Ескерткіш–
- кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;
- тар мағынасында — ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы — көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған. Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға ескерткіш қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғасырда қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға ескерткіштер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде 18 ғасырда және 19 ғасырдың 1-жартысында мүсіншілер К.Б. Растрелли, М.И. Козловский, Б.И. Орловский, И.П. Мартостың жобасы бойынша Санкт-Петербург пен Мәскеуде Петр I-ге, А.В. Суворовқа, М.И. Кутузовқа, К.Минин мен Д.Пожарскийге ескерткіш орнатылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Н.А. Андреев, Н.В. Томский, В.И. Мухина, К.М. Мерашвили, т.б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы ескерткіштер орнатылуына үлес қосты. 1941 — 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіштер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі — Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған (мүсіншілер Е.В. Вучетич, Я.Б. Белопольский) тарихи-мемориалдық ескерткіш. Қазақстанда ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы ескерткіштердің бірі — Алматыдағы “Амангелді Иманов” ескерткіші (Мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Бәсенов; 1947). Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың “Абай” (1960), “Шоқан Уәлиханов” (1969, екеуі де Алматыда), “Жамбыл Жабаев” (1964, Тараз), “Амангелді Иманов” (1959, Қостанай облысы Амангелді ауданы), Т.Досмағамбетовтің “Шоқан Уәлиханов” (1972, Көкшетау), Ю.Г. Былыктың “Нұркен Әбдіров” (1969, Қарағанды), т.б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б.Әбішевтің “Жамбыл” (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен — “Тәуелсіздік монументі” (авторлық шығармалар топ жетекшісі — Ш.Ы. Уәлиханов, мүсіншілер А.Жұматаев, Н.Далбай, К.Сұранышев, А.Боярлин, М.Мансұров, К.Сатыбалдин; сәулетшілер — Қ.Монтахаев, Н.Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің “Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш” (монумент; авторлық топ жетекшісі — Т.Сүлейменов, сәулетші А.Ордабаев, А.Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің “Қаныш Сәтбаев” (1999, Алматы), мүсінші К.Кәкімовтің “Сұлтан Бейбарыс” (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған “Ордабасы кешені” (сәулетші ұ.Садырбаев, 1997, Оңтүстік Қазақстан облысы) ескерткіштері, т.б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eskertkish ken magynasynda eldin halyktyn mәdeni murasynyn zhalpylama atauy Tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin zhiyntygy murazhajlyk kormelik manyzy bar zattar men zhylzhymajtyn eskertkishterdi kurylystardy gimarattardy t b kamtidy Ortak tipologiyalyk belgileri bojynsha eskertkishterdi negizgi 4 tүrge boledi arheologiyalyk eskertkishter tarihi eskertkishter sәulet oneri eskertkishteri monumenttik mүsin oneri eskertkishteri Sondaj ak eskertkishterge tarihi tanymdyk nemese tarihi korkem kundylygy bar zhazbalardy da zhatkyzuga bolady Yagni adamzattyn kone zamannan kүni bүginge dejingi damuy zholyndagy tүrli saladagy asa manyzdy zhetistikterinin erekshe kajtalanbas zattyk ruhani үlgi nuskalaryn adam omirindegi okigalardy belgili bir eldin halyktyn basynan keshken tarihi kezenin eske tүsiretin kundylyktardy kasterli muralardy eskertkish dep atau kalyptaskan Olardy shartty tүrde auyz әdebieti eskertkishi zhazba eskertkish oner eskertkishi sәulet eskertkishi arheologiyalyk eskertkish ulttyk dәstүrli koloner eskertkishi dini eskertkish t b dep te tүrlishe zhikteuge bolady Mәselen adam kabirinin basyndagy oba korgan dyn sondaj ak sak dәuirinen kone tүrki kypshaktar kezeninen zhetken tas mүsinder syntas sartas kulpytas kojtas үshtas bestas sagana tortkulak kesene t b arheologiyalyk zhәne sәulet eskertkishteri en algashky eskertkish tүrleri kataryna zhatady Tarih zhәne mәdeniet eskertkishterin korgau memlekettik dengejdegi shara bolyp tabylady zhәne oskelen urpak tәrbiesinin manyzdy boligin kurajdy Almatydagy Abaj eskertkishiӘjgili eskertkishtin biri Ejfel munarasyӘlemnin әjgili mәdeni eskertkishi Panteon men nyshany tar magynasynda uly tulgalardy belgili kajratkerlerdi nemese eleuli tarihi okigalardy este kaldyru үshin zhasalatyn mүsindik tuyndy Bul atau monument degen ugymnyn magynasyna zhakyn Alajda eskertkish әdette dүnie salgan adamnyn kurmetine turgyzylady Eskertkishtin ken taragan tүri de osy kolemi nakty turpattan үlkendeu mүsindik bejneler Olar әdette kornekti zherge kala alanyna sayabakka tarihi oryndarga tarihi adamdardyn tugan zherlerine urys dalasyna ornatylady Өlgen adamga eskertkish ornatu dәstүri erte zamanda ak pajda bolgan Mysaly ezhelgi Grekiyada asa kornekti kolbasshylar men kogam kajratkerlerinin kurmetine Rimde imperatorlarga eskertkish kojylgan Қajta orkendeu dәuirinde Italiyada Mikelandzhelo Franciyada T Bontan t b siyakty mүsin oneri sheberlerinin aty әjgili boldy 19 gasyrda Europa men Amerikada әr tүrli okigalarga 20 gasyrda kajratkerlerine zhazushy suretshi muzykashylarga eskertkishter zhasau үrdisi ken etek aldy Resejde 18 gasyrda zhәne 19 gasyrdyn 1 zhartysynda mүsinshiler K B Rastrelli M I Kozlovskij B I Orlovskij I P Martostyn zhobasy bojynsha Sankt Peterburg pen Mәskeude Petr I ge A V Suvorovka M I Kutuzovka K Minin men D Pozharskijge eskertkish ornatyldy Kenes okimetinin algashky zhyldarynan bastap N A Andreev N V Tomskij V I Muhina K M Merashvili t b mүsinshiler koptegen kalalarda dankty adamdarga tulgaly eskertkishter ornatyluyna үles kosty 1941 45 zhyldardagy Ұly Otan sogysynda kaza tapkan zhauyngerlerdin erligin mәngi este kaldyruga arnalgan eskertkishter ote kop Solardyn ishindegi en kүrdelisi Berlindegi kenes әskeri zhauyngerleri kurmetine turgyzylgan mүsinshiler E V Vuchetich Ya B Belopolskij tarihi memorialdyk eskertkish Қazakstanda eskertkish ornatu 1940 zhyldan kejin ken oris aldy Algashky eskertkishterdin biri Almatydagy Amangeldi Imanov eskertkishi Mүsinshi H B Askar Sarydzha sәuletshi T Bәsenov 1947 Belgili mүsinshi H Nauryzbaevtyn Abaj 1960 Shokan Uәlihanov 1969 ekeui de Almatyda Zhambyl Zhabaev 1964 Taraz Amangeldi Imanov 1959 Қostanaj oblysy Amangeldi audany T Dosmagambetovtin Shokan Uәlihanov 1972 Kokshetau Yu G Bylyktyn Nurken Әbdirov 1969 Қaragandy t b mүsin eskertkishteri Қazakstandagy algashky eskertkishterdin en kornektileri bolyp tabylady Қazakstan tәuelsizdik algannan kejin de umytylmas esimder men tarihi okigalardy zhangyrtatyn birkatar eskertkishter turgyzyldy Olar mүsinshi B Әbishevtin Zhambyl 1996 Almaty Respublika tәuelsizdigine arnalgan keshen Tәuelsizdik monumenti avtorlyk shygarmalar top zhetekshisi Sh Y Uәlihanov mүsinshiler A Zhumataev N Dalbaj K Suranyshev A Boyarlin M Mansurov K Satybaldin sәuletshiler Қ Montahaev N Zharylgapov 1997 Almaty mүsinshiler Boyarlin men T Myrzageldinnin Sayasi kugyn sүrgin zobalanynan kurban bolgandarga eskertkish monument avtorlyk top zhetekshisi T Sүlejmenov sәuletshi A Ordabaev A Kenzhetaev Montahaev 1997 Astana mүsinshi Dosmagambetovtin Қanysh Sәtbaev 1999 Almaty mүsinshi K Kәkimovtin Sultan Bejbarys 2000 Atyrau kazak elinin birligi men yntymaktastygynyn belgisi retinde Ordabasy tauynda ornatylgan Ordabasy kesheni sәuletshi u Sadyrbaev 1997 Ontүstik Қazakstan oblysy eskertkishteri t b Sondaj ak әdebiet oner memleket zhәne kogam kajratkerlerinin kabiri basyna bejne mүsin koyu nemese olar turgan үjdin kasbetine zhazuly eskertkish takta ornatu da dәstүrge ajnalgan Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 III tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet