Бұл мақалада дереккөздер жетіспейді. Ақпарат тексерілуі керек немесе мақала жойылуға ұсынылады. Сіз бұл мақаланы өңдеп үлес қоса аласыз: ол үшін сенімді дереккөздерге сілтеме жасау керек. |
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы.
Қазақстан облысы | |||
Батыс Қазақстан облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны | 12 | ||
Ауылдық округтер саны | 147 | ||
Кенттік әкімдіктер саны | 3 | ||
Қалалық әкімдіктер саны | 2 | ||
Ауыл саны | 413 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 51°14′00″ с. е. 51°22′00″ ш. б. / 51.23333° с. е. 51.36667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°14′00″ с. е. 51°22′00″ ш. б. / 51.23333° с. е. 51.36667° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы | 151 339 км² (8- орын) | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | ▲ 688 091 адам (2023)(12- орын) | ||
Тығыздығы | 4,5 адам/км² (10- орын) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар 77,82 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 7112 xx-xx-xx | ||
Пошта индекстері | 09xxxx | ||
Автомобиль коды | 07 | ||
ISO 3166-2:KZ коды | KZ-ZAP | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы | Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, №179 | ||
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі | |||
| |||
Ортаққордағы санаты: Батыс Қазақстан облысы |
Облыс 1932 жылғы 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы — 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9–12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрлі, Деркөл, Зашаған, Круглоозёрное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.
Аудандары
Батыс Қазақстан облысында 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Аумағы (км²) | Халқы (адам, 2021) | Құрамы |
---|---|---|---|---|
Ақжайық ауданы | Чапаев ауылы | 25,7 мың | 36 199 | 18 а/о |
Бәйтерек ауданы | Перемётное ауылы | 7,4 мың | 58 466 | 22 а/о |
Бөкей ордасы ауданы | Сайқын ауылы | 19,2 мың | 14 480 | 7 а/о |
Бөрлі ауданы | Ақсай қаласы | 5,6 мың | 58 138 | 13 а/о, 1 қала |
Жаңақала ауданы | Жаңақала ауылы | 20,8 мың | 21 501 | 9 а/о |
Жәнібек ауданы | Жәнібек ауылы | 8,2 мың | 14 554 | 9 а/о |
Казталов ауданы | Казталовка ауылы | 18,6 мың | 27 432 | 16 а/о |
Қаратөбе ауданы | Қаратөбе ауылы | 10 мың | 13 629 | 8 а/о |
Сырым ауданы | Жымпиты ауылы | 11,9 мың | 17 369 | 12 а/о |
Тасқала ауданы | Тасқала ауылы | 8,1 мың | 16 348 | 9 а/о |
Теректі ауданы | Теректі ауылы | 8 мың | 38 720 | 15 а/о |
Шыңғырлау ауданы | Шыңғырлау ауылы | 7,2 мың | 13 032 | 8 а/о |
Орал қаласы | — | 0,7 мың | 345 787 | 1 а/о, 3 кент |
Географиясы
Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында , , солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Табиғаты
Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктігі 10–25 метрден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45–65 метр) сырт қырқасы арқылы ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 метр (Ешкітау). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110–260 метр, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).
Топырағы
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, , т.б.) алып жатыр.
Геологиясы және кен байлықтары
Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын қараңыз). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Қазба байлықтары
Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Теплов сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері — Батыс Теплов және Қарашығанақ. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары және басқа қазба байлықтары ашылды.
Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм–қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі аудандарда таралған: пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген; бұлардың жиынтық қоры 16 081 мың метр куб.
Жылдық қуаты 1 300 мың тонна цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1 106 482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21 619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка стансасының жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.
Гидрографиясы
Өзендер
Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 километрден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 километрдей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның екінші жартысында қатып, сәуірдің бірінші жартысында мұзы ериді.
Облыстың негізгі су көзі — Жайық өзені. Облыс шегіне Елек ауылының батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы — 761 километр, су жинайтын алабы — 116 678 шаршы километр. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады.
Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.[дереккөзі?]
Көлдері
Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9 су айдыны 10 шаршы километрден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б.. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.
Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда); олардың айдындарының аумағы 1 532 шаршы км. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мысалы Шежін жайылмасы 2200 шаршы километрді алып жатыр. Дүре — 700 км², Қараөзен — 600–700 км², Сарыөзен — 200–300 км², ал Бұлдырты — 100 км² жуық жерге жайылған.
Флорасы және фаунасы
Жануарлар дүниесі
Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құмтышқан, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңыр қаз, сұр қаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, ақ қайран, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде бекіретәрізділер (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310-ға жуық, бауырымен жорғалаушылардың 19, қосмекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді.[дереккөзі?]
Сүтқоректілерден өздерінің алуантүрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Қамысты-қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде ондатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солтүстік бөлігінде ақ қоян мен дала шақылдағы кездеседі.
Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120-ға жуық түрі бар). Орман — тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сары шымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, кездеседі.
Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400-ге жуық түрі бар, және жарғақ қанаттылар 150–200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың 10–15, өрмекші, кенелердің 100-ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай-ақ моллюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаянтәрізділер (дафния, циклоптар), (инфузория, ), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды.
Өсімдіктер дүниесі
Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында орманы көптеп кездеседі.
Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300-ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңтүстік аудандар шөлдің солтүстік шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады.
Боз даланың оңтүстік шегі бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, кентінен 2 025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинское арқылы Шалқар көлінімен солтүстік жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Облыстың шөптесін қорының басты түрі — жайылмалық шалғындар. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі.
Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы -11–14 °С, кейде -40°С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22–25°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 190 (оңтүстікте)–350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15–20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150–170 тәулік.
Шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, метал өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден «Қарашығанақ кен орны», «, «Зенит», «Металл өңдеу», «Омега» зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде «Надежда» тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім зауыты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра зауыты, нан комбинаты, сондай-ақ, «Жайықжылужарық», «Оралоблгаз», «Диана», «Орал-Алма», «Нұржанар», Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысында республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы ауыл шаруашылығына тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың гектар жерге, техникалық дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал шаруашылығында сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997).
Жолдары
Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі бар. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Негізгі автомагистралдары: Орал–Атырау, Орал–Ақтөбе, Орал–Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.
Мәдениеті
Батыс Қазақстан облысы аумағында 6 мыңнан астам түрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері бар, олардың 14 республикалық маңызы бар ескерткіштерге жатқызылады. Мәдениет және өнер жүйесінде облыста 717 мәдениет мекемелері қызмет етеді.
Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музейлері халыққа қызмет көрсетеді, олардың 13 ауылдық жерде орналасқан. Облыс кітапханалары жүйесінде 377 көпшілік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.
Халқы
Түрлі жылдары жасалған санақтар бойынша Батыс Қазақстан облысы халқының саны:
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
513 077 | 581 499 | 630 887 | 616 800 | 602 133 | 603 832 | 606 534 | 609 291 | 612 479 |
2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
615 310 | 598 341 | 603 828 | 608 280 | 612 498 | 617 640 | 623 977 | 629 932 |
Білім беруі
Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы да Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, , .
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға) (қаз.). stat.gov.kz. Ұлттық статистика бюросы (1 қаңтар 2023). Мұрағат көшірмесі 5 наурыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
- Рысбаев, Қ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына) (қаз.). stat.gov.kz. Ұлттық статистика бюросы (27 сәуір 2022). Мұрағат көшірмесі 27 шілденің 2022 Wayback Machine мұрағатында
- 2018 жылдың 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны (қаз.). Ұлттық статистика бюросы (1 қаңтар 2018). Мұрағат көшірмесі 20 сәуірдің 2021 Wayback Machine мұрағатында
- [1]
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. — ISBN 9965-607-02-8.
- Division of Kazakhstan (ағыл.). pop-stat.mashke.org. Тексерілді, 29 наурыз 2016.
- Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012 (қаз.).
Сыртқы сілтемелер
- Ашық Тізімдеме Жобасындағы Батыс Қазақстан облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalada derekkozder zhetispejdi Akparat tekserilui kerek nemese makala zhojyluga usynylady Siz bul makalany ondep үles kosa alasyz ol үshin senimdi derekkozderge silteme zhasau kerek Batys Қazakstan oblysy Қazakstan Respublikasynyn soltүstik batysyndagy oblysy Қazakstan oblysyBatys Қazakstan oblysyEltanbasyӘkimshiligiOblys ortalygyOralAudandar sany12Auyldyk okrugter sany147Kenttik әkimdikter sany3Қalalyk әkimdikter sany2Auyl sany413ӘkimiNariman ToregalievTarihy men geografiyasyKoordinattary51 14 00 s e 51 22 00 sh b 51 23333 s e 51 36667 sh b 51 23333 51 36667 G O Ya Koordinattar 51 14 00 s e 51 22 00 sh b 51 23333 s e 51 36667 sh b 51 23333 51 36667 G O Ya Қurylgan uakyty10 nauryz 1932 zhylZher aumagy151 339 km 8 oryn Uakyt beldeuiUTC 5 00Ekonomikalyk audanyBatys ҚazakstanTurgyndaryTurgyny 688 091 adam 2023 12 oryn Tygyzdygy4 5 adam km 10 oryn Ұlttyk kuramykazaktar 77 82 orystar 18 05 ukraindar 1 25 tatarlar 1 23 baskalary 1 65 2022 Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 7112 xx xx xxPoshta indeksteri09xxxxAvtomobil kody07ISO 3166 2 KZ kodyKZ ZAPBaskalaryӘkimdiktin mekenzhajyOral kalasy Nazarbaev dangyly 179Batys Қazakstan oblysynyn әkimdigiOrtakkordagy sanaty Batys Қazakstan oblysy Oblys 1932 zhylgy 10 nauryzda Batys Қazakstan oblysy bolyp kurylgan 1962 zhyly Oral oblysy bolyp ozgertilgen 1992 zhyldan Batys Қazakstan oblysy bolyp atalady Zherinin aumagy 151 3 myn km turgyndary 646 828 adam 2018 Әkimshilik zhagynan Batys Қazakstan oblysy 12 auyldyk әkimshilik audanga olar 4 kenttik zhәne 155 auyldyk әkimshilik okrugterge bolingen Ortalygy Oral kalasy Oblystagy 539 eldi mekennin turgyndary birkelki ornalaspagan Halyktyn ortasha tygyzdygy 1 km ge 4 0 adamnan keledi 1999 Soltүstik audandarda zhәne Zhajyk ozeninin angarynda halyk zhii konystangan 1 km ge 9 12 adam Қala halky bүkil halyktyn 49 1 kurajdy Қalalary Oral Aksaj iri kentteri Borli Derkol Zashagan Krugloozyornoe Chapaev Taskala Shyngyrlau AudandaryBatys Қazakstan oblysynda 12 audan men 1 oblystyk manyzdagy kala bar Әkimshilik birlik Ortalygy Aumagy km Halky adam 2021 ҚuramyAkzhajyk audany Chapaev auyly 25 7 myn 36 199 18 a oBәjterek audany Peremyotnoe auyly 7 4 myn 58 466 22 a oBokej ordasy audany Sajkyn auyly 19 2 myn 14 480 7 a oBorli audany Aksaj kalasy 5 6 myn 58 138 13 a o 1 kalaZhanakala audany Zhanakala auyly 20 8 myn 21 501 9 a oZhәnibek audany Zhәnibek auyly 8 2 myn 14 554 9 a oKaztalov audany Kaztalovka auyly 18 6 myn 27 432 16 a oҚaratobe audany Қaratobe auyly 10 myn 13 629 8 a oSyrym audany Zhympity auyly 11 9 myn 17 369 12 a oTaskala audany Taskala auyly 8 1 myn 16 348 9 a oTerekti audany Terekti auyly 8 myn 38 720 15 a oShyngyrlau audany Shyngyrlau auyly 7 2 myn 13 032 8 a oOral kalasy 0 7 myn 345 787 1 a o 3 kentGeografiyasyShygysynda Aktobe ontүstiginde Atyrau oblystarymen batysynda Resejdin Astrahan Volgograd soltүstik batysynda soltүstiginde Orynbor oblystarymen shektesedi Tabigaty Batys Қazakstan oblysy aumagynyn basym boligi Kaspij many ojpatynyn soltүstiginde ornalaskan Zher bederi negizinen kumdy alkaptar men sor ojpandar almasyp zhatkan zhazyk bolyp keledi Bul onirdin absolyuttik biiktigi 10 25 metrden aspajdy Soltүstigindegi kyrat boligi absolyuttik biiktigi 45 65 metr syrt kyrkasy arkyly ulasady Zhalpy Syrttyn osy tustagy en biik zheri 259 metr Eshkitau Oral үstirtinin oblys zherindegi boligi kurgak arnalarmen tilimdengen zhondy belesti onir Onyn absolyuttik biiktigi 110 260 metr en biik zheri Aktau Bortau tauy 263 m Topyragy Batys Қazakstan oblysynyn soltүstik boligi dalalyk beldemde kalgan zheri sholejt zhәne shol beldemderde zhatyr Oblys zherinin 15 in kumdy alkap alady Қiyr soltүstik Syrt suajryktarynda kara Syrt zhәne Oral үstirtinin kyratty bolikterinde kyzyl konyr ozen angarlarynda shalgyndy sortan shogindi kumdak sazdy topyrak tүrleri taragan Oblystyn ontүstik boligin kumdy alkaptar Naryn Kokozenkum Akkum t b alyp zhatyr Geologiyasy zhәne ken bajlyktary Zher kyrtysy bor kezeninin mergelinen paleogennin kumtastarynan әktastarynan tүzilgen Olardyn betin Kaspij many ojpatynyn torttik kezen shogindileri zhapkan Өzen angary allyuvij shogindilerinen kuralgan Oblys zherinde tuz kүmbezderinen kuralgan iri tektonik kurylymdar Sasaj t b kop Oblystyn zher kojnauy munajga әsirese gazga gaz kondensat mejlinshe baj Munda Қazakstandagy zerttelgen gaz kondensaty korynyn 90 ten astamy shogyrlangan Қarashyganak munaj gaz kondensat ken ornyn karanyz Odan baska oblys aumagynda zhangysh taktatas Chernozaton Togaj Novoshanovo kalij magnij tuzdary Shalkar koli cementtik shikizat Aksuat Shanovo keramzittik saz Tujyksaj Pogodaev t b kurylys materialdary ken oryndary bar Қazba bajlyktary Oblys aumagynda Cyganov Ulyanov Gremyachinsk Teplov syndy birkatar gaz kondensattary men munaj kenderi anyktalgan Olardyn ishindegi en irileri Batys Teplov zhәne Қarashyganak Sonymen birge Chernozaton Tүksaj Novosemenov zhangysh taktatastar kenderi tabyldy Tas tuzy kalij zhәne bor kabatyndagy tuzdar gips әk zhynystary zhәne baska kazba bajlyktary ashyldy Қurylyska zharamdy mineraldy shikizattardan oblysta kirpish zhәne cement ondirisi shikizaty keramzit әk kurylystyk kum kum kiyrshyk kospalary kurylys tastary olardy almastyratyn baska tүzilimder bar Keramzitti shikizattyn Pogodaev zhәne Tүksaj kenderi barlangan Aktau Belaya Gorka keninin kumy silikatty kirpish dajyndau үshin pajdalanylady Әk ondiruge zharamdy bor oblystyn soltүstik zhәne ontүstik bolikterindegi audandarda taralgan pajdaly kazbalardyn ondiristik balansyna Aktau Belaya Gorka zhәne Borli kenderi engizilgen bulardyn zhiyntyk kory 16 081 myn metr kub Zhyldyk kuaty 1 300 myn tonna cement zauytyn shikizatpen tolyk kamtamasyz etetin kory 1 106 482 myn metr kub Aksuat keni barlandy Gidravlikalyk kosymsha retinde kory 21 619 myn metr kub bolatyn kremnij sazy bar Shipov keninin pajdalanyluy mүmkin Қysh shikizaty Fedrovka stansasynyn zhanynan ashyldy kory 2042 myn metr kub GidrografiyasyӨzender Oblystagy ozender Kaspij tenizi alabynda zhatyr Ұzyndygy 100 kilometrden asatyn 14 ozen bar Basty su arteriyasy Zhajyk ozeni soltүstik shygystan ontүstikke karaj agady Onyn oblys zherindegi uzyndygy 500 kilometrdej Zhajykka oblys aumagynda Embolat Shagan Derkol Elek Shyngyrlau Barbastau ozenderi kuyady Oblystyn shygys zhagyndagy shagyn Өlenti Қaldygajty Zhaksybaj ozenderi Oral үstirtinen bastalyp kumga sinip zhogalady Өzenderi karashanyn ekinshi zhartysynda katyp sәuirdin birinshi zhartysynda muzy eridi Oblystyn negizgi su kozi Zhajyk ozeni Oblys shegine Elek auylynyn batys zhagynan engen ozen batys bagytka karaj agyp Oral kalasyna dejin zhetip ontүstikke shugyl burylady da Soltүstik Kaspij manyn kesip otedi Oblys shegindegi uzyndygy 761 kilometr su zhinajtyn alaby 116 678 sharshy kilometr Barbastau ozeninen tomenirek Zhajyktan Koshim Қabyrshakty bolinip shygady Zhajyk ozeni bүkil oblys zherin zher beti agyn sularynyn zhiiligi әr tүrli kos torapka azhyratady Sol zhagalaulyk ozen tory tygyzdygynyn koefficienti K 0 54 km km kvadrat molsherimen sipattalady on zhagalaulyk boliktegi ozen tory tygyzdygynyn koefficienti K 0 26 km km kvadrat Bүkil oblys үshin ozen torynyn tygyzdygy Zhajyk ozenisiz 0 036 km km kvadrat Zhajykpen kosyp eseptegende 0 040 km km kvadrat koefficentpen sipattalady Zhalpy oblysta үlkendi kishili 200 den astam ozen bar olardyn 65 i zhazda keuip kurgak arnalarga ajnalady uzyndygy 10 km den aspajtyn shagyn zhylga ozender de barshylyk Ұzyndygy 200 km den asatyn ozender nebәri 8 Қaraozen Saryozen Elek zherinde tek ozderinin sagalyk boligi men gana agady olardyn zhalpy agyny sheginen tys kalyptasady Өnirdin zher bederi men topyrak kabatynyn ereksheligine bajlanysty koptegen ozenderdin arnalary ote irelen kalyptaskan Mys Barbastaudyn irelendeu koefficienti K 1 4 Sholankaty K 1 04 Zhaksybaj 1 07 Ashyozek K 1 75 Mukyr K 1 4 ke ten keledi derekkozi Kolderi Batys Қazakstan oblysynda 140 tan astam kol bar Onyn 9 su ajdyny 10 sharshy kilometrden asady Suy tushy manyzdy kolderi Қamysty Samar Itmurynkol Sulukol iri tuzdy kolderi Shalkar Aralsor Zhaltyr Zhaltyrkol Botkol t b Zher betindegi agyndy sudy retteu үshin oblys aumagynda birneshe bogender salyngan Olar negizinen Koshim sulandyru zhүjesinde zhәne Қaraozen Үlkenozen bojynda Bitik Dongelek Kirov Pyatimar Saryshagan Ajdarhan ornalaskan Oblystagy koldin taralu koefficienti 10 zhajylma sulardy esepke almaganda olardyn ajdyndarynyn aumagy 1 532 sharshy km Oblystyn ozen bojlaryna zhuyk onirlerinde zhajylma su karasu ajdyndary kop Mysaly Shezhin zhajylmasy 2200 sharshy kilometrdi alyp zhatyr Dүre 700 km Қaraozen 600 700 km Saryozen 200 300 km al Buldyrty 100 km zhuyk zherge zhajylgan Florasy zhәne faunasyZhanuarlar dүniesi Batys Қazakstan oblysynyn togajly ormandy onirlerinde bulan elik ozender bojyndagy kalyn kamys arasynda kaban ontүstigindegi kumdy zhagynda akboken tүlki karsak kaskyr koyan kүzen kundyz kemirgishterden saryshunak kumtyshkan t b mekendejdi Oblysta kustardyn koptegen tүrleri akku konyr kaz sur kaz tyrna birkazan balykshy kur akiyk kezkujryk bezgeldek karshyga t b kezdesedi Өzen kolderi balykka baj sazan kokserke ak kajran taban zhajyn shortan t b Zhajyk ozeninde bekiretәrizdiler bekire shokyr kezdesedi Oblys aumagynda sүtkorektilerdin 70 tүri kustardyn 310 ga zhuyk bauyrymen zhorgalaushylardyn 19 kosmekendilerdin 7 balyktardyn 51 әr aluan omyrtkasyzdardyn myndagan zhәne dongelek auyzdylar mekendejdi derekkozi Sүtkorektilerden ozderinin aluantүrliligimen erekshelinetin kemirgishter de bar Қamysty kogaly kalyn nudyn arasynda kejbir ozender men iri kolderde ondatr su tyshkany mekendejdi Zhajyktyn eski arnalarynda kajtadan kundyz kezdese bastady Orkoyan ken taralgan al oblystyn soltүstik boliginde ak koyan men dala shakyldagy kezdesedi Қustardyn ishinde en kobi torgaj tektester 120 ga zhuyk tүri bar Orman togajda kyzyltorgaj mysyktorgaj sary shymshyk kyzylkujryk maktantorgaj kurkyltaj kezdesedi Omyrtkasyzdar ishinde buynayaktylary әsirese zhәndikter 2 5 myn tүrge zhuyk kop zhәne konyzdar basym bolyp tabylady 1 2 myn tүrge zhuyk Kobelekter otryadynyn 400 ge zhuyk tүri bar zhәne zhargak kanattylar 150 200 tүrden sanalady Әr tүrli tiptegi omyrtkasyzdar negizinen topyrak kabatynda taralgan Olardyn ishinde karapajymdylar men iri kurttardyn 10 15 ormekshi kenelerdin 100 den astam tүri bar Su tүbin mekendeushilerden әdette әr tүrli kurttar buynayaktylar men olardyn dernәsilderi shamamen 100 tүrden sondaj ak mollyuskalar kezdesedi Planktonnyn negizgi massasyn shayantәrizdiler dafniya cikloptar infuzoriya zhәndikterdin dernәsilderi hiromid zhәne baskalary kurajdy Өsimdikter dүniesi Oblystyn soltүstik boliginde betegeli dala osimdikteri men sholejt beldemnin osimdik tүri basym Өzen zhajylymdarynda astyk tukymdasty shop tүrleri kej zherlerde kalyn kamys kurak osken Zhajyk angarynda terek emen kajyn tal Syrt zhәne Oral үstirtinde Elek ozeni alabynda ormany koptep kezdesedi Oblystyn florasynda 106 tukymdaska zhatkyzylatyn gүldi osimdikterdin 1300 ge zhuyk tүri olardyn ishinde kүrdeli gүldi 220 atbas burshakty 139 astyk tukymdas 118 kokpek 113 ziyagүl 104 tүrleri bar Oblystyn osimdi zhamylgysynda үsh beldem zona element kezdesedi Soltүstikten nagyz dala beldem otedi ortalyktyn edәuir boligi shol dala nemese sholejit beldemge enedi al ontүstik audandar sholdin soltүstik shegine ulasady Zhalpy osimdik zhamylgysynda bir kezderi dalalyk sipattyn basym bolgany bajkalady birak ony pajdalanu barysynda tabigi zhagdajynyn ozgeruinen birte birte sholge ajnalu kubylysy etek zhayuda Negizinen nagyz dala zonasy oblystyn soltүstik boligin alyp zhatyr zhәne bul onir boz әri betegeli dala bolyp tabylady Boz dalanyn ontүstik shegi bastauynan Қaraozen zhәne Saryozen arkyly kentinen 2 025 km ontүstikke odan әri Zhalpy Syrt silemderimen Krasnyj kentine dejin Darinskoe arkyly Shalkar kolinimen soltүstik zhagalaumen sodan son Elek zhәne Қobda su ajyrygyn bole shygyska karaj otedi Oblystyn shoptesin korynyn basty tүri zhajylmalyk shalgyndar Zhajylmalyk shalgyndarda kobine miyamen aralasa bidajyk sulybas osedi KlimatyOblystyn klimaty kontinenttik Қysy suyk zhazy ystyk әri kurgak Қantar ajynyn ortasha temperaturasy 11 14 S kejde 40 S ka dejin tomendejdi shilde ajyndagy temperatura 22 25 S kejde 40 S ka dejin koteriledi Zhauyn shashynnyn kopzhyldyk ortasha molsheri 190 ontүstikte 350 mm soltүstikte Қar zhamylgysy 70 kүnnen ontүstikte 140 kүnge soltүstikte dejin zhatady Zhyl bojyna ekpindi zhelder kejde 15 20 m s ka dejin bolyp turady Өsimdikterdin vegetaciyalyk kezeni 150 170 tәulik SharuashylygyBatys Қazakstan oblysy ekonomikasynda auyl sharuashylyk ondirisinin үlesi basym Munda astyk egu zhajylymdyk mal sharuashylygy etti sүtti siyr osiru damygan Oblys sharuashylygynyn negizgi salasynyn biri onerkәsip Oblysta munaj gaz ondiru metal ondeu zhәne mashina zhasau tamak zhenil kurylys materialdary auyl sharuashylyk tehnikasyn zhondeu halykka turmystyk kyzmet korsetu t b salalar zhaksy damygan Iri ondiristerden Қarashyganak ken orny Zenit Metall ondeu Omega zauyttary zhenil zhәne tamak onerkәsibinde Nadezhda tigin tokyma kombinaty bylgary ayak kiim zauyty an terisin ondeu balyk kombinattary arak sharap syra zauyty nan kombinaty sondaj ak Zhajykzhyluzharyk Oraloblgaz Diana Oral Alma Nurzhanar Oralagroremmash t b kәsiporyndary zhumys istejdi Batys Қazakstan oblysynda respublikadagy tabigi gazdyn 30 ten astamy ondiriledi Oblystagy auyl sharuashylygyna tiimdi zher 13 9 mln ga 1997 Onyn ishinde zhyrtylatyn zher aumagy 1 4 mln ga shabyndyk 940 myn ga zhajylymy 8 2 mln ga Astyk dakyldary 934 myn gektar zherge tehnikalyk dakyldar 34 1 myn ga kartop zhәne kokonis baksha dakyldary 7 6 myn ga zhemshop dakyldary 222 myn ga zherge egiledi Mal sharuashylygynda siyr sany 444 myn koj men eshki 904 myn shoshka 28 5 myn zhylky 94 myn tүje 3 9 myn kustyn sany 371 myn 1997 ZholdaryBatys Қazakstan oblysynda temir zhol avtomobil zholy zhәne su zholy koligi bar Temir zholdyn zhalpy uzyndygy 417 km Avtomobil zholdarynyn uzyndygy 8 5 myn km onyn ishinde 2 5 myn km zhol asfalttangan Negizgi avtomagistraldary Oral Atyrau Oral Aktobe Oral Orynbor Zhajyk ozeninen Atyrauga dejin keme katynajdy Қazakstannyn iri kalalarymen zhәne kejbir shet el kalalarymen әue katynasy bar MәdenietiBatys Қazakstan oblysy aumagynda 6 mynnan astam tүrli dәuirdegi arheologiyalyk eskertkishter zhәne 500 den astam tarih sәulet zhәne monumentaldy oner eskertkishteri bar olardyn 14 respublikalyk manyzy bar eskertkishterge zhatkyzylady Mәdeniet zhәne oner zhүjesinde oblysta 717 mәdeniet mekemeleri kyzmet etedi Oblysta tarihi mәdeni murany nasihattau maksatynda 22 tarihi olketanu memorialdyk muzejleri halykka kyzmet korsetedi olardyn 13 auyldyk zherde ornalaskan Oblys kitaphanalary zhүjesinde 377 kopshilik kitaphana halykka kyzmet korsetedi HalkyTүrli zhyldary zhasalgan sanaktar bojynsha Batys Қazakstan oblysy halkynyn sany 1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007513 077 581 499 630 887 616 800 602 133 603 832 606 534 609 291 612 4792008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015615 310 598 341 603 828 608 280 612 498 617 640 623 977 629 932Bilim berui Oblysta 4 zhogargy oku orny bar olardyn barlygy da Oral kalasynda ornalaskan atap otkende Mahambet Өtemisov atyndagy Batys Қazakstan universiteti Zhәngir han atyndagy Batys Қazakstan agrarlyk tehnikalyk universiteti DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga kaz stat gov kz Ұlttyk statistika byurosy 1 kantar 2023 Muragat koshirmesi 5 nauryzdyn 2023 Wayback Machine muragatynda Rysbaev Қ Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna kaz stat gov kz Ұlttyk statistika byurosy 27 sәuir 2022 Muragat koshirmesi 27 shildenin 2022 Wayback Machine muragatynda 2018 zhyldyn 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn oblystar kalalar zhәne audandar bojynsha sany kaz Ұlttyk statistika byurosy 1 kantar 2018 Muragat koshirmesi 20 sәuirdin 2021 Wayback Machine muragatynda 1 Batys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8 Division of Kazakhstan agyl pop stat mashke org Tekserildi 29 nauryz 2016 Қazakstan Respublikasynyn oblystary kalalary zhәne audandary bojynsha halyk sany 2003 2012 kaz Syrtky siltemelerAshyk Tizimdeme Zhobasyndagy Batys Қazakstan oblysy Muragattalgan 9 nauryzdyn 2017 zhyly