Геном(ағылш. genome, гр. genos — шығу, тек) — хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном терминін 1920 жылы неміс биологы енгізді. Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс жасушаларына тән, ал сомалық (дене) жасушаларында хромосомалардың диплоидты (екі еселенген) жиынтығы болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты диплоидты жағдайдан артып кетеді. Егер гаплоидты жиынтықтан Геном үш не төрт есе артық болса, триплоидты және тетраплоидты, ал бір Геном ағзада бірнеше рет қайталанса, автополиплоидты, ал әр түрлі біріккен ағза аллополиплоидты деп аталады. Хромосомалардың жиынтығы еселеніп, артқан сайын Геном саны да өсіп отырады. Әдетте диплоидты клеткада хромосомалар жұп болып келеді. Себебі, ұрықтану кезінде оның бір сыңары аналық гаметадан, екіншісі — аталық гаметадан беріледі, яғни бұл Геномдар сәйкес (гомологты) болады. Сөйтіп екі гаплоидты жасушадан бір диплоидты жасуша түзіліп, жаңа ағза қалыптасады. Әр хромосомада тізбектеліп орналасқан гендердің өзара дәл келуін екі Геномның сәйкестігі деп атайды. Туыстығы қашық буындарда барлық немесе бірнеше Геномдар арасында сәйкестік болмайды. Бұл тұрақтылық бұзылып, белгілі бір факторлардың әсерінен хромосома санының өзгеруін (мысалы, артып, не кеміп кетсе) геномдық мутация деп атайды.
Тірі ағзаларда хромосомалардың саны тұрақты болады. Мысалы адамда — 46, маймылда — 48, қиярда — 14, жүгеріде — 20, қатты бидайда — 28, жұмсақ бидайда — 42, дрозофила шыбындарында — 8, т.б. Организм эволюциялық дамуында неғұрлым жоғары сатыда тұрса, соғұрлым олардың Г-ында ДНҚ көбірек болады.
Дереккөздер
- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Genom agylsh genome gr genos shygu tek hromosomalardyn gaploidty synar zhiyntygynda shogyrlangan genderdin birlestigi Genom terminin 1920 zhyly nemis biology engizdi Gaploidty zhiyntyk kobinese zhynys zhasushalaryna tәn al somalyk dene zhasushalarynda hromosomalardyn diploidty eki eselengen zhiyntygy bolady Kejde hromosomalardyn sany kalypty diploidty zhagdajdan artyp ketedi Eger gaploidty zhiyntyktan Genom үsh ne tort ese artyk bolsa triploidty zhәne tetraploidty al bir Genom agzada birneshe ret kajtalansa avtopoliploidty al әr tүrli birikken agza allopoliploidty dep atalady Hromosomalardyn zhiyntygy eselenip artkan sajyn Genom sany da osip otyrady Әdette diploidty kletkada hromosomalar zhup bolyp keledi Sebebi uryktanu kezinde onyn bir synary analyk gametadan ekinshisi atalyk gametadan beriledi yagni bul Genomdar sәjkes gomologty bolady Sojtip eki gaploidty zhasushadan bir diploidty zhasusha tүzilip zhana agza kalyptasady Әr hromosomada tizbektelip ornalaskan genderdin ozara dәl keluin eki Genomnyn sәjkestigi dep atajdy Tuystygy kashyk buyndarda barlyk nemese birneshe Genomdar arasynda sәjkestik bolmajdy Bul turaktylyk buzylyp belgili bir faktorlardyn әserinen hromosoma sanynyn ozgeruin mysaly artyp ne kemip ketse genomdyk mutaciya dep atajdy Tiri agzalarda hromosomalardyn sany turakty bolady Mysaly adamda 46 majmylda 48 kiyarda 14 zhүgeride 20 katty bidajda 28 zhumsak bidajda 42 drozofila shybyndarynda 8 t b Organizm evolyuciyalyk damuynda negurlym zhogary satyda tursa sogurlym olardyn G ynda DNҚ kobirek bolady DerekkozderVirusologiya immunologiya genetika molekulalyk biologiya Oryssha kazaksha sozdik Almaty Ana tili baspasy 1993 zhyl ISBN 5 630 0283 XBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet