Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.
Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай.
Әзiрлеу
Әзiрлеу технологиясы да қымызды әзiрлеу технологиясына ұқсас. Шұбаттың сапасы көбiнесе ұйытқыға байланысты. Шұбаттың ең жақсысы - күштiсi болып табылады. Шұбат та қымыз секiлдi әлсiз - тәулiк iшiнде - жетiле бастаған, орташа - екi тәулiктiк және - үш тәулiктiк болып бөлiнедi.
Шұбат дайындау үшін суытылған түйе сүтін сүзіп, 30—35°С-қа дейін салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20—30 мин араластырып, 3—4 сағат ашытады. Бұл кезде құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп тұнбаға түседі. Тұнбадағы казеинді майдалау үшін шұбатты араластырып отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбаты бар кеспекке құйып жақсылап пісіреді, ал ашыту процесі 20—25°С температурада 10—20 сағатқа созылады. Ашыған шұбатты ыдыстарға құйып, 10— 12 сағат бойы салқындатып сауда орындарына таратады. Бір тәулік бойы ашыған шұбат — әлсіз, екі тәулік ашыған шұбат — орташа, ал үш тәулік бойы ашыған шұбат — күшті деп аталады. Ашытқы әсерінен түйе сүтіндегі сүт қанты ыдырайды, сүт қышқылының, спирттің, көмір қышқылының жаңа қосылыстары түзіледі, витаминдердің мөлшері молаяды.
Ерекшелігі
Қуаты мен дәрілік қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499 – 528 ккал болса, Шұбатта 789 – 991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әртүрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған. Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланды. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтiне басқа да жануарлардың сүтiн қоса отырып түрлi сүт тағамдарын өндiрiп шығарған. Мысалы: сүзбе (қатық), құрт.
Түйенің сүті | Шұбат | |
---|---|---|
Қышқылдық | 18° | 28° |
Майлылық | 4.3 % | 4.3 % |
Лактоза | 2.75 % | 1.32 % |
Құрғақ заты, майдың басқасы | 8.2 % | 6.6 % |
Минералды заттар | 0.86 % | 0.75 % |
Этил спирті | 1.1 % | |
Аскорбин қышқылы | 5.6 % | 4.8 % |
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shubat tүjeden ondirilgen bul susyn kazak aspazdygynda keninen koldanylady tүjenin sүtin ashytu arkyly dajyndalynatyn susyn Өzinin biologiyalyk kuramy bojynsha tek kana nәrli zhәne dәmdi azyk kana emes sondaj ak A V1 V2 S vitaminderinin kozi Mysaly V1 V2 vitaminderi bojynsha tүje sүti siyr sүtinen asyp tүsedi Shubattyn bir litri adam organizminin S vitaminine zhәne riboflavinine tәuliktik kazhettiligin kanagattandyra alady Shubat ajranga karaganda maj akuyz kejbir mineraldy zattarga vitaminderge ote baj ӘzirleuӘzirleu tehnologiyasy da kymyzdy әzirleu tehnologiyasyna uksas Shubattyn sapasy kobinese ujytkyga bajlanysty Shubattyn en zhaksysy kүshtisi bolyp tabylady Shubat ta kymyz sekildi әlsiz tәulik ishinde zhetile bastagan ortasha eki tәuliktik zhәne үsh tәuliktik bolyp bolinedi Shubat dajyndau үshin suytylgan tүje sүtin sүzip 30 35 S ka dejin salkyndatyp emen kespekke kujyp ondiristik ashytky salyp pispekpen 20 30 min aralastyryp 3 4 sagat ashytady Bul kezde kuramyndagy kүrdeli zattar zhaj zattarga ajnalyp kyshkyldylygy koterilip ishindegi kazein irip tunbaga tүsedi Tunbadagy kazeindi majdalau үshin shubatty aralastyryp otyrady Әr sauynnan alyngan sүtti shubaty bar kespekke kujyp zhaksylap pisiredi al ashytu procesi 20 25 S temperaturada 10 20 sagatka sozylady Ashygan shubatty ydystarga kujyp 10 12 sagat bojy salkyndatyp sauda oryndaryna taratady Bir tәulik bojy ashygan shubat әlsiz eki tәulik ashygan shubat ortasha al үsh tәulik bojy ashygan shubat kүshti dep atalady Ashytky әserinen tүje sүtindegi sүt kanty ydyrajdy sүt kyshkylynyn spirttin komir kyshkylynyn zhana kosylystary tүziledi vitaminderdin molsheri molayady EreksheligiҚuaty men dәrilik kasieti kymyzdan kem emes Қymyzda 499 528 kkal bolsa Shubatta 789 991 kkal bolady Shubat kuramynda maj әrtүrli vitaminder men tuzdar kop bolady Shubatty Mangystau oblysy Tushybek bulagyndagy emdeu ornynda okpe aurularyn emdeuge pajdalangan Buryn kazaktar koyu tүje sүtin shәjga kosyp ishken onyn үstine tүje sүtin olar siyr sүti retinde pajdalandy Shubattan baska kazaktar tүje sүtine baska da zhanuarlardyn sүtin kosa otyryp tүrli sүt tagamdaryn ondirip shygargan Mysaly sүzbe katyk kurt Tүjenin sүti ShubatҚyshkyldyk 18 28 Majlylyk 4 3 4 3 Laktoza 2 75 1 32 Қurgak zaty majdyn baskasy 8 2 6 6 Mineraldy zattar 0 86 0 75 Etil spirti 1 1 Askorbin kyshkyly 5 6 4 8 Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 9 tom Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi K54 Қogamdyk tamaktandyru Almaty Mektep baspasy 2007 232 bet ISBN 9965 36 414 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet