Үйсін мемлекеті (б.з.д. VIII ғ. — б.з. V ғасырда) — Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.
Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: «Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады», — деп көрсетілген.
Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы қаласы болды.
Жағрапиясы
Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайындағы алғашқы б.з.д. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы «Ұлы Жібек жолы» торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (қытаймен, ғұн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономикалық және мәдени байланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «үйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық.
«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұсқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсін гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені… Аспан Еліне… күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.
Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген.
Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. д. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан. Қытай үйсіндердің сюннулерге Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір үйсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып алып, кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық аңызының редакциясында да әз көрінісін тапқан. Оның айтуынша, үйсіндердің билеушісің бір кезде көршілері юечжилер өлтірген де, оның қаншық қасқыр мен қарға күзетіп жалғыз қалған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек қайтаруға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді талқандапты. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман қалған бөлігі басқа тайпалармен одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған.
Үйсіндерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында он мыңнан жауынгер болған).
Үйсіндер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уақыт бойы үйсіндердің өзін де тасасында ұстап келген деп санауға болады. Мүны грек-рим жазушыларының ертедегі ғұндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғұндар туралы хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында, Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялық тұрғыдан даулы.
Кейінгі уақыттағы үйсіндер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-үйсіндар» жайында айтады.
Ғұндар атауының үйсіндерге де таралғанына қарамастан, олардың этникалық туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ, дегенмен мұны толық, бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі уақытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын «алтай» тобының тіліне жатқызуға бейім.
Үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп — жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы , «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды» деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері).
Б.з.д. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғылыми жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған дулат, албан, (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, , . Бақтиярдан: Үйсін, . Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), (Тарақ). Абақтан — Қараша, одан Бәйдібек, . Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан, шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген.
Б.з.д. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
Мәдениеті
Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.
Үйсіндердің салт-дəстүрі
Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
Діни нанымдары
Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.
жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.
Жерлеу орындары
Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды.
Археологиялық ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д. 3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.д. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасында жер ошақ болған.
Шаруашылығы
Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.д. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, , жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.
Мал шаруашылығы
Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған. Көп өсіргені жылқы мен қой болды. Жылқының неше түрлі тұқымын өсірген. Оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған. Мысалы, Жетісудағы Теңлік қорымынан табылған алтын қапсырмада құйрық-жалы өрілген, омырауы шығыңқы, тұрқы ұзын нағыз сəйгүлік мінген салт атты бейнелеген.
Егіншілік
Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы қаласының айналасында орналасты.
Қоғамы
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен.
Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын қыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әртүрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған «бек» аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнан жасақ, көші-қон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады.
Дереккөздер
- Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- Жетісу энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра», 2009
- Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра», 2015
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үjsin memleketi b z d VIII g b z V gasyrda Қazakstandy mekendegen tajpalarda memlekettiktin algashky belgileri boldy Қazakstan tarihyEzhelgi Қazakstan tarihyTas dәuiri Қola dәuiri Temir dәuiri Saktar Үjsinder Қanlylar ҒundarҚazakstannyn erte orta gasyrlardagy memleketteriTүrki kaganaty 552 603 Batys Tүrik kaganaty 603 704 Shygys Tүrik kaganaty 682 744 Tүrgesh kaganaty 704 756 Қarluk kaganaty 756 940 Қimak memleketi IH g sony HI g basy Ogyz memleketi IH g sony HI g basyҚarahan memleketi 942 1212 zhzh Қarakytaj memleketi 1128 1213 zhzh Қypshak handygy Mongol imperiyasy 1206 1291 Zhoshy ulysy 1224 1481 Shagataj kaganaty 1222 1370 Orda Ezhen ulysy 1242 1446 Shajbani ulysy 1243 Ak Orda XIII XV gg Kok Orda Әbilkajyr handygy 1428 1468 Nogaj ordasy 1440 1634 Mogolstan 1348 1514 Tashkent handygy 1501 1627 Қazak handygy dәuiriҚazak handygy 1465 1847 Ұly zhүz 1715 1822 Orta zhүz 1715 1822 Kishi zhүz 1715 1824 Resej imperiyasy kuramyndagy ҚazakstanBokej Ordasy 1801 1872 Alash avtonomiyasy 1917 1920 Tүrkistan avtonomiyasy 1917 1918 Қyrgyz Қazak AKSR i 1920 1925 Қazak AKSR i 1925 1936 Қazak KSR i 1936 1991 Tәuelsiz Қazakstan tarihyҚazakstan 1991 kazir k t oPortal Қazakstan Sanat Қazakstan tarihy Bular saktardyn etnomәdeni muragerleri үjsinder bolatyn Қazak memlekettiginin tagy bir kajnar kozi үjsinder memleketi bolyp esepteledi Үjsinderde ezhelgi orkenietke tәn damudyn barlyk belgileri bajkaldy Bul kalypty damu belgilerine memlekettik bilik zhүjesin zhazudyn bolgandygyn turakty әskerdi elshilik zhoralgylaryn zhәne t b zhatkyzuga bolady Sak dәuirinde bolgan malga enbek kuraldaryna zhәne turmys bujymdaryna degen zheke menshik үjsinderde de ken kanat zhajdy Қogamnyn bileushi zhәne bagynyshty toptarga bolinui mejlinshe ajkyn bajkaldy Қogam ru aksүjekteri men tәueldi usak ondirushiler zhartylaj tәueldi kuldarga bolindi Zherdi zheke ielenumen katar ierarhiyalyk ielenu tүri de damydy rulyk tajpalyk kauymdyk Ezhelgi үjsinderde әleumettik ekonomikalyk katynastar otpeli kezenge tәn sipatta boldy Damudyn mundaj erekshe tүrinin bolu sebebi ekonomikalyk kurylyska bajlanysty Zhartylaj koshpeli zhәne zhartylaj otyrykshy үjsin kogamynda ondiristin eki negizgi tүri boldy mal zhәne zher Mal tүrindegi bajlyktyn zhinaluy mal mүlik zhiһazga zheke menshiktin tauar almasudyn damuyna әkeldi Әjtse de koshpeli kogam ereksheligine saj әleumettik katynastar asa iri zhәne shagyn dәuletti mal ielerinin zheke menshik katynastary tүrinde damydy Rulyk kurylystyn ydyrauy barysynda tuyndagan taptyk katynastar kulielenushilik sipatka ie boldy Degenmen ezhelgi үjsin kogamynda kuldyn enbegin pajdalanu ozindik erekshe tүrde damydy yagni kul enbegi ondiristin negizgi tiregine ajnalgan zhok al kul ielenu klassikalyk tүrge zhete almady Zhazbasha zhәne arheologiyalyk derekterden ezhelgi үjsin kogamynda b z d II I gasyrlardyn ozinde ak zhekelegen adamdardyn kolynda bajlyktyn shogyrlangandygy bajkaldy Қytaj derekterinde Үjsinderde zhylky kop Olardyn en baj adamdarynda tort bes myn zhylky bolady dep korsetilgen Demek maly kop dәulettiler bolsa maly az nemese zhok kedejler tobynyn da bolgandygy dausyz Sonymen katar үj maldaryna salyngan tanbalar metaldan tastan zhәne kyshtan zhasalgan morler de zheke menshiktin pajda bolgandygyn korsetedi Ertedegi zhylnamashylardyn mәlimetine karaganda үjsinderdin kejbir әskerbasylary men sheneunikterinde kүnbi sarajy zhanyndagy tagy da baska lauazymdy adamdardyn altyn zhәne mys morleri bolgan Үjsin memleketinin basynda үlken kүnbi turdy Kej zertteushiler үjsin memleketinin el basyn kүnbi dep te atap zhүr Қytaj tilinde үjsin patshasyn dep atagan Үlken kүnbiden kejingi memlekettik lauazym kүnbi boldy Bul bas uәzir Odan kejingi lauazym duly bul Қytaj memleketindegi үlken uәzirmen dәrezheles boldy Әsker on zhәne sol kanatka bolindi olardy eki kolbasy baskardy Eldin zhogargy sotynyn kyzmetin biler dep atalatyn eki orynbasary atkardy olardy dartu dep atady Abyz atangan lauazym dini basshylykty iske asyrdy Budan kejingi memlekettik lauazym bүkil ulystyn bii boldy Onyn eki orynbasary bolgan El bilejtin lauazym ielerinin tapsyrmalaryn oryndatyp otyratyn atkosshy mansaptary boldy Үjsin memleketinin astanasy Ystykkol zhagalauyndagy kalasy boldy ZhagrapiyasyҮjsinder turgan zher Zhetisu ajmagynda ornalasty Shekarasy batysynda Shu Talas ozenderine shygysynda Tyan Shannyn shygys atyraularyna soltүstiginde Balkash kolinen Ystykkoldin ontүstik zhagalauyna dejin sozylgan Үjsin birlestigi zhajyndagy algashky b z d 1 gasyrdagy kytaj zhylnamalarynda kezdesedi Үjsin 630 myn halky bolgan 189 myn adamdaj zhasak kurgan Birlestiktin bekinisti astanasy Shygu k Batys pen Shygys elderi aralygyndagy Ұly Zhibek zholy torabyna ornalaskan Munyn ozi birlestiktin korshi eldermen kytajmen gun kanly alan ujgyr kyrgyz tajpalarymen sayasi ekonomikalyk zhәne mәdeni bajlanysty damytuyna mүmkindik zhasady Astanasy Chiguchen Қyzyl alkap Ystykkoldin zhagasyna ornalasty TarihyҮjsinder turaly zhazba derekti kytajlar kaldyrdy B z d 2 gasyrda Zhetisuga Chzhan Cyan bastagan elshi keldi Ol koptegen mәlimetter әkeldi Үjsinder turaly usun go үjsin memleketi dep ajtty Memlekette 630 myn adam 188 myn әsker baryn da korsetti Үjsin patshasy gunmo dep ataldy Mykty el bolgan Ortalyk Aziya aumagyndagy ertedegi algashky taptyk birlestikterdin biri Eger VIII gasyrdagy zhazushylardyn Үjsin knyazinin shekarasy dep atajtynyn eskersek үjsinderdin shygys shegi bir kezderde Besbalyk audany arkyly otken degen korytyndy zhasau kerek Үjsinder ielikterinin shekarasy batysynda Shu zhәne Talas ozenderinin bojymen otken Қarataudyn shygys betkejlerine dejin sozylyp zhatsa kerek Үjsinder ielikterinin ortalygy Ile angary degenmen olardyn ordasy Қyzyl Angar kalasy Ystykkol men Ile ozeninin ontүstik zhagalauy aralygynda ornalasty Chzhan Cyannyn b z b II g habarlauyna karaganda үjsinderdin buryn mekendegen zheri shygystagy alys bir zherde bolgan munyn shyndykka zhanaspajtyny anyk Үjsin termininin magynasy osy kezge dejin anyktalmaj otyr Ol kytajdyn ierogliftik zhazbalarynan gana mәlim onyn kazirgi ajtyluy kazak etnonimderinin biri Ұly zhүz kazaktarynyn basty etnikalyk komponenti bolyp tabylatyn tajpanyn ozin atajtynyndaj үjsin sozine sәjkes keledi Birkatar zertteushiler bul transkripciyany Orta Aziya tarihynan mәlim asian etnonimi dep biluge bejim Alajda songy zertteulerde asian termini yatii etnoniminin dialektilik nuskalarynyn biri boluy mүmkin degen baskasha tүsinikteme ajtylady al onyn transkripciyasynyn dәstүrli ertedegi kytajsha tүri kazirgi kytaj tilinde ajtylatyn yuechzhi ieroglifteri bolgan Үjsin termininin transkripciyasyn tүsindirudin tagy bir nuskasy bar Қazir үjsien dep ajtylatyn eki ieroglif ertedegi kytaj tilinde asman yagni asman aspan delinip ajtylgan dep zhoramaldanady Bul ajtylgandardy үjsin gunmosyna kүjeuge berilgen kytaj hanshasynyn hatyndagy Menin үjim meni Aspan Eline kүjeuge berdi degen sozder rastauy mүmkin Bul turgydan alganda kok tiregen taular degendi bildiretin tyan shan degen sozdin ozi de zhergilikti ataudyn audarmasy siyakty ekenin atap otu manyzdy Үjsinderdin ertedegi etnikalyk sayasi tarihyna bajlanysty okigalar zhetkilikti zerttelmegen Үjsinder turaly algashky habarlar b z d II gasyrdyn ayagynda pajda bolady Қytaj imperatorynyn sarajyndagylar gundarga karsy kүreste odaktas izdep Batys olkege Chzhan Cyan bastagan elshilik zhibergen Chzhan Cyandy syunnu gundar tutkynga alyp olardyn elinde on shakty zhyldaj bolady Alajda ol kejinnen kashyp shygyp Zhetisuga barady үjsinder turaly algashky habardy eline sol zhaktan apargan Onyn kezinde үjsinder arasynda se saktar tarmagy men yuechzhiler mekendegen Yuechzhiler turaly habarlar Chzhane audanyndagy syunnulerden alyngandyktan Chzhan Cyan үjsinderdin ozi de buryn Cilyan shan men Dunhuan aralygynda mekendegen degen korytyndy zhasagan Қazirgi derekter bojynsha үjsinder Zhetisudy koskanda negurlym bajtak aumakty alyp zhatkan Қytaj үjsinderdin syunnulerge Ordosta sokky beruin kalady Bul pikir үjsinderdin nak sol Chzhan Cyan zhazyp alyp kejinnen shezhirege engizilgen genealogiyalyk anyzynyn redakciyasynda da әz korinisin tapkan Onyn ajtuynsha үjsinderdin bileushisin bir kezde korshileri yuechzhiler oltirgen de onyn kanshyk kaskyr men karga kүzetip zhalgyz kalgan uly esejgen shagyna dejin shanyuj ordasynda tәrbielengen Er zhetken son gunmo әkesin oltirgeni үshin kek kajtaruga shanyujden ruksat surap yuechzhilerdi talkandapty Өz kezeginde Orta Aziya yuechzhilerinin aman kalgan boligi baska tajpalarmen odaktasyp b z b 140 zhyly Grek Baktriya memleketin talkandagan Үjsinderde үshtik zhүje bolsa kerek Syunnuler siyakty olar da үsh bolikke sol kanat ortalyk zhәne on kanat bolyp bolingen olardyn әrkajsysynda on mynnan zhauynger bolgan Үjsinder birsypyra uakyt bojy syunnu gundarga sayasi zhagynan tәueldi bolgandyktan songy etnonim belgili bir uakyt bojy үjsinderdin ozin de tasasynda ustap kelgen dep sanauga bolady Mүny grek rim zhazushylarynyn ertedegi gundar turaly habarlary dәleldejdi Mәselen gundar turaly hronologiyalyk zhagynan algash ret Strabonnyn ajtkandarynda Baktriya patshalary oz ielikterin serler men faundarga dejin zhajdy delingen Teginde Grek Baktriyasynyn ielikteri bir kezde Tarym ojpatynyn batys sheginen әrige sozylyp zhatsa kerek demek bulajsha salystyru tarihi geografiyalyk turgydan dauly Kejingi uakyttagy үjsinder tarihy saktarmen zhәne yuechzhilermen bajlanysty Grek rim avtorlary endi gun үjsindar zhajynda ajtady Ғundar atauynyn үjsinderge de taralganyna karamastan olardyn etnikalyk tuystygy turaly ajtuga berik negiz zhok degenmen muny tolyk bekerge shygaruga bolmajdy Syunnulerdin tili әzirshe belgisiz Zertteushiler kazirgi uakytta syunnuler tilin ezhelgi tүrik tiline bәrinen de zhakyn altaj tobynyn tiline zhatkyzuga bejim Үjsinder kazak halkynyn kalyptasuyna negiz bolgan ezhelgi tүrki tajpalarynyn biri Ezhelgi kytaj zhazbalarynda Үjsin atauy b z b 2 gasyrdan bastap kezdesedi Ғundardyn kүsheyuinen korykkan Қytaj үkimeti ozine odaktas izdep batys elderine elshilik zhiberdi Қytaj elshisi kelgen kezde Үjsinder Қytajmen zhәne gundarmen terezesi ten kuatty memleket boldy k Үjsin memleketi Үjsinnin shygu tegi taraluy halyktardyn tarihyndagy roli zhajynda tarihi genealogiyalyk zertteulerde talas pikirler azdy kemdi ushyrasady Ogan sebep zhazba derek kozderi Olarda adamdardyn esimi lauazymy kytaj transkripciyasy bojynsha zhazylgan Atap ajtkanda 7 gasyrdagy Қytaj zhazushysy Batys olkenin ozge sheteldikterinen Үjsinderdin edәuir ajyrmashylygy bar olardyn kozi kok zhiren sakaldy dep zhazady k Үjsin antropologiyalyk tipi Үjsinderdin sharuashylyk zhagdajy men mәdenieti zhajyndagy derekter arheol kazbalardan anyktalyp otyr k Үjsin dәuirinin eskertkishteri B z d 105 zhyldarda Үjsin kүnbiine uzatylgan Қytaj imperatorynyn kyzy kiizben oragan dongelek үjde turatynyn et sүtpen korektenetinin ajtyp olenmen zarly hat zhazgan Zhazba derektemelerde b z b 1 gasyrda Үjsin halkynyn zhalpy sany 630 myn adam 120 myn tүtin bolgany ajtylady Olar 188 myn 800 adamnan turatyn әsker ustagan Algashynda Bulyngyr ozennin bojyn mekendegen B z b 2 gasyrdyn orta sheninde Zhetisuga Ile bojyna ygyskan Degenmen olardyn barlygy koshpegen degen gylymi zhoramal bar Ony shygystanushy S E Malov Tonykok eskertkishterindegi Үjsin esiminin zhazyluymen dәleldejdi Zhetisu Үjsinderinin shygu tegin anyktau zholynda A N Bernshtam K A Akyshev G A Kushaevtar arheologiyalyk kazba zhumystaryn zhүrgizdi Shygystagy Orhon Enisej zhazba eskertkishterindegi derekter de osyndaj bultartpas korytyndy zhasauga mүmkindik beredi Bul derekterge sүjengen Resej galymdary Үjsinnin issedondarmen tuys ekenin dәleldep olardy Tyan Shan zhәne Shygys Tүrkistan tarmagy dep boledi B z 6 gasyrdan bastap Үjsin etnonimi tarihi әdebiette kezdespejdi Birak odan taragan dulat alban zhikil Tүrik kagandygy kezindegi memleketterdi kuruga katyskan 13 gasyrda shygarmasynda Shagataj ulysyndagy Үjsin halky turaly ajtylady Zhetisu Ontүstik Қazakstandy mekendegen Ұly zhүz kuramyndagy tajpalardyn zhalpy atauy retinde halyk arasynda da zhazba әdebiette de koldanyldy Қazaktyn dәstүrli shezhire derekteri Үjsindi Shyngys han zamanyndagy Majky biden taratady Botbaj ruynan shykkan Dikanbaj batyrdyn shezhiresinde N Aristov zhazbasynda Majky biden Қanly Baktiyar Baktiyardan Үjsin Үjsinnen Aksakal Abak Tarak Abaktan Қarasha odan Bәjdibek Ұly zhүzdin negizin kuragan tajpalar Bәjdibektin balalary bolyp sanalady Olar alban dulat suan shapyrashty saryүjsin oshakty ysty Sh Uәlihanovtyn zhazbalarynda Үjsin bul tajpalardyn gana emes Ұly zhүzdin barlyk tajpasynyn tүp atasy Onda Tobejden Үjsin odan Қojyldyr Қatagan Shanyshkyly Mekrejil Zhalajyr Majky Abak Қogam Қanly tarajdy Үjsin kyrgyz halkynyn kuramynda da bar Solty tajpasynyn bir tarmagy Uson Қarakesek tarmagy Saryүjsin Bagyshyndagy Қalsha atalary Үjsin dep atalady Sol siyakty Үjsin karakalpaktardyn kuramyna da engen B z d 73 zhylga dejin үjsinderdin zheri үsh bolikke sol shygys bolikke on batys bolikke zhәne gunmonyn ozine karajtyn ortalykka bolingen Bular ozara kaktygyska toly boldy Қytaj hanshalary үjsin gunmolaryna uzatylgan Olar Қytajdyn Orta Aziya Batys Aziya zhәne Europamen sauda bajlanysynda manyzdy rol atkardy B z d 2 gasyrda pajda bolgan Ұly Zhibek zholyn ustap turgan osy үjsinder boldy Үjsinder turaly kytaj derekterinde b z 3 gasyryna dejin ajtylady MәdenietiҮjsin eskertkishterin zertteu barysynda bul mәdeniettin үsh kezennen otkeni anyktaldy algashky kezen b z b 3 1 gasyrlar orta kezen b z 1 2 gasyrlar songy kezen b z 3 5 gasyrlar Bul kezenderdegi bejitterdin kazyluynda zhobalanuynda karu zharak sәndik bujymdar men turmystyk zattardyn tүrinde zhasaluynda erekshelikter bar Mal katar koloner үj kәsipshiligi orkendedi Әsirese kyshtan ydys ayak kumyra zhasau isi oris aldy Өndeu kәsibi damydy Temir men koladan enbek kuraldary karu zharak sәndik bujymdar altyn men kүmisten alka syrga tүrli әshekejli zattar zhasaldy Tokyma kәsibi teri ileu tas kashau sүjek ondeu oneri damydy Үjsinderdin salt destүriҮjsinderdin salt destүri turaly gylymi derekter az Ertedegi үjsinderdin tүsiniginshe olgen adam tiriledi dep sengen Sondyktan da adamdy zherlegende ogan o dүniede kerek bolady au degen zattardyn berin kosyp komgen Tiri kezinde pajdalanyp zhүrgen zattardyn berin kosa komgen Koptegen bejitterdi kazganda tabylgan zattar osyny deleldejdi Tamak ishetin ydys ayaktar turmyska kazhetti baska da bujymdar zhii kezdesedi Er adamdardyn zhanyna sauyt sajmandar karu zharagy sadak zhebeler kanzhar najza kamshy pyshak sekildi zattar kojylgan Dini nanymdaryTabylgan zattary men eshekejleri karu zharagy zhogargy korkemdigimen katar үjsinderdin dini ugymyn omirge kozkarasyn da korsetedi zhapyraktar elemdi tirshilik agashynyn kozi omir neri zhan berushi ejel bejnesi bolyp tabylady Bul agash zher ortasyndagy tau shynyna osip dүnienin tort buryshyn zhene elemnin үsh boligin tamyry terenge ketetin zher astyn o dүnieni adamdar men zhan zhanuarlar omir sүretin zher үstin bul dүnieni kudajlar men kustar mekeni aspan elemin zhalgastyryp tur Zherleu oryndaryBejit basyna turgyzylgan obanyn үlken kishiligi markumnyn kogamdagy algan ornynyn bajlygynyn kandaj bolganyn bildirgen Қazba zhumystary kezinde үlken obalardan үlken eshekejler karu zharak ydys ayak tүrleri kop shygady Tenlik korymyndagy kabirden kiimge tigilgen altyn kapsyrmalar altyn syrgalar altyn symmen oralgan temir tүjreuish kola ajna tabyldy Kolemi zhagynan ortasha obadan birneshe kysh kumyralar agash tostagan kola syrga tүjreuish bilezik shykty Қaru zharaktan temir kanzhar pyshak үsh kyrly zhalpak zhebe ushtary bar Kishkentaj obalardan bir eki kysh ydys temir pyshak kola syrga monshak tabyldy Arheologiyalyk eskertkishteriZhetisu zherinde үjsinderdin obalary korymdary mekenzhajlary zertteldi Obalardyn kobisi diametri 6 20 zhәne biiktigi 0 5 1 5 m Topyrak tas kiyrshyk nemese topyrak tas aralas үjindiler bolyp keledi Қorymdary b z d 3 2 gg zhatatyndary erte kezeni Қapshagaj 3 Өtegen 3 Қyzyl espe Olarga ortak sipat korymdar teriskejden tүstikke karaj әrkajsysynda 5 6 dan obasy bar tizbek bolyp sozylyp zhatatyndaj zhosparlangan Orta kezenge zhatatyndar b z d 1 g b z 1 g dep esepteledi Bugan Өtegen 1 2 Tajgak 1 Қarlak 1 Altyn Emel korymdary Olar zhүjesiz tүrde үsh obadan tizbektelip ornalaskan Songy kezeni 2 3 gg dep sanalatyn kejingi kezenge Қapshagaj 2 Sholak Zhide 1 2 Gүr kora 2 Қalkan 4 korymdary zhatady Bulardagy obalar zhүjesiz retsiz zhasalgan kabyrlar zherden kazylgan үsteri agashpen bastyrylmagan Үjsinderdin algashky konysy Shu alkabynan Lugovoe aulynan tabyldy Қabyrgalary kam kirpishten zhasalgan edenderi balshykpen sylangan ortasynda zher oshak bolgan SharuashylygyҮjsin birlestiginin halky zhartylaj koshpeli el bolgan Mal bagyp zher ondeudi kәsip etken Arheologiyalyk kazbalardan tabylgan materialdarga karaganda sol kezdin ozinde ak zher ondejtin tas tyrma tastan kashap zhasalgan kol diirmennin tabyluy sol zamandagy turgyndardyn eginshilikpen ajnalysyp onyn onimderin ondej bilgendiginin bir dәleli Ile Shu Talas alabynan sulandyru zhүjesinin izderi tabyldy Ezhelgi үjsinder b z d 1 gasyrda әsirese b z 3 5 gasyrda eginshilikpen zhemis zhidek osirumen shugyldanyp otyrykshylykka үjrene bastagan Olar koshpeliler bolganymen үj manynda egin de salgan Ogan dәn dakyldary salyngan ydys ayaktar dәnүkkishter tas ketpender tabyluy dәlel Bajlar kiimderin zhibek pen biyazy zhүn matadan kedejler zhaj kalyn zhүnnen bylgary koj terisinen tiktirgen Shu Ile bojyndagy eldi mekenderdin ornynan kүjdirilmegen kirpishten kalanyn taga tәrizdi zhasalgan zher oshaktar tik buryshty turgyn үjler tabyldy Mal sharuashylygy Үjsinderdin sharuashylygy aralas bolgan yagni mal sharuashylygymen de eginshilikpen de ajnalyskan Degenmen үjsinderdin negizgi sharuashylygy zhartylaj koshpeli mal sharuashylygy boldy Zhetisudyn zhajly tabigaty olarga kop mal ustauga mүmkindik berdi Үjsinder koj zhylky siyr kos orkeshti tүje eshki ustagan Kop osirgeni zhylky men koj boldy Zhylkynyn neshe tүrli tukymyn osirgen Onyn ishinde asyl tukymdy argymaktar da bolgan Mysaly Zhetisudagy Tenlik korymynan tabylgan altyn kapsyrmada kujryk zhaly orilgen omyrauy shygynky turky uzyn nagyz sejgүlik mingen salt atty bejnelegen Eginshilik Үjsinder suarmaly eginshilikpen de telimdi eginshilikpen de ajnalyskan Dendi dakyldardan arpa tary osirgen Olardyn eginshilikpen ajnalyskandygyn kazba zhumysy kezinde tas ketpender oraktar men denүkkishter tabyluy deleldej tүsedi Үjsinder egis alkabyn ozen bojlaryna salgan Egisti suaruga aryk sularyn da koldangan Ertedegi derekterdin melimdeuinshe үjsinder agash egip kalalar men eldi mekender salgan Suarmaly egistikter sulandyru zhүjesi bau bakshalar үjsinderdin astanasy kalasynyn ajnalasynda ornalasty ҚogamyҮjsin kogamynda bajlar zhasauyldar abyzdar kedejler bolgan Әsker basylary men sheneunikterdin kolynda mori bolgan Zheke menshik te osken Үjsin birlestiginde malga zheke menshik boldy Ru tajpalarynyn zhajylymdary ielikke bolinip bajlyk tajpa kosemderinin kolyna zhinaktaldy tajpaaralyk karym katynas osti Zheke menshiktin bolganyn kysh ydystarga sүjekten metaldan zhasalgan әr tүrli zattarga tүsirilgen tanbalardan bajkajmyz Қazylgan obalardyn aumagy әrtүrli Kejbireulerinin biiktigi 10 12 m aumagy 40 m ge dejin zhetedi Adam sүjegimen birge komilgen zattardyn sanyna sapasyna karaganda үlken korgandarga tajpa kosemderi aksүjekter odan kishisine kauymnyn karapajym mүsheleri zherlengen Bilik muragerlik zholmen әkeden balaga auysyp otyrgan Ogan bek atalgan ru tajpa kosemderi bagyngan Үjsin birlestiginde baskarudyn ondyk zhүjesi koldanyldy Bileushi ozine karajtyn zhurtyn balalaryna bolip әrkajsysyna on mynnan zhasak koshi kon zherin enshilegen Үjsin birlestiginde memleketke tәn belgiler boldy Bekter ozderinin zhajylymdyk zherlerin ozgelerden karuly kүshpen korgagany zhajynda derekter bar Munyn ozi әleumettik toptardyn kalyptasa bastaganyn angartady DerekkozderҚ19 Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Toleubaev Zh Қasymbaev M Қojgeldiev t b Almaty Mektep baspasy 2006 232 bet suretti ISBN 9965 33 633 4 Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59 ISBN 978 601 282 026 3 Zhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3 Zhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3 Ezhelgi Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2009 Ezhelgi Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2015