Бөкей ордасы ауданы — Батыс Қазақстан облысының батысындағы әкімшілік бөлініс.
Қазақстан ауданы | |
Бөкей ордасы ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 7 |
Ауыл саны | 20 |
Әкімі | Нұрлыбек Жасқайратұлы Даумов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Сайқын ауылы, Жароков көшесі, №31 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 48°48′45″ с. е. 46°45′49″ ш. б. / 48.81250° с. е. 46.76361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°48′45″ с. е. 46°45′49″ ш. б. / 48.81250° с. е. 46.76361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы | 19,2 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 14 425 адам (2023) |
Тығыздығы | 0,75 адам/км² |
Ұлттық құрамы | қазақтар (99,24%), орыстар (0,31%), татарлар (0,18%), басқалары (0,27%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 090200- 090206 |
Автомобиль коды | 07 |
Бөкей ордасы ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Жәнібек, Казталов, шығысында Жаңақала аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Құрманғазы ауданымен және батысында Ресеймен шекаралас.
Облыс аумағының бедері тегіс. Аймақ Каспий маңы ойпатында орналасқан, едәуір бөлігі теңіз деңгейінен төмен. Аумақтың көп бөлігін Нарын құмдары алып жатыр. Ең биік нүкте - оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Кіші Боғда тауы, теңіз деңгейінен 37,5 м биіктікте. Табиғи құрылыс материалдарының қоры тереңдікте зерттелген.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты континенталды, қысы аязды, жазы орташа ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -12-14°С, шілде 24-25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм. Аудан арқылы Ащыөзек өзені ағып өтеді. Көлдері: Аралсор, Боркөл және басқалар. Топырақтары ашық-каштан, құмды. Бетеге, жусан, көкбұршақ, ебелек және басқалары өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, қабан, қарсақ; құстардан үйрек, қаз және басқа құстар ұя салады. Аудан жартылай шөлді табиғи аймақта орналасқан. Сонымен қатар, аймаққа тән ерекшелік - құмды массивтерінде ормандардың болуы, орманды аумақтардың бір бөлігі табиғи ормандар, бір бөлігі - екпелі орман. Мемлекеттік орман қорының ауданы 2019 жылдың 1 қаңтарына 16405 га құрайды, оның ішінде 5027 га орманды. Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бөкей Ордасы ауданында Қазақстан Республикасы бойынша мал шаруашылығы ең жақсы дамыған аудандардың бірі.
Атауы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801-1845 жылдар аралығында құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Бөкей Ордасында Қазақстан тарихында алғаш рет мектеп, жәрмеңке, қазынашылық ашылған. 1845 жылы хандық билік жойылып, Астрахань губерниясы құрамына кірді. 1917 жылы өз алдына Бөкей губерниясы болып құрылды. Азамат соғысы жылдары, 1918 жылы 01 желтоқсан күні, Батыс Қазақстан облысы бойынша ең бірінші Кеңес Одағы орнады.↵Кеңес Одағының саясатының кесірінен губерния Қырғыз (Қазақ) АКСР құрамына қосылып,
1925 жылы Бөкей губерниясы таратылып, Орал губерниясының құрамына енгізілді Губернияның көптеген жерлері Қазіргі РФ Астрахань, Волгоград облыстары және ҚР Атырау облыстары аумағына қосылды. Сол жылы Бөкей уездік болып құрылып. 1928 жылы Бөкей уезінің аты Орал облысының Орда ауданы болып өзгертілді. Осы уақыттан бастап Бөкей ордасы атауы жойылды.
2001 жыл ордалықтар үшін екі бірдей қуаныш әкелді. Оның бірі — Тәуелсіздіктің 10 жылдығы болса, екіншісі — 200 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президентінің 10.03.2000 жылғы жарлығымен Бөкей Ордасы ауданы атауы қайтарылып берілді. 2012 жылы Бөкей Ордасы ауданы көршілес Жәнібек ауданынан бөлініп, аудан болып қайта құрылуының 40 жылдығы атап өтілді.
Аудан тарихы
Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз - Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық-рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі.
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер "Хан тоғайы" деп аталады. 1815 жылдың 21 мамырында Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына уақытша сұлтан Шығай Нұралы хан ұлы отырады.
1823 жылы Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 жылы 22 маусымда "Хан тоғайында" ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік - шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 - 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал - майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.
Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын.
1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады.
1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды.
Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би - сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік - династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару - жарағын жинастырып, қару - жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 жылы С.Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 жылдан бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 жылы Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А.Сергачев келеді. Кейін 1839 жылы тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф.Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 жылы Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 жылы хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда - саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Саратов, Мәскеу, Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 жылы көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 жылғы тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 жылы өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны "Хан мешіті" деп атаған.
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға - И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы халық көтерілісі. Бүл - патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1840 жылы Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П.Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе - зерттеу жұмыстары қолға алынады.
Ел болашағының білімде екенін түсінген Жәңгір 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласындағы ең түңғыш қазақша - орысша білім беретін мектеп ашады. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым - этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым - зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.
Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді "Қазан университетінің құрметті мүшесі" етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында "Северная пчела", "Отечественные записки", "Современник" басылымдары, Шинкелдің "Архитектура XIX ст.", Гогольдің "Мертвые души" кітаптары болған.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым - зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С.Карелин, В.И.Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік - зерттеулерінде жазып көрсетеді.Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100 - ден астам орыс және шетел зерттеушілері болған. 1842 жылы Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Я.В.Ханыков Бөкей ордасының территориялық картасын жасайды. Сол кездегі хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Казталовка, Жаңғала, Орда аудандары, Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы аудандары, көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласовка ауданының, Астрахан облысы Құмөзек, Володар, Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген.
1841 жылы Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта - телеграф байланысы орнатылады.
1845 жылы 11 тамызда Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік - Уақытша Кеңес құрылады. Уақытша Кеңес 1845 - 1917 жылдар аралығында билік жүргізеді.
1860 жылы Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс - Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім - правительдер басқарады.
1862 жылы Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О.Бальзактың, У.Шекспирдің, Г.Гюгоның, Т.Шевченконың кітаптары, сондай - ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын "Казначейство" мекемесі 1867 жылы ашылып, банк қызметін атқарады.
1869 жылы 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 жылы Ресейден ауа - райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды.
1832 жылы Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 жылдан бастап қолға алынады. 1908 жылы Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде - Нарын қарағайы дүниеге келеді.
1908 жылы қазақ даласындағы ең түңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М.Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А.Деминский, А.Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н.Доброхотова жұмыс жасады.
1911 жылы қазақ баспасының қарлығаштарының бірі - "Қазақстан" газеті белгілі ақын Г.Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады.
Қазақстандағы ең тұңғыш Ұлы Қазан революциясы орнаған жер - Орда болатын. 1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады. 1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда "Дұрыстық жолы", "Киргизская правда", т.б. газет - журналдар басылып шығады. 1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады. Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. "Жігер" жастар ұйымы кұрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт - аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И.Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылды.
Қазіргі уақытта Бөкей Ордасы ауданы экономикалық қарқыны ең жоғарғы дамыған аудандардың бірі. Елбасы, Қазақстан Республикасының бірінші және экс-президенті Н.Ә.Назарбаев екі мәрте Бөкей Ордасы ауданында ресми сапармен келген. Батыс Қазақстан облысының аудандарының бірде-бір ауданына сапармен Қазақстан басшылары сапармен бармаған екен.
Ұлы Отан соғысы
1941—45 жж. Ұлы Отан соғысы жылдары Орда ауданы Қазақстандағы соғыс жағдайына келтірілген бірден-бір аудан болды. Ордалық 2000-нан астам азамат туған Отанын қорғауға аттанды. Ордалықтар Ақмедияр Құсайынов, Темір Масин және батыр қос қыздарымыздың біреуі Мәншүк Мәметовға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері, Орда ауданының тумасы Шәкір Жексенбаев, Қазақстанның тұңғыш Кеңес әскерінің әскери генералы. Соғыстан кейінгі кезеңде ел шаруашылығын көтеріп, нығайтуда аянбай еңбек еткен 25 ордалыққа [Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы — Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Капустин Яр полигоны
Орда тарихының қасіретті беті — Капустин Яр полигоны. 1948 жылы полигонға берілген аудан аймағында жер асты, жер үсті сынақтары жүргізіледі. 1952 жылы ауданның 19 колхозы күшпен өзге аудандарға көшіріледі. 1990 жылдың мамырында Т. Махимовтың жетекшілігімен «Нарын» қоғамдық қозғалысы құрылады.
Мәдениеті
Орда — талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж. Теміралиев, Е.Қазиев, Халық артисі, актриса Х. Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш. Қажығалиев, халық композиторлары Б. Жұманиязов, М. Сағатов, медицина саласының озық қызметкерлері А. Герасимов, Х. Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ. Зарипов, М. Кульбацкая, ұйымдастырушы А. Тажетдинов, ауыл шаруашылығының озаттары К. Меңдәлиев, Р. Егізбаев, ақындар Т. Жароков, С. Даумов, Қ. Жұмағалиев, т.б. шықты.
Халқы
1939 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
35323 | ▼16830 | ▲18360 | ▲19507 | ▼16668 | ▼14996 |
Тұрғындар саны - 15 222 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 99,23%, басқалары - 0,77%.
2020 жылдың басында тұрғындар саны 15026 адамды (7692 ер адам және 7334 әйел адам) құрады.
Ауылдық округтер
20 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Бисен ауылдық округі | Бисен ауылы | 4 | ▼2827 |
Мұратсай ауылдық округі | Мұратсай ауылы | 3 | ▼879 |
Орда ауылдық округі | Хан Ордасы ауылы | 4 | ▼2770 |
Сайқын ауылдық округі | Сайқын ауылы | 4 | ▲4789 |
Саралжын ауылдық округі | Саралжын ауылы | 1 | ▼997 |
Темір Масин ауылдық округі | Бөрлі ауылы | 2 | ▼1134 |
Ұялы ауылдық округі | Ұялы ауылы | 2 | ▼1084 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Сайқын | ауыл | ▲ 4312 |
Хан Ордасы | ауыл | ▬ 2168 |
Бисен | ауыл | ▼ 1608 |
Саралжын | ауыл | ▼ 997 |
Бөрлі | ауыл | ▼ 996 |
Ұялы | ауыл | ▼ 989 |
Мұратсай | ауыл | ▼ 665 |
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Қазақ Энциклопедиясы
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019 Мұрағатталған 8 қазанның 2020 жылы.
- Қазақстан Республикасы халқының облыстар және астана, қалалар, аудандар, аудан орталықтары және кенттер бөлінісіндегі жынысы бойынша саны (2020 жылдың басына) Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2020 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bokej ordasy audany Batys Қazakstan oblysynyn batysyndagy әkimshilik bolinis Қazakstan audanyBokej ordasy audanyӘkimshiligiOblysyBatys Қazakstan oblysyAudan ortalygySajkynAuyldyk okrugter sany7Auyl sany20ӘkimiNurlybek Zhaskajratuly DaumovAudan әkimdiginin mekenzhajySajkyn auyly Zharokov koshesi 31Tarihy men geografiyasyKoordinattary48 48 45 s e 46 45 49 sh b 48 81250 s e 46 76361 sh b 48 81250 46 76361 G O Ya Koordinattar 48 48 45 s e 46 45 49 sh b 48 81250 s e 46 76361 sh b 48 81250 46 76361 G O Ya Zher aumagy19 2 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny14 425 adam 2023 Tygyzdygy0 75 adam km Ұlttyk kuramykazaktar 99 24 orystar 0 31 tatarlar 0 18 baskalary 0 27 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi090200 090206Avtomobil kody07Bokej ordasy audanynyn әkimdigi Baska magynalar үshin Bokej Ordasy degen betti karanyz Baska magynalar үshin Orda ajryk degen betti karanyz Geografiyalyk orny zher bederiSoltүstiginde Zhәnibek Kaztalov shygysynda Zhanakala audandarymen ontүstiginde Atyrau oblysynyn Қurmangazy audanymen zhәne batysynda Resejmen shekaralas Oblys aumagynyn bederi tegis Ajmak Kaspij many ojpatynda ornalaskan edәuir boligi teniz dengejinen tomen Aumaktyn kop boligin Naryn kumdary alyp zhatyr En biik nүkte ontүstik batys boliginde ornalaskan Kishi Bogda tauy teniz dengejinen 37 5 m biiktikte Tabigi kurylys materialdarynyn kory terendikte zerttelgen Klimaty osimdigi men zhanuarlar dүniesiKlimaty kontinentaldy kysy ayazdy zhazy ortasha ystyk Қantardyn ortasha temperaturasy 12 14 S shilde 24 25 S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 250 300 mm Audan arkyly Ashyozek ozeni agyp otedi Kolderi Aralsor Borkol zhәne baskalar Topyraktary ashyk kashtan kumdy Betege zhusan kokburshak ebelek zhәne baskalary osedi Andardan kaskyr tүlki koyan akboken kaban karsak kustardan үjrek kaz zhәne baska kustar uya salady Audan zhartylaj sholdi tabigi ajmakta ornalaskan Sonymen katar ajmakka tәn erekshelik kumdy massivterinde ormandardyn boluy ormandy aumaktardyn bir boligi tabigi ormandar bir boligi ekpeli orman Memlekettik orman korynyn audany 2019 zhyldyn 1 kantaryna 16405 ga kurajdy onyn ishinde 5027 ga ormandy Halky negizinen mal sharuashylygymen ajnalysady Bokej Ordasy audanynda Қazakstan Respublikasy bojynsha mal sharuashylygy en zhaksy damygan audandardyn biri AtauyIshki Қazak Ordasy Bokej Ordasy Resej imperiyasynyn vassaly retinde Edil men Zhajyk aralygynda 1801 1845 zhyldar aralygynda kurylgan Bokej Ordasy kazaktardyn zhәne әlemdegi en songy Shyngyshan urpaktarymen mengerilgen memlekettik kurylym Bokej Ordasynda Қazakstan tarihynda algash ret mektep zhәrmenke kazynashylyk ashylgan 1845 zhyly handyk bilik zhojylyp Astrahan guberniyasy kuramyna kirdi 1917 zhyly oz aldyna Bokej guberniyasy bolyp kuryldy Azamat sogysy zhyldary 1918 zhyly 01 zheltoksan kүni Batys Қazakstan oblysy bojynsha en birinshi Kenes Odagy ornady Kenes Odagynyn sayasatynyn kesirinen guberniya Қyrgyz Қazak AKSR kuramyna kosylyp 1925 zhyly Bokej guberniyasy taratylyp Oral guberniyasynyn kuramyna engizildi Guberniyanyn koptegen zherleri Қazirgi RF Astrahan Volgograd oblystary zhәne ҚR Atyrau oblystary aumagyna kosyldy Sol zhyly Bokej uezdik bolyp kurylyp 1928 zhyly Bokej uezinin aty Oral oblysynyn Orda audany bolyp ozgertildi Osy uakyttan bastap Bokej ordasy atauy zhojyldy 2001 zhyl ordalyktar үshin eki birdej kuanysh әkeldi Onyn biri Tәuelsizdiktin 10 zhyldygy bolsa ekinshisi 200 zhyldygyna oraj Қazakstan Respublikasynyn Prezidentinin 10 03 2000 zhylgy zharlygymen Bokej Ordasy audany atauy kajtarylyp berildi 2012 zhyly Bokej Ordasy audany korshiles Zhәnibek audanynan bolinip audan bolyp kajta kuryluynyn 40 zhyldygy atap otildi Audan tarihyKen bajtak kazak dalasynyn batys boliginde ornalaskan shezhiresi baj tabigaty sulu olke Bokej ordasy audany XIX gasyrda mәdeniet oner bilim ortalygy bolgan gazhajyp olkenin tarihy terennen bastau alady 1801 zhyly Nuraly hannyn ekinshi uly Bokej sultan Orys patshasyna bos zhatkan Edil men Zhajyk ozenderi aralygyndagy atamekenine koship konystanuga ruksat suragan otinish zholdajdy Resej imperatory Pavel I Bokej sultannyn otinishin kabyl alyp 1801 zhyldyn 11 nauryzynda Қyrgyz Қajsak Kishi ordasynyn Han kenesinin toragasy Bokej sultan Nuraly han ulyn ozime rizashylykpen kabyldajmyn ozi kalagan zherine koship zhүruine ruksat etemin zhәne menin rahym etuimnin belgisi retinde kara lentamen mojynga tagatyn oz suretim bar altyn medal tagajyndajmyn degen zharlyk reskriptisin shygarady Sol zhyldyn kүzinde Bokej sultan ozine karasty 5 myn tүtin auylymen Zhajyktyn ishki betine koship konystanady Tarihta Ishki Қazak nemese Bokej ordasy atalgan olkenin irgesi osylaj kalanady 1806 zhyldyn 19 mamyrynda Patshalyk Үkimettin arnajy zharlygymen handyktyn territoriyalyk kolemi 6500 myn desyatina bolyp bolinedi Zharlykta Bokej sultannyn kol astyndagy kazaktarga Үlken zhәne Kishi ozenderinen Bogda taularyna dejin odan Chapchachi arkyly Dudack nemese Telepnev vatagalaryna zhәne tenizge dejin koshuge ruksat beriledi dep korsetiledi 1808 zhyly 17 shildede Bokej handygy Astrahan әskeri gubernatorynyn zhәne Orynbor shekara komissiyasynyn kuzyryna bagynyshty bolyp bekitiledi 1812 zhyly Aleksandr I patshanyn arnajy zharlygymen Bokej sultan Ishki Қazak ordasynyn hany bolyp tagajyndalady Bokejdi ak kiizge koterip han sajlau Oral kalasynyn manyndagy togajda otedi kejin ol zher Han togajy dep atalady 1815 zhyldyn 21 mamyrynda Bokej han kajtys bolady Tak murageri Zhәngir zhas bolgandyktan han tagyna uakytsha sultan Shygaj Nuraly han uly otyrady 1823 zhyly Zhәngir Bokejuly han tagynyn murageri bolyp tanylyp 1824 zhyly 22 mausymda Han togajynda ak kiizge koterilip han sajlanady Ishki Ordanyn irgesi bekip ishki әleumettik sharuashylyk zhagdajy kalyptasyp nygajgan tusy 1823 1845 zhyldary Zhәngir han baskargan kezen bolatyn Kozi ashyk kokiregi oyau orys tatar arab parsy tilderin zhetik mengergen Zhәngir Resej үkimetinin koptegen nagradalarymen marapattalyp altyn tәzhben bezendirilgen I dәrezheli Әulie Anna ordeninin kavaleri atanyp general major shenine dejin koterilgen tungysh kazak hany Zhәngir 1824 zhyldyn kүzinde Orynbor muftii Muhamedzhan Husejnovtyn kyzy Fatimaga үjlenedi Fatima evropasha bilim algan tilderdi zhetik mengergen bi muzykaga zhakyn bolatyn 1826 zhyly han Zhәngir zhubajy Fatima hanshamen Orys patshasy Nikolaj I nin takka otyru rәsimine shakyrylady Mәskeu kalasynda otken saltanatta Fatimanyn bilimdiligi men mәdeniettiligine orys intelligenciyasy Fatimany bige shakyrgan Nikolaj patshanyn ozi de onyn oryssha taza sojlep bilegenine tәnti bolady 1827 zhyly Zhәngir han patshaga erekshe sheberlikpen zhasalgan kiiz үj syjga tartady 1829 zhyly imperatrica Aleksandra Fedorovna Fatima hanshaga braziliya topazdarymen bezendirilgen altyn diadema tarak zhәne syrga syjlajdy Zhәngir en aldymen kazaktarga yngajly әri tiimdi turmystyn үlgisi etip 1827 zhyly Naryn kumynyn Zhaskus degen zherine Han sarajyn saldyrady Zhәngirden үlgi algan bi sultandar kejin karapajym halyk үj turgyzyp Han stavkasy sayasi ekonomikalyk manyzga ie ortalykka ajnalady 1828 zhyly oz үjinin bir bolmesine әulettik dinastiyalyk kundy zattardy at әbzelderin zhauynger karu zharagyn zhinastyryp karu zharak palatasyn ujymdastyrady Bul kazak zherinde ashylgan tungysh muzej bolatyn Zhәngir oz kolastyndagy halkynyn densaulygyna da үlken konil bolip otyrgan 1825 zhyly S Zhәnibekov degen kazakty sheshekke karsy ekpe zhumysyn zhүrgizudi үjrenu үshin okuga zhiberedi 1826 zhyldan bastap Ordada sheshek auruyna karsy ekpe zhumystary zhүrgiziledi 1832 zhyly Zhәngir hannyn shakyrtuymen Han stavkasyna dәriger A A Sergachev keledi Kejin 1839 zhyly tungysh dәrihana ashylady Osy kezenderde Ordada V F Evlanov Puporev t b dәrigerler kyzmet atkarady 1852 zhyly Ordada 16 kereuettik kogamdyk auruhana ashylady Bүl auruhana kүni bүginge dejin saktalyp halykka kaltkysyz kyzmet etip kele zhatyr 1832 zhyly han Zhәngir halyktyn әleumettik zhagdajyn koteru sauda sattyk salasyn damytyp zholga koyu maksatynda zhәrmenke ujymdastyrady Zhәrmenke koktem zhәne kүz ajlarynda otkizilip ogan Resejdin Saratov Mәskeu Novgorod t b guberniyalarynan saudagerler kelgen 1846 zhyly koktemgi zhәrmenkege 3883 adam katyssa 1851 zhylgy tauar ajnalymy 1 5 million kүmis aksha kuragan Zhәngir bokejlik kazaktardyn oz dinin zhogaltpaj saktap kaluy үshin 1835 zhyly oz үjinin aulasyna erekshe arhitekturalyk үlgimen meshit saldyrady El ishinde ony Han meshiti dep atagan Han Zhәngir Bokej ordasyndagy mal basynyn sanyn kobejtip kana kojmaj onyn tukymyn asyldandyruga әsirese zhylky malyna үlken mәn beredi Han stavkasynda Resejdin Orsk Elista kalalarynda at kormeleri otkizilip at zharystary ujymdastyrylyp turady Bokej ordasy tarihynda manyzdy oryn alatyn okiga I Tajmanuly men M Өtemisuly bastagan 1836 1838 zhyldardagy halyk koterilisi Bүl patsha әkimshiligi men han sultandarga karsy koterilgen halyktyn azattygy үshin bastagan boj koterui boldy 1840 zhyly Zhәngirdin shakyrtuymen Ordaga veterinar K P Oldekop keledi Osynda kazak zherindegi tүngysh veterinarlyk bolim ashylyp algash mal aurularyna karsy ekpe tәzhiribe zertteu zhumystary kolga alynady El bolashagynyn bilimde ekenin tүsingen Zhәngir 1841 zhyly 6 zheltoksanda kazak dalasyndagy en tүngysh kazaksha oryssha bilim beretin mektep ashady Bul mektepten esimi elge tanylgan talaj tulgalar bilim aldy Solardyn biri kazaktan shykkan galym etnograf Muhamedsalyk Babazhanov Onyn kazaktar zhonindegi zertteuleri tarihi muralary turaly basylymdary zhogary bagalanyp 1862 zhyly Orys geografiyalyk kogamynyn kүmis medalimen marapattalady Zhәngir mektebinen bilim bastauyn algan zhүzden astam galym zertteushiler Asan Tajmanov syndy zhiyrmadan astam akademikter shykty Kezinde Zhәngirdin ozi de Қazan universitetinin kitaphanasyna arab parsy tүrki tilderinde zhazylgan manyzdy kolzhazbalardy syjga tartady Onyn agartushylykty taratuga degen enbegin kurmettep 1844 zhyly universitettin gylymi kenesi Zhәngirdi Қazan universitetinin kurmetti mүshesi etip sajlajdy Zhәngir orys basylymdaryn gazet zhurnaldar әrtүrli kitaptar aldyryp baj kitaphana koryn zhinaktagan Onyn үjindegi zheke kitaphanasynda Severnaya pchela Otechestvennye zapiski Sovremennik basylymdary Shinkeldin Arhitektura XIX st Gogoldin Mertvye dushi kitaptary bolgan Han Zhәngir Bokej ordasyna kelgen galym zertteushilerdi erekshe kurmetpen kabyl algan Osy onirde bolgan G S Karelin V I Dal t b han үjinin konakzhajlylygyna rizashylyktaryn estelik zertteulerinde zhazyp korsetedi Bulardan baska Bokej ordasynda 100 den astam orys zhәne shetel zertteushileri bolgan 1842 zhyly Zhәngirdin otinishimen belgili kartograf Orys geografiyalyk kogamynyn mүshesi Ya V Hanykov Bokej ordasynyn territoriyalyk kartasyn zhasajdy Sol kezdegi handyktyn kuramyna kazirgi Batys Қazakstan oblysynyn Zhәnibek Kaztalovka Zhangala Orda audandary Atyrau oblysynyn Mahambet Қurmangazy audandary korshiles Resejdin Volgograd oblysy Pallasovka audanynyn Astrahan oblysy Қumozek Volodar Қarabajly audandarynyn bir boligi engen 1841 zhyly Han stavkasy men Chernyj Yar kalasynyn aralygyna poshta telegraf bajlanysy ornatylady 1845 zhyly 11 tamyzda Bokej ordasynyn sayasi mәdeni ekonomikalyk zhagynan damuyna zhol bastap bul olkenin baskaru isine koptegen ozgerister engizgen uly reformator kazak dalasynyn uly zhanartushysy Han Zhәngir Bokejuly kajtys bolady Han Zhәngir dүnie salgannan kejin Bokej ordasyndagy handyk baskaru kurylymy zhojylyp zhana әkimshilik Uakytsha Kenes kurylady Uakytsha Kenes 1845 1917 zhyldar aralygynda bilik zhүrgizedi 1860 zhyly Bokej ordasy 7 әkimshilik bolikke bolinedi Olar Targyn Қalmak Naryn Қamys Samar Talov kisymdary zhәne I II Teniz zhagalauy okrugteri Әrbir әkimshilik bolikti әkim pravitelder baskarady 1862 zhyly Han Stavkasynda kitaphana ashylady Kitaphana korynda O Balzaktyn U Shekspirdin G Gyugonyn T Shevchenkonyn kitaptary sondaj ak Resejdin basylymdary bolgan Han zhәrmenkesindegi sauda salasynyn damuyna bajlanysty aksha kapitalyn rettejtin әri saktajtyn oryn Kaznachejstvo mekemesi 1867 zhyly ashylyp bank kyzmetin atkarady 1869 zhyly 5 adamnan turatyn ort sondirushiler komandasy zhәne zhylzhymaly oboz zhasaktalady 1870 zhyly Resejden aua rajyn bakylajtyn aspaptar әkelinip meteorologiyalyk stanciya zhumys zhasajdy 1832 zhyly Zhәngirdin bastauymen otyrgyzylgan Orda ormanyn memleket tarapynan korgau 1890 zhyldan bastap kolga alynady 1908 zhyly Orda orman sharuashylygy mekemesi zhanynan pitomnikter zhasaktalyp zertteu zhumystary zhүrgiziledi Sonyn nәtizhesinde Naryn karagajy dүniege keledi 1908 zhyly kazak dalasyndagy en tүngysh Oba indetine karsy kүres stanciyasy kurylady Bүl stanciyada Halyktyk densaulyk saktau komissarynyn orynbasary M Shombalov oba indetin emdeuge mamandangan dәrigerler I A Deminskij A Mihajlov kejin medicina gylymynyn doktory N Dobrohotova zhumys zhasady 1911 zhyly kazak baspasynyn karlygashtarynyn biri Қazakstan gazeti belgili akyn G Қarashtyn ujymdastyruymen Ordada basylyp shygady Қazakstandagy en tungysh Ұly Қazan revolyuciyasy ornagan zher Orda bolatyn 1918 zhyly tungysh komsomol uyasy kurylady 1918 zhyly tungysh kenestik baspahana ashylyp onda Durystyk zholy Kirgizskaya pravda t b gazet zhurnaldar basylyp shygady 1918 zhyly Ordada Қazaktyn I үlgili atty әsker polki zhasaktalady Osy kezenderde mәdeni omirge de kop konil bolinedi Zhiger zhastar ujymy kurylyp orys tatar kazak truppalary belgili kүjshi M Bokejhanovtyn ujymdastyruymen ult aspaptar orkestri zhasaktalady Belgili dramaturg I Mendihanovtyn pesalary korermen nazaryna usynyldy Қazirgi uakytta Bokej Ordasy audany ekonomikalyk karkyny en zhogargy damygan audandardyn biri Elbasy Қazakstan Respublikasynyn birinshi zhәne eks prezidenti N Ә Nazarbaev eki mәrte Bokej Ordasy audanynda resmi saparmen kelgen Batys Қazakstan oblysynyn audandarynyn birde bir audanyna saparmen Қazakstan basshylary saparmen barmagan eken Ұly Otan sogysy 1941 45 zhzh Ұly Otan sogysy zhyldary Orda audany Қazakstandagy sogys zhagdajyna keltirilgen birden bir audan boldy Ordalyk 2000 nan astam azamat tugan Otanyn korgauga attandy Ordalyktar Akmediyar Қusajynov Temir Masin zhәne batyr kos kyzdarymyzdyn bireui Mәnshүk Mәmetovga Kenes Odagynyn batyry atagy berildi Sonymen katar Ұly Otan sogysynyn ardageri Orda audanynyn tumasy Shәkir Zheksenbaev Қazakstannyn tungysh Kenes әskerinin әskeri generaly Sogystan kejingi kezende el sharuashylygyn koterip nygajtuda ayanbaj enbek etken 25 ordalykka Kenes Odagynyn en zhogargy nagradasy Socialistik Enbek Eri atagy berildi Kapustin Yar poligony Orda tarihynyn kasiretti beti Kapustin Yar poligony 1948 zhyly poligonga berilgen audan ajmagynda zher asty zher үsti synaktary zhүrgiziledi 1952 zhyly audannyn 19 kolhozy kүshpen ozge audandarga koshiriledi 1990 zhyldyn mamyrynda T Mahimovtyn zhetekshiligimen Naryn kogamdyk kozgalysy kurylady MәdenietiOrda talantty uly tulgalardyn mekeni Osy olkeden kazaktyn belgili kүjshileri Қurmangazy Dina Sejtek Nausha dombyrashylar Zh Temiraliev E Қaziev Halyk artisi aktrisa H Bokeeva kazaktyn tungysh dirizheri Sh Қazhygaliev halyk kompozitorlary B Zhumaniyazov M Sagatov medicina salasynyn ozyk kyzmetkerleri A Gerasimov H Bokejhanov bilim beru isinin үzdikteri Ғ Zaripov M Kulbackaya ujymdastyrushy A Tazhetdinov auyl sharuashylygynyn ozattary K Mendәliev R Egizbaev akyndar T Zharokov S Daumov Қ Zhumagaliev t b shykty Halky1939 1979 1989 1999 2009 202135323 16830 18360 19507 16668 14996 Turgyndar sany 15 222 2019 Ұlttyk kuramy kazaktar 99 23 baskalary 0 77 2020 zhyldyn basynda turgyndar sany 15026 adamdy 7692 er adam zhәne 7334 әjel adam kurady Auyldyk okrugter20 eldi meken 7 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Bisen auyldyk okrugi Bisen auyly 4 2827Muratsaj auyldyk okrugi Muratsaj auyly 3 879Orda auyldyk okrugi Han Ordasy auyly 4 2770Sajkyn auyldyk okrugi Sajkyn auyly 4 4789Saralzhyn auyldyk okrugi Saralzhyn auyly 1 997Temir Masin auyldyk okrugi Borli auyly 2 1134Ұyaly auyldyk okrugi Ұyaly auyly 2 1084Iri eldi mekenderiAtauy Statusy Halky 2021 Sajkyn auyl 4312Han Ordasy auyl 2168Bisen auyl 1608Saralzhyn auyl 997Borli auyl 996Ұyaly auyl 989Muratsaj auyl 665DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Қazak Enciklopediyasy Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary Batys Қazakstan oblysynyn Statistika departamenti 01 07 2019 Muragattalgan 8 kazannyn 2020 zhyly Қazakstan Respublikasy halkynyn oblystar zhәne astana kalalar audandar audan ortalyktary zhәne kentter bolinisindegi zhynysy bojynsha sany 2020 zhyldyn basyna Muragattalgan 26 kyrkүjektin 2020 zhyly