Бұрындық хан — 1480-1511 жж. аралығында Қазақ хандығында билік құрған Керей ханның үш ұлының бірі.
Бұрындық хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1480 — 1511 | |||
Ізашары | Жәнібек хан | ||
Ізбасары | Қасым хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | ислам | ||
Қайтыс болуы | 1511 Самарқан | ||
Әкесі | Керей хан | ||
Балалары | Шәйхім сұлтан Санжар сұлтан Бахты сұлтан Дадым Ханым Кемсін сұлтан | ||
өңдеу ![]() |
Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.
Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.
- Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;
- 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
- XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.
Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды.
Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді:
Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді
Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады. Ал Керей ханның аталмауын, ол 1469 жылға дейін қайтыс болған дейміз. Бұрындық Керейдің үлкен ұлы болғандықтан әкесінің ұлысын басқаратыны өзінен-өзі түсінікті. Керейдің қашан қайтыс болғандығы жөнінде аңыз дерегі былай дейді: «Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті». Аңызды ел аузынан жинап, жариялаған белгілі археолог М.Елеуов.
Керейден соң хандық билік Жәнібек ханға өтті. Ал Бұрындық болса ұлыс басқарып, Жәнібек ханның жарлықтарын орындап жүреді. Дәл осы жылдарда алғаш рет Бұрындық есімі «хан» деген лауазыммен жазба дерек мәліметіне енеді. Шайх-Хайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күресті басқарушы Жәнібек хан болса, ал оны іске асырушы Бұрындық болған. Бұл жөнінде дерек мәліметі былай деп баяндайды:
Жәнібек хан адамдары ішінен Бұрындық хан өз ұлысын жиып, Әбілқайыр хан ұлдарына тарпа бас салды. Олардың қарсыласуға күштері жан-жаққа бытырай қашты. Бұрындық кейін қайтқан соң, олар қайта жиналып бас қосты.
Дерек мәліметі бойынша, Бұрындық Жәнібек хан тапсырмасын орындаушы, жорықтың мақсаты — Дешті Қыпшақтағы шайбанилық сұлтандарды жою болған. Жорық біршама сәтті аяқталғанымен, негізгі түпкі мақсат орындалмаған секілді. Бұрындықтың кері оралуымен, бас сауғалап қашқан Әбілқайыр ұлдары қайта жиналады. Соған қарамастан Бұрындықтың бұл жорығы оны тарихта қалдырады. Сөйтіп ол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңіне өз үлесін қосады.
Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мәуереннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрды. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбаған.
Сыр бойы деп отырғанымыз — Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. жазба деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрға уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілері арасындағы XI-XV ғ.ғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Дәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы қыпшақ хандығы мен , ХІІІ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Әмір Темір, Тоқтамыс хан мен Әмір Темір, Барақ хан мен Ұлықбек, Әбілқайыр хан мен Әмір Темір ұрпақтары арасындағы саяси қатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігі тұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрінеді.
Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі ханның Мәуереннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі болды. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мәуереннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.
Қазақ хандығы Мәуереннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету керек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді.
Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мәуереннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсері өседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.
XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуереннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады.
Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы — оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді.
XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500-жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мәуереннахрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.
Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.
Дереккөздер
- XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393
Ізашары: Әз-Жәнібек хан | Қазақ ханы 1480 — 1511 | Ізбасары: Қасым хан |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Buryndyk han 1480 1511 zhzh aralygynda Қazak handygynda bilik kurgan Kerej hannyn үsh ulynyn biri Buryndyk hanLauazymyTu Қazak handygynyn 3 hany1480 1511Izashary Zhәnibek hanIzbasary Қasym hanӨmirbayanyDini islamҚajtys boluy 1511 1511 SamarkanӘkesi Kerej hanBalalary Shәjhim sultan Sanzhar sultan Bahty sultan Dadym Hanym Kemsin sultanondeu Buryndyktyn kashan dүniege kelgeni belgisiz Orta gasyrlardagy zhazba derekterdin үzik үzik mәlimetterine sүjene otyryp onyn omirinin 40 50 zhyldyk kezenin kalpyna keltiruge bolady Buryndyk hannyn omiri Қazak handygy tarihynyn algashky dәuirimen tygyz bajlanysty Sondyktan da handyk tarihyndagy iri okigalar men damular onyn omirindegi belester bolyp esepteledi Zhazba derekterdin ote tapshylygyna karamastan Buryndyk han omirinen birneshe belesti ajkyn koruge bolady Onyn Қazak handygy kuryluynyn ekinshi kezendegi atkargan roli bul shamamen 1469 1472 zhyldarda bolgan 1472 1473 zhyldardan XV gasyrdyn 90 zhyldarynyn ortasyna dejin kazak handygynyn batysta nogaj myrzalarymen zhәne ontүstikte Syr bojy kalalary men onirleri үshin kүrestegi atkargan roli XV gasyrdyn 90 zhyldarynyn ortasynan XVI gasyrdyn algashky 10 zhyldygy ishindegi Қasym sultanmen aradagy kajshylyktar Shajbani hanmen odaktasu kazak kogamyndagy bedelin zhogaltyp elden ketui Buryndyktyn handyktyn kurylu үrdisine katynasuy 1469 73 zhyldardagy okigalardan korinedi Osy zhyldary Қazak handygyna katysty mynandaj okigalar bolgan edi 1469 zhyly Әbilkajyr han Mogolstannyn batys zhagyndagy Қazak handygyna karsy zhoryk ujymdastyryp sol zhyldyn karasha zheltoksan ajlarynda orta zholda kajtys boldy Ornyna ekinshi uly Shajh Hajdar otyrady Onyn biligi turaly derekterdin bәri on baga bermejdi Tarihi Kipchakidin avtory Hodzhamkuly bek Balhi onyn zheke basyna mynadaj sipattama beredi Ol zhumsak minezdi zhәne zhigersiz adam bolatyn baskaru isine oz betinshe kadamdar zhasauga kabiletsiz edi Osyny pajdalanyp Әbilkajyrdyn keshegi zhaulary әr taraptan zhoryktar zhasaj bastajdy Қazak handygynan da birneshe zhoryktar zhasalady Tauarihi guzidan nusrat namadan baska Shajbani nama Fath nama Bahr al asrarfi manakib al ahiar shygarmalarynyn deregi bojynsha koshpeli ozbekter memleketin talkandauda kazak handygy zhagynan tek Zhәnibek han gana atalady Al Kerej hannyn atalmauyn ol 1469 zhylga dejin kajtys bolgan dejmiz Buryndyk Kerejdin үlken uly bolgandyktan әkesinin ulysyn baskaratyny ozinen ozi tүsinikti Kerejdin kashan kajtys bolgandygy zhoninde anyz deregi bylaj dejdi Shudyn bojynda on zhyldaj handyk kurgan Kerej han Han tauyna zherlenipti Anyzdy el auzynan zhinap zhariyalagan belgili arheolog M Eleuov Kerejden son handyk bilik Zhәnibek hanga otti Al Buryndyk bolsa ulys baskaryp Zhәnibek hannyn zharlyktaryn oryndap zhүredi Dәl osy zhyldarda algash ret Buryndyk esimi han degen lauazymmen zhazba derek mәlimetine enedi Shajh Hajdarga karsy Қazak handygy tarapynan kүresti baskarushy Zhәnibek han bolsa al ony iske asyrushy Buryndyk bolgan Bul zhoninde derek mәlimeti bylaj dep bayandajdy Zhәnibek han adamdary ishinen Buryndyk han oz ulysyn zhiyp Әbilkajyr han uldaryna tarpa bas saldy Olardyn karsylasuga kүshteri zhan zhakka bytyraj kashty Buryndyk kejin kajtkan son olar kajta zhinalyp bas kosty Derek mәlimeti bojynsha Buryndyk Zhәnibek han tapsyrmasyn oryndaushy zhoryktyn maksaty Deshti Қypshaktagy shajbanilyk sultandardy zhoyu bolgan Zhoryk birshama sәtti ayaktalganymen negizgi tүpki maksat oryndalmagan sekildi Buryndyktyn keri oraluymen bas saugalap kashkan Әbilkajyr uldary kajta zhinalady Sogan karamastan Buryndyktyn bul zhorygy ony tarihta kaldyrady Sojtip ol Қazak handygynyn kurylu kezenine әsirese onyn ekinshi kezenine oz үlesin kosady Buryndyk hannyn kazak tarihynda aty zharkyrap koringen tusy XV gasyrdyn 70 90 zhyldary boldy Bul zhyldar kazak handygy үshin kүsheyu nygayu zhәne kazak halkynyn etnikalyk territoriyasyn biriktiru zholyndagy kүres dәuiri edi Dәuirdegi en basty okigaga korsetilgen zhyldar ishindegi Қazak handygynyn Syr oniri үshin Mәuerennahrlyk bileushilerimen shajbanilyk sultandarmen zhәne Mogolstan handarymen zhүrgizgen urystary zhatty Osy urystarda tarih sahnasyna kazak handarynyn ekinshi buyny Buryndyk Қasym handar shygyp kazak memlekettiginin odan әri kүshejip nygayuyna oz үlesterin kosady Syr oniri үshin bolgan kүres zhyldary Қazak handygyn Buryndyk han bilep turdy Zhәnibek hannyn kashan kajtys bolyp Buryndyktyn kaj zhyldardan bastap bilik kura bastagany belgisiz Ol turaly eshbir derek zhazbagan Syr bojy dep otyrganymyz Syrdariya ozeninin orta agysy bojyndagy zherler XIV XVI gg zhazba derekter onirdi Tүrkistan ajmagy dep atajdy Ajmak HI gasyrdan beri Deshti Қypshaktyn azhyramas kuramdas boligi zhәne onymen birge birtutas sharuashylyk mәdeni etnikalyk dini tildik kenistikti kuragan Tek kej tarihi kezenderde Syr oniri sayasi zhagynan Mәuerennahrga uakytsha karady Deshti Қypshak pen Mәuerennahr bileushileri arasyndagy XI XV g g karym katynastyn negizgi nysany Tүrkistan ajmagy bolyp sanalady Dәleldi boluy үshin HI HII gasyrlardagy kypshak handygy men HIII gasyrdagy Orda Ezhen ulysy men Shagataj ulysy Orys han men Әmir Temir Toktamys han men Әmir Temir Barak han men Ұlykbek Әbilkajyr han men Әmir Temir urpaktary arasyndagy sayasi katynastardy ajtsak ta zhetip zhatyr Sayasi katynastar Қazak handygy kurylgannan kejin de zhalgasyn tapty Ajmak үshin kүrestin bastaluy Buryndyk hannyn biligi tusyna saj keledi Onyn kazak tarihynda alatyn roli de osy Syr bojy үshin kүreste korinedi Syr bojy үshin zhүrgizilgen kүrestin sebebin ajttyk al bastaluyna tүrtki bolgan okigaga Әbilkajyr hannyn nemeresi hannyn Mәuerennahrdyn kol astyndagy Tүrkistan ajmagyna kelip bekinui boldy Osy zhyldary ozara feodaldyk sogystardy bastan otkerip zhatkan Mәuerennahr bileushilerinde Tүrkistan ajmagyn korgajtyndaj kүsh zhok bolatyn Sondyktan olarga Қazak handygynyn negizgi zhauy shajbanilyk sultandardy kazaktarga karsy koyu ote tiimdi edi Қazak handygy Mәuerennahr bileushilerinin bul әreketine birden karsy shygady Қys mezgiline karamastan Buryndyk han bastagan kazak әskerleri Muhammed Shajbani han bekingen Syganak Sauran zhәne Sozak onirlerinde uryska tүsedi Birneshe ret bolgan urystarda zhenilgen Shajbani han kashuga mәzhbүr bolady Ajmaktyn baska da onirlerinen ajyrylu kaupin sezgen ajmaktyn әkimi Muhammed Mazid tarhan Shajbani handy Samarkanga ketuge kondiredi Osylajsha kүrestin algashky kezeni Қazak handygy үshin sәtti bastalyp ajmaktyn soltүstik onirleri Қazak handygyna otedi Orny kelgende ajta ketu kerek bүkil handykty Buryndyk baskaryp algashky zhenisterge kol zhetkizilse de derekterde atap otilgenindej Zhәnibek han uldary Қasym Zhirenshe Mahmud sultandar erekshe kozge tүsedi Bul urystar shamamen alganda 1470 zhyldardyn ortasynda otedi Al XV gasyrdyn 80 zhyldarynda Shajbani men Mәuerennahr bileushilerine arka sүjep ajmakka tagy da enip soltүstik onirdi basyp alady Buryndyk han zhәne Zhәnibek han uldarynyn karsy koldangan әreketteri nәtizhesinde Әbilkajyr hannyn nemeresi Tүrkistan ajmagynan ketuge mәzhbүr bolady Al kazak handygy bolsa ajmaktyn soltүstik onirin korgap kana kojmaj ajmaktyn ortalyk zhәne ontүstik onirlerinde oz ykpalyn kүshejte bastajdy Negizinen ajmakta Zhәnibek hannyn 9 ulynyn ykpal әseri osedi Olardyn ulystary kenejip kalalar men zhaksy kysky zhajylymdar solardyn ieligine koshedi XV gasyrdyn 90 zhyldarynda Buryndyk han men Zhәnibek han uldary arasynda kajshylyktar tua bastajdy Қajshylyktyn negizine Syr onirinde Zhәnibek han uldarynyn ykpalynyn osui men nygayuy zhatyr Ishki sayasi omirdegi osy kajshylyk syrtky sayasatka da oz salkyndygyn tigizedi Sol sebepti de 1493 96 zhyldary Tүrkistan ajmagy үshin bolgan urystar kiyn da auyr uzak bolady Shajbani han birde Mogol hany zhagyna birde Mәuerennahrlyk bileushiler zhagyna shygyp oz bagytyn ozgertip otyrady Tipti ol negizgi karsylasy Buryndyk hanmen de zhakyndasuga umtylady Zhәnibek han uldarymen aradagy kajshylyktyn odan әri shielenisui Buryndykty Shajbani hanmen odaktas etkizedi Sojtip 1496 zhyly үsh zhylga sozylgan uzak urystardan son sogysushy zhaktar kelisimge keledi Kelisimnin korytyndysy bojynsha Tүrkistan ajmagy үshke bolinip onyn soltүstiginde kazak handygy ontүstiginde Mogolstan ortalygynda Shajbani han bilik zhүrgizuge tiis bolady Sonymen birge Buryndyk han men Zhәnibek han ekeui arasyndagy odaktastykty terendetu үshin eki kyzyn shajbanilyk eki sultanga uzatady Mundaj odaktastykka karsy Zhәnibek han uldary Mogolstan hanymen zhakyndasyp karsy odak kurady Қasym sultannyn agasy Әdik sultan Mogol hanynyn karyndasyna үjlenedi Osylajsha kazak kogamyndagy handyk әulet ishinde bir birine karama karsy kүshter kalyptasady Buryndyk han tusynda XV gasyr sonynda Қazak handygyndagy sayasi kүshter ekige bolinip ol handyktyn syrtky sayasi zhagdajyna әserin tigizedi Birak kalyptaskan zhagdaj Buryndykka abyroj әkelmejdi Han retinde memlekettegi barlyk sayasi kүshterdin basyn kosudyn ornyna kerisinshe olardyn bir birine karsy turuyna ol kүshterdin birinde ozi boluy onyn bedelinin kuldyrauynyn basy boldy Buryndyk han omirinin kajgyly zhagy da osynda edi XVI gasyrdyn algashky 10 zhyldygynda Buryndyk han omirine tүbegejli betburys әkelgen kүrdeli iri okigalar bolyp otti Ol okiga tagy da Muhammed Shajbani han esimimen bajlanysty edi 1500 zhyldyn zhazynda Samarkan tagyna kelgen shajbanilyk sultan ajnalasy 3 4 zhyl ishinde bүkil Mәuerennahrdy biriktirip Mogolstannyn kol astyndagy Tashkentti mogol hanynan tartyp aldy Mogol handary Sultan Mahmut pen Sultan Ahmet handar kolga tүsiriledi birak Shajbani han olardy bosatyp zhiberedi Әbden kүshejgen Muhammed Shajbani han 1505 zhyldan 1510 zhylga dejin kazak handygyna karsy 4 ret zhoryk ujymdastyrady Zhoryktardyn aldyna kojgan sayasi zhәne ekonomikalyk maksattaryna kazak handygyn bagyndyru ne әlsiretu zhәne Tүrkistan ajmagyn Mәuerennahrga kosu zhatty Buryndyk han dәl osy zhoryktar kezinde үlken katelikter zhiberdi dep eseptejmiz Ogan dәlelimiz mynadaj Algashky үsh zhoryk kezinde Buryndyk han zhauga karsy eshkandaj shara koldanbajdy Shajbani han emin erkin Zhәnibek han uldary Zhanyshtyn Tanyshtyn ulystaryn ojrandap myndagan mal zhandy olzhalajdy Tipti 1509 zhyldyn kysynda bolgan үshinshi zhoryk kezinde oz ulysyna karaj zhau әskerinin kele zhatkanynan habardar bolyp eshkandaj karsylyk korsetpej kashuga mәzhbүr bolady Buryndyk hannyn sharasyzdyk isin onyn әdeji zhasagan zhosparly ojy dep tүsinemiz Zhәnibek han uldary negurlym әlsirese sogurlym onyn kүshi osui tiis edi Birak bәri kerisinshe shykty 1510 zhyldyn kysynda zhau tagy da kazaktarga zhoryk zhasajdy Bul zholgy zhoryk bagyty Қasym sultan ulysyna karsy bagyttalady Қasym resmi han bolmasa da osy zhyldary onyn bedeli Buryndyk hannan da kүshti edi Қazak handygynyn kuryluy kezinde belsene aralasyp odan kejingi kezenderde handyktyn kүsheyuine oz үlesin koskan Buryndyk han XVI gasyrdyn algashky zhyldarynda үlken memlekettik dәrezhede koregendik korsete almajdy Eldik mүddeden zheke tar mүddege koshu onyn bedelin tүsirtti atak abyrojyn zhogaltty Buryndyk hannyn tagdyry әrkimge de tarihi sabak bola alady DerekkozderXV XVIII g g Қazak handygy tarihynyn materialdary Almaty 1969 B 393 Izashary Әz Zhәnibek han Қazak hany 1480 1511 Izbasary Қasym han