Хромосомалар (хромо… және грек. soma — дене) — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және ағзалар мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар.
Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомалар терминін алғаш рет неміс ғалымы В. ашты (1888). Ол хромосомаларды негізгі бояғыштармен қарқынды боялатын тығыз денешік деп атады. Бірақ хромосомалардың сыртқы пішіні жасуша циклінің әр түрлі сатыларында өзгеріп отырады. Митоз және мейоз процестерінің метафаза кезеңінде хромосомалардың морфологиясы жарық микроскопының көмегімен анық көрінетін құрылымға енеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене жасушаларындағы хромосомалар ұрықтану процесі біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі хроматидтерден (ұзынша жіпшелер) тұрады. Мұндай хромосомалар гомологты деп аталады. Мейоз процесінен өткен жыныс жасушаларында гомологты хромосомалардың тек біреуі ғана болады.
Клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы кариотип деп аталады. Прокариоттар мен вирустарда хромосомалар болмайды. Оларда тұқым қуалау негізі ретінде әдетте бір жіпшелі немесе сақина тәрізді дезоксирибонуклеин қышқылы немесе рибонуклеин қышқылы болады және олар цитоплазмадан ядро қабықшасы арқылы оқшауланбайды. Клеткалық және тіршілік циклдері барысында хромосомалардың сыртқы көрінісінің өзгеріп отыруы олардың қызметінің ерекшеліктеріне байланысты. Ал хромосомалардың жалпы құ-рылымдық негіздері, биологиялық түрге байланысты әр түрлі болуы және ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы өзгеріске ұшырамайды. Бұған әр түрлі организмдердің хромосомаларын генетикалық, цитол. және биохимиялық зерттеулердің нәтижелері дәлел бола алады және олар тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізін құрайды. 1928 ж. хромосомалардың ең алғашқы молек. түрдегі үлгісін орыс ғалымы Н.К. Кольцов (1872 — 1940) ұсынды. Эукариоттардың хромосомалардағы ДНҚ молекуласы гистондық және гистондық емес белоктармен байланысып, кешен құрайды. Аталған белоктар ДНҚ-ның хромосомаларда жинақталып, оралған күйде болуын және жасушадағы РНҚ-ын синтездеу қабілетінің реттеліп отыруын қамтамасыз етеді (қара Транскрипция). хромосомаларға тұқым қуалау ақпаратының жазылуы ДНҚ молекуласының құрылымымен іске асырылады. Клеткадағы хромосомаларда ДНҚ молекуласының 99%-ға жуығы жинақталған, ал қалған 1%-ы басқа жасушалық органоидтарда (хлоропластар, митохондриялар) болады. Хромосомалар жасушада өте күрделі құрылымға ие және олар өте маңызды қызметтер атқарады. Хромосомалар құрылымын және қызметін зерттеу қазіргі заманғы биологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады. Әсіресе, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары хромосомалар құрылымының молек. негізін түсінуге молекулалық генетиканың дамуына байланысты қол жетті. Бұл жаңалықтар тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясындағы негізгі заңдылықтарды дәлелдеп, онан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Дереккөздер
- Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-634-2
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ – Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hromosomalar hromo zhәne grek soma dene zhasusha yadrosynda bolatyn genderdi tasymaldajtyn zhәne agzalar men zhasushalardyn tukym kualau kasietterin anyktajtyn organoidtar Adam hromosomalaryShegirtke hromosomalarynyn mejozy Hromosomalar ozdiginen kobeje alady ozindik atkaratyn kyzmeti men arnajy kurylymy bar zhәne ony kelesi urpakta saktaj alady Hromosomalar terminin algash ret nemis galymy V ashty 1888 Ol hromosomalardy negizgi boyagyshtarmen karkyndy boyalatyn tygyz deneshik dep atady Birak hromosomalardyn syrtky pishini zhasusha ciklinin әr tүrli satylarynda ozgerip otyrady Mitoz zhәne mejoz procesterinin metafaza kezeninde hromosomalardyn morfologiyasy zharyk mikroskopynyn komegimen anyk korinetin kurylymga enedi Koptegen osimdikter men zhanuarlardyn dene zhasushalaryndagy hromosomalar uryktanu procesi bireuin analyktan al ekinshisin atalyktan algan eki hromatidterden uzynsha zhipsheler turady Mundaj hromosomalar gomologty dep atalady Mejoz procesinen otken zhynys zhasushalarynda gomologty hromosomalardyn tek bireui gana bolady Kletkadagy hromosomalardyn tolyk zhiyntygy kariotip dep atalady Prokariottar men virustarda hromosomalar bolmajdy Olarda tukym kualau negizi retinde әdette bir zhipsheli nemese sakina tәrizdi dezoksiribonuklein kyshkyly nemese ribonuklein kyshkyly bolady zhәne olar citoplazmadan yadro kabykshasy arkyly okshaulanbajdy Kletkalyk zhәne tirshilik ciklderi barysynda hromosomalardyn syrtky korinisinin ozgerip otyruy olardyn kyzmetinin erekshelikterine bajlanysty Al hromosomalardyn zhalpy ku rylymdyk negizderi biologiyalyk tүrge bajlanysty әr tүrli boluy zhәne urpakka үzdiksiz berilip otyruy ozgeriske ushyramajdy Bugan әr tүrli organizmderdin hromosomalaryn genetikalyk citol zhәne biohimiyalyk zertteulerdin nәtizheleri dәlel bola alady zhәne olar tukymkualaushylyktyn hromosomdyk teoriyasynyn negizin kurajdy 1928 zh hromosomalardyn en algashky molek tүrdegi үlgisin orys galymy N K Kolcov 1872 1940 usyndy Eukariottardyn hromosomalardagy DNҚ molekulasy gistondyk zhәne gistondyk emes beloktarmen bajlanysyp keshen kurajdy Atalgan beloktar DNҚ nyn hromosomalarda zhinaktalyp oralgan kүjde boluyn zhәne zhasushadagy RNҚ yn sintezdeu kabiletinin rettelip otyruyn kamtamasyz etedi kara Transkripciya hromosomalarga tukym kualau akparatynyn zhazyluy DNҚ molekulasynyn kurylymymen iske asyrylady Kletkadagy hromosomalarda DNҚ molekulasynyn 99 ga zhuygy zhinaktalgan al kalgan 1 y baska zhasushalyk organoidtarda hloroplastar mitohondriyalar bolady Hromosomalar zhasushada ote kүrdeli kurylymga ie zhәne olar ote manyzdy kyzmetter atkarady Hromosomalar kurylymyn zhәne kyzmetin zertteu kazirgi zamangy biologiyanyn ozekti mәselelerinin birine zhatady Әsirese 20 gasyrdyn 60 70 zhyldary hromosomalar kurylymynyn molek negizin tүsinuge molekulalyk genetikanyn damuyna bajlanysty kol zhetti Bul zhanalyktar tukym kualaushylyktyn hromosomalyk teoriyasyndagy negizgi zandylyktardy dәleldep onan әri damytuga mүmkindik beredi DerekkozderSartaev A Gilmanov M S22 Zhalpy biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Almaty Mektep baspasy 2006 zhyl ISBN 9965 33 634 2 Biomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 zhyl ISBN 9965 822 54 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet