«Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысыламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де бірнеше қайтара басылды (1939, 1957).
Жырдың оқиғасы, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтиды. Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері кездеседі (Көтібар, Арыстан, Есет, т.б.). Жырдың негізгі оқиғасы тама руының байы Маман мен шекті Көтібар батыр арасындағы өзара күресі. Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. Жырда Көтібар бейнесі де шебер берілген. Бұрынғы батырлықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тентектікке айналғаны осы бейне арқылы көрсетіледі.
Құрылысы, бейнелер жасау әдісі, тіл ерекшеліктері жырдың ескі поэтикалық дәстүрде туғанын көрсетеді. Ежелгі жыр, айтыс үлгілері кеңінен пайдаланылады. Эпикалық ұзақ дастандардағыдай, оқиғалар арасын қарасөзбен жалғап отыру үрдісі, жазба әдебиет дәстүріне тән белгілер де кездеседі.
«Айман-Шолпан» — реалистік мәнерде шығарылған, аса көркем жырлардың бірі. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» жыры бойынша жазған музыка драмасы (1934) Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында қойыла бастады.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ajman Sholpan liro epostyk zhyr Algash zhazyp alyp baspaga usyngan Zhүsipbek Shajhysylamuly 1896 1898 1901 1906 1910 1913 zhyldary Қazan baspasynan zheke kitap bolyp basylyp shykty Tonkeristen kejin de birneshe kajtara basyldy 1939 1957 Ajman Sholpan kojylymynyn korinisi Zhyrdyn okigasy negizinen 19 gasyrdyn algashky zhartysyndagy kazak elinin әleumettik kogamdyk tirshiligin turmys saltyn kamtidy Kejipkerlerdin ishinde tarihta bolgan adamdardyn esimderi kezdesedi Kotibar Arystan Eset t b Zhyrdyn negizgi okigasy tama ruynyn bajy Maman men shekti Kotibar batyr arasyndagy ozara kүresi Zhyrda zheke bas bostandygy koteriledi Ajman tek zheke basynyn azattygyn koksegen kyz emes el tynyshtygyn kauym yntymagyn ojlagan akyldy da ajlaly ozhet minezdi adam retinde korinedi Zhyrda Kotibar bejnesi de sheber berilgen Buryngy batyrlyktyn azyp el ishindegi usak tүjek tentektikke ajnalgany osy bejne arkyly korsetiledi Қurylysy bejneler zhasau әdisi til erekshelikteri zhyrdyn eski poetikalyk dәstүrde tuganyn korsetedi Ezhelgi zhyr ajtys үlgileri keninen pajdalanylady Epikalyk uzak dastandardagydaj okigalar arasyn karasozben zhalgap otyru үrdisi zhazba әdebiet dәstүrine tәn belgiler de kezdesedi Ajman Sholpan realistik mәnerde shygarylgan asa korkem zhyrlardyn biri Muhtar Әuezovtyn Ajman Sholpan zhyry bojynsha zhazgan muzyka dramasy 1934 Қazaktyn memlekettik akademiyalyk opera zhәne balet teatrynyn repertuarynan kop zhyldar bojy tүspej keldi 1960 zhyldan dramalyk teatrlar sahnalarynda kojyla bastady Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 096 6 Қazak Enciklopediyasy Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet