Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668–1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832–1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820–1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20-ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884–1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.
Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы. Әдетте, мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.
Дереккөздер
- Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар. А., 1985
- Лосев А., Философия. Мифология. Культура, М., 1991
- Каракузова Ж., Хасанов М., Космос казахской культуры, А., 1993
- Ыбыраев Ш., Қазақ мифтері, А., 2003
- Т. Ғабитов, Философия және мәдениеттану, А., 2004.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mif 1 kone anyz әngime 2 tarihi mәdeni sananyn erekshe kүji Ezhelgi mifter men anyzdar algashky adamdar tirshiliginin manyzdy boligi bolyp olardyn rәmizdik simvoldyk mazmuny arkyly adam korshagan ortany igerip zhete tүsindi Munda poeziya men algashky bilimnin din men әdeptin oner men omirlik tәzhiribenin erekshe birligi oryn aldy Algash ret Mif filosofiyasyn Dzh Viko 1668 1744 usyndy Ol Mif kiyal ojyny retinde kalyptasady degen pikirde boldy Kejin 19 gasyrdyn ortasynan bastap Mif etnografiyalyk material retinde zerttele bastady Agylshyn mәdeniettanushysy E B Tajlor 1832 1917 Algashky kauymdyk mәdeniet atty enbeginde Mifter men dini nanymdar negizinde animizm zhatady dep zhazady G Spenser 1820 1903 Mif tanym kuraldary men mүmkindiginin shekteuliliginen tuyndagan kubylystardyn syryn kate tүsinu tүsindiru dep sanady Dzh Frezer үshin Mif magiyalyk әreketti akylga salyp әdebi til arkyly pajymdau Psihologiyalyk mektep pen onyn okilderi V Vund L Levi Bryul Z Frejd K Yung Miftik shygarmalar negizinde algashky kauym adamynyn dүnieni kabyldau erekshelikteri zhatyr ol bir nәrseden tuyndagan sezimderdi emociyalardy sol kubylystyn nemese nәrsenin ozine tәn kasieti retinde kabyldady dep sanajdy 20 gasyrdagy әleumettik antropologiyada B Malinovskij 1884 1942 men K Levi Stros 1908 teoriyalarynyn ykpaly zhogary boldy Malinovskijdin pikirinshe mif kubylystyn tүsindirmesi yagni teoriya emes shyndyk retinde pajymdalgan senimnin korinisi Levi Stross zheke mifti emes olardyn zhiyntygyn tanbalyk modeldendirushi zhүje retinde karastyrady Tajlor mifterdin mynadaj tүrlerin atap korsetedi a filosofiyalyk nemese tүsindirmelik mifter ә naktyly birak burmalangan derekterge sүjengen mifter b tarihi zhәne anyz tulgalar turaly mifter v fantastikalyk zhәne metaforalyk mifter g әleumettik sayasi zhәne turmystyk mifter Kosmogoniyalyk mifterdin basty takyryby kieli tarih dүnienin adamnyn tagy da baska zharatyluy Әdette mifte zharatylys uakyty kieli sipatka ie bolyp үlgi retinde kurmetteledi Mifte әrbir obekt әrbir is kimyl baska obektilermen is kimyldarmen ushtasyp zhatady Miftik bejneler substanciyalyk sipatta nakty shynajy nәrseler retinde kabyldanady Mifke metaforalyk tәn emes ojtkeni mif bәrin shyndyk retinde bejnelejdi Tek kejinnen miftin tildik kurylymynda metaforalyk erekshelik kabyldandy Mif arhaikalyk sana үstemdik etken dәuirde pajda bolganymen kejingi mәdenietterde de saktalyp kaldy Miftik uakyt turaly soz etkende onyn zhazusyz mәdenietpen bitise kalyptaskanyn eskeru kazhet Ұzhymdyk tәzhiribe men әdet gurypty arkau etken kogamnyn kuatty bolzhau mәdenieti boluy shart Bul tabigatty әsirese aspan shyraktaryn bakylaudy mindetti tүrde yntalandyra otyryp sogan sәjkes teoriyalyk tanymnyn orkendeuine әkeldi Kejin miftik dүnietanymdy din men filosofiya ygystyrdy Birak ol uakyt agynynda zhogalyp ketpej komeski sana men arhetiptik zhadynan oryn aldy Қazaktyn argy ata tekterinin dүnieni miftik turgydan tүsinui әlemdik үlgilermen sabaktas Kok Tәniri Zher Su men Ұmaj anany ajtpagannyn ozinde tүrki halyktarynyn argy ata tek turaly tүsinikteri tarihtyn alys kojnaularynda kalyptasa bastagan Kok bori turaly anyzdar sondaj ak korkem shygarmalarda bejnelengen totemder miftin әserli belgileri sanalady Dәstүrli kazak mәdenietinde totemdik ugymdar saktalganymen olardyn naktyly korinisteri ozgerdi Miftik uakytty baska tipter auystyrgan son da totemdik tүsinikter halyk zhadynda arhetiptik kyzmetin atkaryp baska rәmizder men tanbalarga ajnaldy Mysaly zhaugershilik zhәne bostandyk үshin kүres zamanynda Kokbori kajsarlykka shakyrgan rәmizdik rol atkargan DerekkozderMargulan Ә Ezhelgi zhyr anyzdar A 1985 Losev A Filosofiya Mifologiya Kultura M 1991 Karakuzova Zh Hasanov M Kosmos kazahskoj kultury A 1993 Ybyraev Sh Қazak mifteri A 2003 T Ғabitov Filosofiya zhәne mәdeniettanu A 2004 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz