Көкбөрі
Көкбөрі сөзінің шығу тарихы
Түркі тайпалары мекен еткен ұлан ғайыр далада қасқырдан басқада жан- жануарлардың мол болуына қарамастан ең басты тотем етіп нақ осы аңды алуының өзіндік себептері айқындалды. Қытай жылнамасындағы Үйсіндердің патшасы Кун-Мо туралы дерекке осы деректің «Қазақтың көне тарихы» атты кітаптағы нұсқасына сондай-ақ, ел арасында кең таралған Ашина туралы мифтерге салыстыра талдау жасалады.
Көк бөріні тотем тұту қырғыз, қарақалпақ, өзбек, тәжік халықтарының ғұрыптық фольклорында да жан-жақты көрініс алады.Әсіресе, туысқан башқұрт елі өздерінің ұлттық атауын бөрі тотемімен байланыстырады.
Уақыт өте келе бөрі нагуалға, яғни жеке адамдардың жебеуші рухына айналады. Ел аузында атақты Қаз дауысты Қазыбектің жиені Абақ керей Жәнібектің, Есет батырдың жебеуші көк бөрілері болған деген аңыз бар. Керей Жәнібек ұйықтаған кезде үстінде екі бөлтірік ойнап жүрсе, Есет батырдың езуін арлан жалап тұрады екен.Бұл жерде ел үмітін ақтаған батырлардың аруағын үстем етіп көрсету үшін оларды ең киелі ұғым көк бөрімен байланыстырғанын айта кетпекпіз. Бұл батырлардың бойындағы ерен күшпен қайсарлық жоғарғыдан, Тәңірдің өзінен бастау алып тұр. Ал, бөрілер- сол Тәңірінің ерекше ілпипатын жеткізуші.
Қасқыр туралы наным- сенімдердің ел санасына терең бойлағаны сонша, ата-бабаларымыз бауыр еті-балаларына бұл «киелі жануардың» есімін беруді әлі күнге дейін үрдіс етіп келеді.Бұған ел арасында кең таралған Бөрібай, Бөріқұл, Бөлтірік, Қасқырбай, Бөрі тәрізді есімдер мысал бола алады.Түркі халықтарына ортақ мұра «Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкердің әкесінің Байбөрі аталуы да осындай үрдістің бір көрінісі болып табылмақ.
1237- 1238 жылы Алтынорда әскербасыларының бірі болған Бөрінің, 1664 жылы дүниеге келіп, көрсеткен ерліктерінің арқасында Матай елінің ұранына айналған Бөрібай Жаубөрі ұлының, алашты аузына қаратқан Бөлтірік шешендердің есімдері де батыр, қайсар болған деген ұғымнан туындаған. Ал, олардың атына заты сай болып өсуі сөздің магиялық күшіне иланып, «баланың болашақ тағдырына азан шақырып қойған есімі тікелей ықпал етеді» деген сенімнің растығын дәлелдегендей еді.
Түркі халықтарының фольклорында қасқыр бейнесі түрлі жанрларда: ғұрыптық поэзияда, эпостық жырларда, паремеологияда, халықтық прозада алуан қалыпта кездеседі. Көк бөрі, көкжал қасқыр деп адамға дос, қамқоршы бейнені суреттейді.
Қара мен ақты, күн мен түнді, жақсылық пен жамандықты салыстыра көрсету, әсіресе, дуалистік мифтер мен аңыздарда жиі кездеседі. Көк бөрі адамдар қысылған шақта ғайыптан пайда болып, көмекке келеді. Адам мен қасқырдың арасындағы туыстық қатынастан гөрі достық қатынас басым сипатталады.
Көк бөрі бейнесі- көк Тәңірмен астасып жатыр.
Қасқырдың адам түсіне кіруі және оны жору туралы мәліметтерді қорыта келіп, көршілес халықтар бөріні түркі тайпалардың символы ретінде қабылдағанын да байқадық. Генелогиялық мифтерге, ел арасында кең таралған ырымдар мен ғұрыптарға, халықтық ем- домдарға, арбау өлеңдері мен эпос, шежірелерге талдау жасау барысында көк бөрінің түркі халықтарының фольклорында киелі жануардың қатарына жоғарғы Тәңірлік құдіреттің деңгейіне дейін көтерілгенін көреміз.
Көріп отырғанымыздай, бөрі символикасының астары тереңде жатыр. Жұмысты жазу барысында қасқыр бейнесінің төмендегідей басты функциялары анықталды:
1.Түркі халықтарының ілкі ата- бабасы болып табылады.
2.Тұтастай бір халыққа қысылған шақта көмекке келеді (қол бастайды, жол көрсетеді т.б)
3. Дәрменсіз сәбилерді асырап өсіреді.
4.Жеке адамдардың нагуалына (жеке тотем) айналады.Осы функцияларына сәйкес, ол батырлық пен қайсарлықтың, қайраттылық пен тапқырлықтың символы ретінде бейнеленеді.
Мақалада қолданылған материалдар
1.Жалын журналы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
KokboriKokbori sozinin shygu tarihy Tүrki tajpalary meken etken ulan gajyr dalada kaskyrdan baskada zhan zhanuarlardyn mol boluyna karamastan en basty totem etip nak osy andy aluynyn ozindik sebepteri ajkyndaldy Қytaj zhylnamasyndagy Үjsinderdin patshasy Kun Mo turaly derekke osy derektin Қazaktyn kone tarihy atty kitaptagy nuskasyna sondaj ak el arasynda ken taralgan Ashina turaly mifterge salystyra taldau zhasalady Kok borini totem tutu kyrgyz karakalpak ozbek tәzhik halyktarynyn guryptyk folklorynda da zhan zhakty korinis alady Әsirese tuyskan bashkurt eli ozderinin ulttyk atauyn bori totemimen bajlanystyrady Uakyt ote kele bori nagualga yagni zheke adamdardyn zhebeushi ruhyna ajnalady El auzynda atakty Қaz dauysty Қazybektin zhieni Abak kerej Zhәnibektin Eset batyrdyn zhebeushi kok borileri bolgan degen anyz bar Kerej Zhәnibek ujyktagan kezde үstinde eki boltirik ojnap zhүrse Eset batyrdyn ezuin arlan zhalap turady eken Bul zherde el үmitin aktagan batyrlardyn aruagyn үstem etip korsetu үshin olardy en kieli ugym kok borimen bajlanystyrganyn ajta ketpekpiz Bul batyrlardyn bojyndagy eren kүshpen kajsarlyk zhogargydan Tәnirdin ozinen bastau alyp tur Al boriler sol Tәnirinin erekshe ilpipatyn zhetkizushi Қaskyr turaly nanym senimderdin el sanasyna teren bojlagany sonsha ata babalarymyz bauyr eti balalaryna bul kieli zhanuardyn esimin berudi әli kүnge dejin үrdis etip keledi Bugan el arasynda ken taralgan Boribaj Borikul Boltirik Қaskyrbaj Bori tәrizdi esimder mysal bola alady Tүrki halyktaryna ortak mura Alpamys batyr zhyryndagy basty kejipkerdin әkesinin Bajbori ataluy da osyndaj үrdistin bir korinisi bolyp tabylmak 1237 1238 zhyly Altynorda әskerbasylarynyn biri bolgan Borinin 1664 zhyly dүniege kelip korsetken erlikterinin arkasynda Mataj elinin uranyna ajnalgan Boribaj Zhaubori ulynyn alashty auzyna karatkan Boltirik sheshenderdin esimderi de batyr kajsar bolgan degen ugymnan tuyndagan Al olardyn atyna zaty saj bolyp osui sozdin magiyalyk kүshine ilanyp balanyn bolashak tagdyryna azan shakyryp kojgan esimi tikelej ykpal etedi degen senimnin rastygyn dәleldegendej edi Tүrki halyktarynyn folklorynda kaskyr bejnesi tүrli zhanrlarda guryptyk poeziyada epostyk zhyrlarda paremeologiyada halyktyk prozada aluan kalypta kezdesedi Kok bori kokzhal kaskyr dep adamga dos kamkorshy bejneni surettejdi Қara men akty kүn men tүndi zhaksylyk pen zhamandykty salystyra korsetu әsirese dualistik mifter men anyzdarda zhii kezdesedi Kok bori adamdar kysylgan shakta gajyptan pajda bolyp komekke keledi Adam men kaskyrdyn arasyndagy tuystyk katynastan gori dostyk katynas basym sipattalady Kok bori bejnesi kok Tәnirmen astasyp zhatyr Қaskyrdyn adam tүsine kirui zhәne ony zhoru turaly mәlimetterdi koryta kelip korshiles halyktar borini tүrki tajpalardyn simvoly retinde kabyldaganyn da bajkadyk Genelogiyalyk mifterge el arasynda ken taralgan yrymdar men guryptarga halyktyk em domdarga arbau olenderi men epos shezhirelerge taldau zhasau barysynda kok borinin tүrki halyktarynyn folklorynda kieli zhanuardyn kataryna zhogargy Tәnirlik kudirettin dengejine dejin koterilgenin koremiz Korip otyrganymyzdaj bori simvolikasynyn astary terende zhatyr Zhumysty zhazu barysynda kaskyr bejnesinin tomendegidej basty funkciyalary anyktaldy 1 Tүrki halyktarynyn ilki ata babasy bolyp tabylady 2 Tutastaj bir halykka kysylgan shakta komekke keledi kol bastajdy zhol korsetedi t b 3 Dәrmensiz sәbilerdi asyrap osiredi 4 Zheke adamdardyn nagualyna zheke totem ajnalady Osy funkciyalaryna sәjkes ol batyrlyk pen kajsarlyktyn kajrattylyk pen tapkyrlyktyn simvoly retinde bejnelenedi Makalada koldanylgan materialdar1 Zhalyn zhurnaly