Үйсін дәуірінің ескерткіштері — ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б. 3 — б.з. 5 ғасырлар).
Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық тұрғыдан анықталмаған.
Үйсін дәуіріне қарасты алғашқы бірнеше обаны 19 ғасырдың ортасында В.В. Радлов қазіргі Алматы облысы аумағынан зерттеген.
1920 жылы мен Қырғызстанның солтүстігінде зерттеулер жүргізіп, обалардың сипатын іс жүзінде нақтылады.
1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы зерттеулері барысында көне үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың үлкен шоғыры ашылып, жерлеу ғұрпының, заттық мәдениеттің басты белгілері анықталды және алғашқы ғылыми-теория қорытындылар дүниеге келді.
, , жүргізген жұмыстар нәтижесінде құнды деректер алынды.
Үйсін дәуірінің ескерткіштерін талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар ұсыну ісінде аса көрнекті сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектерінің айрықша маңызы бар. Жалпы алғанда Үйсін дәуірінің ескерткіштерінің жерлеу үрдісі, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол деректер беретін ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады. Сонымен қатар қыстақ-қоныстар, қалалық отырықшы орындар тәрізді де көптеп кездеседі.
Ең аз зерттелген жәдігерлерге тастағы таңбалар, осы кезеңдегі металлургия орындары жатады. Металл бұйымдарынан тұратын археологиялық көмбелер де белгілі. Дөңгелек, сирек жағдайда сопақша пішіндегі обалар топырақтан үйіледі, ал мұның шағын тастардан түзілген сақина-қоршаулары бірнеше түрде орналасады:
- үйіндінің шетін ала;
- үйінді шетінен 1 — 2 м, не одан сәл көбірек қашықтықта;
- үйіндінің астында, оның шетіне жақын;
- үйіндінің бетінде.
Кей жағдайда топырақ оба тұрғызылмай, тас қоршаудың өзі ғана кездеседі. Жерлеу камерасының басты түрі — беті ағашпен жабылатын шұңқыр қабірлер. Мүрде басымен күнбатысқа қаратыла, созылыңқы күйде арқасымен жатқызылады. Қабір ішінде заттардан қыш ыдыстар (әдетте, бір қабірде 1 — 2 ыдыс), бірен-саран қола, темір бұйымдар (пышақ, түйреуіш, т.б.), сырға, білезік сияқты түрлі әшекейлер, айналар, кейде қайрақ, тәрізді тас құралдар кездеседі. Көп жағдайда қабірге мүрдемен бірге қойылатын арнайы ет тағамы болады. Бұл ең алдымен қойдың құйрық, ұша сияқты артқы жағы. Садақ жебелері, қанжарлар сияқты қару-жарақ тым аз кездеседі, бұл жалпы үйсін обаларына айрықша тән құбылыс.
Ғылымда Үйсін дәуірінің ескерткіштерін 3 арнайы сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан:
- 1. “Қаратал сатысы”
- б.з.б. 3 — 1 ғ-ларды қамтитын алғашқы саты (Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Бесшатыр-2, Үңгірқора-1, , Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, т.б. қорымдар) обалары осының алдындағы соңғы сақ кезеңі ескерткіштеріне ұқсас келеді. Қорымдарының саны 5 — 10, кейде одан көп болатын обалар бұл кезеңде көбіне солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасады. Бұл уақыттың аса көрнекті ескерткіштері қатарына Қарғалыдан табылған көне өнер бұйымдарының жиынтығы жатады (алтын тәті, жүзіктер, таутеке мүсіндері, сырға, көптеген жапсырмалар).
- 2. “Жетісу сатысы”
- б.з. 1 — 3 ғ-лар обалары саны жағынан ең көбі болып табылады (Талғар-1, -3, Бастау-2, -3, Ақтас-7, Сарытау-1, -2, Ақшоқы-3, -4, Өтеген-2, -3, Бесшатыр-1, -3, -4, т.б. қорымдар). Бұл кезеңде обалардың тізбектеле орналасу үрдісі жойылып, ретсіз топтала орналасуы қалыптасқан. Қабірлердің лақыты бар жаңа түрі пайда болды. Мүрде жанына бұрынғыға қарағанда көптеп қойылатын (6 — 7 ыдысқа дейін) қыш ыдыстардың түбі көбіне дөңес емес, жайпақ келеді.
- 3.“Іле сатысы”
- б.з. 3 — 5 ғасырларында обалар саны азая түседі де, көбіне олар қыстақ-қоныстар маңында орын тебеді (Ақтас-1, -3, -6, Үңгірқора-2, Шолақжиде-1 қорымдары).
Үйсін қорымдары, әсіресе, Іле, Талас, Кеген, Шарын, Есік алқаптарында кеңінен тараған. Қырғызстан жерінде де түрлі деңгейде зерттелген қорымдар көптеп саналады. Ақышев басқарған Жетісу экспедиция жұмыстары барысында 1960 жылы Кеген өзені алқабында зерттелген Ақтас-2 қонысының аумағында тұрғын үй қызметін атқарған барлығы 5 құрылыс пен бірнеше шаруашылық орындардың болғандығы анықталды. Мұндағы ішінде тас ошағы бар “шаршы құрылыс” дәл ортада орналасса, оған жапсарлас салынған, ұзын жіңішке дәліз арқылы кіретін “үлкен құрылыстың” ауданы 126 м2. Жылуды сақтау мақсатында біріне-бірі жалғастыра, тіркей салынатын үй-жайлар тастан қаланып, тұрғын бөлмелердің едені балшықпен мұқият сыланып отырған.
Шаруашылығы
Қоныстан қыш ыдыс бөлшектерімен қатар, көптеген тас кетпендер мен дәнүккіштер, қола орақтың сынығы табылып, бұл деректер көне үйсін шаруашылығында егіншіліктің маңызды орын алғанын айғақтады. Сондай-ақ Ақтасты-2 маңынан егіншіліктің суармалы тәсілі қолданылғанын көрсететін көптеген арықтар мен ауданы 60 — 150 м2 болатын шағын өңделген танаптардың орындары кездескен. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл бау-бақша өсірген орындар. Дәнді дақылдарды өсіруге бағытталған мұндай суармалы егіншілік жүйелерінің іздері Шолақ, Шу-Іле таулары маңында, Талас алқабында да сақталған.
Шу өлкесінде табылған қоныстарда үй-жай тұрғызуға балшық кірпішті пайдаланған. Кейінгі жылдары көптеп зерттеле бастаған жаңа қоныстар көне үйсіндердің тұрмыс-тіршілігіне, оның ішінде отырықшы-егіншілік дәстүрлеріне байланысты тың деректер беруде. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бірнеше қоныстардың бір бөлігі сақ дәуірінде пайда болып, үстіңгі қабаты үйсін дәуіріне жатқызылса, қалғандары үйсін дәуіріне жатады.
Түзусай-3, Серектас-1, Шарын, -1, -8 сияқты қоныстардан табылған заттар арасында қыш өндірісіне, егіншілікке байланысты қызықты деректер, мысалы, дәнді дақылдардың сақталып қалған қабық-үгінділеріне дейін бар. Есік пен Талғар қаласының арасында Рахат ауылы маңында орналасқан бір топ қоныстар жақсы сақталған жалдары мен орлары болуына байланысты күшейтілген бекіністер түріне жатқызылды. Археологиялық ескерткіштер деректері көне үйсін тайпалары шаруашылығында малшылық, егіншілік бағыттарының бірге дамығанын, сондай-ақ қыш өндірісінің, металлургияның, тоқымашылықтың, тас, сүйек өңдеудің жоғары дейгейде болғанын көрсетеді.
нақты кезеңдерге ажыратылғанымен, мұндағы мәдени даму үрдістері ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келген. Үйсін дәуірінің обаларындағы жерлеу үрдісіне байланысты анықтауды қажет ететін мәселелер бар. Ең алдымен бұл “Жетісу сатысының” (б.з. 1 — 3 ғ-лар) обаларындағы мұның алдында кең тарамаған лақытты жерлеу дәстүрінің пайда болуына байланысты. Осыған назар аударған ғалымдар (Ю.А. Заднепровский, т.б.) ерте кезеңге тән лақытсыз, яғни қарапайым шұңқыр қабірлер мен лақытты қабірлер әр түрлі тайпалардікі болуы мүмкін деп жорамалдайды. Өз кезегінде, қабір құрылысының мұндай әркелкілігі Қытай жазбаларындағы Үйсін ұлысына кейіннен қосылған бұрынғы жергілікті “сэ” (сақ) халқының ұрпақтары да тұрады деген деректермен, сондай-ақ юечжи тайпаларының осы батыс өлкелерге жылжығандығы туралы мәліметтермен байланыстырылады.
Б.з. 1-мыңжылдықтың 1-жартысына жататын ескерткіштерде ғұн мәдениетінің әсерлері біршама анық байқалады. Бұл әсіресе, полихромды нақышпен жасалған өнер бұйымдары көптеп табылған Теңлік, Ақтасты қо-рымдарынан нақтырақ көрінеді. Үйсін дәуірінің ескерткіштері жайлы ойларын қорытындылай келе, көрнекті ғалым К.Ақышев
[1996] ж. арнайы зерттеулер неғұрлым кеңірек жүргізіліп және стратиграф. қабаттарды ажыратуға ерекше көңіл бөлінсе, Жетісудың Сүмбе, , Суяб, Құлан, Батыс Ақтөбе сияқты көптеген ортағасырлық қалаларының астынан үйсін дәуірінің қабаттары ашылуы әбден мүмкін деген аса маңызды пікір айтты.
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үjsin dәuirinin eskertkishteri erte temir dәuirinin songy kezeninde Zhetisu men ogan zhapsarlas olkelerdi mekendegen tajpalardan kalgan mura b z b 3 b z 5 gasyrlar Қytaj zhazba derekteri bojynsha Үjsin memleketinin astanasy Shygu Chigu kalasy bolgany belgili birak bul arheologiyalyk turgydan anyktalmagan Үjsin dәuirine karasty algashky birneshe obany 19 gasyrdyn ortasynda V V Radlov kazirgi Almaty oblysy aumagynan zerttegen 1920 zhyly men Қyrgyzstannyn soltүstiginde zertteuler zhүrgizip obalardyn sipatyn is zhүzinde naktylady 1930 zhyly A N Bernshtamnyn 1950 zhyly zertteuleri barysynda kone үjsinder mәdenietine zhatatyn obalardyn үlken shogyry ashylyp zherleu gurpynyn zattyk mәdeniettin basty belgileri anyktaldy zhәne algashky gylymi teoriya korytyndylar dүniege keldi zhүrgizgen zhumystar nәtizhesinde kundy derekter alyndy Үjsin dәuirinin eskertkishterin taldap korytyndylau gylymi tuzhyrymdar usynu isinde asa kornekti sak үjsin zertteushisi K Akyshev enbekterinin ajryksha manyzy bar Zhalpy alganda Үjsin dәuirinin eskertkishterinin zherleu үrdisi sharuashylygy turmys tirshiligi dini nanym senimderinen mol derekter beretin eskertkishterdin en kop zerttelgen tүrine obalar zhatady Sonymen katar kystak konystar kalalyk otyrykshy oryndar tәrizdi de koptep kezdesedi En az zerttelgen zhәdigerlerge tastagy tanbalar osy kezendegi metallurgiya oryndary zhatady Metall bujymdarynan turatyn arheologiyalyk kombeler de belgili Dongelek sirek zhagdajda sopaksha pishindegi obalar topyraktan үjiledi al munyn shagyn tastardan tүzilgen sakina korshaulary birneshe tүrde ornalasady үjindinin shetin ala үjindi shetinen 1 2 m ne odan sәl kobirek kashyktykta үjindinin astynda onyn shetine zhakyn үjindinin betinde Kej zhagdajda topyrak oba turgyzylmaj tas korshaudyn ozi gana kezdesedi Zherleu kamerasynyn basty tүri beti agashpen zhabylatyn shunkyr kabirler Mүrde basymen kүnbatyska karatyla sozylynky kүjde arkasymen zhatkyzylady Қabir ishinde zattardan kysh ydystar әdette bir kabirde 1 2 ydys biren saran kola temir bujymdar pyshak tүjreuish t b syrga bilezik siyakty tүrli әshekejler ajnalar kejde kajrak tәrizdi tas kuraldar kezdesedi Kop zhagdajda kabirge mүrdemen birge kojylatyn arnajy et tagamy bolady Bul en aldymen kojdyn kujryk usha siyakty artky zhagy Sadak zhebeleri kanzharlar siyakty karu zharak tym az kezdesedi bul zhalpy үjsin obalaryna ajryksha tәn kubylys Ғylymda Үjsin dәuirinin eskertkishterin 3 arnajy satyga bolip karastyru kalyptaskan 1 Қaratal satysy b z b 3 1 g lardy kamtityn algashky saty Қaratal Қargaly Қapshagaj 3 Besshatyr 2 Үngirkora 1 Besshatyr 2 Өtegen 1 Қalkan 1 t b korymdar obalary osynyn aldyndagy songy sak kezeni eskertkishterine uksas keledi Қorymdarynyn sany 5 10 kejde odan kop bolatyn obalar bul kezende kobine soltүstikten ontүstikke karaj tizbektele ornalasady Bul uakyttyn asa kornekti eskertkishteri kataryna Қargalydan tabylgan kone oner bujymdarynyn zhiyntygy zhatady altyn tәti zhүzikter tauteke mүsinderi syrga koptegen zhapsyrmalar 2 Zhetisu satysy b z 1 3 g lar obalary sany zhagynan en kobi bolyp tabylady Talgar 1 3 Bastau 2 3 Aktas 7 Sarytau 1 2 Akshoky 3 4 Өtegen 2 3 Besshatyr 1 3 4 t b korymdar Bul kezende obalardyn tizbektele ornalasu үrdisi zhojylyp retsiz toptala ornalasuy kalyptaskan Қabirlerdin lakyty bar zhana tүri pajda boldy Mүrde zhanyna buryngyga karaganda koptep kojylatyn 6 7 ydyska dejin kysh ydystardyn tүbi kobine dones emes zhajpak keledi 3 Ile satysy b z 3 5 gasyrlarynda obalar sany azaya tүsedi de kobine olar kystak konystar manynda oryn tebedi Aktas 1 3 6 Үngirkora 2 Sholakzhide 1 korymdary Үjsin korymdary әsirese Ile Talas Kegen Sharyn Esik alkaptarynda keninen taragan Қyrgyzstan zherinde de tүrli dengejde zerttelgen korymdar koptep sanalady Akyshev baskargan Zhetisu ekspediciya zhumystary barysynda 1960 zhyly Kegen ozeni alkabynda zerttelgen Aktas 2 konysynyn aumagynda turgyn үj kyzmetin atkargan barlygy 5 kurylys pen birneshe sharuashylyk oryndardyn bolgandygy anyktaldy Mundagy ishinde tas oshagy bar sharshy kurylys dәl ortada ornalassa ogan zhapsarlas salyngan uzyn zhinishke dәliz arkyly kiretin үlken kurylystyn audany 126 m2 Zhyludy saktau maksatynda birine biri zhalgastyra tirkej salynatyn үj zhajlar tastan kalanyp turgyn bolmelerdin edeni balshykpen mukiyat sylanyp otyrgan SharuashylygyҚonystan kysh ydys bolshekterimen katar koptegen tas ketpender men dәnүkkishter kola oraktyn synygy tabylyp bul derekter kone үjsin sharuashylygynda eginshiliktin manyzdy oryn alganyn ajgaktady Sondaj ak Aktasty 2 manynan eginshiliktin suarmaly tәsili koldanylganyn korsetetin koptegen aryktar men audany 60 150 m2 bolatyn shagyn ondelgen tanaptardyn oryndary kezdesken Ғalymdardyn pajymdauynsha bul bau baksha osirgen oryndar Dәndi dakyldardy osiruge bagyttalgan mundaj suarmaly eginshilik zhүjelerinin izderi Sholak Shu Ile taulary manynda Talas alkabynda da saktalgan Shu olkesinde tabylgan konystarda үj zhaj turgyzuga balshyk kirpishti pajdalangan Kejingi zhyldary koptep zerttele bastagan zhana konystar kone үjsinderdin turmys tirshiligine onyn ishinde otyrykshy eginshilik dәstүrlerine bajlanysty tyn derekter berude Arheologiyalyk zertteuler nәtizhesinde anyktalgan birneshe konystardyn bir boligi sak dәuirinde pajda bolyp үstingi kabaty үjsin dәuirine zhatkyzylsa kalgandary үjsin dәuirine zhatady Tүzusaj 3 Serektas 1 Sharyn 1 8 siyakty konystardan tabylgan zattar arasynda kysh ondirisine eginshilikke bajlanysty kyzykty derekter mysaly dәndi dakyldardyn saktalyp kalgan kabyk үgindilerine dejin bar Esik pen Talgar kalasynyn arasynda Rahat auyly manynda ornalaskan bir top konystar zhaksy saktalgan zhaldary men orlary boluyna bajlanysty kүshejtilgen bekinister tүrine zhatkyzyldy Arheologiyalyk eskertkishter derekteri kone үjsin tajpalary sharuashylygynda malshylyk eginshilik bagyttarynyn birge damyganyn sondaj ak kysh ondirisinin metallurgiyanyn tokymashylyktyn tas sүjek ondeudin zhogary dejgejde bolganyn korsetedi nakty kezenderge azhyratylganymen mundagy mәdeni damu үrdisteri gasyrlar bojy үzilmej zhalgasyp kelgen Үjsin dәuirinin obalaryndagy zherleu үrdisine bajlanysty anyktaudy kazhet etetin mәseleler bar En aldymen bul Zhetisu satysynyn b z 1 3 g lar obalaryndagy munyn aldynda ken taramagan lakytty zherleu dәstүrinin pajda boluyna bajlanysty Osygan nazar audargan galymdar Yu A Zadneprovskij t b erte kezenge tәn lakytsyz yagni karapajym shunkyr kabirler men lakytty kabirler әr tүrli tajpalardiki boluy mүmkin dep zhoramaldajdy Өz kezeginde kabir kurylysynyn mundaj әrkelkiligi Қytaj zhazbalaryndagy Үjsin ulysyna kejinnen kosylgan buryngy zhergilikti se sak halkynyn urpaktary da turady degen derektermen sondaj ak yuechzhi tajpalarynyn osy batys olkelerge zhylzhygandygy turaly mәlimettermen bajlanystyrylady B z 1 mynzhyldyktyn 1 zhartysyna zhatatyn eskertkishterde gun mәdenietinin әserleri birshama anyk bajkalady Bul әsirese polihromdy nakyshpen zhasalgan oner bujymdary koptep tabylgan Tenlik Aktasty ko rymdarynan naktyrak korinedi Үjsin dәuirinin eskertkishteri zhajly ojlaryn korytyndylaj kele kornekti galym K Akyshev 1996 zh arnajy zertteuler negurlym kenirek zhүrgizilip zhәne stratigraf kabattardy azhyratuga erekshe konil bolinse Zhetisudyn Sүmbe Suyab Қulan Batys Aktobe siyakty koptegen ortagasyrlyk kalalarynyn astynan үjsin dәuirinin kabattary ashyluy әbden mүmkin degen asa manyzdy pikir ajtty Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet