Гистология — (гр. hіstos – ұлпа және logos – ілім) – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін, құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым.
Гистологияның міндеттері
Гистологияның міндеті – ұлпа эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. қасиеттерін (гистохимия), жасушаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы гистология – ұлпаның дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке гистология – адам және көп жасушалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде мұны «микроскопиялық анатомия» деп те атайды.
Гистологияның зерттеу әдістері
Гистологиядағы зерттеу әдістері гистологиялық препараттарды дайындауды, содан кейін оларды жарық немесе электронды микроскоппен зерттеуді қамтиды. Гистологиялық препараттар — бұл жағындылар, ағзалардың іздері, мүше бөліктерінің жұқа тілімдері, мүмкін арнайы бояумен боялған, микроскоптың зат шынысына орналастырылған, консервілеу ортасына салынған және қақпақпен жабылған.
Алғашқы зерттеулер мен жаңалықтар
«Гистология» терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). Қазақстанда гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотехникалық—малдәрігерлік институты мен Қазақ медициналық институтының гистология және эмбриология кафедраларында басталды. 1930–1960 ж. омыртқалы жануарлардың ұлпалары, олардың құрылымындағы ерекшеліктер, ұлпа филогенезі мен ұлпа айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту мүшелері, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының адам мен жануарлар ұлпасына тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар ұлпаларына ауырған кезде болатын гистологиялық өзгерістер сипатталды.
Гистология саласының дамуына үлес қосқандар
Қазақстанда гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б. Қазіргі кезде гистологиялық зерттеулермен Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты, «Биоген» жабық акцион. қоғамы, Қазақ ұлттық мед. ун-ті және т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
Дереккөздер
- Канжигитов Е.К., Абдрахманов Б.Т., Алиев А.И., Кокаев Б.К. Цитология, эмбриология, гистология. Астана: НАО Холдинг Кәсіпқор, 2018. – бет.
- Есимсиитова З.Б. Жалпы гистология: Оқу құралы. / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2008. – 63 бет.
- Ажаев С.А. Гистология: Цитология және адам эмбриологиясы. – Кентау : Еркін и К-ХХI, Б.1. 2004. – 201 бет.
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТ БАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев. – 206 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gistologiya gr histos ulpa zhәne logos ilim tiri agzalardyn adam zhanuar zhәne baska da kopzhasushaly agzalardyn ulpalaryn olardyn tүziluin kurylymyn kyzmetin zhәne ozara әrekettesuin zerttejtin gylym Gistologiyanyn mindetteriGistologiyanyn mindeti ulpa evolyuciyasyn anyktau onyn organizmde damuyn gistogenez him kasietterin gistohimiya zhasushalarynyn kurylysyn atkaratyn kyzmetin gistofiziologiya zertteu Zheke gylym salasy bolyp gistologiya 19 g dyn basynda mikroskoppen zertteudin damuyna bajlanysty kalyptasty Zhalpy gistologiya ulpanyn damuyn kurylysyn zhәne atkaratyn kyzmetin zerttese zheke gistologiya adam zhәne kop zhasushaly zhanuarlar organdarynyn mikroskopiyalyk kurylymyn zerttejdi Kejde muny mikroskopiyalyk anatomiya dep te atajdy Gistologiyanyn zertteu әdisteriGistologiyadagy zertteu әdisteri gistologiyalyk preparattardy dajyndaudy sodan kejin olardy zharyk nemese elektrondy mikroskoppen zertteudi kamtidy Gistologiyalyk preparattar bul zhagyndylar agzalardyn izderi mүshe bolikterinin zhuka tilimderi mүmkin arnajy boyaumen boyalgan mikroskoptyn zat shynysyna ornalastyrylgan konservileu ortasyna salyngan zhәne kakpakpen zhabylgan Algashky zertteuler men zhanalyktar Gistologiya terminin gylymga nemis galymy K Majer engizgen 1819zh Қazakstanda gistologiya salasyndagy zhүjeli zertteuler Almaty zootehnikalyk maldәrigerlik instituty men Қazak medicinalyk institutynyn gistologiya zhәne embriologiya kafedralarynda bastaldy 1930 1960 zh omyrtkaly zhanuarlardyn ulpalary olardyn kurylymyndagy erekshelikter ulpa filogenezi men ulpa ajnalasyndagy zhagdajlarga bajlanysty zertteldi 1970 zhyldan beri kejbir zhalpak kurttar men zhumyr kurttardyn zhүjke zhүjesi as korytu mүsheleri sondaj ak maldyn eti men okpesi zhүregi men kan tamyrlary terisi gistologiya turgydan ajkyndaldy Tamaktanu garyshka ushu zhagdajlarynyn adam men zhanuarlar ulpasyna tigizetin әseri anyktaldy Zhүjke talshyktarynyn adam organdarynda taramdanu tәrtibi zertteldi Adam men zhanuar ulpalaryna auyrgan kezde bolatyn gistologiyalyk ozgerister sipattaldy Gistologiya salasynyn damuyna үles koskandarҚazakstanda gistologiya salasynyn damuyna үles koskan galymdar F Muhamedgaliev A Zorina B Shajkenov I Shagyrov Z Slobodin t b Қazirgi kezde gistologiyalyk zertteulermen Қazakstan Bilim zhәne gylym ministrliginin Zoologiya instituty Biogen zhabyk akcion kogamy Қazak ulttyk med un ti zhәne t b zhogary oku oryndarynyn arnajy kafedralary shugyldanady DerekkozderKanzhigitov E K Abdrahmanov B T Aliev A I Kokaev B K Citologiya embriologiya gistologiya Astana NAO Holding Kәsipkor 2018 bet Esimsiitova Z B Zhalpy gistologiya Oku kuraly Әl Farabi atyn ҚazҰU Almaty Қazak un ti 2008 63 bet Azhaev S A Gistologiya Citologiya zhәne adam embriologiyasy Kentau Erkin i K HHI B 1 2004 201 bet T Musakulov ORYSShA ҚAZAҚShA TҮSINDIRMELI BIOLOGIYaLYҚ SӨZDIK I tom ҚAZAҚ MEMLEKET BASPASY Almaty 1959 Redakciyasyn baskargan Biologiya gylymynyn doktory professor T Darkanbaev 206 bet