Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыржемістілер — тарна, асханалық қызылша, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; жапырақтылар — қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; жемістілер — томаттар, баялдылар, тәтті бұрыш, ащы бұрыш, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсарлар, гүлді қырыққабат, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі; баданалылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)— шалқан пияз, сарымсақ, порей, батун пияздары, шнитт пиязы.Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, тмин, жалбыз, майоран қияр шөбі, эстрагон.
Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал асханалық қызылша — қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — организмде Д витамині құрылатын — каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ ақуызға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі.
Көкөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар). Көкөністердің жұғымдылығын сақтап қалу үшін оларды дұрыс өӊдеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның ішінде ішектің жұқпалы ауруын қоздырушы микробтармен, гельминттердің жұмыртқаларымен ластануы мүмкін, сондықтан пайдаланбастан бұрын суық сумен мұқият жуу қажет. Тамыр жемістері мен картопты бетіндегі топырағы кеткенше жуады. Содан кейін қабықтарын жұқалап аршып, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болады, сондықтан олардың қабығын жұқалап аршу керек. Таза аршылған көкөністерді қайтадан жуып, тек содан кейін барып турау қажет. Оларды неғұрлым ірілеу кессе, витаминдері солғұрлым азырақ жоғалтады; картоптыӊ кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн. Көкөністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн.
Салат, винегрет жасау үшін картоп, асханалық қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картоп С витаминін 22 % жоғалтса, тазартылған картоп екі есе артық жоғалтады. Тағам дайындау үрдісінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе буда пісіру керек. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнаған ыстық су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды. Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды кастрюльге салып қақпағын нығыздап жауып пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады.
Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салған жөн, оларды 10 минуттан артық қайнатпау керек. Оны дайын болысымен пайдалану керек, ұзақ сақталып, қайтадан жылытса, жұғымды заттары жойылады. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттап астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез семіп, тез бұзылады. Бірақ көкөністі, төмен температурада (0°С төмен) ауа ылғалдығы 90—95% және көлеңкеде жаңа жиналған күйінде ұзақ сақтауға болады. Картоп, тамыржемістер, пияздыӊ сақталғыштығы жоғары, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністерді сақтау мүмкін емес. Консерві өнеркәсібі әр түрлі көкөніс консервілерін шығарады. Консервілеудің қазіргі қолданып жүрген тәсілдері көкөністердегі пайдалы заттар мен витаминдерді сақтауға мүмкіндік туғызады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kokonis tamakka koldanylatyn baksha zhemisteri men kokter kiyar sәbiz kyzanak kyzylsha t b Barlyk kokonister negizinen mynadaj toptarga bolinedi tamyrzhemistiler tarna ashanalyk kyzylsha sәbiz akzhelek tүjnegi bottashyk shalkan turyp shomyr baldyrkok tүjnegi zhapyraktylar kyrykkabat salattar saumalkok askok zhapyrakty zhәne sagakty baldyrkok zhapyrakty akzhelek raugash kymyzdyk zhemistiler tomattar bayaldylar tәtti burysh ashy burysh kiyar karbyz kauyn askabak kәdi samsarlar gүldi kyrykkabat burshak lobiya atbas burshak kant zhүgerisi badanalylar tamakka basy men zhapyragy pajdalanylady shalkan piyaz sarymsak porej batun piyazdary shnitt piyazy Kartop pen hosh iisti dәmdi kokonister anis koriandr kress salat tmin zhalbyz majoran kiyar shobi estragon Kokonister Kokonister bagaly tagam Olardyn tagamdyk mәni bojyndagy tez singish zattardyn ishinara komirsutekterdin boluyna bajlanysty kokonisterde as korytuga pajdaly әserin tigizetin adam organizmine kazhetti vitaminder men mineraldy tuzdar sondaj ak akuyzdar әr tүrli organikalyk kyshkyldar efir majy mol Mysaly kartop krahmalga al ashanalyk kyzylsha kantka baj kyrykkabatta S vitamini al sәbizde organizmde D vitamini kurylatyn karotin A provitamini kop raugashta organikalyk kyshkyldar basym kok burshak akuyzga askok hosh iisti zattarga baj Sondyktan da tamak kuramyna kokonisterdi negurlym kop engizip olardy pisirmej de sondaj ak әr tүrli tagamdardy dajyndagan kezde de pajdalanu kerek Etten balyktan zhәne baska azyktardan dajyndagan tagamdarga kokonisti kosu tagamdy zhaksy korytyp zhaksy siniruge zhәrdemdesedi Kokonisterdin dieta tamagyn dajyndaudagy roli de zor emdik tagamdar Kokonisterdin zhugymdylygyn saktap kalu үshin olardy durys oӊdep sodan kejin baryp әzirleu kerek Kokonisterdin syrty mikrobtarmen onyn ishinde ishektin zhukpaly auruyn kozdyrushy mikrobtarmen gelmintterdin zhumyrtkalarymen lastanuy mүmkin sondyktan pajdalanbastan buryn suyk sumen mukiyat zhuu kazhet Tamyr zhemisteri men kartopty betindegi topyragy ketkenshe zhuady Sodan kejin kabyktaryn zhukalap arshyp shirigen bүlingen zherlerin alyp tastajdy Kokonisterde vitaminder men mineraldy tuzdar tikelej kabyktyn astynda bolady sondyktan olardyn kabygyn zhukalap arshu kerek Taza arshylgan kokonisterdi kajtadan zhuyp tek sodan kejin baryp turau kazhet Olardy negurlym irileu kesse vitaminderi solgurlym azyrak zhogaltady kartoptyӊ kishigirim tүjnekterin bolmej tutas pisirgen zhon Kokonisterdi pajdalanar aldynda tazalap usaktap kesken zhon ondaj mүmkinshilik bolmasa taza dymkyl oramalmen betin zhauyp koyady sonda olar lastanbajdy zhәne kurgap ketpejdi Tazartylgan kokonisterdi su ishinde kaldyruga bolmajdy ojtkeni olardyn bojyndagy nәrli zattary zhojylyp dәmi buzylady Tazartylgan kokonisterdi 3 sagattan artyk 12 S aspajtyn temperaturada saktauga bolmajdy Zhas kiyardy turypty sәbizdi kabygyn arshymaj pajdalangan zhon Salat vinegret zhasau үshin kartop ashanalyk kyzylsha sәbizdi tazartpaj ak pisire beredi Қabygymen pisirgen kartop S vitaminin 22 zhogaltsa tazartylgan kartop eki ese artyk zhogaltady Tagam dajyndau үrdisinde pajdaly zhugymdy zattardyn zhojyluyn azajtu maksatymen tazartylgan kokonisterdi buktyryp nemese buda pisiru kerek Kokonisterdi pisirgen kezde үstine kajnagan ystyk su kujgan zhon ojtkeni S vitaminin zhoyatyn fermentterdin әreketi zhogary temperatura kezinde toktajdy Kokonisterdegi S vitaminin saktap kalu үshin olardy kastryulge salyp kakpagyn nygyzdap zhauyp pisiredi katty zhәne uzak kajnatpau kerek Kokonis pisirgen sudy baska tagamdardy sorpa tuzdyk dajyndau үshin pajdalanuga bolady Zhana zhinalgan kokonisti dajyn tagamga salgan zhon olardy 10 minuttan artyk kajnatpau kerek Ony dajyn bolysymen pajdalanu kerek uzak saktalyp kajtadan zhylytsa zhugymdy zattary zhojylady Salattar men vinegretterdi dajyndagannan kejin tuzdyk kospaj turyp 6 sagattap astam al tonazytkyshta 12 sagattaj saktauga bolady Kokonister tez semip tez buzylady Birak kokonisti tomen temperaturada 0 S tomen aua ylgaldygy 90 95 zhәne kolenkede zhana zhinalgan kүjinde uzak saktauga bolady Kartop tamyrzhemister piyazdyӊ saktalgyshtygy zhogary zhemisti kokonister nashar saktalady zhapyrakty kokonisterdi saktau mүmkin emes Konservi onerkәsibi әr tүrli kokonis konservilerin shygarady Konservileudin kazirgi koldanyp zhүrgen tәsilderi kokonisterdegi pajdaly zattar men vitaminderdi saktauga mүmkindik tugyzady Portal Aspazdyk DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi K54 Қogamdyk tamaktandyru Almaty Mektep baspasy 2007 232 bet ISBN 9965 36 414 1 Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9