Түйелер (лат. Camelus) – сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы.
Түйелер | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Бір өркешті түйе, Camelus dromedarius Айыр өркешті түйе, Camelus bactrianus | ||||||||||||
| ||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||
Camelus bactrianus |
Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, , және , бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.
Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.
Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5–10 %-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20–25 %-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет.
Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.
Түйе атаулары
Ерекшеліктері
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған, сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген, сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі — жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері — Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері — Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның ғана сақталған. Түйені — төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін — «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды.
Халық өміріндегі түйенің рөлі
Ертеде түйелі көш «сахараның салтанатты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың - киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе — салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе - қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т. б.
Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.
Ертеде қазақ даласында түйесі көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортаңды, Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі болған.
Түйе қолтұқымдары
Айыр өркешті түйе
Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі.
Сыңар өркешті түйе
Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты — «нар». Ұрғашысы — «мая» немесе «аруана», еркегі — «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.
Түйе өнімдері
Сүті
Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған.
Шудасы
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.
Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Агромеркур» шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым — .
- Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды.
Қолға үйрету
Түйелер көлік ретінде қолданылып, олардың сүтін, көңін, жүнін және қанын пайдалану үшін қолға үйретілген. Оларды б.з.д. 2000 жылдарға дейін-ақ қолға үйреткен. Дромедар түйелерін б.з.д. 3000 және 2500 жылдары Арабия түбегінде қолға үйретсе, бактриан түйелерін Иранда шамамен б.з.д. 2600 жылдары қолға үйреткен.
Галерея
- Құмыралары бар жатқан түйе түріндегі ыдыс, б.з.б. 250 ж. — б.з. 224 ж., Бруклин мұражайы
- Қалың түйе жүні шөл жағдайында көмектесетін көптеген бейімделулердің бірі болып табылады.
- Жабдықтары бар түйе, Тан империясы
- Түйеге мінген адам, Тан империясы
- Түйеде емізетін әйел, Тан империясы
- Пәкістанда үй жануарлары ретінде қызмет ететін түйе (2009)
- Бахрам Гур мен Азадтар бейнеленген ыдыс, 13 ғасырдың басы, Бруклин мұражайы
- Моғол империясында тимпандар ойнап жүрген шабандозы бар түйе
- Пәкістаннан келген түйе етінен жасалған палау
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. — ISBN 978-601-7026-17-2
- Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
- http://anatili.kz/?p=22429 Сүт тайлақ
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tүjeler lat Camelus siritabandylar otryad tarmagynyn tүjetәrizdiler tukymdasyna zhatatyn sүtkorekti iri zhanuarlardyn bir tuysy TүjelerBir orkeshti tүje Camelus dromedarius Ajyr orkeshti tүje Camelus bactrianusDүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby SүtkorektilerSaby ZhuptuyaktylarTukymdasy CamelidaeTegi Camelus Linnaeus 1758TүrleriCamelus bactrianus Camelus dromedarius kazba kazba kazba Tүjeler sholge de katty ayazga da tozimdi kүshti kolik maly Munyn eki tүri bar kos orkeshti tүje Baktriya tүjesi negizgi osiriletin zherleri Қazakstan Қyrgyzstan Өzbekstan Astrahan zhәne buryngy KSRO da munyn Astrahan tүjesi Қazakstan tүjesi mongol tүjesi dep atalatyn negizgi үsh tukymy osiriledi bir orkeshti tүje dromedar Tүrikmenstanda kobinese Tәzhikstanda Өzbekstannyn ontүstik audandarynda zhәne Қazakstannyn kejbir zherlerinde osiriledi En kop osiriletin zheri Қarakum Қospak tүrlerine pajdalanuyna kanyna karaj aruana zhelmaya nar dep atalady Tүjenin eti mol zhүni biyazy bolady Tүje sanagy 2003 Tүje ezhelden sholdi tuzdy ajmaktardyn tabigat zhagdajlaryna zhaksy bejimdelgen aptap ystyktarda apta bojyna susyz tirshilik ete alatyn birden bir tүlik Sogan karamastan olardy zhazda kүnine 2 ret kysta 1 ret suaru kazhet tuzdy kermek sudy zhaksy ishedi Қolajsyz tabigat zhagdajlarynda azyk retinde pajdalanu үshin orkeshine artyk maj zhinalady Keudesindegi tabandaryndagy shyntagyndagy tizesindegi kazhau sүjelderinin arkasynda ystyk zherde kumda zhata alady Tүjenin tagy bir biol ereksheligi kysta kolda bagudy sapaly azyktandyrudy zhәne zhyly korany kerek etpejdi Birak Tүjeler zhүni kyrkylgan algashky aptada okpek zhel men zhogary ylgaldylykka tozimsiz osy olardyn zhauyn shashyn men suykka urynbauyn kamtamasyz etu kerek Қos orkeshti kazak Tүjeleri dene bitimderinin erekshelikteri iriligi onimdiligi bojynsha 3 tukymdyk tipke bolinedi oralbokej Қyzylorda zhәne ontүstik Қazakstan Tүjeleri Oral bokej tipinin baskalarynan tirilej salmagy men zhүn onimdiligi 5 10 ga zhogary bolgandyktan asyldandyru zhumystarynda tukym zhaksartushy retinde pajdalanylyp keledi Dara zhәne kos orkeshti Tүjelerdi bir birimen budandastyrudan alyngan budandar dene bitiminin beriktigi iriligi korshagan ortanyn kolajsyz zhagdajlary men auyr zhumyska tozimdiligi bojynsha taza tukymdy Tүjeden ajtarlyktaj erekshelenedi Tirilej salmagy bojynsha artykshylygy 20 25 ga dejin zhetedi Budandardyn үlekterin nar ingenderin maya dep atajdy Narlar tek zhumys kүshi men onim alu үshin pajdalanylyp zhuptastyruga zhiberilmejdi Mayalar әdette kos orkeshti үlektermen shagylystyrylyp atalyk tukymga uksas urpak alynady Tүraralyk budandastyru tek taza kandy dara zhәne kos orkeshti Tүjeler pajdalanylganda gana zhaksy nәtizhe beretindigi budandardyn asyl tukymdy mal retinde manyzdylygy zhok ekendigi eskerilui kazhet Tүjenin sүti eti zhүni pajdalanylady Sүtinen emdik kasieti bar shubat maj syr dajyndalsa eti tagamga koldanylady al zhүninin 85 y taza ote bagaly tүbit Tүje ataularyIngen Ajyr Almas Aruana Atan Bura Buzbasha Koshek Қunansha Maya Nar Tajlak Shanyrak tүjeErekshelikteriTүje Tүjeler men tautajlaktardyn bashpajlarynda mүjizdi tuyaktary bolmajdy Tuyaktyn ornynda bashpajlarynyn ushynda gana dogalanyp kisyk bitken kishkene tyrnak osedi Tabany zhalpak zhәne astyngy zhagy sүjeldi zhumsak konmen kaptalgan sondyktan bul zhanuarlardy kontabandylar dep atajdy Tүjenin keudesinde tizesi men tilerseginde sүjeldi sirili tүksiz tykyr zherleri bolady Tүje shokken kezde sүjeldi zherleri ystyk kumnyn әserin sezbejdi Osygan bajlanysty tүje ystyk kumda shydaj togip zhata beredi Tүjenin dene turky iri Onyn salmagy 700 800 kg mojny iir zhәne uzyn Denesinin әr zherinde uzyn shudaly zhүnderi bolady Қurgak dalaly sholejtti zhәne sholdi ajmaktarda tirshilik etuge bejimdelgen sondyktan halyk tүjeni shol dala kemesi dep atajdy Қolda osiriletin tүjelerdin argy tegi zhabajy tүjeler Tүje budan 4 5 myn zhyl buryn kolga үjretilgen Ajyr orkeshti tүjenin kolga үjretilgen zheri Orta Aziya Synar orkeshti tүjenin kolga үjretilgen zheri Afrika oniri Қazirgi kezde synar orkeshti zhabajy tүje zhojylyp ketken Ajyr orkeshti zhabajy tүje Mongoliyanyn gana saktalgan Tүjeni tort tүliktin toresi kieli tүliktin biri dep eseptegen Tүjenin pirin Ojsylkara kej zherde Қausyl kazy dep atajdy Halyk omirindegi tүjenin roliErtede tүjeli kosh saharanyn saltanatty dep atalgan Ezhelgi Қytajdan Zherorta tenizine dejingi keruen zholynyn tarihy tүje tүligimen tikelej bajlanysty Tort tүliktin bojynda bolatyn zhaksy kasietterdin bәri tүje malynyn bojynan tabylady Auyz әdebietinin koptegen үlgilerinde tүjege katysty teneu sozder danalyk nakyldar makal mәtelder koptep kezdesedi Bul oj tuzhyrymdar tүjenin tirshilik erekshelikterin ajkyn angartady Tүjesi bardyn kiesi bar Koterem dep tүjedej bezbe saltanatyn emes pe Tebegen dep bieden bezbe kos kanatyn emes pe Tүje tүligin kasterlen ulyk dep te atajdy Tүjeshini ulyk bakkan dep kurmettep ogan kopshilik zhinalgan zherde tordej oryn bergen Kejbir ajmaktarda tүjeni kәuis dep atajdy Tүje tүligine arnalgan anyzdar bojynsha shygarylgan kүjler de el arasyna keninen taralgan Sүgirdin Bozingeni Ykylastyn Zhelmayasy Tәttimbettin Bozingeni zhәne t b Tүjeni algash zhүk tasymaldau maksatynda kosh koligi retinde үjretken Erte zamandardagy el men eldin arasyndagy sauda sattyk tүjeli kosh keruenderi arkyly zhүrgizilgen Tarihi derekterde Samarkan saudagerlerinin saparga Zhibek zholy arkyly 30 myn tүjemen shykkandygy zhazylgan Ertede kazak dalasynda tүjesi kop adamdar az bolmagan Erterekte Aktobe onirindegi Sortandy Shakytty zherlerin zhajlagan Қara degen kisinin 3 myn tүjesi bolgan Tүje koltukymdaryAjyr orkeshti tүje Қazakstanda kolga үjretilgen ajyr orkeshti tүjenin koltukymy kobirek kezdesedi Ony kejbir ajmaktarda ajyr tүje Aral men Kaspij aralygynyn turgyndary tүs tүje dep atajdy Ajyr orkeshti tүjenin zhabajy tүri kaptagaj dep atalady Ajyr orkeshti tүjenin urgashysyn ingen erkegin bura dejdi Ajyr orkeshti tүje gylymi tilde baktrian dep atalady Onyn denesi iri salmagy 450 690 kiloga dejin zheteli Қazirgi kezde ajyr orkeshti tүjenin kolga үjretilgen үsh koltukymy bar Olar kalmak kazak zhәne mongol koltukymdary Қazakstanda kop osiriletini kazaktyn ajyr orkeshti tүjesi Ol kurgak dalaly shol sholejtti zherlerdin tabigi zhagdajlaryna zhaksy bejimdelgen Anyzak ystykka үskirik ayazga tozimdi keledi Mangystau Atyrau Batys Қazakstan Aktobe Қyzylorda Zhambyl Almaty Shygys Қazakstannyn kejbir audandarynda osiriledi Synar orkeshti tүje Synar orkeshti tүje Synar orkeshti tүjeni gylymi tilde dromader dejdi Қazirgi kezde kolda aruana dep atalatyn koltukymy osiriledi Zhabajy tүri zhojylyp ketken Onyn zhalpy aty nar Ұrgashysy maya nemese aruana erkegi үlek Synar orkeshti tүje ystykka tozimdi birak katty ayazga shydamajdy Orta Aziya men Қazakstan zherinde gasyrlar bojy halyktyk suryptau әdisimen osirilip keledi Қazir tүjeni kolik retinde pajdalanudan gori eti kymyrany zhәne shudasy үshin osiru pajdaly Mamandardyn pikiri bojynsha bir tүjenin beretin onimi 15 kojdyn beretin onimine ten Tүje onimderiSүti Tүje sүtinin majlylygy siyr sүtinen әldekajda zhogary Onyn kuramynda adam agzasyna kazhetti nәruyz vitaminder mol Tүje sүtten shubat dajyndalady kymyran dep te atalady Shubat okpe askazan ishek aurularyna birden bir shipa kandy tolyktyrady Shubattyn radiaciyaga karsy әseri bolatyny da anyktalgan Shudasy Tүjenin shudasy da kymbat bagalanady Ony buyn kuyan bүjrek aurularyna zhәne radiaciya sәulelerine karsy em retinde pajdalanady Shudadan bagaly tokyma bujymdar zhasalady Tүje tүligi kүj tandamajdy baska mal zhemejtin katty tikendi osimdiktermen korektene beredi Tүje kүndiz zhajylyp tүnde zhatyp kүjis kajyrady Birneshe tәulik su ishpeuge shydajdy Bul kezde orkesh majlarynan bolingen sudy pajdalanady Қazakstandagy kazirgi kezdegi tүje sharuashylygyҚazir Қazakstanda tүje sharuashylygyn damytuga koptegen igi sharalar kolga alynuda Almaty oblysy Enbekshikazak audanyndagy Agromerkur sharua kozhalygynda 3 myndaj tүje osiriledi Sharuashylyktagy myndaj ingen sauylyp onimderi halyk kazhetin oteude Tүje sharuashylygy mal sharuashylygynyn onimdi mol beretin salasy Қazir kejbir shet elderde tүje sharuashylygyn orkendetuge erekshe konil bolinude Қazakstanda tүje sharuashylygyn damytu zholynda ayanbaj enbek etip zhүrgen galym Tүjenin urgashylary 3 4 zhasta buralary 5 6 zhasta zhynystyk zhagynan tolyk zhetiledi Synar orkeshti tүjenin buazdyk merzimi 1Z ajyr orkeshti tүjenin buazdyk merzimi 14 ajga sozylady Tүje eki zhylda bir ret botalajdy Botasy nәzik erekshe kүtimdi kazhet etedi kүnine 6 7 ret emedi Bota anasyn 18 ajdaj emip zhetiledi Tүje 30 35 zhyl zhasajdy Қolga үjretuTүjeler kolik retinde koldanylyp olardyn sүtin konin zhүnin zhәne kanyn pajdalanu үshin kolga үjretilgen Olardy b z d 2000 zhyldarga dejin ak kolga үjretken Dromedar tүjelerin b z d 3000 zhәne 2500 zhyldary Arabiya tүbeginde kolga үjretse baktrian tүjelerin Iranda shamamen b z d 2600 zhyldary kolga үjretken GalereyaҚumyralary bar zhatkan tүje tүrindegi ydys b z b 250 zh b z 224 zh Bruklin murazhajy Қalyn tүje zhүni shol zhagdajynda komektesetin koptegen bejimdelulerdin biri bolyp tabylady Zhabdyktary bar tүje Tan imperiyasy Tүjege mingen adam Tan imperiyasy Tүjede emizetin әjel Tan imperiyasy Pәkistanda үj zhanuarlary retinde kyzmet etetin tүje 2009 Bahram Gur men Azadtar bejnelengen ydys 13 gasyrdyn basy Bruklin murazhajy Mogol imperiyasynda timpandar ojnap zhүrgen shabandozy bar tүje Pәkistannan kelgen tүje etinen zhasalgan palauTagy karanyzLamalarDerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 T Musakulov Oryssha kazaksha tүsindirmeli biologiyalyk sozdik I tom kazak memleket baspasy Almaty 1959 Redakciyasyn baskargan Biologiya gylymynyn doktory professor T Darkanbaev http anatili kz p 22429 Sүt tajlak Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 7 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 607 0 Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz