Сәбіз (лат. Daucus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Сәбіз | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Daucus carota | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
25 түрі белгілі |
Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді). Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15—20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Сәбізге май қотанда, оның құрамындағы каротині еріп, жақсы сіңеді.
Ботаникалық сипаттамасы.
Сәбіз – сабағыныңбойы 1 метрге дейін жететеін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбізді ботаникалық тұрғыдан аса сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ол көпшілік қауымға белгілі мәдени өсімдік. Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні – тұқымы күз кезінде жинап алынады.
Химиялық қасиеті.
Оның тамыр – жемісінің құрамында каротин, В тобындағы витаминдер, крахмал, қант, А витамині, азотты заттар, минералды тұздар, флавноидтар, органикалық қышқылдар бар. Дәндерінің құрамында эфир майлары және флавоиол қосындылары, каротин бар.Сәбіз құрамында қант, ақуыз, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар.
Өсімдік туралы
Сәбіз – негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Аустралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар. Сәбіздің құрамында каротиндор-каротин, , , ликопин; , витаминдері, аскорбин қышқылы, 3-15 % мөлшерінде қант, және аз мөлшерде эфир майы бар.
Қолданылуы
Сәбіздің тамыры жеуге жарамды, және ол тағам индустриясында үлкен орын алады. Сонымен қатар сәбіз медицинада да қолданылады. Көбінесе, авитаминозды емдеуде үлкен сұранысқа ие. Көмірсутек айналымын қалпына келтіріп, жасуша аралық қышқыл түзу процесіне қатысады және иммунитетті арттырады. Сәбіз тұқымдарынан алынған эфир майы косметика саласында пайдаланылады.
Мал дәрігерлігінде қолданылуы
Мал дәрігерлігі практикасында сәбіздің тамыры витаминдік азық ретінде асыл тұқымды бұқаларға, айғырларғы, қошқарларға беріледі. Оны ұсақтап, жемге араластырып береді. Малға күндік берілу мөлшері : бұқа мен айғырға – 0,5 – 1,5 кг, қошқарға - 0,3 – 0,8 кг. Сәбіз жапырағын да малға дәреумендік азық ретінде беруге болады. Оның тұқымдық дәнінен жасалған тұнба ( 1:10 ) малдың асқазан – ішек жұмысын жақсартуға, ішектегі желді айдауға, бүйректегі, қуықтағы тасты шығаруға пайдаланылады.
Сәбіз төресі
Сәбіз төресі. Тазартылып, жуылған сәбізді жұмсарғанша (ең дұрысы бұға) пісіреді, сонан соң ұсақтап үгеді де, оған қою сүт, тұз, қажетінше қант қосып, қайнатады, жақсылап араластырады. Езбеге қаймақ не сары май қосып, ыстықтай дастарқанға қояды. Табақшадағы езбенің жиегіне қытырлақ нан (сүт, жұмыртқа, қант қоспасына батырылған нанды майға қуырып алады) қойса тіптен жақсы. 500 г тазартылған сәбізге: 1 стақан сүт соусы, дәмі татығанша қант пен тұз керек.
Бұқтырылған сәбіз
Бұқтырылған сәбіз. Тазартылып, жуылған сәбізді сопақшалап не төртбұрыштап кесіп, кастрөлдегі ыстық суға салады да, оған қажетінше сары май, қант, тұз қосады. Ыдыстың қақпағын жауып, жұмсарғанша бұқтырады. Осыдан кейін ыстық сүт құйып, ұнға шыланған сары май (2 шай қасық) қосады да, үнемі араластыра отырып қайнатады. Мұны әртүрлі қою тағамға гарнир ретінде немесе сары маймен, қуырылған нанмен бірге жеуге де болады. 500 г тазартылған сәбізге: і ' / г стақан сүт, 6 шай қасық ыстық су, қажетінше сары май, тұз, қант қажет
Асбұршақ қосылған сәбіз.
Тазартылып, жуылған сәбізді төртбұрыштап кесіп, кастрөлге салады да, оған 3 ас қасық консервіленген асбұршақ суын және сары май қосып, ыдыстың қақпаған жауып, жұмсарғанша бұқтырады. Сонан соң оған асбұршақ, тұз бен қант (қажетінше), сүт, ұн себілген (3 шай қасық) сары май қосып, үнемі араластыра отырып, 8—10 минут қайнатады. 500 г тазартылған сәбізге: 11 /2 стақан сүт, 6 шай қасық сары май, 250 г консервіленген асбұршақ қосылады
Сәбіз котлеті
Тазартылып, жуылған және үгітілген сәбізді кастрөлге салып, оған ыстық сүт, 1 шай қасық сары май, аздап қант ('/г шай қасық) қосып, баяу жанған отқа қойып, жұмсарғанша бұқтырады. Сонан соң араластыра отырып, жарма себеді де, қоюланғанша (үнемі араластыра отырып) қайнатады. Піскен қойыртпақты сәл суытып алғаннан кейін, оған шикі жұмыртқа, тұз қосып жақсылан араластырады да, ыстықтай котлет жасап, қытырлақ нан ұнтағына аударыстырып, майға қуырады. Дастарқанға қояр алдында котлетке май не қаймақ, сүт не қаймақ соусын қатады. 500 г тазартылған сәбізге: 3/4 стақан сүт, 21 /2 асқасық жарма, 2 жұмыртқа, 3 ас қасық, сары май қажет.
Сүзбе қосылған сәбіз запеканкасы.
Сәбіз котлеті секілді әзірленген қойыртпаққа, сүзілген не ет тартқыштан өткізілген сүзбе, қант, жұмыртқа, тұз қосып, осының барлығын араластырады. Содан кейін оны ішін маймен сылап, қатқан нан ұнтағы себілген табаға салып, бетін тегістеп, нан ұнтағын сеуіп, май бүркіп, баптағаннан кейін, қойып, қызылкүрең тартқанша (20—25 минут) пісіреді. Запеканканы дастарқанға әкелгенде, қаймақты не қаймақ соусын бөлек қояды. 1 кг тазартылған сәбізге: 500 г сүзбе, 3 ас қасық жарма, 3 жұмыртқа, 3 ас қасық қант, 3 ас қасық сары май, 3 ас қасық кепкен нан ұнтағы керек.
Алма қосылған сәбіз (шикідей)
Сәбізді ірі үккішпен үгіп, оған ұсақтан туралған алма, лимон шырынын, цедра, қант қосып, мұның барлығын жақсылап араластырады. Лимон шырынының орнына апельсин шырынын да пайдалануға болады. Мұны салқын ет тағамдарына тұздық, не гарнир ретінде пайдаланған жөн. 300 г сәбізге: 300 г алма, 2 лимон, бір шымшым тұз, 2 ас қасық қант қажет. Ақжелкен қосылған сәбіз. Сәбізді үккішпен үгіп, оған ақжелкен мен сірке суын қосады. Оны пісірілген етке, қуырдаққа, котлетке т. б. тағамдарға қосып жейді. 200 г сәбізге: 4 ас қасық езілген ақжелкен, сірке суын қосқан 1 /в стақан су, қажетінше тұз бен қант қажет.
Сәбіз туралы тақпақ
Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз палауды.
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
- Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, ISBN 978-601-7237-33-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // сәбіз — "Қайнар", 1988. — Б. 210. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sәbiz lat Daucus shatyrshagүldiler tukymdasyna zhatatyn eki bir ne kop zhyldyk shoptesin osimdikter tuysy SәbizDaucus carotaDүniesi ӨsimdikterBolimi Gүldi osimdikterTaby Қos zharnaktylar unranked AsteridsSaby ApialesTukymdasy ApiaceaeKishi tukymdasy Tajpasy Kishi tajpasy Tegi Daucus L 1753tүrleri25 tүri belgiliDaucus carota subsp maximus Barlyk zherde osedi Azyktyk zhәne ashanalyk suryptary bar Ashanalyk surpy onsha iri emes tamyr zhemisi zhumsak kantty Ashanalyk suryptarynyn en tandaulysy Nantskaya 4 Vitaminnaya 6 Losinoostrovskaya IZ Sәbiz respublikanyn kopshilik oblystarynda osiriledi Onyn egis kolemi 5 myn gektarga zhuyk Gektarynan 120 centnerden onim alynady Қazakstanda audandastyrylgan negizgi suryptary Biryuchekutskaya 414 Vitaminnaya 6 Konservnaya Mirzoi sarysy 304 Mirzoi kyzyly 228 Nantskaya 4 Shantane 2461 Zhana zhinalgan sәbiz kunarly tagam Adam organizminde tez arada A vitaminine ajnalatyn karotin kuramy 6 9 mg baska kokonisterdegiden kop Әsirese balalarga ote pajdaly Sәbizdi en durysy 0 gradus S temperaturada saktagan zhon Sәbizdi zhana zhinalgan kүjinde de keptirip te ondep te pajdalanady ony sujyk zhәne koyu tagamdarga souska vinegretke t b kosady Sәbiz shyrynynyn ezbesinin t b dietalyk zhәne emdik kasieti bar Keptirilgen sәbizdi sorpaga borshka shige t b kokonis tagamdaryna kosady pajdalanar aldynda 30 minuttej salkyn suga salyp zhibitedi Sәbizdi turagan tutastaj zhәne үgitilgen kүjinde tamakka kosady Sәl kuyrylgan ne kaktalgan kabyrshaktangansha sәbizdi ystyk sorpaga kossa dәmi men iisi zhaksarady Majga kuyrylgan sәbizdi sorpaga ne souska әzir bolardan 15 20 minut buryn salyp dәmin kirgizedi vitaminderin bajytady Sәbizge maj kotanda onyn kuramyndagy karotini erip zhaksy sinedi Botanikalyk sipattamasy Sәbiz sabagynynbojy 1 metrge dejin zhetetein eki zhyldyk shop tektes osimdik Birinshi zhyly zhuan tamyrynan birneshe zhapyrak shygady al ekinshi zhyly sabagy osip shygyp gүldep tukym beredi Sәbizdi botanikalyk turgydan asa sipattaudyn kazheti zhok sebebi ol kopshilik kauymga belgili mәdeni osimdik Қazakstannyn ontүstiginde osiriledi Dәrilik shikizat retinde zhәne vitamindik dәri retinde osimdiktin tүbir tүjnegi men dәni tukymy kүz kezinde zhinap alynady Himiyalyk kasieti Onyn tamyr zhemisinin kuramynda karotin V tobyndagy vitaminder krahmal kant A vitamini azotty zattar mineraldy tuzdar flavnoidtar organikalyk kyshkyldar bar Dәnderinin kuramynda efir majlary zhәne flavoiol kosyndylary karotin bar Sәbiz kuramynda kant akuyz pektin zattary mineral tuzdary kalij natrij fosfor zhәne organizmge kazhetti baska da zattar bar Өsimdik turalySәbiz negizinen ekizhyldyk osimdik Birinshi zhyly zhapyrak tүzushi ortasy men tamyry osse ekinshi zhyly gana tukymy pajda bolady 60 ka zhuyk tүri Afrika Australiya Zhana Zelandiya zhәne Amerikada ken taragan Tamyr zhүjesi zhaksy damygan ettiligi men tүrine karaj uzartylgan konus cilindr pishindes bolady zhәne salmagy 30 grammnan 300 grammga dejin zhetedi Tүsi ak akshyl sary kyzyl sary bolyp keledi En algash sәbiz Auganstanda osirilgen Osy elde sәbizdin en kop tүri tirkelgen Sәbizdin barlyk derlik mәdeni tүri onyn tabigi nemese zhabajy tүrinen selekciya nәtizhesinde alyngan Degenmen sәbizdin algashkyda tamyry үshin emes hosh iisti zhapyraktaryna bola osirilgenin ajta ketu kerek Sәbizdin mәdeni tүri tek X XIII gasyrlarda kelgen Koptegen kitaptarda sәbizdin sol kezennen bastap kana tagam retinde koldanylgany zhajly derekter bar Sәbizdin kuramynda karotindor karotin likopin vitaminderi askorbin kyshkyly 3 15 molsherinde kant zhәne az molsherde efir majy bar ҚoldanyluySәbizdin tamyry zheuge zharamdy zhәne ol tagam industriyasynda үlken oryn alady Sonymen katar sәbiz medicinada da koldanylady Kobinese avitaminozdy emdeude үlken suranyska ie Komirsutek ajnalymyn kalpyna keltirip zhasusha aralyk kyshkyl tүzu procesine katysady zhәne immunitetti arttyrady Sәbiz tukymdarynan alyngan efir majy kosmetika salasynda pajdalanylady Mal dәrigerliginde koldanyluy Mal dәrigerligi praktikasynda sәbizdin tamyry vitamindik azyk retinde asyl tukymdy bukalarga ajgyrlargy koshkarlarga beriledi Ony usaktap zhemge aralastyryp beredi Malga kүndik berilu molsheri buka men ajgyrga 0 5 1 5 kg koshkarga 0 3 0 8 kg Sәbiz zhapyragyn da malga dәreumendik azyk retinde beruge bolady Onyn tukymdyk dәninen zhasalgan tunba 1 10 maldyn askazan ishek zhumysyn zhaksartuga ishektegi zheldi ajdauga bүjrektegi kuyktagy tasty shygaruga pajdalanylady Sәbiz toresiSәbiz toresi Tazartylyp zhuylgan sәbizdi zhumsargansha en durysy buga pisiredi sonan son usaktap үgedi de ogan koyu sүt tuz kazhetinshe kant kosyp kajnatady zhaksylap aralastyrady Ezbege kajmak ne sary maj kosyp ystyktaj dastarkanga koyady Tabakshadagy ezbenin zhiegine kytyrlak nan sүt zhumyrtka kant kospasyna batyrylgan nandy majga kuyryp alady kojsa tipten zhaksy 500 g tazartylgan sәbizge 1 stakan sүt sousy dәmi tatygansha kant pen tuz kerek Buktyrylgan sәbizBuktyrylgan sәbiz Tazartylyp zhuylgan sәbizdi sopakshalap ne tortburyshtap kesip kastroldegi ystyk suga salady da ogan kazhetinshe sary maj kant tuz kosady Ydystyn kakpagyn zhauyp zhumsargansha buktyrady Osydan kejin ystyk sүt kujyp unga shylangan sary maj 2 shaj kasyk kosady da үnemi aralastyra otyryp kajnatady Muny әrtүrli koyu tagamga garnir retinde nemese sary majmen kuyrylgan nanmen birge zheuge de bolady 500 g tazartylgan sәbizge i g stakan sүt 6 shaj kasyk ystyk su kazhetinshe sary maj tuz kant kazhetAsburshak kosylgan sәbiz Tazartylyp zhuylgan sәbizdi tortburyshtap kesip kastrolge salady da ogan 3 as kasyk konservilengen asburshak suyn zhәne sary maj kosyp ydystyn kakpagan zhauyp zhumsargansha buktyrady Sonan son ogan asburshak tuz ben kant kazhetinshe sүt un sebilgen 3 shaj kasyk sary maj kosyp үnemi aralastyra otyryp 8 10 minut kajnatady 500 g tazartylgan sәbizge 11 2 stakan sүt 6 shaj kasyk sary maj 250 g konservilengen asburshak kosyladySәbiz kotletiTazartylyp zhuylgan zhәne үgitilgen sәbizdi kastrolge salyp ogan ystyk sүt 1 shaj kasyk sary maj azdap kant g shaj kasyk kosyp bayau zhangan otka kojyp zhumsargansha buktyrady Sonan son aralastyra otyryp zharma sebedi de koyulangansha үnemi aralastyra otyryp kajnatady Pisken kojyrtpakty sәl suytyp algannan kejin ogan shiki zhumyrtka tuz kosyp zhaksylan aralastyrady da ystyktaj kotlet zhasap kytyrlak nan untagyna audarystyryp majga kuyrady Dastarkanga koyar aldynda kotletke maj ne kajmak sүt ne kajmak sousyn katady 500 g tazartylgan sәbizge 3 4 stakan sүt 21 2 askasyk zharma 2 zhumyrtka 3 as kasyk sary maj kazhet Sүzbe kosylgan sәbiz zapekankasy Sәbiz kotleti sekildi әzirlengen kojyrtpakka sүzilgen ne et tartkyshtan otkizilgen sүzbe kant zhumyrtka tuz kosyp osynyn barlygyn aralastyrady Sodan kejin ony ishin majmen sylap katkan nan untagy sebilgen tabaga salyp betin tegistep nan untagyn seuip maj bүrkip baptagannan kejin kojyp kyzylkүren tartkansha 20 25 minut pisiredi Zapekankany dastarkanga әkelgende kajmakty ne kajmak sousyn bolek koyady 1 kg tazartylgan sәbizge 500 g sүzbe 3 as kasyk zharma 3 zhumyrtka 3 as kasyk kant 3 as kasyk sary maj 3 as kasyk kepken nan untagy kerek Alma kosylgan sәbiz shikidej Sәbizdi iri үkkishpen үgip ogan usaktan turalgan alma limon shyrynyn cedra kant kosyp munyn barlygyn zhaksylap aralastyrady Limon shyrynynyn ornyna apelsin shyrynyn da pajdalanuga bolady Muny salkyn et tagamdaryna tuzdyk ne garnir retinde pajdalangan zhon 300 g sәbizge 300 g alma 2 limon bir shymshym tuz 2 as kasyk kant kazhet Akzhelken kosylgan sәbiz Sәbizdi үkkishpen үgip ogan akzhelken men sirke suyn kosady Ony pisirilgen etke kuyrdakka kotletke t b tagamdarga kosyp zhejdi 200 g sәbizge 4 as kasyk ezilgen akzhelken sirke suyn koskan 1 v stakan su kazhetinshe tuz ben kant kazhet Sәbiz turaly takpakKokonis bul kalauly Zhasamas onsyz palaudy SiltemelerGүlstan osimdikter turaly sajt Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly DerekkozderҚazakstannyn dәrilik osimdikteri Iskendirov Әbish Almaty Қazakstan 1982 188 bet Pajdaly osimdikterdi mal dәrigerliginde koldanu Almaty Қajnar 1988 248b Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Қ 74 Қulzhabaeva G Ә Өsimdikter әlemi oku әdistemelik kesheni Kokonister Didaktikalyk material Almaty 2011 16 b ISBN 978 601 7237 33 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Shәripbaev N Maldyn tynys alu mүshelerinin aurularyn emdeu үshin koldanylatyn dәrilik osimdikter sәbiz Қajnar 1988 B 210 Pajdaly osimdikterdi mal dәrigerliginde koldanu 5700 taralym ISBN 5 629 00074 5 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet