Семей — 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Абай облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы километр. 1782 жылдан бастап 1997 жылға дейін Семей (Семипалатинск) облысының орталығы болған.
Қала | |||
Семей | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы | Облыс орталығы | ||
Облысы | |||
Әкімі |
| ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 50°24′40″ с. е. 80°13′39″ ш. б. / 50.41111° с. е. 80.22750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°24′40″ с. е. 80°13′39″ ш. б. / 50.41111° с. е. 80.22750° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1718 | ||
Бұрынғы атаулары | Доржикент қалашығы, Семпалат (Семипалатинск) бекінісі, Алаш-қала | ||
Қала статусы | 1782 | ||
Жер аумағы | 298,21 км² | ||
Климаты | қатаң-континенталды | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 328 762 адам (2023) | ||
Тығыздығы | 1102 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (73,37%), орыстар (20,63%), татарлар (2,72%), немістер (1,14%), украиндар (0,64%), беларустар (0,17%), басқа ұлт өкілдері (1,33%) | ||
Этнохороним | семейлік | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 7222 | ||
Пошта индекстері | F1***** | ||
Автомобиль коды | F мен U (2013 жылға дейін), 16 (2013 жылдан соң) | ||
Семей қаласының әкімдігі | |||
Семей шекарасы | |||
Ортаққордағы санаты: Семей |
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрлығының Географиялық орталығы анықталған.
Қазақстанда қала мәдени астанасы болып саналады, өйткені оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен шығармашылығының негізін салушылар болып табылады. Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 323 721 адам (2019ж.). Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
Тарихы
Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, І Петр шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». «Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі. Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. XX ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М.Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г.Потаниндермен кездесті.Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н.Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияќты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н.Белослюдов және А.Н.Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н.Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д.Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» үнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» үнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.
Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылы облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиясы құрылды. Ерлік істері үшін 238-ші атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 3 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Жауынгерлік Қызыл ту орденімен марапатталды, ал 24 мамырда Халық Қомиссарының бұйрығымен 30-шы гвардиялық болып жасақталды. 1944 жылдың 3 қарашасында 30-шы гвардиялық дивизия «Рижск» құрметті атағы берілді. 1946 жылдың 6 мамырында дивизия таратылды. Өкіметтік марапаттарға дивизияның 13 мыңнан астам жауынгерлері ерліктері үшін ие болды. Дивизия командирлері: полковник Коротков Геннадий Петрович (14 наурыз 1941 ж. – 10 мамыр 1942 ж.); полковник (27 қазан 1942ж. генерал-майор) Кулешов Андрей Данилович (16 мамыр 1942 ж. – 17 қаңтар 1944ж.); полковник (3 маусым 1944 ж. – генерал-майор) Исаев Михаил Александрович (18 қаңтар – 5 қараша 1944ж., 17 ақпан– 9 мамыр 1945ж.); полковник Фадейкин Иван Анисимович (6 қараша 1944ж. – 16 ақпан 1945жж.).
8-ші атқыштар дивизиясының жолы да даңқты болды. 1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың наурызына дейін Семей және Аягөз қалаларында жасақталды. Воронеж түбінен басталған жауынгерлік жол Курскі шайқасына ұласты. 1944 жылдың 5 наурызында дивизияға «Ямпольск» құрметті атағы берілді. Дивизия командирлері: полковник Зверев Григорий Александрович (25 желтоқсан 1941ж. – 1 ақпан 1942 ж); подполковник (1 қазан 1942 ж. генерал-майор) Иванов Иван Иванович (2 ақпан 1942 ж. – 2 маусым 1943ж); подполковник Гудзь Порфирий Мартынович (15 маусым – 26 қазан1943ж); генерал-майор Иванов Николай Иванович (27 қазан – 12 желтоқсан 1943ж); генерал – майор Смирнов Андрей Семенович (13 желтоқсан 1943ж. – 26 қыркүйек 1944ж); полковник Угрюмов Николай Степанович (27 қыркүйек 1944 ж. – 9 мамыр 1945ж).
56 семейліктерге Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атақтар берілді (М.Әбеулов, В.В.Буторин, З.Белібаев, В.А.Засядко, М.К.Меркулов, Н.Н.Силин т.б.). 13 адам 3-ші дєрежелі Даңқ орденінің иегерлері болды (Ф.Әділбаев, М.Әубєкіров, П.П. Борков, М.Ф.Кружелев, Ф.Е. Маслин, В.Н.Кондратьев, В.А.Осипов, С.Рубаев, Б.Хайдаров т.б.)
Географиясы
Климаты
Семей ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Абсолюттық максимум, °C | 5,7 | 6,8 | 24,5 | 33,0 | 37,6 | 38,8 | 42,1 | 42,5 | 38,2 | 29,5 | 21,0 | 6,7 | |
Орташа максимум, °C | −9,8 | −8,1 | −0,2 | 13,7 | 22,0 | 27,2 | 28,5 | 26,9 | 20,6 | 11,8 | 0,5 | −6,8 | |
Орташа температура, °C | −14,7 | −13,8 | −5,8 | 7,0 | 14,5 | 19,8 | 21,6 | 19,3 | 12,8 | 5,6 | −4,1 | −11,3 | |
Орташа минимум, °C | −19,5 | −19,4 | −11,3 | 0,2 | 6,9 | 12,4 | 14,7 | 11,7 | 5,0 | −0,5 | −8,7 | −15,9 | |
Абсолюттық минимум, °C | −42,6 | −41,5 | −34,6 | −18,4 | −6,5 | 0,2 | 5,5 | 0,6 | −7,5 | −20,8 | −42,1 | −42,2 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 14,6 | 14,8 | 14,8 | 17,7 | 27,7 | 30,5 | 49,8 | 21,7 | 16,0 | 20,9 | 25,8 | 21,3 | |
Дерекнама: Семей ауа райы мен климаты |
Халық саны
Семей қаласы халқының саны
1881 | 1897 | 1910 | 1926 | 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1991 | 1999 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
17 820 | 26 353 | 34 400 | 56 100 | 109 700 | 149 800 | 235 735 | 282 574 | 334 402 | 344 700 | 269 574 |
2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
268 998 | 273 781 | 277 261 | 279 910 | 282 110 | 299 264 | 301 471 | 303 348 | 305 795 | 309 772 | 312 056 | 313 726 | 303 210 |
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
299264 | ▲303210 | 101,3 | 137702 | ▲144221 | 104,7 | 161562 | ▼158989 | 98,4 |
Мәдени өмір
Семей шаһары Қазақстанның "мәдени астаны" ретінде әйгілі. Қалада Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық мұражайы, Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Ф. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры сынды мәдениет орталықтары бар.
Қаланың көрікті жерлері
- Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
- Қос мұналары мешіт - сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 - 1862 жж. - құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Мешіт жұмыс істеп тұр.
- Тыныбай мешіті - Тыныбай Кәукенов, XIX ғасырдың 30-40 жж. - қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
- Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
- Невзоровтар отбасы атындағы мұражай - Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.
- Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы губернатор үйі) - 1856 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.
- Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.
- Абай тұрған Анияр Молдабаевтің үйі (Алаш арыстары). ХІХ ғасырдың соңы. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Төртбұрышты, ағаштан салынған. Төменгі қабат жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған. үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде 2 мемориалдыќ тақта ілінген: «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған».
- «Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов.
- Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания LTD компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.
- Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.
- Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.
Белгілі тұлғалары
- Дулат Бабатайұлы – көрнекті ақын, жырау, сатирик, қоғам қайраткері, тарихшы, Абайдың ұстазы.
- Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ.
- Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі
- Әріп Тәңірбергенов – ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.
- Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)
- Көкбай Жанатайұлы – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, досы, әрі туысқан інісі.
- Бибігүл Төлегенова – қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
- Роза Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
- Сейіт Асқарұлы Қасқабасов – әдебиеттану, фольклоршы ғалым. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
- Таупық Рымжанов – жазушы
- Амантай Исин – Тарихшы-ғалым (1988). Бірнеше монография және жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
- Қайым Мұқамедханов – Ғалым, абайтанушы, 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог. Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы (1940). Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы.
- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.
Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.
Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.
Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.
Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.
Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.
16 мың ш.м. жеке тұрғын үй енгізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 182% артық.
Жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.
Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында немесе 98,2% игерілді.
Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке арттық.
2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың тіркелген саны 1518 адамға есептеліп, өткен жылдың деңгейінде қалды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.
Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай кезеңіне 13,5% артты.
Бауырлас қалалары
- Ипр, Бельгия
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасының этностары бойынша халқының саны (2023 жыл басына)
- https://akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-akimshilik-aumaktyk-kurylysynyn-keybir-maseleleri-turaly-44412
- Қазақстан Республикасы халқының облыстар және астана, қалалар, аудандар, аудан орталықтары және кенттер бөлінісіндегі жынысы бойынша саны Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2020 жылы.
- Қала тарихы Мұрағатталған 6 ақпанның 2012 жылы.
- City & town of Kazakhstan (ағыл.). pop-stat.mashke.org. Тексерілді, 29 наурыз 2016.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- [1] Мұрағатталған 6 ақпанның 2012 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Semej 2022 zhyldyn 8 mausym ajynan bastap resmi tүrde Abaj oblysynyn әkimshilik ortalygy Ol Ertis ozeninin eki zhagasyna ornalaskan Aumagy selolyk okrugterdi koskanda 27 5 myn sharshy kilometr 1782 zhyldan bastap 1997 zhylga dejin Semej Semipalatinsk oblysynyn ortalygy bolgan ҚalaSemejEltanbasyӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanStatusyOblys ortalygyOblysyAbajӘkimiTarihy men geografiyasyKoordinattary50 24 40 s e 80 13 39 sh b 50 41111 s e 80 22750 sh b 50 41111 80 22750 G O Ya Koordinattar 50 24 40 s e 80 13 39 sh b 50 41111 s e 80 22750 sh b 50 41111 80 22750 G O Ya Қurylgan uakyty1718Buryngy ataularyDorzhikent kalashygy Sempalat Semipalatinsk bekinisi Alash kalaҚala statusy1782Zher aumagy298 21 km Klimatykatan kontinentaldyUakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny328 762 adam 2023 Tygyzdygy1102 adam km Ұlttyk kuramykazaktar 73 37 orystar 20 63 tatarlar 2 72 nemister 1 14 ukraindar 0 64 belarustar 0 17 baska ult okilderi 1 33 EtnohoronimsemejlikResmi tilikazak tiliSandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 7222Poshta indeksteriF1 Avtomobil kodyF men U 2013 zhylga dejin 16 2013 zhyldan son Semej kalasynyn әkimdigi kaz orys Semej SemejSemej shekarasyOrtakkordagy sanaty Semej Grinvichten 500 endik zhәne 800 bojlyk syzyktary kiylysynda Semej kalasynan batyska karaj 40 km Degelen tauynda Evraziya super kurlygynyn Geografiyalyk ortalygy anyktalgan Қazakstanda kala mәdeni astanasy bolyp sanalady ojtkeni onyn koptegen turgyndary kazak mәdenieti men shygarmashylygynyn negizin salushylar bolyp tabylady Semej Қazakstannyn tarihi ortalygy degen erekshe mәrtebege ie Өnir klimaty erekshe geografiyalyk ornalasuymen erekshelenedi kurylykta muhittardan barynsha alys ornalaskan Aumak arktikalyk bassejnge ashylgan birak Aziyanyn en biik tau shyndary ony Үndi muhitynyn әserinen okshau kaldyrgan Klimatynyn shugyl kontinentaldylygy zhyldyk zhәne tәuliktik temperaturalardyn zhogary amplitudasy saldarynan bolyp otyr Қysta 45 ka zhazda 45 ka dejin zhetedi Қala halky 323 721 adam 2019zh Ertistin eki zhagasynda ornalaskan Semej elimizdin iri de әsem kalalarynyn biri bolyp tabylady zhergilikti turgyndar gana emes Қazakstannyn ruhani astanasynyn konaktary da osyndaj pikirde TarihySemejdin negizi 1718 zhyly kalandy I Petr shygys zherine zhәne Ertis onirindegi bekinisterine korgan salu turaly zharlyk shygardy kurylys 1714 zhyldan 1720 zhylga dejin sozyldy 1718 zhyldyn kezinde Semipalat bekinisi podpolkovnik P Stupinnin bakylauymen tolyk karulanu zhүrgizilip bekitildi Semej sozi kone tүrkilerge zhatatyn sary ujgyrlar tajpasynyn tilinde kieli meken degen magynany bildirse Alash sozi tүrki tilinde bauyrlas kandas tuys degen magynany beredi Yagni Semej Alash atauy tutas tүrki dәuirinde kalyptaskan en ezhelgi ataulardyn biri Semipalat bekinisi Resej men Қazakstan arasyndagy negizgi sauda ortalyktarynyn damuy arasynda erekshe rol atkardy Semejdin algashky kurylganynan bastap munda sauda zhasau үshin zhongar kalmaktary buharalyktar tashkenttikter kokandyktar kele bastady Aziyalyk kүpester sauda operaciyalaryn bakylau maksatynda 1728 zhyldan keden mekemesi kuryldy Algashky zhyldary Semej kedeni Moskvadagy Memlekettik Komerc Kollegiya bas baskarmasynda ornalaskan Sibir zharlygyna bagyndy 1776 zhyly Batys Sibir general gubernatory bekinistin zhana zhobasyn zhasau үshin kapitan I G Andreevti zhiberdi Daryndy inzhener bekinisterdi kajta salyp zholdar kopirler saldy zholdar men korshaulardyn bekinisterdin zhospary men kartasyn tүsirdi Zhana bekiniske eski bekinis turgyndary kazaktar әskeri kyzmetkerler sol siyaќty saudager adamdardyn boligi koship kele bastady 1854 zhyldyn 1 kazanynda Semej oblysynyn saltanatty ashyluy boldy Shagyn gana Semej kalasy birden oblystykka ajnaldy Қajta kurylgan oblys Resej imperiyasy kuramyndagy en kolemdisi boldy Қalalyk duma men Қalalyk sot bekitiledi 1858 zhyly 1854 zhyly kurylgan kolemdi Semej oblysynda 261487 adam boldy 1873 zhyldan Semejede telegraf al 1910 zhyldan telefon zhәne Қazakstandagy tungysh su otkizu boldy 1906 zhyly zhogargy Ertiste su arkyly katynastyn resmi ashyluy boldy HIH gasyrdyn ayagy men XX gasyrda Semej oblysynda onimdi algash ondeu onerkәsibi kuryldy XX gasyrdyn basynda Resejdin iri firmalary men shuѓa fabrikalarynda zhon teri dajyndaldy 1863 zhyly kalada 2 oku orny zhumys istedi Onyn ishinde bir uezdik uchilishe 2 shirkeulik prihod uchilishesi 14 kazaktardyn zhәne 9 zheke tatar mektepteri boldy 1864 zhyly әjelder mektebi 2 shi razryadty uchilishe bolyp kajta kuryldy HIH gasyrdyn ayagy men XX gasyrdyn basynda kalada erler men әjelder klassikalyk gimnaziyalary mugalimder seminariyasy zhumys istedi Әlimhan Ermekov Semej erler gimnaziyasyn altyn medalga bitirip sodan son Tomskinin tehnologiyalyk institutyn bitirdi Mugalimder seminariyasynda Muhtar Әuezov pen Қanysh Sәtpaev okydy Semejde 5 zhyldan artyk 1854 1859 orystyn uly zhazushysy Fedor Mihajlovich Dostoevskij turyp ozinin mәngilik shygarmalaryn osynda zhazdy Zapiski iz mertvogo doma Dyadyushkin son Selo Stepanchikovo i ego obitateli Osynda F M Dostoevskij P P Semenov Tyan Shanskij men Shokan Uәlihanov G Potanindermen kezdesti Semejge Peterburg universitetinin studenti E P Mihaelis sayasi zher audarylyp keldi N Dolgopolov S Gross P Lobanovskij A Leontev N Konshin zhәne baskalary Olar Semejde үlken gylymi zhәne mәdeni agartu zhumystaryn zhүrgizdi E P Mihaelis N Dolgopolov zhyene S Gross siyaќty azamattar kazaktyn uly agartushysy Abaj Ibraћim Қunanbaevpen dostyk karym katynasta boldy Olardyn komegimen Abaj klassikalyk әdebiet pen kogamnyn sayasi omirimen tanysty Өz kezeginde Abaj dostaryna kazak halkynyn tarihyn mәdenieti men turmysyn okyp үjrenuge komektesti Abaj Қunanbaev kazak halkynyn mәdenieti men turmysyn ote zhetik bilip kazaktyn salt dәstүrleri kone zandary genealogiyasy anyzdary zhәne etnografiyalyk terminologiyasy zhoninde үlken zhalpyhalyktyk bedelge ie boldy 1878 zhyly Semej kalasynda Oblystyk statistikalyk komitet kuryldy Semej statistikalyk komitetinin birinshi hatshysy sayasi zher audarylyp kelgen E P Mihaelis Ol sondaj ak Semejde 1883 zhyly kogamdyk kitaphana men olketanu muzejin korushylardyn biri boldy Semej Geografiya kogamy Batys Sibir bolimshesi Orys Geografiya kogamynyn filialy bolyp kurylgan birak zhumysty oz betimen derbes atkardy Semej bolimshesinin belsendi kajratkerleri agajyndy V N Beloslyudov zhәne A N Beloslyudovtar boldy Algashkysy suretshi etnograf bolyp koptegen suretter saldy Olar kazir Қazakstan Respublikasy gylym Akademiyasy kitaphanasynyn korynda kolzhazba torinde saktalgan Al ekinshisi kazak folklorynyn shygarmalaryn zhinady A N Beloslyudovtyn zhinagan kazak ertegileri baska folklorlyk derekter siyakty bolimshenin Zhazbahatynda zhariyalandy G D Grebenshikovtyn enbek zholy men әdebi kyzmeti Semejde bastaldy Semejde G N Potanin zhyene V A Obruchevtar baska da kornekti galymdar zhumys istedi 1917 zhyldyn mausym ajynan bastap Semej kalasynda Ajkap zhurnalynyn bagytyna zhakyn apta sajyn shygatyn Sary arka үnkagazy shyga bastady Sary arka үnkagazynyn redaktorlary R Marsekov pen K Ғabbasovtar boldy Onyn betterinde Ә Bokejhanovtyn M Dulatovtyn A Ermekovtyn M Moldybaevtyn Zh Akpaevtyn makalalary zhәne baska da Alash kozgalysynyn kornekti kajratkerlerinin makalalary zhariyalandy 1903 zhyldyn 23 kyrkүjekinde Semej mugalimder seminariyasynyn ashyluy boldy 1928 zhylga dejin Semej guberniyalyk kala odan kejin okrugtik boldy 1932 zhyly respublika oblystarga bolindi algashkyda Semej Shygys Қazakstan oblysynyn ortalygy bolyp 1939 zhyldan Semej oblysynyn ortalygy boldy Sogys aldyndagy zhyldary kalada iri ondiris oryndary salyndy Soltүstik boligi Semej kalasynan bastalatyn Tүrksib temir zholy elimizdin manyzdy kurylysynyn biri boldy Semejde birinshi 5 zhyldyktyn iri kurylysy et konservi kombinaty boldy ol elimizdegi tamak onerkәsibi zhonindegi kuatty onerkisipterdin biri boldy Қala mol onimdik bazasy bar iri mal sharuashylyk ajmagynyn ortalygy boldy Et kombinatymen bir mezgilde iri un kombinaty zhana tehnikamen zhana teri zauyty salynyp al 1938 zhyly arnajy zerthanasymen koj terisi zauytynyn kurylysy bastaldy Sol kezdegi en zhana tehnikamen zhabdyktalgan sudorem zauytynyn kurylysy da dami bastady 1920 zhyldyn kazan ajynda kalada kuramynda 15 adamy bar Es Ajmak teatrlyk truppa kuryldy Olardyn arasynda kazak sahnasynyn kornekti kajratkerleri Isa Bajzakov Әmire Қashaubaev Zhumat Shanin Zhүsipbek Elebekovter boldy 1934 zhyly Semejde kazak sazdy dramalyk teatr ujymdastyryldy Teatr 1934 zhyldyn 6 shildesinde I Zhansүgirovtyn Kek spektaklimen ashyldy Semej tek Shygys Қazakstandagy emes respublikadagy mәdeni tarihi ortalyk bolyp sanalady Munda Abaj zhәne F M Dostoevskij murazhajlary Қazakstan men Batys Sibir olketanu muzeji Nevzorovtar otbasy atyndagy bejneleu oneri murazhajy kitaphanalary bar Қazaktyn Abaj atyndagy sazdy dramalyk zhәne F M Dostoevskij atyndagy orys dramalyk teatrlary bar Semej Ұly Otan sogysy zhyldarynda 1941 zhyly oblys aumagynda 238 zhәne 8 atkyshtar diviziyasy kuryldy Erlik isteri үshin 238 shi atkyshtar diviziyasy 1942 zhyldyn 3 mamyrynda KSRO Zhogargy Kenesi Prezidiumy Zharlygymen Zhauyngerlik Қyzyl tu ordenimen marapattaldy al 24 mamyrda Halyk Қomissarynyn bujrygymen 30 shy gvardiyalyk bolyp zhasaktaldy 1944 zhyldyn 3 karashasynda 30 shy gvardiyalyk diviziya Rizhsk kurmetti atagy berildi 1946 zhyldyn 6 mamyrynda diviziya taratyldy Өkimettik marapattarga diviziyanyn 13 mynnan astam zhauyngerleri erlikteri үshin ie boldy Diviziya komandirleri polkovnik Korotkov Gennadij Petrovich 14 nauryz 1941 zh 10 mamyr 1942 zh polkovnik 27 kazan 1942zh general major Kuleshov Andrej Danilovich 16 mamyr 1942 zh 17 kantar 1944zh polkovnik 3 mausym 1944 zh general major Isaev Mihail Aleksandrovich 18 kantar 5 karasha 1944zh 17 akpan 9 mamyr 1945zh polkovnik Fadejkin Ivan Anisimovich 6 karasha 1944zh 16 akpan 1945zhzh 8 shi atkyshtar diviziyasynyn zholy da dankty boldy 1941 zhyldyn zheltoksanynan 1942 zhyldyn nauryzyna dejin Semej zhәne Ayagoz kalalarynda zhasaktaldy Voronezh tүbinen bastalgan zhauyngerlik zhol Kurski shajkasyna ulasty 1944 zhyldyn 5 nauryzynda diviziyaga Yampolsk kurmetti atagy berildi Diviziya komandirleri polkovnik Zverev Grigorij Aleksandrovich 25 zheltoksan 1941zh 1 akpan 1942 zh podpolkovnik 1 kazan 1942 zh general major Ivanov Ivan Ivanovich 2 akpan 1942 zh 2 mausym 1943zh podpolkovnik Gudz Porfirij Martynovich 15 mausym 26 kazan1943zh general major Ivanov Nikolaj Ivanovich 27 kazan 12 zheltoksan 1943zh general major Smirnov Andrej Semenovich 13 zheltoksan 1943zh 26 kyrkүjek 1944zh polkovnik Ugryumov Nikolaj Stepanovich 27 kyrkүjek 1944 zh 9 mamyr 1945zh 56 semejlikterge Kenes Odagynyn Batyry zhogargy ataktar berildi M Әbeulov V V Butorin Z Belibaev V A Zasyadko M K Merkulov N N Silin t b 13 adam 3 shi dyerezheli Dank ordeninin iegerleri boldy F Әdilbaev M Әubyekirov P P Borkov M F Kruzhelev F E Maslin V N Kondratev V A Osipov S Rubaev B Hajdarov t b GeografiyasyKlimaty Semej aua rajyKorsetkish Қan Akp Nau Sәu Mam Mau Shil Tam Қyr Қaz Қar ZhelAbsolyuttyk maksimum C 5 7 6 8 24 5 33 0 37 6 38 8 42 1 42 5 38 2 29 5 21 0 6 7Ortasha maksimum C 9 8 8 1 0 2 13 7 22 0 27 2 28 5 26 9 20 6 11 8 0 5 6 8Ortasha temperatura C 14 7 13 8 5 8 7 0 14 5 19 8 21 6 19 3 12 8 5 6 4 1 11 3Ortasha minimum C 19 5 19 4 11 3 0 2 6 9 12 4 14 7 11 7 5 0 0 5 8 7 15 9Absolyuttyk minimum C 42 6 41 5 34 6 18 4 6 5 0 2 5 5 0 6 7 5 20 8 42 1 42 2Zhauyn shashyn normasy mm 14 6 14 8 14 8 17 7 27 7 30 5 49 8 21 7 16 0 20 9 25 8 21 3Dereknama Semej aua rajy men klimatyHalyk sanySemej kalasy halkynyn sany 1881 1897 1910 1926 1939 1959 1970 1979 1989 1991 199917 820 26 353 34 400 56 100 109 700 149 800 235 735 282 574 334 402 344 700 269 5742004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2021268 998 273 781 277 261 279 910 282 110 299 264 301 471 303 348 305 795 309 772 312 056 313 726 303 2102009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzben299264 303210 101 3 137702 144221 104 7 161562 158989 98 4Mәdeni omirSemej shaһary Қazakstannyn mәdeni astany retinde әjgili Қalada Abajdyn Semejdegi әdebi memorialdyk murazhajy Fedor Dostoevskijdin әdebi memorialdyk murazhajy F Dostoevskij atyndagy Semej memlekettik orys drama teatry syndy mәdeniet ortalyktary bar Қalanyn korikti zherleriӘnet baba atyndagy kos munarly tas meshit Ortalyk meshit Bir munaraly meshit Sheber Ғabulla Efendi XIX g 2 shi zhart kala kurylysy zhәne sәulet eskertkishi Meshit zhumys istep tur Қos munalary meshit sәuletshi Bolbatov inzhener poruchik Manashev 1856 1862 zhzh kurylysy zhәne sәulet eskertkishi HIH g musylmandyk sәulet үlgisi Meshit tatar kopesinin karzhysyna tүrik zhobasymen salyngan Meshit zhumys istep tur Tynybaj meshiti Tynybaj Kәukenov XIX gasyrdyn 30 40 zhzh kala kurylysy zhәne sәulet eskertkishi Meshit zhumys istep tur Yamysh kakpasy Bekinistin үsh kakpasynan saktalgan batys Yamysh kakpasy 1773zh kakpa zhәne onyn kabyrgalary inzhener kapitan I G Andreevtyњ basshylygymen salyndy Yamysh kakpasy XVIII g 1776 zh Қala kurylysy zhәne sәulet eskertkishi Semejdin aspaly kopiriNevzorovtar otbasy atyndagy murazhaj Қala kurylys zhәne sәulet eskertkishi kopes Stepanovtyn buryngy үji 1827 zhyl Revolyuciyadan kejin gimaratka zheke memlekettik mekemeler ornalaskan Tarihi olketanu murazhajynyn gimaraty buryngy gubernator үji 1856 zh kala kurylysy zhәne sәulet eskertkishi Sәuletshinin esimi belgisiz Revolyuciyaga dejin gimaratta әskeri gubernator turgan Dostoevskijdin әdebi memorialdyk murazhaj үjinin gimaraty buryngy pochtalon Lipuhinnin үji 1857 1859 zhzh zhazushy F M Dostoevskij turgan 1838 zh kala kurylysy zhәne sәulet eskertkishi Muzej kesheni 1 5 ќabattyk agash үjden turady Meshan үlgisinde salyngan Kone Semejge tәn үjlerdin biri Zhartylaj zhertolede 3 bolme zhogargy kabatta 4 bolme HIH g tәn үlgi bojynsha ashana konak bolme kabinet zhәne zhatyn bolmelerden turady Bolmeler alasa 2 45 m birinshi kabat terezeleri kakpaktarmen zhabylady Abaj turgan Aniyar Moldabaevtin үji Alash arystary HIH gasyrdyn sony Қala kurylysy zhәne sәulet eskertkishi Tortburyshty agashtan salyngan Tomengi kabat zhogargydan kishileu terezeleri kakpaktalgan Eki kabattyn da terezeleri oyulangan үjdin kabyrgasyna orys zhәne kazak tilderinde 2 memorialdyќ takta ilingen Bul үjde 1878 1904 zhzh uly agartushy akyn Abaj Қunanbaev turgan Өlimnen de kүshti memorialy 1991 zhyldyn 29 tamyzynda ҚR Prezidenti N Ә Nazarbaev Semej yadrolyk poligonyn zhabu turaly Zharlykka kol kojdy 2001 zh 29 tamyzynda Semejdin Polkovnichij aralynda Semej yadrolyk poligonnyn kurbandaryna arnalgan olimnen de kүshti eskertkish kojyldy Eskertkish zhobanyn avtory Shota Uәlihanov Ertis ozeni arkyly otetin aspaly kopir 2000 zh 17 kazanda ashyldy Ertis ozeni arkyly otetin aspaly kopir kurylysynyn zhobasyn usyngan zhapondyk Isakavadzima Harima Hevi Indastriz Kompaniya LTD kompaniyasy zhәne ShҚO Әkim apparaty Respublikalyk әdebi memorialdyk Abaj murazhajynyn gimaraty 1860 zhyl Memlekttik әdebi memorialdyk Abaj murazhajy Semej kalasynda 1940 zh Abajdyn tuganyna 95 zhyldygyna salyndy Zhenis memorialy Fashistik Germaniyany kenes halky zhengenine 40 zhyl toluyna oraj 1985zh 9 mamyrynda kalamyzdagy Ortalyk sayabakta Ұly Otan sogysy zhyldarynda kaza tapkan semejlikterge arnap eskertkish monument turgyzyldy Monumentaldyk eskertkish avtorlary Klyushkin O S Semchenko A V Tihomolov V F Belgili tulgalaryDulat Babatajuly kornekti akyn zhyrau satirik kogam kajratkeri tarihshy Abajdyn ustazy Abaj Қunanbaev akyn agartushy zhazba kazak әdebietinin kazak әdebi tilinin negizin kalaushy filosof Әmire Қashaubaev atakty әnshi akter әri muzykant Shәkәrim Қudajberdiuly akyn zhazushy filosof tarihshy kompozitor Abajmen zamandas әri inisi Әrip Tәnirbergenov ustaz akyn agartushy zhazba kazak әdebietinin kazak әdebi tilinin negizin kalaushylardyn biri filosof sazger audarmashy sayasi kajratker Muhtar Әuezov uly zhazushy kogam kajratkeri gulama galym Қazakstan Ғylym akademiyasynyn akademigi 1946 filologiya gylymdarynyn doktory professor 1946 Қazak KSR nin enbek sinirgen gylym kajratkeri 1957 Kokbaj Zhanatajuly akyn agartushy Abajdyn әri shәkirti dosy әri tuyskan inisi Bibigүl Tolegenova kazak әnshisi lirikalyk koloraturalyk soprano KSRO halyk әrtisi 1967 Roza Rymbaeva kenestik zhәne kazak estrada әnshisi soprano professor aktrisa Қazakstannyn halyk әrtisi 1986 halykaralyk konkurstardyn laureaty Қurmet zhәne Parasat ordenderi men marapattyn iegeri Қyrgyzstannyn 2000 zhәne Өzbekstannyn 1984 enbek sinirgen әrtisi Sejit Askaruly Қaskabasov әdebiettanu folklorshy galym Қazakstan Ұlttyk Ғylym Akademiyasynyn akademigi filologiya gylymdarynyn doktory professor ҚR Memlekettik syjlygynyn laureaty Қazakstannyn enbek sinirgen kajratkeri L N Gumilev atyndagy Euraziya Ұlttyk universitetinin Қazak әdebieti kafedrasynyn mengerushisi Taupyk Rymzhanov zhazushy Amantaj Isin Tarihshy galym 1988 Birneshe monografiya zhәne zhүzge zhuyk gylymi makalalardyn avtory Қajym Mukamedhanov Ғalym abajtanushy 1940 zhyldan KSRO Zhazushylar odagynyn mүshesi kogam kajratkeri zhazushy akyn dramaturg audarmashy pedagog Semej kalasyndagy Abaj murazhajynyn negizin kalaushy 1940 Қazak KSR i Memlekettik Әnurany mәtininin avtory Әlihan Nurmuhameduly Bokejhan kazaktyn memlekettik sayasi zhәne kogam kajratkeri ult azattyk zhәne Alash partiyasynyn zhetekshisi Alashorda avtonomiyaly үkimetinin toragasy publicist galym audarmashy Қalanyn әleumettik ekonomikalyk damuySemej avtobus kurastyru zauyty Өnerkәsip 2011 zhyldyn kantar mausym ajlarynda kalanyn ondiristik kәsiporyndarymen 49 3 mlrd tenge somasyna tauar onimi ondirildi bul 2010 zhyldyn osyndaj kezenine karaganda 15 3 artyk Agrarly sektorda zhalpy onim kolemi 4 499 1 mln tengeni nemese 2010 zhyldyn dengejine 101 7 kurady Et ondirisi 6 9 sүt ondirisi 2 0 artty Bolshek tauarajnalym kolemi 39 8 mlrd tengeni kurady zhәne 2010 zhyldyn osyndaj kezenimen salystyrganda 15 3 artady fizikalyk kolem indeksi 107 Shagyn biznestin belsendi kesiporyndar sany 969 kәsiporynga dejin nemese 2010 zhyldyn osyndaj kezenine 10 8 artty Negizgi kapitalga investiciya 11 316 mln tenge somasynda nemese 2010 zhyldyn dengejine 116 1 igerildi 16 myn sh m zheke turgyn үj engizildi bul 2010 zhyldyn dengejinen 182 artyk Zheke tabys kozderi bojynsha kala byudzheti 4 466 7 mln tenge zhospar kezinde 4 518 mln tengege nemese 101 1 oryndaldy Қosymsha kordy karastyru maksatynda әkimdik pen kala bojynsha salyk baskarmasynyn birlesken is әreket zhospar kestesi bekitildi onyn nәtizhesinde 378 5 mln tenge anyktaldy byudzhetke nakty 338 7 mln tenge tүsti Byudzhettin shygys boligi 10 458 3 mln tenge zhospar kezinde 10 265 mln tenge somasynda nemese 98 2 igerildi Enbek narygyndagy zhagdaj Halykty zhumyspen kamtudy arttyru үshin 2011 zhyly Semej kalasynyn 2012 2015 zhyldarga damu bagdarlamasy Zhumyspen kamtu 2020 zhәne Zhol kartasy bagdarlamalary bojynsha is sharalar karastyrylgan Zhumyska ornalastyru mәselesi bojynsha zhүgingender katarynan zhumyska ornalaskandardyn үlesi 2011 zhyldyn kantar mausym ajlarynda 72 4 kurady bul 2010 zhyldyn osyndaj kezenine karaganda 8 8 pajyzdyk punktke arttyk 2011 zhyldyn 1 shildesine zhumyssyzdardyn tirkelgen sany 1518 adamga eseptelip otken zhyldyn dengejinde kaldy Agymdagy zhyldyn birinshi zhartyzhyldygynda az kamtylgan azamattar sany 8 4 azajyp 4 581 adamdy kurajdy Iri zhәne orta kәsiporyndarda zhumyspen kamtylgan kyzmetkerlerdin orta ajlyk nominaldy enbek aky tolemi 2011 zhyldyn kantar mausym ajlarynda 59 153 tengeni kurap 2010 zhyldyn osyndaj kezenine 13 5 artty Bauyrlas kalalaryIpr BelgiyaDerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasynyn etnostary bojynsha halkynyn sany 2023 zhyl basyna https akorda kz kz kazakstan respublikasynyn akimshilik aumaktyk kurylysynyn keybir maseleleri turaly 44412 Қazakstan Respublikasy halkynyn oblystar zhәne astana kalalar audandar audan ortalyktary zhәne kentter bolinisindegi zhynysy bojynsha sany Muragattalgan 26 kyrkүjektin 2020 zhyly Қala tarihy Muragattalgan 6 akpannyn 2012 zhyly City amp town of Kazakhstan agyl pop stat mashke org Tekserildi 29 nauryz 2016 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary 1 Muragattalgan 6 akpannyn 2012 zhyly