Жақ, жай – ағаш садақ, қолдың күші пайдаланылатын ату құралы. Сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсайды. Жебесі алысқа ұшатындықтан, кейде "жай" деп те атайды. Көлемі садақтың басқа түрлерінен үлкен және серпер ағашы жуан болып келеді. Оның садақша иілген жағын сірі таспамен орап қаптайды.
Пайда болу кезеңі
Жақ ерте заманнан еуразиялық көшпелi жауынгерлерiнiң айқаста алыс қашықтықтан ату арқылы зақым салуға қолданған басты қару түрi болды. Жақтың бір ғана ағаштан жасалынған қарапайым түрі аңшылықта неолит дәуiрiнен қолданыла бастады. Ал негiзi тұтастай бiрнеше ағаштан жасалып, қосымша тоз, тарамыс, сүйек және мүйізбен күшейтілген күрделi жақ түрi жауынгерлiк қару ретiнде көшпелi халықтарда б.з.д. I мыңжылдықтан белгiлi. Серпінді де, жеңіл де күрделi құрама садақтың көшпелi халықтарда пайда болуы заңды едi. Бұл қаруды жасауда материал ретінде мал шаруашылығынан өндірілетін сүйек, мүйiз, терi, тарамыс сияқты өнімдер қолданылған.
Көне түрлері
Тарихи даму барысында көшпелі түркі-моңғол халықтарында жақтың жетілдірілуі нәтижесінде бірін-бірі ауыстырып отырған бірнеше түрлері қолданыста болды.
- Сақ-скиф заманында қолданылған, бiрнеше материалдардан және бiрнеше бөлiктерден құралып жасалатын көшпелiлер садағының ең көне түрiн ғалымдар шартты түрде "скиф садағы" деп атайды. Скифтік садақтың ұзындығы шамамен 60-80 см, соған сәйкес оғының ұзындығы 60-70 см болды.
- Б.з.д. III ғасырдан бастап, көшпелі халықтарда жақтың конструкциясы одан әрi күрделеніп, алысқа ату үшiн адырнаның иiндерi ұзартылып, атқан кезде қозғалмас үшiн бастары мен белi (7 сүйек – екi басында қос-қостан, белiнде үшеу) сүйекпен күшейтiлдi. Бұл көшпелiлер садағының екiншi түрi де керi серпiндi, әртүрлi материалдардан жасалған күрделi садақ болатын, оны ғалымдар шартты түрде "ғұн садағы" деп атайды. Ғұн садағының ұзындығы әдетте 140-160 см-дей болды. Б.з. I-II мыңжылдығындағы барлық көшпелi халықтардың (түркi, ұйғыр, қимақ, моңғол) жақтарының жекелеген түрлерi осы ғұн садағының негiзiнде дамыды.
- Б.з. V-VI ғасырларда пайда болған "түркi садағында" жақтың ұзындығы қысқарып, иiндерiнiң серпiнiн сақтау үшiн адырна бастарының сүйектерi алынып тасталды. XIII ғасырда көшпелiлер садағының дамытылған нұсқасында адырнаның иiнiне сүйек, кейiн мүйiз қолданылды. Жақтың бұл түрінің таралу кезеңі моңғол шапқыншылығы кезiне сәйкес келгендiктен, садақтың бұл түрiн ғалымдар шартты түрде "моңғол садағы" деп атайды.
- XV ғасырдан бастап, серпiнi күштi болу үшiн адырнаның екi иiнiне iшкi жағынан мүйiз салынып, тарамыс тартылып, бес буыннан құралып жасалған жақтың құранды түрi қалыптасты. Жақтың бұл үлгiсi көшпелiлер садағының дамуының соңғы стадиясы деуге болады. Қазақ садағы да көшпелiлер садағының даму барысында қалыптасқан осы соңғы үлгісі – күрделi-құрама жақтың бiр нұсқасы.
Қазақ садағы
Қазақ садағы негiзгi екi функционалды бөлiктен тұрады: серпiндi етiп бірнеше материалдардан жасалған, негiзгi ату функциясын атқаратын бөлiгi – адырна, оған керiлген, оқты тiреп қоятын жiбi – кiрiс. Жақтың негізгі ату қызметін атқаратын бөлігі болғандықтан, адырна атауы кей-де жақтың өзінің атауы ретінде де қолданылды. Адырнаның негiзi ағаштан жасалды да, иiндерiнің үстiнен тарамыс тартылып, iшкi жағына мүйiз салынып, алдыңғы бетi тоз-бен қапталып, үстiнен шырышпен боялды. Фольклорлық деректерде кездесетін қайың садақ, қарағай садақ, үйеңкі садақ атаулары қазақтардың жақты жасауда қандай ағаш түрлерін қолданғанын көрсетеді. Ауыз әдебиетінде жақтың адырнасының қайың қабығымен (тозбен) қапталған, сарғайған түсіне байланысты сарыжа, сар садақ атаулары да кездеседі. Адырнаның иiнiне әдетте таутекенiң мүйiздерi пайдаланылған. Адырна бөліктері мен олардың бөлшектері желiммен жапсырылып, негiзгi бөлiктерiнiң қосылған жерлерi – буыны ажырамас үшiн, тарамыспен, қайыспен мықтап буылды. Сондықтан жақ жасаудың бұл технологиялық процесін дәстүрлі терминологияда садақ буу деп атайды. Жақтың кірісі жібек жіптен, малдың шегінен немесе тарамыстан өріліп жасалды.
Қазақтар жақты өздері де жасаған, басқа халықтардан да (Қытайдан, Орта Азиядан және т.б.) сатып алып отырған. Орта ғасырларда Бұқарада жасалған жақтар бүкіл Шығыста өте жоғары бағаланды. Қазақтар бұл жақтарды бұхаржа, бұқаржай деп атайды. Жақсы жақтың құны бұрынғы кездерде қаншалықты қымбат тұрғанын батырлар жырларында кездесетін "адырнасын атқа алған", "алты атқа алған адырна", "он атқа алған бұхаржа" сөз тіркестерінен байқауға болады.
Жақтың белгілік функциялары
Жақ пен оқтың аңшылықта және әскери әрекеттердегі атқарған маңызды қызметі олардың байырғы және ортағасырлық көшпелілер мәдениетінде жоғары биліктің, магиялық ғұрыптардың және діни салттардың атрибуттары мен символы ретіндегі белгілік функциясының дамуына негіз болды.
- Сақ-скифтердiң генеалогиялық аңыздарында, көшпелі қоғамның әлеуметтiк құрылымын символдайтын, аспаннан түскен киелi заттардың iшiнде жақ пен оқ көшпелі қоғамдағы кәсіби әскерилер сословиесiн және сол сословиемен байланысты патшалық билiктi белгiлейтiн символ болып көрсетiлген. Дәстүрлi ойлау жүйесiнiң заңдылығына сәйкес бұл қарудың аспаннан (тәңiрден) түсiрiлген киелi белгi болуы арнаулы мифпен санкцияланып, патшалық билiктiң тәңiрi тектiлiгiне дәлел болды.
- Ортағасырлық көшпелi түркі халықтарында жақ пен оқ қоғамдағы басты әлеуметтiк қатынасты – патша мен халықтың, хан мен қарашаның арақатынасын (бағыныштылық қатынасты) белгiлейтiн символ ретiнде қолданылды. Көшпелі халықтар жақты – патшаға, өздерiн оққа теңеп, жақ билік идеясын, ал оқ вассалдық бағыныш идеясын тұспалдады.Патшалық билiктiң тәңірі тектілігінің символы ретінде жақты патшалық билiктiң заттық атрибутына айналып, патшалық регалияның (билік атрибуттарының) құрамына кірді. Патшаның баласына жақты табыс ету рәсімі инвеституралық акт ретiнде қабылданды.
- Көшпелі түркі халықтарында төр тарапқа "жақпен оқ ату" хан сайлау рәсімінің ғұрыптық элементтерінің бірі болды, бұл ғұрыптық рәсім хандық, патшалық биліктің төрт тарапқа таралуын тұспалдады. Көшпелі түркі-моңғол мемлекеттерінде осы патшалық билік белгісі – жақты немесе жақ салынған садақты ханның жанында ұстап жүруге арнайы адамдар – қару ұстаушы, қорчи тағайындалып, түркі-монғол халықтарында бұл лауазым жоғары дәрежелі сарай лауазымының бірі болды. Жақтың ғұрыптық фукциясының толық ашылуы шамандық-бақсылық қару ретiнде қолдануында көрiнiс тапты.
- Сiбiрдегі түркі халықтарында даңғараның пайда болуына дейін шамандардың культтық әрекеттегі басты құралы жақ болған. Кейбір түркі халықтарының тiлдерiнде шаманның мағынасы жақшы, садақшы дегенді білдірді. Шаманның даңғарасының бетіндегі суретте горизанталь диаметр сызық кiрiс деп аталып, даңғараның шеңбері кіріс сызығымен бөлінгенде оның үстіңгі жарты бөлігі (аспанды тұспалдайтын бөлігі) жақты символдады. Кiрiстiң жақтың бастарымен түйiскен жерлерi көкжиектiң шығыс және батыс қақпасымен (күннiң шығысы мен батысы) теңестiрiлдi.
- Мұсылман мәдениетінде жақтың формасын көк аспан күмбезiнiң бiр бөлшегiне (доғасына) теңеп, оны "жай" (доға, садақ) деп атап, оның ортасынан өтетiн сызықты оқ, немесе жебе деп атаған. Алла тағаланың әмiрiмен жерге жiберiлетiн жақсылық пен жамандық осы сызық арқылы өтедi деп сенген. Қазақтардың да көне наным-сенімдерінде найзағайдың жарқылын жайға (жаққа), найзағайды жай оғына теңейді.
Жақтың ғұрыптарда пайдаланылуы
Дәстүрлi мәдениетте қалыптасқан магиялық ғұрыптарда, өмiр циклы ырымдарында да жақ ғұрып құралы ретiнде қолданылды. Орта ғасырларда оғыздарда, беріде қазақтарда садақпен атылған оқтың түскен жерiне жас жұбайлардың отауын құратын, яғни қарудың әрекетi арқылы отаудың құтты орны анықталған. Түркi халықтарында жақ пен оқтың бейнемоделiн магиялық қорғаушы зат ретiнде ұл баланың бесiгiне және киiмiне таққан. Фольклорлық деректерде аспанға жақпен оқ ату арқылы адамның кiнәсiн анықтау және жазалау салты жиi айтылады. Бұл салт бойынша адамның адалдығын тексеру мақсатымен оған аспанға жақпен оқ атқызады, егер адам өтiрiк айтқан болса оқ оның төбесiне түседi деп сенген, егер оқ оның жанына түссе онда оның адалдығының дәлелi деп санаған. Жақпен оқ ату арқылы адамның кiнасын анықтау ырымы қару жанды зат ретiнде өзi әрекет етедi және қарудың әрекетiн құдайлар, рухтар басқарады деген көне нанымға негiзделген.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Вамбери А. Путешествия по Средней Азии. СПб., 1865;
- Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов; Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи
- Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т.1. Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1961;
- Кайдаров А.Г. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение ИАН КазССР. Серия общественная. 1976;
- Раевский Д.С.Очерки идеологии скифо-сакских племен (опыт реконструкции скифской мифологии). М.: Наука, 1977;
- Тэрнер Виктор. Символ и ритуал. М.: Наука, 1983;
- Раевский Д.С. Модель мира скифской культуры. Проблема мировоззрения ираноязычных народов евразийских степей І тысячелетия до н.э. М.: Наука, 1985;
- Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Знак и ритуал. Новосибирск: Наука, 1990;
- Казахи: историко-этнографическое исследование. Алматы: Казахстан, 1995;
- Ахметжан Қ.С. Жақ пен оқ. Жұлдыз. 2003. №6. 151-156-бб.;
- Ахметжан Қ.С. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. Алматы: Алматыкітап, 2006.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhak zhaj agash sadak koldyn kүshi pajdalanylatyn atu kuraly Syrt tүri maldyn zhak sүjegine uksajdy Zhebesi alyska ushatyndyktan kejde zhaj dep te atajdy Kolemi sadaktyn baska tүrlerinen үlken zhәne serper agashy zhuan bolyp keledi Onyn sadaksha iilgen zhagyn siri taspamen orap kaptajdy Zhaktyn bolikterinin atauyPajda bolu kezeniZhak erte zamannan euraziyalyk koshpeli zhauyngerlerinin ajkasta alys kashyktyktan atu arkyly zakym saluga koldangan basty karu tүri boldy Zhaktyn bir gana agashtan zhasalyngan karapajym tүri anshylykta neolit dәuirinen koldanyla bastady Al negizi tutastaj birneshe agashtan zhasalyp kosymsha toz taramys sүjek zhәne mүjizben kүshejtilgen kүrdeli zhak tүri zhauyngerlik karu retinde koshpeli halyktarda b z d I mynzhyldyktan belgili Serpindi de zhenil de kүrdeli kurama sadaktyn koshpeli halyktarda pajda boluy zandy edi Bul karudy zhasauda material retinde mal sharuashylygynan ondiriletin sүjek mүjiz teri taramys siyakty onimder koldanylgan Kone tүrleriTarihi damu barysynda koshpeli tүrki mongol halyktarynda zhaktyn zhetildirilui nәtizhesinde birin biri auystyryp otyrgan birneshe tүrleri koldanysta boldy Sak skif zamanynda koldanylgan birneshe materialdardan zhәne birneshe bolikterden kuralyp zhasalatyn koshpeliler sadagynyn en kone tүrin galymdar shartty tүrde skif sadagy dep atajdy Skiftik sadaktyn uzyndygy shamamen 60 80 sm sogan sәjkes ogynyn uzyndygy 60 70 sm boldy B z d III gasyrdan bastap koshpeli halyktarda zhaktyn konstrukciyasy odan әri kүrdelenip alyska atu үshin adyrnanyn iinderi uzartylyp atkan kezde kozgalmas үshin bastary men beli 7 sүjek eki basynda kos kostan belinde үsheu sүjekpen kүshejtildi Bul koshpeliler sadagynyn ekinshi tүri de keri serpindi әrtүrli materialdardan zhasalgan kүrdeli sadak bolatyn ony galymdar shartty tүrde gun sadagy dep atajdy Ғun sadagynyn uzyndygy әdette 140 160 sm dej boldy B z I II mynzhyldygyndagy barlyk koshpeli halyktardyn tүrki ujgyr kimak mongol zhaktarynyn zhekelegen tүrleri osy gun sadagynyn negizinde damydy B z V VI gasyrlarda pajda bolgan tүrki sadagynda zhaktyn uzyndygy kyskaryp iinderinin serpinin saktau үshin adyrna bastarynyn sүjekteri alynyp tastaldy XIII gasyrda koshpeliler sadagynyn damytylgan nuskasynda adyrnanyn iinine sүjek kejin mүjiz koldanyldy Zhaktyn bul tүrinin taralu kezeni mongol shapkynshylygy kezine sәjkes kelgendikten sadaktyn bul tүrin galymdar shartty tүrde mongol sadagy dep atajdy XV gasyrdan bastap serpini kүshti bolu үshin adyrnanyn eki iinine ishki zhagynan mүjiz salynyp taramys tartylyp bes buynnan kuralyp zhasalgan zhaktyn kurandy tүri kalyptasty Zhaktyn bul үlgisi koshpeliler sadagynyn damuynyn songy stadiyasy deuge bolady Қazak sadagy da koshpeliler sadagynyn damu barysynda kalyptaskan osy songy үlgisi kүrdeli kurama zhaktyn bir nuskasy Қazak sadagyҚazak zhaktarynyn tүrleri Қazak sadagy negizgi eki funkcionaldy bolikten turady serpindi etip birneshe materialdardan zhasalgan negizgi atu funkciyasyn atkaratyn boligi adyrna ogan kerilgen okty tirep koyatyn zhibi kiris Zhaktyn negizgi atu kyzmetin atkaratyn boligi bolgandyktan adyrna atauy kej de zhaktyn ozinin atauy retinde de koldanyldy Adyrnanyn negizi agashtan zhasaldy da iinderinin үstinen taramys tartylyp ishki zhagyna mүjiz salynyp aldyngy beti toz ben kaptalyp үstinen shyryshpen boyaldy Folklorlyk derekterde kezdesetin kajyn sadak karagaj sadak үjenki sadak ataulary kazaktardyn zhakty zhasauda kandaj agash tүrlerin koldanganyn korsetedi Auyz әdebietinde zhaktyn adyrnasynyn kajyn kabygymen tozben kaptalgan sargajgan tүsine bajlanysty saryzha sar sadak ataulary da kezdesedi Adyrnanyn iinine әdette tautekenin mүjizderi pajdalanylgan Adyrna bolikteri men olardyn bolshekteri zhelimmen zhapsyrylyp negizgi bolikterinin kosylgan zherleri buyny azhyramas үshin taramyspen kajyspen myktap buyldy Sondyktan zhak zhasaudyn bul tehnologiyalyk procesin dәstүrli terminologiyada sadak buu dep atajdy Zhaktyn kirisi zhibek zhipten maldyn sheginen nemese taramystan orilip zhasaldy Қazaktar zhakty ozderi de zhasagan baska halyktardan da Қytajdan Orta Aziyadan zhәne t b satyp alyp otyrgan Orta gasyrlarda Bukarada zhasalgan zhaktar bүkil Shygysta ote zhogary bagalandy Қazaktar bul zhaktardy buharzha bukarzhaj dep atajdy Zhaksy zhaktyn kuny buryngy kezderde kanshalykty kymbat turganyn batyrlar zhyrlarynda kezdesetin adyrnasyn atka algan alty atka algan adyrna on atka algan buharzha soz tirkesterinen bajkauga bolady Zhaktyn belgilik funkciyalaryZhak pen oktyn anshylykta zhәne әskeri әreketterdegi atkargan manyzdy kyzmeti olardyn bajyrgy zhәne ortagasyrlyk koshpeliler mәdenietinde zhogary biliktin magiyalyk guryptardyn zhәne dini salttardyn atributtary men simvoly retindegi belgilik funkciyasynyn damuyna negiz boldy Sak skifterdin genealogiyalyk anyzdarynda koshpeli kogamnyn әleumettik kurylymyn simvoldajtyn aspannan tүsken kieli zattardyn ishinde zhak pen ok koshpeli kogamdagy kәsibi әskeriler sosloviesin zhәne sol sosloviemen bajlanysty patshalyk bilikti belgilejtin simvol bolyp korsetilgen Dәstүrli ojlau zhүjesinin zandylygyna sәjkes bul karudyn aspannan tәnirden tүsirilgen kieli belgi boluy arnauly mifpen sankciyalanyp patshalyk biliktin tәniri tektiligine dәlel boldy Ortagasyrlyk koshpeli tүrki halyktarynda zhak pen ok kogamdagy basty әleumettik katynasty patsha men halyktyn han men karashanyn arakatynasyn bagynyshtylyk katynasty belgilejtin simvol retinde koldanyldy Koshpeli halyktar zhakty patshaga ozderin okka tenep zhak bilik ideyasyn al ok vassaldyk bagynysh ideyasyn tuspaldady Patshalyk biliktin tәniri tektiliginin simvoly retinde zhakty patshalyk biliktin zattyk atributyna ajnalyp patshalyk regaliyanyn bilik atributtarynyn kuramyna kirdi Patshanyn balasyna zhakty tabys etu rәsimi investituralyk akt retinde kabyldandy Koshpeli tүrki halyktarynda tor tarapka zhakpen ok atu han sajlau rәsiminin guryptyk elementterinin biri boldy bul guryptyk rәsim handyk patshalyk biliktin tort tarapka taraluyn tuspaldady Koshpeli tүrki mongol memleketterinde osy patshalyk bilik belgisi zhakty nemese zhak salyngan sadakty hannyn zhanynda ustap zhүruge arnajy adamdar karu ustaushy korchi tagajyndalyp tүrki mongol halyktarynda bul lauazym zhogary dәrezheli saraj lauazymynyn biri boldy Zhaktyn guryptyk fukciyasynyn tolyk ashyluy shamandyk baksylyk karu retinde koldanuynda korinis tapty Sibirdegi tүrki halyktarynda dangaranyn pajda boluyna dejin shamandardyn kulttyk әrekettegi basty kuraly zhak bolgan Kejbir tүrki halyktarynyn tilderinde shamannyn magynasy zhakshy sadakshy degendi bildirdi Shamannyn dangarasynyn betindegi surette gorizantal diametr syzyk kiris dep atalyp dangaranyn shenberi kiris syzygymen bolingende onyn үstingi zharty boligi aspandy tuspaldajtyn boligi zhakty simvoldady Kiristin zhaktyn bastarymen tүjisken zherleri kokzhiektin shygys zhәne batys kakpasymen kүnnin shygysy men batysy tenestirildi Musylman mәdenietinde zhaktyn formasyn kok aspan kүmbezinin bir bolshegine dogasyna tenep ony zhaj doga sadak dep atap onyn ortasynan otetin syzykty ok nemese zhebe dep atagan Alla tagalanyn әmirimen zherge zhiberiletin zhaksylyk pen zhamandyk osy syzyk arkyly otedi dep sengen Қazaktardyn da kone nanym senimderinde najzagajdyn zharkylyn zhajga zhakka najzagajdy zhaj ogyna tenejdi Zhaktyn guryptarda pajdalanyluyDәstүrli mәdeniette kalyptaskan magiyalyk guryptarda omir cikly yrymdarynda da zhak guryp kuraly retinde koldanyldy Orta gasyrlarda ogyzdarda beride kazaktarda sadakpen atylgan oktyn tүsken zherine zhas zhubajlardyn otauyn kuratyn yagni karudyn әreketi arkyly otaudyn kutty orny anyktalgan Tүrki halyktarynda zhak pen oktyn bejnemodelin magiyalyk korgaushy zat retinde ul balanyn besigine zhәne kiimine takkan Folklorlyk derekterde aspanga zhakpen ok atu arkyly adamnyn kinәsin anyktau zhәne zhazalau salty zhii ajtylady Bul salt bojynsha adamnyn adaldygyn tekseru maksatymen ogan aspanga zhakpen ok atkyzady eger adam otirik ajtkan bolsa ok onyn tobesine tүsedi dep sengen eger ok onyn zhanyna tүsse onda onyn adaldygynyn dәleli dep sanagan Zhakpen ok atu arkyly adamnyn kinasyn anyktau yrymy karu zhandy zat retinde ozi әreket etedi zhәne karudyn әreketin kudajlar ruhtar baskarady degen kone nanymga negizdelgen DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterVamberi A Puteshestviya po Srednej Azii SPb 1865 Valihanov Ch Ch Sledy shamanstva u kirgizov Vooruzhenie kirgiz v drevnie vremena i ih voennye dospehi Valihanov Ch Ch Sobranie sochinenij V 5 ti tomah T 1 Alma Ata Izd AN KazSSR 1961 Kajdarov A G Dospehi i vooruzhenie voina batyra v kazahskom epose i ih etno lingvisticheskoe obyasnenie IAN KazSSR Seriya obshestvennaya 1976 Raevskij D S Ocherki ideologii skifo sakskih plemen opyt rekonstrukcii skifskoj mifologii M Nauka 1977 Terner Viktor Simvol i ritual M Nauka 1983 Raevskij D S Model mira skifskoj kultury Problema mirovozzreniya iranoyazychnyh narodov evrazijskih stepej I tysyacheletiya do n e M Nauka 1985 Tradicionnoe mirovozzrenie tyurkov Yuzhnoj Sibiri Znak i ritual Novosibirsk Nauka 1990 Kazahi istoriko etnograficheskoe issledovanie Almaty Kazahstan 1995 Ahmetzhan Қ S Zhak pen ok Zhuldyz 2003 6 151 156 bb Ahmetzhan Қ S Қazaktyn dәstүrli karu zharagynyn etnografiyasy Almaty Almatykitap 2006