Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы. Зоологияның анатомия, гистология, физиология, зоогеография, жүйелендіру, палеозоология және филогенетика тәрізді көптеген салалары бар.
Толығырақ
Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар.
Зоология физиология, анатомия, эмбриология, экология, жануарлардың жүйелі филогенезі (көп жасушалы гетеротрофты қозғалмалы эукариоттар).
Зерттеу объектілеріне байланысты З. протозоология, омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы, ал оның ішінде, гельминтологияға, малокологияға, карцинологияға, энтомология, ихтиология, герпатология, орнитология, териологияга бөлшектенеді. Жануарларды суреттеп жазу ерте дүниеде жүргізілген. Бұл істер Ежелгі Грекиядан басталады да, негізінде Аристотельдің еңбектерімен байланысты. Ол 500 жануарлар түрін сипаттап, оларды жіктеген. 16-17 ғасырда жануарлар әлемі жөнінде мол мағлұматтар жиналған. Микроскоптың пайда болу нәтижесінде көзге көрінбейтін жануарлар әлемі зерттеле бастаған. Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемінің жіктелу негізі 17 ғ. мен 18 ғасырдың бірінші жартысында Дж. Рей мен К. Линней еңбектерімен қаланды. Чарльз Дарвин, органикалық әлемнің эволюциялық теориясымен З. өзіндік үлкен үлесін қосқан. Ол «Бигл» кемесімен дүниежүзілік саяхатының нәтижесінде 1839 ж. «Ізденіс күнделігі» атты еңбегін жариялады. Бұл еңбектерінде ол бірінші рет оңтүстік американдық және аралдардағы кемірушілер, жыртқыш құстар, кесірткелер, бақалар т.б. жануарларды сипаттап жазған. Оның З. аса маңызды еңбектері: маржан рифінің жаратылу тарихы «Зоология», (1-5 том, 1839-1843 жж.), және «Мұртаяқты шаяндылар», (1-2т. 1845). Зоологияның дамуына көптеген ғалымдардың еңбектері үлес қосты. Олардың арасында аса көрнекті ғалымдар: Ж.Л. Бюффон, Ж. Кювье, Э. Жоффруа Сент-Илера, П.С. Паллас, Жан Батист Ламарк, К.Ф. Рулье, К. Вольф, К.М. Бэр, А. Уоллес, Р. Оуэн, Э. Геккел, Ф. Мюллер, А.О. Ковалевски және В.О. Ковалевскилер, И.И. Мечников, М.А. Мензбир, И.И. Шмальгаузен, В.Н. Беклемишев т.б. бар. Қазіргі уақытта салыстырмалы зерттеулермен қатар, 3. жануарлардың физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясының ерекшеліктерін экспериментальдық зерттеулер арқылы анықтауда. Зоология, жануарларды қорғау және пайдалану, ауыл шаруашылық өсімдіктерімен орман шаруашылығына, тағамдық және өндірістік қорға зиян келтіретін, сондай-ақ адамдар мен жануарларға қауіпті ауру коздырушыларын тасымалдаушылардың санын реттеудің ғылыми негізі болып табылады. Қазіргі заман зоологиясы медицина, ауыл шаруашылық және ветеринариямен тығыз байланысты, ал оның кейбір бөлімдері паразитология, гидробиология, эпизоотология, эпидемиология құрамына енеді.
Тарихы
Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымы А.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды. 17 ғасырдың аяғы және 18 ғасырдың басында жануарлар жүйеленімінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д.Рей жасады. Ол өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Одан кейін швед ғалымы К.Линней «Systema naturae» (1735) деген еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоологиялық атаулар ұсынды. 18 ғасырдың аяғы – 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін салды. Ал 1825 жылы француз зоологы А.Бленвиль жануарлар жүйеленіміне тип деген ұғымды енгізді. 19 ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның «Зоология философиясы» (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының ғылыми теориясы баяндалды. Зоологияның дамуына 19 ғасырдың 30-жылдары неміс биологтары М.Шлейден мен Т.Шванн ашқан клеткалық теорияның үлкен әсері болды. Бұл теория клеткалық деңгейде тірі организмдердің біртұтас екендігін толық дәлелдеді. Ағылшын табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» (1859) атты белгілі еңбегінен кейін зоология ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталды. 19 ғасырдың 2-жартысында неміс ғалымдары Эрнст Геккель мен Ф.Мюллер эволюция іліміне сүйене отырып, филогенетткалық зоологияның негізі – биогенетикалық заңды ашты. Эволюциялық салыстырмалы эмбриологияның дамуы Ресей зоологтары И.И.Мечников, А.О.Ковалевскийдің еңбектерімен тығыз байланысты.
Қазақстан зоологиясы
Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі. Қазақстанға 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П.С.Паллас құс пен аңның 41 түріне, Э.А.Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ Н.А.Северцовтің «Түркістан жануарларының таралуы», П.П.Сушкиннің «Қырғыз даласының құстары», Н.А.Зарудныйдың «Арал теңізі құстары», т.б. ғылыми еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды. 20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ғылым академиясының Зоология институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары (К.И.Скрябин, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, Б.С.Виноградов, В.А.Селевин, т.б.) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары Жетісуда көрнекті ғалым В.Н.Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде ол «Жетісу сүтқоректілері» (1936) және «Жетісу құстары» (1949) атты ғылыми еңбектерін жариялады. 20 ғасырдың 30-жылдары Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, т.б. белгілі ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде «Арал теңізі балықтарының паразиттері» (1934) және «Каспий теңізі балықтарының паразиттері» (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі зерттеулер КСРО ғылым академиясының қазақстандық базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды. Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология институтында жүргізілді. Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары», (1956), «Қазақстан құстары» (1–5 т., 1960–74), «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1–2 т., 1962–63), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., 1969–85), «Қазақстан балықтары» (1–5 т., 1986–92), «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытылған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы жануарларды халық ш-нда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді. Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев, Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.б-лардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zoologiya kone grekshe zῷon zhanuar kone grekshe logos ilim zhanuarlar organizmderinin kurylysyn kalyptasuy men damuyn zhүjelenimin sistematikasyn Zher betinde taraluyn baska organizmdermen karym katynasyn tirshilik ortasymen bajlanysyn anyktajtyn zhәne tarihi damu zandylyktaryn zerttejtin gylym biologiya gylymynyn bir salasy Zoologiyanyn anatomiya gistologiya fiziologiya zoogeografiya zhүjelendiru paleozoologiya zhәne filogenetika tәrizdi koptegen salalary bar i00pxTolygyrakZoologiyalyk gylymi zertteu arkyly zhanuarlardyn halyk sharuashylygyndagy roli anyktalady Olardyn ishindegi pajdalylary auylsharuashylygy zhәne orman sharuashylygynyn ziyankesteri tүrli aurular taratushylary azhyratylady Zoologiya zertteu maksatyna bajlanysty birneshe salalarga bolinedi zhanuarlar zhүjelenimi zhanuarlar morfologiyasy zhanuarlar anatomiyasy zhanuarlar embriologiyasy zhanuarlar gistologiyasy zhanuarlar fiziologiyasy zhanuarlar genetikasy zhanuarlar paleozoologiyasy zhәne zoogeografiya Sondaj ak zerttejtin obektilerine karaj zoologiyanyn protozoologiya entomologiya ihtiologiya gerpetologiya ornitologiya teriologiya bolimderi bar Zoologiya fiziologiya anatomiya embriologiya ekologiya zhanuarlardyn zhүjeli filogenezi kop zhasushaly geterotrofty kozgalmaly eukariottar Zertteu obektilerine bajlanysty Z protozoologiya omyrtkasyzdar zoologiyasy omyrtkalylar zoologiyasy al onyn ishinde gelmintologiyaga malokologiyaga karcinologiyaga entomologiya ihtiologiya gerpatologiya ornitologiya teriologiyaga bolshektenedi Zhanuarlardy surettep zhazu erte dүniede zhүrgizilgen Bul ister Ezhelgi Grekiyadan bastalady da negizinde Aristoteldin enbekterimen bajlanysty Ol 500 zhanuarlar tүrin sipattap olardy zhiktegen 16 17 gasyrda zhanuarlar әlemi zhoninde mol maglumattar zhinalgan Mikroskoptyn pajda bolu nәtizhesinde kozge korinbejtin zhanuarlar әlemi zerttele bastagan Қazirgi uakyttagy zhanuarlar әleminin zhiktelu negizi 17 g men 18 gasyrdyn birinshi zhartysynda Dzh Rej men K Linnej enbekterimen kalandy Charlz Darvin organikalyk әlemnin evolyuciyalyk teoriyasymen Z ozindik үlken үlesin koskan Ol Bigl kemesimen dүniezhүzilik sayahatynyn nәtizhesinde 1839 zh Izdenis kүndeligi atty enbegin zhariyalady Bul enbekterinde ol birinshi ret ontүstik amerikandyk zhәne araldardagy kemirushiler zhyrtkysh kustar kesirtkeler bakalar t b zhanuarlardy sipattap zhazgan Onyn Z asa manyzdy enbekteri marzhan rifinin zharatylu tarihy Zoologiya 1 5 tom 1839 1843 zhzh zhәne Murtayakty shayandylar 1 2t 1845 Zoologiyanyn damuyna koptegen galymdardyn enbekteri үles kosty Olardyn arasynda asa kornekti galymdar Zh L Byuffon Zh Kyuve E Zhoffrua Sent Ilera P S Pallas Zhan Batist Lamark K F Rule K Volf K M Ber A Uolles R Ouen E Gekkel F Myuller A O Kovalevski zhәne V O Kovalevskiler I I Mechnikov M A Menzbir I I Shmalgauzen V N Beklemishev t b bar Қazirgi uakytta salystyrmaly zertteulermen katar 3 zhanuarlardyn fiziologiyasy ekologiyasy embriologiyasynyn erekshelikterin eksperimentaldyk zertteuler arkyly anyktauda Zoologiya zhanuarlardy korgau zhәne pajdalanu auyl sharuashylyk osimdikterimen orman sharuashylygyna tagamdyk zhәne ondiristik korga ziyan keltiretin sondaj ak adamdar men zhanuarlarga kauipti auru kozdyrushylaryn tasymaldaushylardyn sanyn retteudin gylymi negizi bolyp tabylady Қazirgi zaman zoologiyasy medicina auyl sharuashylyk zhәne veterinariyamen tygyz bajlanysty al onyn kejbir bolimderi parazitologiya gidrobiologiya epizootologiya epidemiologiya kuramyna enedi TarihyZhanuarlar turaly maglumattar kone dәuirlerden belgili Ezhelgi Қytaj Үndistan t b elderde zhanuarlar turaly kitaptar shygarylgan Degenmen zoologiya gylym retinde algash Ezhelgi Grekiyada damygan zhәne ol Aristotel b z b 384 322 esimimen tygyz bajlanysty Ol oz enbekterinde tungysh ret zhanuarlar dүniesin zhүjege keltirip olardy kany bar zhanuarlar zhәne kany zhok zhanuarlar dep eki topka boldi Zoologiyanyn damuyna 16 gasyrdyn ayagy 17 gasyrdyn basynda ojlap tabylgan mikroskoptyn manyzy zor boldy Ony ojlap tapkan gollandiya galymy A Levenguk 1632 1723 algash ret zhanuarlardyn kan tүjirleri men kan kapillyarlaryn sipattap zhazdy Levenguktyn basty zhanalygy mikroskop arkyly su tamshylaryn zerttep onyn kuramynda karapajym zhәndikterdin tirshilik etetinin ashuy boldy 17 gasyrdyn ayagy zhәne 18 gasyrdyn basynda zhanuarlar zhүjeleniminin negizin agylshyn tabigat zertteushisi D Rej zhasady Ol ozinin Zhanuarlarga zhүjelenimdik sholu 1693 atty kitabynda zhanuarlardy syrtky belgilerine karaj zhiktedi Mysaly sүtkorektilerdi ol eki topka sausakty sүtkorektiler zhәne tuyakty zhanuarlar dep bolgen Odan kejin shved galymy K Linnej Systema naturae 1735 degen enbeginde zhanuarlar men osimdikterdi zhүjeleude tүr tuys klass degen zoologiyalyk ataular usyndy 18 gasyrdyn ayagy 19 gasyrdyn basynda francuz galymy Zh Kyuve zhanuarlardyn salystyrmaly anatomiyasy paleontologiyanyn negizin saldy Al 1825 zhyly francuz zoology A Blenvil zhanuarlar zhүjelenimine tip degen ugymdy engizdi 19 gasyrda francuz galymy Zh B Lamark tiri tabigattyn tarihi damuyn zerttedi Onyn Zoologiya filosofiyasy 1809 degen enbeginde organik dүnie evolyuciyasynyn gylymi teoriyasy bayandaldy Zoologiyanyn damuyna 19 gasyrdyn 30 zhyldary nemis biologtary M Shlejden men T Shvann ashkan kletkalyk teoriyanyn үlken әseri boldy Bul teoriya kletkalyk dengejde tiri organizmderdin birtutas ekendigin tolyk dәleldedi Agylshyn tabigat zertteushisi Ch Darvinnin Tabigi suryptalu zholymen tүrlerdin shyguy nemese tirshilik үshin kүreste kolajly osken tukymdardyn saktalyp kaluy 1859 atty belgili enbeginen kejin zoologiya gylymy damuynyn zhana kezeni bastaldy 19 gasyrdyn 2 zhartysynda nemis galymdary Ernst Gekkel men F Myuller evolyuciya ilimine sүjene otyryp filogenettkalyk zoologiyanyn negizi biogenetikalyk zandy ashty Evolyuciyalyk salystyrmaly embriologiyanyn damuy Resej zoologtary I I Mechnikov A O Kovalevskijdin enbekterimen tygyz bajlanysty Қazakstan zoologiyasyҚazakstan zhanuarlary turaly algashky gylymi zhazba derekter Vizantiya Rim Arab halifaty elshilerinin zholzhazbalary men Mahmut Қashkaridin Tүrik tilinin sozdiginde Kodeks Kumanikuste Қypshak tilinin sozdigi kezdesedi Қazakstanga 17 gasyrdyn ayagy men 18 gasyrdyn basynda kelgen geograf sayahatshylardyn ekspediciyalyk zertteulerinin korytyndysy men zheke mamandardyn enbekterinde de bizdin olkedegi zhanuarlar turaly derekter mol Mysaly P S Pallas kus pen annyn 41 tүrine E A Eversman kustyn 8 tүrine sipattama bergen Sondaj ak N A Severcovtin Tүrkistan zhanuarlarynyn taraluy P P Sushkinnin Қyrgyz dalasynyn kustary N A Zarudnyjdyn Aral tenizi kustary t b gylymi enbekteri andar men kustardyn zhana tүrlerin ashyp hajuanattardyn geografiyalyk taraluy men biologiyasyn zerttep bilude manyzy zor boldy 20 gasyrdyn basynda L S Berg Aral tenizi men Balkash koli balyktaryn zerttedi Alyngan gylymi mәlimetteri onyn үsh tomdyk KSRO zhәne korshi elder tushy su balyktary 1948 49 degen kitabyna endi Sondaj ak respublikamyzdyn zhanuarlar dүniesin zertteude KSRO gylym akademiyasynyn Zoologiya instituty Mәskeu memlekettik universiteti t b zhogary oku oryndarynyn galymdary K I Skryabin D N Kashkarov A L Brodskij B S Vinogradov V A Selevin t b үlken үles kosty 20 gasyrdyn 20 zhyldary Zhetisuda kornekti galym V N Shnitnikov koptegen kollekciyalyk materialdar zhinady Sonyn nәtizhesinde ol Zhetisu sүtkorektileri 1936 zhәne Zhetisu kustary 1949 atty gylymi enbekterin zhariyalady 20 gasyrdyn 30 zhyldary E N Pavlovskij V A Dogel B E Byhovskij t b belgili galymdardyn basshylygymen zhanuarlar parazitteri zhәne olar taratatyn auru tүrlerin keninen zertteu kolga alyndy Sonyn nәtizhesinde Aral tenizi balyktarynyn parazitteri 1934 zhәne Kaspij tenizi balyktarynyn parazitteri 1938 siyakty gylymi enbekter zharyk kordi 1924 zhyly Almatyda Қazak osimdik korgau stansasy kazirgi Қazak osimdik korgau gylymi zertteu instituty ashylyp onda auylsharuashylygy dakyldaryna ziyanyn tigizetin kemirgishterdi zerttep olarga karsy kүres zholdary anyktaldy 1929 zhyly ashylgan obadan arylu stansasynda kazirgi Қazak karantindik zhәne zoonozdyk infekciyalar gylymi ortalyk kauipti oba auruyn taratatyn kemirgishter men olardyn parazitteri zertteldi Respublikada zhanuarlar zhonindegi zhүjeli zertteuler KSRO gylym akademiyasynyn kazakstandyk bazasynyn kuramynda Zoologiya sektory ashylgannan kejin 1932 bastaldy Zoologiya salasyndagy irgeli gylymi zertteuler 1943 zhyly kurylgan Zoologiya institutynda zhүrgizildi Қazakstannyn zoolog galymdarynyn kop zhyldyk gylymi zertteu zhumystary Қazakstannyn bauyrymen zhorgalaushylary 1956 Қazakstan kustary 1 5 t 1960 74 Қazakstan tuyakty zhanuarlarynyn ishki parazit kurttary 1 2 t 1962 63 Қazakstan sүtkorektileri 1 4 t 1969 85 Қazakstan balyktary 1 5 t 1986 92 Қazakstannyn kyzyl kitaby 1996 siyakty irgeli enbekterde korytylgan Қazakstanda sүtkorektiler men kustardyn bauyrymen zhorgalaushylar men kosmekendilerdin tүrleri men zhalpy sany anyktaldy kejbir toptarga zhatatyn omyrtkasyz zhanuarlardyn faunasy men zhүjelenimi zhabajy zhanuarlardy halyk sh nda pajdalanudyn gylymi negizderi keninen zertteldi Songy zhyldary respublikamyzda zhanuarlar dүniesinin әrtүrliligin saktau olardy udajy osiru zhәne utymdy pajdalanudyn gyl zholdaryn zhasau zhanuarlar men adamnyn tabigi oshakty zhәne parazittik aurularyn boldyrmau tәsilderin izdestiru zhanuarlar әleminin kadastrin zhasau zhumystary Қazakstan galymdary E V Gvozdev T Doszhanov A Bekenov E I Gavrilov A F Kovshar I D Mityaev G Uәlieva B Shajkenov L A Burdelov D Zhatkanbaeva t b lardyn basshylygymen zhүrgizildi Sondaj ak zoologiya problemalary ҚazҰU men oblys ortalygyndagy universitetterdin biologiya fakultetterinde memlekttik koryktar men zoologiyalyk korykshalarda ulttyk tabigi sayabaktarda zertteledi DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Biologiya Zhalpy redakciyasyn baskargan professor E Aryn Pavlodar 2007 1028 b ISBN 9965 08 286 3