Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, , т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралия эукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер, кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды түрге бөледі: қалқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физико-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.
Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштарда жаны бар «тіршілік иесі». Әлемнің көптеген халықтары ағашты қастерлеп, табынған.
Саян-Алтайдағы түрік халықтары ағашқа құрбандық шалып, сан түрлі жора-жосындар атқарады. Олардың ағашты ерекше қастерлеуі орманды өлкенің тұрғындары болғандығымен байланысты болса керек. Мысалы, иркит руы өздерінің «әкесі ырғай, анасы қайық» деп санайды. Ал қазақта қыпшақ руының арғы тегі ағашпен байланысты айтылатыны белгілі.
Иенде өскен жалғыз ағашты қасиетті ағаш, шығыс қазақтары сетер ағаш немесе көбіне тал кездесетіндіктен сетер тал деп атайды.
Қазақ наным-сенімі бойынша әулие адамның табаны тиген жерде өскен немесе әулиенің көлеңкесі түскен ағаш қасиетті шашқа айналады екен. Қазақ жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санап, оны кеспейді, зақым келтірмейді, тіптен саясына барып, ұйықтамайды. Әйтпесе сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, ал дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ, жанның құлазуынан асқан қорлық жоқ деседі. Жалғыз ағашты жалғыз қалудың нышаны деп қарайды. Топырақ үйілген төбенгіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, шөл мекен далада бұтақтары тарбиып өскен бұғалар да қасиетті делінеді. Сол жерлерде түнейді, шүберек байлайды. Әулие жатқан жер деп танып, мал сойып, тілеу тілейді.
Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады. Сондай-ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен. Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.
Қазақ мифологиясында бәйтерек космос ағашты ретінде рәмізделеді. Бәйтеректің шағын модель-үлгілері бақан, адалбақан, таяқ, асатаяқ ғұрыптық жосындарды атқаратын киелі құрал қызметін атқарады. Бәйтерек - үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Қазақ арасында кең тараған адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым бәлкім осы жайтқа байланысты қалыптасқан сияқты. Ол туралы мынадай миф бар: «Рух адамның тәнін өлерден қырық күн бұрын тастайды. Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтеректің жапырағында өз адамының есімі жазылған бұтаға қонады. Мұнда адамның аты жазылған қисапсыз жапырақтар көктеп-солып, алма-кезек ауысып тұрады. Жал адам өлгенде шыбын бейнесінде денеден шығып, үй ішінде ұшып жүреді. Тек қырық күннен кейін барып, үйді біржолата тастайды. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі жал жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда әйелдің құрсағына қонады, сөйтіп, жаңа өмір пайда болады. Жануарлар да, өсімдіктер де дәл осылай өмipгe қайта келеді».
Жапырағына жан орналасқан осынау киелі терек туралы миф түркі халықтарына кең таралған. Қазақта басқаша бір нұсқасы тағы бар. Онда «Жер мен көктің кіндігінде жападан жалғыз өскен киелі бәйтерек бар. Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бұл бәйтеректе жайқалып өскен әрбір жапырақ жер жүзінде жасаған әрбір адамның өмір тіршілігінің ны¬шаны, жер жүзінде тіршілік етіп отырған әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келеді, жапырағы жайқалып өскенде өсіп, үлкейіп, кемеліне келеді, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса, қартаяды, жапырағы үзіліп, жерге түссе, қазаға ұшырайды» дейді. Бұл сюжеттерде әлем ағашты, яғни ғаламның вегетативті моделі көрініс тапқан.
Қазақ халқы өзінің өмір-салтын, тұрмыс-тіршілігін, кейбір әрекетін ағашқа теліп, ағаштарды адам бейнесіне енгізіп, сан түрлі аңыз-әңгіме шығарған.
Бүл мифтік сюжеттер қазақтың байырғы өмір салтының метафоралық образы іспеттес. Расында да, ағаштардың сыртқы түр-түрпаты, өсетін мекенінің ерекшелігі қазақтың ежелгі тіршілігін еске түсіреді. Ұзын қарағай тәкаппар адам, мықшиған сексеуіл жазықсыз жапа шегуші, таста өсетін арша тасбауыр, қызыл тобылғы ұялшақ кейіпкерлер ретінде сомдалып, халқымыздың қалыңмал төлеп неке салтының көріністері айқын бейнеленеді. Осындай мифтік түсініктен туған ағаштардың араздығы мен татулығы, құдаласу сарыны «Ағаш өлең» деп аталатын кейбір халық өлеңдері мен жұмбақ айтысқа да жиі арқау болады.
Ертеде дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген. Ал, Ағаштардың өсу, даму сатысына байланысты да екі түрге бөледі: жас ағаш және тіршілік циклы аяқталуы жақын кәрі ағаш. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «коктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Өсіп жетілген ағашты шірімей, құрт жемей тұрып қажетке жаратады. Кәрі қуарған ағашты жығып, шауып отынға пайдаланған.
Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына қарап, жасын анықтайды. Ағаштың таудың теріскей беткейіне өскен ағаш діңінің көлеңке (солтүстік) жағындағысын «ұрғашы ағаш» атайды. Ондай ағаштардың бұтағы жоқ, жылдық сақиналары жиі, шайыры аз болғандықтан «шешен», яғни акустикалық сипаты, яғни дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары болады дейді шеберлер. Саз аспаптарының құлағын ырғай, тобылғы т.б. қатты ағаштардан әзірлейді. Ағаш шеберлері тәжірибе жүзінде кез келген ағаштың түп жағы берік болады деп санайды.
Ағаштан бұйым жасағанда қазақ шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.
Сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын ыдыс, құты жасауға, саз аспаптарын әсемдеуге пайдаланады. Өте қатты, тығыз, берік ағаш емен сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Тез жарылғыш келетіндіктен баппен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған саз аспабы уақыт өте табиғи өрнектері ашылып, жалтырай түседі. Сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш терек бабымен кепсе жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Одан бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды. Иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш саналатын тал кебе келе қатайып, жеңілдейді. Өзекті, сәмбі талдан киіз үйдің ағашына таптырмайтын ең қолайлы шикізат деп саналады. Тұт ағашын негізінде жібек құртын өсіруге пайдаланатындықтан «тұт еккенің - құт еккенің» деп бағалаған. Ол саз аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағашқа айналады. Ұзақ уақыт, тіптен бірнеше ғасыр өседі делінетін тұт ағашын шаппайды, тек бұтақтарының тармағын орақпен кесіп алады. Қатты әрі тығыз ағаш үйеңкінің сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді.
Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеу өте қолайлы. Алма, алмұрт, алхоры, жиде, шие, долана, өрік т.б. жеміс ағаштары қатты, тығыз, жылтыр болып келетіндіктен, кәделік ағашқа саналып бұйым жасауға жарамды деп саналады. Ағаштың жапырақтары мен қабығы, шайыры жүн, тері бояуға, тері илеуге, қабықтыруға пайдаланылған. Қайыңның жапырағы, емен мен анар ағашының қабығы, таулы өңірден талдың қабығынан алынған бояулар ертеде кең пайдаланылған. Дәстүрлі қазақи ортада аймақтың экологиялық жағдайына байланысты күнделікті тіршілік ретінде қарекетіне ағаш отын пайдаланылған. Ағаштан отын дайындаудың салынды жинау, бұтақ теру, ағаш шабу, құлату тәрізді жолдары бар.
Қарабұта теріскей бетте, күнгейде теріскен, жирен, жусан, сарытабан, ал биік суық жерде қарағай, қайың, шөлейт пен құмды өңірде сексеуіл отынға жиі пайдаланылады. Шетен, жыңғыл, сексеуілдің қызуы мол, бұта-шілік, балғын, баялыш, тал тамызыққа ғана, қызуы мол делінетін қарағаш, қарағай, қайың, емен, терек қыста үй жылытуға пайдаланылады.
Жыңғылды балтамен шауып алады. Ал, сексеуілді қатты томармен отындық сексеуілді ұрып сындырып дайындайды. Жыңғыл мен сексеуілді күздің аяғында, қыстың басында мол етіп жинайды. Басқа уақытта жинаса құмдағы тіршілік иелеріне обал деп ырымдайды. Қураған ағаш, сынып түскен бұтақты тереді. Көктемде тау өзендерінің кенересінен асып тасыған кезде ағыстан жағаға қарай шығып қалған қураған, сынған бұтақтарды салынды деп атайды.
Дереккөздер
Материалы для географии и статистики России, Собранные офицерами генерального штаба. Киргизская степь Оренбургского ведомоста. // ТС. 1870. Т.ХХІІ. СПб., 1865
Извлечение из архива правления области Сибирских киргизов // ТС. 1868. Т.Х V. СПб., 1869; Обзор Сыр-Дарьинскойобласти за 1892 г. Ташкент, 1894
ДиваевА. Приметы// Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. V том. Ташкент, 1896.
МКЗ. Сыр-Дарьинская область. Казалинскийуезд. Ташкент, 1913
ХлудовН.Г. Шығармалар каталогы: кескіндеме және графика. Ғылыми жетекшісі және алғысөздің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Эффект, 2003; Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Қазақпарат, 2008
Қазақстан балалар энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Agash sabaktary men tamyrlary sүrektenip bitken ote zhaksy zhetilgen dini bar biiktigi 2 metrden kem bolmajtyn kop zhyldyk osimdikter Қazakstanda osetin agashtardyn en biigi 50 metrden aspajdy karagaj shyrsha emen t b Dүnie zhүzinde en biik agash Australiya eukaliptisi biiktigi 140 150 m en zhuan agash Baobab diametri 4 12 m Agash paleozoj dәuirinin tas komir devon kezeninen bastap 126 mln zhyl buryn mezozoj dәuirinin bor yura 96 mln zhyl buryn kezenine dejin agashty osimdikter kejin birkatary kop zhyldyk odan bir zhyldyk shoptesin osimdikterge ajnalgan Zher betinde klimattyn ozgeruine bajlanysty agashty osimdikterdin damu cikly kyskaruda Osygan bajlanysty olar shoptesin osimdikterge ajnaluda Қazirgi kezde agashtardyn osy evolyuciyalyk bagyty zhalgasuda Olar 5 topka balgyn zhas tolyk osip zhetilmegen tolyk osip zhetilgen kop turyp kalgan agashtar bolinedi Songy eki tobyna zhatatyn agashtar gana kesiledi Agashty kesken kezde sүregindegi shenberlerdin sanyna bajlanysty zhasyn anyktajdy Zhapyragynyn ishki kurylysy men syrtky tүrine karap agashtardy tүrge boledi kalkan zhapyrakty shyrsha karagaj zhapyrakty agash kajyn terek Agash ishki kurylymy talshyktarynyn uzyndygy kalyndygy men fiziko mehanikalyk kasietterine kolemdik salmagy bul korsetkish negurlym kop bolsa mehanikalyk kasietteri zhogary bolady bajlanysty pajdalanylady Қazakstanda osetin agashtardyn tehnikalyk kasietteri zhaksy zerttelgen Agash Ak kajyn Agash adamnyn kүnkoris kareketi men ruhani omirde erekshe oryn alatyn tabigat nysany Animistik dүnietanymga bajlanysty tuyndagan nanym senimder bojynsha agashtarda zhany bar tirshilik iesi Әlemnin koptegen halyktary agashty kasterlep tabyngan Sayan Altajdagy tүrik halyktary agashka kurbandyk shalyp san tүrli zhora zhosyndar atkarady Olardyn agashty erekshe kasterleui ormandy olkenin turgyndary bolgandygymen bajlanysty bolsa kerek Mysaly irkit ruy ozderinin әkesi yrgaj anasy kajyk dep sanajdy Al kazakta kypshak ruynyn argy tegi agashpen bajlanysty ajtylatyny belgili Iende osken zhalgyz agashty kasietti agash shygys kazaktary seter agash nemese kobine tal kezdesetindikten seter tal dep atajdy Қazak nanym senimi bojynsha әulie adamnyn tabany tigen zherde osken nemese әulienin kolenkesi tүsken agash kasietti shashka ajnalady eken Қazak zhapan dalada zhalgyz osken agashty kieli agash nemese әulie agash dep sanap ony kespejdi zakym keltirmejdi tipten sayasyna baryp ujyktamajdy Әjtpese sol agashtaj sopiyp zhalgyz kalasyn al dүniede zhalgyzdyktan otken zhamandyk zhok zhannyn kulazuynan askan korlyk zhok desedi Zhalgyz agashty zhalgyz kaludyn nyshany dep karajdy Topyrak үjilgen tobengikter kula tүzdegi zhalgyz agash shol meken dalada butaktary tarbiyp osken bugalar da kasietti delinedi Sol zherlerde tүnejdi shүberek bajlajdy Әulie zhatkan zher dep tanyp mal sojyp tileu tilejdi Қazak dәstүrinde zhana shykkan kokti zhulmajdy agash bүrlerin үzbejdi Kok shybykty kok orkendi syndyrmajdy Өjtkeni zhas orkennin bәri bakyttyn bastamasy barlyk tirliktin kajnar kozi dep biledi Kok zhulsak koktej solasyn dep yrymdalady Sondaj ak kazak dәstүrinde kosarlanyp osken katar bitken agashty kespejdi Sebebi kosagynnan ajyrylasyn kanatynnan kyrkylasyn dep tyjym etken Yagni dүnie tүgel egizden zharalgan al egizdin synaryn kulatkan onbajdy konili kapalanyp zarygyp otedi dep katty yrymdajdy Қazak mifologiyasynda bәjterek kosmos agashty retinde rәmizdeledi Bәjterektin shagyn model үlgileri bakan adalbakan tayak asatayak guryptyk zhosyndardy atkaratyn kieli kural kyzmetin atkarady Bәjterek үsh әlemdi bajlanystyrushy dәneker retinde әspettelinedi Қazak arasynda ken taragan adamnyn zhany kieli terekte saktalady degen ugym bәlkim osy zhajtka bajlanysty kalyptaskan siyakty Ol turaly mynadaj mif bar Ruh adamnyn tәnin olerden kyryk kүn buryn tastajdy Sojtip kuska kogershinge ajnalyp ushyp baryp bәjterektin zhapyragynda oz adamynyn esimi zhazylgan butaga konady Munda adamnyn aty zhazylgan kisapsyz zhapyraktar koktep solyp alma kezek auysyp turady Zhal adam olgende shybyn bejnesinde deneden shygyp үj ishinde ushyp zhүredi Tek kyryk kүnnen kejin baryp үjdi birzholata tastajdy Bәjterektin dingegi arkyly әlgi zhal zherge tүsip ne zherge shygyp zhүredi de mezgili bolganda әjeldin kursagyna konady sojtip zhana omir pajda bolady Zhanuarlar da osimdikter de dәl osylaj omipge kajta keledi Zhapyragyna zhan ornalaskan osynau kieli terek turaly mif tүrki halyktaryna ken taralgan Қazakta baskasha bir nuskasy tagy bar Onda Zher men koktin kindiginde zhapadan zhalgyz osken kieli bәjterek bar Bul terektin basy aspanmen tүp tamyry zher astymen zhalgaskan Ol kozge korinbejtin kieli agash Bul bәjterekte zhajkalyp osken әrbir zhapyrak zher zhүzinde zhasagan әrbir adamnyn omir tirshiliginin ny shany zher zhүzinde tirshilik etip otyrgan әrbir adam kieli terektin zhapyragy zharylganda omirge keledi zhapyragy zhajkalyp oskende osip үlkejip kemeline keledi zhapyragy mezgilsiz sargajsa kajgy kasiretke tap bolady zhapyragy solsa kartayady zhapyragy үzilip zherge tүsse kazaga ushyrajdy dejdi Bul syuzhetterde әlem agashty yagni galamnyn vegetativti modeli korinis tapkan Қazak halky ozinin omir saltyn turmys tirshiligin kejbir әreketin agashka telip agashtardy adam bejnesine engizip san tүrli anyz әngime shygargan Bүl miftik syuzhetter kazaktyn bajyrgy omir saltynyn metaforalyk obrazy ispettes Rasynda da agashtardyn syrtky tүr tүrpaty osetin mekeninin ereksheligi kazaktyn ezhelgi tirshiligin eske tүsiredi Ұzyn karagaj tәkappar adam mykshigan sekseuil zhazyksyz zhapa shegushi tasta osetin arsha tasbauyr kyzyl tobylgy uyalshak kejipkerler retinde somdalyp halkymyzdyn kalynmal tolep neke saltynyn korinisteri ajkyn bejnelenedi Osyndaj miftik tүsinikten tugan agashtardyn arazdygy men tatulygy kudalasu saryny Agash olen dep atalatyn kejbir halyk olenderi men zhumbak ajtyska da zhii arkau bolady Ertede dәstүrli ortada agashtyn turmys pen sharuashylykka zharamdylygyna karaj otyndyk agash zhәne kәdelik agash dep eki topka bolgen Al Agashtardyn osu damu satysyna bajlanysty da eki tүrge boledi zhas agash zhәne tirshilik cikly ayaktaluy zhakyn kәri agash Balgyn zhas agashty kesuge kazaktar koktej solasyn dep tyjym salady Sondyktan zhas tolyk osip zhetilmegen agashty kazhetine karaj gana kesedi Өsip zhetilgen agashty shirimej kurt zhemej turyp kazhetke zharatady Kәri kuargan agashty zhygyp shauyp otynga pajdalangan Agashty kesken kezde sүregindegi shenberlerdin sanyna karap zhasyn anyktajdy Agashtyn taudyn teriskej betkejine osken agash dininin kolenke soltүstik zhagyndagysyn urgashy agash atajdy Ondaj agashtardyn butagy zhok zhyldyk sakinalary zhii shajyry az bolgandyktan sheshen yagni akustikalyk sipaty yagni dybys otkizgishtik kasieti zhogary bolady dejdi sheberler Saz aspaptarynyn kulagyn yrgaj tobylgy t b katty agashtardan әzirlejdi Agash sheberleri tәzhiribe zhүzinde kez kelgen agashtyn tүp zhagy berik bolady dep sanajdy Agashtan bujym zhasaganda kazak sheberleri әr agashka tәn erekshelikteri atap ajtsak agashtyn kattylygy salmagy tygyzdygy iilgishtigi serpimdiligi tүsi tutkyrlygy zharylgyshtygy shajyrlygy dybys otkizgishtigi t b kasietterin basty nazarda ustajdy Sүregi birkelki ak tүsti katty agash kajynnan үj agashyn zhiһaz er al onyn bezinen ydys tүrli usak bujymdar zhasajdy Ol kүnge kansymajdy ystyk suykka tozimdi bolady Қajynnyn tozyn ydys kuty zhasauga saz aspaptaryn әsemdeuge pajdalanady Өte katty tygyz berik agash emen sүreginin tүsi sargysh konyr bolyp keledi Tez zharylgysh keletindikten bappen keptirmese ozegin kualaj shytynap zharylyp ketedi Emennen zhasalgan saz aspaby uakyt ote tabigi ornekteri ashylyp zhaltyraj tүsedi Sүregi ak tүsti zhumsak agash terek babymen kepse zharylmajdy kepken sajyn kiizdenip kataya tүsedi Odan bujym zhasaganda otkir sajmanmen ondep kana koyady Iilgish sүregi ak tүsti zhumsak agash sanalatyn tal kebe kele katajyp zhenildejdi Өzekti sәmbi taldan kiiz үjdin agashyna taptyrmajtyn en kolajly shikizat dep sanalady Tut agashyn negizinde zhibek kurtyn osiruge pajdalanatyndyktan tut ekkenin kut ekkenin dep bagalagan Ol saz aspaptaryn әzirleuge en tiimdi agashka ajnalady Ұzak uakyt tipten birneshe gasyr osedi delinetin tut agashyn shappajdy tek butaktarynyn tarmagyn orakpen kesip alady Қatty әri tygyz agash үjenkinin sүregi birtekti ak sargysh tүsti bolyp keledi Dombyrany үjenkiden tutas shauyp nemese kurap әzirleu ote kolajly Alma almurt alhory zhide shie dolana orik t b zhemis agashtary katty tygyz zhyltyr bolyp keletindikten kәdelik agashka sanalyp bujym zhasauga zharamdy dep sanalady Agashtyn zhapyraktary men kabygy shajyry zhүn teri boyauga teri ileuge kabyktyruga pajdalanylgan Қajynnyn zhapyragy emen men anar agashynyn kabygy tauly onirden taldyn kabygynan alyngan boyaular ertede ken pajdalanylgan Dәstүrli kazaki ortada ajmaktyn ekologiyalyk zhagdajyna bajlanysty kүndelikti tirshilik retinde kareketine agash otyn pajdalanylgan Agashtan otyn dajyndaudyn salyndy zhinau butak teru agash shabu kulatu tәrizdi zholdary bar Қarabuta teriskej bette kүngejde terisken zhiren zhusan sarytaban al biik suyk zherde karagaj kajyn sholejt pen kumdy onirde sekseuil otynga zhii pajdalanylady Sheten zhyngyl sekseuildin kyzuy mol buta shilik balgyn bayalysh tal tamyzykka gana kyzuy mol delinetin karagash karagaj kajyn emen terek kysta үj zhylytuga pajdalanylady Zhyngyldy baltamen shauyp alady Al sekseuildi katty tomarmen otyndyk sekseuildi uryp syndyryp dajyndajdy Zhyngyl men sekseuildi kүzdin ayagynda kystyn basynda mol etip zhinajdy Baska uakytta zhinasa kumdagy tirshilik ielerine obal dep yrymdajdy Қuragan agash synyp tүsken butakty teredi Koktemde tau ozenderinin keneresinen asyp tasygan kezde agystan zhagaga karaj shygyp kalgan kuragan syngan butaktardy salyndy dep atajdy DerekkozderMaterialy dlya geografii i statistiki Rossii Sobrannye oficerami generalnogo shtaba Kirgizskaya step Orenburgskogo vedomosta TS 1870 T HHII SPb 1865 Izvlechenie iz arhiva pravleniya oblasti Sibirskih kirgizov TS 1868 T H V SPb 1869 Obzor Syr Darinskojoblasti za 1892 g Tashkent 1894 DivaevA Primety Sbornik materialov dlya statistiki Syr Darinskoj oblasti V tom Tashkent 1896 MKZ Syr Darinskaya oblast Kazalinskijuezd Tashkent 1913 HludovN G Shygarmalar katalogy keskindeme zhәne grafika Ғylymi zhetekshisi zhәne algysozdin avtory Nursan Әlimbaj Almaty Effekt 2003 Қazak folklorynyn tarihy Almaty Қazakparat 2008 Қazakstan balalar enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet