Ядро (лат. nucleus, гр. κάρυον) — хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Диаметрі — 3-10 мкм.
Интерфазалық жасуша ядросы хроматин дәншелерінен (хромосомалардың микроскоппен көрінетін бөліктері), ядрошықтан, кариоплазмадан (ядро сөлі) және кариолеммадан (нуклеолемма) тұрады. Сыртқы және ішкі жарғақтардан құралған кариолеммада цитоплазмамен қатысатын диаметрі 80-90 нм тесіктер болады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.
Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді. Ядросыздарда сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады және ол тікелей цитоплазмада жатады.
Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады.
Ядро ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Ядрода РНҚ-ның барлық түрлері синтезделеді; ДНҚ екі еселенеді және рибосома бөліктері пайда болады.
Зерттеу тарихы
Ядроны 1825 ж. алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған чех ғалымы Я. Пуркине (1787–1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р. Броун (1831–33), ал жануарлар жасушасынан Т. Шванн (1838–39) анықтады.
Құрылысы
Ядро - жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының негізгі және тұрақты жиынтығы. Ядросы бар ағзаларды – эукариоттар (грекше.“карион” - ядро) деп атайды. Тірі ағзаның тіршілік қасиеттерінің бірі - көбею, ол ядромен тікелей байланысты. Зат алмасу, көбею және өсіп-даму ядросы бар жасушаларда қарқынды түрде жүреді. Кейбір ағзаларда ядро болмайды, оларды прокариоттар деп атайды. Ол ағзаларда толық жетілмеген жарғақшалы ядро болмаса да, оның құрамындағы pаттары болады. Жасушаның ядросы, негізінен, тірі ағзаның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін ДНҚ түрінде сақтайтын хромосомалардан , РНҚ, ядрошық, т.б. құрамдас бөлшектерден тұрады. Ядро цитоплазмадан екі жарғақшасы (ішкі және сыртқы) арқылы бөлінеді. Жарғақша ұсақ шұрықтардан тұрады, бұл арқылы цитоплазма мен ядроның арасында заттар алмасады. Эндоплазмалық тордың шұрықтары, ядро жарғақшаларының шұрықтарына келіп ашылады. Ядро жарғақшасы шала өткізгіштік қасиетке ие. Жасуша бөлінерде ядро жарғақшасы жойылып кетеді де, жас жасушаларда қайта пайда болады. Көптеген жасушаларда ядро біреу, ал қейбіреулерінде ядросы бірнешеу болып келетін жасушаларда болады. Мысалы, омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйек, бұлшықет ұлпалары және қарапайымдарда.
Хромосомалар
Ағзаның тәндік (жынысқа жатпайтын) жасушалардың барлығындағы хромосома саны бірдей, қосарлы, ал жыныс жасушаларында хромосомалар екі есе аз - жеке жиынтық болады. Бір түрге жататын ағзалардың барлығының жасушаларындағы хромосомалардың құрылысы, саны мен мөлшері бірдей. Ағзаның тәндік жасушаларының хромосомаларының барлық белгілерінің жиынтығы кариотип деп аталады. Ағзалар түрінің көпшілігінде хромосомалар саны тақ болып келеді. Тәндік жасушаларда пішіні мен мөлшері бірдей екі хромосома болады, оның біреуі - аналық ағзадан, екіншісі - аталық ағзадан тұрады. Сондықтан пішіні, мөлшері және құрамы бойынша бірдей хромосомалар ұқсас хромосомалар деп аталады. Тәндік жасушаның екі еселенген хромосома жиынтығы диплоидты хромосома деп аталып, 2n арқылы белгіленеді.
Жыныс жасушалар - гаметалар пісіп жетілген кезде ұқсас хромосомалардың барлығынан жасушалардың әрқайсысына тек біреуі ғана түседі. Сондықтан гаметаларындағы хромосома жиынтығы екі есе аз болады. Ол біреу ғана болады, сондықтан даралық немесе гаплоидты деп аталып, 1n болып белгіленеді.
Ген - белгілі бір нәруыз жөнінде жазылған ақпараты бар хромосомалар үлескісі.
Ядро шырыны
Ядроның негізгі бөлігі - ядро шырыны немесе кариоплазма - ядроның қаңқасы қызметін атқаратын түпнегізден: сұйық бөліктен және басқа қоспалардан тұрады. Шырынның сұйық бөлігін, цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған бейорганикалық заттар құрайды.
Ядроның түпнегізі шырын мен ядрошықты түгел қамтитын қышқылды ақуыздан тұрады. Ядро шырынында цитоплазмадан әр түрлі заттар өтеді және ядродан цитоплазмаға өтетін заттардың бәрі соған жиналады.
Кариоплазма құрамына су, ақуыз, көмірсулар, нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды тұздар иондары кіреді. Кариоплазма митоз кезінде цитоплазмамен қосылып кетеді.
Ядрошық
Ядрошықтың саны бір немесе бірнешеу болады. Ядрошықтың 15 пайызы ДНҚ мен 80 пайызы ақуыздан тұрады. Олар рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады. Митоздың (жасушаның бөлінуі) бөліну кезінде ядрошықтар жойылып кетеді және жаңа жасуша пайда бола бастағанда қайтадан синтезделе бастайды, интерфаза сатысында олардың синтезделуі толығымен аяқталады.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
- Қасымбаева Т.,"Тіршіліктану",10-11,2003,50 б,ISBN 9965-16-200-X
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Cell nucleus |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin yadro degen betti karanyz Yadro lat nucleus gr karyon hromosomalary bar zhasushanyn negizgi organoidy Diametri 3 10 mkm Zhasushadagy yadro 2 zhәne yadroshyk 1 Interfazalyk zhasusha yadrosy hromatin dәnshelerinen hromosomalardyn mikroskoppen korinetin bolikteri yadroshyktan karioplazmadan yadro soli zhәne kariolemmadan nukleolemma turady Syrtky zhәne ishki zhargaktardan kuralgan kariolemmada citoplazmamen katysatyn diametri 80 90 nm tesikter bolady Syrtky zhargaksha endoplazmalyk tor ozekshelerimen kosylyp ozekshelerdin birtutas zhүjesin tүzedi Zhasushalyk kurylysy bar tiri agzalardyn barlygy yadrosyzdar prokariottar zhәne yadrolylar eukariottar bolyp eki topka bolinedi Yadrosyzdarda sakinaly DNҚ nyn tek bir molekulasy gana bolady zhәne ol tikelej citoplazmada zhatady Zhogary satydagy koptegen osimdikter zhanuarlar men sanyraukulaktardyn zhasushalarynda bir yadro bar Қarapajymdar men tomengi satydagy osimdikterdin birneshe yadrosy bolady Yadro agzadagy akuyzdyk almasudy retteu arkyly tukym kualaushylyk kasietterdi urpaktan urpakka zhetkizuge mүmkindik beredi Yadroda RNҚ nyn barlyk tүrleri sintezdeledi DNҚ eki eselenedi zhәne ribosoma bolikteri pajda bolady Zertteu tarihyYadrony 1825 zh algash ret tauyktyn zhumyrtka zhasushasynan bajkagan cheh galymy Ya Purkine 1787 1869 boldy Yadrony osimdikter zhasushasynan agylshyn botanigi R Broun 1831 33 al zhanuarlar zhasushasynan T Shvann 1838 39 anyktady ҚurylysyYadro zhanuarlar men osimdikter zhasushalarynyn negizgi zhәne turakty zhiyntygy Yadrosy bar agzalardy eukariottar grekshe karion yadro dep atajdy Tiri agzanyn tirshilik kasietterinin biri kobeyu ol yadromen tikelej bajlanysty Zat almasu kobeyu zhәne osip damu yadrosy bar zhasushalarda karkyndy tүrde zhүredi Kejbir agzalarda yadro bolmajdy olardy prokariottar dep atajdy Ol agzalarda tolyk zhetilmegen zhargakshaly yadro bolmasa da onyn kuramyndagy pattary bolady Zhasushanyn yadrosy negizinen tiri agzanyn tukym kualau belgileri men kasietterin DNҚ tүrinde saktajtyn hromosomalardan RNҚ yadroshyk t b kuramdas bolshekterden turady Yadro citoplazmadan eki zhargakshasy ishki zhәne syrtky arkyly bolinedi Zhargaksha usak shuryktardan turady bul arkyly citoplazma men yadronyn arasynda zattar almasady Endoplazmalyk tordyn shuryktary yadro zhargakshalarynyn shuryktaryna kelip ashylady Yadro zhargakshasy shala otkizgishtik kasietke ie Zhasusha bolinerde yadro zhargakshasy zhojylyp ketedi de zhas zhasushalarda kajta pajda bolady Koptegen zhasushalarda yadro bireu al kejbireulerinde yadrosy birnesheu bolyp keletin zhasushalarda bolady Mysaly omyrtkaly zhanuarlardyn bauyry sүjek bulshyket ulpalary zhәne karapajymdarda Hromosomalar Agzanyn tәndik zhynyska zhatpajtyn zhasushalardyn barlygyndagy hromosoma sany birdej kosarly al zhynys zhasushalarynda hromosomalar eki ese az zheke zhiyntyk bolady Bir tүrge zhatatyn agzalardyn barlygynyn zhasushalaryndagy hromosomalardyn kurylysy sany men molsheri birdej Agzanyn tәndik zhasushalarynyn hromosomalarynyn barlyk belgilerinin zhiyntygy kariotip dep atalady Agzalar tүrinin kopshiliginde hromosomalar sany tak bolyp keledi Tәndik zhasushalarda pishini men molsheri birdej eki hromosoma bolady onyn bireui analyk agzadan ekinshisi atalyk agzadan turady Sondyktan pishini molsheri zhәne kuramy bojynsha birdej hromosomalar uksas hromosomalar dep atalady Tәndik zhasushanyn eki eselengen hromosoma zhiyntygy diploidty hromosoma dep atalyp 2n arkyly belgilenedi Zhynys zhasushalar gametalar pisip zhetilgen kezde uksas hromosomalardyn barlygynan zhasushalardyn әrkajsysyna tek bireui gana tүsedi Sondyktan gametalaryndagy hromosoma zhiyntygy eki ese az bolady Ol bireu gana bolady sondyktan daralyk nemese gaploidty dep atalyp 1n bolyp belgilenedi Gen belgili bir nәruyz zhoninde zhazylgan akparaty bar hromosomalar үleskisi Yadro shyryny Yadronyn negizgi boligi yadro shyryny nemese karioplazma yadronyn kankasy kyzmetin atkaratyn tүpnegizden sujyk bolikten zhәne baska kospalardan turady Shyrynnyn sujyk boligin citoplazmaniki siyakty fermentter zhәne zhartylaj ydyragan bejorganikalyk zattar kurajdy Yadronyn tүpnegizi shyryn men yadroshykty tүgel kamtityn kyshkyldy akuyzdan turady Yadro shyrynynda citoplazmadan әr tүrli zattar otedi zhәne yadrodan citoplazmaga otetin zattardyn bәri sogan zhinalady Karioplazma kuramyna su akuyz komirsular nukleoproteidter vitaminder fermentter mineraldy tuzdar iondary kiredi Karioplazma mitoz kezinde citoplazmamen kosylyp ketedi Yadroshyk Yadroshyktyn sany bir nemese birnesheu bolady Yadroshyktyn 15 pajyzy DNҚ men 80 pajyzy akuyzdan turady Olar ribosomdy nuklein kyshkyldary zhәne ribosomalardy sintezdeu kyzmetterin atkarady Mitozdyn zhasushanyn bolinui bolinu kezinde yadroshyktar zhojylyp ketedi zhәne zhana zhasusha pajda bola bastaganda kajtadan sintezdele bastajdy interfaza satysynda olardyn sintezdelui tolygymen ayaktalady DerekkozderBiomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 ISBN 9965 822 54 9 Қasymbaeva T Tirshiliktanu 10 11 2003 50 b ISBN 9965 16 200 X Ortakkorda bugan katysty media sanaty bar Cell nucleusBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet