Жебе – жақ оғының, найза мен сүңгінің зақым салуға арналған негізгі конструктивтік элементі. Қарудың түріне және қызметіне қарай жебенің пішіні әртүрлі болып келеді. Бөлек жасалып сапқа орнатылатын басты конструктивтік элемент ретінде жебе жақтың оғында, найзада тас дәуірінен қолданыла бастады. Жебелерді жасауға әр кезеңдерде әртүрлі материалдар қолданылды. Тас дәуірінде жебе шақпақ тастан жасалса, кейін көшпелі халықтарда сүйектен, мүйізден, металдан (мыстан, қоладан құйылып, темірден соғылып) жасала бастады.
Жебе түрлері
Өткен ғасырларда қазақтарда жақ оғының жебелері де сүйектен, мүйізден, ағаштан, металдан жасалған және жақтың оғының қолдану қызметімен ерекшеленетін бірнеше түрлері болды.
- Сауытсыз жауынгерге қарсы қолданылатын темір жебелер үшбұрыш пішінді жалпақ болып соғылып, қозының жауырынына ұқсас пішініне байланысты мұндай жебелер «қозыжауырын» деп аталған.
- Сауытпен жарақтанған жауға қарсы қолданылатын темір, болат жебелер жіңішке, қырлы болып соғылып, «сауытбұзар» немесе «жарғы жебе», «көбебұзар» деп аталды.
- Аңшылықта аңды өлтірмей атып құлату үшін қолданылатын «доғал» немесе «дүмпуіл» оқтардың жебелері және дыбыстық сигнал беруге арналған «ысқырғыш» оқтардың жебелері сүйектен, мүйізден жасалды.
Найза, сүңгі жебелері де қазақтарда темірден, болаттан соғылып жасалған, бұл түйреу қаруларының жебелері ұңғылы болып соғылып, сапқа кигізіліп орнатылды. Сауытсыз қарсыласқа қолданылатын найзаның жебесі жалпақ, үшбұрыш немесе жапырақ пішінді болып соғылса, сауытты жауынгерге қарсы қолданылатын сүңгінің жебесі жіңішке, бірнеше қырлы болып соғылды.
Атауы туралы дерек
Көне магиялық наным-сенімдерден (мысалы, сөз магиясына сенуден) туындап, кәсіби істе (соғыста, аңшылықта) қолданылған тілдік (лингвистикалық) тыйымдарға байланысты бұрынғы кезде «жебе» атауы жақтың оғының өзінің атауының орнына эвфемистік (жанама) атауы ретінде қолданылды. Яғни көне магиялық әрекеттің, метонимиялық қатынастарға негізделетін, «бөлігі бүтінді ауыстырады (Pars pro toto)» қағидасы бойынша бөліктің атауы бүтіннің атауына көшірілді. Кейін бұл эвфемизм көркем әдебиетте ауыспалы мағынада қолданылатын көркем сөздің (поэтикалық троптың) бір түрі – метонимия, синекдохаға айналып, халық ауыз әдебиетінде де «жебе» сөзі «садақтың оғы» деген мағынада қолданыла береді.
Көшпелі түркі-моңғол халықтарында жебдей ұшқыр, өткір болсын деп ер адамдарға Жебе есімін де қойған. Шыңғыс ханның ең сенімді төрт ноянының, атақты қолбасшыларының бірінің есімі Жебе болған. Жазбаша тарихи дерек көздерінде йисут тайпасынан шыққан, есімі Хиркутай болған бұл ноянға садақ атудағы аса мергендігі үшін бұл есімді Шыңғысханның өзі бергені айтылады.
Заманауи жебе сипаты
Жебе өзектен (желіден), қанатжалаушалардан, ұшынан және қалпақшадан тұрады. Өзек бір материалдан немесе желімдетіп (2-3 түрден) жасалады. Жебенің ұшы әруақытта алмалы-салмалы, әдетте металдан жасалған болады. Қалпақша да алмалы-салмалы жылдам алынып, салынып желімделіп жебемен жалғасады. Осы арқылы жебенің ұзақ қызмет етуі қамтамасыз етіледі. Қалпақшада бағыттаушы саңылау адырнаға қондыру үшін тереңдігі 5-6 мм. (5), ені 2,5- 3,0 мм ойық болады. Жебенің қанаты (жалаушасы) құс жүнінен (қыранның, қаздың, үнді тауығының) немесе жасанды материалдардан (пластмассадан) жасалып, тұрақтандыратын қызмет атқарады. Бағыттаушы қауырсынның бірі қалақшадағы адырна үшін жасалған ойыққа желімделеді және ашық түспен боялады.
Жебе бірнеше белгілер бойынша сұрыпталады: неге арналғандығына (аңшылық, спорт); жасалған материал бойынша (ағаштан, металдан, пластмассадан, аралас); формасы бойынша (цилиндрлі, конусты, сигар тәрізді); қанаты (қауырсын жалаушасы) бойынша: жалаушалардың саны бойынша (3-тен 6 данаға дейін); жалаушалардың материалы бойынша; жебе ұшы бойынша: спорттық (барлық уақытта металдан, цилиндрлі, үшкірленген); аңшылық (ағаштан, металдан, пластмассадан, пішіні мен қайралуы түрліше). Жебеге қойылатын негізгі талаптар: түзулігі, қаттылығы, қауырсынының сапалылығы мен ерітінділігі, жеңілдігі (метал қалыпты жебе 20-25 г, ал ағаш жебе 30 г дейін болады және ауырлық орталығы дұрыс орналасуы тиіс (жебенің геометриялық орталығынан 5-10 см алда болады).
Жебенің ұзындығы шамамен мергеннің кеудесі мен алға шығарылған қолдың ортаңғы саусақтары ұшының аралығына тең болады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Әдебиеттер
- Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их во-енные доспехи. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т.I. Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961;
- Горелик М.В. Оружие древнего Востока (IV тысячелетие – IV в. до н.э.). М.: Наука, 1993;
- Ахметов Ә. Түркi тiлдерiндегi табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы лингвистiк зерделеу). Алматы: Ғылым, 1995;
- Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Сөздік-Словарь, 1998;
- Ахметжан Қ.С. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. Алматы: Алматыкітап, 2006;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhebe zhak ogynyn najza men sүnginin zakym saluga arnalgan negizgi konstruktivtik elementi Қarudyn tүrine zhәne kyzmetine karaj zhebenin pishini әrtүrli bolyp keledi Bolek zhasalyp sapka ornatylatyn basty konstruktivtik element retinde zhebe zhaktyn ogynda najzada tas dәuirinen koldanyla bastady Zhebelerdi zhasauga әr kezenderde әrtүrli materialdar koldanyldy Tas dәuirinde zhebe shakpak tastan zhasalsa kejin koshpeli halyktarda sүjekten mүjizden metaldan mystan koladan kujylyp temirden sogylyp zhasala bastady Zhebeler Zhaktyn ogynyn zhebeleri kozyzhauyryn 1 sauytbuzar 2 dogal zhebe 3 yskyrgysh zhebe 4 Najzanyn 5 zhәne sүnginin 6 zhebeleri Zhebe tүrleriSauytbuzar zhebe ҚR ҰM korynan Zhebesi sopak romb pishindi bolyp temirden sogylgan saby agashtan zhasalgan Zhalpy uzyndygy 92 sm sabynyn uzyndygy 87 sm zhebesinin uzyndygy 5 sm eni 1 7 sm Dogal zhebe ҚR ҰM korynan Saby agashtan zhebesi mүjizden zhasalgan syrty laktalgan dogal zhebesi bar oktyn masagyna kauyrsandar zhapsyrylgan Ony kejde dүmpuil zhebe dep te atajdy Zhalpy uzyndygy 90 sm Yskyrgysh zhebe ҚR ҰM korynan Zhebe mүjizden zhasalgan ishi kuys bas zhagynda ushkanda dybys shygaratyn bes tesigi bar oktyn yskyrgysh zhebesi saktalgan Oktyn saby agashtan zhasalgan Sabynyn tomengi zhagynda үsh kanat retinde kara konyr tүsi kustyn kauyrsyndary zhapsyrylgan Zhalpy uzyndygy 100 sm sabynyn uzyndygy 95 sm zhebesinin uzyndygy 5 sm diametri 3 sm Najza zhebesi ҚR ҰM korynan Zhebe eki zhүzdi kimasy үsh buryshty temirden sogylgan Zhalpy uzyndygy 30 sm ushynyn uzyndygy 17 sm ungysynyn uzyndygy 13 sm Zhebe Argyn ruynan Қarakesek shykkan Қulshary batyrdyki Өtken gasyrlarda kazaktarda zhak ogynyn zhebeleri de sүjekten mүjizden agashtan metaldan zhasalgan zhәne zhaktyn ogynyn koldanu kyzmetimen erekshelenetin birneshe tүrleri boldy Sauytsyz zhauyngerge karsy koldanylatyn temir zhebeler үshburysh pishindi zhalpak bolyp sogylyp kozynyn zhauyrynyna uksas pishinine bajlanysty mundaj zhebeler kozyzhauyryn dep atalgan Tolyk makalasy Қozyzhauyryn zhebe Sauytpen zharaktangan zhauga karsy koldanylatyn temir bolat zhebeler zhinishke kyrly bolyp sogylyp sauytbuzar nemese zhargy zhebe kobebuzar dep ataldy Anshylykta andy oltirmej atyp kulatu үshin koldanylatyn dogal nemese dүmpuil oktardyn zhebeleri zhәne dybystyk signal beruge arnalgan yskyrgysh oktardyn zhebeleri sүjekten mүjizden zhasaldy Najza sүngi zhebeleri de kazaktarda temirden bolattan sogylyp zhasalgan bul tүjreu karularynyn zhebeleri ungyly bolyp sogylyp sapka kigizilip ornatyldy Sauytsyz karsylaska koldanylatyn najzanyn zhebesi zhalpak үshburysh nemese zhapyrak pishindi bolyp sogylsa sauytty zhauyngerge karsy koldanylatyn sүnginin zhebesi zhinishke birneshe kyrly bolyp sogyldy Atauy turaly derekKone magiyalyk nanym senimderden mysaly soz magiyasyna senuden tuyndap kәsibi iste sogysta anshylykta koldanylgan tildik lingvistikalyk tyjymdarga bajlanysty buryngy kezde zhebe atauy zhaktyn ogynyn ozinin atauynyn ornyna evfemistik zhanama atauy retinde koldanyldy Yagni kone magiyalyk әrekettin metonimiyalyk katynastarga negizdeletin boligi bүtindi auystyrady Pars pro toto kagidasy bojynsha boliktin atauy bүtinnin atauyna koshirildi Kejin bul evfemizm korkem әdebiette auyspaly magynada koldanylatyn korkem sozdin poetikalyk troptyn bir tүri metonimiya sinekdohaga ajnalyp halyk auyz әdebietinde de zhebe sozi sadaktyn ogy degen magynada koldanyla beredi Koshpeli tүrki mongol halyktarynda zhebdej ushkyr otkir bolsyn dep er adamdarga Zhebe esimin de kojgan Shyngys hannyn en senimdi tort noyanynyn atakty kolbasshylarynyn birinin esimi Zhebe bolgan Zhazbasha tarihi derek kozderinde jisut tajpasynan shykkan esimi Hirkutaj bolgan bul noyanga sadak atudagy asa mergendigi үshin bul esimdi Shyngyshannyn ozi bergeni ajtylady Zamanaui zhebe sipatyOktardyn masaktary fragment ҚR ҰM ekspoziyaciya zalynan Zhebe ozekten zheliden kanatzhalaushalardan ushynan zhәne kalpakshadan turady Өzek bir materialdan nemese zhelimdetip 2 3 tүrden zhasalady Zhebenin ushy әruakytta almaly salmaly әdette metaldan zhasalgan bolady Қalpaksha da almaly salmaly zhyldam alynyp salynyp zhelimdelip zhebemen zhalgasady Osy arkyly zhebenin uzak kyzmet etui kamtamasyz etiledi Қalpakshada bagyttaushy sanylau adyrnaga kondyru үshin terendigi 5 6 mm 5 eni 2 5 3 0 mm ojyk bolady Zhebenin kanaty zhalaushasy kus zhүninen kyrannyn kazdyn үndi tauygynyn nemese zhasandy materialdardan plastmassadan zhasalyp turaktandyratyn kyzmet atkarady Bagyttaushy kauyrsynnyn biri kalakshadagy adyrna үshin zhasalgan ojykka zhelimdeledi zhәne ashyk tүspen boyalady Zhebe birneshe belgiler bojynsha suryptalady nege arnalgandygyna anshylyk sport zhasalgan material bojynsha agashtan metaldan plastmassadan aralas formasy bojynsha cilindrli konusty sigar tәrizdi kanaty kauyrsyn zhalaushasy bojynsha zhalaushalardyn sany bojynsha 3 ten 6 danaga dejin zhalaushalardyn materialy bojynsha zhebe ushy bojynsha sporttyk barlyk uakytta metaldan cilindrli үshkirlengen anshylyk agashtan metaldan plastmassadan pishini men kajraluy tүrlishe Zhebege kojylatyn negizgi talaptar tүzuligi kattylygy kauyrsynynyn sapalylygy men eritindiligi zhenildigi metal kalypty zhebe 20 25 g al agash zhebe 30 g dejin bolady zhәne auyrlyk ortalygy durys ornalasuy tiis zhebenin geometriyalyk ortalygynan 5 10 sm alda bolady Zhebenin uzyndygy shamamen mergennin keudesi men alga shygarylgan koldyn ortangy sausaktary ushynyn aralygyna ten bolady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9 Қazakstan sportshylar eli Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Sozdik Slovar ISBN 9965 822 57 3ӘdebietterValihanov Ch Ch Vooruzhenie kirgiz v drevnie vremena i ih vo ennye dospehi Valihanov Ch Ch Sobranie sochinenij V 5 ti tomah T I Alma Ata AN Kaz SSR 1961 Gorelik M V Oruzhie drevnego Vostoka IV tysyacheletie IV v do n e M Nauka 1993 Ahmetov Ә Tүrki tilderindegi tabu men evfemizmder salystyrmaly lingvistik zerdeleu Almaty Ғylym 1995 Salkynbaj A Abakan E Lingvistikalyk tүsindirme sozdik Almaty Sozdik Slovar 1998 Ahmetzhan Қ S Қazaktyn dәstүrli karu zharagynyn etnografiyasy Almaty Almatykitap 2006 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan