Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактоальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, , фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, , т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.
Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын.
Сүт сауын малдан, яғни жылқыда — биеден, түйеде — інгеннен, сиырда — сауын сиырдан, қой, ешкіде — саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкпе", "ақты аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні кетеді" деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың дарқан дастарқанын барынша байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі де дәмді тағам. Оны қайнатып ішеді, шайға қатады. Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақтың тағам байлығының бірі жəне оның қайнар көзі.
Сүт – адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат.
Сүт – бағалы тағамдық өнім. Ана босанғаннан, мал төлдегеннен кейін алғашқы күндері сүт уыз түрінде шығады. Ана сүттінің уызы сәбиді әртүрлі аурулардан қорғайтын затқа (антиденелерге) бай. 7–10 күн өткен соң сүттің әдеттегі құрамы қалыптасады. Ана сүтінің құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны), ферменттер, ақуыздар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан сәбидің организмі оны жақсы сіңіреді. Сондай-ақ сүт құрамындағы минералды тұздардың (кальций мен фосфор) сәбидің қаңқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор. Сондықтан баланың дұрыс дамып, өсуі үшін жас сәбиді ана Сүтімен емізудің маңызы өте зор.
Мал сүті – құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, т.б. жасалады. Адамның күнделікті тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр сүтінің құрамында су (87,5%), сүт қанты (4,7%), май (3,9%), ақуыздар (3,3%), минералдық заттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы ақуыздар: альбумин – жас организмнің өсуі; глобулин – иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,1–20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) – таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т.б.) мен микроэлементтерден (мырыш, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Тағы қараңыз
- Айран
- Шұбат
- Қымыз
- Ақлақ
- Уыз
- Уызқағанақ
- Қатық
- Сарысу (сүт өнімі)
- Сүт көже
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sүt barlyk zhastagy adamdar үshin zhugymdylygy zhogary onaj sinetin onim 100 gramm sүtte 3 grammga zhuyk akuyz 3 2 gramm emulgaciyalangan onaj sinetin maj koptegen molsherde onaj sinirilgen kalcij men fosfor kosyndylary sondaj ak belgili molsherde A1 V2 D vitaminderi bar zhәne de zhazgy uakytta siyr sүtindegi bul vitaminder kystagydan edeuir kop bolady 100 gramm sүt organizmge 60 ka zhuyk kilokaloriya beredi Sүt akuyzy negizinen kazeinnen 2 7 laktoalbuminnen 0 4 zhәne laktoglobulinnen 0 1 turady Sүt akuyzynyn 75 96 pajyzy organizmge sinimdi keledi Қuramyndagy laktoza ne sүt kanty tez ashidy Bul kasietti sүt ashytuda pajdalanylady Mineral zattary organikalyk zhәne bejorganikalyk kyshkyl tuzdary tүrinde kezdesedi Sondaj ak 60 tan astam ferment әrtүrli gormon oksitocin follikulin adrenalin insulin t b immundyk zattar antitoksin t b gazdar SO2 O2 N2 NH3 mikroorganizmder bolady Bir stakan siyr sүti Sүtti pisirip betindegi kajmagyn alyp zhep ozin ishedi sүtten әrtүrli tagamdar әzirlenedi Sүtti tartyp shiki kajmak alady Eshkinin sүtin emge ishedi Қymyz bienin sauylgan sүti saumaldy ashytyp kүbide pisip dajyndajdy Өte shipaly adam zhanyna kүsh kuat beretin susyn Sүt sauyn maldan yagni zhylkyda bieden tүjede ingennen siyrda sauyn siyrdan koj eshkide saulyktan alynatyn sүtti zhәne onyn kymyz shubat ajran katyk siyakty onimderin bir sozben ak dep atajtynyn zhogaryda ajttyk Sүt zhәne odan zhasalatyn tagamdardyn sapasy da kunary da nәri de ote zhogary bolady Sondyktan da kazak halky aktyn ornyn baskamen ajyrbastamajdy Auzy akka tidi uyzynda zharygan nemese uyzynda zharymagan degen sozder arkyly adam omiri men densaulygy үshin sүttin orny zor ekenin korsetedi Akty tokpe akty attama akty ysyraptama maldyn zhelini ketedi degen kagida kalyptaskan el ishinde Kosh aldynan ak alyp shygu ushyngan ortke karsy ak togu үjge kirgen zhylannyn basyna ak kujyp shygaru kisige aktan auyz tigizu halyk dәstүrinde bulzhymas zan belgilengen zhol zhoralgy bolgan El ishinde auylda bul әdet әli de saktalgan Balalarga sүt baska da ak ishkizu dimkәs naukas adamdardy sүt kymyz shubat tosappen emdeu sүttin kazak omiri men turmys saltynda emshilik onerinde erteden kele zhatkan tәzhiribe kazir de bar Myndagan zhyldar mal osirumen zhәne onyn kyr syryn teren mengergen kazak eli onyn sүtin tagam retinde utymdy әri sәtti pajdalana bildi Mysaly bie sүtinen kymyz tүje sүtinen shubat siyr koj eshki sүtinen maj kajmak kurt irimshik ezhigej tagy baska aluan tүrli tamasha tagamdar zhasap dalanyn darkan dastarkanyn barynsha bajypty Bulardyn bәri de zhensik daru әri zәru tamakka ajnaldy Bir sozben ajtkanda kәdimgi sүttin ozi de dәmdi tagam Ony kajnatyp ishedi shajga katady Sojtip sүt zhәne onyn onimderi aty da zaty da halyk mәdenieti men turmysyndagy ajtuga turarlyk zhәne maktanarlyk dastarkan mәziri Demek sүt kazaktyn tagam bajlygynyn biri zhene onyn kajnar kozi Sүt adam men sүtkorekti zhanuarlardyn sүt bezinde laktaciya kezeninde tүziletin sujyk zat Sүt bagaly tagamdyk onim Ana bosangannan mal toldegennen kejin algashky kүnderi sүt uyz tүrinde shygady Ana sүttinin uyzy sәbidi әrtүrli aurulardan korgajtyn zatka antidenelerge baj 7 10 kүn otken son sүttin әdettegi kuramy kalyptasady Ana sүtinin kuramy sәbige kazhetti korektik zattar gormondar әsirese kalkansha bezdin gormony fermentter akuyzdar komirsular men vitaminderge baj bolgandyktan sәbidin organizmi ony zhaksy siniredi Sondaj ak sүt kuramyndagy mineraldy tuzdardyn kalcij men fosfor sәbidin kanka sүjeginin kalyptasuyna әseri zor Sondyktan balanyn durys damyp osui үshin zhas sәbidi ana Sүtimen emizudin manyzy ote zor Mal sүti kundy tagamdyk zat odan әrtүrli sүt tagamdary maj balmuzdak t b zhasalady Adamnyn kүndelikti tagamdyk racionynda siyr sүti kop pajdalanylady Siyr sүtinin kuramynda su 87 5 sүt kanty 4 7 maj 3 9 akuyzdar 3 3 mineraldyk zattar 0 7 vitaminder men fermentter bar Mal sүtinin kuramyndagy akuyzdar albumin zhas organizmnin osui globulin immunitettin kalyptasuy үshin kazhet Sүt majy gliceridti kospalardan turady Salkyndatylgan sүtte maj tүjirshikterinin diam 0 1 20 mkm bolatyn suspenziya al zhana sauylgan sүt pen ysytylgan sүtte emulsiya tүrinde bolady Osy tүjirshikter sүt biraz turgannan kejin onyn betine kilegej bolyp zhinalady Sүt laktozasy disaharid taza kүjinde ak tүsti kristal tәrizdi untak Ony ajran kymyz ashytu үshin zhәne medicinada bakteriologiyada korektik orta dajyndau үshin koldanady Sүttin mineraldyk kuramy makroelementter kalcij fosfor natrij kalij kүkirt hlor magnij t b men mikroelementterden myrysh mys temir kүmis t b turady Sondaj ak fermentter gormondar immundy deneler gazdar da kezdesedi Sүt kuramyndagy vegetativti mikrobty onyn ishinde patogendik tүrin zhoyu үshin pasterleu әdisin koldanady Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Tagy karanyzAjran Shubat Қymyz Aklak Uyz Uyzkaganak Қatyk Sarysu sүt onimi Sүt kozheDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom