Сырым ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. Бұрынғы аты - Жымпиты ауданы. Аудан орталығы - Жымпиты ауылы облыс орталығынан 140 км қашықтықта орналасқан.
Қазақстан ауданы | |
Сырым ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 12 |
Ауыл саны | 38 |
Әкімі | Жұмагелді Жолдыбайұлы Батырниязов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №8 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 50°09′20″ с. е. 52°41′32″ ш. б. / 50.15556° с. е. 52.69222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°09′20″ с. е. 52°41′32″ ш. б. / 50.15556° с. е. 52.69222° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1928 |
Жер аумағы | 11,9 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 17 281 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (98,94%), татарлар (0,49%), орыстар (0,34%), басқалары (0,23%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 090900- 090913 |
Автомобиль коды | 07 |
Сырым ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиялық орны
Сырым ауданы солтүстігінде Бөрлі, солтүстік-шығысында Шыңғырлау, оңтүстік-шығысында Қаратөбе, батысында Ақжайық, солтүстік-батысында Теректі ауданымен шектесіп тұр. Аудан өңірінің аумағы 11,9 мың шаршы километр. Аудан жері жазық. Аудан аумағынан Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Жымпиты, Есенаңқаты өзендері ағып өтеді.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
21003 | ▼20790 | ▲29718 | ▲33707 | ▲34484 | ▼30569 | ▼21575 | ▼18416 |
Халқының саны 2019 жылы 18 924 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,86%, басқалары — 1,14%.
Әкімшілік бөлінісі
38 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Алғабас ауылдық округі | Алғабас ауылы | 3 | ▼1361 |
Аралтөбе ауылдық округі | Аралтөбе ауылы | 2 | ▼866 |
Бұлан ауылдық округі | Бұлан ауылы | 2 | ▼706 |
Бұлдырты ауылдық округі | Бұлдырты ауылы | 5 | ▼2175 |
Елтай ауылдық округі | Тасқұдық ауылы | 2 | ▼324 |
Жетікөл ауылдық округі | Қосарал ауылы | 4 | ▼972 |
Жосалы ауылдық округі | Қоңыр ауылы | 4 | ▼722 |
Жымпиты ауылдық округі | Жымпиты ауылы | 3 | ▲6959 |
Қособа ауылдық округі | Қособа ауылы | 2 | ▼1041 |
Сарыой ауылдық округі | Шағырлой ауылы | 4 | ▼786 |
Талдыбұлақ ауылдық округі | Талдыбұлақ ауылы | 2 | ▼632 |
Шолақаңқаты ауылдық округі | Тоғанас ауылы | 5 | ▼825 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Жымпиты | ауыл | ▲ 5931 |
Бұлдырты | ауыл | ▼ 1547 |
Алғабас | ауыл | ▼ 1200 |
Өлеңті | ауыл | ▼ 957 |
Қосарал | ауыл | ▼ 763 |
Аралтөбе | ауыл | ▼ 648 |
Қособа | ауыл | ▼ 619 |
Қоңыр | ауыл | ▼ 581 |
Шағырлой | ауыл | ▼ 530 |
Талдыбұлақ | ауыл | ▼ 524 |
Бұлан | ауыл | ▼ 515 |
Тарихы
Ресей империясының құрамында
Тәуелсіздікті сақтау жолында Әбілқайыр ханның Ресеймен әскери одақ құруы негізінде басталған қазақ жерін отарлау саясатына қарсы күрестің өзі - бір шежіре. Солардың бірі 1773 - 1797 жылдары кіші жүзде Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалысы болды. Осы өңірде , Тайлақ батыр, , Есенгелді бай өмір сүрген. Қабанбай - Қақпақтыны мекендеген Қаратай сұлтан әулеті, соның бір ұрпағы Мұхит Мерәлы ұлы екені әлі зерттеуді қажет етеді. Белгілі қайраткер Халел Досмұхамедов: "Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылған" - дейді. Шынында да патша үкіметі қолға түскен қазақ басшыларын құртумен болды. Хан Нұралы тұтқындалып Үфіде өлді .Оның баласы Орман Петербор түрмесінде қаза тапты. Орманның баласы Күсеп бүкіл ұрпағымен жер аударылды.
Патша тәртібіне қарсы шыққан Байбақты руынан 400 адам каторгіге айдалды . Белгілі би Жүніс пен Орынбор түрмесінің құрбаны болды.
1805 - 1818 жылдары бастаған көтеріліс болды.
1829 - 1836 жылдары Беріш Исатай Тайманов көсемдік еткен шаруалар көтерілі, 1847 - 1858 жылдары Есет Көтібарұлы бастаған шаруалар көтерілісі болды.
1886 жылы Өлеңті өзенінің жағасында Жымпитының іргетасы қаланды. XX ғасырдың басында Жымпиты өңірі үлкен дүрбелеңдердің орталығына айналды. Жымпиты жерінде Күнбатыс Алашорда үкіметі ту тігіп, тұңғыш қазақ мемлекеттілігі идеясының негізі қаланып, үш жылға жуық жұмыс жасады. Мұнда қазақ зиялыларының бір тобы шоғырланды. Олардың көзқарастары әртүрлі болғанымен, жалпы бағыты тәуелсіз қазақ елін құру болатын. Солардың қатарында Жымпиты өңірінің азаматтары:
- Бақытжан Қаратаев
- Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар
- Молдағали Жолдыбаев
- Меңдігерей Имағамбетов
- Иса Қашқынбаев
- Дәулетше Күсепқалиев
- Ғалиасқар мен Ғұбайдолла Әлібековтер
- Ахмет Мәметов
- С.Қожболатов
- Кафи Мырзағалиев
Кеңес Одағының құрамында
1919 жылы қарашаның 19 жұлдызында Жымпиты кеңес өкіметі орнады.
1920 жылы қазанның 12 жұлдызында Орал губерниясы құрылып, оның құрамында Жымпиты уезі де болды. 19 болысты біріктірген уездің жер көлемі 38500 шаршы километр, халқының саны 78861 адамды құрады.
1928 жылы қаңтардың 17 жұлдызында уез таратылып, 6 болыстан Жымпиты ауданы құрылды.
Жер көлемі 1093920 гектар, әкімшілік бөлінуі 24 ауылдық Советтен тұрды. Әрбір ауылдық советте орта есеппен 1089 адам бар деп есептелінді.
1933 жылы аудан көлемінде " Сарыой", "Игілік", "Қызыл таң", "Социализм", "Калинин", "Сталин", "Жұмыскер", "Төңкеріс","Сәуле", "Бірлік", "Ұмтыл", "Кедей", "Алға", "Тамды", "Жұлдыз", "Иса" атты 16 колхоз ұйымдастырылып, олардың төңірегінде 40 серік (ТОЗ) құрылды.
1934 жылдан бастап Жымпиты ауданында Кеңес үкіметінің репрессиялық саясаты кеңінен етек алды. Қазақ зиялыларына «Халық жауы» деген кінә тағылды. Жазықсыз жапа шеккендердің басым бөлігі кейін ақталып, олардың аты-жөндерін ұлықтау мақсатында 2008 жылы «Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай» Жымпиты ауылынан саябақ ашылып, олардың есімдері ескерткіш тақтаға жазылды.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында ауданда 41 колхоз, 5 совхоз, 2 МТС болған. Аудан шаруашылықтары 1940 жылы мемлекет есебіне 13100 центнер астық, 16740 центнер ет, 607 центнер жүн дайындап берген.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ер адамдар соғысқа аттанып, ауылда қалған қарт адамдар, қыз-келіншектер мен жас балалар тылда еңбек етті.
Осы жылдары Жымпитының Ақ тарысының атағы шықты. Ақ тарының анасы болған Майра Зияшеваның еңбегі тек аудан емес, бүкіл Одаққа мәлім болды. М.Ешмұханова, Ү.Қобдабаева, К.Нұрмұханова, ақын Ж.Жармұғамбетова сияқты өжет қыздарымыз трактор жүргізуді меңгеріп рульге отырды.
1941-1945 жылдары Жымпиты ауданынан майданға 4600 адам жіберілді, олардың 1972-сі елге қайтып оралмады, соғысқа Жымпитыдан бес қыз аттанды, олардың үшеуі соғыста құрбан болды. Ал елге аман оралған Ә.Ниязғалиева, М.Үмбетова көп жылдар ел игілігіне еңбек етті.
1941 жылы неміс автономиясынан көптеген неміс жанұялары әкелініп аудан көлемінде орналастырылды.
Содан олар 1991 жылдарға дейін осы өлкеде тұрып жергілікті қазақтармен бауырласып кетті. Олардың тағдыры туралы жерлесіміз Ғаділше Өтебалиев "Жымпитылық немістер " атты кітап жазып, екі халықтың татулық өнегесін көпшілікке паш ете білді.
1947-1957 жылдары колхоздар ірілендіріліп, кейіннен совхоздар болып қайта құрылды.
1990 жылы ауданда он совхоз, бір колхоз болды. Оларда 45240 бас ірі қара, 168500 бас қой, 4400 бас жылқы есепте тұрған.
1989 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ет 94757, сүт 14452, жүн 3984 центнер болғаны айтылады. Ал, астық көлемі 1228456 центнерге жеткен. Сол кезде аудан халқының саны 34534 адам болып, 17 ұлт өкілдері өмір сүрген.
Тәуелсіздік кезең
1992 жылы жерлесіміз Сырым Датұлы бабамыздың туғанына 250 жыл толуын атап өтуге байланысты аудан тұрғындарының сұранысына орай, Жымпиты ауданының аты Сырым ауданы болып өзгертілді.
Білім беру
Ауданда қазіргі кезде 16 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш барлығы 28 білім беру мекемесі және 1 мемлекеттік «Балдырған» балабақшасы, 1 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және 1 «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және Тәрбие орталығы» мекемесі, 1 саз мектебі, 1 кәсіптік техникалық лицей, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. Жалпы білім беретін Абай, Қособа, Бұлан, Тасқұдық, Сырым, М.Қаналиев атындағы Алғабас, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы, Талдыбұлақ орта мектептері жанында мектеп-балабақша, Көздіғара, Көгеріс, В.И.Шубин атындағы орта мектептері мен Жаңаөңір, Жамбыл, Ақырап, Қазақстан, Қызылағаш негізгі мектептері жанында және Қарағанды ауылында шағын орталықтар жұмыс істейді.
Жоғарыда аталған мектептердің материалдық техникалық базасына тоқталатын болсақ: 28 мектептің 14-і типтік жобамен салынған мектеп, ал 14-і бейімделген үй-жайларда орналасқан.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау объектілерінің саны - 35, онда 28 дәрігер, 178 медбике тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында жұмыс жасайды. Денсаулық саласы бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 24 медициналық пункт халыққа қызмет етеді.
Мәдениет
Мәдениет саласында 23 кітапхана, оның ішінде 21 ауылдық кітапханалар, 1 аудандық балалар кітапханасы, 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі, 8 ауылдық клубтар және бұның ішінде 2 халықтық театр, 2 музей және 2 үлгілі би тобы, 1 орталық стадион халыққа рухани байлығымызды жеткізу бағытында сапалы қызмет көрсетуде. Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 23 кітапхана ауыл тұрғындарына кітапханалық, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетіп отырған бірден-бір мәдени ошақ болып табылады. Заман талабына сай Интернет желілеріне қосылып, автоматтандырылған кітапханаларда оқырмандарға қызмет көрсетудің өркениеттілігі дамуда.
Экономика
Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған. Ауданның әкімшілік шекарасындағы барлық жер көлемі 1 188843 гектар болса, соның ішінде: 77572 гектар егістік, 107657 гектар тыңайған жер, 42847 гектар шабындық, 894591 гектар жайылымдық, 17 гектар көпжылдық өсімдік. Осы жер көлемінің 436016 гектары шаруа қожалықтары, 117546 гектары серіктестіктер, 7165 гектары мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар, 5103 гектары орман қоры, 37 гектары су қоры, 140017 гектары елді мекендердің пайдалануына берілді, ал қалғаны 477020 гектары талап етілмеген жер ретінде аудан әкімшілігінің қарамағында қалды.
Бүгiнгi таңда ауданда 337 шаруа қожалықтары тiркелiп, олардың 278-і жұмыс жасайды, немесе 82,5%. Шаруа қожалықтарда қазiргi уақытта 1228 адам жұмыс жасайды. Жыл басынан шаруа қожалықтарда жұмыс жасайтын адамдар саны 4 адамға көбейдi.
Аудан бойынша 2010 жылдың І тоқсанында барлығы 798 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген, оның 46 заңды тұлға, 752 жеке тұлға. Соның ішінде 701 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды, бұл барлық тіркелген шағын бизнес субъектілерінің 87,8 пайызы. Жұмыс жасайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2009 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға көбейiп отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктің сауда-саттық, құрылыс, көлік тасымалы және басқа салаларында шағын бизнес субъектiлерi тиiсiнше 8,4%, 20,0%, 25,0% және 11,5% көбейдi.
Шағын кәсiпкерлiк саласында 2010 жылы 3 айда 1998 адам жұмыс жасады. Соның iшiнде 1465 адам ауыл шаруашылығында, 95 адам құрылыста, 65 адам көлiк және байланыс саласында, 280 адам саудада, 11 адам қоғамдық тамақтандыруда және 82 адам басқа салаларда жұмыстануда.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Syrym audany Batys Қazakstan oblysynyn ontүstik shygysynda ornalaskan audan Buryngy aty Zhympity audany Audan ortalygy Zhympity auyly oblys ortalygynan 140 km kashyktykta ornalaskan Қazakstan audanySyrym audanyӘkimshiligiOblysyBatys Қazakstan oblysyAudan ortalygyZhympityAuyldyk okrugter sany12Auyl sany38ӘkimiZhumageldi Zholdybajuly BatyrniyazovAudan әkimdiginin mekenzhajyZhympity auyly Қazakstan koshesi 8Tarihy men geografiyasyKoordinattary50 09 20 s e 52 41 32 sh b 50 15556 s e 52 69222 sh b 50 15556 52 69222 G O Ya Koordinattar 50 09 20 s e 52 41 32 sh b 50 15556 s e 52 69222 sh b 50 15556 52 69222 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy11 9 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny17 281 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 98 94 tatarlar 0 49 orystar 0 34 baskalary 0 23 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi090900 090913Avtomobil kody07Syrym audanynyn әkimdigiGeografiyalyk ornySyrym audany soltүstiginde Borli soltүstik shygysynda Shyngyrlau ontүstik shygysynda Қaratobe batysynda Akzhajyk soltүstik batysynda Terekti audanymen shektesip tur Audan onirinin aumagy 11 9 myn sharshy kilometr Audan zheri zhazyk Audan aumagynan Buldyrty Өlenti Shiderti Zhympity Esenankaty ozenderi agyp otedi Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 202121003 20790 29718 33707 34484 30569 21575 18416 Halkynyn sany 2019 zhyly 18 924 adamdy kurady Ұlttyk kuramy kazaktar 98 86 baskalary 1 14 Әkimshilik bolinisi38 eldi meken 12 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Algabas auyldyk okrugi Algabas auyly 3 1361Araltobe auyldyk okrugi Araltobe auyly 2 866Bulan auyldyk okrugi Bulan auyly 2 706Buldyrty auyldyk okrugi Buldyrty auyly 5 2175Eltaj auyldyk okrugi Taskudyk auyly 2 324Zhetikol auyldyk okrugi Қosaral auyly 4 972Zhosaly auyldyk okrugi Қonyr auyly 4 722Zhympity auyldyk okrugi Zhympity auyly 3 6959Қosoba auyldyk okrugi Қosoba auyly 2 1041Saryoj auyldyk okrugi Shagyrloj auyly 4 786Taldybulak auyldyk okrugi Taldybulak auyly 2 632Sholakankaty auyldyk okrugi Toganas auyly 5 825Iri eldi mekenderiAtauy Statusy Halky 2021 Zhympity auyl 5931Buldyrty auyl 1547Algabas auyl 1200Өlenti auyl 957Қosaral auyl 763Araltobe auyl 648Қosoba auyl 619Қonyr auyl 581Shagyrloj auyl 530Taldybulak auyl 524Bulan auyl 515TarihyResej imperiyasynyn kuramynda Tәuelsizdikti saktau zholynda Әbilkajyr hannyn Resejmen әskeri odak kuruy negizinde bastalgan kazak zherin otarlau sayasatyna karsy kүrestin ozi bir shezhire Solardyn biri 1773 1797 zhyldary kishi zhүzde Syrym batyr bastagan ult azattyk kozgalysy boldy Osy onirde Tajlak batyr Esengeldi baj omir sүrgen Қabanbaj Қakpaktyny mekendegen Қarataj sultan әuleti sonyn bir urpagy Muhit Merәly uly ekeni әli zertteudi kazhet etedi Belgili kajratker Halel Dosmuhamedov Kishi zhүzdin zhүz zharym zhyldaj tarihy kanmen zhazylgan dejdi Shynynda da patsha үkimeti kolga tүsken kazak basshylaryn kurtumen boldy Han Nuraly tutkyndalyp Үfide oldi Onyn balasy Orman Peterbor tүrmesinde kaza tapty Ormannyn balasy Kүsep bүkil urpagymen zher audaryldy Patsha tәrtibine karsy shykkan Bajbakty ruynan 400 adam katorgige ajdaldy Belgili bi Zhүnis pen Orynbor tүrmesinin kurbany boldy 1805 1818 zhyldary bastagan koterilis boldy 1829 1836 zhyldary Berish Isataj Tajmanov kosemdik etken sharualar koterili 1847 1858 zhyldary Eset Kotibaruly bastagan sharualar koterilisi boldy 1886 zhyly Өlenti ozeninin zhagasynda Zhympitynyn irgetasy kalandy XX gasyrdyn basynda Zhympity oniri үlken dүrbelenderdin ortalygyna ajnaldy Zhympity zherinde Kүnbatys Alashorda үkimeti tu tigip tungysh kazak memlekettiligi ideyasynyn negizi kalanyp үsh zhylga zhuyk zhumys zhasady Munda kazak ziyalylarynyn bir toby shogyrlandy Olardyn kozkarastary әrtүrli bolganymen zhalpy bagyty tәuelsiz kazak elin kuru bolatyn Solardyn katarynda Zhympity onirinin azamattary Bakytzhan Қarataev Zhaһansha men Halel Dosmuhamedovtar Moldagali Zholdybaev Mendigerej Imagambetov Isa Қashkynbaev Dәuletshe Kүsepkaliev Ғaliaskar men Ғubajdolla Әlibekovter Ahmet Mәmetov S Қozhbolatov Kafi MyrzagalievKenes Odagynyn kuramynda 1919 zhyly karashanyn 19 zhuldyzynda Zhympity kenes okimeti ornady 1920 zhyly kazannyn 12 zhuldyzynda Oral guberniyasy kurylyp onyn kuramynda Zhympity uezi de boldy 19 bolysty biriktirgen uezdin zher kolemi 38500 sharshy kilometr halkynyn sany 78861 adamdy kurady 1928 zhyly kantardyn 17 zhuldyzynda uez taratylyp 6 bolystan Zhympity audany kuryldy Zher kolemi 1093920 gektar әkimshilik bolinui 24 auyldyk Sovetten turdy Әrbir auyldyk sovette orta eseppen 1089 adam bar dep eseptelindi 1933 zhyly audan koleminde Saryoj Igilik Қyzyl tan Socializm Kalinin Stalin Zhumysker Tonkeris Sәule Birlik Ұmtyl Kedej Alga Tamdy Zhuldyz Isa atty 16 kolhoz ujymdastyrylyp olardyn tonireginde 40 serik TOZ kuryldy 1934 zhyldan bastap Zhympity audanynda Kenes үkimetinin repressiyalyk sayasaty keninen etek aldy Қazak ziyalylaryna Halyk zhauy degen kinә tagyldy Zhazyksyz zhapa shekkenderdin basym boligi kejin aktalyp olardyn aty zhonderin ulyktau maksatynda 2008 zhyly Alash kozgalysynyn 90 zhyldyk merejtojyna oraj Zhympity auylynan sayabak ashylyp olardyn esimderi eskertkish taktaga zhazyldy Ұly Otan sogysy karsanynda audanda 41 kolhoz 5 sovhoz 2 MTS bolgan Audan sharuashylyktary 1940 zhyly memleket esebine 13100 centner astyk 16740 centner et 607 centner zhүn dajyndap bergen Ekinshi dүniezhүzilik sogys zhyldarynda er adamdar sogyska attanyp auylda kalgan kart adamdar kyz kelinshekter men zhas balalar tylda enbek etti Osy zhyldary Zhympitynyn Ak tarysynyn atagy shykty Ak tarynyn anasy bolgan Majra Ziyashevanyn enbegi tek audan emes bүkil Odakka mәlim boldy M Eshmuhanova Ү Қobdabaeva K Nurmuhanova akyn Zh Zharmugambetova siyakty ozhet kyzdarymyz traktor zhүrgizudi mengerip rulge otyrdy 1941 1945 zhyldary Zhympity audanynan majdanga 4600 adam zhiberildi olardyn 1972 si elge kajtyp oralmady sogyska Zhympitydan bes kyz attandy olardyn үsheui sogysta kurban boldy Al elge aman oralgan Ә Niyazgalieva M Үmbetova kop zhyldar el igiligine enbek etti 1941 zhyly nemis avtonomiyasynan koptegen nemis zhanuyalary әkelinip audan koleminde ornalastyryldy Sodan olar 1991 zhyldarga dejin osy olkede turyp zhergilikti kazaktarmen bauyrlasyp ketti Olardyn tagdyry turaly zherlesimiz Ғadilshe Өtebaliev Zhympitylyk nemister atty kitap zhazyp eki halyktyn tatulyk onegesin kopshilikke pash ete bildi 1947 1957 zhyldary kolhozdar irilendirilip kejinnen sovhozdar bolyp kajta kuryldy 1990 zhyly audanda on sovhoz bir kolhoz boldy Olarda 45240 bas iri kara 168500 bas koj 4400 bas zhylky esepte turgan 1989 zhyldyn korytyndysy bojynsha ondirilgen et 94757 sүt 14452 zhүn 3984 centner bolgany ajtylady Al astyk kolemi 1228456 centnerge zhetken Sol kezde audan halkynyn sany 34534 adam bolyp 17 ult okilderi omir sүrgen Tәuelsizdik kezen 1992 zhyly zherlesimiz Syrym Datuly babamyzdyn tuganyna 250 zhyl toluyn atap otuge bajlanysty audan turgyndarynyn suranysyna oraj Zhympity audanynyn aty Syrym audany bolyp ozgertildi Bilim beru Audanda kazirgi kezde 16 orta 6 negizgi 6 bastauysh barlygy 28 bilim beru mekemesi zhәne 1 memlekettik Baldyrgan balabakshasy 1 Balalar men zhasospirimder sport mektebi zhәne 1 Balalar men zhasospirimder turizmi zhәne Tәrbie ortalygy mekemesi 1 saz mektebi 1 kәsiptik tehnikalyk licej 1 psihologiyalyk pedagogikalyk tүzetu kabineti bar Zhalpy bilim beretin Abaj Қosoba Bulan Taskudyk Syrym M Қanaliev atyndagy Algabas A Zhumagaliev atyndagy Zhosaly Taldybulak orta mektepteri zhanynda mektep balabaksha Kozdigara Kogeris V I Shubin atyndagy orta mektepteri men Zhanaonir Zhambyl Akyrap Қazakstan Қyzylagash negizgi mektepteri zhanynda zhәne Қaragandy auylynda shagyn ortalyktar zhumys istejdi Zhogaryda atalgan mektepterdin materialdyk tehnikalyk bazasyna toktalatyn bolsak 28 mekteptin 14 i tiptik zhobamen salyngan mektep al 14 i bejimdelgen үj zhajlarda ornalaskan Densaulyk saktau Densaulyk saktau obektilerinin sany 35 onda 28 dәriger 178 medbike turgyndardyn densaulygyn saktau bagytynda zhumys zhasajdy Densaulyk salasy bojynsha 1 audandyk ortalyk auruhana 1 tuberkulezge karsy auruhana 10 dәrigerlik ambulatoriya 24 medicinalyk punkt halykka kyzmet etedi Mәdeniet Mәdeniet salasynda 23 kitaphana onyn ishinde 21 auyldyk kitaphanalar 1 audandyk balalar kitaphanasy 1 audandyk kitaphana 1 audandyk mәdeniet үji 8 auyldyk mәdeniet үji 8 auyldyk klubtar zhәne bunyn ishinde 2 halyktyk teatr 2 muzej zhәne 2 үlgili bi toby 1 ortalyk stadion halykka ruhani bajlygymyzdy zhetkizu bagytynda sapaly kyzmet korsetude Syrym audandyk ortalyktandyrylgan kitaphana zhүjesi memlekettik mekemesine karasty 23 kitaphana auyl turgyndaryna kitaphanalyk anyktamalyk akparattyk kyzmet korsetip otyrgan birden bir mәdeni oshak bolyp tabylady Zaman talabyna saj Internet zhelilerine kosylyp avtomattandyrylgan kitaphanalarda okyrmandarga kyzmet korsetudin orkeniettiligi damuda Ekonomika Audan ekonomikasy negizinen auyl sharuashylygyna bagyttalgan Audannyn әkimshilik shekarasyndagy barlyk zher kolemi 1 188843 gektar bolsa sonyn ishinde 77572 gektar egistik 107657 gektar tynajgan zher 42847 gektar shabyndyk 894591 gektar zhajylymdyk 17 gektar kopzhyldyk osimdik Osy zher koleminin 436016 gektary sharua kozhalyktary 117546 gektary seriktestikter 7165 gektary memleket menshigindegi kәsiporyndar 5103 gektary orman kory 37 gektary su kory 140017 gektary eldi mekenderdin pajdalanuyna berildi al kalgany 477020 gektary talap etilmegen zher retinde audan әkimshiliginin karamagynda kaldy Bүgingi tanda audanda 337 sharua kozhalyktary tirkelip olardyn 278 i zhumys zhasajdy nemese 82 5 Sharua kozhalyktarda kazirgi uakytta 1228 adam zhumys zhasajdy Zhyl basynan sharua kozhalyktarda zhumys zhasajtyn adamdar sany 4 adamga kobejdi Audan bojynsha 2010 zhyldyn I toksanynda barlygy 798 shagyn kәsipkerlik subektileri tirkelgen onyn 46 zandy tulga 752 zheke tulga Sonyn ishinde 701 shagyn kәsipkerlik subektileri zhumys zhasajdy bul barlyk tirkelgen shagyn biznes subektilerinin 87 8 pajyzy Zhumys zhasajtyn shagyn kәsipkerlik subektilerinin sany 2009 zhylmen salystyrganda 10 9 ga kobejip otyr Byltyrgy zhyldyn osy kezenimen salystyrganda shagyn kәsipkerliktin sauda sattyk kurylys kolik tasymaly zhәne baska salalarynda shagyn biznes subektileri tiisinshe 8 4 20 0 25 0 zhәne 11 5 kobejdi Shagyn kәsipkerlik salasynda 2010 zhyly 3 ajda 1998 adam zhumys zhasady Sonyn ishinde 1465 adam auyl sharuashylygynda 95 adam kurylysta 65 adam kolik zhәne bajlanys salasynda 280 adam saudada 11 adam kogamdyk tamaktandyruda zhәne 82 adam baska salalarda zhumystanuda DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary Batys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8