Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы мен мәдениеті, Украинадағы , Оңт. Кавказдағы мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды. Әдеб.: , , Неолит и энеолит, в сб.: в эпоху камня и бронзы, М.–Л., 1966. Д. Байғонақов
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
Энеолит дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар, оның ішінде бүгінгі күнге дейін жақсы зерттелген Ертіс пен Еділ арасындағы елді мекен тұрғындары мал өсірумен айналыскан, оның ішінде жылқы түлігі басым болған.
Әлеуметтік және шаруашылық ұйым
Энеолиттік дәуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау және т. б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бүл түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты кысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылган аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен катар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды. Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайык- Ертіс өзендері аралығының) далалык энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill — II мынжылдыктармен белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің калыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сыртгай ықпал жасатаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты". В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде баска мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында — Бестамақ, Түздыкөл-1, Ливановка, Қүмкешу, Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдын, Терісакқанның, жоғарғы Тобылдың, Обаганның, Шагалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды — б. з. б. XXIV — XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңгы кезенде салынғаны аныкталды. Негұрлым ертеректегі құрылыс кезендерінде салынган тұрғын үйлердің қалдықтары соңғыларын салу кезінде жойылып жіберілген. Ертедегі ауылдың кұрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір топ кұрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-га дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байкауға болады: ені 4—8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15—16 үйден салынған. Тұрғын жайлар былайша салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4—3 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылган балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларга төбесі тарыла беретін шеген түрінде баганалар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылган. Кіретін есік кабырғада ойық түрінде калдырылып, оның сыртында шағын дәліз болған. Ішінде, ортадағы шұңкырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы — шаруашылықка арналган орын, төрде — ұйықтауға арналган жер. Әдетте қабырганың бүйір жагынан азық- түлік сақтау үшін шұнкыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта кұрылыс сипаты біршама өзгеше: кабыргаларының агаштан салынуы ықтимал. Өндірістік-шаруашылык саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар түрғындардың шаруашылық жағдайы күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналган ілгектер жылкының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас токпақтар, пышактар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, най- залардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шанышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш ендейтін кептеген аспаптар: балталар, шотгар, қашаулар, керткіштер, жоңғыштар, кескіштер, пышақтар, қырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек өндеу едәуір жетілдірілген, ал оларсыз сапалы еңбек кұралдарын дайындау мүмкін емес еді. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер, шакпақтастан жасалған бұрғылар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері өндеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жоңғыштар, жұмсарту үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегістегіштер қажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар. Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршықбастар кажет болды. Керамика өндірісінде келсаптар, үгіткіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды. Көптеген сүйек саптар мен тастан жасалған тестер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар, бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар. Мезолит дәуірінде қару- жарақ ретінде садақ пен жебені жасау аң аулау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұрынғы қамау тәсілі аркылы аң аулау жеке-дара аң аулау тәсілімен ауыстырылды. Ұжымда ерлердің рөлі біртіндеп арта түсті. Адамдар шаруашылықтың жаңа түрлерін, оның ішінде, жануарларды қолға үйретуді игере бастады.
Неолит дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды. Жалпы алғанда, табиғаттың дайын өнімін пайдаланатын шаруашылықтың тұтынушы түрлері — аң аулау, балық аулау, терімшілік сақталды. Біртіндеп мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік жетекші рөлге ие бола бастады. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы әр түрлі кәсіптердің — әрмешілдік, ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жасаудың дамуына әкелді.
Осылайша еңбек бөлінісі үшін негіз қаланды. Белгілі бір дағды мен тәжірбиені талап ететін кейбір бұйымдарды жасайтын мамандар пайда болды. Біртіндеп тұтас рудың қандай да бір кәсіптің түріне мамандану үдерісі жүре бастады. Шаруашылықтың іс-әрекетіндегі ілгерілеушілік тұрғындар санының өсуіне мүмкіндік берді, рулар көбейді. Азық-түлік қорының жетіспеуіне байланысты аналық рулық қауымнан жақын туысқандар кете бастады. Бұлар жаңа рулардың бастамасы болды. Олардан белгілі бір мәдени қауымдастық қалыптасты: бір шаруашылықтың түрін жүргізді, діни наным-сенімдері, сонымен бірге табыну рәсімдері және әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас болды. Осы рулардың арасындағы өзара байланыстардың күшеюі тайпалардың құрылуына алып келді. Бұл жөнінде археологиялық деректер айғактайды.
Неолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанда Есіл бойында Атбасар мәдениеті тайпалары, ал Торғай үстіртінде Мақанжар мәдениеті тайпалары тарала бастады. Рулардың көбеюі мен жаңа туыстық топтардың пайда болуына байланысты неке қатынасына тыйым салу қалыптасты (екі атадан, үш атадан қосылатын туыстардың некелесуіне» тыйым салу).
Адамның шаруашылық іс-әрекетіндегі, аналық рулық кауымның Ішіндегі коғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер оның біртіндеп ыдырауына әкелді. Ақырында, ер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің өсуі туысқандык есебін ауыстыруға және әке жағынан жеке мүлікке мұрагер болуына алып келді.
Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы құрайтын болды. Патриархалдық ("pater" — әке, "агсһе— билік) отбасылар жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері рулық бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті. Тайпалар қандас-туысқандық белгілеріне және шаруашылық ортақтығына қарай біріккен бірнеше рулық қауымнан құралды. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын құратын болды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасылардың үйге, малға, еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жеке меншік пайда болды. Ру мүшелері жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
- Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тарих бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eneolit lat aeneus mys zhәne gr litos tas neolit pen kola dәuiri aralygyndagy arheologiyalyk kezen tas mys kezeni Eneolitte tungysh ret taza mys belgili boldy zhәne odan әr tүrli әshekej bujymdar men enbek kuraldary zhasaldy Alajda Eneolitte tas kuraldary әli de basym boldy Eneolit dәuirine Ortalyk Aziyadagy men mәdenieti Ukrainadagy Ont Kavkazdagy mәdenieti Қazakstanda Zhezkazgan kone kudyktary zhatady Eneolit kezinde eginshilikpen katar anshylyk zhәne mal sharuashylygy katar damydy Әdeb Neolit i eneolit v sb v epohu kamnya i bronzy M L 1966 D Bajgonakov Mys kezeni basyndagy mys әshekejlerinin taraluy Өndiriste mystan zhasalgan enbek kuraldaryn pajdalanumen eneolit eneo mys litos tas dәuiri yagni mystas gasyry bastaldy Adam koldanudy үjrengen algashky metall mys boldy Mys kuraldardyn ondiriske ene bastauy shakpaktas industriyasynyn birtindep kuldyrauyna sebep boldy Қazakstanda eneolit dәuirinin ashylgan eskertkishteri әzirge kop emes Olardyn bir toby kazirgi Қostanaj Akmola oblystaryndagy Torgaj Tobyl ozenderinin bojynda Osylardyn ishindegi en zhaksy zerttelgeni zhәne tarihi kundy material bergeni Botaj konysy Sondyktan Қazakstannyn osy atalgan ajmagyndagy eneolittik mәdenietti Botaj mәdenieti dep atajdy Botaj eneolittik konysy kazirgi Soltүstik Қazakstan oblysyndagy Botaj eldi mekeni zhanynda Imanburlyk ozeninin on zhagalauynda ornalaskan Қonys shamamen b z d XXIV XXII gasyrlar arasynda 200 zhyldaj uakyt omir sүrgen Қonystan 160 ka zhuyk zhekelegen үj oryndary ashyldy Үjler kәdimgidej koshe koshe bolyp salyngan Үjlerdin kopshiligi zhertole retinde kabyrgasynyn zhartysyna zhuygy zher astyna үngip salyngan Үjdin kabyrgasynyn bir metrge zhuygy kәdimgi zher Odan zhogary tusy kazylgan zherden shygarylgan topyrakpen dual etip shegendegen kabyrga Osylajsha salyngan kabyrgalarga tobesine karaj taryla beretin borene syrgauyldar kalangan Kүmbez tүrinde zhasalgan tobege agash butaktary tastalyp onyn үstine shym zhapkan Үjdin tobesinin dәl ortasynda tүtin shygatyn tesik kaldyrgan Syrtky esik kabyrgadan ojylyp shygarylgan onyn syrtynda kishkene dәliz bolgan Oshak үjdin ortasynda ornalaskan Odan tor zhakta adamdardyn zhatatyn zheri bolgan Қonystan tas sүjek sazbalshyktan zhasalgan zattar men kuraldar kop tabyldy Mysaly tas pyshaktar kanzharlar zhebenin najzanyn ushtary Әr tүrli agash ondejtin kuraldar shot balta kashau teri ondejtin kyrgyshtar tastan zhasalsa bizder ineler sүjekten zhasalgan Өlgen adamdaryn konystyn manyndagy eski turaktarga zherlegen Zherlengenderdin ajnalasyna kabir үstine zhylkynyn bas sүjegin ajnaldyra tizip kojgan Botajlyktar bүkil euraziya dalasyndagy en algashky zhylky osirushiler bolgan Botaj konysynan 70 myn zhylkynyn sүjek kaldyktary tabyldy Bul tek zerttelgen aumaktardan shykkandary gana әli ashylmagandary kanshama Botajlyktar negizinen zhylky osirgen algashky baktashy tajpalar Botajlyktardyn erekshe atauga turatyn guryptarynyn ishinen adamnyn bas sүjegin balshykpen mumiyalaudy bilgendigin itti kie tutyp үjdin tabaldyrygynyn astyna komgendigin atauga bolady Қazakstan aumagyndagy eneolit dәuiri mәdenietinin ekinshi ajmagy Mangystau oniri Eneolit mәdenieti Bul onirge eki zhaktan keldi degen tuspal bar Biri Edil Zhajyk bojynda omir sүrgen hvalyn tajpalary Ekinishisi b z d 3 2 mynzhyldyktarda Ortalyk Aziyadan belgili bir boligi Mangystauga konys audargan kelteminar mәdenietinin okilderi Mangystau tүbegindegi belgili eneolit turaktary Sheber Zhyngyldy Қoshkarata t b Bul turaktardan iri shakpaktas kuraldar onyn ishinde teri ondeuge kop pajdalanylgan bүjirli kyrgyshtar kashau tәrizdi kuraldar bir zhүzdi pyshaktar iindi burgylar tabyldy Қysh ydystary saz balshyktan koldan zhasalgan Ydystardyn kobinin tүbi dongelek konus tәrizdes turky zhumyrtkaga uksas keledi Ydystardyn erneuine zhaga tәrizdes kalyn zhiekpen katar tarak zhүzdi ornek salyngan Sheber turagynan kishkene metall biz tabyldy Mundaj zhekelegen metall zattar hvalyn mәdenietine zhatatyn zirattardan da tabylgan Eneolit dәuirinde Қazakstan zherindegi tajpalar onyn ishinde bүgingi kүnge dejin zhaksy zerttelgen Ertis pen Edil arasyndagy eldi meken turgyndary mal osirumen ajnalyskan onyn ishinde zhylky tүligi basym bolgan Әleumettik zhәne sharuashylyk ujymEneolittik dәuir mal sharuashylygy basym damygan dalalyk onirde de manyzdy rol atkardy Қazakstan dalasyndagy eneolit mүlde baskasha korinedi Munda tabigi ekologiyalyk orta mүlde baskasha zhәne ony igeru үshin adam en onaj zholmen zhүre otyryp bejimdeludin baska zholyn tandap aldy Bul zholda tas industriyasy keri kete kojgan zhok kerisinshe buryngysynan da zhogary dengejge koterildi Adam tasty ondeudin tesu ozdiginen kajralatyn baltalar minsiz aerodinamikalyk tүrdegi najzalardyn iri ushtary ojmalau zhәne t b mүmkindikterin akyryna dejin zhүzege asyryp kana kojmaj sonymen katar ondiristik sharuashylyk sonyn ishinde keramikalyk zhәne sүjek sajmandarynyn tүr tүrin de shamadan tys kenejtti Ras bul uakytta kalaksha kystyrma industriya oz mәnin zhogaltkan edi Eneolit dәuirinde klimat ylgal boldy Sol arkyly iri sүtkorektiler sanynyn belsendi tүrde tabigi osuine kobeyuine minsiz zhagdaj zhasaldy Bul kezde munda zhylky da osyndaj boldy Bүl tүrdin ekologiyalyk tepe tendikti buzbaj kүrt kobeyui an aulajtyn alkap koleminin bolinisine shakkanda onyn molsherinin ulgayuy baska үrdisterdi omirge keltirdi Anshylyk uzhymdardyn ozderi koship zhүretin aumakty kyskartu al kejde ony tolyk toktatu esebinen oz alkaptarynyn kolemin kemitkeni bylaj tursyn sonymen birge bir zherde uzak uakyt bojy shogyrlana da bildi Tarylgan an aulau alkaptaryndagy tutynylatyn biomassanyn ornyn tolyktyru oz tolinin tabigi osu esebinen gana emes sonymen katar anshylardan bosagan aumaktardan tabyndardyn agylyp kelui esebinen de zhүzege asyp otyrdy Botaj mәdenieti Kokshetau oblysyndagy Botaj beketi zhanyndagy konys tyn atymen atalgan Botaj mәdenieti Soltүstik Қazakstannyn Zhajyk Ertis ozenderi aralygynyn dalalyk eneolitin sipattajdy zhәne merzimi b z b Ill II mynzhyldyktarmen belgilenedi Demek ol bir mynzhyl bolgan Botaj mәdenietinin kalyptasuyna neolittik atbasar zhәne mahanzhar mәdenietin kuratan tajpalar katysty Onyn kalyptasu barysyna Shygys Kaspij many oniri men Ontүstik Oraldyn syrtgaj ykpal zhasatany zhoninde mәlimetter bar Botaj mәdenietin V V Zajbert ashty V N Logvin S Қalieva onyn batystyk nuskasyn tersek mәdenietin bolip korsetti Tersek mәdenietinde baska mәdeniettin ykpaly ajkyn angarylady zhәne onyn kejbir eskertkishteri b z b IV mynzhyldykpen belgilenetin aldyngy eneolit dәuirine zhatuy yktimal Birkatar konystar Қostanaj zhәne Torgaj oblystarynda Bestamak Tүzdykol 1 Livanovka Қүmkeshu Қozhaj Dүzbaj 3 Kokshetau oblysynda Botaj Krasnyj Yar Vasilkov 4 konystary ashyldy barlygy zhiyrmadan astam konys belgili Қonystar әdette shagyn dala ozenderi Torgajdyn Terisakkannyn zhogargy Tobyldyn Obagannyn Shagalalynyn Imanburlyktyn biik zhagalaryndagy alaptardy alyp zhatyr Olardyn kolemi kejbireuinde 15 gektarga zhetedi Sipattau үshin en kop akparat beretini Botaj konysy bolyp tabylady Ol shamamen 200 zhyldy b z b XXIV XXII gasyrlardy kamtidy Қazirgi betinde 158 turgyn үjdin zhurty tabyldy Қazu barysynda olardyn konysy tirshilik etken songy kezende salyngany anyktaldy Negurlym erterektegi kurylys kezenderinde salyngan turgyn үjlerdin kaldyktary songylaryn salu kezinde zhojylyp zhiberilgen Ertedegi auyldyn kurylystary ote tygyz bolgan turgyn zhajlar kobinese bir birine zhalgasyp ozinshe bir top kuryp zhatkan Mundaj tomaga tujyk zhosparlangan oryndarga zhatatyn kurylystar 30 ga dejin zhetedi Olardyn ishinen belgili bir zhүjeni bajkauga bolady eni 4 8 m bolatyn al uzyndygy 50 metrge dejin zhetetin parallel koshelerdin eki zhagyna kejde 15 16 үjden salyngan Turgyn zhajlar bylajsha salyngan Terendigi 1 metrge dejin zhәne kolemi 20 sharshy metrden 70 sharshy metrge dejin zhetetin 4 3 burysh tүrinde shunkyr kazylgan Қazu kezinde shygarylgan balshyk shunkyr zhiekterine biiktigi 1 metrdej dual etip үjilgen Osylajsha salyngan kabyrgalarga tobesi taryla beretin shegen tүrinde baganalar kalangan Zhasagan kүmbez butaktarmen zhәne shym kabattarymen zhabylyp bul orajda ortasynan tүtin shygatyn tesik kaldyrylgan Kiretin esik kabyrgada ojyk tүrinde kaldyrylyp onyn syrtynda shagyn dәliz bolgan Ishinde ortadagy shunkyrda oshak ornalaskan Oshak pen esik arasy sharuashylykka arnalgan oryn torde ujyktauga arnalgan zher Әdette kabyrganyn bүjir zhagynan azyk tүlik saktau үshin shunkyr kazylady Tobyldagy kumdauyt topyrakta kurylys sipaty birshama ozgeshe kabyrgalarynyn agashtan salynuy yktimal Өndiristik sharuashylyk sajmandar aluan tүrli tastardan sazbalshyktan sүjekten zhasaldy Қural sajmandar tүrgyndardyn sharuashylyk zhagdajy kүrdeli bolganyn korsetedi Zhүgennin sүjek elementteri kisenge arnalgan ilgekter zhylkynyn kolga үjretile bastaganyn dәleldejdi Tas tokpaktar pyshaktar kanzharlar bolastar zhebelerdin sүngilerdin naj zalardyn ushtary an aulaumen bajlanysty kuraldar Shanyshkylar balyk aulau kәsibin korsetedi Turgyn zhajlar salu kezinde agash endejtin keptegen aspaptar baltalar shotgar kashaular kertkishter zhongyshtar keskishter pyshaktar kyrgylar pajdalangan Tas pen sүjek ondeu edәuir zhetildirilgen al olarsyz sapaly enbek kuraldaryn dajyndau mүmkin emes edi Қosalky sajmandar arasynda shoj balgalar retusherler balgalar tүrpiler shakpaktastan zhasalgan burgylar keskishter kalakshalar bar Teri ondeu isinde kyrgyshtar kyrnauyshtar pyshaktar keskishter zhongyshtar zhumsartu үshin sүjek keliler tүrpiler zhәne terini tegisteuge arnalgan tegistegishter kazhet boldy Tigin kerek zharaktarynyn arasynda ineler teskishter biz bar Shi toku үshin sүjek ilmekter zhip iiru үshin urshykbastar kazhet boldy Keramika ondirisinde kelsaptar үgitkishter zhyltyratkyshtar mejlinshe әr tүrli kalyptar iske kosyldy Koptegen sүjek saptar men tastan zhasalgan tester tabyldy Olzhalar zhiyntygynda sondaj ak dini nanymdyk zattar bojtumarlar әsemdik zattar da bar Mezolit dәuirinde karu zharak retinde sadak pen zhebeni zhasau an aulau әdisterin zhetildiruge mүmkindik berdi Buryngy kamau tәsili arkyly an aulau zheke dara an aulau tәsilimen auystyryldy Ұzhymda erlerdin roli birtindep arta tүsti Adamdar sharuashylyktyn zhana tүrlerin onyn ishinde zhanuarlardy kolga үjretudi igere bastady Neolit dәuirinde mal sharuashylygy men eginshilik pajda boldy Zhalpy alganda tabigattyn dajyn onimin pajdalanatyn sharuashylyktyn tutynushy tүrleri an aulau balyk aulau terimshilik saktaldy Birtindep mal sharuashylygy men ketpendi eginshilik zhetekshi rolge ie bola bastady Eginshilik pen mal sharuashylygynyn damuy әr tүrli kәsipterdin әrmeshildik ydys zhasau teri ondeu zhәne baska da turmyska kazhetti zattardy zhasaudyn damuyna әkeldi Osylajsha enbek bolinisi үshin negiz kalandy Belgili bir dagdy men tәzhirbieni talap etetin kejbir bujymdardy zhasajtyn mamandar pajda boldy Birtindep tutas rudyn kandaj da bir kәsiptin tүrine mamandanu үderisi zhүre bastady Sharuashylyktyn is әreketindegi ilgerileushilik turgyndar sanynyn osuine mүmkindik berdi rular kobejdi Azyk tүlik korynyn zhetispeuine bajlanysty analyk rulyk kauymnan zhakyn tuyskandar kete bastady Bular zhana rulardyn bastamasy boldy Olardan belgili bir mәdeni kauymdastyk kalyptasty bir sharuashylyktyn tүrin zhүrgizdi dini nanym senimderi sonymen birge tabynu rәsimderi zhәne әdet guryptary bir birine uksas boldy Osy rulardyn arasyndagy ozara bajlanystardyn kүsheyui tajpalardyn kuryluyna alyp keldi Bul zhoninde arheologiyalyk derekter ajgaktajdy Neolit dәuirinde Soltүstik Қazakstanda Esil bojynda Atbasar mәdenieti tajpalary al Torgaj үstirtinde Makanzhar mәdenieti tajpalary tarala bastady Rulardyn kobeyui men zhana tuystyk toptardyn pajda boluyna bajlanysty neke katynasyna tyjym salu kalyptasty eki atadan үsh atadan kosylatyn tuystardyn nekelesuine tyjym salu Adamnyn sharuashylyk is әreketindegi analyk rulyk kauymnyn Ishindegi kogamdyk karym katynastardagy ozgerister onyn birtindep ydyrauyna әkeldi Akyrynda er adamdardyn sharuashylyk is әreketinin osui tuyskandyk esebin auystyruga zhәne әke zhagynan zheke mүlikke murager boluyna alyp keldi Eneolit dәuirinde rulyk kauymnyn negizin kobinese patriarhaldyk otbasy kurajtyn boldy Patriarhaldyk pater әke agsһe bilik otbasylar zhakyn tuyskandardyn үsheuden astam urpagynan turdy En үlkenderi rulyk birlikke kirdi rular tajpaga birikti Tajpalar kandas tuyskandyk belgilerine zhәne sharuashylyk ortaktygyna karaj birikken birneshe rulyk kauymnan kuraldy Al tajpalar kejingi tarihi kezende tajpa odaktaryn kuratyn boldy Birtindep үlken patriarhaldyk otbasylardyn үjge malga enbek kuraldaryna turmystyk zattarga zheke menshik pajda boldy Ru mүsheleri zhajylym men an aulajtyn zherlerdi de iemdendi Tagy karanyzBotaj mәdenietiDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 X tom Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59 ISBN 978 601 282 026 3 Қ19 Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Toleubaev Zh Қasymbaev M Қojgeldiev t b Almaty Mektep baspasy 2006 232 bet suretti ISBN 9965 33 633 4Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tarih bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet