Шығыс Түркістан Республикасы, ШТР – Шыңжаң өлкесінде құрылған мемлекеттік құрылым. 1944 жылдың 1946 жылдың 6 маусымы аралығында өмір сүрді.
Тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес-герман майданындағы жағдайға байланысты 1941 – 1944 ж. Шыңжаң өлкесінде саяси жағдай қатты шиеленісті. Өлкеде бірін-бірі мойындамайтын күштер көбейді. Осындай жағдайда кеңес өкіметі өзінің оңтүстік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шыңжаңдағы оқиғаларға белсене араласты (қ. Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына араласуы).
Кеңес Одағының тікелей көмегіне сүйенген мұсылман халықтары өкілдерінен құрылған “Құлжа азаттық ұйымы” өзін 1944 ж. 4 сәуірде Қытайдан тәуелсіз мемлекет ретінде жариялады. ШТР-дың дүниеге келуі “Үш аймақ төңкерісі” оқиғаларына тікелей байланысты болды. Оның құрамында 16 мүшесі болған Уақытша үкіметі құрылды. Үкімет төрағалығына діни сауатты, ұлты өзбек Әлихан төре тағайындалды. 1945 ж. 8 сәуірде ШТР-дың Ұлттық армиясының құрылғандығы жарияланды. Бұл армия Шыңжаңды гоминьданшылардан азат етуді жалғастырып, Үрімжі қаласына (Манас өзені) жақын келді. Кеңес Одағы бастапқыда ШТР-ға әскери-тех., саяси жағынан қолдау көрсетіп, жәрдемдесті. Әскери қимылдар жүргізуге кеңестік нұсқаушылар кеңінен араласты. Бірақ кейінірек Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы жаңа келісім бойынша Шығыс Түркістанның мемл. егемендігі шектелді. 1945 ж. 12 қазанда ШТР-дың делегациясы мен Шыңжаң провинцисы үкіметі арасында келіссөздер басталды. Келіссөздер 1946 ж. 2 қаңтарда Үрімжіде “Он бір бітім” деп аталған шартқа қол қоюмен аяқталды. Оның ақтық нұсқасын 6 маусым күні орталығы үкімет мақұлдады. Ол бойынша Шыңжаң халқының азаматтық және діни бостандықтары, заң алдындағы тең құқықтығы мен теңдігі жарияланды. Ұлттық армияның саны қысқартылып, ол провинциясы әскердің бір бөлшегі ретінде ғана сақталатын болды. Келісімшартқа сай ШТР-дың Уақытша үкіметі таратылды.
Шығыс Түркістан Қытайдың құрамындағы автономиялық өлке ретінде қалды.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shygys Tүrkistan Respublikasy ShTR Shynzhan olkesinde kurylgan memlekettik kurylym 1944 zhyldyn 1946 zhyldyn 6 mausymy aralygynda omir sүrdi TarihyEkinshi dүniezhүzilik sogystagy kenes german majdanyndagy zhagdajga bajlanysty 1941 1944 zh Shynzhan olkesinde sayasi zhagdaj katty shielenisti Өlkede birin biri mojyndamajtyn kүshter kobejdi Osyndaj zhagdajda kenes okimeti ozinin ontүstik shekarasynyn kauipsizdigin kamtamasyz etu үshin Shynzhandagy okigalarga belsene aralasty k Kenes Odagynyn Shynzhan okigalaryna aralasuy Kenes Odagynyn tikelej komegine sүjengen musylman halyktary okilderinen kurylgan Қulzha azattyk ujymy ozin 1944 zh 4 sәuirde Қytajdan tәuelsiz memleket retinde zhariyalady ShTR dyn dүniege kelui Үsh ajmak tonkerisi okigalaryna tikelej bajlanysty boldy Onyn kuramynda 16 mүshesi bolgan Uakytsha үkimeti kuryldy Үkimet toragalygyna dini sauatty ulty ozbek Әlihan tore tagajyndaldy 1945 zh 8 sәuirde ShTR dyn Ұlttyk armiyasynyn kurylgandygy zhariyalandy Bul armiya Shynzhandy gomindanshylardan azat etudi zhalgastyryp Үrimzhi kalasyna Manas ozeni zhakyn keldi Kenes Odagy bastapkyda ShTR ga әskeri teh sayasi zhagynan koldau korsetip zhәrdemdesti Әskeri kimyldar zhүrgizuge kenestik nuskaushylar keninen aralasty Birak kejinirek Kenes Odagy men Қytaj arasyndagy zhana kelisim bojynsha Shygys Tүrkistannyn meml egemendigi shekteldi 1945 zh 12 kazanda ShTR dyn delegaciyasy men Shynzhan provincisy үkimeti arasynda kelissozder bastaldy Kelissozder 1946 zh 2 kantarda Үrimzhide On bir bitim dep atalgan shartka kol koyumen ayaktaldy Onyn aktyk nuskasyn 6 mausym kүni ortalygy үkimet makuldady Ol bojynsha Shynzhan halkynyn azamattyk zhәne dini bostandyktary zan aldyndagy ten kukyktygy men tendigi zhariyalandy Ұlttyk armiyanyn sany kyskartylyp ol provinciyasy әskerdin bir bolshegi retinde gana saktalatyn boldy Kelisimshartka saj ShTR dyn Uakytsha үkimeti taratyldy Shygys Tүrkistan Қytajdyn kuramyndagy avtonomiyalyk olke retinde kaldy