Гетеротрофты организмдер (грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек) – негізінен дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганикалық заттардан түзе алмайды. Гетеротрофтарға адам және барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроорганизмдер жатады. Гетеротрофтар энергияны органикалық заттардың биологиялық тотығуының арқасында алады.
Гетеротрофтардың қоректенуіне қарай үш түрі болады: голозойлы және голофитті немесе осмотрофты. Гетеротрофтар – түрлі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін организмдер (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анималды гетеротрофтар – басқа организм денесіндегі сөлдермен қоректенетін организмдер. Табиғатта аралас қоректенетін түрлері де бар, мысалы, арам шырмауық басқа өсімдікке жабысып тіршілік етеді. Жасыл эвглена денесінде жасыл пигменттер (хлорофилл) болғандықтан жарық кезде ол автотрофқа, ал қараңғыда – гетеротрофқа айналады. Кейбір өсімдіктер (қырықбуынның спора түзетін бұтақтары, дәнінің өніп келе жатқан тұқымдары) дамудың белгілі бір сатыларында гетеротрофтар болады.
Гетеротрофты қоректену голозойлық, сапрофиттік, паразиттік және симбионттық болып төртке бөлінеді. Голозойлы организмдерге жануарлар және насекомдармен қоректенетін шықшылдақ, дүңгіршек сияқты кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен қатты органикалық заттарды ұстап алу арқылы қоректенетін қарапайым құрылымды бір клеткалы аздаған балдырлар жатады. Сапрофитті (грек. Sapros - шірінді, phyton - өсімдік) организмдер деп өлі не органикалық шірінділерде тіршілік ететін өсімдіктреді айтады. Сапрофиттерге көпшілік саңырауқұлақтар мен кілегейлілер және бактериялар жатады. Барлық сапрофитті организмдер күрделі органикалық заттарды ыдыратып, қорытуға қолайлы ететін ферменттер бөліп шығарады. Соның нәтижесінде крахмал мен белок глюкоза мен амин қышқылына ыдырайды. Глюкоза саңырауқұлақтың тыныс алу процесіне пайдаланса, амин қышқылы өсу процесіне және ткандардың қалпына келуіне жұмсалады. Глюкозаның артығы гликоген және майға, ал амин қышқылының артығы белок түйіршіктеріне айналып, гифтің цитоплазмасында қор заттары ретінде жиналады. Паразитизм вирустардан, бактериялардан бастап жоғары сатыдағы өсімдіктерге дейін, олардың барлық органдарының даму сатысында болатыны белгілі. Паразит (грек. parasitas) деп басқа организмнің ішінде не үстінде тіршілік етіп, оған зиян келтіретін организмді айтады. Паразиттің иесі оны қоректік затпен, баспанамен қамтамасыз етеді. Әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын паразитттерді патоген деп атайды. Көпшілік төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, вирустар біраз бактериялар клетка ішілік паразиттер. Мұндай паразиттерді эндопаразит деп атайды, ал иесінің үстінде тіршілік етсе эктопаразит дейді. Эктопаразиттер әр уақытта паразитті тіршілік ете бермейді. Оған ақұнтақ саңырауқұлағы жатады. Ақұнтақ иесінен тысқары сырттай шырматылып, тоқыла жатып, жанаса орналасады, тек гаустория сияқты қоректену органы ғана клетка ішіне еніп жатады. Симбиоз (грек. simbiosis - бірге тіршілік) екі организмнің бір-бірімен селбесіп тіршілік етуі. Ондай организмдерді симбионттар дейді. Бұған ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бұршақ тұқымдасының тамырында болатын Rhizobium бактериясы мысал бола алады.
Гетеротрофтар табиғатта синтезделу процесі нәтижесінде аз мөлшерде болса да органикалық заттар (мысалы, көміртектің 10%-ы) түзеді. Құрамында жасыл пигменттер клеткалардың СО2 сіңіретін қабілеті хемосинтез және фотосинтез процестерінің эволюциясында шешуші рөл атқарды. Қазіргі кезде жануарлар тіндерінің де СО2-ні сіңіре алатын қабілеті бар екені анықталған. Осыған байланысты организмдерді автотрофтар мен гетеротрофтарға жіктеу – олардың көміртекті сіңіру қабілетіне емес, пайдаланатын энергия көзіне негізделген. Сондықтан гетеротрофтарға көміртек көзі ретінде күрделі органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, ақуыздар) тотығуынан бөлінген көміртекті пайдаланатын организмдер; – фотохимиялық әрекеттесуді пайдаланатын организмдер; ал – органик. емес заттардың тотығуы кезінде бөлінген энергияны пайдаланатын организмдер жатады.
Гетеротрофтар күрделі органикалық заттарды ыдыратып және минералдандырып отыратын табиғаттағы зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Гетеротрофтар автотрофтармен бірігіп, табиғатта біртұтас биологиялық жүйені құрайды.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Geterotrofty organizmder grek heteros baska zhat trophe korek negizinen dajyn organikalyk zattarmen korektenetin organizmder Olar oz denesinin kuramyn bejorganikalyk zattardan tүze almajdy Geterotroftarga adam zhәne barlyk zhanuarlar parazittik zholmen tirshilik etetin osimdikter sanyraukulaktar koptegen mikroorganizmder zhatady Geterotroftar energiyany organikalyk zattardyn biologiyalyk totyguynyn arkasynda alady Geterotroftardyn korektenuine karaj үsh tүri bolady golozojly zhәne golofitti nemese osmotrofty Geterotroftar tүrli organizmderdin tirshilik әreketi nәtizhesinde ydyragan nemese bolingen onimdermen korektenetin organizmder ashytkylar zen mikrobtary koptegen bakteriyalar golozojly nemese animaldy geterotroftar baska organizm denesindegi soldermen korektenetin organizmder Tabigatta aralas korektenetin tүrleri de bar mysaly aram shyrmauyk baska osimdikke zhabysyp tirshilik etedi Zhasyl evglena denesinde zhasyl pigmentter hlorofill bolgandyktan zharyk kezde ol avtotrofka al karangyda geterotrofka ajnalady Kejbir osimdikter kyrykbuynnyn spora tүzetin butaktary dәninin onip kele zhatkan tukymdary damudyn belgili bir satylarynda geterotroftar bolady Geterotrofty korektenu golozojlyk saprofittik parazittik zhәne simbionttyk bolyp tortke bolinedi Golozojly organizmderge zhanuarlar zhәne nasekomdarmen korektenetin shykshyldak dүngirshek siyakty kejbir zhogary satydagy osimdikter men katty organikalyk zattardy ustap alu arkyly korektenetin karapajym kurylymdy bir kletkaly azdagan baldyrlar zhatady Saprofitti grek Sapros shirindi phyton osimdik organizmder dep oli ne organikalyk shirindilerde tirshilik etetin osimdiktredi ajtady Saprofitterge kopshilik sanyraukulaktar men kilegejliler zhәne bakteriyalar zhatady Barlyk saprofitti organizmder kүrdeli organikalyk zattardy ydyratyp korytuga kolajly etetin fermentter bolip shygarady Sonyn nәtizhesinde krahmal men belok glyukoza men amin kyshkylyna ydyrajdy Glyukoza sanyraukulaktyn tynys alu procesine pajdalansa amin kyshkyly osu procesine zhәne tkandardyn kalpyna keluine zhumsalady Glyukozanyn artygy glikogen zhәne majga al amin kyshkylynyn artygy belok tүjirshikterine ajnalyp giftin citoplazmasynda kor zattary retinde zhinalady Parazitizm virustardan bakteriyalardan bastap zhogary satydagy osimdikterge dejin olardyn barlyk organdarynyn damu satysynda bolatyny belgili Parazit grek parasitas dep baska organizmnin ishinde ne үstinde tirshilik etip ogan ziyan keltiretin organizmdi ajtady Parazittin iesi ony korektik zatpen baspanamen kamtamasyz etedi Әr tүrli zhukpaly aurulardy tugyzatyn parazittterdi patogen dep atajdy Kopshilik tomengi satydagy sanyraukulaktar virustar biraz bakteriyalar kletka ishilik parazitter Mundaj parazitterdi endoparazit dep atajdy al iesinin үstinde tirshilik etse ektoparazit dejdi Ektoparazitter әr uakytta parazitti tirshilik ete bermejdi Ogan akuntak sanyraukulagy zhatady Akuntak iesinen tyskary syrttaj shyrmatylyp tokyla zhatyp zhanasa ornalasady tek gaustoriya siyakty korektenu organy gana kletka ishine enip zhatady Simbioz grek simbiosis birge tirshilik eki organizmnin bir birimen selbesip tirshilik etui Ondaj organizmderdi simbionttar dejdi Bugan auadagy bos azotty bojyna siniretin burshak tukymdasynyn tamyrynda bolatyn Rhizobium bakteriyasy mysal bola alady Geterotroftar tabigatta sintezdelu procesi nәtizhesinde az molsherde bolsa da organikalyk zattar mysaly komirtektin 10 y tүzedi Қuramynda zhasyl pigmentter kletkalardyn SO2 siniretin kabileti hemosintez zhәne fotosintez procesterinin evolyuciyasynda sheshushi rol atkardy Қazirgi kezde zhanuarlar tinderinin de SO2 ni sinire alatyn kabileti bar ekeni anyktalgan Osygan bajlanysty organizmderdi avtotroftar men geterotroftarga zhikteu olardyn komirtekti siniru kabiletine emes pajdalanatyn energiya kozine negizdelgen Sondyktan geterotroftarga komirtek kozi retinde kүrdeli organikalyk kosylystar komirsular majlar akuyzdar totyguynan bolingen komirtekti pajdalanatyn organizmder fotohimiyalyk әrekettesudi pajdalanatyn organizmder al organik emes zattardyn totyguy kezinde bolingen energiyany pajdalanatyn organizmder zhatady Geterotroftar kүrdeli organikalyk zattardy ydyratyp zhәne mineraldandyryp otyratyn tabigattagy zat almasuda manyzdy rol atkarady Geterotroftar avtotroftarmen birigip tabigatta birtutas biologiyalyk zhүjeni kurajdy