Көкбай Жанатайұлы (1861, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – 1925, сонда) – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, әрі інісі. Абайдың “Жаз”, “Күлембайға” деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888 – 89 ж. “Дала уалаяты газетінде” жарияланды. Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали қазірет медресесінде, уездік училищеде оқиды. Елге келген соң үнемі Абайдың жанында болады. 1901 ж. өз қаржысына медресе ашып, онда сол өңірдегі қазақ ауылдарының балаларын оқытады. Сабақ мұсылманша, орысша қатар жүрген. Оқулық ретінде шәкірттеріне “Араб тілінің қағидаларын” өлеңмен жазып шығады. Көкбай 1908 ж. қала тәртібімен биік мұнаралы мешіт салдырады. 1913 ж. Меккеге барып, қажы атанады. Жаңаша оқу жүйесі шыққанда медресесін мұғалімдерге босатып береді. 1921 ж. ауруға шалдығып, Мәскеу, , Санкт-Петербург, Омбы сияқты қалаларға барып емделеді. Ауырғанына қарамастан 1924 ж. Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай Семейде өткен кешке қатысып, естелік әңгімесін айтады. 1925 ж. Мәскеуге емделуге бара жатқан сапарында дүниеден қайтады.
Шығармашылығы
Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың Әріп, Кемпірбай, Жүнісхан, Жидебай, Саржан, Міржақыптармен айтыс, сөз қағысулары сақталған, әсіресе, нағашылы-жиенді Әріппен сөз сайыстары кең тараған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі Абылай ханға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі Наурызбай батыр жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына М.Әуезов жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “” (1989, т. 1), “Айтыс” (1988, т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар “” ұжымдық монографиясы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" кітабында (1994) жарияланды.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- Бес ғасыр жырлайды
- XX ғасырдағы қазақ ақындары
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — жазушы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kokbaj Zhanatajuly 1861 Shygys Қazakstan oblysy Abaj audany Shyngystau bokteri Takyr auyly 1925 sonda akyn agartushy Abajdyn әri shәkirti әri inisi Abajdyn Zhaz Kүlembajga degen olenderi tungysh Kokbaj kolymen 1888 89 zh Dala ualayaty gazetinde zhariyalandy Kokbaj bala kezinde hat tanyp үsh zhyldaj Toletaj moldadan dәris algan son Semejdegi Қamali kaziret medresesinde uezdik uchilishede okidy Elge kelgen son үnemi Abajdyn zhanynda bolady 1901 zh oz karzhysyna medrese ashyp onda sol onirdegi kazak auyldarynyn balalaryn okytady Sabak musylmansha oryssha katar zhүrgen Okulyk retinde shәkirtterine Arab tilinin kagidalaryn olenmen zhazyp shygady Kokbaj 1908 zh kala tәrtibimen biik munaraly meshit saldyrady 1913 zh Mekkege baryp kazhy atanady Zhanasha oku zhүjesi shykkanda medresesin mugalimderge bosatyp beredi 1921 zh auruga shaldygyp Mәskeu Sankt Peterburg Omby siyakty kalalarga baryp emdeledi Auyrganyna karamastan 1924 zh Abajdyn dүnieden otkenine 20 zhyl toluyna oraj Semejde otken keshke katysyp estelik әngimesin ajtady 1925 zh Mәskeuge emdeluge bara zhatkan saparynda dүnieden kajtady 1918 zhylgy fotoda Kokbaj ortada otyrShygarmashylygyKokbaj on on bes zhasynan ajnalasyna otkir tildi ozhet suyryp salma akyn retinde tanyla bastajdy Shәkirtterinin ishinde Abajdyn olenderine aty kirgen zhalgyz Kokbaj bolsa ustazyna en kop zhyr zholdaryn arnagan da sol Semejge Abaj kelse bizge duman Abajdaj uly tumagy bolar gajyp Abajdan sabak aldym bala zhastan Zhannatta zhanyn bolgyr Abaj kutyp t b olenderi Onyn Dүtbajga Kүlembajga siyakty olenderi Abaj үlgisindegi synshyldyk sipatta zhazylgan Kokbajdyn Әrip Kempirbaj Zhүnishan Zhidebaj Sarzhan Mirzhakyptarmen ajtys soz kagysulary saktalgan әsirese nagashyly zhiendi Әrippen soz sajystary ken taragan Kokbajdyn Sabalak Қulyndy Қandyzhap Ғadil patsha kissasy Aron Rashid kissasy dastandary belgili Sabalak dastanyn mezgili mazmuny kejipkerlerine karaj үsh dәuirdin adamdary turaly zhazylgan үsh bolimdi zheke zhyrlar retinde karastyruga bolady Dastannyn algashky bolimi Abylaj hanga arnalgan Sabalak zhyry bolsa ekinshi bolimi Abylajdyn bir top urpaktaryna arnalgan Tort tore zhyry үshinshisi Nauryzbaj batyr zhajynda zhazylgan Nauryzbaj Fatima atty gashyktyk zhyr Kokbajdyn akyndyk darynyna M Әuezov zhogary baga bergen Kokbajdyn olenderi men ajtystary XX gasyrdagy kazak poeziyasy 1985 1989 t 1 Ajtys 1988 t 2 Abajdyn akyn shәkirtteri 1994 2 kit zhinaktaryna enip ol turaly zertteu makalalar uzhymdyk monografiyasy 1988 men Қ Muhamedhanulynyn Abajdyn akyn shәkirtteri kitabynda 1994 zhariyalandy Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Bes gasyr zhyrlajdy XX gasyrdagy kazak akyndary Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul zhazushy turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz