Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
Шапырашты Наурызбай | |
---|---|
Наурызбай батыр | |
Дүниеге келгені: | 1706 жыл Алатаудың баурайында |
Қайтыс болғаны: | 1781 жыл |
Ұлты: | қазақ |
Мансабы: | Қазақ батыры |
Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде , Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: , Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.
Карл Миллер күнделігі
Наурызбай батырдың өмірінің бір сәті Ресей патшалығының 1742 жылы күзде жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенге жіберген елшісі күнделігінде сақталған. 1742 жылы 6 қыркүйектің кешінде Карл Миллер Қарасу өзенінен өтіп, ертеңіне түске жуық Ұлы жүздің Өтеміс деген батырының ауылына келеді. Қасында Әбілқайыр ханның ұлы бастаған топ пен жоңғардың қазақтарға келген екі жаушысы Қашқа мен Бурун болады. 16 қыркүйекте Ресей елшісі осы тобымен Шапырашты Наурызбай батырдың ауылына ат басын тірейді.
Батыр орыс елшісінің қайдан келе жатқанын, қайда баратынын, не мақсатпен жүргенін, сапарға кімнің жібергенін сұрап, аулына келген жолаушылар тұралы толық білгісі келеді. Ресей патшасының жарлығы бойынша Орынбордан генерал Неплюевтен Қалдан Серенге хат алып келе жатқанын, онда жоңғарлардың қазақтарға шабуылын тоқтатуы тұралы ақ патшаның талабы жазылғанын баяндайды. Ресей елшісінен Наурызбай батыр Неплюевтің Қалдан Серенге жазған хатын өзіне оқытуды талап етеді. Бұл талапқа байланысты К.Миллер хаттың мөрленген жабық қағазда екенін, оны бұзуға болмайтындығын айтқанда, Наурызбай былай деген екен: — Сенің айтқан сөзіңе сенейін бе, жоқ бастығыңның жазған хатына сенейін бе? Хатталмаған сөзіңе, оқымаған хатыңа қалай сенуге болады?
Абылай ханның тұтқыннан босатылуы
Сол жылғы 18 қыркүйекте Наурызбай батыр К.Миллермен тағы әңгімелеседі. Бұл жолы ол әңгімеге Мәмбетбай мен Келдібай деген екі биін қатыстырады. Ресей елшілігінің мақсаты тұралы әңгіме қайта басталады. Ол И.Неплюевтің қонтайшыға хатында анық көрсетілген-ді. Онда қазақтардың Ресей патшалығының қол астына қарайтыны тұралы мәліметтер де бар болатын. Сонымен бірге жоңғар тұтқынындағы Абылай ханды босатып, еліне қайтару тұралы да талап қойылған болатын. Бұл әңгімелердің мазмұнын Наурызбай батыр да Мәмбетбай мен Келдібай да мақұл көреді. Әңгіме соңында Наурызбай батыр Ресей елшісіне өзінің көңілі толғанын, оны енді жолынан қалдырмайтынын, сапарының сәтті болуын тілейтінін айтып, қанағаттанғандық сезімін білдіреді. 24 қыркүйекте Наурызбай батыр Ресей елшісін өз Ұлысының шекарасына дейін шығарып салады.
К.Миллер бастаған елшіліктің нәтижесінде жоңғар билеушілері Қазақстанның мүддесін Ресей қорғайтынына көздері жетеді. Жоңғардың қазақтармен қарым-қатынас үшін жауапты нояны Сары Манжы К.Миллермен бірге қазақ даласын аралап келген өз адамдары Кашка мен Бурун ақпарын тыңдап, одан елшіліктің сөзіне құлақ қойып, істің жайын қонтайшыға мәлімдейді. Елшіліктің үсыныстары мен талаптары, тұжырымдары жоңғар басшысын ойға қалдырды. Ақырында қонтайшы Ресей талаптарын қабылдайтындықтарын білдіруге бет бұрады. Абылайды тұтқыннан босатып, еліне қайтарады. Осы оқиғадан кейін К.Миллер бастаған елшіліктің Ресей-Қазақстан-Жоңғария қарым-қатынасы аясында қазақтар үшін саяси-әлеуметтік маңызы жоғары келісімге қол жеткізуіне, Абылайдың тұтқыннан босануына Шапырашты Наурызбай батырдың қосқан үлесінің барына көзіміз жетеді.
Шәді төренің мәліметі
дастанында да Шапырашты Наурызбай батырға қатысты бір мәлімет бар. Ол мәлімет бойынша Абылай хан қалмақтармен бітімге келеді де, Қытайға елші жібереді. Елшінің алдында Шәуешекте екі жаққа ортақ базар ашып, екі ел арасында сауда қарым-қатынасын орнату туралы келісімге қол жеткізу міндеті қойылды. Осы елшілік құрамындағы басты тұлғалардың бірі Шапырашты Наурызбай батыр болады. Шәді төре осы жайды былай сипаттаған: Шапырашты Наурызбай дүр бірісі, Найманнан Барлыбай бар екіншісі. Елшіге Кіші жүзден қосылды кеп, Тамадан Есет батыр деген кісі. Осы сапардан елшіліктің алдына қойған міндеті ойдағыдай жүзеге асып, олжалы оралады. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай — үшеуі Абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары болған. Бүгінгі ұрпақтың тарихи танымында Шапырашты Наурызбай батыр — осындай батыр, осындай ер. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қозыбасы тауында Шапырашты Наурызбай батырға ескерткіш орнатылған. Алматының бір үлкен көшесіне аты берілген.
Қабдеш Жұмәділовтың Наурызбай батырды жоққа шығаруға тырысуы
Жазушы Қабдеш Жұмәділов бірнеше рет Наурызбай, Қарасай батырлардың бар болғанын жоққа шығаруға тырысты. Мысалы "Общественная позиция" газетінің тілшісі Ж. Шөкеге берген сұхбатында:
– Қабдеш аға, «Дарабозды» жазу үшін оншақты жыл мұрағаттарды ақтарып, біраз тарихи кітаптарды оқыдыңыз ғой. Қазақ тарихында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Албан Қангелді мен Райымбек сияқты батырлар айтылады. Ал кейбір тарихшылар қытай немесе орыстың жазбаша тарихында Шапырашты Наурызбай батыр туралы ешқандай деректің жоқтығын айтып жүр. Сізге кездесті ме?
– Жоқ, маған да кездеспеді. Бұқар жыраудың жырындағы батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, Батыр Баян, Барақ, Олжабай, қаз дауысты Қазбек, Шақшақұлы Жәнібек – бәрі айтылады. Қарақалпақтан шыққан Қылышбек батыр да жырланады. «Дарабозда» осының бәрі бар. Ал мен шынымды айтайын: Шапырашты Наурызбайды саясат үшін ойдан қостым. Өйткені роман баспадан шығуы керек. Аяймын ба, кітапқа Наурызбайды солай қостым. проект «DAT» № 22 (150) 23 мамыр 2012 ж.
Бұл пікірдің шындыққа жанаспайтындығын жоғарыдағы мәліметтер растайды.
Сәкен Сейфуллин жинақтап, 1931 жылы сол кездегі бірегей "Қазақстан" баспасынан шыққан "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" жинағында Бұқар Жырау толғаулары да бар. Сондағы толғауда Абылай қалмақтың ханы Қалдарды жеңгенде Бұқар жыраудың айтқаны:
— Қалдарменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар: Қаракерей қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ ұлы Жәнібек,
Сіргелі Қара Төлек, Қарақалпақ Қылышбек,
Текеден шыққан Сатай, Бөлек, Шапырашты Наурызбай,
Қаумен, Дәлет, Жепек батыр қасында,
Бақ — дәулеті басында, Сеңкібай мен Шойбек бар,
Таңсық қожа Мәмбет бар, Қасқараудан Молдабай,
Қатарда жақсы қалдырмай, Есенқұл батыр ішінде,
Өңкей батыр жиылып, Абылай салды жарлықты.
Қалдар ханды қашырып, Шеп салған жерді бұздырып,
Ұрысты қатты қыздырып. Қасым ханның шешесін
Хан Абылай алған-ды... Жабы деген қалмақ қа
Тырнағын қатты батырды. Бұзылып қалмақ кеткен соң,
Өңкей батыр жиыл, деп, — Хан Абылай шақырды!
Бір төбеге жиылды, Құм төбедей үйілді,
Бөліске олжа түссін деп, Хан Абылай бұйырды.
Сондықтан Жұмәділовтың Бұқар Жырау Наурызбайды атамаған деген уәжі шындыққа сай емес және сонау 1931 жылы Сәкен Сейфуллин жазбаға түсірген толғау мәтіні дұрыс болуы керек, өйткені ол тұлға қазіргі "саясатты" ескермеді, Наурызбайды қосуға ешқандай мүддесі болмады.
Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырдың аты көшелерге берілген, Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Personalii_kaz/Bukar_zhyrau/Saken_zhigan_Bukhar_zhyrau_tolgaulary.pdf
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aty anyzga ajnalgan erzhүrek batyrlarymyzdyn biri XVIII gasyrdagy Қazak elinin zhongarlarga karsy ult azattyk sogysyndagy kornekti kaһarman Shapyrashty Nauryzbaj Қuttymbetuly Shapyrashty NauryzbajNauryzbaj batyrDүniege kelgeni 1706 zhyl Alataudyn baurajyndaҚajtys bolgany 1781 zhylҰlty kazakMansaby Қazak batyry Қuttymbetuly Nauryzbaj 1706 zhyly Zhetisu zherinde Alataudyn baurajynda dүniege kelgen Bul kezde Talas Alatau men Қaratau aralygyndagy kazak pen kyrgyz zhongarlarga tәueldi edi Batyrdyn kozin ashkannan estigeni batyrlar turaly zhyrlar anyz әngimeler bolyp tendessiz baj ruhani ortada osti Ekinshi zhagynan elge үstemdigin zhүrgizgen baskynshy zhaudyn zorlygy men zombylygyn da kordi Munyn ozi zhүreginde oty bar zhasty tugan elin atamekenin zhaudan azat etu turaly armanga zheteledi batyr boluga kulshyndyrdy Nauryzbaj batyrdyn omiri turaly bүgingi kүngi derekterde Shapyrashty Nauryzbaj Қarakerej Қabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj babalarymyz Abylaj han ajnalasyndagy bas batyrlar katarynda bagalanady Bukar zhyrau osy үsh tulganyn zhanyndagy mynadaj iri batyrlardy atajdy Sirgeli Қara Tileuke Қarakalpak Қylyshbek Tekeden shykkan Sataj men Bolek Қaumen Dәulet Zhәpek Senkibaj Shojbek Tansykkozha Mәmbet Moldabaj Esenkul zhәne baskalar Әdebi tarihi derekter men el esinde saktalgan anyz әngimeler Nauryzbaj batyrdyn bүkil halyktyn ykylasyna bolenip maktanyshka ajnaluy 1727 1731 zhyldardyn shamasy ekendigine menzejdi Қazak halkynyn zhongar baskynshylaryna katarynan birneshe ret katty sokky berip akyry үlken zheniske zhetui osy uakytka sәjkes keledi Alatau eteginde zhongarlardyn Shamalgan Қaskelen Boraldaj sekildi atyshuly batyrlary olim tabatyn surapyl shajkastarda Nauryzbaj babamyz eresen erlik korsetedi Қozybasyda kalyn kol bastap bas batyr atagyna ie bolady Karl Miller kүndeligiNauryzbaj batyrdyn omirinin bir sәti Resej patshalygynyn 1742 zhyly kүzde zhongar kontajshysy Қaldan Serenge zhibergen elshisi kүndeliginde saktalgan 1742 zhyly 6 kyrkүjektin keshinde Karl Miller Қarasu ozeninen otip ertenine tүske zhuyk Ұly zhүzdin Өtemis degen batyrynyn auylyna keledi Қasynda Әbilkajyr hannyn uly bastagan top pen zhongardyn kazaktarga kelgen eki zhaushysy Қashka men Burun bolady 16 kyrkүjekte Resej elshisi osy tobymen Shapyrashty Nauryzbaj batyrdyn auylyna at basyn tirejdi Batyr orys elshisinin kajdan kele zhatkanyn kajda baratynyn ne maksatpen zhүrgenin saparga kimnin zhibergenin surap aulyna kelgen zholaushylar turaly tolyk bilgisi keledi Resej patshasynyn zharlygy bojynsha Orynbordan general Neplyuevten Қaldan Serenge hat alyp kele zhatkanyn onda zhongarlardyn kazaktarga shabuylyn toktatuy turaly ak patshanyn talaby zhazylganyn bayandajdy Resej elshisinen Nauryzbaj batyr Neplyuevtin Қaldan Serenge zhazgan hatyn ozine okytudy talap etedi Bul talapka bajlanysty K Miller hattyn morlengen zhabyk kagazda ekenin ony buzuga bolmajtyndygyn ajtkanda Nauryzbaj bylaj degen eken Senin ajtkan sozine senejin be zhok bastygynnyn zhazgan hatyna senejin be Hattalmagan sozine okymagan hatyna kalaj senuge bolady Abylaj hannyn tutkynnan bosatyluySol zhylgy 18 kyrkүjekte Nauryzbaj batyr K Millermen tagy әngimelesedi Bul zholy ol әngimege Mәmbetbaj men Keldibaj degen eki biin katystyrady Resej elshiliginin maksaty turaly әngime kajta bastalady Ol I Neplyuevtin kontajshyga hatynda anyk korsetilgen di Onda kazaktardyn Resej patshalygynyn kol astyna karajtyny turaly mәlimetter de bar bolatyn Sonymen birge zhongar tutkynyndagy Abylaj handy bosatyp eline kajtaru turaly da talap kojylgan bolatyn Bul әngimelerdin mazmunyn Nauryzbaj batyr da Mәmbetbaj men Keldibaj da makul koredi Әngime sonynda Nauryzbaj batyr Resej elshisine ozinin konili tolganyn ony endi zholynan kaldyrmajtynyn saparynyn sәtti boluyn tilejtinin ajtyp kanagattangandyk sezimin bildiredi 24 kyrkүjekte Nauryzbaj batyr Resej elshisin oz Ұlysynyn shekarasyna dejin shygaryp salady K Miller bastagan elshiliktin nәtizhesinde zhongar bileushileri Қazakstannyn mүddesin Resej korgajtynyna kozderi zhetedi Zhongardyn kazaktarmen karym katynas үshin zhauapty noyany Sary Manzhy K Millermen birge kazak dalasyn aralap kelgen oz adamdary Kashka men Burun akparyn tyndap odan elshiliktin sozine kulak kojyp istin zhajyn kontajshyga mәlimdejdi Elshiliktin үsynystary men talaptary tuzhyrymdary zhongar basshysyn ojga kaldyrdy Akyrynda kontajshy Resej talaptaryn kabyldajtyndyktaryn bildiruge bet burady Abylajdy tutkynnan bosatyp eline kajtarady Osy okigadan kejin K Miller bastagan elshiliktin Resej Қazakstan Zhongariya karym katynasy ayasynda kazaktar үshin sayasi әleumettik manyzy zhogary kelisimge kol zhetkizuine Abylajdyn tutkynnan bosanuyna Shapyrashty Nauryzbaj batyrdyn koskan үlesinin baryna kozimiz zhetedi Shәdi torenin mәlimetidastanynda da Shapyrashty Nauryzbaj batyrga katysty bir mәlimet bar Ol mәlimet bojynsha Abylaj han kalmaktarmen bitimge keledi de Қytajga elshi zhiberedi Elshinin aldynda Shәueshekte eki zhakka ortak bazar ashyp eki el arasynda sauda karym katynasyn ornatu turaly kelisimge kol zhetkizu mindeti kojyldy Osy elshilik kuramyndagy basty tulgalardyn biri Shapyrashty Nauryzbaj batyr bolady Shәdi tore osy zhajdy bylaj sipattagan Shapyrashty Nauryzbaj dүr birisi Najmannan Barlybaj bar ekinshisi Elshige Kishi zhүzden kosyldy kep Tamadan Eset batyr degen kisi Osy sapardan elshiliktin aldyna kojgan mindeti ojdagydaj zhүzege asyp olzhaly oralady Қabanbaj Bogenbaj Nauryzbaj үsheui Abylaj hannyn tu ustaushy bas batyrlary bolgan Bүgingi urpaktyn tarihi tanymynda Shapyrashty Nauryzbaj batyr osyndaj batyr osyndaj er Almaty oblysynyn Zhambyl audanyndagy Қozybasy tauynda Shapyrashty Nauryzbaj batyrga eskertkish ornatylgan Almatynyn bir үlken koshesine aty berilgen Қabdesh Zhumәdilovtyn Nauryzbaj batyrdy zhokka shygaruga tyrysuyZhazushy Қabdesh Zhumәdilov birneshe ret Nauryzbaj Қarasaj batyrlardyn bar bolganyn zhokka shygaruga tyrysty Mysaly Obshestvennaya poziciya gazetinin tilshisi Zh Shokege bergen suhbatynda Қabdesh aga Darabozdy zhazu үshin onshakty zhyl muragattardy aktaryp biraz tarihi kitaptardy okydynyz goj Қazak tarihynda Қarakerej Қabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj Alban Қangeldi men Rajymbek siyakty batyrlar ajtylady Al kejbir tarihshylar kytaj nemese orystyn zhazbasha tarihynda Shapyrashty Nauryzbaj batyr turaly eshkandaj derektin zhoktygyn ajtyp zhүr Sizge kezdesti me Zhok magan da kezdespedi Bukar zhyraudyn zhyryndagy batyrlar Қabanbaj Bogenbaj Batyr Bayan Barak Olzhabaj kaz dauysty Қazbek Shakshakuly Zhәnibek bәri ajtylady Қarakalpaktan shykkan Қylyshbek batyr da zhyrlanady Darabozda osynyn bәri bar Al men shynymdy ajtajyn Shapyrashty Nauryzbajdy sayasat үshin ojdan kostym Өjtkeni roman baspadan shyguy kerek Ayajmyn ba kitapka Nauryzbajdy solaj kostym proekt DAT 22 150 23 mamyr 2012 zh Bul pikirdin shyndykka zhanaspajtyndygyn zhogarydagy mәlimetter rastajdy Sәken Sejfullin zhinaktap 1931 zhyly sol kezdegi biregej Қazakstan baspasynan shykkan Қazaktyn eski әdebiet nuskalary zhinagynda Bukar Zhyrau tolgaulary da bar Sondagy tolgauda Abylaj kalmaktyn hany Қaldardy zhengende Bukar zhyraudyn ajtkany Қaldarmenen urysyp Zheti kүndej sүrisip Sondagy zholdas adamdar Қarakerej kabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj Shakshak uly Zhәnibek Sirgeli Қara Tolek Қarakalpak Қylyshbek Tekeden shykkan Sataj Bolek Shapyrashty Nauryzbaj Қaumen Dәlet Zhepek batyr kasynda Bak dәuleti basynda Senkibaj men Shojbek bar Tansyk kozha Mәmbet bar Қaskaraudan Moldabaj Қatarda zhaksy kaldyrmaj Esenkul batyr ishinde Өnkej batyr zhiylyp Abylaj saldy zharlykty Қaldar handy kashyryp Shep salgan zherdi buzdyryp Ұrysty katty kyzdyryp Қasym hannyn sheshesin Han Abylaj algan dy Zhaby degen kalmak ka Tyrnagyn katty batyrdy Buzylyp kalmak ketken son Өnkej batyr zhiyl dep Han Abylaj shakyrdy Bir tobege zhiyldy Қum tobedej үjildi Boliske olzha tүssin dep Han Abylaj bujyrdy Sondyktan Zhumәdilovtyn Bukar Zhyrau Nauryzbajdy atamagan degen uәzhi shyndykka saj emes zhәne sonau 1931 zhyly Sәken Sejfullin zhazbaga tүsirgen tolgau mәtini durys boluy kerek ojtkeni ol tulga kazirgi sayasatty eskermedi Nauryzbajdy kosuga eshkandaj mүddesi bolmady Қazakstan oblystarynda audandarynda Nauryzbaj batyrdyn aty koshelerge berilgen Nauryzbaj batyrga arnap eskertkishter ornatylgan SiltemelerҚazak handygyDerekkozderTarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak enciklopediyasy 7 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Syrtky siltemelerhttp catalog karlib kz irbis64r 01 Kraeved Personalii kaz Bukar zhyrau Saken zhigan Bukhar zhyrau tolgaulary pdf