәne vazodilataciya shakyrady Gipotalamus gipofiz bүjrekүsti bezi zhүjesinin aktivaciyasyn shakyratyn zhәne zhasushalyk membranalardyn sonyn glyukokortikosteroidtar shygaryluy sonyn ishinde lizosoma membranalarynyn turaktylygyn zhogarylatatyn kүshti strestik faktor bolyp tabylady Bejimdeludin uzak kezeninde basty tynys alu bulshyketi kokettin gipertrofiyasy oryn aladyBejimdeludin uzak kezeni Bejimdeludin uzak uakytty kezeni ottegi tasymaldanuyna zhauapty zhүjelerde kurylymdyk nәruyz sintezinin zhogarylauymen sipattalady Zhүrekte mida okpelerde tynys bulshyketterinde kapillyarlardyn zhana tүzilisi otedi tynys bulyshketterinin kolemi okpe alveolalarynyn sany zhogarylajdy Zhilik majynyn kandagy gemoglobinnin molsherinin zhogarylauyna әkeledi Ortasha gipoksiya zhasushanyn gendik apparatynyn aktivaciyasyna mitohondriya men baska da zhasushalyk kurylymdardyn zhogarylauyna әkeledi Gipoksiyanyn әr tүrinde keltirilgen ornynbasu bejimdelu reakciyalardyn әseri әrtүrli Mysaly respiratorly zhәne cirkulyatorly gipoksiyada syrtky tynys zhәne kan ajnalym zhүjelerinde bejimdelu reakciyalarynyn mүmkindikteri shektelgen DerekkozderZholymbetov Ө Sh Қulnazarov A K Sport terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Қazaksha oryssha ISBN 9965 822 48 4