Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, дарынды қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. "Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ",-деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы.
Ерасыл Қожағұлұлы | |
Лақап аты | Қаракерей Қабанбай |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | Шығыс Қазақстан, Үржар |
Қайтыс болған күні | |
Мемлекет | Қазақ хандығы |
Әскер түрі | атты әскер |
Басқарды | Үш жүз әскерін |
Шайқасы | Аягөз шайқасы |
Баяндамашының деректері бойынша, Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түсіп, Қазақ хандығының Абылай, Әбілпейізден кейінгі 3-ші ірі тұлғасы, кейде Абылай, Әбілпейіз, Әбілмәмбеттен кейінгі 4-ші ірі тұлғасы ретінде аталып отырады. Циянлұң патшаның 1760 жылы 25 наурыз күні Қазақ хандығына жолдаған хатында: «Қазақтың Әбілмәмбет, Абылай, Әбілпейіз және Қабанбайларына…» деген есімдердің аталуына қарап біз осындай тұжырымға келеміз. Мұның өзі сол Абылай заманында өткен қазақтың ұлы жыраулары Бұхар, Үмбетей, Саршуаш, кейінгі Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали аталарымыздың Қабанбай батырды бар батырдың басына қойып жырлаған жырларымен және жазба деректерімен бірдей шығып отыр.
Орыс деректеріндегі Қабанбай батыр туралы деректерді тарихшы былай тізеді. «Орыс тарихшыларының жазбаларында Қабанбай батыр айрықша аталып отырады. Орыс тарихшысы Кузнецовтің 1750 жылдардағы жазбаларында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады…» – деп жазса, тағы бір орыс тарихшысы Веляминов-Зернов 1752 жылдары Еділ қалмақтары Қытайға қоныс аудармақ болған кезде іргелес отырған Қарақалпақ елін өздерімен бірге зорлап көшіріп әкетпек, болғанда сол елді қалың қол бастап, құтқарып қалған адам қазақтың Қабанбай батыры екендігін жазған.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.
- 1717 ж. , 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.
- 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.
- 1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
- 1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. , Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.
- 1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.
- 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.
- 1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды.
Өмірбаян
Қабанбай (Ерасыл) батыр — XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қол-басшы. Мәмбет — Қожақұл, одан Қабанбай батыр туған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Ол өзінің қайраттылығымен ғана басқа балалардан өзгеше болған жоқ, сонымен қатар оның арқасындағы қалың, қылдай түктері ерекшелендірді. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады.
Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға — қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады — екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты — Ардакүреңді ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы — әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздық жары — құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішінен.
Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соң, айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл тұрып қалады. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! — демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты.
Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде, Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті. — Қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр… Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ!
Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен. — Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен.
Жоңғарларға қарсы күресі
1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады. 1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады. XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиеленіскен шағында Барақ сүлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды. 1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Ӏле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі өскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Ұржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен.
Қытай әскерлеріне қарсы күресі
Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлық- тан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.
1769 жылы жетпістен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында былай деп өз байламын естіртті. — Мен енді көп ұзамаймын. Әрі кетсе бір ай, әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын… Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар! — деп сөзін қысқа қайырды.
Батырдың сырқат екенін естіген Өтеке баласы Қарабек қырғыздың қалың қолын басқарып, Қабанбайды іздеп келе жатқанын жасырмай: — Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды!- деп масайрады ол.
«Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келеді» дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып қолдың саны мыңға жетті. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас «жан алғыш әзірейілің менмін» дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. «Я, алла, өзің медет бере гөр» деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алды да, ауыр сүңгіні құлаштай сақтырды. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі ажал Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалды да, ат үстінен жұлып түсірді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып, төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Марқұмды, өз өсиеті бойынша, Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді. Ұрпақ ауысып, ел жаңарды. Зират басына үйілген обалар мүжіліп, бірте-бірте жұрт жадынан өше бастады. Бабалардың салақтығынан кейінгі ұрпақ ұлы қолбасының нақты қай тұсқа жерленгенін таппай, сарсаңға түсіп сандаларыын ол кездегі адамдар қайдан білсін?! ==Даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдары, ұрыс алаңындағы ерліктері мен осы күнге дейін жарияланбаған мағлұматтар келесі ғылыми мақалада көрініс тапты. Мәселен, Қаракерей Қабанбай 108 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Көптеген әдеби-тарихи туындыларда Дарабоз батырдың образы әрқилы жасалды. Бұл туралы «Қазақ романдарындағы Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі» баяндамасында Нұрдәулет Ақыш бірнеше шығарманы атап көрсетті.
Бүгінгі әдебиетімізде қазақ тарихының қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып жазылған көлемді прозалық шығармалар қатары уақыт өткен сайын толығып келе жатқаны белгілі. Сондай көркем дүниелердің бірі – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Софы Сматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Бұл туындыларда Қаракерей Қабанбай образына қатысты жекелеген эпизодтар кезігіп қалып отырады. Ал Әнуар Әлімжанов «Жаушысында» бұл бейнені жасауды міндет деп санамаған сыңайлы. Насихаты жетіспегендіктен, осы кезеңдегі тарихи оқиғаларды көркем шындыққа айналдырған көлемді романдардың бірі – Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» дилогиясы. Оқырман жұртшылық тарапынан аса ыстық лебізге ие бола қоймаса да, өз кезеңінің панорамалық келбетін біршама көрсете алған шығарма», – деп жазады баяндамасында Нұрдәулет Ақыш. «Романда Қабанбай – батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен екеніндігін сездіретін штрихтар да кездеседі… Қазақ халқының тарихындағы елеулі жаугершілік кезеңдер туралы шоқтықты дүниелердің қатарында Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбай батыр тұлғасын негізге ала отырып жазған «Дарабоз» дилогиясын атап өтуге тиіспіз. «Дарабоз» – Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғарлармен болған бір шайқаста көзге түсуіне орай, қатты риза болып кеткен Абылай ханның қойған лақап аты. Жазушы Қабанбай тұлғасын біржақты суреттеумен шектеліп қалмай, оны әр қырынан ашып көрсетуді жөн санаған…
Қабанбайдың көптеген жекпе-жектерінің ішінде қалмақтың Шамал ханымен жекпе-жегінің бояуы қанық, әсерлі. Ол ең соңғы мәрте қас жауы Балдыбектің баласы Қарабекке найза сілтеп барып, аттан құлап түседі. Өйткені жетпістен асқан дімкәс қарт Қабанбайды ауру әбден меңдеген болатын. Сөйтіп өмірінің соңғы күндеріне дейін елін, жерін қорғау жолында соғысып жүріп, ат үстінде найзасын қолында ұстап жүріп жан тапсырады» деп түрлі тарихи деректер келтіреді. Әсілі, бұған дейін батырдың тұлғасын ашатын талай дүние жазылды, мектеп жасындағы балалардың өзінен қазақ батырларын атап бер десе, Қаракерей Қабанбай батырдан бастайтыны шындық.
Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі
Даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдары, ұрыс алаңындағы ерліктері мен осы күнге дейін жарияланбаған мағлұматтар келесі ғылыми мақалада көрініс тапты. Мәселен, Қаракерей Қабанбай 103 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Көптеген әдеби-тарихи туындыларда Дарабоз батырдың образы әрқилы жасалды. Бұл туралы «Қазақ романдарындағы Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі» баяндамасында Нұрдәулет Ақыш бірнеше шығарманы атап көрсетті.
Бүгінгі әдебиетімізде қазақ тарихының қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып жазылған көлемді прозалық шығармалар қатары уақыт өткен сайын толығып келе жатқаны белгілі. Сондай көркем дүниелердің бірі – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Софы Сматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Бұл туындыларда Қаракерей Қабанбай образына қатысты жекелеген эпизодтар кезігіп қалып отырады. Ал Әнуар Әлімжанов «Жаушысында» бұл бейнені жасауды міндет деп санамаған сыңайлы. Насихаты жетіспегендіктен, осы кезеңдегі тарихи оқиғаларды көркем шындыққа айналдырған көлемді романдардың бірі – Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» дилогиясы. Оқырман жұртшылық тарапынан аса ыстық лебізге ие бола қоймаса да, өз кезеңінің панорамалық келбетін біршама көрсете алған шығарма», – деп жазады баяндамасында Нұрдәулет Ақыш. «Романда Қабанбай – батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен екеніндігін сездіретін штрихтар да кездеседі… Қазақ халқының тарихындағы елеулі жаугершілік кезеңдер туралы шоқтықты дүниелердің қатарында Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбай батыр тұлғасын негізге ала отырып жазған «Дарабоз» дилогиясын атап өтуге тиіспіз. «Дарабоз» – Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғарлармен болған бір шайқаста көзге түсуіне орай, қатты риза болып кеткен Абылай ханның қойған лақап аты. Жазушы Қабанбай тұлғасын біржақты суреттеумен шектеліп қалмай, оны әр қырынан ашып көрсетуді жөн санаған…
Қабанбайдың көптеген жекпе-жектерінің ішінде қалмақтың Шамал ханымен жекпе-жегінің бояуы қанық, әсерлі. Ол ең соңғы мәрте қас жауы Балдыбектің баласы Қарабекке найза сілтеп барып, аттан құлап түседі. Өйткені жетпістен асқан дімкәс қарт Қабанбайды ауру әбден меңдеген болатын. Сөйтіп өмірінің соңғы күндеріне дейін елін, жерін қорғау жолында соғысып жүріп, ат үстінде найзасын қолында ұстап жүріп жан тапсырады» деп түрлі тарихи деректер келтіреді. Әсілі, бұған дейін батырдың тұлғасын ашатын талай дүние жазылды, мектеп жасындағы балалардың өзінен қазақ батырларын атап бер десе, Қаракерей Қабанбай батырдан бастайтыны шындық.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Барқытбел тауым — байтағым менің!» (1 бөлім) Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы. [turkystan.kz]
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қabanbaj Қozhagululy Қarakerej Қabanbaj Daraboz batyr daryndy kolbasshy Azan shakyryp kojylgan esimi Erasyl Ol 1692 zh kazirgi Shygys Қazakstan oblysynyn Үrzhar audanyndagy Barlyk tauynda omirge kelip 1770 zh sonda dүnie salgan Қabanbaj Najman ishindegi Қarakerej ruynyn Bajzhigit tarmagynan Қazakta Najman Қabanbajdan askan batyr zhok Үjsin Tole biden askan bi zhok degen eken Mәshһүr Zhүsip Kopejuly Zhastajynan zhaugershilik pen shapkynshylyktyn zardabyn korip osken Erasyl bүkil eline zhurtyna tongen zulmattyn kandaj ekenin bojyna sinirip sezinip osken kazak uldarynyn biri Kejbir mәlimetterde Arkada tuyp Arkadagy Esil men Nura ortasyndagy Қabanbajdyn Үshbulagy atalatyn zherde dүnieden otken desedi Al sүjegi Үshbulaktan 3 shakyrym zherde Najman korym atalatyn kyrdyn үstinde Batyrdyn omirbayanyna katysty tarihi derekterdi Amangeldi Tolemisov zhinaktap oz bayandamasynda kalyn kauymga usyndy Tu koterip el korgagan sүjikti batyryna halyk Erasyl Narbala Izbasar Қabanbaj Han batyr Daraboz Kokirek әulie degen at esimder bergen dejdi tarihshy Erasyl ҚozhagululyLakap atyҚarakerej ҚabanbajTugan kүni1692 1692 Tugan zheriShygys Қazakstan ҮrzharҚajtys bolgan kүni1770 1770 MemleketҚazak handygyӘsker tүriatty әskerBaskardyҮsh zhүz әskerinShajkasyAyagoz shajkasy Bulanty shajkasy Anyrakaj shajkasy Shagan shajkasy Baska magynalar үshin Қabanbaj degen betti karanyz Bayandamashynyn derekteri bojynsha Қabanbaj batyr Қytaj zhazbalaryna 1757 1758 zhyldardan bastap kazaktyn tumu batuly yagni bas batyry retinde hatka tүsip Қazak handygynyn Abylaj Әbilpejizden kejingi 3 shi iri tulgasy kejde Abylaj Әbilpejiz Әbilmәmbetten kejingi 4 shi iri tulgasy retinde atalyp otyrady Ciyanlun patshanyn 1760 zhyly 25 nauryz kүni Қazak handygyna zholdagan hatynda Қazaktyn Әbilmәmbet Abylaj Әbilpejiz zhәne Қabanbajlaryna degen esimderdin ataluyna karap biz osyndaj tuzhyrymga kelemiz Munyn ozi sol Abylaj zamanynda otken kazaktyn uly zhyraulary Buhar Үmbetej Sarshuash kejingi Mәshһүr Zhүsip Қurbangali atalarymyzdyn Қabanbaj batyrdy bar batyrdyn basyna kojyp zhyrlagan zhyrlarymen zhәne zhazba derekterimen birdej shygyp otyr Orys derekterindegi Қabanbaj batyr turaly derekterdi tarihshy bylaj tizedi Orys tarihshylarynyn zhazbalarynda Қabanbaj batyr ajryksha atalyp otyrady Orys tarihshysy Kuznecovtin 1750 zhyldardagy zhazbalarynda Қazak kolynyn soltүstik shygys boligin Қabanbaj batyr bastap ontүstik shygys boligin Abylaj bastap zhongarlardy shygyska karaj tyksyryp barady dep zhazsa tagy bir orys tarihshysy Velyaminov Zernov 1752 zhyldary Edil kalmaktary Қytajga konys audarmak bolgan kezde irgeles otyrgan Қarakalpak elin ozderimen birge zorlap koshirip әketpek bolganda sol eldi kalyn kol bastap kutkaryp kalgan adam kazaktyn Қabanbaj batyry ekendigin zhazgan Ortada ogan bagyshtalyp orynatylgan kesene 2000 zhyly Tungysh prezident bastamasymen Қabirindegi kulpytas kesenesi ishinde Zheti zhasynda әkesi Қozhakul on alty zhasynda agasy Esenbaj zhongarlar kolynan kaza tabady On alty zhasar bala zhau arasyna zhasyryn baryp agasyn oltirgen zhongar batyryn oltirip kek algan Osydan kejin Zajsandagy Kerej ishine ketip zhezdesi Berdәulettin kolynda boldy Osynda zhүrip zhylkyga shapkan zhabajy kabandardy zhajratyp Қaban batyr atandy 1717 zh 1723 zh Tүrkistan korganysyna 1726 zh Bulanty shajkasyna 1730 zh Anyrakaj shajkasyna kejinnen Shyngystau Ertis bojyndagy shajkastarga katysyp Abylaj hannyn bas batyrlarynyn birine ajnaldy 1741 zh Shyngystaudagy Shagan shajkasynda akboz atpen top zharyp zhauga shapkany үshin Daraboz atandy 1751 zh ol Syr bojy Shymkent Sajram Tashkent kalalaryn zhongarlardan tazartyp Tole bidin bilikke keluine komektesti Zhongariyaga ajdalyp bara zhatkan birneshe myn karakalpakty kutkaryp kalady 1752 54 zh Қabanbaj baskargan kazak әskeri aldymen Ile Balkash Қaratal onirlerin zhaudan tazartuga katysty Osydan kejin Қarakol men Naryndy Үrzhar men Қatynsudy Alakol men Barlykty azat etip teristik bagyttagy Bogembaj әskerine kosyldy Shorga Manyrak shajkastaryna katysyp Zajsan Markakol Kүrshim onirlerin azat etti 1756 zh zhongar bileushisi Әmirsanany kuyp kelgen kytaj әskerinin betin kajtaruga atsalysty Shonzhy Narynkol Kegen onirlerin kyrgyzdardan kajtaryp aluga katysty 1758 zh kyrkүjekte Barlyktan Үrimzhi kalasyna 300 zhylky ajdap baryp kazak kytaj saudasyn bastap berdi 500 adamdyk kolmen kelgen kyrgyz batyry Қarabekke auyryp zhatkanyna karamastan karsy shygyp zhekpe zhekte Қarabekti oltirgen Sol sәtte ozi de at үstinen kulap tүsip kazaga ushyrajdy Almaty oblysyndagy buryngy Andreev auylyna Shygys Қazakstan oblysy Үrzhar audanyndagy Zharbulak auylyna Almaty Semej Өskemen Taldykorgan kalalaryndagy bir bir koshege sondaj ak Ayakoz kalasynda ornalaskan tank diviziyasyna esimi berilgen Үsharal kalasynda batyrga eskertkish Astana irgesinde eskertkish monument ornatylgan 1992 93 zh buryngy Taldykorgan zhәne Semej oblystarynda 300 zhyldygy atalyp otilip үlken as berildi Batyrdyn omiri men erlik kүresi Bukar Aktamberdi Үmbetej Dulat Tәtikara t b akyn zhyraular shygarmashylygyna arkau bolgan Zhazushy Қabdesh Zhumadilov Daraboz tarihi romanyn zharykka shygardy ӨmirbayanAlmaty Қabanbaj batyr koshesi Қabanbaj Erasyl batyr XVIII gasyrdagy kazak batyry әjgili kol basshy Mәmbet Қozhakul odan Қabanbaj batyr tugan 1691 zhyly etegi Alakolge malynyp zhatkan Tokta Barlyk tauynyn manynda Barkytbeldin kүngej zhagyna ornalaskan Mәmbet auylynda Erasyl Қabanbaj dүniege kelgen Ol ozinin kajrattylygymen gana baska balalardan ozgeshe bolgan zhok sonymen katar onyn arkasyndagy kalyn kyldaj tүkteri erekshelendirdi XVIII gasyrdyn bas kezinde yagni 1702 zhyly Barlyktagy algashky ajkasta әkesi Қozhakul batyr az adammen korshauda kalyp akyry auyr zharakattan mert bolady Erasyldyn on birge zhana tolgan kezi edi Қozhakul batyrdyn kozi zhumylgan son bas iesinen ajrylgan Mәmbet auyldaryna zhyl sajyn ojrattar shabuyl zhasap tal tүste zhylkylaryn ajdap әkete beretin әdet tapty Sondaj bir kezekti shapkynshylyk kezinde kalmaktar zhylky kүzetip zhүrgen Қabanbajdyn agasy Esenbajdy kolga tүsirip korlap oltiredi Ayamas zhauyzdar kanzharmen zhas zhigittin karnyn zharyp shalazhansar kүjinde dalaga tastap ketipti Esenbaj zhalgyz inisi Erasyldy mandajynan shertpej katty erkeletetin Sonyn arkasynda әkesinin de zhoktygy bilinbej zhetimdik kormej bula bop osken edi Aga oliminen kejin on altyga zhana tolyp әli on solyn tanyp үlgermegen Erasyl kozge kamshy tigendej mәngirip kaldy Әsirese korlagany azaptap oltirgeni zhanyna katty batty Esenbajdaj azamattyn kany tekke ketpes kalmakka kolma kol attanarmyz karymta kajtararmyz dep ojlangan Zhok olaj bolmady Bәrinen de eldin etekbastylygy asykpajtyn agajynnyn kerenaulygy konilin kaldyrdy Ne kerek әjteuir irgedegi kalmakka attanyp kek kajtaratyn tym kurysa zhauga kyr korsetip azamattyn kunyn surajtyn bir pende tabylmady Erasyldyn kүte kүte tozimi tausylyp bitti Akyry tәuekelge bel bajlagan Erasyl ne de bolsa kalmakka zhalgyz attanbak boldy Қanga kan zhanga zhan Agasynan zhany artyk pa Osy zholy ne Esenbajdy oltirgen kalmakty tauyp kanyn ishedi Ne agasynyn artynan bul da mert bolady ekinin biri Akyry kek almaj zhany zhaj tappasyna kozi zhetti de zhylkydan tol aty Ardakүrendi ustap minip eshkimge zhonin ajtpastan shygysty betke alyp tartyp otyrdy Molsherlegenindej ak Sarybeldin shygys kaptalyna kalmak auyldary sugyna kirip otyr eken Erasyl mal kozdep zhүrgen adam bolyp alga karaj ishkeriledi Қolynda karuy әkesinen kalgan tort kyrly karatamak najza kajky kara kylysh pen eki zhүzdi almas kanzhary bar Zhalgyzdyk zhary kudaj deushi edi Ua pәruardiger ozin zholymdy ongara kor dep tiledi ishinen Өlzhe ajkajlap dybys bergisi keldi me әlde tynysy tarylyp aua karmagany ma sәl tenselip turdy da kanzhardy kajta suyryp algan kezde etbetinen kүrs etip kulap tүsti Erasyl ozinin Ardakүrenine minip auyldan uzap ketken son ajyrylysatyn kezde Erdene zholdasynyn amandygyn ajtu үshin Mәmbet auyldaryna karaj al Erasyl iz zhasyru үshin Ertis bojyna uzatylgan әpkesine karaj tartyp Kerej eline bet tүzedi Mundagy apa zhezdesinin kolynda birneshe zhyl turyp kalady Bir kүni Zajsan koli zhagasynda zhylky kajyryp zhүrip ojda zhokta bir tobyr zhabajy shoshkaga tap bolgany bar Қamys arasynan shyga kelgen kunan ogizdej kara kaban Erasylga karaj oktaj atyldy Erasyl da najzany bar kүshimen sermegendi sirә najzanyn ushy zhүrekti zharyp otken bolar kara kaban seren etip kulap tүsti Erasyldyn aman ekenin korip kuangan Berdәulet zhezdesi batyr dep myna seni ajt Өzin nagyz kaban ekensin goj Ua zharandar bүginnen bastap atyn Қaban batyr dep atajyk demesi bar ma Zhezdesinin auzy mundaj dualy bolar ma kuanysh үstinde ajtylgan bir auyz soz keshikpej bүkil elge tarap ayak astynan Қabanbaj batyr atandy Sol zhyly kүzde Sauyrdagy shajkasta Erasyl ojrat batyry Dolan Doshyga karsy zhekpe zhekke el kojyp algan osy zhana atymen shykty Sodan Kerej arasynda bes zhyldaj turyp Hanbibige үjlenip kejin Bajzhigit ishine kajta oralgan son da bul at kalgan zhok 1718 zhyldyn kүzi arada zheti zhyl otkende Ayagoz ozeninin bojynda Arsalanmen kezdesti Қapy kalma Arsalan Men kazaktyn Қabanbaj degen batyrymyn Osydan zheti zhyl buryn on alty zhasymda agan Өlzhezhyrgaldy o dүniege attandyryp edim Mine kudajdyn kudiretin kordin be senin de azhalyn menen bolajyn dep tur Al endi shaman bolsa korganyp bak Najzany kolyna mygym ustagan Қabanbaj kindik tustan ne kazan tolmastan kadajtyn kisishe enkeje shauyp keldi de dәl kasyna tayagan kezde koz ilespes zhyldamdykpen ondirshekke uryp kep zhiberdi Najzamen bauyzdalgan Arsalan kesken terektej bolyp at үstinen sulap tүsti de korkyrap kala berdi Kejin ojrat kolyn ojsyrata zhenip Shagan shatkalynan ajdap shykkanda akboz atka minip dara shauyp kol bastagan batyrdyn Қabanbaj ekenin bilip Abylaj han katty razy bolgan eken Қajrausyz oter kara kylyshym aj Dankka zhetkizgen dara bozym sen ekensin goj Eger biikke bekinip algan zhau kamalyna kalyn koldy koterip sen shappaganda bүgingi shajkastyn nemen biteri negajbyl edi Bүginnen bastap Қabanbaj atyn han uranyna ajnalyp zhoryktagy esimin Daraboz bolsyn dep kushagyna alyp үstine altyn zerli tonyn zhapkan eken Zhongarlarga karsy kүresi1723 zhyly Tүrkistan korganysyna 1726 zhyly Bulanty shajkasyna 1730 zhyly Anyrakaj Alakol shajkasyna kejin Shyngystau Ertis bojyndagy shajkastarga katysyp Abylaj hannyn bas batyrlarynyn birine ajnalady 1741 zhyly Shyngystaudagy Shagan shajkasynda akboz atpen top zharyp zhauga shapkany үshin Daraboz atanady 1751 zhyly Arkadan Ontүstik Қazakstanga Hanbaba Barak sultannyn үlken uly zhorygy zhasaldy Ұly zhүz zhasagyn ozine kosyp algan 2 tүmen kazak әskeri Syr bojy Shymkent Sajram Tashkent kalalaryn zhongarlardan tazartyp Tashkentte Tole bidin bilikke keluine komektesti Shyrshyk onirinde Zhongariyaga ajdalyp bara zhatkan birneshe myn karakalpakty kutkaryp kalady XVIII gasyrdyn orta sheninde kazak handary bilik үshin zhүrgizgen kүres shielenisken shagynda Barak sүltan Kishi zhүzdin hany Әbilkajyrdy oltirgen Қabanbaj batyr Barak sultanga kinә tagyp onyn Zhongar handygymen zhakyndasuyna karsy әreket zhasady Osygan oraj Қabanbaj batyr tek Orta zhүzdin ishki zhagdajlaryna ykpal etip kana kojmaj Kishi zhүzde bolyp zhatkan tarihi okigalardyn da bel ortasynda boldy 1752 1754 zhyldary Zhetisu Tarbagataj Altaj olkelerin zhongarlardan azat etu zhoryktarynda Қabanbaj baskargan kazak әskeri aldymen Ӏle Balkash Қaratal onirlerin zhaudan tazartuga katyskan Osydan kejin kazak zhasaktary Tarbagatajdyn kүngeji men teriskejinde eki bagytta shabuylga shykkan Kүngejdegi osker tobyn baskargan Қabanbaj sarbazdarymen Қarakol men Naryndy Ұrzhar men Қatynsudy Alakol men Barlykty azat etip teristik bagyttagy Bogenbaj әskerine kosylgan Baspan Bazar Shorga Manyrak shajkastaryna katysyp Zajsan Markakol Kүrshim onirlerin azat etken Қytaj әskerlerine karsy kүresiҚazak zheri baskynshylardan azat bolgannan kejin Қabanbaj batyr 1756 zhyly zhongar bileushisi Әmirsanany kuyp kelgen kytaj әskerinin betin kajtaruga at salysty Shygys ajmaktarga el koshiru konys bolu isine aralasty Zhongar үstemdigi kezinde koldan shygyp ketken Shonzhy Narynkol Kegen onirlerin kyrgyzdardan kajtaryp aluga katyskan Қytajmen bitim zhasalgannan kejin 1758 zhyly kyrkүjekte Barlyk tan Үrimzhi kalasyna 300 zhylky ajdap baryp kazak kytaj saudasyn bastap berdi Әkesi Әteke zhyryktyn kegin alu үshin 500 adamdyk kolmen kelgen kyrgyz batyry Қarabekke auyryp zhatkanyna karamastan kol bastap karsy shygyp Қabanbaj zhekpe zhekte Қarabekti oltirgen Sol sәtte ozi de at үstinen kulap tүsip kazaga ushyragan 1769 zhyly zhetpisten askan Қabanbaj batyr tort kozderi tүgel otyrgan zhiynda bylaj dep oz bajlamyn estirtti Men endi kop uzamajmyn Әri ketse bir aj әjtpese shop buyny kata zholga tүsetin shygarmyn Toktynyn syrtynda Sarybel degen asu bar Sүjegimdi sonda aparyp kojyndar dep sozin kyska kajyrdy Batyrdyn syrkat ekenin estigen Өteke balasy Қarabek kyrgyzdyn kalyn kolyn baskaryp Қabanbajdy izdep kele zhatkanyn zhasyrmaj Magan negurlym Қabanbajdyn amandygy kerek Onyn auylyn kozi tirisinde shappasam kegim kajtpajdy dep masajrady ol El shetine zhau tidi Қyrgyzdar batyrdyn auylyn shapkaly keledi degendi kulaktary shalysymen bajyrgy sarbazdardyn bәri atka konyp koldyn sany mynga zhetti Al bul kezde Қabanbajdyn tula bojyn yza men namys bilep algan edi Қarabektin kaһarly karuy kylysh bolsa kerek ak almas zhan algysh әzirejilin menmin degendej kok zhүzinde kalyktap keledi Ya alla ozin medet bere gor dep kart batyr teren tynys tartyp bojyndagy bar kuatyn zhinap aldy da auyr sүngini kulashtaj saktyrdy Kop kozdep zhatpasa da dagdyly kol mүlt ketpepti Zhebedej zulagan kok sүngi azhal Қarabektin tura zhүrek tusyna baryp kadaldy da at үstinen zhulyp tүsirdi Sol sәt Қabanbajdyn ishki kurylysynan әldene үzilgendej bolgan batyrdyn basy ajnalyp toniregin tүgel tүnek zhapkandaj әldebir tungiykka batyp bara zhatty Alpys zhyl bojy attan tүspej bar omirin zhauga karsy kylysh sermep otkergen uly kolbasy azhal zhastygyna alansyz bas kojgan edi Markumdy oz osieti bojynsha Zhongar kakpasynyn sol zhak kaptalyndagy Sarybelge zherledi Belgi retinde batyrdyn basyna tas үjildi Ұrpak auysyp el zhanardy Zirat basyna үjilgen obalar mүzhilip birte birte zhurt zhadynan oshe bastady Babalardyn salaktygynan kejingi urpak uly kolbasynyn nakty kaj tuska zherlengenin tappaj sarsanga tүsip sandalaryyn ol kezdegi adamdar kajdan bilsin Dankty kolbasshy Қabanbaj batyrdyn omir sүrgen zhyldary urys alanyndagy erlikteri men osy kүnge dejin zhariyalanbagan maglumattar kelesi gylymi makalada korinis tapty Mәselen Қarakerej Қabanbaj 108 zhekpe zhek otkizip onyn barlygynda zheniske zhetken Koptegen әdebi tarihi tuyndylarda Daraboz batyrdyn obrazy әrkily zhasaldy Bul turaly Қazak romandaryndagy Қarakerej Қabanbaj batyr bejnesi bayandamasynda Nurdәulet Akysh birneshe shygarmany atap korsetti Bүgingi әdebietimizde kazak tarihynyn kojnauynan syr tartyp nakty derekterge sүjene otyryp zhazylgan kolemdi prozalyk shygarmalar katary uakyt otken sajyn tolygyp kele zhatkany belgili Sondaj korkem dүnielerdin biri Iliyas Esenberlinnin Koshpendiler tarihi trilogiyasynda Sofy Smataevtyn Elim aj Әbish Kekilbaevtyn Үrker Elen alan romandary Bul tuyndylarda Қarakerej Қabanbaj obrazyna katysty zhekelegen epizodtar kezigip kalyp otyrady Al Әnuar Әlimzhanov Zhaushysynda bul bejneni zhasaudy mindet dep sanamagan synajly Nasihaty zhetispegendikten osy kezendegi tarihi okigalardy korkem shyndykka ajnaldyrgan kolemdi romandardyn biri Zholdasbaj Turlybajulynyn Rajymbek batyr dilogiyasy Okyrman zhurtshylyk tarapynan asa ystyk lebizge ie bola kojmasa da oz kezeninin panoramalyk kelbetin birshama korsete algan shygarma dep zhazady bayandamasynda Nurdәulet Akysh Romanda Қabanbaj batyr gana emes eldi auzyna karatkan bi sheshen ekenindigin sezdiretin shtrihtar da kezdesedi Қazak halkynyn tarihyndagy eleuli zhaugershilik kezender turaly shoktykty dүnielerdin katarynda Қabdesh Zhumadilovtin Қarakerej Қabanbaj batyr tulgasyn negizge ala otyryp zhazgan Daraboz dilogiyasyn atap otuge tiispiz Daraboz Қarakerej Қabanbaj batyrdyn zhongarlarmen bolgan bir shajkasta kozge tүsuine oraj katty riza bolyp ketken Abylaj hannyn kojgan lakap aty Zhazushy Қabanbaj tulgasyn birzhakty suretteumen shektelip kalmaj ony әr kyrynan ashyp korsetudi zhon sanagan Қabanbajdyn koptegen zhekpe zhekterinin ishinde kalmaktyn Shamal hanymen zhekpe zheginin boyauy kanyk әserli Ol en songy mәrte kas zhauy Baldybektin balasy Қarabekke najza siltep baryp attan kulap tүsedi Өjtkeni zhetpisten askan dimkәs kart Қabanbajdy auru әbden mendegen bolatyn Sojtip omirinin songy kүnderine dejin elin zherin korgau zholynda sogysyp zhүrip at үstinde najzasyn kolynda ustap zhүrip zhan tapsyrady dep tүrli tarihi derekter keltiredi Әsili bugan dejin batyrdyn tulgasyn ashatyn talaj dүnie zhazyldy mektep zhasyndagy balalardyn ozinen kazak batyrlaryn atap ber dese Қarakerej Қabanbaj batyrdan bastajtyny shyndyk Қarakerej Қabanbaj batyr bejnesiDankty kolbasshy Қabanbaj batyrdyn omir sүrgen zhyldary urys alanyndagy erlikteri men osy kүnge dejin zhariyalanbagan maglumattar kelesi gylymi makalada korinis tapty Mәselen Қarakerej Қabanbaj 103 zhekpe zhek otkizip onyn barlygynda zheniske zhetken Koptegen әdebi tarihi tuyndylarda Daraboz batyrdyn obrazy әrkily zhasaldy Bul turaly Қazak romandaryndagy Қarakerej Қabanbaj batyr bejnesi bayandamasynda Nurdәulet Akysh birneshe shygarmany atap korsetti Bүgingi әdebietimizde kazak tarihynyn kojnauynan syr tartyp nakty derekterge sүjene otyryp zhazylgan kolemdi prozalyk shygarmalar katary uakyt otken sajyn tolygyp kele zhatkany belgili Sondaj korkem dүnielerdin biri Iliyas Esenberlinnin Koshpendiler tarihi trilogiyasynda Sofy Smataevtyn Elim aj Әbish Kekilbaevtyn Үrker Elen alan romandary Bul tuyndylarda Қarakerej Қabanbaj obrazyna katysty zhekelegen epizodtar kezigip kalyp otyrady Al Әnuar Әlimzhanov Zhaushysynda bul bejneni zhasaudy mindet dep sanamagan synajly Nasihaty zhetispegendikten osy kezendegi tarihi okigalardy korkem shyndykka ajnaldyrgan kolemdi romandardyn biri Zholdasbaj Turlybajulynyn Rajymbek batyr dilogiyasy Okyrman zhurtshylyk tarapynan asa ystyk lebizge ie bola kojmasa da oz kezeninin panoramalyk kelbetin birshama korsete algan shygarma dep zhazady bayandamasynda Nurdәulet Akysh Romanda Қabanbaj batyr gana emes eldi auzyna karatkan bi sheshen ekenindigin sezdiretin shtrihtar da kezdesedi Қazak halkynyn tarihyndagy eleuli zhaugershilik kezender turaly shoktykty dүnielerdin katarynda Қabdesh Zhumadilovtin Қarakerej Қabanbaj batyr tulgasyn negizge ala otyryp zhazgan Daraboz dilogiyasyn atap otuge tiispiz Daraboz Қarakerej Қabanbaj batyrdyn zhongarlarmen bolgan bir shajkasta kozge tүsuine oraj katty riza bolyp ketken Abylaj hannyn kojgan lakap aty Zhazushy Қabanbaj tulgasyn birzhakty suretteumen shektelip kalmaj ony әr kyrynan ashyp korsetudi zhon sanagan Қabanbajdyn koptegen zhekpe zhekterinin ishinde kalmaktyn Shamal hanymen zhekpe zheginin boyauy kanyk әserli Ol en songy mәrte kas zhauy Baldybektin balasy Қarabekke najza siltep baryp attan kulap tүsedi Өjtkeni zhetpisten askan dimkәs kart Қabanbajdy auru әbden mendegen bolatyn Sojtip omirinin songy kүnderine dejin elin zherin korgau zholynda sogysyp zhүrip at үstinde najzasyn kolynda ustap zhүrip zhan tapsyrady dep tүrli tarihi derekter keltiredi Әsili bugan dejin batyrdyn tulgasyn ashatyn talaj dүnie zhazyldy mektep zhasyndagy balalardyn ozinen kazak batyrlaryn atap ber dese Қarakerej Қabanbaj batyrdan bastajtyny shyndyk DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Barkytbel tauym bajtagym menin 1 bolim Muragattalgan 14 shildenin 2014 zhyly turkystan kz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet