Топырақ — бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты.Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.
Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Механикалық құрамы (минерал бөлшектер жиынтығы) бойынша құрылымды (көлемді, қара) және құрылымсыз (ұсақ, ашық қоңыр) деп бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді.
Топырақтың құрамы су, ауа, саз, құм, органикалық заттар (қарашірік) және минералды тұздар (калий, азот, фосфор). Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты.
Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Топырақ құрылымы қарашірік, шайылу, жинақтау және түпнегіз жыныстар қабағынан тұрады.
Топырақтану
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққан «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дұрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған.
Топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады:
- Қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік).
- Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр.
- Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан.
Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, құрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі.
Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небәрі 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмірқышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады.
Топырақтың қышқылдығына байланысты:
- рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері);
- рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер);
- рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай).
Сазды топырақ
Құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.
Құмайт топырақ
Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.
Шым тезекті топырақ
Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.
Топырақта тіршілік ететін организмдер
Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін, нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:
- геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);
- геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;
- - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:
- микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ микроорганизмдері. Бұларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta), бактериялар (Bacteria), саңырауқүлақтар (Fungi) және қарапайымдар (Protozoa) жатады.
- мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары (Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді.
- макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т.б.).
- мегафауна — топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер және т.б.
Дереккөздер
- Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Topyrak bul Zherdin osimdik osetin үstingi kabaty Өsimdikterdin zhanuarlardyn әsirese mikroorganizmderdin klimat zhagdajlarynyn zhәne adamdardyn әserimen ozgergen zher betinin үstingi borpyldak kabaty Topyrak bojynda kunarlylyk kasieti yagni osimdikterdi sumen baska da korektik elementtermen kamtamasyz etetin kabileti bolady Mehanikalyk kuramy topyrak tүjirshikterinin molsheri bojynsha topyrak kumdy kumdak sazdy zhәne saz topyrak bolyp bolinedi Mehanikalyk kuramy mineral bolshekter zhiyntygy bojynsha kurylymdy kolemdi kara zhәne kurylymsyz usak ashyk konyr dep bolinedi Zhasy men genezisi bojynsha kyrtysty kүlgin topyrak batpakty topyrak ormandyk sur topyrak kara topyrak konyr topyrak kүren topyrak tagy baskalar bolyp bolinedi Topyraktyn kuramy su aua saz kum organikalyk zattar karashirik zhәne mineraldy tuzdar kalij azot fosfor Topyraktyn zher betinde taraluy zonalyk gorizontaldy zhәne vertikaldy zandylykka bajlanysty Topyrak litosferanyn zhogargy әue kabatymen bajlanysatyn kabat bүkil biosferadagy tirshiliktin tiregi Topyrak gasyrlar bojy topyrak tүzushi faktorlardyn үzdiksiz әreketinen pajda bolgan tabigattyn erekshe tabigi әri tarihi denesi Topyrak kurylymy karashirik shajylu zhinaktau zhәne tүpnegiz zhynystar kabagynan turady TopyraktanuTopyraktanu gylymynyn negizin orys galymy V V Dokuchaev kalady Onyn Peterburgte basylyp shykkan Orystyn kara topyragy 1883 zh atty enbeginde topyraktyn durys anyktamasy onyn kasietteri turaly gylymi negizdelgen tүsinikter berilgen V V Dokuchaev topyrak tүzilu procesinin bes faktorga bajlanysty ekenin anyktady Olarga bastapky analyk zhynystar aua rajy zher bederi uakyt zhәne osimdikter men zhanuarlar zhatady Kejin gylymi zertteulerdin nәtizhesine bajlanysty bularga su topyrak suy zherasty suy zhәne adamnyn sharuashylyk әreketi kosyldy Topyrak zheke әrtүrli olshemdegi katty bolshekterden turady Қatty bolshekter sumen zhәne auamen korshalgan Topyrakty үsh fazaly zhүje retinde karastyrady Қarashirikti akkumulyativti A kabaty Topyraktyn zhogargy beti borpyldak Munyn kuramynda koptegen oli organikalyk zattar bar osimdikter kaldygy karashirik Terenirek ote tygyz illyuvialdy otpeli V kabaty zhatyr Onyn astynda topyrak tүzushi S kabaty ornalaskan Barlyk topyraktar bir birinen osy genetikalyk kabattarymen azhyratylady Әr tүrli topyraktyn genetikalyk kabattary kalyndygymen tүsterimen kurylymymen morfologiyalyk kasietterimen erekshelenedi Topyraktyn kalyndygy sanmen korsetiledi Mysaly kejbir topyraktarda A kabaty nebәri 0 5 sm al kejbireulerinde 0 50 sm bolady Topyraktyn tipterine bajlanysty A V S kabattary birneshege bolinui mүmkin Topyrak kabaty terendegen sajyn aeraciya nasharlajdy Otteginin molsheri azajyp komirkyshkyl gazy men organikalyk zattardyn ydyrauy kezinde bolinetin baska da gazdardyn molsheri artady Topyraktyn zhogargy kabattarynda osimdikke kazhetti fosfor kalij azot kalcij zhәne baska zattar zhinaktalgan Topyraktyn әrtүrli kasietine kyshkyldygy tuzdylygy ylgaldylygy bajlanysty osimdikterdi koptegen ekologiyalyk toptarga boluge bolady Topyraktyn kyshkyldygyna bajlanysty rN 6 7 den tomen kyshkyl topyrakta osetin acidofildi tүrler sfagnaly batpak osimdikteri rN 6 7 7 0 topyrakta osetin nejtrofilder kopshilik mәdeni osimdikter rN 7 0 den zhogary topyrakta osetin bazifildi osimdikter akkuraj Sazdy topyrak Қulamalarda turakty zhәne su buzyp ketuine karsy kele alatyn topyrak zholdyn negizi үshin zhaksy material bolyp tabylady Қumajt topyrak Ylgaldy zhәne kurgak kүjinde bajlanysy zhaksy topyrak zhәne tym ylgaldy zherlerde zholga sebuge pajdalanady Shym tezekti topyrak Ylgaldylyktyn turaksyzdanu kezinde kolemdik ozgeristerge zor bejimi bar katty sygylatyn oramdy grunt zhol sebuge koldanylmajdy Topyrakta tirshilik etetin organizmder Topyrakta tirshilik etetin organizmder edafobionttar nemese pedobionttar dep atalady Қonyrzhaj ajmaktagy orman topyragynyn 1 sharshy metrinde 1000 zhuyk zhanuarlar tүrin nematodtar men karapajymdylardyn 10 mln nan asa ayakkүjryktar men topyrak kenelerinin 100 mynnan asa tүrlerin tabuga bolady Edafobionttardyn koptegen ekologiyalyk toptarynyn klassifikaciyalary bar Tirshilik ortasymen bajlanysy bojynsha topyrak zhanuarlary negizgi үsh ekologiyalyk topka bolinedi geobionttar үnemi topyrakta tirshilik etetin organizmder Olardyn bүkil damu cikly topyrakta zhүredi zhauyn kurttary geofiller tirshilik ciklynyn zhok degende bir fazasy mindetti tүrde topyrakta etetin organizmder shegirtkeler Acrididea kejbir konyzdar Staphylinidae Carabidae Elateridae Olardyn lichinkalary topyrak ishinde damyp osken son zher betinde tirshilik etedi topyrakty kejde uakytsha nemese korganys retinde pajdalanatyn organizmder tarakandar kemirushiler zhәne baska da inde tirshilik etetin sүtkorekti organizmder Sondaj ak topyrak organizmderin dene molsheri men kimylyna bajlanysty da ekologiyalyk toptarga boledi mikrofauna detrittik korektik tizbektin negizin kurajtyn topyrak mikroorganizmderi Bularga zhasyl Chlorophyta kok zhasyl baldyrlar Cyanophyta bakteriyalar Bacteria sanyraukүlaktar Fungi zhәne karapajymdar Protozoa zhatady mezofauna kozgalgysh majda zhanuarlar toby Bүlarga topyrak nematodtary Nemaloda zhәndikterdin majda lichinkalary keneler Oribatei zhәne baskalar zhatady Bүlar negizinen detrittermen zhәne bakteriyalarmen korektenedi makrofauna topyraktagy iri zhәndikter zhauyn kurttary zhәne t b megafauna topyrakta tirshilik etetin sүtkorektiler mysaly kortyshkandar zherteserler zhәne t b DerekkozderEkologiya okulyk Almaty 2008 ISBN 9965 32 223 6 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet