Алма (лат. Malus pumila) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.
Табиғи алманың Жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда негізінен Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, ал жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың зиянкестері: , , , . Алма аурулары: , , жеміс шірігі, т.б.
Өсімдік туралы
Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл, ал 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Қолданылуы
Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, , , , , витаминдері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.
Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Алма мусы
Алманың әсіресе қышқыл сұрыптарын тазалап жуып, шанышқымен түйреп тесіп, табаға салады да, 15—20 минутқа пешке қояды. Піскен ыстық алманы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант шәрбатын құйып, жұмыртқаның ақуызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған 1/2 шай қасық лимон шырынын қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г алмаға: 2/3 стақан қант мен 3 жұмыртқаның ақуызы керек.
Алма пудингі
Алманы тазалап жуып, тат баспайтын пышақпен өзегі мен қабығынан тазартып, әр алманы 4-ке бөліп, сары май салынған табаға аздап қуыру қажет. Бидай ұнына қант және ас содысын қосып, жақсылап араластырып, май, жылы сүт пен жұмыртқа қосып қамыр дайындайды. Содан соң алма біраз суығаннан кейін қамырмен араластыру керек. Алма қосылған қамырды май жағылған және кепкен нан себілген табаға салып, бетін тегістеп, пешке қойып, 30 минут пісіреді. 800 г алмаға:
- 2 1/4 стақан ұн
- 1/2 стақан қант
- 2 ас қасық сары май
- 1/2 стақан сүт
- 2 жұмыртқа
- 1-2 шай қасық соды керек
ал тұз әркімнің қалауынша салынуға тиіс.
Қамырға орап пісірген алма
Иленген қамырды (қалыңдығы 1-2 cм) төрт бұрыштап, алма орауға болатындай шамамен кеседі. Алманы тазалап жуып, ортасындағы өзегін алып, өзектің орнына қант себеді де, жаңағы жайылған қамырға орап, үстіне қант сеуіп, суланған қаңылтыр табаға салады. Әр алманың үстіне бес жұлдызшалап қамыр салып, оның бетіне жұмыртқа уызын жағып әсемдеуге болады. Қаңылтыр табаны ыстық пешке қойып, 10-15 минут өткеннен кейін, отын азайтып, тағы 8-10 минут ұстау қажет. Тағам дайын болған кезде оны қалақпен немесе ұшы доғал келген пышақпен табадан алып, бетіне қант себу керек. Бұл — ыстық немесе салқын күйінде де жеуге болатын тағам.
Жаңғақ қосқан алма
Жұмыртқаға қант қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып, оған өсімдік майын, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ, лимонның қабығын немесе оның үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып, ұн себілген шойын табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қойылуға тиіс. 2 стақан ұнға:
- 2 жұмыртқа
- 1 1/4 стақан қант
- 1 стақан өсімдік майы
- 1/2 стақан жаңғақ
- 1 шай қасық үгітілген "дәмдеуіш қабық
- 1/2 лимон қажет.
Алма сусыны
Алманы жуып, өзегінен тазартып, үккішпен үгіп, шырынын алады. Сол шырынға қант сеуіп, қайнатып, көзі тар сүзгіштен өткізіп, сонан соң аз ғана суытып қою керек. Ыдыстың түбіне жиналған тұнбасын ептеп құйып алады. Осы әдіспен мүкжидегінен шырын дайындал, оны алма шырынымен араластырып, қант, қайнаған су, ванилин қосып, салқындату керек. 500 г алмаға:
- 200 г мүкжидегі
- 100 г қант
- 1 стақан су
- бір шымшыма ванилин қажет.
Жібітілген алма
Жібітуге қышқыл дәмі бар, орташа және ұсақ алмалардың күздік және қыстық сұрыптары (Антоновка, Анис, Литовский пепин, Осеннее полосатое) пайдаланылады. Ашық түсті алмалар мен оның жаздық сұрыптары, жібітуге жарамсыз. Алманы жинап алған соң, 15 күннен кейін жібітсе, оның сапасы онан сайын арта түседі. Жібітерден бұрын алманы ірі-ұсағына қарай іріктеп, зақымдалған алмалар бөлек алынуға тиіс. Алманың сұрпын бөлектеп қатар-қатар етіп қойып, әрқайсысын 30-50 кг-дық бөшкелерге салады (қыш ыдысқа салып та жібітуге болады). Бөшкені алма салмастан бұрын ыстық сумен жуу керек. Содан кейін оған алманы қатарлап салып, оның ең астыңғы қабатына және жан-жағына, бетіне, ыстық суға жуылған қара бидайдың немесе бидайдың сабанын төсейді. Сонда жібітілген алма әдемі сарғыш түске еніп, дәмі жақсарады. Алманы бөшкеге саларда арнайы қоспалар (бір бөшкеге: 150 г эстрагон, 250 г шие жапырағы немесе қара қарақат жапырағы) салуға болады. Алма толтырылған бөшкенің қақпағын жақсылан жауып, арнайы қалдырылған саңылау арқылы тұздық құяды. Саңылауды тығынмен онша тығыздамай жауып, 150С температурада 5-6 күн ұстап, көбіктенген кезде саңылаудан көбігін алып, жаңа тұздық құяды да (өйткені алма көп ылғал қажет етеді), саңылауды тығыздап жабады. Сөйтіп алманы жертөледе 20 С пен 50 С аралығында сақтайды. Жалпы алма сақталатын жердің температурасы 120 С-тан аспауы тиіс. Жібітілген алманы 30-40 күннен кейін жеуге болады. Оны көкөніс салатын, «провансаль» капустасын жасау үшін, сондай-ақ гарнир ретінде пайдалануға болады. 10 л тұздық дайындауға: 9,5 л су, 250 г қант (қанттың орнына 2 есе бал салуға болады), 150 г тұз, 150 г қара бидай ұнын пайдаланады.
Алма джемі
Джем дайындау үшін алманың кез келген сұрпы жарайды. Әсіресе Антоновка, Папировка, Анис сұрыптарын пайдаланған жөн. Алманы жуып, бөлшектел турап, өзегінен тазартып (қараймай тұрып), оны сірке суымен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құйып (1 кг алмаға 2-2 стақан су) қайнату қажет. Қайнатқан кезде, оны үнемі араластырып отыру керек. Алманы қайнату уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Егер суы аз болған жағдайда, тағы 1 стақан су құюға болады. Алмалы оттан түсіріп, оған қант немесе қант шәрбатын қосып, қайтадан отқа қойып, араластыра отырып тағы 30 минут қайнату қажет. 1 кг тазартылған алмаға: 1,2 кг қант пен 2,5 стақан су керек.
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
- Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
- Қазақ энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alma lat Malus pumila raushangүl tukymdasyna zhatatyn ote ken taragan agashtarynyn zhemisi Alma Tabigi almanyn Zher sharynda bizge 36 tүri belgili olardyn 10 12 sinin sharuashylyktyk manyzy bar Қazakstanda negizinen Sivers almasy Nedzveckij kyrgyz almasy osedi Almanyn zhazdyk kүzdik kystyk suryptary bar Alma agashynyn omir sүru uzaktygy 20 100 zhyl biiktigi 4 10 m bolady 3 12 zhylda zhemis beredi әr gektardan shamamen 100 300 c onim alynady Tukymynan zhәne osimdi vegetativti zholmen kobejedi Tukymynan kobejtu bulama aluda zhәne selekciyada koldanylady Almany kobejtu kejde ulastyru arkyly da zhүzege asady Қazakstanda almanyn 40 tan astam suryptary audandastyrylgan onyn 20 syn Saltanat Ile Alatau shapagy Almaty t b kazak selekcionerleri osirip shygargan Alma zhemisi tasymaldauga saktauga zharamdy tagamdyk zattarga baj dәmdi keledi әri zhaksy ondeledi Alma kuramynda 83 88 su 7 5 16 kant 0 2 0 8 kyshkyl 9 5 18 5 kurgak kaldyk 0 28 1 0 ilik zattar A V1 V2 V6 S RR vitaminderi koptegen mineraldy zattar bar Shyrynynan sharap susyn dajyndalady al zhemisin emdik dәri retinde de adam organizmin auyr metall zattardan tazalauga kan buzylu zhәne zhүrek aurularyn emdeuge koldanady Almanyn ziyankesteri Alma aurulary zhemis shirigi t b Өsimdik turalyAlma agashynyn suryptaryna karaj omir sүru uzaktygy 20 100 zhyl biiktigi 3 10 m aralygynda 3 12 zhylda zhemis beredi Zhazdyk kүzdik kystyk suryptar bolady Zhazdyk suryptary ekkennen kejin 3 4 zhyldan son zhemis bere bastajdy Tolyk zhemis beru mezgili 15 20 zhyl al 30 35 zhyl otken son mundaj suryptardyn zhemis berui nasharlaj bastajdy Zhazdyk kүzdik kystyk suryptardy iriktep alu tәrtibin oryndamau kandaj da bolsyn bir tүrin kobejtip zhiberu әsirese onimdi zhinagan saktagan ondegen kezde koptegen kiynshylyktar tugyzady Bakshada mejlinshe kop saktalatyn kystyk suryptarga edәuir oryn berilgeni durys ҚoldanyluyAlma kuramynda su kant kyshkyl A vitaminderi koptegen mineraldy zattar bar Kүnde keshkisin bir alma zheseniz dәriger kazhet emes degen makal almanyn kanshalykty pajdaly ekendigin bildiredi Sonymen katar alma shyryny adam organizmin auyr metaldardan tazartuga kan buzyluy zhәne zhүrek aurularyn emdeude koldanylady Alma zhemisi tasymaldauga saktauga zharamdy Alma zhemisinen shyryn tosap kompot dzhem zhasalady Sondaj ak tamak konditer zhәne iis su onerkәsibinde koldanylady Almany kүndelikti tagamga salattarga kosyp pajdalanady Alma musyAlmanyn әsirese kyshkyl suryptaryn tazalap zhuyp shanyshkymen tүjrep tesip tabaga salady da 15 20 minutka peshke koyady Pisken ystyk almany үkkishten otkizip ogan suytylgan kant shәrbatyn kujyp zhumyrtkanyn akuyzyn kosyp kopirship kojmalzhyn bolgansha zhaksylap aralastyrady Eger kyshkyly kem bolsa onda ogan 1 2 shaj kasyk limon shyrynyn kosu kerek Dastarkanga salkyndatyp koyady 500 g almaga 2 3 stakan kant men 3 zhumyrtkanyn akuyzy kerek Alma pudingiAlmany tazalap zhuyp tat baspajtyn pyshakpen ozegi men kabygynan tazartyp әr almany 4 ke bolip sary maj salyngan tabaga azdap kuyru kazhet Bidaj unyna kant zhәne as sodysyn kosyp zhaksylap aralastyryp maj zhyly sүt pen zhumyrtka kosyp kamyr dajyndajdy Sodan son alma biraz suygannan kejin kamyrmen aralastyru kerek Alma kosylgan kamyrdy maj zhagylgan zhәne kepken nan sebilgen tabaga salyp betin tegistep peshke kojyp 30 minut pisiredi 800 g almaga 2 1 4 stakan un 1 2 stakan kant 2 as kasyk sary maj 1 2 stakan sүt 2 zhumyrtka 1 2 shaj kasyk sody kerek al tuz әrkimnin kalauynsha salynuga tiis Қamyrga orap pisirgen almaIlengen kamyrdy kalyndygy 1 2 cm tort buryshtap alma orauga bolatyndaj shamamen kesedi Almany tazalap zhuyp ortasyndagy ozegin alyp ozektin ornyna kant sebedi de zhanagy zhajylgan kamyrga orap үstine kant seuip sulangan kanyltyr tabaga salady Әr almanyn үstine bes zhuldyzshalap kamyr salyp onyn betine zhumyrtka uyzyn zhagyp әsemdeuge bolady Қanyltyr tabany ystyk peshke kojyp 10 15 minut otkennen kejin otyn azajtyp tagy 8 10 minut ustau kazhet Tagam dajyn bolgan kezde ony kalakpen nemese ushy dogal kelgen pyshakpen tabadan alyp betine kant sebu kerek Bul ystyk nemese salkyn kүjinde de zheuge bolatyn tagam Zhangak koskan almaZhumyrtkaga kant kosyp әbden akkobik bolgansha aralastyryp ogan osimdik majyn un arshylgan alma үgin majdalangan zhangak limonnyn kabygyn nemese onyn үgindisin kosady Қospany aralastyrady ony maj zhagylyp un sebilgen shojyn tabaga salyp pisiredi Pisken tagam suytylyp betine kant sebilip birneshe bolshekke kesilip sonan son dastarkanga kojyluga tiis 2 stakan unga 2 zhumyrtka 1 1 4 stakan kant 1 stakan osimdik majy 1 2 stakan zhangak 1 shaj kasyk үgitilgen dәmdeuish kabyk 1 2 limon kazhet Alma susynyAlmany zhuyp ozeginen tazartyp үkkishpen үgip shyrynyn alady Sol shyrynga kant seuip kajnatyp kozi tar sүzgishten otkizip sonan son az gana suytyp koyu kerek Ydystyn tүbine zhinalgan tunbasyn eptep kujyp alady Osy әdispen mүkzhideginen shyryn dajyndal ony alma shyrynymen aralastyryp kant kajnagan su vanilin kosyp salkyndatu kerek 500 g almaga 200 g mүkzhidegi 100 g kant 1 stakan su bir shymshyma vanilin kazhet Zhibitilgen almaZhibituge kyshkyl dәmi bar ortasha zhәne usak almalardyn kүzdik zhәne kystyk suryptary Antonovka Anis Litovskij pepin Osennee polosatoe pajdalanylady Ashyk tүsti almalar men onyn zhazdyk suryptary zhibituge zharamsyz Almany zhinap algan son 15 kүnnen kejin zhibitse onyn sapasy onan sajyn arta tүsedi Zhibiterden buryn almany iri usagyna karaj iriktep zakymdalgan almalar bolek alynuga tiis Almanyn surpyn bolektep katar katar etip kojyp әrkajsysyn 30 50 kg dyk boshkelerge salady kysh ydyska salyp ta zhibituge bolady Boshkeni alma salmastan buryn ystyk sumen zhuu kerek Sodan kejin ogan almany katarlap salyp onyn en astyngy kabatyna zhәne zhan zhagyna betine ystyk suga zhuylgan kara bidajdyn nemese bidajdyn sabanyn tosejdi Sonda zhibitilgen alma әdemi sargysh tүske enip dәmi zhaksarady Almany boshkege salarda arnajy kospalar bir boshkege 150 g estragon 250 g shie zhapyragy nemese kara karakat zhapyragy saluga bolady Alma toltyrylgan boshkenin kakpagyn zhaksylan zhauyp arnajy kaldyrylgan sanylau arkyly tuzdyk kuyady Sanylaudy tygynmen onsha tygyzdamaj zhauyp 150S temperaturada 5 6 kүn ustap kobiktengen kezde sanylaudan kobigin alyp zhana tuzdyk kuyady da ojtkeni alma kop ylgal kazhet etedi sanylaudy tygyzdap zhabady Sojtip almany zhertolede 20 S pen 50 S aralygynda saktajdy Zhalpy alma saktalatyn zherdin temperaturasy 120 S tan aspauy tiis Zhibitilgen almany 30 40 kүnnen kejin zheuge bolady Ony kokonis salatyn provansal kapustasyn zhasau үshin sondaj ak garnir retinde pajdalanuga bolady 10 l tuzdyk dajyndauga 9 5 l su 250 g kant kanttyn ornyna 2 ese bal saluga bolady 150 g tuz 150 g kara bidaj unyn pajdalanady Alma dzhemiDzhem dajyndau үshin almanyn kez kelgen surpy zharajdy Әsirese Antonovka Papirovka Anis suryptaryn pajdalangan zhon Almany zhuyp bolshektel turap ozeginen tazartyp karajmaj turyp ony sirke suymen azdap kyshkyldandyrylgan nemese tuzdy su kujylgan ydyska salady Sosyn ony alma kajnatylatyn ydyska audaryp salyp su kujyp 1 kg almaga 2 2 stakan su kajnatu kazhet Қajnatkan kezde ony үnemi aralastyryp otyru kerek Almany kajnatu uakyty 10 15 minuttan aspauy tiis Eger suy az bolgan zhagdajda tagy 1 stakan su kuyuga bolady Almaly ottan tүsirip ogan kant nemese kant shәrbatyn kosyp kajtadan otka kojyp aralastyra otyryp tagy 30 minut kajnatu kazhet 1 kg tazartylgan almaga 1 2 kg kant pen 2 5 stakan su kerek SiltemelerGүlstan osimdikter turaly sajt Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly DerekkozderҚ 74 Қulzhabaeva G Ә Өsimdikter әlemi oku әdistemelik kesheni Zhemister Didaktikalyk material Almaty 2011 16 b ISBN 978 601 7237 31 8 Zhetisu Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 712 bet ISBN 9965 17 134 3 Қazak enciklopediyasy Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet