Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады. Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады. Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады. Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады. Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. Әр жасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екі қатар (2N) емес, бір N болады. ІІ профаза өте тез өтеді немесе мүлдем болмайды. ІІ метафазада хромосомалар центромераларымен ұршық жіпшелерге жабысып, метафаза пластинкасында орналасады. ІІ анафазада әр центромера екі бөлініп, жаңа хроматидтер хромосомаларға айналып, қарама-қарсы полюстерге орналасады. ІІ телофаза екі гаплоидтық ядроның сыртында ядролық мембрана құрылуымен аяқталады. Мейоздың тізбектеліп екі бөлінуінің нәтижесінде бастапқы бір диплоидтық жасушадан төрт гаплоидтық жасушалар құрылады. Мейоздың биологиялық маңызы өте зор. Мейоз жыныс жолымен көбейетін организмдер ұрпақтарының хромосома санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, гаметаларда жаңа гендік комбинациялар пайда болуына мүмкіншілік береді.
Диакинез
Бұд фазада хромосомалардың шиыршықтануы ең жоғары шегіне жетеді. Осыған байланысты хромосомалар минимальды түрде қысқарып, максимальді түрде жуандайды. Сондықтан бұл хромосомалардың санын, пішінін анықтауға болады. Хромосомалар кариоплазмада ретсіз орналасады, осыдан метафазаның басталғанын көруге болады. Метафаза. Бұл фазада пайда болады, ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады. Кариоплазма цитоплазмамен араласып кетеді, хромосомалар жасушаның экваторына тізіліп, хроматидтер ахроматин жіпшелеріне бекиді. Осыдан кейін анафаза басталады.
Анафаза. Бұл фазада қосарланған ахроматин жіпшелеріне бекиді. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер жасушаның қарама-қарсы полюсіне ажырайды.
Телофаза. Бұл сатыда гомологиялық хромосомалар екі полюске жиналады. Телофазаның уақыты қысқа болады. Бұл сатыда ядро қабықшасы пайда болады, ядрошықтар синтезделеді, нәтижесінде алғашқы бір ядродан екі жас ядро пайда болады. Әрбір ядродағы хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа айналады. Бірінші мейоздық бөлінуді редукциялық бөліну деп атайды.
. Мейоздың эквационды бөліну барысы негізінен митоз әрекеті бойынша жүреді.
Мейоздың биологиялық маңызы
- Конъюгация және айқаспа барысында гендердің қайтадан комбинациялануының жүзеге асырылуы.
- Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі.
- Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі болып табылады.
- Мейоздың және ұрықтанудың нәтижесінде биологиялық түрлердің хромосома санының тұрақтылығы сақталынады.
- Мейоз нәтижесінде гаметаларда хромосомалардың еркін комбинациялану ықтималдығы күшейе түседі, себебі әрбір гомологті хромосомалардың (әкесінен және шешесінен алынған) екі гаметаға ажырау ықтималдығы 1/2 тең, ал барлық хромосома саның алатын болсақ олардың гаметаларда еркін комбинациялану ыктималдығы 2 п дәрежесіне, яғни адамдарда 223 дәрежесіне тең. Былайша айтқанда, бір гаметаға тек қана әкесінен алынған хромосомалар, ал екіншісіне шешесінен алынған хромосомалардың топтасу мүмкіншілігі өте аз мөлшерде болады (1/2)22 =1/4 194304 яғни 1/4000000-на тен.
- Мейоз процесінде кроссинговер салдарынан хромосомаларда генетикалық материалдар (гендер) рекомбинациаланады, тұқым қуалаушылық материалдың ұрпақтар жалғасында комбинативтік өзгергіштік байқалады.
Дереккөздер
- Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
- Қасымбаева Т.,"Тіршіліктану",10-11,2003,96 б,ISBN 9965-16-200-X
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mejoz gr meiosis kishireyu azayu zhetilip kele zhatkan zhynys zhasushalarynyn gametalardyn bolinuinen hromosomalar sanynyn azayuy redukciyasy Mejoz kezinde әrbir zhasusha eki ret al hromosomalar bir ak ret bolinedi Osynyn nәtizhesinde zhasushalardyn gametadagy hromosomalar sany bastapky kezendegiden eki ese azayady Zhanuarlarda mejoz zhynys zhasushalar pajda bolganda gametogenez al zhogary satydagy osimdikterde sporalary tүzile bastaganda zhүredi Kejbir tomen satydagy osimdikterde mejoz gametalar tүzilgende zhүre bastajdy Mejoz barlyk organizmderde birdej zhүredi Eger de uryktanu diploidtyk zhasushalarda zhүrse onda urpaktardyn ploidtygy kelesi әr buynda geometriyalyk progressiyamen koteriledi Mejozdyn arkasynda gametalar barlyk uakytta gaploidty zhagdajda bolady bul organizmnin dene zhasushalarynyn diploidtygyn saktauga mүmkinshilik beredi Mejozdyn bolinu uakytyndagy eki satysyn 1 mejoz zhәne 2 mejoz dep atajdy Әrbir mejozdyk bolinude tort satysy bar profaza metafaza anafaza zhәne telofaza 1 mejozdyn profazasy leptotena zigotena pahitena diplotena zhәne diakinez sekildi bes kishi kezenderden turady Leptotenaga zhinishke zhipsheler satysy hromosomalardyn tygyzdaluy zhәne spiral tәrizdenui tәn Zigotena zhipshelerdin birigu satysy kezinde gomologty hromosomalar bir birine zhakyndap uzyna bojy zhuptanady da konyugaciyalanady Pahitena satysynda zhuan zhipsheler satysy gomologty hromosomalardyn hromatidteri ajkasady krossingover Nәtizhesinde әr gomologta atalyk zhәne analyk tukym kualaushylyk material aralasady Diplotena eki zhipsheler satysy gomologtar bir birinen azhyrasuynan zhәne hiazma pajda boluynan bastalady Diakinez eki zhipshelerdin azhyrasu satysy hromosomalardyn barynsha zhuandanyp zhәne spiral tәrizdenuimen sipattalady hiazmalar bivalentterdin ushyna shetine karaj zhylzhidy Diakinez ayaktalganda yadronyn kabykshasy zhәne yadroshyktar erip zhojylyp ketedi Әr zhasushada hromosomalardyn sany mejozdyn bastapky kezenindej eki katar 2N emes bir N bolady II profaza ote tez otedi nemese mүldem bolmajdy II metafazada hromosomalar centromeralarymen urshyk zhipshelerge zhabysyp metafaza plastinkasynda ornalasady II anafazada әr centromera eki bolinip zhana hromatidter hromosomalarga ajnalyp karama karsy polyusterge ornalasady II telofaza eki gaploidtyk yadronyn syrtynda yadrolyk membrana kuryluymen ayaktalady Mejozdyn tizbektelip eki bolinuinin nәtizhesinde bastapky bir diploidtyk zhasushadan tort gaploidtyk zhasushalar kurylady Mejozdyn biologiyalyk manyzy ote zor Mejoz zhynys zholymen kobejetin organizmder urpaktarynyn hromosoma sanynyn turaktylygyn kamtamasyz etip gametalarda zhana gendik kombinaciyalar pajda boluyna mүmkinshilik beredi Fazy mejoza DiakinezBud fazada hromosomalardyn shiyrshyktanuy en zhogary shegine zhetedi Osygan bajlanysty hromosomalar minimaldy tүrde kyskaryp maksimaldi tүrde zhuandajdy Sondyktan bul hromosomalardyn sanyn pishinin anyktauga bolady Hromosomalar karioplazmada retsiz ornalasady osydan metafazanyn bastalganyn koruge bolady Metafaza Bul fazada pajda bolady yadro kabykshasy erip yadroshyktar zhojylady Karioplazma citoplazmamen aralasyp ketedi hromosomalar zhasushanyn ekvatoryna tizilip hromatidter ahromatin zhipshelerine bekidi Osydan kejin anafaza bastalady Anafaza Bul fazada kosarlangan ahromatin zhipshelerine bekidi Ahromatin zhipshelerine bekingen hromatidter zhasushanyn karama karsy polyusine azhyrajdy Telofaza Bul satyda gomologiyalyk hromosomalar eki polyuske zhinalady Telofazanyn uakyty kyska bolady Bul satyda yadro kabykshasy pajda bolady yadroshyktar sintezdeledi nәtizhesinde algashky bir yadrodan eki zhas yadro pajda bolady Әrbir yadrodagy hromosomalar sany gaploidty zhiyntykka ajnalady Birinshi mejozdyk bolinudi redukciyalyk bolinu dep atajdy Mejozdyn ekvaciondy bolinu barysy negizinen mitoz әreketi bojynsha zhүredi Mejozdyn biologiyalyk manyzyKonyugaciya zhәne ajkaspa barysynda genderdin kajtadan kombinaciyalanuynyn zhүzege asyryluy Hromosomalardyn kombinaciyalanuy saldarynan tukym kualau ozgergishtiginin kүsheje tүsui Mejozdyn biologiyalyk mәni hromosomalar sany eki ese azajyp gaploidty zhiyntygy bar gametalardyn tүzilui bolyp tabylady Mejozdyn zhәne uryktanudyn nәtizhesinde biologiyalyk tүrlerdin hromosoma sanynyn turaktylygy saktalynady Mejoz nәtizhesinde gametalarda hromosomalardyn erkin kombinaciyalanu yktimaldygy kүsheje tүsedi sebebi әrbir gomologti hromosomalardyn әkesinen zhәne sheshesinen alyngan eki gametaga azhyrau yktimaldygy 1 2 ten al barlyk hromosoma sanyn alatyn bolsak olardyn gametalarda erkin kombinaciyalanu yktimaldygy 2 p dәrezhesine yagni adamdarda 223 dәrezhesine ten Bylajsha ajtkanda bir gametaga tek kana әkesinen alyngan hromosomalar al ekinshisine sheshesinen alyngan hromosomalardyn toptasu mүmkinshiligi ote az molsherde bolady 1 2 22 1 4 194304 yagni 1 4000000 na ten Mejoz procesinde krossingover saldarynan hromosomalarda genetikalyk materialdar gender rekombinacialanady tukym kualaushylyk materialdyn urpaktar zhalgasynda kombinativtik ozgergishtik bajkalady DerekkozderSartaev A Gilmanov M S22 Zhalpy biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Almaty Mektep baspasy 2006 ISBN 9965 33 634 2 Қasymbaeva T Tirshiliktanu 10 11 2003 96 b ISBN 9965 16 200 X Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet