Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері салды. 1912 жылы поляк дәрігері сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлі табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.
Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада)дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандытан, олар болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды.
Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.
Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына () соқтырады. Ол көбінесе жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әртүрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, , лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.
Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады. Соңғы кезде дәрумендерді классификациялап, үлкен 4 топқа бөледі:
- алифатты
- алициклды
- ароматикалық
- гетероциклды
Майда еритін дәрумендер
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
D дәрумені () адамның терісінде күннің сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
Суда еритін дәрумендер
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары
Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С дәрумені жойылып, В тобындағы дәрумендердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада әдісі кезінде олардың құрамындағы дәрумендер толығымен сақталады.
Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды. Тұздау кезінде дәрумендер сақталады. дәрумендерді сақтау үшін эмаль, пайдаланады.
В1 дәруменi
В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.
В2 дәрумені
В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. дәрумен ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.
В6 дәруменi
В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.
В12 дәрумені
В12 дәрумені (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз.
В15 дәруменi
В15 дәруменi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.
Е дәруменi
Е дәруменi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері тұқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.
К дәруменi
К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ.
Р дәруменi
Р дәруменi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С дәруменімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.
РР дәрумені
РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады, зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады, қабыршықтанады.
Фолий қышқылы
Фолий қышқылы (фолацин) қан құралу процестерімен тығыз байланысты. Негізінен жапырақты көкөністердің құрамында болады, сонымен бірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқылар бар.
Пантотен қышқылы зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл дәруменнің тәулік ішінде адам ағзасына қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткілікті болуға тиіс.
Дереккөздер
- Балалар энциклопедиясы, III-том
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dәrumen adam men zhanuarlardyn tirshiligine olardyn agzasyndagy zat almasudyn birkalypty boluy үshin az molsherde ote kazhetti biologiyalyk aktivti organikalyk kospalar Dәrumen latynsha vita tirshilik zhәne amin turaly ilimnin negizin 1880 zhyly orys dәrigeri saldy 1912 zhyly polyak dәrigeri sol kezge dejin zhasalgan tәzhiribeler nәtizhesin korytyndylap gylymga dәrumen terminin engizdi Dәrumen nemese vitamin salystyrmaly kurylysy kүrdeli emes zhәne әrtүrli tabigaty bar tomengi molekulyarly organikalyk kosylystardyn toby Bul zhiyndy himiyalyk tabigaty bojynsha organikada biriktiriledi olardyn ortak kasieti geterotroftylarmen azyk tүrinde tutynatynynda Avtotrofty agzalar da dәrumenge muktazh bolyp keledi degenmen olar dәrumendi sintez zholymen ne tikelej korshagan ortadan alady Dәrumen Tagamdar kuramynda nemese korshagan ortada dәrumender sany ajtarlyktaj kop emes bolgandytan olar bolyp tabylady Dәrumender kataryna әdette mikroelementter men almastyrylmajtyn amin kyshkyldary zhatkyzylmajdy Dәrumenderdi zerttejtin ilim vitaminologiya dep atalady Dәrumenderdin kobisi kofermentter bolyp tabylady Dәrumenderdin kopshiligi fermentterdin negizgi kuramdas boligi bolyp tabylady Agzada үzdiksiz zhүrip zhatatyn himiyalyk reakciyalar mysaly ishken tagamnyn mal azygynyn ydyrap korytyluy fermentterdin kyzmetine bajlanysty Tagamnyn kuramynda dәrumen zhetkiliksiz bolsa adam әr tүrli auruga shaldygady Al dәrumendi әsirese A zhәne D dәrumenderin shamadan tys kop kabyldau agzanyn ulanuyna soktyrady Ol kobinese zhas balalarda zhii kezdesedi Қazir barlyk dәrumenderdi suda eritin dәrumen majda eritin dәrumen zhәne dәrumen tektes zattar dep boledi Dәrumennin mal үshin de manyzy zor Mal azygynda dәrumen zhetkiliksiz bolsa maldyn onimi tomendejdi olar zhүdep әrtүrli aurularga shaldygady Mal azygynda A D E K dәrumenderi zhetkilikti molsherde boluy kazhet Mysaly A dәrumeni zhetispegen zhagdajda siyr ne bie koz auruyna shaldygady sүti kemidi sondaj ak olar kysyr kaluy ish tastauy mүmkin Malga kazhetti dәrumen balausa shopte zhonyshkada sүrlengen shopterde tagyda baska bolady Қysta adәrumenozga shaldykkan tagyda baska tүrli zhagdajlarmen zhүdegen malga dәrumen koncentrattaryn sәbiz balyk majy tagyda baska dәrumeni mol azyk beru kerek Mal azygyndagy dәrumen molsherin kobejtu үshin arnajy dәrumen preparattary men kurgak ashytkylar shygarylady Қunarly tagamdar Dәrumen zhetispeushilik avitaminoz kүndelikti ishetin tagamda dәrumenderdin zhetispeuinen olardyn bojga sinuinin buzyluynan ne dәrumen sintezdeluinin tezheluinen tuatyn aurular Eger adam үnemi dәrumeni az biryngaj tagammen konservilengen keptirilgen rafinadtalgan tamaktansa agzaga negizinen komirsular kant tagy da baska gana tүsip akuyz ben majlar az tүsse al kokonis pen mүldem bolmasa dәrumen zhetispeushilik damidy Sondaj ak azyk tүlik durys saktalmasa nemese olardan sapasyz tagam dajyndalsa azyk tүlik kuramyndagy dәrumender buzylady Mysaly kuramynda nikotin kyshkyly RR dәrumeni az dәndi dakyldarmen gana korektenu pellagra auruyna al kauyzy alyngan kүrishpen zhәne ote untaktalgan bidaj unynan zhasalgan nanmen gana tamaktanu beri beri syrkatyna әkelui mүmkin Tagamda dәrumenderdin zhetkiliksiz boluy adam agzasyn әlsiretedi Mundaj zhagdajdy gipovitaminoz dep atajdy Ogan aua rajynyn kolajsyz zhagdajy auasy las zherde uzak uakyt zhumys isteu sondaj ak gastrit askazan isigi lyamblioz tagy da baska aurular sebep bolady Dәrumen zhetispeushilik bolganda agzada zat almasu procesi buzylyp onyn zhukpaly aurularga karsy turu kabileti nasharlajdy Sondaj ak adamnyn konil kүji kүjzeliske ushyraganda aua rajynyn kubylmaly kezenderinde әjelderdin zhүktiligi ne sәbiin emizui tagy da baska zhagdajlarda agzada dәrumen zhetispeushilik artady Mundaj zhagdajda dәrigerge karalyp arnauly dәrumender kabyldap kokonis pen zhemisterdi kobirek pajdalanu kazhet Dәrumen zhetispeushilik zhәne zhanuarlarda da bolady Mal avitaminozben kobinese koktemde auyrady Dәrumen zhetispeushilikten analyk mal kysyr kalady tol nashar osedi Mysaly V dәrumeni zhetispegen zhagdajda kus polinevritpen shoshka pellagramen auyrady D dәrumeni zhetispese tol katpa bolady iri mal sүjek auruyna shaldygady Dәrumenderdin toptary men tүrleriZhemister men kokonister kuramynda dәrumender kop Barlyk dәrumender majda zhәne suda eritinder dep eki topka bolinedi Majda eritinderge A D E K dәrumenderi zhatady Suda eritin dәrumenderge S RR zhәne V tobyndagy barlyk dәrumender zhatady Songy kezde dәrumenderdi klassifikaciyalap үlken 4 topka boledi alifatty alicikldy aromatikalyk geterocikldyMajda eritin dәrumenderA dәrumeni retinol agzanyn osuine damuyna әser etip tүrli aurularga karsy tura alu әreketin arttyrady Inirde tүnde korudi zhaksartady A dәrumeni shashtyn tyrnaktyn osui men teridegi zhasushalardyn mүjizdenuine әser etedi Ol zhetispegende teri kurgap zharylyp tүsi kүngirttenedi Maj bezderinin kuramy ozgeredi kozdin kasan kabygy buzylady Adam inirde tүnde nashar koredi Bul aurudy aksham sokyr kurinaya slepota dep atajdy A dәrumeni bauyrda sүtte zhumyrtkanyn sarysynda kop bolady Өsimdikterdin kyzyl sary zhemisterinde sәbizde kyzanakta orikte askabakta kezdesedi A dәrumeninin agzaga kazhet tәuliktik molsheri 2 5 10 5 mg D dәrumeni adamnyn terisinde kүnnin sәulelerinin әserinen tүziledi Ol kalcij men fosfordyn ishekten bolinuin zhyldamdatyp sүjek ulpasynyn myktylygyna әser etedi Adam agzasy D dәrumenin tagamnyn kuramynan da kabyldajdy Zhas sәbilerde D dәrumeninin zhetispeuinen bolatyn auru meshel rahit dep atalady Meshel auruyna shaldykkan balalardyn kankasy durys kalyptaspajdy Ayak sүjekteri dene salmagynyn әserinen majysady sүjek bayau damidy ujkysy kashady Zhukpaly aurularmen kop auyrady Sondyktan zhas sәbilerdin meshel auruyna shaldykpauy үshin kүn sәulesine shygaryp shynyktyrady D dәrumeni balyk majynda bauyrynda uyldyrygynda zhumyrtkanyn sarysynda zhanuarlardyn bauyrynda sүt onimderinde mol D dәrumeninin kazhetti tәuliktik molsheri 2 5 mg Suda eritin dәrumenderS dәrumeni askorbin kyshkyly Agzanyn zhukpaly aurularga karsy tura alu әreketin arttyrady Sүjekke zhәne tiske beriktik kasiet beredi S dәrumeni biologiyalyk totygu kezinde ziyandy zattardyn tүziluin tezhejdi Ol karsy denelerdi tүzetin fermentterdin kuramyna kiredi Teridegi kantamyrlardyn kabyrgasynyn bүlinuine de kedergi zhasajdy S dәrumeni zhetispegen zhagdajda agza tez sharshajdy silemejli kabykshalar kabynady kyzyliek kantalajdy Bul dәrumen uzak uakyt zhetispese adam kauipti kurkulak cinga auruyna shaldygady Adam agzasy S dәrumenin tүzbejtindikten tamakpen birge kabyldanuy kerek S dәrumeni agzaga kys pen koktem ajlarynda kobirek kazhet Zhana pisken kokonister zhemister zhәne tuzdalgan oramzhapyrak kuramynda kobirek kezdesedi Әsirese itmurynnyn karakattyn kuramynda mol bolady Agzaga kazhetti tәuliktik molsheri 60 100 mg Tagamdyk onimderindegi vitaminderdi saktau zholdaryTagamdyk zattardy durys saktamau zhәne ondeu kezinde kuramyndagy dәrumender buzylady Tagamdyk onimderdi zhogary temperaturada ondegende S dәrumeni zhojylyp V tobyndagy dәrumenderdin molsheri azayady Tagamnyn kuramyndagy dәrumenderdi saktau үshin tomengi temperaturada tonazytyp baryp sүrlemeleu әdisin koldanady Bul kezde tagamdyk onimder 0 4 S temperatura aralygynda ondeledi Azyk tүlik onimderin tez arada әdisi kezinde olardyn kuramyndagy dәrumender tolygymen saktalady Azyk tүlik onimderin kүnge keptirgen kezde de olardyn kuramyndagy dәrumender azayady Tuzdau kezinde dәrumender saktalady dәrumenderdi saktau үshin emal pajdalanady V1 dәrumeniV1 dәrumeni tiamin agzada durys zat almasuy үshin әsirese kemirteginin asa kazhet dәrumen zhetispegende sharshagandyk sezilip as korytu procesi buzylady agza tiaminge zәru bolgan zhagdajda zhүjke zhүjesi үlken auruga shaldyguy mүmkin V1 dәrumenine әsirese syra ashytkysy keltirilgen zhәne tygy zd algan naubajhanalyk shikizattar anagurlym baj Al tagamdyk azyktardyn ishinde әsirese zharmalar kobine kara kumyk zhәne suly zharmalary kunarsyz un sorttarynan pisirilgen nan bolgany zhon Dene zhәne oj enbegimen kop shugyldanganda zhәne suykta uzak bolganda agza V1 dәrumenin kop kazhet etedi V2 dәrumeniV2 dәrumeni riboflavin baska da dәrumender siyakty agzanyn birkalypty osuine kazhetti ol biologiyalyk totygu procesterine katysady Zharakattardyn tez zhazyluyna mүmkindik beredi kozdin zhaksy koru kabiletin saktajdy Bul dәrumen zhetispegen zhagdajda erin kurgap kezeredi ushyk shygady denege tүsken zharakat bayau zhazylady Vg dәrumeni nan ashytkysynda bauyrda sondaj ak sүt pen sүt tagamdarynda kobirek bolady dәrumen ystykka tozimdi birak zharyktyk әserinen tez buzylady V6 dәrumeniV6 dәrumeni piridoksin akuyzdardyn kuramdas boligi bolyp tabylatyn amin kyshkyldarynyn almasuy na katysady V6 dәrumeninin zhetispeushiligi zhas balalardyn bojynyn osuin tezhep kan azdygy men sezimine tez kozgyshtygyn tudyrady al ekikabat әjelderdin betinde kara dak pajda bolady V6 dәrumeni mal etinde balykta sүtte iri kara maldyn bauyrynda ashytkylarda zhәne koptegen osimdik onimderine bar әdettegidej durys tamaktanyp zhүrgen zhagdajda bul dәrumen agzada zhetkilikti bolady V6 dәrumenin molyrak kazhetsinu agzanyn osui әjeldin ekikabat zhәne bala emizu kezenderinde zhiirek bajkaluy mүmkin V12 dәrumeniV12 dәrumeni cianokobalamin kannyn pajda bolu procesine katysady Bul dәrumen zhetispegen zhagdajda agzada kan azayu procesi damidy Bauyrda bүjrekte balyk tagamdarynda әsirese balyktyn bauyry men uyldyrygynda kobirek bolady Ettin sүt pen irimshiktin zhumyrtka sary uyzynyn kuramynda V12 dәrumeni anagurlym az V15 dәrumeniV15 dәrumeni kalcij pangamaty Himiyalyk tabigaty men әser etu kүshi әli zhetkilikti zerttelmegen Emdik maksatta ateroskleroz kan ajnalysynyn buzyluy bauyr aurularyna zhәne baska da syrkattarga pajdalanylady E dәrumeniE dәrumeni tokoferol bulshyk etterdin zhәne zhynys bezderinin kyzmetin zhaksartady Ol osimdik majynyn zhangaktyk burshak pen zhүgeri tukymdarynyn zhәne kokonistin kuramynda kobirek bolady Sondaj ak maldyn bauyrynda zhumyrtkada sүttin kuramynda bar K dәrumeniK dәrumeni fillohinon kannyn uyu procesterine katysady Өsimdikterdin koktep enetin bolikterinde zhasyl zhapyrakty saumaldyk tүbirli zhәne zhapyrakty kyrykzhapyrak kalakaj zhәne t b sondaj ak sәbiz zhәne tomat kuramynda bolady Maldan alynatyn onimderdin ishinde bauyrdan baska da K dәrumen zhok R dәrumeniR dәrumeni bioflavonoidter zhinishke kan tamyrlarynyn beriktigin arttyryp kyzmetin kalypka tүsirip otyratyn biologiyalyk zattar toby Bul S dәrumenimen aralaskanda anagurlym tiimdi R dәrumeni shajdyn әsirese kok shajdyn kuramynda sondaj ak itmuryn limon kurma kara karakat zhuzim orikte zhәne karakumyk untagynda ote kop RR dәrumeniRR dәrumeni niacin Tabigatta en taralgan sueritkish toptary nikotindi kyshkyl zhәne nikotinamid degen atpen belgili Komirsular almasuyn zhaksartady tamyrlardy kenetedi kan agymyn zhaksartady bauyr zhumysyn zhaksartady zhara men teren zharalardyn zhazyluyna әser etedi RR dәrumeni zhetispegen zhagdajda konil kүjdin bolmauy erinnin kurgaktygy men bozarynkylygy ish otu zhәne bulshyk et auruy Koktem men zhaz kezinde teride kyzgylt tez osetin dak pajda bolady zakymdangan teri zhuandajdy da kir kyzyl konyr tүske boyalady kabyrshyktanady Folij kyshkylyFolij kyshkyly folacin kan kuralu procesterimen tygyz bajlanysty Negizinen zhapyrakty kokonisterdin kuramynda bolady sonymen birge pomidor alma kartopta bauyr bүjrek ashytkylar bar Pantoten kyshkyly zat almasuynyn manyzdy reakciyalaryna katysady Mal onimderinen zhәne osimdikten dajyndalatyn koptegen tagamdardyn kuramynda bar Bul dәrumennin tәulik ishinde adam agzasyna kazhet molsheri kүndelikti tamak kuramynda zhetkilikti boluga tiis DerekkozderBalalar enciklopediyasy III tom Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2008 ISVN 9965 34 812 H Patologiyalyk anotomiya terminderinin oryssha latynsha kazaksha tүsinikteme sozdigi Aktobe ISBN 9965 437 40 8 Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet