Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі.
Найман тайпасы Қаракерей руы Сыбан бөлімінен шыққан.
11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі.
Әріп шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шаїмұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бәїрам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Таїир” дастандары —махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Әріп сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Әріптің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. Өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Әріп өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады.Біржан — Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды.
А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды.
Дереккөздер
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 10. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-21-09.
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақстан энциклопедия 1-том
Әдебиеттер
- Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3-кітап [Мәтін] : [Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір ақындардың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Дәуір, 1995. - 320 б.
- Қ. Мұхамедханов . Том 1 : Зерттеулер, мақалалар. - 2005. - 352 б. - Абай төңірегіндегі ақындар, Абай және XIXғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, Абайдыңөнеге алған мектебі, Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев, Мұқамеджан Майбасаров, Бейсембай Жәнібеков, Баймағамбет Мырзаханов, Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Сексенбаев, Әубәкір Оспанов; Абай шығармаларының текстологиясы жайында.
- Қ. Мұхамедханов. Том. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер. - 2005. - 328 б. - Көкбай Жанатайұлы, Уәйіс Шоңдыбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ыдырыс Мұстамбаев, Қайым Мұхамедханов туралы лебіздер мен естеліктер.
- Әріп өлгенде (1924) [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған.
- Боранбай ақынның Әріп өлгенде айтқаны (1924) [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған.
- Тәңірбергенов Әріптің шығармалары мен ол туралы материалдар [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған.
- Жамбылдың Әріп ақын туралы есіндегісінен [Қолжазба] / жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған.
- Мұхамедханов, Қ. Әріп ақын [Мәтін] : [ақын Әріп Тәңірбергенов туралы] / Қ. Мұхамедханов // Екпінді. - 1939. - 10 декабрь. - Б. 3-4.
- Мұхаметханов (Мұхамедханов), Қ. Әріп Тәңірбергенұлы [Мәтін] / Қ. Мұқаметханов (Мұхамедханов) // Қазақ ССР : 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т. 4. Тіл. Әдебиет. Фольклор. Өнер. Архитектура. - Алматы, 1989. - Б. 152.
- Мұхамедханұлы [Мұхамедханов], Қ. Әріп Тәңірбергенов; Тәуке-Ұрқия айтысы; Әріптің кейбір өлеңдеріне, «Біржан-Сара» дастанына айтылатын кейбір уақиғаға түсініктемелер [Мәтін] // Алаштың ақиығы - Әріп қыран : ғылыми мақалалар, ой-пікірлер және арнаулар. - Өскемен, 2014. - Б. 105-175.
- Жанатайұлы, К. (1861-1925) Өлеңдері [Мәтін] : Көкбай мен Әріптің Семейде оқып жүрген жылдары әзілдесіп айтысқан өлеңдерінен; Міржақып пен Көкбайдың сөз жарысы; Көкбай-Әріп айтысы / К. Жанатайұлы, кіріспесін және Көкең өлеңдеріне түсіндірмені жазған Қ. Мұхамедханов // Абай. - 1993. - № 5. - Б. 21-41.
- Әріп ақын [Қолжазба] : [творчестволық өмірбаяны] : жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - 1-30 п. - Қ-402. - №5. - Латын әрпінде. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған.
- Жамбылдың Әріп ақын туралы есіндегісінен [Қолжазба] : айтушы Ғ. Орманов; жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - 199-200 п. - Қ-401. - №1. - Латын әрпінде. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған.
- Мұхамедханов, Қ. Ленин бейнесі ақындар жырында [Телехабар] : [С. Сейфуллин, Әріп ақын туралы] / Қ. Мұхамедханов. - Семей телевидениесі, 1980. - 6 маусым. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ. Мұхамедханов.
- Мұхамедханов, Қ. Абай шәкірттері [Мәтін] : [сүйінші дана] / жыйнаған, түсініктерін жазған Қ. Мұхамедханов; сөз басын жазған М. Әуезов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951. - 263 б. - 1951 жылы Қ. Мұхамедханов тұтқындалған соң баспаханадағы кітап терімі шашылып қалған.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Muhamedgaryp Tәnirbergenuly Әrip 1856 kazirgi Shygys Қazakstan oblysy Zharma audany Үshbiik temir zhol beketi Zhylandy mekeni 21 6 1924 sonda akyn Abajdyn talantty shәkirtterinin biri Najman tajpasy Қarakerej ruy Syban boliminen shykkan 11 12 zhasynda auyl medresesinde bastauysh orys mektebinde okygan 1877 zhyly Semejdegi uezdik uchilishege okuga tүsip ony 1881 zhyly үzdik bitirgen Semejde okygan kezinde Abajmen tanysyp ony ozine ustaz tutkan 1882 84 zhyldary Sergiopol uezinde tilmash bolyp istedi 1884 87 zhyldary Shәueshek kalasynda Resejdin Қytajdagy elshiliginde tilmash bolyp kyzmet atkardy odan kejin Қapalda Bishkek zhәne Almaty kalalarynda pochta salasynda istep 1890 zh ozi tuyp osken Қandygataj Enirekej bolystarynda tilmash boldy Әrip tatar orys tilderin zhetik bilumen birge arab parsy tүrik kytaj tilderin zhaksy mengergen Shygys zhәne orys klassikalyk әdebietin okyp nәr algan Bala kүninen akyndyk zholga tүsip akyndar ajtysyna katyskan Өlendi kolma kol suyryp salyp ajtuga sheber ajtys onerinin oren zhүjrigi boldy Onyn Sәdir Қuanyshbaj Қaumet Boranbaj akyndarmen Kokbaj Әset siyakty Abajdyn talantty shәkirtterimen ajtystary belgili Әrip shygystyn gazhajyp okigaly ertegilik syuzhetine kurylgan birneshe dastan zhazgan Onyn algashkysy Ziyada Shayimurat dastany 1884 zhyly zhazylyp 1890 1892 1893 1896 1909 1912 zhyldary nemere tuysy Zhakyp Bajzhigitulynyn atynan Қazan kalasynda baspadan shykkan Қissa i Bәyiram dastany 1908 1912 zhyldary zharyk kordi Osy shygarmalary zhәne Қozha Ғapon Nurgyzarun Tayiir dastandary mahabbat takyrybyna arnalgan kissa үlgisindegi tuyndylar Әrip sonymen birge islam dinin zhaksy bilip musylmandyk әdet guryptardy zerttegen Әriptin kissashyldygyn ajyptagan Abajdyn әdil synynan kejin ol oz kezinin әleumettik omir shyndygyn zhyrlauga bet buryp karapajym halyk zhokshysy boldy Өlenderinin takyryp ayasy kenejip gylym bilim enbek turaly shabyttana zhyrlap saran bajlar men zhebir bi bolystardy otirikshi osekshilerdi halyk esebinen kүn korushi pajdakүnem alayaktardy syn tezine aldy Koptegen olenderinde kalyn mal siyakty eski әdet gurypty әshkerelep әjel tendigi mәselesin batyl koterdi oner gylymdy nasihattap zhastardy bilim aluga shakyrdy Әrip oz shygarmashylygynda Abajdyn dәstүrin ilgeri zhalgastyra bildi Қapalda kyzmette bolgan kezinde atakty akyn kyz Saramen tanysyp gashyktyk zhyrlaryn arnady Birzhan Sara ajtysyn korkemdik zhagynan kajta ondep hatka tүsirdi baspaga usynyp mәngilik mura etip kaldyruda kop enbek sinirdi Әrip 1913 zhzhyly ajtys tүrindegi Tәuke Ұrkiya dastanyn zhazdy A S Pushkinnin Evgenij Onegin romanyn erkin audarma үlgisinde olenmen kazak tiline audardy DerekkozderH M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalarynyn tarihy Najman Almaty Alash TZO Poligrafkombinat 2008 T 10 430 b 1000 taralym ISBN 9965 765 21 09 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 096 6 Қazakstan enciklopediya 1 tomӘdebietterMuhamedhanov Қ Abajdyn akyn shәkirtteri 3 kitap Mәtin Әrip Әset Muka Әubәkir akyndardyn olenderi omiri men shygarmashylygy turaly mәlimetter engen shygarmalaryn zhinap zerttep omirbayandary men algy sozin zhazyp baspaga әzirlegen Қ Muhamedhanov Almaty Dәuir 1995 320 b Қ Muhamedhanov Tom 1 Zertteuler makalalar 2005 352 b Abaj toniregindegi akyndar Abaj zhәne XIXgasyrdyn ekinshi zhartysyndagy әdebiet Abajdynonege algan mektebi Akylbaj Abajuly Қunanbaev Magauiya Abajuly Қunanbaev Әrip Tәnirbergenov Kokbaj Zhanataev Kәkitaj Yskakuly Қunanbaev Mukamedzhan Majbasarov Bejsembaj Zhәnibekov Bajmagambet Myrzahanov Muka Әdilhanov Әlmagambet Seksenbaev Әubәkir Ospanov Abaj shygarmalarynyn tekstologiyasy zhajynda Қ Muhamedhanov Tom 4 Abaj muragerleri Estelikter 2005 328 b Kokbaj Zhanatajuly Uәjis Shondybajuly Әrip Tәnirbergenov Әset Najmanbajuly Muka Әdilhanuly Tajyr Zhomartbajuly Bajmagambet Ajtkozhauly Imanbazar Қazangapuly Әlihan Bokejhanov Ahmet Bajtursynov Magzhan Zhumabaev Zhүsipbek Ajmauytov Mirzhakyp Dulatov Ydyrys Mustambaev Қajym Muhamedhanov turaly lebizder men estelikter Әrip olgende 1924 Қolzhazba Қ Muhamedhanov 1940 zhyldary zhinagan ҚR ҒA kitaphanasynda saktalgan Boranbaj akynnyn Әrip olgende ajtkany 1924 Қolzhazba Қ Muhamedhanov 1940 zhyldary zhinagan ҚR ҒA kitaphanasynda saktalgan Tәnirbergenov Әriptin shygarmalary men ol turaly materialdar Қolzhazba Қ Muhamedhanov 1940 zhyldary zhinagan ҚR ҒA kitaphanasynda saktalgan Zhambyldyn Әrip akyn turaly esindegisinen Қolzhazba zhinaushy Қ Muhamedhanov 1941 ҚR ҒA kitaphanasynda saktalgan Muhamedhanov Қ Әrip akyn Mәtin akyn Әrip Tәnirbergenov turaly Қ Muhamedhanov Ekpindi 1939 10 dekabr B 3 4 Muhamethanov Muhamedhanov Қ Әrip Tәnirbergenuly Mәtin Қ Mukamethanov Muhamedhanov Қazak SSR 4 tomdyk kyskasha enciklopediya T 4 Til Әdebiet Folklor Өner Arhitektura Almaty 1989 B 152 Muhamedhanuly Muhamedhanov Қ Әrip Tәnirbergenov Tәuke Ұrkiya ajtysy Әriptin kejbir olenderine Birzhan Sara dastanyna ajtylatyn kejbir uakigaga tүsiniktemeler Mәtin Alashtyn akiygy Әrip kyran gylymi makalalar oj pikirler zhәne arnaular Өskemen 2014 B 105 175 Zhanatajuly K 1861 1925 Өlenderi Mәtin Kokbaj men Әriptin Semejde okyp zhүrgen zhyldary әzildesip ajtyskan olenderinen Mirzhakyp pen Kokbajdyn soz zharysy Kokbaj Әrip ajtysy K Zhanatajuly kirispesin zhәne Koken olenderine tүsindirmeni zhazgan Қ Muhamedhanov Abaj 1993 5 B 21 41 Әrip akyn Қolzhazba tvorchestvolyk omirbayany zhinaushy Қ Muhamedhanov 1941 1 30 p Қ 402 5 Latyn әrpinde ҚR ҒA kitaphanasynda saktalgan Zhambyldyn Әrip akyn turaly esindegisinen Қolzhazba ajtushy Ғ Ormanov zhinaushy Қ Muhamedhanov 1941 199 200 p Қ 401 1 Latyn әrpinde ҚR ҒA kitaphanasynda saktalgan Muhamedhanov Қ Lenin bejnesi akyndar zhyrynda Telehabar S Sejfullin Әrip akyn turaly Қ Muhamedhanov Semej televideniesi 1980 6 mausym Telehabar avtory zhәne zhүrgizushisi Қ Muhamedhanov Muhamedhanov Қ Abaj shәkirtteri Mәtin sүjinshi dana zhyjnagan tүsinikterin zhazgan Қ Muhamedhanov soz basyn zhazgan M Әuezov Almaty Қazaktyn memlekettik korkem әdebiet baspasy 1951 263 b 1951 zhyly Қ Muhamedhanov tutkyndalgan son baspahanadagy kitap terimi shashylyp kalgan Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz