Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген.
Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (солтүстікте Балқаштан Кетпен және оңтүстікте Іле Алатауы жоталарына дейін, солтүстік-шығыста Алакөлден оңтүстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) және Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу және Талас алқабы) деп екіге бөледі. Жетісуға мұндай тарихи-географиялық анықтама бере отырып, олар бұл өлкенің тек табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен қатар оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени даму ерекшеліктерін де еске алады.
Жетісудың кең аумағы (солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км) және тауларының биіктігінің әр түрлі болып келуі оның климаты мен ландшафтарының да түрліше болуына ықпал етті. Бұл өлкеде ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде (600 — 1200 м биіктікте) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай жемісті ағаштар мен шалғындарға бай. Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырды. Оны мекендеген тайпалардың қазақ халқының тарихи қалыптасуында, мемлекеттің құрылып, нығаюында, мәдениеттің өркен жаюында зор маңызы бар. Жетісу жерінде мал бағу мен егін шаруашалығының пайда болуы неолит пен энеолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде (б.з.б. 15 — 8 ғ-лар) бұл өлкені мекендеушілердің материалдық және рухани мәдениеті одан әрі өркендеп, мыс пен қоладан құралдар жасау, бақташылықпен, жер өңдеумен, аң, балық аулаумен айналысу кәсіптері пайда бола бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде Жетісуда, негізінен, малшы қауымдарының бөлініп шығу дәуірі аяқталды.
Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Б.з.б. 7 — 4 ғасырларда Жетісуды сақтар мекендеген. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған. Археологтар Талас алқабындағы алғашқы отырықшы мекендердің қалдығын б.з.б. 5 ғ-ға дейінгі уақытқа жатқызады. Б.з.б. 3 ғ-да Жетісудағы сақ тайпаларының одағын үйсін тайпаларының одағы алмастырды. 6 ғ-дың орта шенінде Жетісу Түрік қағанатының құрамына енді. Ал 581 ж. одан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шықты. Оның орталық ауданы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болды. 7 ғ-дың 30-жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби деп аталған екі иелік пайда болды. 8 ғ-ға дейін бұлар Шығыс Түрік қағандығына тәуелді болатын. Ал 8 ғ-дың басында Жетісудағы өкімет билігін Шу мен Іле арасында көшіп-қонып жүрген түргештердің билеуші топтары басып алды. Түргеш қағанаты (704 — 766) ала ауыздық, ішкі әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын өршуі, оңтүстікте арабтармен, шығыста қытайлармен үнемі қақтығысып отырудың салдарынан әлсіреді. Жетісудағы өкімет билігін тағы бір түркі тайпасы қарлұқтар басып алды. Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды (Атлах, , Құлан, Мерке, т.б.). 9 — 10 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығыс өңірінде отырықшы егіншілік пайда болды, оның іздері Алматы, Талғар, , Қойлық, Қарғалы, т.б. қалалардың қираған үйінділерінде сақталған. Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды. Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой ұрды. Орта Азия, Шығыс Түркістан өңірлерімен сауда-саттық, мал айырбасының тиімділігін жақсы түсінген топтар жақсы жайылымдарды басып алып, мал басын көбейтуге тырысып бақты. Мал мен жайылымнан айырылған көшпелі кедейлер енді егіншілікпен, қолөнер кәсібімен айналысып, қала халықтарының қатарына қосылуға мәжбүр болды. Жетісуға Шығыс Түркістаннан шыққан көшпелі түркі тайпасы ягма басып кіргеннен кейін (940) енді ол Қарахан мемлекетінің құрамына енді. Сөйтіп, Жетісу Шығыс Түркістанмен бірге, Қарахан мемлекетінің Елхан билеген шығыс бөлігін құрады (Қарахандар мемлекеті). 10 ғ-дың аяқ шенінде Қарахан әулетінің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласы болды. Жетісудың бір бөлігінде қарлұқ және шігіл тайпаларының өкілдері билікті өз қолдарына алды.
Жетісуда 10 — 11 ғ-лардағы отырықшы егіншілік пен қала мәдениетінің едәуір өркендегенін орта ғасыр авторлары (, , т.б.) мен Қазақстан, Қырғызстан археологтарының зерттеулері дәлелдейді. Жаңадан пайда болған егінжайлар мен қалалық мекендер енді тек сауда жолдарының бойында ғана емес, сондай-ақ, өңірдің шалғай түкпірлерінде де (Іленің төменгі ағысы) пайда бола бастады. 11 — 12 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығысындағы негізгі қалалар мен елді мекендер (Шелек, Қапал, Арасан, , т.б.) пайда болған. Сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамуының куәгерлері — (10 — 11 ғ-лар) мен Айша бибі кесенесі (11 — 12 ғ-лар), т.б. Жетісу мен Қазақстанның өзге бөлігін мекендеген түркі тайпалары этникалық жағынан одан әрі жақындаса түсті. 1129 — 30 ж. Жетісуға қидандар басып кіріп, көп ұзамай-ақ жергілікті тұрғындармен араласып кетті. Өңірдің Іле өзенінен солтүстікке қараған жері бұрынғысынша Қарлұқ хандығының (астанасы Қойлық қаласы) қарамағында еді. Қидандардың өктемдігі 13 ғ-дың басына дейін созылды. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға түркі тілдес найман, керей тайпалары келіп кірді. Наймандардың қолбасшысы ханмен күрес қидан гурханын әлсіретті. 1210 ж. ол Талас өзені бойында жеңіліс тапты. Енді Жетісуды Күшлүк биледі. 1211 ж. өңірдің солтүстігіне Шыңғыс хан әскерлері баса көктеп кіріп, 1218 ж. Жетісуды жаулап алды. Осының салдарынан Жетісу екіге бөлініп кетті. Оның үлкен бір бөлегі (Іледен оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қараған жағы) Шағатай ұлысына (орталығы Алмалық маңында болды), ал Іледен солтүстікке қараған жерлер қарады. Солтүстік-шығыс қиыры (Тарбағатай, Еміл мен Көбік маңы) Үгедей ұлысының еншісіне тиді. 1269 ж. Таласта өткен құрылтайда бұрынғы Шағатай, Үгедей ұлыстарының негізінде Хайду (1301 ж. ө.) басқарған мемлекет құрылды. Оның ордасы Іле алқабына орналасты. Біршама уақытқа елдің ішкі саяси және экономикалық өмірі қалыпқа түсті. Алайда Шағатай әулетінің ол өлгеннен кейінгі іштей өзара қырқысуы, сондай-ақ, көрші хандықтармен жүргізілген соғыстар Жетісу халқына және оның экономикасына едәуір зардабын тигізді. 14 ғ-дың 1-жартысында Жетісу және Мауераннахр билеуші топтарының арасындағы қайшылықтар одан сайын үдей түсті. 14 ғ-дың орта шенінде Шағатай ұлысының батыс және шығыс бөліктері ыдырай бастады. Оның басты себептерінің бірі шапқыншылық салдарынан шаруашылық-саяси және тарихи даму жағынан әр қилы этникалық топтардан құралғандығы еді. Шағатай ұлысының шығыс бөлігіндегі дулат тайпасының билеушілері жаңадан Моғолстан деген мемлекет құрып, оған өз іштерінен Тоғлұқ Темірді хан етіп жариялады (1348 — 62/63). Енді Моғолстанның орталық бөлігі болып қалған Жетісудың түркі тайпалары этникалық жағынан қайта топтасуға мүмкіндік алды. Дегенмен, олар әлі де болса Қазақстанның өзге өңіріндегі мәдени, тарихи байланысы бір қандас бауырларынан жырақ жатыр еді. Моғолстандағы тайпалар одағына дулат, қаңлы, керей, барін (баарын), бұлғашы секілді жергілікті түркі және оларға етене болып сіңіп кеткен моңғол тайпалары кіретін. Бұлар кейінірек (15 ғ. және 16 ғ-дың басы) қазақ және қырғыздардың құрамына енді.
Жетісудың Моғолстан құрамындағы 14 ғ-дың 2-жартысындағы саяси жағдайы өзара қырқыстармен және Әмір Темірдің шапқыншылықтарымен сипатталады. 14 ғ-дың 70-жылдарында Жетісудың көпшілік жерін басып алып, өз билігін жүргізген. Жетісуда бұл ұлыстан басқа Моғол билеушісі Еңкетөренің ұлыстары, бұлғашы тайпасы әмірлерінің ұлыстары, бірнеше дербес иеліктер пайда болды. Бір орталыққа бағынған өкімет билігінің болмауынан Жетісу халқы Әмір Темірдің шапқыншылығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылық Моғолстан мен Ақ Орданың шаруашылық және саяси жағынан нығаюына кедергі жасады. 14 ғ-дың 80-жылдарының аяқ шені Әмір Темірге бірлесе соққы беруге кіріскен кез болды. Оған қарсы күресте Жетісу билеушілері Камар әд-Дин Дулати, , Моғолстан ханы (1389 — 99) және Дешті Қыпшақ ханы күш біріктірді. Бұлай бірігу Дешті Қыпшақ пен Жетісу тайпаларының өзара байланысты болуы үшін едәуір маңызды болды. Әмір Темірдің қанды жорықтарының салдарынан Жетісу халқы сан жағынан азайды, егін шаруашылығы құлдырап, мал саны кеміді. 15 ғ-дың 1-жартысында да Жетісудағы қырқысулар толастамады. Моғолстандағы Қызыр Қожа, Мұхаммед хан (1408 — 15), тұсындағы ішкі саяси жағдайдың уақытша тынышталуы Жетісуға Әмір Темір әскерлерінің басып кіруімен (1425 жылғы (Ұлықбек жорығы) және ойраттардың (қалмақтардың) шабуылдарынан бұзылды. Қарамағындағы халықты барған сайын қанай түсудің нәтижесінде экономикалық күш-қуаты артқан шонжарлар енді саяси тәуелсіздікке ұмтылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәлімдеуінше, 1430 ж. шамасында 30 мыңға жуық моғол отбасы Мауераннахрға жөнелтілген, барін (баарын) және чорас тайпаларының бір бөлігі билеген ойраттарға өтіп кеткен. Қаңлы, т.б. тайпалар Әбілхайыр хан иелігіне қоныс аударған. Ал мұның өзі ішкі ала ауыздыққа қарсы халық наразылығының белгісі еді. Моғолстанның жаңа ханы Есенбұғаның (1424 — 62) билігі Қашқарияның бір бөлігімен ғана шектелді.
Тек 15 ғ-дың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдарының басында ғана ол Жетісудың көшпелі халқына өз үстемдігін жүргізе алды. Алайда осы қиындықтарға қарамастан, Жетісуды (жалпы қазақ жерін) мекендеген қазақ тайпаларының бірігу үрдісі жалғаса берді, енді олардың Моғолстаннан бөлінгісі келетіндіктері айқын сезіле бастады. Мұны Моғолстанның солтүстік және оңтүстік аудандарындағы (Жетісу және Тянь-Шань, Шығыс Түркістанның біраз бөлігі) табиғи-географиялық, экономикалық және тарихи жағдай, сондай-ақ, Жетісу халқының Қазақстанның өзге өңіріндегі тайпалармен ежелден бергі мәдени-этникалық, туыстық жақындықтарын тездете түсті. “” мәліметке қарағанда, 1465 ж. бұл жерге 200 мыңға жуық қазақтар көшіп келген. Олармен бірге Әбілхайыр ханмен жауласқан Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек және да келген. Сонымен Жетісу Дешті Қыпшақтан келген тайпалардың, сондай-ақ, жергілікті қазақ тайпаларын саяси-этникалық жағынан біріктірудің орталығына айналды. Ал 15 ғ-дың 60-жылдарының орта шені мен 70-жылдардың басында Жетісудың батыс бөлігінде Қазақ хандығы құрылды. 15 ғ-дың аяғы мен 16 ғ-дың бас кезінде Қазақ хандығының шекарасы Жетісу, Дешті Қыпшақ және Түркістан өлкесінің солтүстік бөлігінде (Созақ, Сауран, Сығанақ қалалары қосылды) бірте-бірте кеңейе түсті. Бұл жерлерді жайлаған қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығына бірігіп, қазақ халқының ұзаққа созылған қалыптасу процесі аяқталды. Қазақ халқының құрамында тарихи даму барысында тайпалардың үш тобы пайда болды. Олардың әрқайсысының шаруашылық мүдделері ортақ болғанмен, территория жағынан бір-бірінен айырмашылықтары болды. Осыған байланысты қазақ даласындағы үш жүздің қалыптасуы, соның ішінде Жетісудағы Ұлы жүздің қалыптасуы 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында аяқталды. Қасым хан тұсында (1511 — 23) Қазақ хандығының шекарасы Қаратал өзеніне дейін жетсе, Тахир ханның билігі дәуірінде Қас және Күнес өзендеріне дейінгі атырапты қамтыды. Қазақ хандығының күшеюі 16 ғ-дың бас кезінде Моғолстанның Жетісуда билігінің жойылуын тездетті. Шығыс Түркістан өлкесін билеген (1514 — 33) пен (1533 — 65) хандар Жетісуды өздеріне қайтарып алуға тырысып бақты. Алайда қырғыздармен одақтасқан қазақ билеушілері оны жүзеге асыртпай тастады. Бұл күрес Ақназар хан тұсында да тоқтаған жоқ. 17 ғ-да өлы жүз басқа қазақ жүздері сияқты жеке хандық болып саналды. Жетісу рулары басқа да отырықшы егін ш-мен айналысатын аймақтармен сауда-экон. қарым-қатынастар жасап тұрды. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батур Жетісудың біраз жерін өзіне бағындырды. Ал 1681 — 88 ж. Жоңғар хандығы Жетісудан Оңтүстік Қазақстанға бірнеше дүркін жорықтар жасады. 18 ғ-да Жетісудың едәуір бөлігі Жоңғар хандығының қол астында болды. Жоңғар мемлекетін Цинь империясы талқандағаннан кейін, енді Жетісуды осы империя басып аларлықтай қаупі төнді. Жетісудың Ілеге дейінгі оңтүстік бөлігін 19 ғ-да Қоқан хандығы жаулап алды. Жоңғар және Қоқан хандықтарының қайыршылыққа ұшыратқан зорлық-зомбылығына қарсы Ұлы жүз қазақтары күрес жүргізді. 19 ғ-дың 40-жылдарының ортасында Жетісудың Қапал аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтарды Ресей өз қол астына қаратты. Жетісудың Іле өзеніне дейінгі бөлігі Ресей мемлекетінің құрамына енді. 1854 ж. Алмалы деген жерде патшалық Ресейдің Орта Азияны отарлау барысында “сенімді” тірегі саналған “Верный” бекінісі салынды. 1860 ж. қазақтың атты жасақтарымен бірге Ресей әскерлері өзынағаш түбінде Қоқан хандығының әскерін ойсырата жеңді. 1860 ж. аяғында патшалық Ресей Жетісуды толықтай өз отарына айналдырды. 1867 ж. Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды. Жетісу 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі ошақтарының бірі болды. 1924 — 25 ж. Орта Азия республикаларында жүргізілген ұлттық — мемлекеттік межелеуден кейін Жетісу Қазақстан мен Қырғызстан құрамына кірді. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге (1991) Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Сыртқы сілтемелер
- Жетісу Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhetisu tarihi geografiyalyk ajmak Soltүstikte Balkash soltүstik shygysynda Sasykkol men Alakol shygysta Zhetisu Zhongar Alatauy ontүstik zhәne ontүstik batysynda Soltүstik Tyan Shan zhotalarymen shektesedi Tarihi derekter men zertteulerde Zhetisu atyn kurajtyn 7 ozen turaly tүrlishe pikir bar A K Gejns bulardyn kataryna Lepsi Baskan Sarkan Aksu Bүjen Қaratal zhәne Koksu ozenderin zhatkyzsa Baskan Sarkan ozenderinin ornyna soltүstik shygystagy Ayagoz ontүstik shygystagy Ile ozenderin atajdy V V Bartoldtyn ajtuynsha algashkyda zhergilikti halyk Zhetisu dep Ileden soltүstikke karaj sozylgan ajmakty atagan ogan Lepsi Baskan Aksu Bүjen Қyzylagash Қaratal Koksu ozenderi engen Al Zhetisu Ilenin ontүstigine karaj sozylgan tauly ajmak degen ugym 19 g da tarap sondaj ak ogan Tyan Shannin soltүstik batys zhәne ortalyk audandary da kosylatyn bolgan Tarihi әdebiette Zhetisu ugymyna Shu alaby men Naryn ozeninin zhogargy agysyn kamtityn atyrap ta kirgen ZhetisuZhetisu 1900 zh Arheologtar tarihshylar men geograftar Zhetisudy Soltүstik shygys Zhetisu soltүstikte Balkashtan Ketpen zhәne ontүstikte Ile Alatauy zhotalaryna dejin soltүstik shygysta Alakolden ontүstik batysta Shu Ile su ajrygyna dejingi zherler zhәne Ontүstik batys Zhetisu Shu zhәne Talas alkaby dep ekige boledi Zhetisuga mundaj tarihi geografiyalyk anyktama bere otyryp olar bul olkenin tek tabigi zhagdajlaryn gana emes sonymen katar onyn otkendegi ekonomikalyk sayasi etnikalyk zhәne mәdeni damu erekshelikterin de eske alady Zhetisudyn ken aumagy soltүstikten ontүstikke dejin 900 km al batystan shygyska dejin 800 km zhәne taularynyn biiktiginin әr tүrli bolyp kelui onyn klimaty men landshaftarynyn da tүrlishe boluyna ykpal etti Bul olkede erteden ak shurattyk sipat alyp koldan sugarudy kazhet etken Zhajylymdyk mal sharuashylygy ken oris algan Zhetisudyn ontүstik shygys boliginin tau bokterlerinde 600 1200 m biiktikte aua rajy ylgaldy konyr salkyn zhәne auyspaly topyragy kunarly Onda suarmaly eginshilikke pajdalanylatyn koptegen tau ozenderi bar Zhemisti agashtar men zhapyrakty agashtar al odan zhogaryda shyrsha ormandary osedi Bul onir mal zhajylymyna kazhetti kokoraj zhemisti agashtar men shalgyndarga baj Mine osyndaj kolajly tabigi geografiyalyk zhagdajlar Zhetisudy Tүrkistan zherindegi ertedegi mәdeniet oshaktarynyn birine ajnaldyrdy Ony mekendegen tajpalardyn kazak halkynyn tarihi kalyptasuynda memlekettin kurylyp nygayuynda mәdeniettin orken zhayuynda zor manyzy bar Zhetisu zherinde mal bagu men egin sharuashalygynyn pajda boluy neolit pen eneolit dәuirine zhatady Қola dәuirinde b z b 15 8 g lar bul olkeni mekendeushilerdin materialdyk zhәne ruhani mәdenieti odan әri orkendep mys pen koladan kuraldar zhasau baktashylykpen zher ondeumen an balyk aulaumen ajnalysu kәsipteri pajda bola bastagan B z b 1 mynzhyldyktyn orta sheninde Zhetisuda negizinen malshy kauymdarynyn bolinip shygu dәuiri ayaktaldy Ertedegi zhergilikti tajpalar sharuashylygy Zhetisudy derbes ekonomikalyk ajmakka ajnaldyrdy B z b 7 4 gasyrlarda Zhetisudy saktar mekendegen Olar sharuashylyktyn sol kezdegi zhetilgen tүri malshylyk zhәne suarmaly eginshilikpen ajnalysyp kola men temirden zhasalgan kuraldardy pajdalangan Arheologtar Talas alkabyndagy algashky otyrykshy mekenderdin kaldygyn b z b 5 g ga dejingi uakytka zhatkyzady B z b 3 g da Zhetisudagy sak tajpalarynyn odagyn үjsin tajpalarynyn odagy almastyrdy 6 g dyn orta sheninde Zhetisu Tүrik kaganatynyn kuramyna endi Al 581 zh odan Batys Tүrik kaganaty bolinip shykty Onyn ortalyk audany Zhetisu astanasy Suyab kalasy boldy 7 g dyn 30 zhyldarynda Zhetisuda Shu ozeninin shygysynda dulu al batysynda nushebi dep atalgan eki ielik pajda boldy 8 g ga dejin bular Shygys Tүrik kagandygyna tәueldi bolatyn Al 8 g dyn basynda Zhetisudagy okimet biligin Shu men Ile arasynda koship konyp zhүrgen tүrgeshterdin bileushi toptary basyp aldy Tүrgesh kaganaty 704 766 ala auyzdyk ishki әleumettik kajshylyktardyn bargan sajyn orshui ontүstikte arabtarmen shygysta kytajlarmen үnemi kaktygysyp otyrudyn saldarynan әlsiredi Zhetisudagy okimet biligin tagy bir tүrki tajpasy karluktar basyp aldy Tүrgesh zhәne Қarluk 766 940 kagandyktary dәuirinde Shu Talas zhәne Ile bojynda koloner men saudanyn ortalygy bolgan eski kalalar osip zhanalary pajda boldy Atlah Қulan Merke t b 9 10 g larda Zhetisudyn soltүstik shygys onirinde otyrykshy eginshilik pajda boldy onyn izderi Almaty Talgar Қojlyk Қargaly t b kalalardyn kiragan үjindilerinde saktalgan Қoloner kәsibinin onimderi ulgajyp korshi koshpeli tajpalarmen ekonomikalyk bajlanystar damydy sauda sattyk osti Akshany pajdalanu zhәne zhergilikti aksha shygaru Tarazda pajda boldy Zhetisudy mekendegen tүrki tajpalary edәuir dәrezhede otyrykshylykka boj urdy Orta Aziya Shygys Tүrkistan onirlerimen sauda sattyk mal ajyrbasynyn tiimdiligin zhaksy tүsingen toptar zhaksy zhajylymdardy basyp alyp mal basyn kobejtuge tyrysyp bakty Mal men zhajylymnan ajyrylgan koshpeli kedejler endi eginshilikpen koloner kәsibimen ajnalysyp kala halyktarynyn kataryna kosyluga mәzhbүr boldy Zhetisuga Shygys Tүrkistannan shykkan koshpeli tүrki tajpasy yagma basyp kirgennen kejin 940 endi ol Қarahan memleketinin kuramyna endi Sojtip Zhetisu Shygys Tүrkistanmen birge Қarahan memleketinin Elhan bilegen shygys boligin kurady Қarahandar memleketi 10 g dyn ayak sheninde Қarahan әuletinin astanasy Shu bojyndagy Balasagun kalasy boldy Zhetisudyn bir boliginde karluk zhәne shigil tajpalarynyn okilderi bilikti oz koldaryna aldy Zhetisuda 10 11 g lardagy otyrykshy eginshilik pen kala mәdenietinin edәuir orkendegenin orta gasyr avtorlary t b men Қazakstan Қyrgyzstan arheologtarynyn zertteuleri dәleldejdi Zhanadan pajda bolgan eginzhajlar men kalalyk mekender endi tek sauda zholdarynyn bojynda gana emes sondaj ak onirdin shalgaj tүkpirlerinde de Ilenin tomengi agysy pajda bola bastady 11 12 g larda Zhetisudyn soltүstik shygysyndagy negizgi kalalar men eldi mekender Shelek Қapal Arasan t b pajda bolgan Sәulet onerinin zhogary dәrezhede damuynyn kuәgerleri 10 11 g lar men Ajsha bibi kesenesi 11 12 g lar t b Zhetisu men Қazakstannyn ozge boligin mekendegen tүrki tajpalary etnikalyk zhagynan odan әri zhakyndasa tүsti 1129 30 zh Zhetisuga kidandar basyp kirip kop uzamaj ak zhergilikti turgyndarmen aralasyp ketti Өnirdin Ile ozeninen soltүstikke karagan zheri buryngysynsha Қarluk handygynyn astanasy Қojlyk kalasy karamagynda edi Қidandardyn oktemdigi 13 g dyn basyna dejin sozyldy Zhetisu men Shygys Қazakstanga tүrki tildes najman kerej tajpalary kelip kirdi Najmandardyn kolbasshysy hanmen kүres kidan gurhanyn әlsiretti 1210 zh ol Talas ozeni bojynda zhenilis tapty Endi Zhetisudy Kүshlүk biledi 1211 zh onirdin soltүstigine Shyngys han әskerleri basa koktep kirip 1218 zh Zhetisudy zhaulap aldy Osynyn saldarynan Zhetisu ekige bolinip ketti Onyn үlken bir bolegi Ileden ontүstikke zhәne ontүstik batyska karagan zhagy Shagataj ulysyna ortalygy Almalyk manynda boldy al Ileden soltүstikke karagan zherler karady Soltүstik shygys kiyry Tarbagataj Emil men Kobik many Үgedej ulysynyn enshisine tidi 1269 zh Talasta otken kuryltajda buryngy Shagataj Үgedej ulystarynyn negizinde Hajdu 1301 zh o baskargan memleket kuryldy Onyn ordasy Ile alkabyna ornalasty Birshama uakytka eldin ishki sayasi zhәne ekonomikalyk omiri kalypka tүsti Alajda Shagataj әuletinin ol olgennen kejingi ishtej ozara kyrkysuy sondaj ak korshi handyktarmen zhүrgizilgen sogystar Zhetisu halkyna zhәne onyn ekonomikasyna edәuir zardabyn tigizdi 14 g dyn 1 zhartysynda Zhetisu zhәne Mauerannahr bileushi toptarynyn arasyndagy kajshylyktar odan sajyn үdej tүsti 14 g dyn orta sheninde Shagataj ulysynyn batys zhәne shygys bolikteri ydyraj bastady Onyn basty sebepterinin biri shapkynshylyk saldarynan sharuashylyk sayasi zhәne tarihi damu zhagynan әr kily etnikalyk toptardan kuralgandygy edi Shagataj ulysynyn shygys boligindegi dulat tajpasynyn bileushileri zhanadan Mogolstan degen memleket kuryp ogan oz ishterinen Togluk Temirdi han etip zhariyalady 1348 62 63 Endi Mogolstannyn ortalyk boligi bolyp kalgan Zhetisudyn tүrki tajpalary etnikalyk zhagynan kajta toptasuga mүmkindik aldy Degenmen olar әli de bolsa Қazakstannyn ozge onirindegi mәdeni tarihi bajlanysy bir kandas bauyrlarynan zhyrak zhatyr edi Mogolstandagy tajpalar odagyna dulat kanly kerej barin baaryn bulgashy sekildi zhergilikti tүrki zhәne olarga etene bolyp sinip ketken mongol tajpalary kiretin Bular kejinirek 15 g zhәne 16 g dyn basy kazak zhәne kyrgyzdardyn kuramyna endi Zhetisudyn Mogolstan kuramyndagy 14 g dyn 2 zhartysyndagy sayasi zhagdajy ozara kyrkystarmen zhәne Әmir Temirdin shapkynshylyktarymen sipattalady 14 g dyn 70 zhyldarynda Zhetisudyn kopshilik zherin basyp alyp oz biligin zhүrgizgen Zhetisuda bul ulystan baska Mogol bileushisi Enketorenin ulystary bulgashy tajpasy әmirlerinin ulystary birneshe derbes ielikter pajda boldy Bir ortalykka bagyngan okimet biliginin bolmauynan Zhetisu halky Әmir Temirdin shapkynshylygyna ajtarlyktaj karsylyk korsete almady Shapkynshylyk Mogolstan men Ak Ordanyn sharuashylyk zhәne sayasi zhagynan nygayuyna kedergi zhasady 14 g dyn 80 zhyldarynyn ayak sheni Әmir Temirge birlese sokky beruge kirisken kez boldy Ogan karsy kүreste Zhetisu bileushileri Kamar әd Din Dulati Mogolstan hany 1389 99 zhәne Deshti Қypshak hany kүsh biriktirdi Bulaj birigu Deshti Қypshak pen Zhetisu tajpalarynyn ozara bajlanysty boluy үshin edәuir manyzdy boldy Әmir Temirdin kandy zhoryktarynyn saldarynan Zhetisu halky san zhagynan azajdy egin sharuashylygy kuldyrap mal sany kemidi 15 g dyn 1 zhartysynda da Zhetisudagy kyrkysular tolastamady Mogolstandagy Қyzyr Қozha Muhammed han 1408 15 tusyndagy ishki sayasi zhagdajdyn uakytsha tynyshtaluy Zhetisuga Әmir Temir әskerlerinin basyp kiruimen 1425 zhylgy Ұlykbek zhorygy zhәne ojrattardyn kalmaktardyn shabuyldarynan buzyldy Қaramagyndagy halykty bargan sajyn kanaj tүsudin nәtizhesinde ekonomikalyk kүsh kuaty artkan shonzharlar endi sayasi tәuelsizdikke umtyldy Muhammed Hajdar Dulatidin mәlimdeuinshe 1430 zh shamasynda 30 mynga zhuyk mogol otbasy Mauerannahrga zhoneltilgen barin baaryn zhәne choras tajpalarynyn bir boligi bilegen ojrattarga otip ketken Қanly t b tajpalar Әbilhajyr han ieligine konys audargan Al munyn ozi ishki ala auyzdykka karsy halyk narazylygynyn belgisi edi Mogolstannyn zhana hany Esenbuganyn 1424 62 biligi Қashkariyanyn bir boligimen gana shekteldi Tek 15 g dyn 40 zhyldarynyn ayagy men 50 zhyldarynyn basynda gana ol Zhetisudyn koshpeli halkyna oz үstemdigin zhүrgize aldy Alajda osy kiyndyktarga karamastan Zhetisudy zhalpy kazak zherin mekendegen kazak tajpalarynyn birigu үrdisi zhalgasa berdi endi olardyn Mogolstannan bolingisi keletindikteri ajkyn sezile bastady Muny Mogolstannyn soltүstik zhәne ontүstik audandaryndagy Zhetisu zhәne Tyan Shan Shygys Tүrkistannyn biraz boligi tabigi geografiyalyk ekonomikalyk zhәne tarihi zhagdaj sondaj ak Zhetisu halkynyn Қazakstannyn ozge onirindegi tajpalarmen ezhelden bergi mәdeni etnikalyk tuystyk zhakyndyktaryn tezdete tүsti mәlimetke karaganda 1465 zh bul zherge 200 mynga zhuyk kazaktar koship kelgen Olarmen birge Әbilhajyr hanmen zhaulaskan Barak hannyn urpaktary Zhәnibek zhәne da kelgen Sonymen Zhetisu Deshti Қypshaktan kelgen tajpalardyn sondaj ak zhergilikti kazak tajpalaryn sayasi etnikalyk zhagynan biriktirudin ortalygyna ajnaldy Al 15 g dyn 60 zhyldarynyn orta sheni men 70 zhyldardyn basynda Zhetisudyn batys boliginde Қazak handygy kuryldy 15 g dyn ayagy men 16 g dyn bas kezinde Қazak handygynyn shekarasy Zhetisu Deshti Қypshak zhәne Tүrkistan olkesinin soltүstik boliginde Sozak Sauran Syganak kalalary kosyldy birte birte keneje tүsti Bul zherlerdi zhajlagan kazak rulary men tajpalary Қazak handygyna birigip kazak halkynyn uzakka sozylgan kalyptasu procesi ayaktaldy Қazak halkynyn kuramynda tarihi damu barysynda tajpalardyn үsh toby pajda boldy Olardyn әrkajsysynyn sharuashylyk mүddeleri ortak bolganmen territoriya zhagynan bir birinen ajyrmashylyktary boldy Osygan bajlanysty kazak dalasyndagy үsh zhүzdin kalyptasuy sonyn ishinde Zhetisudagy Ұly zhүzdin kalyptasuy 15 g dyn sony men 16 g dyn basynda ayaktaldy Қasym han tusynda 1511 23 Қazak handygynyn shekarasy Қaratal ozenine dejin zhetse Tahir hannyn biligi dәuirinde Қas zhәne Kүnes ozenderine dejingi atyrapty kamtydy Қazak handygynyn kүsheyui 16 g dyn bas kezinde Mogolstannyn Zhetisuda biliginin zhojyluyn tezdetti Shygys Tүrkistan olkesin bilegen 1514 33 pen 1533 65 handar Zhetisudy ozderine kajtaryp aluga tyrysyp bakty Alajda kyrgyzdarmen odaktaskan kazak bileushileri ony zhүzege asyrtpaj tastady Bul kүres Aknazar han tusynda da toktagan zhok 17 g da oly zhүz baska kazak zhүzderi siyakty zheke handyk bolyp sanaldy Zhetisu rulary baska da otyrykshy egin sh men ajnalysatyn ajmaktarmen sauda ekon karym katynastar zhasap turdy 1643 zh Zhongar kontajshysy Batur Zhetisudyn biraz zherin ozine bagyndyrdy Al 1681 88 zh Zhongar handygy Zhetisudan Ontүstik Қazakstanga birneshe dүrkin zhoryktar zhasady 18 g da Zhetisudyn edәuir boligi Zhongar handygynyn kol astynda boldy Zhongar memleketin Cin imperiyasy talkandagannan kejin endi Zhetisudy osy imperiya basyp alarlyktaj kaupi tondi Zhetisudyn Ilege dejingi ontүstik boligin 19 g da Қokan handygy zhaulap aldy Zhongar zhәne Қokan handyktarynyn kajyrshylykka ushyratkan zorlyk zombylygyna karsy Ұly zhүz kazaktary kүres zhүrgizdi 19 g dyn 40 zhyldarynyn ortasynda Zhetisudyn Қapal ajmagynda koship konyp zhүrgen kazaktardy Resej oz kol astyna karatty Zhetisudyn Ile ozenine dejingi boligi Resej memleketinin kuramyna endi 1854 zh Almaly degen zherde patshalyk Resejdin Orta Aziyany otarlau barysynda senimdi tiregi sanalgan Vernyj bekinisi salyndy 1860 zh kazaktyn atty zhasaktarymen birge Resej әskerleri ozynagash tүbinde Қokan handygynyn әskerin ojsyrata zhendi 1860 zh ayagynda patshalyk Resej Zhetisudy tolyktaj oz otaryna ajnaldyrdy 1867 zh Zhetisu territoriyasynda Zhetisu oblysy kuryldy Zhetisu 1916 zhylgy ult azattyk kozgalystyn iri oshaktarynyn biri boldy 1924 25 zh Orta Aziya respublikalarynda zhүrgizilgen ulttyk memlekettik mezheleuden kejin Zhetisu Қazakstan men Қyrgyzstan kuramyna kirdi Қazakstannyn tәuelsizdik aluymen birge 1991 Zhetisu da kazak halkynyn bajyrgy atamekeni retinde birtutas memlekettin mәdenieti damygan ekonomikasy kuatty ajmagyna ajnaldy Derekkozder Қazak Enciklopediyasy Syrtky siltemelerZhetisu Muragattalgan 5 nauryzdyn 2016 zhyly Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet