Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен Әзірбаев т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С. Торайғыров, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан. Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын иелерін қамтиды. Соларды үлкен екі топқа бөліп, жырау, жыршы, термешілерді, өлең-жырды ауызша шығаратын, ауызша (домбырамен) суырып салып айтатын ақпа ақын сөз зергерлерін жинақтап жыршы ақын деп атауға болады. Сонда оларды жазба әдебиетінің өкілі жазушы ақыннан бөліп алып, өз алдына бөлекше шығармашылық тұлға ретінде қарауға мүмкіндік туады. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын т.б. деп бөлу де қалыптасқан.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Тағы қараңыз
Қосымша мәліметтер
- [1] Мұрағатталған 6 сәуірдің 2011 жылы. —Қазақ ақындарының өлеңдері
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akyn poeziyalyk tuyndylardy olen zhyr dastan poema auyzsha ajtyp ne zhazyp shygaratyn oner iesi halyktyn korkemdik talgamyn kalyptastyryp zhalgastyratyn soz sheberi Akyn ugymynyn zhyrau zhyrshy olenshi siyakty ugymdardan aukymy ken ol solardyn bәrin kamtidy Auyz әdebietinde akyn olen zhyr dastandardy shygarushy da ajtyp taratushy da bolgan Halyktyn soz onerinde erteden kalyptaskan dәstүr bojynsha shynajy akyndar olendi taban astynda suyryp salyp ajtkan Ondaj zhagdajda olendi zhyrdy dombyra nemese kobyz siyakty muzyka aspaptaryna kosylyp oryndagan Olardy halyk әdebietinin dәstүrlerin saktajdy degen magynada bizdin zamanymyzda halyk akyny dep atajtyn boldy Қazak halkynyn Zhambyl Nurpejis Kenen Әzirbaev t b akyndary koptegen mura kaldyrgan Olar zhyrshylyk onerdi de mengerip kejde uzak dastan zhyrlardy zhatka ajtkan Mundaj akyndar tek kazak halkynda gana emes tuyskan kyrgyz karakalpak halyktarynda da kezdesedi Akyn dep zhazba әdebietinin okilin de atajdy Birak mundagy akynnyn tulgasy mүlde baska Zhazba әdebiet okilderin alsak bulardyn omir shyndygyn bejneleu әdisi korkemdik oj zhүjesi koldanatyn zhanrlary stil til ozgesheligi kaj zhagynan da zhana sony kasiet sipattar mol Қazak әdebietinde zhazba әdebietinin dәstүrin zhan zhakty kalyptastyryp damytuga Abajdan bastap S Torajgyrov A Bajtursynuly M Dulatuly M Zhumabaev S Sejfullin I Zhansүgirov siyakty koptegen akyndar oz үlesin koskan Sojtip akyn degen sozdin magynasy ote ken ol poeziyadagy әr tүrli tarihi kezenderdegi әr kily daryn ielerin kamtidy Solardy үlken eki topka bolip zhyrau zhyrshy termeshilerdi olen zhyrdy auyzsha shygaratyn auyzsha dombyramen suyryp salyp ajtatyn akpa akyn soz zergerlerin zhinaktap zhyrshy akyn dep atauga bolady Sonda olardy zhazba әdebietinin okili zhazushy akynnan bolip alyp oz aldyna bolekshe shygarmashylyk tulga retinde karauga mүmkindik tuady Auyzeki tilde әnshi akyndar ajtysker akyn t b dep bolu de kalyptaskan DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Tagy karanyzҚazaktyn atakty әnshi kүjshileriҚosymsha mәlimetter 1 Muragattalgan 6 sәuirdin 2011 zhyly Қazak akyndarynyn olenderiBul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz