Үңгірқора қорымдары - үйсін дәуірінің ескерткіштері.
Алматы облысы Іле өзеннің оң жағалауында орналасқан екі қорымды 1954 жылы Жетісу археологиялық экспедиция (жетек. К.Ақышев, Г.Кушаев) ашып, 1957 жылы екеуінде де қазба жұмыстарын жүргізді.
Үңгірқора-1 қорымы
Үңгірқора-1 қорымының құрамындағы 78 оба үш үлкен топқа бөлінеді (А, Б, В топтары). Әр топтың ішіндегі обалардың өзі көлемі жағынан шағындау келген бірнеше шоғырланған топтарға бірігеді.
Планигр. ерекшелікке обалардың меридиан сызығымен тізбектеле орналасуы жатады. Пішіні жағынан дөңгелек, кейде сопақша келген обалар тас қиыршықтар аралас топырақтан үйілген, диаметрі 2 м-ден 14 м-ге дейін, биіктігі 1 м.
Көптеген обалардың үйінді етегінен айнала өтетін дөңгелек тас қоршаулары бар. Қазылған 17 обаның астынан ұзын бойымен батыстан шығысқа созылған қарапайым шұңқыр қабірлер ашылды. Ұзындығы 2,2 — 3 м, ені 0,8 — 1 м, тереңдігі 0,8 — 1,36 м болатын тік қабырғалы қабірлердің түбінде мүрделер ұзына бойымен басы күнбатысқа қарай шалқасынан жатқызылған. Қабір жабыны — бір қатар, кейде екі қатар салынған ағаш бөренелер. Кейбір қабірлердің ішінде де ірге бойларына бөренелер салынып, мүрде осы қорапшаның ішіне қойылған да, үстінен қайтара бөренелермен жабылған (қимаға жерлеу тәсілінің тым қарапайымданған түрі).
Мүрдемен бірге қабірге салынған заттай айғақтар арасында ең көп кездесетіні — түбі дөңес келген қыш ыдыстар.
Бұдан басқа қола айна, сырғалар, темір пышақтар мен түйреуіштер, тастан, пастадан жасалған моншақтар табылған. Қабірге, мүрде жанына қойдың құйымшақ сияқты құйрық жағынан мүше салу дәстүрі жиі кездеседі.
Ғалымдардың пікірі бойынша қорым үйсін дәуірінің б.з.б. 3 — 1 ғасырларды қамтитын ерте, яғни “Қаратал” сатысына жатады.
Үңгірқора-2 қорымы
Үңгірқора-2 қорымы Үңгірқора-1 ескерткішінен Іленің ағысына қарсы жүргенде 2 км жерде. Мұндағы аумағы 150 — 200 м жерді алып жатқан барлығы 39 обаның негізгі тобы ретсіз, шашырай орналасқан да, тек шығыс бүйірдегі бөлектенген 6 обадан ғана меридиандық тізбек тәртібі байқалады. Топырақтан үйілген, пішіні дөңгелек, диаметрі 8 — 12 м, биіктігі 0,3 — 1,3 м болатын обалардың 17-сі қазылды.
Қабір түрі мен құрылымының, жерлеу тәсілі мен заттық деректердің басты ерекшеліктері Үңгірқора-1 қорымындағы обаларға ұқсас. Сонымен бірге мұндағы бір обадан бір емес екі қабір кездескен, енді бір обада бір қабірде екі адам жерленген. Сыртқы тас қоршауы бар обалардың азаюы, обалардың ретсіз орналасуы, түбі тегістеу келген ыдыстардың көбеюі, тағы басқа айырмашылықтардың негізінде зерттеушілер Үңгірқора-2 қорымын үйсін дәуірінің соңғы, яғни “Іле” сатысына (б.з. 3 — 5 ғасырлар) жатқызды.
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үngirkora korymdary үjsin dәuirinin eskertkishteri Almaty oblysy Ile ozennin on zhagalauynda ornalaskan eki korymdy 1954 zhyly Zhetisu arheologiyalyk ekspediciya zhetek K Akyshev G Kushaev ashyp 1957 zhyly ekeuinde de kazba zhumystaryn zhүrgizdi Үngirkora 1 korymyҮngirkora 1 korymynyn kuramyndagy 78 oba үsh үlken topka bolinedi A B V toptary Әr toptyn ishindegi obalardyn ozi kolemi zhagynan shagyndau kelgen birneshe shogyrlangan toptarga birigedi Planigr erekshelikke obalardyn meridian syzygymen tizbektele ornalasuy zhatady Pishini zhagynan dongelek kejde sopaksha kelgen obalar tas kiyrshyktar aralas topyraktan үjilgen diametri 2 m den 14 m ge dejin biiktigi 1 m Koptegen obalardyn үjindi eteginen ajnala otetin dongelek tas korshaulary bar Қazylgan 17 obanyn astynan uzyn bojymen batystan shygyska sozylgan karapajym shunkyr kabirler ashyldy Ұzyndygy 2 2 3 m eni 0 8 1 m terendigi 0 8 1 36 m bolatyn tik kabyrgaly kabirlerdin tүbinde mүrdeler uzyna bojymen basy kүnbatyska karaj shalkasynan zhatkyzylgan Қabir zhabyny bir katar kejde eki katar salyngan agash boreneler Kejbir kabirlerdin ishinde de irge bojlaryna boreneler salynyp mүrde osy korapshanyn ishine kojylgan da үstinen kajtara borenelermen zhabylgan kimaga zherleu tәsilinin tym karapajymdangan tүri Mүrdemen birge kabirge salyngan zattaj ajgaktar arasynda en kop kezdesetini tүbi dones kelgen kysh ydystar Budan baska kola ajna syrgalar temir pyshaktar men tүjreuishter tastan pastadan zhasalgan monshaktar tabylgan Қabirge mүrde zhanyna kojdyn kujymshak siyakty kujryk zhagynan mүshe salu dәstүri zhii kezdesedi Ғalymdardyn pikiri bojynsha korym үjsin dәuirinin b z b 3 1 gasyrlardy kamtityn erte yagni Қaratal satysyna zhatady Үngirkora 2 korymyҮngirkora 2 korymy Үngirkora 1 eskertkishinen Ilenin agysyna karsy zhүrgende 2 km zherde Mundagy aumagy 150 200 m zherdi alyp zhatkan barlygy 39 obanyn negizgi toby retsiz shashyraj ornalaskan da tek shygys bүjirdegi bolektengen 6 obadan gana meridiandyk tizbek tәrtibi bajkalady Topyraktan үjilgen pishini dongelek diametri 8 12 m biiktigi 0 3 1 3 m bolatyn obalardyn 17 si kazyldy Қabir tүri men kurylymynyn zherleu tәsili men zattyk derekterdin basty erekshelikteri Үngirkora 1 korymyndagy obalarga uksas Sonymen birge mundagy bir obadan bir emes eki kabir kezdesken endi bir obada bir kabirde eki adam zherlengen Syrtky tas korshauy bar obalardyn azayuy obalardyn retsiz ornalasuy tүbi tegisteu kelgen ydystardyn kobeyui tagy baska ajyrmashylyktardyn negizinde zertteushiler Үngirkora 2 korymyn үjsin dәuirinin songy yagni Ile satysyna b z 3 5 gasyrlar zhatkyzdy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet