Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
Атауы
Бұл халық өзін өзі сақа, сақ деп атаған, (аккад. ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған.
Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған.
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекендеген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яқсарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ (Қапқаз) тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яқсарт (Сырдария), Оқсус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бақтрлар) Яқсарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б.з.б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызстан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен:
- (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
- ( сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
- (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Тарихы
Парсылардың патшасы , Кройсоспен б.з.б. 558—529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақтарды, соның ішіндегі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған.
Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахаменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокқарибантийлері тиграхауда-сакқтарға, амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбасына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде ахаменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сақарауылдар (сақарауықтар) және басқалары.
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы қартасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша қоюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Нақши-Рүстем және Персепол жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.
В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварға мен тиграхауда) Таяу Шығыстың қалықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда сақтар Ахаменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардың патшаларымен бірге I Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады.
Сақтар мен массагеттер еліне Ахаменид патшалары Дарий мен одан бұрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Арақыс озенінң арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир мен I Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II-Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорықта массагет сақтар тайпаларына қарсы бағытталған; бұлардың жері Геродоттың ортоқарибантийлерінің немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Жағырапиялық жағынан алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. Массагет одағы, сірә, дербиктер, әбийлер, апасиақтар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.
Сондай-ақ тиграхауда сақтар Шашты, және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Ескендір Зұлқарнайын замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дақ» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дақтардың (дайлардың) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б.з.б. III-ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагеттердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8,2).
хаумаварға сақтар ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болып, грек деректемелерінде амюргий сақтар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий сактарды ежелгі және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сақ тайпалары еді. Геродот былай деп жазады: «Бұл — амюргий сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.
Скифтердің тайқазаны
Скифтер тайқазан жасап, оған жылқының етін асып, аталарына ас берген. Сол дәстүр қазақтарда бүгінге дейін сақталып келеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің мавзолейінде тұрған тайқазан-скиф дәуірінен бері үзілмей келе жатқан дәстүріміздің белгісі. Ариант деген патша скифтердің санын білмек болып, “Әрбір скиф бір-бір жебенің ұшын әкелсін!” деп бұйырады. Жиналған жебенің көптігі сонша, патша жебенің ұшындағы жезді балқытып, қазан құяды. Скифтердің тайқазанын көзімен көрген Геродот былай деп жазыпты: “Ол қазанды көрмесеңіздер мен суреттеп берейін: оған 600 құман су еркін сыяды, ал скифтердің бұл ыдысының қалыңдығы алты елі”. Скифтердің тағы бір дәстүрі – бие сауып, қамыз ашытқан.
Сақтар туралы ежелгі тарихшылардың пікірлері
“Сақтар – садақпен, қылышпен, сауытпен, жез балтамен қаруланған тамаша атты және жаяу әскерлер; ұрыстарда алтын белдік тағынып, алтын таңғыш байлап жүреді. Аттарының жүгендері, тізгендері де алтынмен әшекейленген. Оларда күміс жоқ, темір аз, ал жез бен алтын көл-көсір.” (Страбон, ежелгі грек географы, тарихшы)
“Егер сен өзіңнің барлық байлығыңнан бас тартып, садақпен жіне жебемен жарақтанып, сақтардың арасында өмір сүрсең, онда сен еркін адам болар едің.” (
“Олармен еуропалық патшалықтар да теңдесе алмайды. Тіпті Азияда да скифтерге жеке-дара қарсы тқра алатын халық жоқ.” (Фукидид, ежелгі грек тарихшысы)
“Иә, шындығында, дәл солар ғана, түркілер – бұл тарихтың көшбасшылары, оның басты қайраткерлері болды.” (, академик-ғалым, тарихшы)
“Сақтардың арасында еш қызғаныш, ауыр ұрыс-керіс жоқ. Ешкім де ешкімді жек көрмейді, керісінше, мүмкіндігі келгенше бір-біріне көмектеседі және қолдау білдіреді. Олар өзара дос және азық-түліктерінің аздығына қарамастан, бір-бірімен шын пейілдерімен бөліседі.” (, итальян саяхатшысы)
Кир әскерінің басып кіруі
Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұд кезде сақтардың билеушісі Тұмар еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Тұмарға жібереді. Бірақ Тұмар "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазады Рим тарихшысы .
Сақ патшайымы Тұмар келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Тұмар парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Ыспарғапис жаудың соңынан қуып, тәжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Тұмар қалың әскермен Кир жаққа аттанады.
Шырақтың ерлігі
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты I Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген I Дарий сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиен былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы әскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан I Дарий қырғынға ұшырап, ары қарай соғысқа шыдай алмай, Парсыстанға қайтып кетеді" деп жазған
Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. соңы — 5 ғ. басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы сақ тайпалары парсылар жағында болды. 490 ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.
4 ғ. 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері ең соңғысы армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Марақандты (Самарқан) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің ауырып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаомаварга сақтарының қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана деңгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтар да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған".
Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың қай жерді мекендегені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотта бар: «Танаис өзенінің (қазіргі өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.
Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түркілер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.
Соғыстары
Көне жазбаларға қарағанда Ахамен әулетінің патшалары II Кир, I Дарий сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, әскери құрамында қызмет атқарды. Ескендір, кейіннен Селевкилер де сақтарға қарсы соғысты. Б.з.б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сақстан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкістанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі сақтар б.з.б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, өздерінше атауы сақа, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.
Археологиялық ескерткіштері
Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. Іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.
Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. VIII-VI ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. V-I ғғ.).
Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. V ғ.
Шығыс Қазақстан
Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. VII-VI ғғ), берел кезеңі (б.з.д. V-IV ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. III-I ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.
Орталық Қазақстан
Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. VII-III ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді.
Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше нұсқалардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыны да болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.
Арал өңірі
Арал өңірі сақтар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.
Батыс Қазақстан
Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.
Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Түйе шаруашылығы да кең дамыды.
Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.
Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.
Кәсіпшілігі
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіптері дамыған. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.
Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс кені, ал Жезқазған мен Үспенскіден 10 мың және 26 мың пұт кен өндірілген, сонда сол кеннің көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.
Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама
Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған. Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар кигізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне ат жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін.
Сақтардың шаруашылығы
Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақтар құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан суару арналарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.
Саудасы
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өткен.
Қоғамы
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Куинт Күрсий Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
- жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),
- абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
- қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилепс — патша деп атаған. Патшаның белгісі - жебелі садақ.
Мәдениеті
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат Күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астынікі Индира секілді құдайлар болған.
Қолөнер кәсібі
Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыған. Түрлі түсті сердолик, халцедон, ағат, ақық сияқты тастардан сақ шеберлері әшекей бұйымдарды жасаған. Асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен белдіктер жасалған. Ұсталар тастан, саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып, қазандарды құйды, қару-жарақ соқты. Атты әскерлерге қажетті семсерлер мен найзалар, қанжар, жебе ұштарын дайындады.
Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдыңғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген. Бұлар - күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады.
Дереккөздер
- Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан? (қаз.). ukkz.net. «Үш қиян» газеті (23 Ақпан 2012). Тексерілді, 9 наурыз 2012.
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
- "Аңыз адам" журналы
- Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2009
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna sәjkes bolu үshin zhetildiru kazhet Osy makalany әri karaj damytuga komektesiniz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Saktar sakalar b z b 1 mynzhyldykta Orta Aziya men Қazakstan Shygys Tүrkistan aumagyn meken etken ezhelgi tajpa Olar kuatty tajpalyk odaktary massagetter issedondar alandar kaspijler sarmattardan turgan Sak tajpalary mekendegen aumagy 1000 ZB 500 ZB Қazakstan tarihyEzhelgi Қazakstan tarihyTas dәuiri Қola dәuiri Temir dәuiri Saktar Үjsinder Қanlylar ҒundarҚazakstannyn erte orta gasyrlardagy memleketteriTүrki kaganaty 552 603 Batys Tүrik kaganaty 603 704 Shygys Tүrik kaganaty 682 744 Tүrgesh kaganaty 704 756 Қarluk kaganaty 756 940 Қimak memleketi IH g sony HI g basy Ogyz memleketi IH g sony HI g basyҚarahan memleketi 942 1212 zhzh Қarakytaj memleketi 1128 1213 zhzh Қypshak handygy Mongol imperiyasy 1206 1291 Zhoshy ulysy 1224 1481 Shagataj kaganaty 1222 1370 Orda Ezhen ulysy 1242 1446 Shajbani ulysy 1243 Ak Orda XIII XV gg Kok Orda Әbilkajyr handygy 1428 1468 Nogaj ordasy 1440 1634 Mogolstan 1348 1514 Tashkent handygy 1501 1627 Қazak handygy dәuiriҚazak handygy 1465 1847 Ұly zhүz 1715 1822 Orta zhүz 1715 1822 Kishi zhүz 1715 1824 Resej imperiyasy kuramyndagy ҚazakstanBokej Ordasy 1801 1872 Alash avtonomiyasy 1917 1920 Tүrkistan avtonomiyasy 1917 1918 Қyrgyz Қazak AKSR i 1920 1925 Қazak AKSR i 1925 1936 Қazak KSR i 1936 1991 Tәuelsiz Қazakstan tarihyҚazakstan 1991 kazir k t oPortal Қazakstan Sanat Қazakstan tarihy AtauyBul halyk ozin ozi saka sak dep atagan akkad ashkuza kyt 塞 Sai kone kytajsha sek Olardy skifter gr skythai dep atagan Ol turaly grek tarihshysy Gerodot ozinin Tarih degen enbeginde 5 tomynda zhagyrapiyashy Strabon Zhagyrapiyasynda zhazyp kaldyrgan Sak tajpasynyn әrtүrli ataulary bolgan Ezhelgi grekter olardy aziyalyk skifter al parsylar Қudyretti erkekter dep atagan Қonystangan zherleriB z b I mynzhyldykta Soltүstik Үndistandy Auganstandy Orta Aziyany zhәne Қazakstannyn ontүstigin kamtityn ken bajtak aumakta zhinaktap alganda sak dep atalatyn koptegen tajpalar mekendegen Gerodot b z b V g zhәne baska antik tarihshylary olardy Aziya skifteri dep atagan Fylymda saktardyn bul toptarynyn Orta Aziya men Қazakstan aumagynda shogyrlangany turaly koptegen bolzhamdar bar Olardyn bireuine sәjkes Shash Tashkent audany Soltүstik Қyrgyzstan aumagynda zhәne Қazakstannyn ontүstiginde tigrahauda saktar mekendegeni bul sak tajpalarynyn etnikalyk aumagy kenirek bolgan ogan Ontүstik Oral oniri men Tauly Altajda mekendegen Ahemendik Irannyn syna zhazu eskertkishterinde Saktar үsh topka bolinedi Olar haumavarga Saktar haomu sharabyn ishetinder nemese amyurijlikter tigrahauda Saktar shoshak boriktiler paradaraya Saktar tenizdin argy zhagyndagylar Bular Orta Aziyanyn ontүstigin Aral tenizinin toniregin Syrdariya bojyn Zhetisu alkabyn mekendegen Saktar odaktaryna yaksart massagetter issedon dajlar astak kamak arimaspy siyakty koptegen kone tajpalar birikken Bular Kavkaz Қapkaz tauyn Қaz tauy dep atagan Sak zherinde Yaksart Syrdariya Oksus Өkissu Әmudariya үlken ozender bolgan Syrdariyany Baktiyarlar baktrlar Yaksart al Saktar Siles Sile Sileti dep atagan Saktardyn b z b mәdenietti el bolgany turaly derek mol Arheologtar Қazakstannyn ontүstik audany men Қyrgyzstan Tәzhikstan zhәne Altaj zherlerinen Saktar tajpalarynyn korgandary men obalaryn tapty Parsy patshasy gr Persepolis zhakyn Nakshirustamdagy tas zhazularynda saktardy үsh topka bolip korsetken tenizdin argy betindegi saktar europalyk saktar skifter nemese Aral tenizi Syrdariyanyn argy zhagyndagylar susynyn zhasajtyn saktar Fergana alkabyn mekendeushiler shoshak borikti saktar Syrdariyanyn orta agynyn zhәne Zhetisudy mekendeushiler TarihyParsylarga tutkynga ustalgan saktardyn Skunha degen kosemi Behistun Iran Parsylardyn patshasy Krojsospen b z b 558 529 zhzh sogyskanda saktarmen odaktaskan Kejin Қurysh saktardy sonyn ishindegi massagetterdi ozine bagyndarudy ujgardy Қurysh sojtip Sak zherine basyp kirdi Alajda parsylar saktardy zhendik degen kezde sak zhauyngerleri tutkiyldan bas salady Қurysh ta әskerleri de oltiriledi Tumar turaly anyz osy kezde shykty Bul anyz raska tәn Қurysh uly massagetterge okilderin zhiberip әkesi mәjitin keri algan Syna zhazuy mәtinderinin kejbir etnonimderi grek derektemelerindegi tajpalar attarymen ilanymdy uksastyrylady Mәselen Gerodottyn oz ajtuy bojynsha Ahamenid derzhavasynyn onynshy әkimshilik okrugine kirgen Gerodot Sh 92 ortokkaribantijleri tigrahauda sakktarga amyurgijlik saktar haumavarga saktarga Gerodot VIII 64 al dajlar Avestanyn zhәne Kserks zhazbasyna sәjkes keledi Baska da grek avtorlarynyn kopshiligi siyakty Gerodot ta kejde aziyalyk skifter degen termindi kosa otyryp saktardy skifter dep atajdy Bul atau grek tarihshylaryna zhaksy tanys Soltүstik Қara teniz oniri men Aldyngy Aziyanyn koshpeli skif tajpalaryna karap ajtyldy Birak grek derektemelerinde ahamenidtik syna zhazularynda kezdespejtin baska ataular da bar olar massagetter savromattar kejingi kezde sarmattar argippejler arimaspylar assiler pasiandar sakarauyldar sakarauyktar zhәne baskalary Parsy zhәne antik derektemelerindegi tajpalardy Қazakstan men Orta Aziyanyn osy zamangy kartasyna ornalastyru turaly mәsele әli tүpkilikti sheshilgen zhok Tenizdin argy zhagyndagy saktardy okshaulap bolude tayau uakytka dejin eki kozkaras bolyp keldi Birinshi kozkaras V V Struve turgysynan paradraja saktardy Aral tenizinen shygyska taman zhәne Әmudariya men Syrdariya ozenderinin tomengi bojlaryna ornalastyru kerek edi Mәseleni bulajsha koyuga I Darijdin saktarga karsy zhorygynyn zhүrgen zholy turaly әngimelejtin Behistun zhazbasynyn besinshi baganynyn ekinshi zhartysyn kajta kurudy usynu negiz boldy alyngan mәtininin kalpyna keltirilgen boligin al odan kejin Nakshi Rүstem zhәne Persepol zhazularyn antik derektemelerinin mәlimetterimen salystyru negizinde paradraja saktardyn zhәne Sogdynyn ar zhagyndagy saktardyn massagetgerge dajlarga kaspilerge sәjkestigi turaly bolzham zhasaldy V V Grigorev baskasha kozkarasyn ajtady ogan karaganda paradraja saktar dep Ontүstik Resej zhәne onymen shektes ajmaktar aumagyn mekendegen europalyk skifterdi tүsinu kazhet bolady Behistun zhazbasyn zhanadan zertteu zhәne audaru Behistun zhazbasynyn V baganasyn baskasha karap baskasha tүsindiruge әkep sokty Қazirgi uakytta paradraja saktardy Қara tenizdin soltүstik toniregine ornalasty deu durysyrak dep sanalady Orta Aziya men Қazakstan saktarynyn baska eki toby haumavarga men tigrahauda Tayau Shygystyn kalyktaryna kobirek mәlim bolgan Kir men Darij zhoryktar zhasagan tigrahauda saktar Ahamenid bederleri men morlerinde birneshe ret bejnelengen Olardyn Skunha dep atalatyn koseminin tulgasy baska da bagyndyrylgan halyktardyn patshalarymen birge I Darijdin bujrygy bojynsha Irandagy Behistun degen zherdegi zhartaska kashap salyngan Ezhelgi Shygystyn en kone zhәne asa manyzdy sayasi kuzhattarynyn biri dep әbden oryndy sanalatyn Behistun zhazbasynyn sak kosemin tutkynga alumen bajlanysty okigalarga arnalgan V baganasynyn 20 30 zholynda bylaj delingen Darij patsha bylaj dejdi sodan kejin men әskerimmen Saktarga attandym Shoshak borik kietin saktar shajkaska shykty Men tenizge zhettim de bүkil әskerimmen argy betke ottim Sojtip men saktardyn bir boligin ojsyrata talkandadym da ekinshi boligin tutkynga aldym Skunha degen kosemin kolga tүsirip magan әkeldi Sol zherde men oz degenimmen ekinshi bireuin olardyn kosemi kylyp tagajyndadym Budan kejin el magan karady Bul mәtin shoshak borik kietin tigrahauda saktar turaly akparat beretin saktalyp kalgan birden bir zhazbasha kuzhat bolyp tabylady Onda tigrahauda saktar zheri bastalatyn bir sudyn bar ekendigi de ajtylady Saktar men massagetter eline Ahamenid patshalary Darij men odan buryngy II Kirdin zhoryktary tarihi anyktalgan faktiler kataryna zhatady Osy okigalar turaly egzhej tegzhejli әngimelejtin Gerodot massagetter zherin Kaspij tenizinen shygyska taman Arakys ozeninn argy zhagyndagy kүnnin shygu bagyty bojynsha ornalastyrady Gerodot I 201 204 II Kir men I Darij zhoryktarynyn zholdary talas tugyzady Bireuler Darij ozinin izasharynyn zhүrgen zholyn kajtalaj otyryp saktarmen Әmudariyanyn argy zhagynda Aral tenizi manynda kezdesti dep sanajdy ekinshi bireuler II Kir massagettermen Үzboj ozeni argy zhagynda Әmudariyanyn bүginde tartylyp kalgan batys salasy shajkasty al Darij saktar zherine Әmudariyanyn orta tusynan otti dep sanajdy Bir nәrse ajkyn pikirlerdin kajshylyktaryna karamastan eki zhorykta massaget saktar tajpalaryna karsy bagyttalgan bulardyn zheri Gerodottyn ortokaribantijlerinin nemese Behistun zhazbasyndagy tigrahauda saktardyn zherimen tolyk nemese ishinara sәjkes keledi dep topshylau kerek Zhagyrapiyalyk zhagynan alganda bul Kaspijdin shygys toniregi men Үzbojdan Syrdariya ozenine dejin kosa algandagy Aral onirinin ajmagy Massaget odagy sirә derbikter әbijler apasiaktar siyakty tajpalardy da biriktirse kerek Sondaj ak tigrahauda saktar Shashty zhәne Zhetisudy mekendegen degen pikir de bar Strabonnyn ajtuy bojynsha massagetterden soltүstikke taman Meotidadan zhogary Strabon XI 9 2 zherlerde daj tajpalary konystangan Syrdariyanyn argy zhagyndagy olar Eskendir Zulkarnajyn zamandastaryna da mәlim boldy Antik avtorlar olardy burynyrakta Gerodottyn zhazganyndaj massagetterdin ieligindegi zherlerde ornalastyrady Dak atauy negurlym erterektegi derektemeler Avesta men Kserkstin devter turaly zhazbasynda da mәlim Munyn bәri daktardyn dajlardyn әuelde massagetterdin soltүstigine taman ajmakty mekendegenin ne massagetterdin birlestigine kirgenin korsetedi B z b III gasyrdyn orta sheninde dajlar tarih eresinde massagetterdin ornyn alyp Kaspij manynyn ontүstik shygysynan Parfiya shekarasynan kelip shygady Osy uakyttan beri koptegen skifter Kaspij tenizinen bastap dajlar dep atalady Strabon XI 8 2 haumavarga saktar en iri tajpa nemese tajpalar toby bolyp grek derektemelerinde amyurgij saktar dep atalady Koptegen zertteushiler amyurgij saktardy ezhelgi zhәne Margiana ajmaktaryna Әmudariya men Murgab ozenderinin zhagalauy ornalastyrady Bular ertedegi parsylar tanyskan algashky sak tajpalary edi Gerodot bylaj dep zhazady Bul amyurgij saktar dep atalgan tajpa ol shyn mәninde skiftik tajpa Өjtkeni parsylar skifterdin bәrin saktar dep atajdy Skifterdin tajkazanySkifter tajkazan zhasap ogan zhylkynyn etin asyp atalaryna as bergen Sol dәstүr kazaktarda bүginge dejin saktalyp keledi Tүrkistandagy Қozha Ahmet Yasauidin mavzolejinde turgan tajkazan skif dәuirinen beri үzilmej kele zhatkan dәstүrimizdin belgisi Ariant degen patsha skifterdin sanyn bilmek bolyp Әrbir skif bir bir zhebenin ushyn әkelsin dep bujyrady Zhinalgan zhebenin koptigi sonsha patsha zhebenin ushyndagy zhezdi balkytyp kazan kuyady Skifterdin tajkazanyn kozimen korgen Gerodot bylaj dep zhazypty Ol kazandy kormesenizder men surettep berejin ogan 600 kuman su erkin syyady al skifterdin bul ydysynyn kalyndygy alty eli Skifterdin tagy bir dәstүri bie sauyp kamyz ashytkan Saktar turaly ezhelgi tarihshylardyn pikirleri Saktar sadakpen kylyshpen sauytpen zhez baltamen karulangan tamasha atty zhәne zhayau әskerler urystarda altyn beldik tagynyp altyn tangysh bajlap zhүredi Attarynyn zhүgenderi tizgenderi de altynmen әshekejlengen Olarda kүmis zhok temir az al zhez ben altyn kol kosir Strabon ezhelgi grek geografy tarihshy Eger sen ozinnin barlyk bajlygynnan bas tartyp sadakpen zhine zhebemen zharaktanyp saktardyn arasynda omir sүrsen onda sen erkin adam bolar edin Olarmen europalyk patshalyktar da tendese almajdy Tipti Aziyada da skifterge zheke dara karsy tkra alatyn halyk zhok Fukidid ezhelgi grek tarihshysy Iә shyndygynda dәl solar gana tүrkiler bul tarihtyn koshbasshylary onyn basty kajratkerleri boldy akademik galym tarihshy Saktardyn arasynda esh kyzganysh auyr urys keris zhok Eshkim de eshkimdi zhek kormejdi kerisinshe mүmkindigi kelgenshe bir birine komektesedi zhәne koldau bildiredi Olar ozara dos zhәne azyk tүlikterinin azdygyna karamastan bir birimen shyn pejilderimen bolisedi italyan sayahatshysy Kir әskerinin basyp kirui B z b 530 zhyly sak zherine Kir bastagan parsy әskerleri basyp kirdi Bud kezde saktardyn bileushisi Tumar edi Kir әskerlerimen Syrdariyaga dejin kelip oz elshilerin Tumarga zhiberedi Birak Tumar әjel bolsa da zhaudyn shapkynshylygynan korykkan zhok dep zhazady Rim tarihshysy Sak patshajymy Tumar kelissoz zhүrgizuden bas tartady Parsy patshasy Kir saktarga karsy shabuylga shygady Өz zherinde sogysuga kolajly dep eseptep Tumar parsylardyn sudan otuine әdeji mүmkindik beredi Kir әskerin ozennen otkizip birshama zher zhүrgennen kejin kostaryn tikti Kelesi kүni ol kulyk ojlady әdeji korykkan bolyp lagerin tastap kasha bastagan synaj tanytty Patshajymnyn balasy Yspargapis zhaudyn sonynan kuyp tәzhiribesiz zhas bolgandyktan toruylga tүsip kalady Balasynyn kajtys bolganyn estip Tumar kalyn әskermen Kir zhakka attanady Shyraktyn erligiKir kajtys bolgannan kejin 11 zhyl otken son b z b 519 zhyly parsylar saktarga karsy kajta shabuylga shygady Bul zhorykty I Darij patsha baskarady Men әskerimmen sak zherine zhorykka shyktym degen I Darij sozderi Behistun zhazbalarynda ajtylady Saktardy Skunha atty kosemi baskarady Skunha sogysta zhenilip parsy әskeri Syrdariyadan otedi Osy sogystagy tangazhajyp okigalardyn birin ezhelgi grek tarihshysy Polien bylaj dep surettejdi Shyrak esimdi bir sak ozinin denesin kanzharmen zharalap parsylarga kashyp baryp ozinin koseminen zhәbir korgen etip korsetedi Parsy әskerlerin saktarga bastap aparamyn dep aldap olardy susyz sholde adastyryp ketedi Sosyn Shyraktyn aldaganyn bilgen parsy әskerleri ony oltiredi Osynyn zardabynan I Darij kyrgynga ushyrap ary karaj sogyska shydaj almaj Parsystanga kajtyp ketedi dep zhazgan Қuryshtyn Orta Aziyadagy baskynshylyk zhoryktaryn 521 486 zhzh ZB zhalgastyrdy Parsylar saktardy az uakyt bagyndyrady 6 g sony 5 g basynda 500 449 zhzh ZB ezhelgi Shygystagy sak tajpalary parsylar zhagynda boldy 490 zh yunan parsy әskerinin Marafon zherinde bolgan sogysynda saktar parsylarmen birge yunandarga karsy sogysty 4 g 330 zhzh Eskendir Zulkarnajynnyn makedon әskerleri en songysy armiyasyn talkandap Orta Aziyaga basyp kiredi Olar Marakandty Samarkan alyp Syrdariyaga keledi Syr bojyna bekinu үshin Shetki Aleksandriya degen kala salady Alajda makedondyktar zhengenimen ystyk tabigatka shydamaulary Eskendirdin auyryp kaluy makedondyktar Samarkanga sheginuge mәzhbүr etti Eskendir 323 zh Babyl kalasynda sүzekten oldi Onyn ala kula imperiyasy ydyrap ketti Birak haomavarga saktarynyn konystangan aumagy Baktriya men Margiana dengejimen shektelip kalmajdy Amyurgijlik saktar birlestiginin kuramyna syna zhazuy derektemelerinin Sogdynyn ar zhagyndagy saktar da kirgen dep topshylauga negiz bar Olar Syrdariyanyn argy betinde osy kүngi Tashkent oblysy audandarynda zhәne ishinara Fergana alkabynda turgan Kone parsy syna zhazulary mәtinderinde saktardan soltүstikke taman omir sүrgen tajpalar men halyktar turaly eshtene ajtylmajdy Tek Avestada gana sajrim degen atau ajtylady birak bul halyktyn kaj zherdi mekendegeni turaly eshkandaj mәlimet zhok Ezhelgi grek derektemelerindegi mәlimetter kobirek olarda Avestanyn sajrimderimen salystyruga bolatyn savromattar tajpasy turaly ajtylady Savromattar turaly algashky derekter Gerodotta bar Tanais ozeninin kazirgi ozeninin argy zhagy endi skif olkesi emes birak ondagy algashky zher ielikteri savromattardyn kolynda Savromattar Meotiya koli ojpatynan bastap soltүstikke karaj on bes kүnde zhүrip otuge bolatyn zherdi mekendejdi Munyn ozi Donnyn kujylysynan Edildin sagasyna dejingi aumakka sәjkes keledi Alajda saktar skifter kejinirektegi tүrkiler terminderi siyakty savromattar terminin de avtorlar kobine eki magynada tajpalardyn oz ataulary retinde zhәne tili men mәdenieti zhagynan tuystas tajpalardyn үlken tobyn biriktiretin termin retinde koldangan Grek latyn derektemeleri kobine bul etnonimdi zhiyntyk magynada savromat birlestiginin әr tүrli tajpalar kuramyn tikelej korsete otyryp Үlken Plinij Efor Psevdo Skilak Evdoks koldanady SogystaryKone zhazbalarga karaganda Ahamen әuletinin patshalary II Kir I Darij saktardyn әr tүrli tajpalarymen zhaulasyp birde zhenip birde zhenilip otyrgan Saktar parsy әskerinin kuramynda grek parsy sogystaryna katysty әskeri kuramynda kyzmet atkardy Eskendir kejinnen Selevkiler de saktarga karsy sogysty B z b 2 g dyn orta sheninde koshpeli tajpalardan ygyskan saktar sogysa otyryp Drangian zherine oryn tepti de bul arany Sakstan atady bүgingi Iran Auganstan zherindegi Sejstan Bүgingi Orta Aziyanyn Pәkistannyn Auganstannyn Soltүstik Үndistannyn zherindegi saktar b z b 1 g dyn ortasyna dejin ak zhergilikti halyktarmen sinisip ketti Saktar tili 10 g ga dejin saktaldy Bүgingi tүrki halyktarynyn tilinde sak sozi zhii ushyrasady Mәselen ozderinshe atauy saka kazakta saka adam sakshy sak sozderinin saktaluy da bular saktardyn urpagy ekeninin bir dәleli Arheologiyalyk eskertkishteriBular korymdar zhartastagy suretter sak bujymdarynyn kombeleri Zhetisu men Ontүstik Қazakstan Saktar koseminin sauyt sajmanyna bejneli altyn kabyryshakpen okalangan teri sauyty Esik obasy Bul sak tajpalary mekendegen asa kolemdi ajmak tigrahaudtar Zhetisuda al massagetter Aral oniri men Syr bojynda Ile alkabynda Besshatyr Esik Tүrgen Kegen Alekseev obalary osy alkaptan tabyldy Zhetisudagy sak mәdenieti eki kezendi erte kezeni b z d VIII VI gg zhәne kejingi kezen b z d V I gg Songy kezendegi patsha obasyna Besshatyr korymy men Esik obasy zhatady Besshatyr korymy Ile ozeninin on zhagalauyndagy Shylbyr degen zherde 31 obadan turady Қorymnyn barsha obalary eki topka bolinedi үlken obalar diametri 45 m 105 m ge dejin Biiktigi 6 18 m Salyngan uakyty b z d V g Shygys Қazakstan Altaj ayasynan Shyngystau men Tarbagataj bokterlerinen kezdesedi Үlken patsha obalary bar Ol Shilikti alkabynda shogyrlangan Bul onirdin mәdenieti үsh kezennen turady Mәjemir kezeni b z d VII VI gg berel kezeni b z d V IV gg kulazhүrgin kezeni b z d III I gg Mәjemir kezeninin sonynda salt kisini atymen birge koyatyn kabyrlar pajda bolady Ortalyk Қazakstan Bul zherden Tasmola mәdenieti b z d VII III gg ashyldy Zertteudi arheologtar Ә Margulan M Қadyrbaev zhүrgizdi Bul obalardyn ereksheligi olarda tas zhaly murty bolady Birneshe nuskalardan turady Negizgi obaga zhanasa nemese onyn shygys betinde iek astynda kishi oba turady odan shygyska karaj dogasha iilip eni 1 5 2 m al uzyndygy 2 200 m dejin kejde odan uzyny da bolady eki zhal ketedi Үlken obaga үjilgen tobe astynda zherden kazylgan kabyrda olgen kisinin mәjiti zhatady al kishi korganda үjindi astyndagy kabyrga at pen agash ydys ayaktar kojylady Aral oniri Aral oniri saktar mәdenieti Tegisken Ұjgarak Ontүstik Tegisken korymdary Batys Қazakstan Edil men Zhajyk arasyndagy ajmaktan korymdardyn kop shogyrlangan zheri Үlken zhәne Kishi ozennin bojlary Қamys Samar kolderinin onirleri Elek Shagan Embi zhagalaulary Obalardyn kobinde үjindileri bar al olardyn asa үlkenderi orlarmen korshalgan Tas үjindileri nemese topyrak pen uak tastar aralastyrylgan үjindileri bar obalar sirek kezdesedi Қabyrlar shygystan batyska karaj yngajlaj kazylady al olgender molalarda emes obalar үjindileri astyndagy arnajy dajyndalgan alandarga kojylady Auyl sharuashylygytabylgan attyly sak keskini 300 ZB Mal sharuashylygymen de egin osirumen de ajnalyskan Zhylky osirgen Eki tukymy bolgany anyktaldy Onyn bireui basy үlken ayagy zhuan denesi shombal zhatagan zhylky al ekinshisi shoktygy biik bojshan symbatty zhylky ony karuly zhauyngerler minetin bolgan Қoj bagumen de ajnalyskan Saktarda mandaj aldy donesteu iri kojlar kop taragan Olar kazaktyn kәzirgi kujrykty kojlary tukymyna zhakyn bolgan Tүje sharuashylygy da ken damydy Al siyrdyn koshpeli tirshilikke bejimdelgen mundaj tukymynyn ozgeden ajyrmasy onimdiligi tomen tirilej salmagy az zhemshopti kop talgamajtyn Suykta syr bermejtin zhүni kalyn tebin maly boldy Eginshilik pen suaru Қystau manyndagy egin saktardy astykpen kamtamasyz etken Olar tary arpa bidaj ekken Ontүstik Syrdariya alkabynda saktardyn Shirik Rabat Bәbish molla Balandy sekildi konystarynda tabylgan KәsipshiligiSak tajpalary arasynda metall ondiru zhәne ondeu әsirese kola kuyuga bajlanysty kәsipteri damygan B z d 1 mynzhyldykta Қazakstan men Orta Aziyany mekendegen sak tajpalary temirden zattar zhasaudy mengerdi Temir men mys kalajy men korgasyn altyn men kүmis ondiru zhogary dәrezhede damygan Mәselen Imantau ken ornynda 3 mln put mys keni al Zhezkazgan men Үspenskiden 10 myn zhәne 26 myn put ken ondirilgen sonda sol kennin kobisi saktar zamanynda ondirilgeni anyktaldy Sak zergerleri koladan kanzharlar ok zhebeleri men sүngi ushtaryn attyn kajys әbzelderin әshekejler men ajna kazandar men kurbandyk ydystaryn zhasagan tabylgan altyn әshekejler Baktra Saktardyn turmysy men sharuashylygyna sipattama Tarihtyn atasy Gerodot saktar turaly Kiimi men omir sүru dagdysy skifterge uksas Olar egin ekpejdi үj maldary men ozennen aulajtyn balyktardy azyk etedi Sүt ishedi dep zhazgan Saktardyn kopshiligi koshpeli mal sharuashylygymen ajnalyskan Saktar eki tort alty dongalakty arbalarga eki үsh zhup ogiz nemese at tүje zhegip koship kongan Er azamattar at үstinde al әjelder men balalar zhәne kart adamdar kigizben zhabylgan at arbada otyrgan Saktar anshylykka zhәne sogyska arnap arbalar da zhasagan Olar eki dongalakty zhәne dongalaktary kurylysynyn әrtүrli boluymen erekshelenedi Sogys arbalaryna kobine at zhegilgen Al zhүk arbalaryn kos at nemese tүje sүjrejtin Saktardyn sharuashylygy Saktardyn negizgi sharuashylygy mal sharuashylygy bolyp zhylky koj tүje siyr osirgen Olar bul maldardyn etimen sүtimen tamaktanyp terisi men zhүnin kүndelikti turmysta pajdalangan Tabynnyn negizi zhyl bojy oriste zhajylyp tebindeuge bejimdelgen tozimdi zhylky bolgan Sak aksүjekteri negurlym turky biik at ustap olardy sogys zhoryktaryna pajdalangan Kiiz basu arkan esu zhәne zhip iiru үshin kojdyn zhүnin pajdalangan Saktar kujrykty zhәne biyazy kojlardy kop osirgen Mal sharuashylygymen birge saktar eginshilikpen ajnalysty Arheologtar kazirgi Қyzylorda oblysyndagy Shirik Rabat kalashygynyn zhanyndagy malshylar konystarynyn manynan suaru arnalarynyn izderin tapkan Saktar karabidaj arpa tary osirgen Қosymsha kәsip retinde balyk aulaj bilgen SaudasyEuraziya dalalaryn saktar bilegen kezde batys pen shygysty Zherorta tenizi men Қytajdy bajlanystyrgan halykaralyk otpeli sauda bastalady B z d 1 mynzhyldyktyn orta kezinde dala zholy pajda bolady Gerodot zhazuyna karaganda dala zholy Қarateniz onirimen zhүrip Don zhagalauyna sosyn Ontүstik Oral onirindegi savromattar zherinen Ertis bojyna odan әri Altajdagy argippejler eline zhetken sodan әri Mongoliya men Қytajga karaj ketetin bolgan Osy zholdyn bir boligi Қazakstan zherimen otken ҚogamySak kogamynda halyktyn үsh toby boldy degen bolzham bar Ol rim tarihshysy Kuint Kүrsij Ruf ajtkan anyzga sүjenip ajtylady Bular zhauyngerler sүngi men ok ratajshtar arbada turgandar abyzdar kurbandyk tabagy zhәne ajryksha bas kiimi bar kauymshyl saktar yagni segizayaktar sokaga zhegetin eki ogizi barlar Osy үsh zhiktin ozine tәn dәstүrli tүsi bolgan Zhauyngerlerge kyzyl sary kyzyl abyzdarga ak kauymshyldarga sary men kok tүster Sondaj ak kosemder men patshalar da boldy Olar әskeri zhikterdin okilderi boldy Grekter olardy basileps patsha dep atagan Patshanyn belgisi zhebeli sadak MәdenietiSaktar an stilin Aldyngy Aziya men Iranga zhoryk zhasagan kezinde kabyldagan Bul oner b z d 7 6 gasyrda kalyptaskan An stili degenimiz tүrli zhanuarlardyn bejnelerin ydys ayakka kiimge turmys zattaryna tүrli әshekejlerge karu zharakka salgan Saktar kүnge najzagajga zhel dauylga tabyngan Saktar mifologiyasynda sәjgүlik at Kүnmen otpen bajlanysty bolgan Dүnieni zharatkan kok tәnirisi Mitra zherdiki Varuna zher astyniki Indira sekildi kudajlar bolgan Қoloner kәsibi Saktarda koloner isi zhaksy damygan Қoloner sheberleri kauym mүshelerine kazhetti bujymdardy zhasady Zergerler altyn kүmisti balkytyp kalypka kuyumen ajnalysty Zergerlik onerde agashtan ojyp zhasalgan bejneler men sәndik bujymdardy altynmen aptau isi zhaksy damygan Tүrli tүsti serdolik halcedon agat akyk siyakty tastardan sak sheberleri әshekej bujymdardy zhasagan Asyl tastardan koz salyngan alka sakina syrgalar onirzhiekter men beldikter zhasalgan Ұstalar tastan sazdan zhasalgan kalyptardy pajdalana otyryp kazandardy kujdy karu zharak sokty Atty әskerlerge kazhetti semserler men najzalar kanzhar zhebe ushtaryn dajyndady Dini nanymdary men guryptary Saktardyn әlem kurylymy zhagynan үsh tүsinigi bar Olar aspan әlemi zher әlemi zhәne zher astynda әlem bar dep sengen Saktardyn tүsiniginde әlemnin tort buryshy on sol artky zhәne aldyngy zhagy bolgan Saktardyn garysh turaly tүsinigi Esik korganynan tabylgan sak hanzadasynyn bas kiiminde bejnelengen Bular kүn kanatty pyraktar zhәne 4 altyn zhebenin sureti Bul Қudajdyn әlemge bilik zhүrgizuinin erekshe belgisi bolyp sanalady DerekkozderR Zhumataev tarihshy Sak atauy kajdan shykkan kaz ukkz net Үsh kiyan gazeti 23 Akpan 2012 Tekserildi 9 nauryz 2012 Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59 ISBN 978 601 282 026 3 Anyz adam zhurnaly Ezhelgi Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2009