Іле ботаникалық бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. ҚР Ғылым және білім мин-нің Ботаника және ин-ты қарамағында. 1946 ж. Оңт. Балқаш маңындағы шөл және жартылай шөл аймақтарын а. ш-на пайдалану мақсатында Үшжарма шатқалында (Бақанас а-нан 45 км жерде) ашылды. Оның ашылуына акад. Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысымен “Іле кешенді базасының” құрылуы себеп болды. Бақ Іле өз-нің оң жақ жағалауында, Балқаш ауданының орт. Бақанас кентінен 2 км жерде орналасқан. Жер көлемі 91 га, оның ішінде табиғи өсімдік жабыны 70,4 га, ол 35 түрлі өсімдік қорынан тұрады. Бұл аймақтың климаты тым континенттік. Жаздың ыстық айларында ауа темп-расы 44С-қа, ал топырақ беті 70С-қа дейін қызады, ауаның ылғалд. 30 – 45% шамасында, қысы қысқа, қары аз, суық. Жауын-шашынның орт. жылдық мөлш. 130 мм, оның басым бөлігі күзде түседі. Топырақ жамылғысы әркелкі, негізінен ашық сұр топырақ басым. І. б. б-нда осы аймақтың табиғат, климат жағдайына төзімді табиғи және мәдени өсімдіктердің түрлерін жерсіндіру, оларды көбейту ғыл. жұмыстары жүргізіледі. Бақ құрылғаннан бері тағамдық, дәрілік, сәндік, т.б. өсімдіктердің 2 мыңнан астам түрлері сұрыпталды, олардың жаңа формалары өсіріліп, сынақтан өтті. Ағаш-бұта өсімдіктерінің 140 түрі мен формалары, жеміс-жидектердің 90 түрі мен сұрыптары, қылқан жапырақтылардың 24 түрі, сәндік, гүлді өсімдіктердің 230 түрі мен формалары іріктеліп алынып, бақта өсіп тұр. Астық, бұршақ тұқымдас, мәдени және табиғи шөптесін, малазықтық өсімдіктердің 120 түрі мен сұрыптары жан-жақты зерттеліп, бау-бақшалық өсімдіктердің жаңа 31 сорты (Слава капустасы, Бизон және томаттары, қияры, сәбізі, қарбызы, қауыны, т.б.) шығарылып, аймақтағы тәлімді, суармалы, саз, сортаң топырақты жерлерге шаруашылық мақсатта енгізілді. Қазір І. б. б-ның жалпы коллекц. қоры 495 таксонды құрайды. Бақтың өндірістік тәлімбағында (питомнигінде) тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін алманың, алмұрттың, , қарағайдың, , раушангүлдің, т.б. көшеттері өсіріледі.
Пайдаланылған cілтемелер
С. Әбиев
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ile botanikalyk bagy gylymi zertteu mekemesi ҚR Ғylym zhәne bilim min nin Botanika zhәne in ty karamagynda 1946 zh Ont Balkash manyndagy shol zhәne zhartylaj shol ajmaktaryn a sh na pajdalanu maksatynda Үshzharma shatkalynda Bakanas a nan 45 km zherde ashyldy Onyn ashyluyna akad Қ I Sәtbaevtyn usynysymen Ile keshendi bazasynyn kuryluy sebep boldy Bak Ile oz nin on zhak zhagalauynda Balkash audanynyn ort Bakanas kentinen 2 km zherde ornalaskan Zher kolemi 91 ga onyn ishinde tabigi osimdik zhabyny 70 4 ga ol 35 tүrli osimdik korynan turady Bul ajmaktyn klimaty tym kontinenttik Zhazdyn ystyk ajlarynda aua temp rasy 44 S ka al topyrak beti 70 S ka dejin kyzady auanyn ylgald 30 45 shamasynda kysy kyska kary az suyk Zhauyn shashynnyn ort zhyldyk molsh 130 mm onyn basym boligi kүzde tүsedi Topyrak zhamylgysy әrkelki negizinen ashyk sur topyrak basym I b b nda osy ajmaktyn tabigat klimat zhagdajyna tozimdi tabigi zhәne mәdeni osimdikterdin tүrlerin zhersindiru olardy kobejtu gyl zhumystary zhүrgiziledi Bak kurylgannan beri tagamdyk dәrilik sәndik t b osimdikterdin 2 mynnan astam tүrleri suryptaldy olardyn zhana formalary osirilip synaktan otti Agash buta osimdikterinin 140 tүri men formalary zhemis zhidekterdin 90 tүri men suryptary kylkan zhapyraktylardyn 24 tүri sәndik gүldi osimdikterdin 230 tүri men formalary iriktelip alynyp bakta osip tur Astyk burshak tukymdas mәdeni zhәne tabigi shoptesin malazyktyk osimdikterdin 120 tүri men suryptary zhan zhakty zerttelip bau bakshalyk osimdikterdin zhana 31 sorty Slava kapustasy Bizon zhәne tomattary kiyary sәbizi karbyzy kauyny t b shygarylyp ajmaktagy tәlimdi suarmaly saz sortan topyrakty zherlerge sharuashylyk maksatta engizildi Қazir I b b nyn zhalpy kollekc kory 495 taksondy kurajdy Baktyn ondiristik tәlimbagynda pitomniginde turgyndardyn suranystaryn kanagattandyru үshin almanyn almurttyn karagajdyn raushangүldin t b koshetteri osiriledi Pajdalanylgan ciltemelerS Әbiev Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet