Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы — Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі 12-үйге көшірілді. Абай музейі-қорығындағы музей заттарының жалпы саны 22 232 бірлікті құрайды. Оның ішінде негізгі қор -12516 бірлік, ғылыми-қосалқы қор - 9716 бірлік. 11 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай. Жыл мезгілдері», «Дала әуені», «Абайдың балалық шағы», «Ақынның қалыптасуы», «Абайдың шығармашылығы», «Абайдың ақындық мектебі», «Абайдың отбасы», «Қара сөздер», «Абай мұрасы», «Мультимедиялық зал», «Балалар бөлмесі» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған. Семейдің тарихи-өлкетану музейін ұйымдастыру кезінде Абайдың өз қолымен тапсырған қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін танытатын, салт-дәстүрін дәріптейтін жәдігерлер қойылған. Ақын алақанының табы қалған бұл жәдігерлер 1885 жылы Абай ауылына келген Н.Долгополов арқылы музейге тапсырылып, аса бағалы әрі ғылыми құңдылығы жоғары жәдігер ретінде қазақтың тұрмысын, мәдениетін насихаттауға зор үлес қосып келе жатқанын айырықша атап өтуге болады.Абай тапсырған заттар көшпелі халықтың тұрмысын, шаруа-кәсібін, мәдениетін, өнерін танытатын: ұлттық музыка аспаптары, ертоқым, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киіз үй жиһаздары, тоғызқұмалақ, ұста саймандары болып бөлінеді. Жәдігерлердің сан алуандығы Абайдың қазақ халқының этнографиясын жан-жақты танытуға ғылыми тұрғыдан қарап, заттарды жүйелі түрде жинақтағанын көрсетеді.
Музей тарихы…
Музей 1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударады. Бұл екі үйдің де Абайға қатысы бар. Ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген. 1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында музей қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтың үйіне көшірілді.
Музей алғашқы ашылған жылдары «Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы» деген атпен Оқу министрлігінің қарауында болады. Одан соң мәдени-ағарту мекемелері басқармасының қарамағына көшті. 1990 жылы «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» болып қайта ұйымдастырылды. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Абайдың-Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығы құрмына: Семейдегі Бас музей, Ахмет Риза мешіт-медресесі, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі, Жидебайдағы Абайдың музей-үйі, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, «Шәкәрім Саят қорасы» экспозициясы, Әуезовтің Бөрілідегі музей-үйі, Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы мешіт-медресесі, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының музейі, Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының музей-үйі, Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Кәмен Оразалин музей-үйі, 6400 га Жидебай қорығы кіреді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурызында бекітілген № 119 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген.
Музей экспозициясы
- . «Абай. жыл мезгілдері» - экспозициясы Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдері негізінде жасалған. Жылдың төрт мезгілін қазақ әдебиетінде алғаш суреттеген ақын ол – Абай. Залда Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған заттары ерекше орын алады.
- . «Дала әуені» - бұл бөлімде көрермендер назарына музей қорындағы екі ішекті домбыра, үш ішекті домбыра, қыл қобыз, сыбызғы, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптары ұсынылады.
- . «Ақынның балалық шағы» залында ақынның ата-тегі, шежіресімен танысуға болады. Шежіре Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» тарихи еңбегіне негізделеді. Бұған қоса әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зере туралы мағлұматтар алуға болады.
- . «Ақынның қалыптасуы» залындағы архив деректері Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының ел билеу жұмыстарымен таныстырады. Абай оқыған Ахмет Риза медресесіне арналады.
- . Абай шығармашылығы» экспозициясында ақын шығармалары тақырыптар бойынша жүйеленіп көрсетілген. Хакім Абайдың философиялық тұжырымдамаларымен экспозицияның орталық стендінде көрсетілген қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармалары таныстырады.
- . «Абайдың ақындық мектебі» залы ұстаз-ақынның тікелей тәлім-тәрбиесінде болып, Абай дәстүрін жалғастырған ақын-шәкірттерімен таныстырады. Ш.Құдайбердіұлы және Шәкәрімнің мұрагері және шығармаларын насихаттаушы ақын, ұстаз, композитор А.Шәкәрімұлы мен «абайтану» ілімінің негізін қалаған ғалым, жазушы, М.Әуезов туралы мәліметтер берілген.
- . «Абайдың отбасы» залы Абайдың отбасы мен ұрпақтарына арналған. Экспозициядан Абай Құнанбайұлының отбасына қатысты заттар – Әйгерімнің ертоқымы, Еркежанның көйлегі мен камзолы және қыз-келіншектердің зергерлік әшекей бұйымдары орналасқан. Ақын ұрпақтарының шежіресі мен ұрпақтары туралы материалдар жеке көрсетілген.
- . «Қара сөздер» Абай Құнанбайұлының ғақлия сөздеріне арналған. Абайдың қара сөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Қара сөздеріне арналған залда көрермендер ақынның өсиетімен танысып, бізге мұра етіп жазған сөздерінен Бата алады.
- . «Абай мұрасы» залы хәкім Абай Құнанбайұлының қалдырған өшпес мол мұраларына арналады. Экспозицияда ақын шығармаларының насихатталуындағы кезеңдер көрсетілген.
- . «Мультимедиялық зал» Абай Құнанбайұлының музыка саласындағы үлкен мұрасынан хабар береді. Мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған залда көрермендер Абай Құнанбайұлының музыкалық шығармаларымен таныса алады.
Дереккөздер
Сілтемелер
- Ресми сайты Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2020 жылы.
- Абайдың әдеби-мемориалдық музей-қорығы қалай құрылды?
- Абай музейі - ел тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай YouTube сайтында
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Abajdyn Zhidebaj Borili memlekettik tarihi mәdeni zhәne әdebi memorialdyk muzej korygy Abaj Қunanbajulynyn omiri men akyndyk zholyna bajlanysty materialdar zhinaktalgan mәdeni mekeme 1940 zh 16 kazanda Abajdyn 95 zhyldyk merejtojyna oraj Semej kalasynda ashylgan Algashynda kazirgi Abaj koshesi 83 үjde ujymdastyryldy Al 1944 67 zhyldary kazirgi Komissar koshesi 132 үjde ornalasyp 1967 zh muzejdin eksponattar kory kobeyuine bajlanysty memlekettik arhitekturalyk eskertkish bolyp sanalatyn Lenin koshesi 12 үjge koshirildi Abaj muzeji korygyndagy muzej zattarynyn zhalpy sany 22 232 birlikti kurajdy Onyn ishinde negizgi kor 12516 birlik gylymi kosalky kor 9716 birlik 11 derbes takyryptyk zaldarga ornalaskan Abaj Zhyl mezgilderi Dala әueni Abajdyn balalyk shagy Akynnyn kalyptasuy Abajdyn shygarmashylygy Abajdyn akyndyk mektebi Abajdyn otbasy Қara sozder Abaj murasy Multimediyalyk zal Balalar bolmesi bolimderinde Abaj omirine bajlanysty arhivtik materialdar tүrli kuzhattar kazak halkynyn turmystyk etnografiyalyk omirin bejnelejtin zattar kol oneri men bejneleu onerinin tuyndylary sol kezende omir sүrgen akyndardyn kolzhazba muralary fotosuretter sirek kezdesetin kitaptar t b ornalystyrylgan Semejdin tarihi olketanu muzejin ujymdastyru kezinde Abajdyn oz kolymen tapsyrgan kazak halkynyn turmys tirshiligin tanytatyn salt dәstүrin dәriptejtin zhәdigerler kojylgan Akyn alakanynyn taby kalgan bul zhәdigerler 1885 zhyly Abaj auylyna kelgen N Dolgopolov arkyly muzejge tapsyrylyp asa bagaly әri gylymi kundylygy zhogary zhәdiger retinde kazaktyn turmysyn mәdenietin nasihattauga zor үles kosyp kele zhatkanyn ajyryksha atap otuge bolady Abaj tapsyrgan zattar koshpeli halyktyn turmysyn sharua kәsibin mәdenietin onerin tanytatyn ulttyk muzyka aspaptary ertokym ydys ayak karu zharak kiiz үj zhiһazdary togyzkumalak usta sajmandary bolyp bolinedi Zhәdigerlerdin san aluandygy Abajdyn kazak halkynyn etnografiyasyn zhan zhakty tanytuga gylymi turgydan karap zattardy zhүjeli tүrde zhinaktaganyn korsetedi Muzej tarihy Muzej 1940 1944 zhyldary Bekbaj Bajysovtyn үjinde ashylyp 1944 1967 zhyldary Әniyar Moldabaevtyn үjine konys audarady Bul eki үjdin de Abajga katysy bar Akyn 1875 1904 zhyldary Semej kalasyna kelgende osy үjlerge tүsip zhүrgen 1967 zhyly Abajdyn 125 zhyldyk merejtojy karsanynda muzej kaladagy sәulet eskertkishterinin biri sanalatyn uly akyn omir sүrgen dәuir үlgisimen salyngan kopes Roman Ershovtyn үjine koshirildi Muzej algashky ashylgan zhyldary Abajdyn memlekettik әdebi memorialdyk murazhajy degen atpen Oku ministrliginin karauynda bolady Odan son mәdeni agartu mekemeleri baskarmasynyn karamagyna koshti 1990 zhyly Abajdyn memlekettik tarihi mәdeni zhәne әdebi memorialdyk koryk murazhajy bolyp kajta ujymdastyryldy Bүgingi kүnde Қazakstan Respublikasy Mәdeniet zhәne akparat ministrligi Mәdeniet komitetinin Abajdyn Zhidebaj Borili memlekettik muzej korygy kurmyna Semejdegi Bas muzej Ahmet Riza meshit medresesi Alash arystary M Әuezov muzeji Zhidebajdagy Abajdyn muzej үji Abaj Shәkәrim memorialdyk kesheni Shәkәrim Sayat korasy ekspoziciyasy Әuezovtin Borilidegi muzej үji Kokbaj Zhanatajulynyn Takyrdagy meshit medresesi Makanshydagy Әset Najmanbajulynyn muzeji Қundyzdydagy Shәkir Әbenulynyn muzej үji Abaj audany Қarauyl auylyndagy Kәmen Orazalin muzej үji 6400 ga Zhidebaj korygy kiredi Қazakstan Respublikasy Mәdeniet zhәne sport ministrinin 2015 zhylgy 30 nauryzynda bekitilgen 119 bujrygyna sәjkes respublikalyk manyzy bar eskertkish statusy berilgen Muzej ekspoziciyasyZhyl mezgilderi zaly Abaj zhyl mezgilderi ekspoziciyasy Abaj Қunanbajulynyn zhyl mezgilderine arnap zhazylgan olenderi negizinde zhasalgan Zhyldyn tort mezgilin kazak әdebietinde algash surettegen akyn ol Abaj Zalda Abaj Қunanbajulynyn olketanu muzejine tapsyrgan zattary erekshe oryn alady Dala әueni bul bolimde korermender nazaryna muzej koryndagy eki ishekti dombyra үsh ishekti dombyra kyl kobyz sybyzgy dauylpaz siyakty muzykalyk aspaptary usynylady Akynnyn balalyk shagy zalynda akynnyn ata tegi shezhiresimen tanysuga bolady Shezhire Sh Қudajberdiulynyn Tүrik kyrgyz kazak һәm handar shezhiresi tarihi enbegine negizdeledi Bugan kosa әkesi Қunanbaj anasy Ұlzhan әzhesi Zere turaly maglumattar aluga bolady Akynnyn kalyptasuy zalyndagy arhiv derekteri Abajdyn әkesi Қunanbaj Өskenbajulynyn el bileu zhumystarymen tanystyrady Abaj okygan Ahmet Riza medresesine arnalady Abaj shygarmashylygy ekspoziciyasynda akyn shygarmalary takyryptar bojynsha zhүjelenip korsetilgen Hakim Abajdyn filosofiyalyk tuzhyrymdamalarymen ekspoziciyanyn ortalyk stendinde korsetilgen kazak orys agylshyn tilderindegi shygarmalary tanystyrady Abajdyn akyndyk mektebi zaly ustaz akynnyn tikelej tәlim tәrbiesinde bolyp Abaj dәstүrin zhalgastyrgan akyn shәkirtterimen tanystyrady Sh Қudajberdiuly zhәne Shәkәrimnin murageri zhәne shygarmalaryn nasihattaushy akyn ustaz kompozitor A Shәkәrimuly men abajtanu iliminin negizin kalagan galym zhazushy M Әuezov turaly mәlimetter berilgen Abajdyn otbasy zaly Abajdyn otbasy men urpaktaryna arnalgan Ekspoziciyadan Abaj Қunanbajulynyn otbasyna katysty zattar Әjgerimnin ertokymy Erkezhannyn kojlegi men kamzoly zhәne kyz kelinshekterdin zergerlik әshekej bujymdary ornalaskan Akyn urpaktarynyn shezhiresi men urpaktary turaly materialdar zheke korsetilgen Қara sozder Abaj Қunanbajulynyn gakliya sozderine arnalgan Abajdyn kara sozderi zhalpy takyryp mazmun zhagynan alganda onyn akyndyk murasymen tygyz bajlanysty Қara sozderine arnalgan zalda korermender akynnyn osietimen tanysyp bizge mura etip zhazgan sozderinen Bata alady Abaj murasy zaly hәkim Abaj Қunanbajulynyn kaldyrgan oshpes mol muralaryna arnalady Ekspoziciyada akyn shygarmalarynyn nasihattaluyndagy kezender korsetilgen Multimediyalyk zal Abaj Қunanbajulynyn muzyka salasyndagy үlken murasynan habar beredi Multimediyalyk kondyrgylarmen zhabdyktalgan zalda korermender Abaj Қunanbajulynyn muzykalyk shygarmalarymen tanysa alady DerekkozderSiltemelerResmi sajty Muragattalgan 18 kyrkүjektin 2020 zhyly Abajdyn әdebi memorialdyk muzej korygy kalaj kuryldy Abaj muzeji el tarihyndagy tungysh әdebi murazhaj YouTube sajtynda