Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.
Әміре Қашаубаев | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты | Әміре Қашаубайұлы Қашаубаев |
Туған күні | |
Туған жері | Дегелең тауының алабы, қазіргі Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы |
Қайтыс болған күні |
Өмірбаяны
- Әкесі Қашаубай Орта жүздің Тарақты тайпасынан шыққан, анасы Тойған Орта жүздың Найман тайпасының Қаратай руынан шыққан, Әміре әншілік қабілетін ата-анасынан мұра етті: анасы Тойған бұлбұл дауысты музыкант, әкесі Қашаубай әншілік, серілік өнерімен халықты бірнеше рет қуантқан.
- 12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады.
- 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті.
- 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды.
- 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
- 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған.
Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, « (1931) жинағында жариялады.
Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалаған.
- 1926 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) алғашқы актерлерінің бірі болды.
- 1934 жылы қазақ музыкалық театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты.
- 1934 жылы 6 желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші Алматыда оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.
Қосымша деректер
Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.
Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды.
Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады.
Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.
Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ж. Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн.
Әміре Қашаубаев туралы толықтай ақпарат
Әміре сахнада
Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп, домбырасына қарады. Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен. Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек. Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болды. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап, сыбырлап кетеді, - дейді 1927 жылы сәуір айында Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада. Әміренің аты тек Қазақстан емес, бүкіл Одаққа, бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті. Әміре - қазақтың қалай мақтасада,қалай мақтансада,сия беретін асқан өнерпазы.
Әкесі Қашаубай кедей болып, күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді. Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубай денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтын халге келді.
Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды. Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда, қатаң сөгістер алып қалып жүрді. Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы алған бетінен қайтпайды.
Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да жаман Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын әнші бала, бері келе әнші жігіт деген атағын шығарды. Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпаның ішінде самауыр қайып жүген қыз-келіншек, кешкі тұрым әңгіме дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаетонның ешкісінде отырып, арбаның доңғалығының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнің сілтідей тынып тыңдап тұрысты. Бүкіл Жаңа Семей болып Әмірені жақсы білетін болды. Ол арада болған ойын-сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын.
Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семейдің қаласына жетуге айналды. Бұрынғы, бұрынғы ма, енді Қашаубайдың баласы бүкіл қаланы аузына қаратуға айналды. Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалайда Әміренің мына бір кедейге келіспейтін қылығын тоқтатқысы келді. Сондықтан бір жерге қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қояды. Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің даусы түнгі Семейді тегіс аралап көше бойы қыдырып, сайрандаған жастар терезесін ашып қойған ән құмар үлкендер құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп, мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын деген сияқты болып, Әміренің даусы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп білдіреді.
Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келеді. Қаншама қиын болғанмен, мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпайды. Әміре енді әніне бостандық алатын болды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Бұл Әміре үшін үлкен игі сапар болды. Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенің айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан озған ән иелеріне кездеседі. Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді.
Семейде
Семейде жүргенде оның Ақ сисасын, Гауһар қызын, Хаулауын, айтып, Жаяу Мұсаның өзің көрмеседе шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді міне, «құлақ естігенді, көз көреді» болып қарт әншінің өзің де көрді. Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз бабында тұрған Бәпидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын естігенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген кінәләр болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей құламенде, көзіменде бірге тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты. Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлады. Жоғарыда айтылған әншілерден жаңа ән үйреніп, біраз репертуарын байытады. Әр әнді өзінің стилінде айтуға тырысты. Қабілетті әнші ол мақсатына жетіп қалды. Ол үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында «әнші бала» атанып, жасы он сегізге енді таянғанда мына Қондыға келуі, Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда басқа да, дүниелік, өмірлік үлкен жаңалықтар көрген жүрісі болды. Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып қайтып Семейге келеді. Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған өмір көрген жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып келді. Семей оны бұрынғыдан да қызу қарсы алды. Әмірені енді жиі шақыратын болды.
Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп екі ән алыбы біресе домбырамен, біресе гармонға қосылып Семейдің ән базарын қыздыра түсті. Қазақтың кешегі заманда еңсесін бейнет басып, кеудесін көтере алмаған Әміре сияқты әншісі, қараңғылықты жарып шыққан Майра сынды өнершісі шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрынғыдан да сыңғырлады. Әміренің күшті үні төңкерістің дүбіріне қосылғандай аңқылдап аспанға шығып, бір күні Мәскеуге де жетіпті.
«Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға бара ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын. Жол қаражаты қалам ақысы төленеді. Мерзімі маусым, шілде айлары. РКФСР Халық Ағарту Комиссары-Луначарскийден Семейдің губерниялық бөліміне телеграмма келеді. Халық ағарту бөліміде, Әміре де сасып қалады. Бұлар осылай жүргендерінде Мәскеуден тағы: Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы менің берген телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұраймын. Парижде болатын біздің концерт мәселенің мемлекеттік маңызы бар деген Луначарскийдің қолымен телеграмма келді. Енді ойланатын кеңесетін уақыт жоқ. Телеграммадағыны тек орындау керек.
Шетелде
Әміре Мәскеуге жол тартты. Қояндыға барғаны Меккеге барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына жол тіпті қызық сияқты көрінді. Парижде болатын коцертке қатысу үшін Мәкеуде Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің оның ішінде Әміренің Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен Театрдағы концертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде Правданың 1925 жылғы 26 шілде күнгі номерінде жазылған. Олардың жабайы өнерлері шығармашылығының көркемдік сатысы жағынан орындаушылықтан еуропалық шеберлердің тәуір деген нөмірлерінен кем түспейді, қолдарындағы аспаптарын салыстырсақ олар тағы бірінші орын алады: тыңдаушыларға эмоционалдық, эстетикалық әсер етуде олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші – деп жазды. Айтушылар Әміре Ағаш аяқтың басындағы жоғарғы нотасын шырқап алғанда, партердің алдынғы қатарында отырған бір әйел Мынау не деген күшті дауыс деп шошып кетіп барып айтыпты деседі.
Әміре этнографиялық ансамбільмен Парижге барады. Көздерімен көріп,есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп алғысы келеді. Сонымен қатар олар бұл келе жатқан кеңес елің жайлайтың халықтың бірқатарының ғана өкілдері екенің жиылған жарнамалардан есітеді. Кеңес өнершілері Париждің залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері: Ағаш аяқ, Үш дос, Екі жирен, Дудар, Қос барабан, Қызыл бидай тағы басқаларын айтады.
Ансамбльдің концерті бұрын-сонды ондай музыканы тыңдамаған Париж халқына қатты ұнайды. Неше түрлі ұлттардың әндері, олардың сан алуан түрлі аспаптары, түрлі-түсті киімдері, орындау шеберліктері кеңес өкілдерін үлкен табысқа бөлейді. Әсіресе бұрын аттары шықпаған Ресейді жайлайтын аз ұлттардың аз мерзім ішінде мұндай табысқа жетуіне дос сүйініп, дұшпан күйінеді. Бір кезде Ертістің асау толқынының аккомпанементімен ән шырқаған Әміренің енді Сена өзенінің сылдырап аққан дыбысына сиқырлы үнің қосуы тек ән өнеріндегі емес, халықтар достастығын нығайтуда өнердің үлкен рухани құралға айналғаны көрінді. Париждің газеттері өнершілердің концерттері жәйлі үзбей жазып отырды. Париж апталығы атты газеті өзінің 1925 жылы 31 шілдедегі нөмірінде:
Париждің Комедия залында өтіп жатқан орыстың этнографиялық өнері әдеттегі біз болып жүретін концерттерден ерекше. Біз аса жоғары, қызықты сахна көрдік, біз, Түркістанның, Украинаның, Оралдың, Кавказдың таза шынайы қалпында тұрған, жүрек қылыңды қозғайтың музыкасын есіттік. Оларда гармониялық, мелодиялық бұрмалау дыбыс құрылыстарын өзгерту сияқты өзінің ерекшелік мазмұны бұзатын нәрселерді таба алмайсың. Қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев өзінің халықтық манерада айтылатын емін-еркін даусына ұлт аспабы домбырасының сүйемелін қосып өз елінің жаныңда толқытатын әндерін орындады. Солардың бәрінде де, өздерінің өнерлерін Парижге көрсетуге келген адал көңілді әртістердің өз Отанына деген жалынды сүйініші сезіледі |
– деп жазды.
Француздың белгілі музыка зерттеуші ғалымы Ле мюзи-каль журналында Әміренің сирек кездесетін музыкалық көрініс екенін жазды. Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында қазақтың бірнеше әндерін жазып алды. Бір айта кететін жай біз осы күнге шейін Әміренің сол фонографқа түскен әндерін шетелмен байланысты мекемелер арқылы қанша талаптансақ та, ала алмай жүрміз.
Әміре Париждан елге келеді. Мәскеуде болып, одан туған қаласы Семейге келеді. Бірақ онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр тобына кіріп, солармен бірге дайындық жұмысқа кіріседі. Келесі 1926 жылда қаңтардың 13 күні Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет кәсіпкерлік театрдың шымылдығы ашылғанда Әміре қойшы Жапалдың рөлін ойнайды. Оны сол кезде көрген адамдар әлі-күнгі аузынан тастамайды. Өйткені Әміре тек әнші емес, жақсы әртіс болды. Ол сахнада жасанды қимыл-қозғалыссыз, қандай бейнеде болсада, шын жүректен, нанымды, қарапайым атап келеді. Солай бола тұрса да Әміренің шын шүйдесі көтеріліп, шоқтығы аспанға шығатын кезеңі концерттерде болатын. Жарнамада Әміре шығады деген концерттер ол кезде үнемі лық толы болады екен. Күлкілі сөз шебері Қалибек поэзияның жас перісі, әнші Иса, характерлі нөмірлерді жандырып шығаратын Елубай, от боп жанған Құрманбек - бәрі бірінің артынан бірі шыққанда концерт жөнсіз көп уақытқа созылып, көрермен уақытын қалай өткенін сезбей де қалады екен.
1927 жылдың сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге шақырылады. Онда, осы әңгіменің басында баяндалғандай кеңестер сьезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Әміре сол жылдың жазында Алманияның мамырда Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық көрмеге шақырылады. Бүкілодақтық шетелмен байланыс жасаушы қоғам онда көрменің кеңестік бөлімін ашты. Бөлменің концерттерінде біздің әр ұлтымыздың өкілдері шықты. Шілденің 22 мен 31 арасында көркемде орыс музыкалық апталығы болып, онда қатысуға РКФСР-ға еңбегі сіңген әртіс, профессор Г.Любимов бастаған кеңестік этнографиялық ансамбль құрылды. Сол ансамбльдің ішінде Әміре де болды. Ансамбль Франкфурттың Үлкен театрында 9 концерт берді. Концерттер аса қызығұшылықпен қабылданды. «Франкфуртер цейтунг» газеті
«Аса қабілетті жеке орындаушылардың қатысуымен профессор Г.Любимовтың көрсеткені біздің күткенімізден асып шықты...Кеңестің ұлттық музыкасының бай жақтарынан нағыз шыншыл, айта қалғандай етіп көрсету арқылы ВОКС өзінің уәдесін орындады» |
, - деп жазды. Кеңестер Одағы халықтарының өнерлерін екінші Қазақ халқының ән байлығына шетке көрсетуде өнер қайраткерлерінің ішінде Әміре жас ұланы болды.
Әміре қайтып Қызылордадағы қазақ театрына келді. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде Әміре де бірге келді. Әміре драма театрында бірнеше рөлдер атқарды. Әсіресе концерттерінде басты әртіс болып жүрді. 1933 жылы драма театры-ның бір бөлек адамвнан құрылған «Музыкалық студияның » ішінде бірінші болып Әміре кетті. Ол студия келесі 1934 жылдың қаңтарының 13 күні «Музыкалық театр» болып, Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» атты музыкалы пьесасымен ашылды.Әміре «Айман-Шолпанда» басты рөлдің бірін атқарды. Бірақ өмірі ұзақ болмай сол жылдың күзінде қайтыс болады.
Әміренің негізгі ресми қызметі театрда болғанымен, ол үнемі концерт беруде болатын. 1926 жылы Қ.Жандарбековпен бірге Шымкент, Ташкент қалаларында концерт берді. Қала халқы, оқушылар үлкен ынтамен қарсы алды. Әміренің залды күңірентіп жіберген ащы даусы мен сыңғыраған көмейінен бұралып шыққан үнге таңырқамаған жұрт қалмады. Әсіресе Әміреге бір риза болған жер, Қарқара жәрмеңкесінде болды. Әміре шығады дегенде жиналған жұрт қол соғып, сахнаға шығуын қошеметтеді. Біраз ән айтып кетпек болған еді, жұрт үсті-үстіне қол шапалақтап жібермеді. Әміре «Жалғыз арша», «Сырғақты», «Ісмет», «Қанапия» әндерін айтты. Қасында бір-екі жігіті бар, қалыпты Қыз Жібектің қисасын жазған келіп,сахнаның сыртында Әміреге танысып, рахмет айтты.
Өзінің Екі естелік дегенінде Қалибек Қуанышбаев 1924 жылы Семейде өнерпаздардың ақпан айында болған жиналысында болғаның айтады. Ол Қарқаралы, Өскемен, Павлодар, Баян бәрі бір облыс екен. Павлодардан Майра, Семейден Әміре, Қарқаралыдан Қали Байжанов болады. Басқа әншілер жарысқа түсіп, кезектесіп ән орындағаннан кейін, топталып келе жатып, қарақшыға жақындағанда шұбалып, біртіндеп шыға бастайтын бәйгі аттарындай, аяғында Қали мен Әміре қалады. Бұлар баста әрқайсысы әртүрлі ән айтып, біресе домбырамен, біресе гармонмен сүйемелдеп, қыза-қыза екеуі сахнадан шықпай қояды. Қазақтың ескі әдеті қала ма, Қали айтқанда Қарқаралы, Павлодар, Баяндықтар қошеметтеп, Әміре айтқанда Семейдің көпшілігі шулап, айқайлап қостайды. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дегендей, екі әншінің бірінен бірін бөлмей, екеуінің де пірлі екенің көрген төреші топ, бірінші-екінші бәйгені қосып жіберіп Қали мен Әміреге бөліп береді.
«Әміренің адамшылығы өте зор еді. Барынша әділ, жүректі еді. Қаннен-қаперсіз, қалай болса-солай жүретін. Дүние үшін қабақ шытып, бір тарықпайтын. Қоң етін кесіп беретін жомарт еді. Біздің Әміре қасым жомарт қой деп күлуші едік. Кейде бір нәрсеге үлкен ерні томпайып, балаша өкпелейтін. Ой сорлы Қашаубайдың баласы-ай!- деп, бір саусағынды шошайтып қытықтасаң, күліп, ол өкпесін әп-сәтте ұмытып кететін. Әміре ән салғанда әнді көркемдеп, аспандата айтар еді. Қандай әнді болса да түзеп, кесек бейнелі ән қып айтып жүрсе де, мынаны мен түзедім демес еді.Әміре ән салғанда қандай күшпен, айқаймен бірнеше әндер айтқанда, түсі бұзылмас еді. Күшпен айтатын әндердің алдында, демін бір-ақ жиып алатын. Әміре енді ылғи сүйіп, ұнатып, өзі әнге ғашық болғандай айтатын. Халық көп болса делебесі қозып кететін.» |
- дейді сол естелігінде Қ.Қуанышпаев.
Әміренің қазақ әндерін көп ажарлағанын, байытқанын қазақтың тұңғыш режиссері, халық әртісі үлкен өнер қайраткері Жұмат Шанин де, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовте айтып кетті. 1934 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының үйінде көптеген өнерпаздар бас қосқан үлкен мәжіліс болды. Оған әншілерден: Әміре Қашаубаев, , Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, т. басқалары келеді. Әнді сазбен асықпай қоңырлатып айтатын, баритон дауысты Темірболат салған жерден, қырандай аспандап, шырқап кететін Қуан, әр нотасынан Сахараның кең тынысы сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп, лебізімен жыланды іңнен шығаратын Жүсіпбек, дауысының жоғарысы әйелдің сопраносының бақшасына кіріп кететін Ғарифулла, жүрекке жылы тиетін, жұмасақ меццо-сопрано Бибі-бәрі де,бәйгегі түсетін болғансын, бірінен-бірі оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, не бір мықты әндерді коммиссианың алдына табақтай тартып жатыр.
Әміре оқуы көп болмағанымен тоқығаны ескергені көп адам еді. Осы жолдардың авторы Алматының музыка техникумында істеп тұрған кезінде ол бір күні техникумға келіп, екі сағаттай сөйлесті. Әңгіменің мазмұны өзінің бұрынғы заман өктемдігімен оқи алмай қалғаны, енді мына бір кішкене қыздарын музыкаға оқытқысы келетіні болды. Бұл 1933 жылдың күзі болатын.
Әміре - ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады.
Әміре туралы жазылған шығармалар
- Жүсіпбек Аймауытов "Әнші" әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
- Ілияс Жансүгіров "Әнші" поэмасы
- Қайнекей Жармағанбетовтың "Әнші азамат" повесі
- Сәду Машақов пен Оразақын Асқардың поэмалары бар.
- Жарқын Шәкәрім, «Әміре» зерттеу кітабы, 1977 жылы жарық көрді.
- Жарқын Шәкәрім, «Ән жұлдызы» кітабы, 1978 жылы жарық көрді.
- Жарқын Шәкәрім, «Амре Кашаубаев», год издания 1981 год. На русском языке.
- Жарқын Шәкәрім, «Ән асқары Әміре» зерттеу кітабы, 1988 жылы жарық көрді.
- Жарқын Шәкәрім, «Әміре Қашаубайұлы» зерттеу кітабы, 2006 жылы жарық көрді.
- Жарқын Шәкәрім, 1974 жылы Мәскудегі Кинофото құжаттары және дыбыс жазбаларының Орталық архивінен Әміре Қашаубаев 1925 жылы орындаған, фонографқа жазылып алынған «Ағаш аяқ», «Дударай», «Бесқарагер», «Смет», «Жалғыз арша», «Балхадиша», «Үш дос» әндерінің үнтаспасын тауып, күйтабаққа аударып автор ретінде жарыққа шығарды. Күйтабақта Әлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин Әміре жайлы естеліктер айтты.
- Жарқын Шәкәрім, «Әміре туралы шындық», мақала, «Егемен Қазақстан» газеті, 2013 жыл, 27 ақпан күні жарық көрді.
- Әміре Қашаубаев туралы ақын Қайырбек Шағырдың "Ұлы тенор" поэмасы 2006 жылы жарық көрді.
Дереккөздер
- https://www.inform.kz/kz/kashaubaev-amire_a2222588
- Балалар Энциклопедиясы, II- том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Жарқын Шәкәрімнің жеке сайты: http://zharkynshakarim.info/index/zhaz_an_kitaptarym/0-32 Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әmire Қashaubaev 1888 Degelen tauynyn alaby Қajnar auyly Abyraly audany Shygys Қazakstan oblysy 6 zheltoksan 1934 Almaty atakty әnshi akter әri muzykant Әmire ҚashaubaevNegizgi akparatTolyk atyӘmire Қashaubajuly ҚashaubaevTugan kүni1888 1888 Tugan zheriDegelen tauynyn alaby kazirgi Қajnar auyly Abyraly audany Shygys Қazakstan oblysyҚajtys bolgan kүni6 zheltoksan 1934 1934 12 06 ӨmirbayanyӘkesi Қashaubaj Orta zhүzdin Tarakty tajpasynan shykkan anasy Tojgan Orta zhүzdyn Najman tajpasynyn Қarataj ruynan shykkan Әmire әnshilik kabiletin ata anasynan mura etti anasy Tojgan bulbul dauysty muzykant әkesi Қashaubaj әnshilik serilik onerimen halykty birneshe ret kuantkan 12 zhaska tolganda 1900 zh Isabek degen bajdyn at ajdaushysy bolyp ol zhas әnshini toj zhiyndarda әn salgyzady 1921 24 zhyldary Semejde kurylgan kazak zhastarynyn agartu ujymy Es ajmakka mүshe bolyp әnshilik onerin shyndaj tүsti 1924 zhyly osy kalada ujymdastyrylgan halyk onerpazdarynyn bajkauyna katysyp bas bәjgege ie boldy 1925 zhyly Parizhde otken Bүkil dүnie zhүzi sәn oneri kormesinde Agash ayak Қanapiya Үsh dos Zhalgyz arsha Қosbalapan t b әnderdi oryndap 2 bәjgemen kosa kүmis medal aldy Parizh aptalygy gazeti men Le myuzikal zhurnaly onyn sirek kezdesetin talant ekenin zhazsa professory Perno fonografka Әmirenin oryndauynda birneshe әn zhazyp algan 1927 zhyly sәuir ajynda arnajy shakyrtumen zalynda kazak әnderin tamylzhyta shyrkady Sol zhyly Germaniyanyn Majndagy Frankfurt kalasynda otken Halykaralyk muzykalyk kormede koncertke katysyp kazaktyn halyk әnderin әlemge pash etti Onyn oryndauyndagy әnder dүnie zhүzi mәdenietinin iri okilderi Romen Rollan Anri Barbyus t b tarapynan zhogary baga algan Әmirenin әnshilik onerine tәnti bolyp odan Balkadisha Dudaraj Bes karager Kok kobelek t b әnderdi zhazyp alyp 1931 zhinagynda zhariyalady Әmirenin әnshilik kabiletin kezinde kazak әdebieti men onerinin kornekti okilderi Muhtar Әuezov Sәken Sejfullin Isa Bajzakov Әlkej Margulan Zhүsipbek Elebekov Қurmanbek Zhandarbekov pen Ahmet Zhubanov ote zhogary bagalagan 1926 zhyly Қyzylordada ashylgan Қazak drama teatrynyn kazirgi Қazaktyn memlekettik akademiyalyk drama teatry algashky akterlerinin biri boldy 1934 zhyly kazak muzykalyk teatryna kazirgi Қazak opera zhәne balet teatry auysty 1934 zhyly 6 zheltoksanda auyr syrkatka shaldykkan әnshi Almatyda okystan kajgyly kazaga ushyrady Қosymsha derekterShykkan tegi Orta zhүz ishindegi Tarakty ruy Kedej sharua zhanuyasynda tuyp osken Zhastajynan әnshilik onerpazdygymen zhurt auzyna iligip el aralap әn salyp karaotkeldik Sәtmagambet Ғaziz bayanauyldyk Zhayau Musa Қali Bajzhanov kerekulik Majra Uәlikyzy siyakty arkaly әnshilermen tanysyp onerin odan әri shyndaj tүsedi 1924 zhyly Semejde otken onerpazdar bajkauynda Қalimen birge bas zhүldege ie boldy Әmire Enlik Kebekte Zhapaldyn Ajman Sholpanda Zharastyn rolin ojnajdy Koncerttik kojylymdarga zhii zhii shygyp halyktyn әn onerin nasihattauga ajryksha үles kosady Әmirenin әnshilik oneri A V Lunacharskij A V Zataevich G Lyubimov siyakty onerdin parkyn teren biletin mamandar tarapynan zhogary baga algan Қazaktyn Agash ayak Үsh dos Қos baraban Қyzyl bidaj Smet Zhalgyz arsha siyakty klassikalyk әnderi Әmire ajtkan үlgi onegemen ornygyp kejingi әnshilerdin repertuarlarynda zhalgasyn tauyp keledi Bul rette Zh Elebekov M Erzhanov Zh Kәrmenov Қ Bajbosynov M Eshekeev B Tileuhanov siyakty zhez tandaj әnshilerdin Әmire onerin zhalgastyrushy lajykty izbasar bolganyn atap ajtkan zhon Әmire Қashaubaev turaly tolyktaj akparatӘmire sahnada Ol halyk syjmaj otyrgan zaldy bir sholyp otip dombyrasyna karady Әmire zaldagylardyn kulagyn zharyp ketetindej bir eki ajkaj dybystar aldy birak tek bastauy eken Onysy zaldyn dybys ereksheligin bajkauy degeni bolu kerek Endi az gana uakyt otkende әnshi zaldy da onda kulakka urgan tanadaj bolyp tyndap otyrgan korermendi de umytyp ketkendej boldy Әmirenin dausy kүnnin kүrkiregenindej kejde aspandy zherge tүsirip dүrildep kejde bayau sokkan zhelmen kozgalgan bidajyktyn shashagyndaj susyldap sybyrlap ketedi dejdi 1927 zhyly sәuir ajynda Mәskeude bolgan bүkilodaktyk kenester kuryltajynda shykkan koncertke zhazylgan bir makalada Әmirenin aty tek Қazakstan emes bүkil Odakka bүkil Europaga әjgi boldy Әmire arkyly kazaktyn әnshilik oneri memlekttik shekrany sonau zhiyrmasynshy zhyldardyn ortasynda ak attap otti orystyn batystyn uly mәdeniet kajratkerlerinin auyzdaryna tүsti Әmire kazaktyn kalaj maktasada kalaj maktansada siya beretin askan onerpazy Әkesi Қashaubaj kedej bolyp kүnbe kүngi omirdi kuyp zhүrdi Қashaubaj kop uzamaj Semejge koship barady Қalada da kәsip isteu onaj bolgan zhok Қashaubaj әren degende үj ishin asyrap otyrdy Birak zhasynan bejnet shegip iykbasty bolyp kalgan Қashaubaj denesi nasharlap kazhyp bara bara kara zhumyska zharamajtyn halge keldi Al Әmirenin sheshesi Tojgan da үj ishinin usak tүjegi bolmasa bilekpen keletin auyr zhumyska o da zharamaj kaldy Munyn bәri kelip akyry zhas Әmirenin mojnyna үlken auyr bejnet kamytyn kigizudin basy boldy Baska amal bolmagan son zhas Әmire Zhana Semej zhagynda turatyn Isabek degen bajdyn kolik ajdaushysy bolady Әmire ynyldap әndetip zhүretin boldy Bara bara Әmire dauystap ozinin үn kabiletinin barlygyn sezip kej kezderde at ajdaushy ekenin umytyp ketip әnnin kyzygyna tүsip kozhasynan bizdin tilimizben ajtkanda katan sogister alyp kalyp zhүrdi Birak onyn bәri de Әmire үshin mәndi nәrse emes әjteuir auzynyn bostygy da әbiir bolyp osy algan betinen kajtpajdy Әkesinin ajta kalgandaj oneri zhok bolsa da zhaman Қashaubajdyn balasynyn muzykaga degen kabileti onyn atshylygynan buryn әnshi bala beri kele әnshi zhigit degen atagyn shygardy Koshenin eki zhagynda turgan ashyk kakpanyn ishinde samauyr kajyp zhүgen kyz kelinshek keshki turym әngime dүken kuryp otyratyn үlkender toby ojynda zhүrgen bozbala faetonnyn eshkisinde otyryp arbanyn dongalygynyn ajnalgan yrgagymen kosylyp keshki Ertisti zhangyrtyp salyp bara zhatkan Әmirenin әnin siltidej tynyp tyndap turysty Bүkil Zhana Semej bolyp Әmireni zhaksy biletin boldy Ol arada bolgan ojyn sauyk Әmiresiz otpejtin boldy Әnshiliginin үstine әsem minezdi ak konil zhigit halyktyn nazaryn үnemi ozine tez audaryp alatyn Osyndaj eki birdej kasietinin arkasynda Әmirenin atagy kop uzamaj Ertisti kesip otip Semejdin kalasyna zhetuge ajnaldy Buryngy buryngy ma endi Қashaubajdyn balasy bүkil kalany auzyna karatuga ajnaldy Munyn bәri de Isabek bajga unamaj ol kalajda Әmirenin myna bir kedejge kelispejtin kylygyn toktatkysy keldi Sondyktan bir zherge kadap koyu maksatymen Әmireni teri kүzettirip koyady Ondagysy Әmirenin zholyn kesip tastau әnshini sүjgen halyktan ajyru edi Birak ol maksatyna Isabek zhete almady Әmirenin dausy tүngi Semejdi tegis aralap koshe bojy kydyryp sajrandagan zhastar terezesin ashyp kojgan әn kumar үlkender kulaktaryn tosyp tyndap lәzzat aldy Zharatylystan kүshti dauys keshkiturym salkynmen buryngydan da dүrildep myna bajlaudan kutkar erkindikke zhiber kanatymdy bir karyshtajyn aspanga bir shyrkajyn degen siyakty bolyp Әmirenin dausy ozinen buryn Isabektin sasyk iisti teri kojmasynan irgeni aulak surap turgandaj Arkanyn zhazygyna Ertistin erkin agysyna shykkysy kelgendej kejip bildiredi Bul kezderde Әmire az da bolsa birkatar akylaj tabyska ie bolyp olaryn үjine berip ozi Semejden syrtka shykkysy keledi Қanshama kiyn bolganmen mejirimdi әke sheshe onerli balanyn algan mandajyn kakpajdy Әmire endi әnine bostandyk alatyn boldy Isabekpen esep ajyrysyp Arka әnshilerinin Mekesi bolgan Қoyandyga zhol tartty Bul Әmire үshin үlken igi sapar boldy Өjtkeni osy kүnge dejin ozinin gana bilgenin ajtyp kelgen Әmire ne bir sanlak toptan ozgan әn ielerine kezdesedi Zhasy kelip kalsa da әli kunak kүldirgi kalpynan tajmagan kart dauysymen әli de әnnin nakysyn buzbaj ajtatyn aga әnshi Zhayau Musany kordi Semejde Әmire Қashaubaev pen әjeli Orazke Semejde zhүrgende onyn Ak sisasyn Gauһar kyzyn Haulauyn ajtyp Zhayau Musanyn ozin kormesede shygarmashylyk zhүzine kanyk bolatyn Endi mine kulak estigendi koz koredi bolyp kart әnshinin ozin de kordi Zhas talapker үshin bul үlken ruhani olzha boldy Al tap osy kezde nagyz babynda turgan Bәpidin Mәdii Ғabbastyn Ajtpajy Bajzhannyn Қaliyn estigende Әmirenin bul kүnge dejingi oryndap zhүrgen әnderinde koptegen kinәlәr bolyp shykty Ol bir dүnieni syndyryp algan zhazykty baladaj үndemej kulamende kozimende birge tyndady Mynau әnnin bazary Әmireni elittirip endi kajtyp Isabektin terisinin iisine oralmastaj ishtej uәde ajtty Қandaj zholmen bolsa da Әmire budan bylaj ozin bүtindej әn onerine bagyshtauga bel bajlady Zhogaryda ajtylgan әnshilerden zhana әn үjrenip biraz repertuaryn bajytady Әr әndi ozinin stilinde ajtuga tyrysty Қabiletti әnshi ol maksatyna zhetip kaldy Ol үsh zhasynan әn salyp Zhana Semejdin shala kazak tatarlar arasynda әnshi bala atanyp zhasy on segizge endi tayanganda myna Қondyga kelui Әmire үshin әn dүniesin ashuyn bylaj kojganda baska da dүnielik omirlik үlken zhanalyktar korgen zhүrisi boldy Әmire kojyn koltygyn әnge toltyryp kajtyp Semejge keledi Endi buryngy zhәmshik kүzetshi Әmire emes ysylgan omir korgen zhaksylardyn kasynda bolgan tәzhiribeli Әmire bolyp keldi Semej ony buryngydan da kyzu karsy aldy Әmireni endi zhii shakyratyn boldy Semejge kelip zhatkan atakty Majramen kezdesip eki әn alyby birese dombyramen birese garmonga kosylyp Semejdin әn bazaryn kyzdyra tүsti Қazaktyn keshegi zamanda ensesin bejnet basyp keudesin kotere almagan Әmire siyakty әnshisi karangylykty zharyp shykkan Majra syndy onershisi shүjdelerin koterip dauystary buryngydan da syngyrlady Әmirenin kүshti үni tonkeristin dүbirine kosylgandaj ankyldap aspanga shygyp bir kүni Mәskeuge de zhetipti Қazak әnshisi Әmire Қashaubaev Parizhde bolatyn zherzhүzilik kormede kojylatyn etnografiyalyk koncertke katysuga bara me eken Sonyn habaryn tez bildiruinizdi surajmyn Zhol karazhaty kalam akysy tolenedi Merzimi mausym shilde ajlary RKFSR Halyk Agartu Komissary Lunacharskijden Semejdin guberniyalyk bolimine telegramma keledi Halyk agartu bolimide Әmire de sasyp kalady Bular osylaj zhүrgenderinde Mәskeuden tagy Әnshi kazak Әmire Қashaubaev turaly menin bergen telegrammama zhauapty tezdetulerinizdi surajmyn Parizhde bolatyn bizdin koncert mәselenin memlekettik manyzy bar degen Lunacharskijdin kolymen telegramma keldi Endi ojlanatyn kenesetin uakyt zhok Telegrammadagyny tek oryndau kerek Shetelde Әmire Mәskeuge zhol tartty Қoyandyga bargany Mekkege bargandaj uzak sapar korgen Әmirege endi myna zhol tipti kyzyk siyakty korindi Parizhde bolatyn kocertke katysu үshin Mәkeude Қazakstannan baska ult respublikalarynan belgili onerpazdar keldi Bul sheberlerdin onyn ishinde Әmirenin Parizh koncertine dajyndyk esebinde otken Үlken Teatrdagy koncertke shyguy үlken tabys boldy Bul zhoninde Pravdanyn 1925 zhylgy 26 shilde kүngi nomerinde zhazylgan Olardyn zhabajy onerleri shygarmashylygynyn korkemdik satysy zhagynan oryndaushylyktan europalyk sheberlerdin tәuir degen nomirlerinen kem tүspejdi koldaryndagy aspaptaryn salystyrsak olar tagy birinshi oryn alady tyndaushylarga emocionaldyk estetikalyk әser etude olardyn koldaryndagy kandaj zhupyny kural desenizshi dep zhazdy Ajtushylar Әmire Agash ayaktyn basyndagy zhogargy notasyn shyrkap alganda parterdin aldyngy katarynda otyrgan bir әjel Mynau ne degen kүshti dauys dep shoshyp ketip baryp ajtypty desedi Әmire etnografiyalyk ansambilmen Parizhge barady Kozderimen korip esitkennin zhansak zherlerin tүzetip algysy keledi Sonymen katar olar bul kele zhatkan kenes elin zhajlajtyn halyktyn birkatarynyn gana okilderi ekenin zhiylgan zharnamalardan esitedi Kenes onershileri Parizhdin zaldarynda 11 koncert beredi Sol koncertterde Әmire ozinin sүjikti әnderi Agash ayak Үsh dos Eki zhiren Dudar Қos baraban Қyzyl bidaj tagy baskalaryn ajtady Ansambldin koncerti buryn sondy ondaj muzykany tyndamagan Parizh halkyna katty unajdy Neshe tүrli ulttardyn әnderi olardyn san aluan tүrli aspaptary tүrli tүsti kiimderi oryndau sheberlikteri kenes okilderin үlken tabyska bolejdi Әsirese buryn attary shykpagan Resejdi zhajlajtyn az ulttardyn az merzim ishinde mundaj tabyska zhetuine dos sүjinip dushpan kүjinedi Bir kezde Ertistin asau tolkynynyn akkompanementimen әn shyrkagan Әmirenin endi Sena ozeninin syldyrap akkan dybysyna sikyrly үnin kosuy tek әn onerindegi emes halyktar dostastygyn nygajtuda onerdin үlken ruhani kuralga ajnalgany korindi Parizhdin gazetteri onershilerdin koncertteri zhәjli үzbej zhazyp otyrdy Parizh aptalygy atty gazeti ozinin 1925 zhyly 31 shildedegi nomirinde Parizhdin Komediya zalynda otip zhatkan orystyn etnografiyalyk oneri әdettegi biz bolyp zhүretin koncertterden erekshe Biz asa zhogary kyzykty sahna kordik biz Tүrkistannyn Ukrainanyn Oraldyn Kavkazdyn taza shynajy kalpynda turgan zhүrek kylyndy kozgajtyn muzykasyn esittik Olarda garmoniyalyk melodiyalyk burmalau dybys kurylystaryn ozgertu siyakty ozinin erekshelik mazmuny buzatyn nәrselerdi taba almajsyn Қazaktyn әnshisi Әmire Қashaubaev ozinin halyktyk manerada ajtylatyn emin erkin dausyna ult aspaby dombyrasynyn sүjemelin kosyp oz elinin zhanynda tolkytatyn әnderin oryndady Solardyn bәrinde de ozderinin onerlerin Parizhge korsetuge kelgen adal konildi әrtisterdin oz Otanyna degen zhalyndy sүjinishi seziledi dep zhazdy Francuzdyn belgili muzyka zertteushi galymy Le myuzi kal zhurnalynda Әmirenin sirek kezdesetin muzykalyk korinis ekenin zhazdy Sorbonna universitetinin professory Perno fonografka Әmirenin oryndauynda kazaktyn birneshe әnderin zhazyp aldy Bir ajta ketetin zhaj biz osy kүnge shejin Әmirenin sol fonografka tүsken әnderin shetelmen bajlanysty mekemeler arkyly kansha talaptansak ta ala almaj zhүrmiz Әmire Parizhdan elge keledi Mәskeude bolyp odan tugan kalasy Semejge keledi Birak onda kop bola almaj kүzge karaj Қyzylordaga kelip ol kezdegi Қazakstannyn astanasynda ashylgaly zhatkan teatr tobyna kirip solarmen birge dajyndyk zhumyska kirisedi Kelesi 1926 zhylda kantardyn 13 kүni Muhtar Әuezovtyn Enlik Kebek pesasymen kazak tarihynda birinshi ret kәsipkerlik teatrdyn shymyldygy ashylganda Әmire kojshy Zhapaldyn rolin ojnajdy Ony sol kezde korgen adamdar әli kүngi auzynan tastamajdy Өjtkeni Әmire tek әnshi emes zhaksy әrtis boldy Ol sahnada zhasandy kimyl kozgalyssyz kandaj bejnede bolsada shyn zhүrekten nanymdy karapajym atap keledi Solaj bola tursa da Әmirenin shyn shүjdesi koterilip shoktygy aspanga shygatyn kezeni koncertterde bolatyn Zharnamada Әmire shygady degen koncertter ol kezde үnemi lyk toly bolady eken Kүlkili soz sheberi Қalibek poeziyanyn zhas perisi әnshi Isa harakterli nomirlerdi zhandyryp shygaratyn Elubaj ot bop zhangan Қurmanbek bәri birinin artynan biri shykkanda koncert zhonsiz kop uakytka sozylyp korermen uakytyn kalaj otkenin sezbej de kalady eken 1927 zhyldyn sәuir ajynda Әmire tagy Mәskeuge shakyrylady Onda osy әngimenin basynda bayandalgandaj kenester sezinde koncertke shygyp үlken tabyska ie bolady Әmire sol zhyldyn zhazynda Almaniyanyn mamyrda Frankfurt kalasynda bolatyn Zherzhүzilik muzykalyk kormege shakyrylady Bүkilodaktyk shetelmen bajlanys zhasaushy kogam onda kormenin kenestik bolimin ashty Bolmenin koncertterinde bizdin әr ultymyzdyn okilderi shykty Shildenin 22 men 31 arasynda korkemde orys muzykalyk aptalygy bolyp onda katysuga RKFSR ga enbegi singen әrtis professor G Lyubimov bastagan kenestik etnografiyalyk ansambl kuryldy Sol ansambldin ishinde Әmire de boldy Ansambl Frankfurttyn Үlken teatrynda 9 koncert berdi Koncertter asa kyzygushylykpen kabyldandy Frankfurter cejtung gazeti Asa kabiletti zheke oryndaushylardyn katysuymen professor G Lyubimovtyn korsetkeni bizdin kүtkenimizden asyp shykty Kenestin ulttyk muzykasynyn baj zhaktarynan nagyz shynshyl ajta kalgandaj etip korsetu arkyly VOKS ozinin uәdesin oryndady dep zhazdy Kenester Odagy halyktarynyn onerlerin ekinshi Қazak halkynyn әn bajlygyna shetke korsetude oner kajratkerlerinin ishinde Әmire zhas ulany boldy Әmire kajtyp Қyzylordadagy kazak teatryna keldi 1928 zhyly teatr Almatyga koshkende Әmire de birge keldi Әmire drama teatrynda birneshe rolder atkardy Әsirese koncertterinde basty әrtis bolyp zhүrdi 1933 zhyly drama teatry nyn bir bolek adamvnan kurylgan Muzykalyk studiyanyn ishinde birinshi bolyp Әmire ketti Ol studiya kelesi 1934 zhyldyn kantarynyn 13 kүni Muzykalyk teatr bolyp Muhtar Әuezovtyn Ajman Sholpan atty muzykaly pesasymen ashyldy Әmire Ajman Sholpanda basty roldin birin atkardy Birak omiri uzak bolmaj sol zhyldyn kүzinde kajtys bolady Әmirenin negizgi resmi kyzmeti teatrda bolganymen ol үnemi koncert berude bolatyn 1926 zhyly Қ Zhandarbekovpen birge Shymkent Tashkent kalalarynda koncert berdi Қala halky okushylar үlken yntamen karsy aldy Әmirenin zaldy kүnirentip zhibergen ashy dausy men syngyragan komejinen buralyp shykkan үnge tanyrkamagan zhurt kalmady Әsirese Әmirege bir riza bolgan zher Қarkara zhәrmenkesinde boldy Әmire shygady degende zhinalgan zhurt kol sogyp sahnaga shyguyn koshemettedi Biraz әn ajtyp ketpek bolgan edi zhurt үsti үstine kol shapalaktap zhibermedi Әmire Zhalgyz arsha Syrgakty Ismet Қanapiya әnderin ajtty Қasynda bir eki zhigiti bar kalypty Қyz Zhibektin kisasyn zhazgan kelip sahnanyn syrtynda Әmirege tanysyp rahmet ajtty Өzinin Eki estelik degeninde Қalibek Қuanyshbaev 1924 zhyly Semejde onerpazdardyn akpan ajynda bolgan zhinalysynda bolganyn ajtady Ol Қarkaraly Өskemen Pavlodar Bayan bәri bir oblys eken Pavlodardan Majra Semejden Әmire Қarkaralydan Қali Bajzhanov bolady Baska әnshiler zharyska tүsip kezektesip әn oryndagannan kejin toptalyp kele zhatyp karakshyga zhakyndaganda shubalyp birtindep shyga bastajtyn bәjgi attaryndaj ayagynda Қali men Әmire kalady Bular basta әrkajsysy әrtүrli әn ajtyp birese dombyramen birese garmonmen sүjemeldep kyza kyza ekeui sahnadan shykpaj koyady Қazaktyn eski әdeti kala ma Қali ajtkanda Қarkaraly Pavlodar Bayandyktar koshemettep Әmire ajtkanda Semejdin kopshiligi shulap ajkajlap kostajdy Ala kojdy bole kyrykkan zhүnge zharymajdy degendej eki әnshinin birinen birin bolmej ekeuinin de pirli ekenin korgen toreshi top birinshi ekinshi bәjgeni kosyp zhiberip Қali men Әmirege bolip beredi Әmirenin adamshylygy ote zor edi Barynsha әdil zhүrekti edi Қannen kapersiz kalaj bolsa solaj zhүretin Dүnie үshin kabak shytyp bir tarykpajtyn Қon etin kesip beretin zhomart edi Bizdin Әmire kasym zhomart koj dep kүlushi edik Kejde bir nәrsege үlken erni tompajyp balasha okpelejtin Oj sorly Қashaubajdyn balasy aj dep bir sausagyndy shoshajtyp kytyktasan kүlip ol okpesin әp sәtte umytyp ketetin Әmire әn salganda әndi korkemdep aspandata ajtar edi Қandaj әndi bolsa da tүzep kesek bejneli әn kyp ajtyp zhүrse de mynany men tүzedim demes edi Әmire әn salganda kandaj kүshpen ajkajmen birneshe әnder ajtkanda tүsi buzylmas edi Kүshpen ajtatyn әnderdin aldynda demin bir ak zhiyp alatyn Әmire endi ylgi sүjip unatyp ozi әnge gashyk bolgandaj ajtatyn Halyk kop bolsa delebesi kozyp ketetin dejdi sol esteliginde Қ Қuanyshpaev Әmirenin kazak әnderin kop azharlaganyn bajytkanyn kazaktyn tungysh rezhisseri halyk әrtisi үlken oner kajratkeri Zhumat Shanin de uly zhazushy Muhtar Әuezovte ajtyp ketti 1934 zhyldyn kyrkүjek ajynda Қazakstan Halyk agartu Komissariatynyn үjinde koptegen onerpazdar bas koskan үlken mәzhilis boldy Ogan әnshilerden Әmire Қashaubaev Қuan Lekerov Zhүsipbek Elebekov Ғarifolla Қurmangaliev t baskalary keledi Әndi sazben asykpaj konyrlatyp ajtatyn bariton dauysty Temirbolat salgan zherden kyrandaj aspandap shyrkap ketetin Қuan әr notasynan Saharanyn ken tynysy sahnaga ere kelip turgan Manarbek әndi erkeletip uildetip lebizimen zhylandy innen shygaratyn Zhүsipbek dauysynyn zhogarysy әjeldin sopranosynyn bakshasyna kirip ketetin Ғarifulla zhүrekke zhyly tietin zhumasak mecco soprano Bibi bәri de bәjgegi tүsetin bolgansyn birinen biri ozdyramyn dep bar sheberlikterin salyp ne bir mykty әnderdi kommissianyn aldyna tabaktaj tartyp zhatyr Әmire okuy kop bolmaganymen tokygany eskergeni kop adam edi Osy zholdardyn avtory Almatynyn muzyka tehnikumynda istep turgan kezinde ol bir kүni tehnikumga kelip eki sagattaj sojlesti Әngimenin mazmuny ozinin buryngy zaman oktemdigimen oki almaj kalgany endi myna bir kishkene kyzdaryn muzykaga okytkysy keletini boldy Bul 1933 zhyldyn kүzi bolatyn Әmire uly әnshi azamat Onyn omiri men kimyly әli de zerttele tүsedi Ol zhoninde talaj kitaptar dastandar zhazylmak Onyn aty әn mektebinde mәngi kalady Әmire turaly zhazylgan shygarmalarZhүsipbek Ajmauytov Әnshi әngimesindegi Әmirkan bejnesi Iliyas Zhansүgirov Әnshi poemasy Қajnekej Zharmaganbetovtyn Әnshi azamat povesi Sәdu Mashakov pen Orazakyn Askardyn poemalary bar Zharkyn Shәkәrim Әmire zertteu kitaby 1977 zhyly zharyk kordi Zharkyn Shәkәrim Әn zhuldyzy kitaby 1978 zhyly zharyk kordi Zharkyn Shәkәrim Amre Kashaubaev god izdaniya 1981 god Na russkom yazyke Zharkyn Shәkәrim Әn askary Әmire zertteu kitaby 1988 zhyly zharyk kordi Zharkyn Shәkәrim Әmire Қashaubajuly zertteu kitaby 2006 zhyly zharyk kordi Zharkyn Shәkәrim 1974 zhyly Mәskudegi Kinofoto kuzhattary zhәne dybys zhazbalarynyn Ortalyk arhivinen Әmire Қashaubaev 1925 zhyly oryndagan fonografka zhazylyp alyngan Agash ayak Dudaraj Beskarager Smet Zhalgyz arsha Balhadisha Үsh dos әnderinin үntaspasyn tauyp kүjtabakka audaryp avtor retinde zharykka shygardy Kүjtabakta Әlkej Margulan Serke Қozhamkulov Zhүsipbek Elebekov Sapargali Begalin Әmire zhajly estelikter ajtty Zharkyn Shәkәrim Әmire turaly shyndyk makala Egemen Қazakstan gazeti 2013 zhyl 27 akpan kүni zharyk kordi Әmire Қashaubaev turaly akyn Қajyrbek Shagyrdyn Ұly tenor poemasy 2006 zhyly zharyk kordi Derekkozderhttps www inform kz kz kashaubaev amire a2222588 Balalar Enciklopediyasy II tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Zharkyn Shәkәrimnin zheke sajty http zharkynshakarim info index zhaz an kitaptarym 0 32 Muragattalgan 10 tamyzdyn 2016 zhyly Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz