Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің қатарында.
Сығанақ | |
Мемлекет | |
---|---|
Қазіргі жері | |
Қалануы | V—VIII ғғ. |
Басқаша атаулары | Сунақ, Сунақата |
Қиралды | XVIII ғ. |
Қиралу себебі | Жоңғар шапқыншылығы |
Орналасуы | 44°09′24″ с. е. 66°57′40″ ш. б. / 44.15667° с. е. 66.96111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°09′24″ с. е. 66°57′40″ ш. б. / 44.15667° с. е. 66.96111° ш. б. (G) (O) (Я) |
|
Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы. 1469-1511 және 1521-1599 жылдары Қазақ хандығының астанасы, ал оған дейін қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі.
Тарихы
Моңғол шапқыншылығына дейін
Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әламда” кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан бұрын Сығанақ Хорезмшах Текештің қол астында болған.
Моңғол шапқыншылығынан кейін
1219 жылы Сығанақты жетікүндік қоршаудан кейін Жошы әскері басып алып, қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысының (Алтын Орда) құрамында болды.
XIII ғасырдың 2-ші жартысында қала қайта жандана бастады. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған (1328 жылы теңге сарайы пайда болды).
Сығанақтың дамуына Алтын Орданың билеушісі Орыс (Ұрыс) хан үлкен үлес қосты. Оның тұсында қалада жаңа медреселер, мешіттер және т.б. қоғамдық ғимараттар салына бастады. XIV ғасырдың ортасынан бастап қала Ақ Орданың астанасына айналды.
1379 жылы қайта біріккен Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты басып алып, өз атынан теңге соқтыра бастады. 1383 жылы қаланың теңге сарайында Әмір Темір өз ақшасын шығарды. 1384-1395 жылдары Сығанақ алтынордалықтар мен Әмір Темірдің арасындағы тартыстың орталығына айналды. XV ғасырдың басында қаланы Әмір Темірдің немересі Ұлықбек бағындырды. Алайда 1423 жылы Барақ ханның әскері Сығанақты басып алып, Темір әулетінің өкілдерін қаладан қуып шығарды.
1446-1468 жылдары қала Әбілхайыр мемлекетінің құрамында болды. Рузбиханның пікірінше, Әбілхайыр хан Сығанақта жерленген. Бүгінгі күнге дейін сақталмаған Көк-Кесене ханның қабірі саналады.
Қазақ хандығының астанасы ретінде
XV ғасырдың 80-жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал оның маңайы қазақ тайпаларының қысқы қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола Қазақ хандығына қарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. XV – XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды.
1598 жылы қаланың төңірегінде мекендеген қарақалпақтар туралы алғашқы деректер кездеседі.
Құлдырауы
Ұлы Жібек жолының дағдарысы мен көршілес өзбек, жоңғар билеушілерінің шабуылдары Сығанақтың өз маңыздылығын жоғалтуына алып келді. Қаланың орталық бөлігі XVII ғасырдан бастап зират ретінде қолданылған. XVII–XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әртүрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты (XIX ғасырға қарай).
XIX ғасырдағы қоқандықтардың көне қаланың айналасындағы қаланған Сунақата бекінісі орыс-қоқан соғысы кезінде қиратылды.
Архитектурасы
Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Шахристан аумағындағы 15 мұнарадан тұратын қабырғаның ауданы 10 га құрайды. Бесбұрышты шахристанның солтүстігіндегі ұзындығы 250 м, батысындағы - 360 м, оңтүстігіндегі - 250 м, оңтүстік-шығысындағы - 450 м, солтүстік-шығысындағы - 350 м. Оның оңтүстік-батысында ауданы 7,2 га құрайтын цитадель орналасқан. Шығыс қабырғаға қарай цитадельге қосымша кіре-беріс орны бар. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген.
Зерттеу жұмыстары
1801 жылғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдария алабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген.
Қаланы 1867 ж. П.И. Лерх, 1906 – 07 ж. И.А. Кастанье, 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген.
2004 жылдан бастап "Мәдени мұра" атты мемлекеттік программаның аясында көне қаланы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2006 жылға қарай XV-XVI ғасырдың қабаты ашылып, қызыл кірпіштен салынған төрткамералы кесене мен XIV-XV ғасыр мешітінің іргетасы табылды.
2009-2011 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қыш ыдыстардың 57 үлгісі табылды. Табылған үлгілер Қызылорда облысының тарих және өлкетану мұражайына табысталды. Қазба жұмыстарын жалғастыру мақсатымен қосымша 4 млн қаржы бөлінді.
Дереккөздер
- Қыпшақтардың тұңғыш астанасы Мұрағатталған 18 қазанның 2016 жылы.
- История, экономика и культура средневековых тюрко-татарских государств Западной Сибири. — Курган, 2017. — 33 с.
- Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман-наме-йи Бухара (Записки бухарского гостя). — М.: Восточная литература, 1976. — С. 117—118.
- П. П. Иванов. Новые данные о каракалпаках // Советское востоковедение : журнал. — 1945. — № 3. — С. 60.
- Сығанақ қалашығы
- Айгуль Утепова Исследователи сделали сенсационное открытие в Кызылординской области
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Syganak Sunak ortagasyrlyk kala orny Қazirgi Қyzylorda oblysy Zhanakorgan audanyndagy Sunakata auylynan soltүstik shygyska karaj 2 shakyrym zherde ornalaskan Қazakstannyn respublikalyk manyzy bar tarihi zhәne mәdeni eskertkishterinin katarynda SyganakMemleketHorezmshah memleketi Altyn Orda Өzbek handygy Қazak handygyҚazirgi zheri Қazakstan Қyzylorda oblysyҚalanuyV VIII gg Baskasha ataularySunak SunakataҚiraldyXVIII g Қiralu sebebiZhongar shapkynshylygyOrnalasuy44 09 24 s e 66 57 40 sh b 44 15667 s e 66 96111 sh b 44 15667 66 96111 G O Ya Koordinattar 44 09 24 s e 66 57 40 sh b 44 15667 s e 66 96111 sh b 44 15667 66 96111 G O Ya T Syganak Ұly Zhibek zholynyn bojyndagy manyzdy sauda zhәne koloner ortalygy 1469 1511 zhәne 1521 1599 zhyldary Қazak handygynyn astanasy al ogan dejin kypshak memleketi men Ak Ordanyn bas kalasy retinde belgili TarihyMongol shapkynshylygyna dejin Қala turaly algashky derek X gasyrdagy parsy shygarmasy Hudud әl Әlamda kezdesedi Ertedegi Syganak kypshak memleketinin sauda zhәne sayasi ortalygy bolgan Syganakka koshpeli elder mal et teri zhүn t b әkelip ozderine kazhetti zattaryn algan Sol kezdegi tarihshylar Syganakty Қypshak dalasynyn gavany dep atagan Shyngys han shapkynshylygynan buryn Syganak Horezmshah Tekeshtin kol astynda bolgan Mongol shapkynshylygynan kejin 1219 zhyly Syganakty zhetikүndik korshaudan kejin Zhoshy әskeri basyp alyp karsylyk korsetkenderdi kyrgynga ushyratty Osy kezden bastap kala Zhoshy ulysynyn Altyn Orda kuramynda boldy XIII gasyrdyn 2 shi zhartysynda kala kajta zhandana bastady Zhoshy urpaktary kezinde Syganak Ak Ordanyn ortalygy bolyp onda tenge sogylgan 1328 zhyly tenge sarajy pajda boldy Syganaktyn damuyna Altyn Ordanyn bileushisi Orys Ұrys han үlken үles kosty Onyn tusynda kalada zhana medreseler meshitter zhәne t b kogamdyk gimarattar salyna bastady XIV gasyrdyn ortasynan bastap kala Ak Ordanyn astanasyna ajnaldy 1379 zhyly kajta birikken Altyn Ordanyn hany Toktamys Әmir Temirdin komegimen Syganakty basyp alyp oz atynan tenge soktyra bastady 1383 zhyly kalanyn tenge sarajynda Әmir Temir oz akshasyn shygardy 1384 1395 zhyldary Syganak altynordalyktar men Әmir Temirdin arasyndagy tartystyn ortalygyna ajnaldy XV gasyrdyn basynda kalany Әmir Temirdin nemeresi Ұlykbek bagyndyrdy Alajda 1423 zhyly Barak hannyn әskeri Syganakty basyp alyp Temir әuletinin okilderin kaladan kuyp shygardy 1446 1468 zhyldary kala Әbilhajyr memleketinin kuramynda boldy Ruzbihannyn pikirinshe Әbilhajyr han Syganakta zherlengen Bүgingi kүnge dejin saktalmagan Kok Kesene hannyn kabiri sanalady Қazak handygynyn astanasy retinde Tәuke hannyn Syganak kalasynyn turgyndaryna zharlygy 1675 1676 XV gasyrdyn 80 zhyldary kalany kazak hany Buryndyk biledi al onyn manajy kazak tajpalarynyn kysky konystaryna ajnaldy Osy kezden bastap Syganak pen onyn toniregi birzhola Қazak handygyna karady zhәne negizgi sayasi ekonomikalyk ortalyktardyn biri sanaldy XV XVIII gasyrlarda kala buryngysynsha sauda zhәne koloner ortalygy boldy 1598 zhyly kalanyn tonireginde mekendegen karakalpaktar turaly algashky derekter kezdesedi Қuldyrauy Ұly Zhibek zholynyn dagdarysy men korshiles ozbek zhongar bileushilerinin shabuyldary Syganaktyn oz manyzdylygyn zhogaltuyna alyp keldi Қalanyn ortalyk boligi XVII gasyrdan bastap zirat retinde koldanylgan XVII XVIII gasyrlarda birneshe ret zhongar shapkynshylygyna ushyrady Osy shapkynshylyktar zhәne baska da әrtүrli sebepterden kala birte birte ozinin omir sүruin toktatty XIX gasyrga karaj XIX gasyrdagy kokandyktardyn kone kalanyn ajnalasyndagy kalangan Sunakata bekinisi orys kokan sogysy kezinde kiratyldy ArhitekturasyҚalanyn kazirgi orny 10 ga zherdi alyp zhatkan үlken bes buryshty tobe Zhan zhagynda koptegen үjindiler ertede su zhүrgizilgen kurylys izderi saktalgan Shahristan aumagyndagy 15 munaradan turatyn kabyrganyn audany 10 ga kurajdy Besburyshty shahristannyn soltүstigindegi uzyndygy 250 m batysyndagy 360 m ontүstigindegi 250 m ontүstik shygysyndagy 450 m soltүstik shygysyndagy 350 m Onyn ontүstik batysynda audany 7 2 ga kurajtyn citadel ornalaskan Shygys kabyrgaga karaj citadelge kosymsha kire beris orny bar Arheologiyalyk kazba barysynda tabylgan zattarga karaganda Syganak VI XVIII gasyrlarda omir sүrgen Zertteu zhumystary1801 zhylgy Sibirdin syzba kitabynda da Қazakstannyn Syrdariya alabyndagy kalalardyn biri dep korsetilgen Қalany 1867 zh P I Lerh 1906 07 zh I A Kastane 1947 zh Ontүstik Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyasy zhetekshi A N Bernshtam zerttegen 2004 zhyldan bastap Mәdeni mura atty memlekettik programmanyn ayasynda kone kalany zertteu zhumystary zhүrgizilude 2006 zhylga karaj XV XVI gasyrdyn kabaty ashylyp kyzyl kirpishten salyngan tortkameraly kesene men XIV XV gasyr meshitinin irgetasy tabyldy 2009 2011 zhyldary zhүrgizilgen kazba zhumystary kezinde kysh ydystardyn 57 үlgisi tabyldy Tabylgan үlgiler Қyzylorda oblysynyn tarih zhәne olketanu murazhajyna tabystaldy Қazba zhumystaryn zhalgastyru maksatymen kosymsha 4 mln karzhy bolindi DerekkozderҚypshaktardyn tungysh astanasy Muragattalgan 18 kazannyn 2016 zhyly Istoriya ekonomika i kultura srednevekovyh tyurko tatarskih gosudarstv Zapadnoj Sibiri Kurgan 2017 33 s Fazlallah ibn Ruzbihan Isfahani Mihman name ji Buhara Zapiski buharskogo gostya M Vostochnaya literatura 1976 S 117 118 P P Ivanov Novye dannye o karakalpakah Sovetskoe vostokovedenie zhurnal 1945 3 S 60 Syganak kalashygy Ajgul Utepova Issledovateli sdelali sensacionnoe otkrytie v Kyzylordinskoj oblasti Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8