Уақыт белдеуі — бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі; сағаттық белдеу ішіндегі ортаншы меридианның жергілікті зайырлық уақыты. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 150 бойлық бойынша саналады. Ал Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеулік уақыт (5-белдеулік) қолданылады. Ыңғайлы болу үшін сағаттық белдеулердің шекаралары дәл меридианның бойымен емес, мемлекеттік не әкімшілік шекараларымен, өзен, суайрық бойымен, т. б. жерлермен жүргізіледі. Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 ж., ал КСРО-да (оның ішінде Қазақстанда) 1919 жылы 1 шілдеде енгізілген. Қазақстан аумағын 1 сағаттық белдеу (5-ші және 6-шы) алып жатыр. Табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу мақсатымен 1930 жылы 16 маусымда КСРО Халкомдары кеңесінің қаулысы бойынша Кеңес Одағының барлық жеріндегі сағат тілі 1 сағат ілгері қойылған. Осыған сәйкес 5-сағаттық белдеудегі Астана, Алматы сияқты қалалардың бәрі көршілес 6-сағаттық белдеудің уақытын пайдаланды. 1 наурыз 2024 жылдан бастап Қазақстан бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне өтті.
Белдеулік уақыт
Адам өмірінде қолайсыздық тудырмау үшін Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0-ден 23-ке дейін. Гринвич меридианы ортасынан өтетін сағаттық белдеу нөлдік болып қабылданды. Гринвич меридианынан 7°33' б. б. және 7°30' ш. б. аралығы нөлдік белдеу (оның өзі 24-ші де). Белдеулердің есебі осыдан шығысқа қарай жүргізіледі. Яғни 7° 30' ш. б. пен 22°30' ш. б. меридиандардың аралығы - бірінші белдеу, 22°30' пен 37°30' аралығы - екінші белдеу, 37°30' пен 52°30' аралығы - үшінші белдеу, одан әрі төртінші, бесінші болып 24-ші нөлдік белдеуге дейін жалғасады. Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеудегі уақыттан дәл 1 сағат айырма жасайды. Мысалы, сағаттық белдеулер картасы бойынша мынаны анықтауға болады, Гринвич меридианында күндізгі 12:00 болғанда, Замбийде 14 сағат, ал Гринвич меридианында 16:30 болғанда, Перуде 11:30. Сағаттық белдеулер картасында белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша дәл жүргізілмегендігін байқаймыз. Олар облыстардың, мемлекеттердің шекараларын бойлап немесе қалаларды айналып өтеді. Бұл бүкіл облыс (елді мекендерімен бірге) 1 сағаттық белдеуде жатып, уақыт өлшеміне қолайлы болу үшін жасалған.
Күн ауысу сызығы
Еуразияның батысында күн баткан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан кандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалды. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Бұл күнтізбенің датасының шамалаған шекарасы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы - жаңа күні басталады. Егер саяхатшы осы шекарадан керісінше жаққа қарай, яғни батыстан шығысқа қарай жүрсе, онда күнтізбені 1 күнге шегереді.
Декреттік уақыт
Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен (қаулысымен 1 сағат ілгері қою) енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты - жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу. Жарықты үнемдеу жағдайын дүние жүзіндегі көптеген елдер әр түрлі уақытта, яғни белдеулік орналасу ерекшеліктеріне қарай (мысалы, Еуропа, АҚШ, Аустралия, т.б.) колданады. Оның арнаулы шартты уақыты белгіленбеген.
Жергілікті уақыт
Жер шары өз білігінен батыстан шығысқа қарай бір тәулікте толық айналып шығады. Жердің айналуын ойша елестетейік. Мысалы, терезе жаққа глобустағы Қазақстан жерін қаратсақ, күндізгі уақыт екенін көреміз. Ал қарама-карсы жағында түн болады. Егер глобусты өз білігінен сәл ғана батыстан шығысқа, яғни сағат тілі қозғалысына қарсы бағытта айналдырсаң, күн мен түн өзгере бастайды. Сөйтіп, Күн сәулесі Жер бетіне біртіндеп таралады. Бұл сәтте әр меридианның өз уақыты бар, ол солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта бірдей болады. Бұл уақыт жергілікті уақыт деп аталады. Жер өз шеңберін (360°) бір тәулікте (24 сағатта) айналып шығады. Арақашықтығы көп алшақ емес батыс не шығыс бағыттағы қандай да бір меридианнан айырмашылық онша көп болмайды. Мысалы, Қарасай, Алматы, Талғар әр меридианда орналасқан. Олардың жергілікті уақытында аздаған ғана (ондаған секунд) айырма бар. Ертеректе Мәскеу, Киев, Ташкент қалаларының өзінің жергілікті уақыттары болған. Бойлықтар бойынша бір-бірінен қашық жатқан елді мекендер мен мемлекеттер арасында уақыт айырмашылығы үлкен. Әр пункттің жергілікті уақыты қолданыла бермейді. Бұл дұрыс та. Егер әр пункт өз уақыты бойынша қызмет істесе, әр ауылдың уақыты әр түрлі болар еді, ал аудан мен облыс орталығы да өзгеше уақытқа қарар еді. Осындай жергілікті уақыттар шаруашылық. және мәдени қарым-қатынастар жасауда, темір жол қатынасы мен телеграф байланыстарында ыңғайсыздық туғызған. Алыс сапарларға шыққан кезде (ұшакпен ұшу, теңізбен жүзу) мезгілді жергілікті уақыт бойынша есептеу қолайсыз. Сондықтан оны жеңілдету үшін 1884 жылы Халықаралық астрономиялық конгресте уақыт есебін белдеулер бойынша жүргізу енгізілді.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Uakyt beldeui bүkil Zher betin meridian bojynsha 24 sagattyk beldeuge boluge negizdelgen uakytty esepteu zhүjesi sagattyk beldeu ishindegi ortanshy meridiannyn zhergilikti zajyrlyk uakyty Beldeuler Grinvich meridianynan bastap shygyska karaj әrbir 150 bojlyk bojynsha sanalady Al Grinvich arkyly otetin noldik meridiandy nolinshi beldeudin orta meridiany dep esepteuge kelisilgen Әr meridiandagy orynnyn ozinin zhergilikti uakyty bar Mysaly Almaty Taraz Shymkent kalalary әr meridianda ornalaskan olardyn zhergilikti uakyttarynda birer minuttyk ajyrma bar Birak olardyn bәrinde de birdej beldeulik uakyt 5 beldeulik koldanylady Yngajly bolu үshin sagattyk beldeulerdin shekaralary dәl meridiannyn bojymen emes memlekettik ne әkimshilik shekaralarymen ozen suajryk bojymen t b zherlermen zhүrgiziledi Beldeulik uakyt tungysh ret AҚSh ta 1883 zh al KSRO da onyn ishinde Қazakstanda 1919 zhyly 1 shildede engizilgen Қazakstan aumagyn 1 sagattyk beldeu 5 shi zhәne 6 shy alyp zhatyr Tabigi zharykty tiimdi pajdalanu zhәne elektr energiyasyn үnemdeu maksatymen 1930 zhyly 16 mausymda KSRO Halkomdary kenesinin kaulysy bojynsha Kenes Odagynyn barlyk zherindegi sagat tili 1 sagat ilgeri kojylgan Osygan sәjkes 5 sagattyk beldeudegi Astana Almaty siyakty kalalardyn bәri korshiles 6 sagattyk beldeudin uakytyn pajdalandy 1 nauryz 2024 zhyldan bastap Қazakstan biryngaj UTC 5 00 uakyt beldeuine otti Sagattyk beldeulerBeldeulik uakytAdam omirinde kolajsyzdyk tudyrmau үshin Halykaralyk kelisim bojynsha Zher shary 24 sagattyk beldeuge bolingen Әr sagattyk beldeu 15 tan turady Beldeu ishinde uakytty barlyk nүkteden ortangy meridian bojynsha esepteuge kelisilgen Sondyktan bir sagattyk beldeudin ishindegi uakytty beldeulik uakyt dep atajdy 24 sagattyk beldeudin oz nomirleri sandary bar 0 den 23 ke dejin Grinvich meridiany ortasynan otetin sagattyk beldeu noldik bolyp kabyldandy Grinvich meridianynan 7 33 b b zhәne 7 30 sh b aralygy noldik beldeu onyn ozi 24 shi de Beldeulerdin esebi osydan shygyska karaj zhүrgiziledi Yagni 7 30 sh b pen 22 30 sh b meridiandardyn aralygy birinshi beldeu 22 30 pen 37 30 aralygy ekinshi beldeu 37 30 pen 52 30 aralygy үshinshi beldeu odan әri tortinshi besinshi bolyp 24 shi noldik beldeuge dejin zhalgasady Әrbir beldeudegi uakyt korshiles beldeudegi uakyttan dәl 1 sagat ajyrma zhasajdy Mysaly sagattyk beldeuler kartasy bojynsha mynany anyktauga bolady Grinvich meridianynda kүndizgi 12 00 bolganda Zambijde 14 sagat al Grinvich meridianynda 16 30 bolganda Perude 11 30 Sagattyk beldeuler kartasynda beldeulerdin shekaralary meridiandar bojynsha dәl zhүrgizilmegendigin bajkajmyz Olar oblystardyn memleketterdin shekaralaryn bojlap nemese kalalardy ajnalyp otedi Bul bүkil oblys eldi mekenderimen birge 1 sagattyk beldeude zhatyp uakyt olshemine kolajly bolu үshin zhasalgan Kүn auysu syzygyEuraziyanyn batysynda kүn batkan kezde onyn shygysynda kelesi kүnnin tany ata bastajdy Sondyktan kandaj sagattyk beldeudi zhana tәuliktin basy dep esepteu kerek degen manyzdy mәsele tuady Zhyldyn tәulikterin shatastyrmau үshin halykaralyk kelisim bojynsha datalardyn auysu syzygy tagajyndaldy Ol geografiyalyk kartalarda on ekinshi sagattyk beldeude shamamen 180 meridian bojymen soltүstik polyusten ontүstik polyuske dejingi aralykta zhүrgizilgen Bul kүntizbenin datasynyn shamalagan shekarasy Osy syzyktan batyska karaj Zher sharynda kүntizbenin zhana datasy zhana kүni bastalady Eger sayahatshy osy shekaradan kerisinshe zhakka karaj yagni batystan shygyska karaj zhүrse onda kүntizbeni 1 kүnge shegeredi Dekrettik uakytOl 1930 zhyly 16 mausymda KSRO үkimetinin dekretimen kaulysymen 1 sagat ilgeri koyu engizilgen Muny dekrettik uakyt dep atajdy Negizgi maksaty zhumys kүni ishinde zharykty tolygyrak pajdalanu zhәne elektr kuatyn үnemdeu Zharykty үnemdeu zhagdajyn dүnie zhүzindegi koptegen elder әr tүrli uakytta yagni beldeulik ornalasu erekshelikterine karaj mysaly Europa AҚSh Australiya t b koldanady Onyn arnauly shartty uakyty belgilenbegen Zhergilikti uakytZher shary oz biliginen batystan shygyska karaj bir tәulikte tolyk ajnalyp shygady Zherdin ajnaluyn ojsha elestetejik Mysaly tereze zhakka globustagy Қazakstan zherin karatsak kүndizgi uakyt ekenin koremiz Al karama karsy zhagynda tүn bolady Eger globusty oz biliginen sәl gana batystan shygyska yagni sagat tili kozgalysyna karsy bagytta ajnaldyrsan kүn men tүn ozgere bastajdy Sojtip Kүn sәulesi Zher betine birtindep taralady Bul sәtte әr meridiannyn oz uakyty bar ol soltүstik polyusten ontүstik polyuske dejingi aralykta birdej bolady Bul uakyt zhergilikti uakyt dep atalady Zher oz shenberin 360 bir tәulikte 24 sagatta ajnalyp shygady Arakashyktygy kop alshak emes batys ne shygys bagyttagy kandaj da bir meridiannan ajyrmashylyk onsha kop bolmajdy Mysaly Қarasaj Almaty Talgar әr meridianda ornalaskan Olardyn zhergilikti uakytynda azdagan gana ondagan sekund ajyrma bar Erterekte Mәskeu Kiev Tashkent kalalarynyn ozinin zhergilikti uakyttary bolgan Bojlyktar bojynsha bir birinen kashyk zhatkan eldi mekender men memleketter arasynda uakyt ajyrmashylygy үlken Әr punkttin zhergilikti uakyty koldanyla bermejdi Bul durys ta Eger әr punkt oz uakyty bojynsha kyzmet istese әr auyldyn uakyty әr tүrli bolar edi al audan men oblys ortalygy da ozgeshe uakytka karar edi Osyndaj zhergilikti uakyttar sharuashylyk zhәne mәdeni karym katynastar zhasauda temir zhol katynasy men telegraf bajlanystarynda yngajsyzdyk tugyzgan Alys saparlarga shykkan kezde ushakpen ushu tenizben zhүzu mezgildi zhergilikti uakyt bojynsha esepteu kolajsyz Sondyktan ony zhenildetu үshin 1884 zhyly Halykaralyk astronomiyalyk kongreste uakyt esebin beldeuler bojynsha zhүrgizu engizildi Tagy karanyzҚazakstandagy uakytDerekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Қazakstannn fizikalyk geografiyasy Almaty Atamura 2008 ISBN 9965 34 809 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet